«Өрімтал» мектепке дейінгі гимназия- балабақшасы «Гүл сыйлайық анаға»



жүктеу 91.36 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі91.36 Kb.
«Өрімтал» мектепке дейінгі гимназия- балабақшасы балабақшасы

«Гүл сыйлайық анаға»

Ертеңгілік сценариі

І кіші «Алтын сақа» тобы

Гүл сыйлайық анаға

Қымбатты ақ жаулықты аналар, абзал аналар, ару қыздар! Сіздерді көктем айының алғашқы мерекесі 8 наурыз Аналар күнімен құттықтаймыз! Әр қашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз көктем күніндей шуақты, көктем гүлеріндей нәзік те, жайдары болсын деп тілеймін.

Қазір де бұрыңғы өткен заманда,

Ананы қадірлемес адам бар ма?

Аналар ардақтылар жасай берсін,

Әрқашан бақыттысың анаң бар да

Ертеңгілігімізді ашу үшін сөз кезегі балабақшамыздың меңгерушісі Анар Өтегенқызына береміз.

Хор: Апатайым, анашым

Жүргізуші: Юәрімізге осынау өмірді, әлемнің жарығын сыйлаған кім?

Б: Ол –Ана!

Ж: Дүниеде ең қымбат жан кім?

Б: Ол әрине анамыз!

Ж: Дүниеде ең тәтті не?

Б: Ол-ананың сүті

Ж: Дүниеде ең жұмсақ не?

Б: Ол ананың алақаны.

Олай болса осыншама сыйлаған аналарымызға гүл сыйлайық.

Балалар ол гүлдерді қайдан алсақ екен?

Музыка әуенімен Қызыл телпек кіреді.

Қызыл телпек: Сәлеметсізбе, мен қайда келдім

Ж: Сәлеметсізбе балалар бұл кім сендер таныдыңдар ма?

Б: Қызыл телпек

Ж: Дұрыс айтасыңдар балалар бұл ертегідегі қызыл телпек

Қ.Т: Мен орманда әжемнің мерекесіне гүл шоғын сыйлаймын деп көп гүлдер іздеп жүріп адасып кеттім.

Б: Я, көмектесейік

Қ.Т: Олай болса балалар барлығымыз сол әдемі гүл шоқтарын бірге іздейік.

Ж: Әрине аналар мерекесінде аналарға гүл сыйлауға біздің балаларда дайын. Гүлді табу үшін өнерден шашу шашсақ гүл шоқтарын тез табылып қалар. Балалардың мерекеге арнап дайындаған өнерлерін тамашалайық.


Әбдіғани: Әлпештеп аялаған

Ақ сүт беріп өсірген

Аналардың мейрамымен

Құттықтаймын бүгін мен.


Шыңғыс:

Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым!
Нұрасыл:

Гүл ектік аулаға,

Көктемде көңілді.

Бақта да, баудада,

Ақ гүлдер өрілді.
Ақерке:

Түн ұйқысын төрт бөлген,

Қатем болса кешірген,

Еркелетіп өсірген,

Анам саған бас ием?

Би: Шляпа биі: Ұлдар: Әбдіғани, Шыңғыс, Заңғар, Нұрасыл, Жұбаныш, Ернұр, Темірлан


Нұрсая:

Әлпештеген аялаған,

Салем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын


Алина:

Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан ана

Көкте күнім батса да

Өзің күнсің балаңа
Заңғар:

Менің анам шуағым

Айтқандарын ұғамын

Мен өскенде анамдай

Ақылды юоп шығамын
Ақназар:

Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған
Диас:

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Анаға сыйлаймыз
Хор: «Құттықтаймын мама туған күніңмен»
Ж: Балалар сендер біраз өлеңдеріңді көрсеттіңдер, қызыл телпекте біраз еңбектенді, бірақ гүл шоқтары табылар емес.
Қ.Т: Енді қайтсек екен осы кезде есік қағылып, ішке Қызыл телпектің әжесі кіреді
Әже: Амансыңдар балалар сендер менің немерем Қызыл телпекті көрдіңдер ме?

Б: Сәлеметсің бе?

Ж: Сәлеметсіз бе әже сіздің немереңіз қызыл телпек балалармен бірге жүр. Ол сіздің мерекеңізге арнап гүл шоқтарын іздеймін деп адасып, біздің балаларға жолықты.

Ж: Біздің балалар аналарға арналған көптеген әндерін айтып, өлеңдерін оқиды. Енді әжелерімізге және сізге арнап әже туралы әндерін айтып билерін билеп берсін.


Хор: Мерекеңмен анашым
Гүлназ:

Ақылшым анашым

Мен үшін данасың
Гүлжайна:

Әже деген көп шығар

Әжемдейі жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі
Би: «Қамажай»

Қ.Т: Әжетайым, сенімен гүл шоқтарымен келген бірақ мына балалар бәріміз болып іздедік әлі таппадық. Осы кезде әдемі естіліп Көктем кіреді.


Көктем:

Сәлем , сәлем балақайлар

Әзиз әже назды апайлар

Қуаныңдар алақайлап

Жерге кілем жаба келдім

Құстар әнін ала келдім

Жан бітіріп табиғатқа

Әсем әнді сала келдім.

Әп-әдеме шоқ гүлдерді

Даладан мен жинай келдім


Қ.Т: Балалар қараңдаршы қандай керемет гүлдер! Ал мен болсам гүлдерді іздеген болатынмын-деп мұңайып қалады.
Ж: Сен мұңайма қызыл телпек, бұл көктем гүлдері. Ал көктем гүлдерін ең алғаш Көктем береді, олай болса біздер сол әдемі гүлдерді көктемнен сұрайық. Көктем біздің балаларға және қызыл телпекке әдемі гүл шоқтарын бересіңдер ме?
К: Әрине беремін осы гүлдер аналар мен әжелерге арналады.
Қызыл телпек корзинка ішіне: ой қандай әдемі гүлдер балалар мынаны қараңдаршы.
К: Қызыл телпек мына гүлдерді сендер ала ғой.
Қ.Т: Балалар мен қуанып тұрмын. Осы гүлдерді бізге көктем ала келді. Ендеше бәріміз көктемге рахмет айтайық.
Б: Рахмет!
К: Ал балалар сендер өз әжелеріңді, аналарыңды қуантыңдар. Менің енді басқада баратын жерлерім бар. Басқа балаларға да көмектесейін.
Әже: Ал балалар мен немеремді тапты, сіздерге көп-көп рахмет. Біздерде жүрейік. Мерекеге арнап бәліштер пісірейін мен енді немере қызымды қуантайын-дейді.
Көктем, қызыл телпек, әже қоштасып шығып кетеді.
Би: Көбелектер биі. Гүлжайна, Ақерке, Нұрсая, Жұлдызай
Ж: Аналардың жанарында

Тұратындай таң күліп

Барлық бала өз анасын

Сүйіп өтер мәңгілік.


Ендеше осындай балаларды дүниеге әкеліп жарық күн сыйлаған аналарымызға бәріміз бас иейік.

Хор: «Апатайым анашым»


Құрметті ата-аналар «Анаға гүл сыйлайық» атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге көп рахмет!

«Өрімтал» мектепке дейінгі гимназия-балабақшасы



Ашық ұйымдастырылған

Оқу іс-әрекеті

«Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Мысық өлеңін оқу»

Тәрбиеші: А.Тұрсынбай

І-кіші сәбилер «Алтын сақа» тобы

Білім беру саласы

«Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі

Тіл дамыту

Тақырыбы: «Мысық» өлеңін оқып беру

Мақсаты: Балаларды үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Соның ішінде мысықтың ерекшелігі. Немен қоректенеді, қандай пайдасы бар, дауыстарын ажырата білу және оларды қайталай білуге, мысыққа деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әркеті

Балалардың іс-әәрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Іздену ұйымдастырушы



Рефлексивті коррекциялаушы

Қорытынды

Балалар бір-біріне жылы лебіздер айтады.

Аспанымыз ашық болсын,

Деніміз сау болсын.

Ата-анамыз аман болсын.

Балабақшамыз жайнай түссін.

Жұмбақ: Асын ішіп, бетін жуады,

Ұйқы қысып, көзін жұмады.

Іші пысып, торғай қуады.

Балалар бүгін бізде «Тіл дамыту» сабағы. Балалар қараңдаршы бізге қызықты қобдиша келіпті.

-Қане ашып көрейік

-Мысық


-Балалар, бүгін сабақта мысық туралы өтеміз.

-Мысық қандай екен?

Сипаттан көрейік. Қандай мысықтарды білеміз. Енді балалар мен тақтаға әртүрлі мысықтың суретін ілемін.

Қандай мысықтарды көріп тұрмыз?

-Ала, ақ, қара, сары бала мысықтарды білеміз.

-Балалар бәріміз мысықты қолымызбен ұстап көрейік.

-Мысықтың жүні бар, жүні жұмсақ.

Тікірейік екіқұлағы бар.

-Мысық қандай тамақ істеді?

-Мысық қалай дыбыстайды?

-Қане бәріміз бірге айтып көрейікші.

-Енді балалар сендерге «Мысық» өлеңін оқып берейін.

Мен мияу мысықпы,

Өзім сондай пысықпын.

Қастық ойлар дұшпанға,

Арамтамақ тышқанға.

Жолбарысша атылам

Тісті аямай батырам.

Осы өлеңді әнмен қосып айтайық.

Ойын: «Нені жейді?»

Балаларға ойынның шартымен түсіндіреді.

-Балалар, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық.

Тікірейіп екі құлағы менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп

Беті-қолын жуады.

Жарайсыңдар балалар!

-Бүгін бізде тіл дамыту сабағы болды.

-Біз мысықпен танысып мысықты сипаттап, әртүрлі мысықтыарды білдік.

Бірінде сабаққа белсене араластыңдар.

Енді келген апайларға сау болыңдар дейміз.


Мысық


Сүт ішеді, тышқан айлап жейді. Мияу-мияу бәрі хормен айтады.

Бәрі қосылып қимылдар жасайды.



Сау болыңдар


: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет