Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері



жүктеу 1.34 Mb.
бет3/7
Дата20.06.2016
өлшемі1.34 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
Сонымен қатар, «Қазақ дәстүрлері» сабақтың тақырыптық бір циклы оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепте мынадай нәтижеге жеткізді:
Қонақ күту – дәстүрім (оқушы шығармасы)

«Адам болам деген бала қонаққа үйір» деген, адам көпшіл болуы тиіс. Қонаққа үйір болу керек. «Барымен базар» қылып дастархан жай. «Өз үйіңде таудай дауыңды айтпа». Қонақ үйіңді құрметтеп, сыйлап кетуі керек. Көңілді етіп шығарып салған жақсы. Ертең олар сені де солай қарсы алады. Қонақ бір күндік, шыдау керек. «Қонақты қуа берсең құт қашады» дейді, «Қырықтың бірі қыдыр» бір қонақпен мүмкін жақсылық келеді. Үйде әжем солай деп айтады. Қонақтар жақсы тілегімен келеді дейді. Сондықтан қонақ үйге көп келу керек.

Экспериментке алынған өздігінен іздене (жұмыс дәптерімен) жұмыс жасаған 6 «а» сыныбы мен дәстүрлі сабақ жүргізілген 6 «б» сыныбының шығармашылық деңгейлерін салыстырмалы түрде көрініс алды (7-кесте):

7-кесте – Оқушылардың шығармашылық деңгейлерінің салыстырмалы көрсеткіші


Сынып

Оқушы саны

«5»

«4»

«3»

%

ЭС 6 «а»

І топ


13

7

6

0

100

ЭС ІІ топ

14

8

5

1

92

БС 6 «б»

І топ


13

3

6

4

69

БС ІІ топ

12

3

5

4

66

Ескерту: ЭС – эксперимент сыныбы.

БС – бақылау сыныбы.

Жыл соңында өздігінен ізденуге құрылған тапсырмалармен жұмыс жасаған 6 «а» сыныбынан эксперимент нәтижесінің қорытындысын байқау мақсатында жыл басында алынған оқушылардың пән жайлы көзқарастарын білу мақсатындағы сауалдарға жауап қайта алынды. Онда оқушылардың пікірі едәуір өзгергендігі аңғарылды.


  1. Қазақ тілі пәнін оқу сені неге үйретті?

  2. Пән саған ұнай ма? Оны танып, білуде қиындықтар болды ма, қандай?

  3. Сабақтың өтілу барысына қанағаттанасың ба? Оның қалай өткенін қалайсың?

  4. Көркем, жүйелі сөйлеу қабілетің қаншалықты, өзің қанағаттанасың ба?

  5. Қазақ тілі пәні бойынша үлгерім деңгейің қандай, оған көңілің тола ма?

  6. Қазақ тілі пәні сен үшін неге қажет?

8-кесте – Оқушылардың үлгерім деңгейінің көрсеткіші




Жауаптар

6 «а» - сыныбы

І топ


6 «а» - сыныбы

ІІ топ


а) теорияны жаттауға

ә) жазып, сөйлей білуге



0%

100%


0%

100%


а) тапсырма көп, тақырыпты меңгермеймін

ә) қиындық жоқ



95%
5%

98%
2%

а) қанағаттанамын

ә) қанағаттанбаймын



95%

5%


98%

2%


а) көркем, шешен сөйлеу қабілетім төмен

ә) жақсы


25%
75%

16%
84%

а) жақсы

ә) орташа



97%

3%


95%

5%


а) сауатты жазып, шешен сөйлеу , қарым-қатынаста тілді еркін қолдану үшін

ә) терминдер мен оның ерекшелігін меңгеру үшін



100%

0%


100%

0%

Сонымен, мемлекеттік тілді оқытуды жетілдіру жолдарын іздестіру мақсатында жүргізілген тәжірибе жұмысын қорытындылай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:


    1. Тақырыпқа қызықтырып оқыту баланы білімді өзі танып меңгеруге жетелеп, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік жасайды.

    2. Оқушы жасына сәйкес іріктеліп алынған сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған тақырыптар білім алу үрдісінде білімге құштарлығы арта түседі, сабақтағы оқу белсенділігі күшейеді, оқу-танымдық уәж тұрақталады.

    3. Сабақ тақырыптары тіл жүйесіне ғана емес, «өмірлік» мәселелерді қозғаса, балалардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу, тапсырмаларды өзара кеңесіп бірлесе орындау қабілеттері артады, ойын дәлелдей жеткізудегі сөйлеу шеберліктері дамиды;

    4. Сөйлесуге арналған тақырыптар кітаппен, әртүрлі анықтағыш, сөздіктер, энциклопедия, көркем әдебиет материалдарымен жұмыс жасау біліктері қалыптасады, ой түйе білуге машықтанады, өзіндік пікірін дәлелдеп, тұжырымды етіп беруге қалыптасады.

    5. Тіл жүйесінен тыс сөйлесу тақырыптары және соның негізінде құрастырылған сабақтар циклы оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерінің дамытып, сөйлеу шеберліктерінің арттырып, байланыстырып сөйлеу қабілетінің дамытып, рухани-адамгершілік қасиетінің қалыптастыратыны тәжірибеде дәлелденді.


2.6 Функционалдық-коммуникативтік технология бойынша оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепте қазақ тілі сабақтарының үлгілері
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың салт –дәстүрлері (8-сынып)

Тіл материалы: Сөйлем мүшелері (толықтауыш)



Сабақтың мақсаты:

Білімдік мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мәліметтерін жүйелі түрде беріп, тақырып аясындағы сөз қоры мен белсенді түрде қолданылатын грамматикалық бірліктер негізінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілікттерін қалыптастыру;жаңа лексиканы меңгерту.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтіп, олардың өз ойын толық және үйлесімді, жағдаятқа сәйкес айта білу біліктілігін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін құрметтеуге, толерантты тұлға ретінде тәрбиелеу.

Сабақтың типі: лексикалық-грамматикалық біліктерді қалыптастыру және коммуникативтік құзыреттілікті дамыту сабағы.

Әдіс-тәсілдер: интерактивті әдіс, проблемалық сұрақтар, жағдаят (жағдаяттық сөйлесім), сын тұрғысынан ойлау, лексикалық ойын, әңгімелеу.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Оқушыларды сабаққа ынталандыру, бір-біріне жақсы тілек білдіру,сәттілік тілеу. Балаларға бағалау парағы үйлестіріледі, сабақтың әр бөлігінде өздерін бағалауы тиіс.

ІІ.Қызығушылық ояту кезеңі: жаңа тақырыпқа шығу - ән тыңдау. Бұл әнде не туралы айтылғаны анықталады. Біздің сабақтың тақырыбы қандай? Сабақтың мақсаты не деп ойлайсыңдар?

ІІІ. Ой қозғау. Салт-дәстүрлер туралы не білесіңдер? (оқушылардың пікірлері тыңдалады).

9-кесте – Функционалдық-семантикалық кестемен жұмыс (кесте арқылы сөздік қор байытылады, ой-өріс жүйеленеді, негізгі ұғымдар меңгеріледі, тақырыпшалар бойынша ойды жеткізуді пысықтау)




Салт-дәстүрлер топтары, әр топтың ішіндегі салт-дәстүрлер атаулары

Салт-дәстүр не үшін атқарылады?

Салт-дәстүр қалай өткізіледі?

Халық салт-дәстүрлерге қалай қарайды?

Грамматикалық бірліктер:

(Не?)+ (неден?) тұрады.

(Неге?)+(не?) жатады?

(Не?) дегеніміз (не?, не?, не?).

отау көтеру дәстүрлері:

тәрбие дәстүрлері:

отбасы дәстүрлері:

тұрмыс дәстүрлері:

еңбек дәстүрлері:

діни дәстүрлер:

наурыз дәстүрлері:


береке,

бірлік,


мол табыс,

бақыт,


ұрпақ жалғасу, ұрпақ сабақтастығы,

егіннің жақсы шығуы,

ақтың мол болуы,

зор денсаулық, ұзақ өмір, жақсылыққа ырымдау,

берік босаға,

мейірімді/инабатты/

тәрбиелі,

ел байлығы, тыныштығы, татулығы



өлең айту,

би билеу,

ойын ойнау,

домбырада ойнау,

көңіл көтеру,

арқан керу,

бәйге өткізу,

қазан орнату,

ет пісіру,

дастарқан жаю,

алтыбақан құру,

қыз қуу сайысын өткізу,

айтыс өткізу


құрметтейді,

сақтауға тырысады,

ұрпаққа қалтырады,

жастарды баулиды,

кітаптарда жазады,

фильмдерде көрсетеді,

теледидар бағдарламасында

насихаттайды




Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақ халқының салт-дәстүрлері көп. Олар – отау көтеру дәстүрлері, тәрбие дәстүрлері, отбасы, тұрмыс дәстүрлері, еңбек дәстүрлері, діни, наурыз дәстүрлері. Әр халықтың салт-дәстүрлері ұлттық рухани құндылықтары болып есептеледі. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін зерттеген белгілі жазушы, этнограф Сейіт Кенжеахметұлы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты кітап шығарған.



Жаңа сөздер: шілдехана, ат қою, бесікке салу, тұсаукесер, атқа мінгізу, қайырымдылық,қол ұшын беру, серпілу, ұжымдасқан, үмбе, сабантой.

Кесте бойынша сұрақ-жауап арқылы жаңа сөздерді белсенді түрде қолдануға бейімдеу. Оқушылар өз ойын айтады, бірақ кестедегі сөздерге сүйенеді.

Берілген жаңа сөздермен сөз тіркестерін,сөйлемдер құрастыру жұмысы (ауызша)

IV Іс-әрекеттік кезең «Сандарды сөйлету» ойыны. Интерактивті тақтада: 3,5,7,9,13, 25.

Деңгейлік тапсырмалар:

ІІІ деңгей.*Мәтінді түсініп оқу,мазмұны бойынша сұрақ дайындап,өзара сөйлесу(жұптық жұмыс).Толықтауышты табыңдар.

ІІ деңгей.*Толықтауышы бар сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңдар (жеке жұмыс)*Мәтін мазмұны бойынша жағдаяттық сөйлесім жасаңдар(жұптық жұмыс)

І деңгей.*Мәтін мазмұнын өз сөзімен айтып,жеке көзқарасын ,пікірін білдіру(жеке жұмыс).Сөйлемге толық синтаксистік талдау жаса.(жеке жұмыс)

Сергіту. Лексикалық ойын (ауызша)

Интерактивті тақтада - Суретте қандай салт-дәстүрлер көрсетілген?



Рефлексия. - Проблемалық сұрақ: Балалар, қалай ойлайсыңдар, салт-дәстүрлерді білу, сақтаудың қажеті бар ма?Неге?Шағын әңгіме-толғау жазу, оны ауызша оқу (айту).

Қорытындылау. Бағалау.

Үй тапсырмасы «Маған ұнайтын қазақтың салт-дәстүрі» тақырыбына шығарма жазу.

(Мұғалім Төлеубаева Мәнзиля Серікбайқызы,

«Стикс» мектебі, Павлодар қаласы)

Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты мен сөйлем талдау

(7-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік - спорт тақырыбы бойынша сөздік қорын байыту,тақырып шеңберінде сөйлету,өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтау.

дамытушылық - түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың байқағыштығын, тапқырлығын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік - балаларды салауатты өмір сүруге,өз денсаулықтарын күтуге тәрбиелеу,өз бетінше еңбектенуге дағдыландыру.

Көрнекілік: үлестірмелер, денсаулық туралы ұлағатты сөздер, тірек сызбалар, суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Оқушыларды сабаққа ынталандыру, сәттілік тілеу.

ІІ.Қызығушылық ояту кезеңі: жаңа тақырыпқа шығу - Мына ұлағатты сөздерде не туралы айтылған? - Біздің сабақтың тақырыбы қандай? Сабақтың мақсаты не деп ойлайсыңдар?

ІІІ. Ой қозғау. Спорт , денсаулық туралы не білесіңдер? (оқушылардың пікірлері тыңдалады).

МҰҒАЛІМНІҢ КІРІСПЕ СӨЗІ: Қазақ халқы ертеден денсаулыққа ерекше мән берген халық. Денсаулықты сақтау үшін тазалық болу қажет деп санаған,сондықтан монша салған. Оған дәлел қазақ жерінде табылған көне қалалардағы моншалар, Әл Фарабидің, Әбу Әли Ибн Сидің еңбектері. «Тәні саудың –жаны сау» деген сөз бар халықта. Бұл сөзді қалай түсінесіңдер? (оқушылар пікірі тыңдалады). Халық арасында түрлі ұлттық ойындар өткізілген. Дұрыс тамақтануға да айырықша көңіл бөлген. Пайдалы сусындарды ішкен. Мысалы: емдік қасиеті бар қымыз, шұбат. Қымыз –бие сүтінен жасалатын сусын, жетпіс ауруға шипа\ем болады.

«Салауатты өмір сүру деген не ?» деген сұраққа жауап іздейміз.

Жаңа сөздер: ережелерді сақтау, зиянды әдеттер, ем-дәм, шылым тарту\ тартпау, ұзақ жасау, арақ, шарап ішпеу, тынымсыз еңбек, есірткі, тиімді тамақтану, еңбекке қабілеттілік, бас тарту, тәуелді болу\болмау, салауатты өмір салты, әуестену, шұғылдану, жанкүйер, жеңімпаз, жаттықтырушы.

Берілген жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру жұмысы (ауызша).



IV. Іс-әрекеттік кезең. Интерактивті тақтада: Спорт түрлерін ата; Қазақтың ұлттық ойындары (слайд -шоу). Сұрақ қою, жауап беру.

Оқушылар дайындаған шағын жобалар «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол», «Қазақтың атақты спортшылары»( көрген, алған ақпарат бойынша пікір алмасу.)



Мәтінмен жұмыс. Спорттың шығу тарихы,қазақ спортының ерекшеліктері, жетістіктер туралы шағын мәтін.

Деңгейлік тапсырмалар:

ІІІ деңгей. *Мәтінді түсініп оқу,мазмұны бойынша сұрақ дайындау.

ІІ деңгей. * Бір сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңдар.(жеке жұмыс) . «Дене шынықтыру сабағында», «Стадионда», «Отбасымен спорт жарысында» , «Атақты спортшымен кездесу», «Теледидар алдында» тақырыптарының біріне жағдаяттық сөйлесім құрып, өзара сөйлесу (жұптық жұмыс).

І деңгей.*Мәтін мазмұнын өз сөзімен айтып, жеке көзқарасын, пікірін білдіру (жеке жұмыс).Сөйлемге толық синтаксистік талдау жаса (жеке жұмыс).

Сергіту. Тақтада (ауызша). Мақал-мәтелдерді жалғастыр:

Тазалық – саулық негізі ,саулық – ... ....

Денсаулық – зор ... .

Шынықсаң – ... .

Білекті бірді жығар, білімді ... ... .

Рефлексия. Проблемалық сұрақ: Салауатты өмір салты деген не? Шағын әңгіме жазу.

Қорытындылау.Бағалау.

Үй тапсырмасы «Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі», «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»тақырыптарының біріне шығарма жазу.

(Мұғалім Төлеубаева Мәнзиля Серікбайқызы,

«Стикс» мектебі, Павлодар қаласы)
2.7 Тілдік емес пәндерді когнитивтік-коммуникативтік технологиямен оқыту
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарда іске асатын тілдік емес пәндер бойынша бағдарламалық материалды өңдеу механизмі дайындалды; көптілдікті дамыту бойынша білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері сипатталды; тілдік емес пәндерді көптілдік технологиямен оқыту жобаланды; мектепте когнитивті-коммуникативті технологиясы байқаудан өткізілді.

Жаңа технологияларды байқаудан өткізу бойынша эксперименттік база құрылды, көптілдікті дамыту мәселесі бойынша жұмыс жасайтын мұғалімдер іріктелді. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар дайындау бойынша експеримент жүргізуші мұғалімдермен арнайы әдістемелік семинарлар өткізілді.

Дайындалған когнитивті -коммуникативті технологияның мәні:

1) тілдік емес пәндер (физика, биология, география, тарих) мазмұнын өңдеу механизмінде; 2) бақылау және зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру талаптары сақталған оқу материалын күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау механизмінде; 3) ірілендірілген тақырып бойынша оқылатын теориялық материалдың когнитивтік құрылымы негізінде функционалды-семантикалық кесте құрастыру механизмінде; 4) бағдарламалық материалды және шетел тілімен бейіндік-бағытты, дәлірек, сабақтардың типологияларын меңгеру бойынша қатар жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру бойынша бірізді әрекеттер механизмінде;


5) сабақтың әр типі үшін дайындалған жаттығулар жүйесінде; 6) зерттелетін тақырыптық блок аясында типтік жағдаяттар бойынша диалогтік қарым-қатынас ұйымдастыру әдістемесінде; 7) шетел тілінде монологтық айтылымның репродуктивті-продуктивті нәтижесін ұйымдастыруда.

Қолданыстағы оқулықтардың құрылымы пән аясында пән мазмұны мен шетел тілін қатар меңгеруге бейімделмеген; табиғи тілдік орта болмаған жағдайда белгілі бір технологиясыз тілдік емес пәндерді шетел тілінде оқытуға деген әрекет теріс нәтиже береді; оқушылар шетел тілін репродуктивті деңгейде байланыссыз меңгереді және бұл орайда материал толық игерілмейді; тілдік емес пәндер оқытушылары мен мұғалімдері тілді оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін білмейді және өздігінен көздеген нәтижеге – шетел тілінде белгілі бір тақырып аясында коммуникативті құзыреттілікке қол жеткізе алмайды.

Тілдік емес пәндерді көптілді оқытудың дайындалған технологиялары негізінде физика/биология/әдебиет/химия/тарих және т.б. пәндер бойынша бағдарламалық материалды қатар игеру және бейіндік пән аясында шетел тілін әлемдік виртуалды кеңістікте кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі туды.

Оқытудың орта сатысында көптілдікті дамыту үшін тудырылған жағдайдың бірі гимназиялық компонент есебінен ағылшын тілінде қосымша курстар жүргізіледі. Курстардың мазмұнын іріктеуде әр тақырып бойынша оның когнитивті құрылымы, осы тақырып аясындағы әлеуетті тілдік ниеті және жағдаяттары ескеріліп, оларға қызмет ететін лексикалық және грамматикалық құралдары таңдалынып алынады. Курстардың практикалық маңызы – оқушылар өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адам денсаулығы туралы ағылшын тілінде әңгімелеу білігіне ие болады.

Тілдік емес пәндерді оқыту 7-9 көптілді сыныптарындағы «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» пәндерін қазақ тілінде оқытуда когнитивті-коммуникативті технологияны пайдалану билингвалды тұлғаны тиімді қалыптастыруға ықпал етеді.

Білім берудің барлық деңгейлері үшін ағылшын тілін сатылай енгізу шаралары жоспарының жобасы құрастырылды, ол:



  • 12 жылдық мектеп үшін жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша 3 тілде оқытудың оқу бағдарламаларын дайындаудан;

  • ағылшын тілінде мектеп пәндері бойынша лексикалық-грамматикалық минимумды іріктеуден;

  • оқу пәндері (математика, информатика, биология, химия, физика, география) бойынша екі- және үш тілді мектеп сөздігін дайындаудан;

  • 11 жылдық мектептің 1-4-сыныптары үшін, 12 жылдық мектептің
    1-12-сыныптары үшін «Ағылшын тілі» пәні бойынша оқу бағдарламаларын дайындаудан;

  • тілдерді меңгеруді жеңілдету мақсатында бастауыш сыныптар үшін «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндерінен тіл дамыту бойынша тақырыптарды кіріктіруден (біртұтас тақырыптық негіз);

  • 5-6-сыныптарда (алдағы уақытта пәндерді оқыту тілінде және ағылшын тілінде оқытуға әзірлеу мақсатында) ағылшын тілін тереңдете оқыту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау және басып шығарудан;

  • 5-6-сыныптарды информатика және математикадан екі тілде (70% оқыту тілінде, 30% ағылшын тілінде) оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету, себебі информатикадан терминология және үлгілік математикалық амалдар грамматикалық құрылғылардың шектеулі санынан тұратындықтан, оқушылар ағылшын тілінде тез игереді;

  • «Музыка» пәнінің мазмұнын ағылшын тілінде меңгеру үшін қажет ОӘК қамтамасыз етуден;

  • 7-9-сыныптарда «Математика» және «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде оқыту процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуден;

  • орыс тілінде оқытатын мектептердегі 5-6 сыныптарда қазақ тілін тереңдете оқытуға арналған оқу-әдістемелік әдебиеттің көлемін арттырудан;

  • 7-9-сыныптарда қазақ тілінде «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша сабақ өткізу үшін оқу-әдістемелік құралдар дайындаудан;

  • 7-9-сыныптарда «Физика», «Химия», «География», «Биология» пәндері бойынша екі тілде (оқыту тілінде және ағылшын тілінде) қатар, ЖМББС қарастырылған оқу жүктемесі аясында меңгерілуін қамтамасыз ететiн оқу-әдістемелік құралдар дайындаудан

тұрады.


    1. Когнитивтік-коммуникативтік технология бойынша орыс тілді мектепте «Қазақ әдебиеті» пәнінен жасалған сабақ үлгісі


Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері

Сабақтың мақсаты : 1. Білімділік : Абайдың қара сөздері туралы жан-жақты мағлұмат беру мен философиялық ойларынан нәр алу .

2. Дамытушылық : а) оқушылардың танымдық деңгейін көтеру . ә) ойлау белсенділігін, ой-өрісін, сөздік қорын молайту. б) коммуникативтік қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік : Қара сөздер негізінде адамгершілік, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, Абай шығармаларының көрінісі. Интерактивтік тақта ( ФМК). Функционалдық-мағыналық кестелер - ФМК (Қосымшалар 1, 2).

Сабақтың барысы:

І. Мотивациялық кезең.

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын, әзірліктерін тексеру.

2. Қызығушылығын ояту. (Интеративтік тақтада өлең жолдары шығады ).

Әсемпаз болма әрнеге ,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге ,

Кетігін тап та, бар, қалан!



  • Балалар бұл кімнің өлеңі ?

  • Абай бізге тағыда несімен танымал ?( өлеңдерімен , қара сөздерімен) .

  • Дұрыс айтасыңдар. Сонымен бүгінгі сабақ тақырыбы қандай? ( Сабақ

тақырыбы : «Абайдың қара сөздері» )

ІІ .Мағынасын ашу.

Тақтада: Абайдың қара сөздері. ФМК-1

1.Бірінші бағанға қарап Абайдың қара сөздері туралы не айта аласыздар ?

2 . Екінші бағандағы сөздерді қолданып өз ойларыңызды білдіріңіздер.

( Тақтада сөздер шығады).

Ұнайды - Қара сөздер ( Атау септік).

Себебі...

Мен таң қалатыным – Қара сөздердің ( Ілік сөздердің ).

Абайдың шеберлігі неде ?- Қара сөздерде ( Жатыс септік ).

3. Үшінші бағанды пайдаланып Абай қара сөздерінде не туралы жазады? (тақырыптары қандай?)

Бір оқушы жалпылайды.

Тақтада : Жетінші қара сөз жазылып тұрады.

Екі орыс баласына айтқызу ,үшінші жалпылайды .



4.Тапсырма:Диалог құрастыру( жұптық жұмыс).

Тақтада: Кеңес беру формулалары (сөздерін пайдалану).



ІІІ. Тақтада : « Отыз сегізінші қара сөз» ФМК-2

Тапсырма: Сұрақ құрастыру ( топтық жұмыс) .

Шарт : Барлық оқушылардың қатысуы , дұрыс және толық жауап беруі.

  1. Отыз сегізінші сөздің тақырыбы қандай?

  2. Абай 38-і сөзді қай жылы жазды.

  3. Адам баласын қор қылатын неше нәрсе бар?

  4. «Надандықты» қалай түсінуге болады?

  5. Адам болу үшін қандай қасиет қажет?

  6. Еріншектік нені тудырады?

  7. Залымдық деген не?

  8. Білімнің жоқтығы деген не?

  9. Залымдық жасаған адам қандай адам?

  10. Адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар - бұны қалай түсінуге болды?
1   2   3   4   5   6   7


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет