Орта мектептегі шетел тілі сабағында ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің оқытылуы Английские и казахские пословицы и поговорки при обучении иностранного языка в средней школе



жүктеу 66.43 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі66.43 Kb.
Орта мектептегі шетел тілі сабағында ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің оқытылуы

Английские и казахские пословицы и поговорки при обучении иностранного языка в средней школе

Teaching of English and Kazakh proverbs at the English lessons at secondary school

Насимуллина Айгүл Бисембаевна,

Қазақстан, Орал қаласы,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың

шетел тілдер кафедрасының

аға оқытушысы, магистр

Успанова Гульзат Нуржигитовна,

шет тілі: екі шет тілі

мамандығының 4-курс студенті

Аннотация: Мақал-мәтелдер —сөздік құрамның халық өміріндегі арқылы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған. 

Мақал-мәтелдер —сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Мақал-мәтелдер – ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген даналық жемісі. Мақал-мәтелдер - әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге түйген ақылының кені жатыр.

Генетикалық және типологиялық құрылымы жағынан әр түрлі қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді шетел тілі сабағында оқыту арқылы тілдегі алатын орнын, тілдік табиғатын, өзге тұрақты тұлғалармен сәйкес тұстарын, өзгешеліктерін анықтау және этнолингвистикалық төркінін ашу қазіргі кезде өзекті болып табылады.

Қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін шетел тілі сабағында оқыта отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын оқушыларға түсіндру, шетел тілді жан-жақты меңгерту, балалардың сөздік қорын байыту және шет тілдегі мақал-мәтелдерді қолдануға дағдыландыру, күнделікті қолданысқа енгізу қажет.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мәтелге мынандай түсіндірме берілген: мақал – үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; мақал деп қысқа, образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз [6, б. 102]. Мәтел – тұжырымды. Бейнелі әрі ықшам нақыл сөз [6, б. 168].

Дастан, хиссаларға қарағанда мақал-мәтелдердiң ерекше қасиетi көлемiнiң шағындығы, мазмұнының кеңдiгi, тiлiнiң өткiрлiгi, мағынасының тереңдiгi. Әрi ол барлық халыққа әсерлi, жалпы адамзатқа ортақ, көңiлге бөлекше қонымды, ұтымды келедi. Мақал-мәтелдерді халық не үшін қадірлейді? Саф алтындай асылдығы, мірдің атқан оғындай өткірлігі, ықшамдылығы, дау тудырмас даналығы, өнеге үйреткіш тәлімділігі, қиып түсер қылыштай уыттылығы мен тапқырлығы үшін дер едік.

Тегiнде мақал-мәтелдер қай халықтың да жан-дүниесiнiң, мiнез-бiтiмiнiң, тыныс-тiршiлiгiнiң айнасы. Кез-келген халықтың даналығы мен рухы сол халықтың мақал-мәтелдерiнде анық көрiнiс беретiнi ертеден мәлiм. Ал басқа тiлдегi мақал-мәтелдердi бiлiп, түсiну – бұл тiлдi жақсы меңгеруiне көмектесiп қана қоймай, сонымен қатар басқа халықтың ой-бейнесiн және мiнез-құлқын түсiнуiне көп үлес қосады, дәнекер болады. Мақал-мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры. Оның жұртшылық үшін пайдасы мен рөлі зор. Шетел тiлдi меңгертуде сол тiлдердегi нақыл сөздердi, мақал-мәтелдердi үйретiп, жаттатқызу арқылы оқушының практикалық дағдыларын қалыптастыру әдiсi белгiлi нәтижелердi көрсеттi.

Олай болса ағылшын тілі сабағында ағылшын мақал-мәтелдерiн қазақшаға аударып, оларды мағынасы сәйкес, тiптi мағынасы бiрдей қазақ мақал-мәтелдерiмен салыстыру арқылы шетел тiлдi меңгерту тиімді нәтиже берері қақ.

Қай елдiң мақал-мәтелдерiн алмасақ та, барлығының ең басты ерекшелiгi – тәрбиелiк маңыздылығы. Ағылшын тiлiндегi мақал-мәтелдердi үйрету негiзiнде бiз балаларды тек ағылшын халқының көп ғасырлық өмiрлiк тәжiрибесiмен, әлеуметтiк, этикалық және эстетикалық көзқарастары мен дүниетанымымен таныстырып қана қоймай, ең бастысы сол нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердiң тәрбиелiк мәнiн түсiндiрiп, сөздiк қорын байытамыз.

Ағылшын тiлiнен қазақшаға аударуда қиыншылықтар кездесетiнi де сөзсiз. Аударманы жасаған кезде басқа тiлдiң көмегi арқылы белгiлi бiр тiлдегi мазмұнды мүмкiндiгiнше дәл жеткiзу, ағылшын тiлiндегi мақалды немесе мәтелдi түсiнiп, оны өз туған тiлiнде түсiндiруге және керiсiнше жасау iскерлiгiне ие болу мiндетi қойылады. Әр тiлдегi мақал-мәтелдердегi немесе нақыл сөздердегi мағыналық реңктiң ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғыну ағылшын тiлiн үйренуiне елеулi көмек көрсетедi.

Қазақ, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер жан-жақты қарастырылып талданды.

Мәселен:

1. Ағылшын, қазақ, тілдеріндегі мақал-мәтелдер жеке тақырыптар бойынша сараланды;

а) Адам және оның қасиеті;

ә) Еңбек және кәсіп;

б) Ғылым-білім. т.б.

2. Мақал-мәтелдер мағыналарына қарай сараланды;

а) Мақал-мәтелдердің 2 (қазақ, ағылшын,) тілде сөздік баламасының әр түрлі мағыналарының бірдей болуы;

ә) Мақал-мәтелдердің 2 (қазақ, ағылшын,) тілде сөздік баламасының дәл келуі;

Мыcалы: Білім – қуат. Knowledge is power.

Бұл мәтелде 2 тілдегі сөздік баламасы және де мағынасы дәл келіп тұр. Бұл синонимикалық мәтелдер, яғни аудару барысында тiкелей аудару арқылы аударылған, мағыналары да, сөздерi де бiрдей. Бұндай ұқсас синонимикалық мақал-мәтелдердi шетел тiл меңгеруде қолдану өте қолайлы.

Екінші мысал:

Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді.

One drop of poison spoils the whole tun of wine.

Ал бұл мәтелде 2 тілдегі сөздік баламасы әр түрлі, бірақ мағынасы бір.

1) Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа.

Every country has its customs.

2) Сырты жалтырауықтың іші қалтырауық.

Appearences are deceptive – never judge from appearence.

3) Сиыр баласын торпағым дер, қарға баласын аппағым дер.

Every cook praises his own broth.

4) Мысқалы аз, бірақ қымбат.

A little body often harbours a great soul.

1) Iске уақыт, ермекке сағат.

Business before pleasure.

2) Еңбек түбі – қуаныш.

The end crowns the work.

3) Қыс арбаңды сайла, жаз шанаңды сайла.

After dinner comes the reconing.

Мақал-мәтелдерге тән көркемдiгi, ырғақты суреттеуi арқылы олар өте тез есте сақталып, ағылшын тiлiн үйретудiң әр түрлi аспектiлерi мен кез-келген басқа мақсат үшiн иллюстрация ретiнде қолданыла алады. Соңымен қатар, әр ағылшын тілі сабағында тақырыпқа байланысты мақал-мәтел алып, оның басқа тілдердегі нұсқаларын қарап, тәрбиелік әсерін талқылауға болады.

Бұл бейнелiк нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердi қолдану барысында, оқушылар халық даналығының мағынасына тереңiрек үңiлiп түсiнедi. Мақал-мәтелдердiң мәнерлi формасы оларды тез есте сақтауға мүмкiндiк бередi, бұл ағылшын тiлiндегi мақал-мәтелдерiнде кездесетiн грамматикалық құрылыстарды өңдеуге көмектеседi.

Мағыналары бiр төрт фразаны әр тiлде салыстыру қандай болса да тақырыпта әңгiме жүргiзуге мүмкiндiгiн бередi. Бұл қысқа нақыл сөздердiң терең мағынасы оқушылардың ой өрiсiн кеңейтiп, дамытып қана қоймай, өзiнiң тәрбиелiк маңыздылығымен құнды болып табылады. Мақал мен мәтелдердiң мағыналық кең диапазонына байланысты оларды оқушылар мен студенттермен жұмыс iстеуде ғана емес, сонымен бiрге тiлдi өз бетiмен меңгеруге бел байлаған адамдарға да қолдануға болады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Албытова Н. Қазақ балалар фольклор арқылы бастауыш мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру. – А., 1999.

2. Ахметова С.Г. Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках: Пармиологический словарь. – А., 1989.

3. Әлімбаев М. Халық – ғажап тәлімгер. – А., 1994

4. Дубравин М. Английские и русские пословицы и поговорки в иллюстрациях. – М.: Просвещение, 1995.

5. Қазақ мақал-мәтелдерi. Құрастырған: Ж. Дәуренбеков - А., 2001.

6. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 7 том. – Алматы: Ғылым, 1983.



7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. – Астана: Елорда, 2006.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет