«Қош бол, құтты әліппем!»



жүктеу 10.24 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі10.24 Kb.
«Қош бол, құтты әліппем!»

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол менің қасиетті әліппем.

Сенің арқаң оқып, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Барша адам баласының алғаш қолына ұстаған кітабы әліппе екені рас. «Әліппе – білім анасы» деп бекер айтылмаса керек. Осыдан бес ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің №1 орта мектебі» КММ кішкентай бүлдіршіндерінің 42 әріпті меңгерткен сүйікті әліппесімен қоштасу салтанаты өтті. Әліппемен қоштасу ертеңгілігінің қадірлі қонақтары болған ата-аналар мен ұстаздар қауымына 1-сынып оқушылары жаттаған тақпақтарын айтып, мың бұрала би биледі, ән салды. Ертеңгілікке «Әліппе» және «Ана тілі» кейіпкерлері қатысып, ертеңгілік сәнін келтірді. Сонымен қатар, салтанатты жиын барысында оқушыларға жұмбақтар жасырылып, «Алматы кітап» баспасынан келген хатты мәнерлеп оқып беру сияқты тапсырмалар берілді. Оқушылар барлық сыннан мүдірмей өтіп, соңында «Ана тілі» кейіпкерінің «Сендерді алдағы уақытта тек бестік қана алады деп сенемін» деген тілегімен таратылған «бестіктерді» сыйға алды. Салтанатты жиын соңында жүректен шыққан жақсы сөздер жүректерден орын алды. Ата-аналар қауымы өздерінің ақ тілектерін білдіріп, оқушылардың үздік оқуларын, тек биік шыңдардан көрінулерін тіледі.

Таран ауданының №1 орта мектебінің

1-бастауыш сынып мұғалімі

А.Қ.Ақпанбетова
: mugalimderge -> makala
mugalimderge -> Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, электронды оқулық Сабақтың типі: Жаңа ұғым беру
mugalimderge -> Пәні: сауат ашу Тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. «Көктем». Мақсаты: 1 Білімділігі
mugalimderge -> Соңғы қонырау әзірлемесі. (Барлығы оқушылар сапқа тұрған) Фанфары
mugalimderge -> Тақырыбы: Кемпірқосақ әлеміне саяхат. Мақсаты
makala -> Кәсіби құзыреттіліктерін дамыту – әр мұғалімнің өздік басты міндеті!
mugalimderge -> Сабақ тақырыбы: Шәкәрім. «Қалқаман Мамыр»
mugalimderge -> «операциялық ЖҮйенің негізгі нысандары мен оны басқару» Марат Барызжанұлы мырзағазин «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің
mugalimderge -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды орта ғасырлардағы найман, керей, жалайыр тайпаларының тарихымен таныстыру




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет