Қосымша білім беру педагогы «Сарбаз» үйірмесінің жетекшісі Макаров Айбек Амантайұлы Тақырыбы



жүктеу 51.83 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі51.83 Kb.
Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы

Желаев селолық округі Мектептен тыс жұмыс орталығы

Қосымша білім беру педагогы

«Сарбаз» үйірмесінің жетекшісі

Макаров Айбек Амантайұлы
Тақырыбы: Жергілікті жерді картасыз бағдарлау

Мақсаты :

Білімділік: Оқушыларға бағдарлану туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Жергілікті жерде бағдарлану бойынша алған білімдерін тиянақтауға, бағдарлану қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Тапқырлыққа, өздігінен шешім қабылдауға, төзімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: құлабыз, сағат, слайдтар, плакаттар, оқулық.

Өтетін орын: АӘД бөлмесі.

Пәнаралық байланыс: физика, астраномия, география, тарих, математика.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: взводтың сапқа тұруы, ,взвод командирі рапорты, сәлемдесу, түгендеу, отырғызу.

ІІ. ҚР ҚК-нің әскери жарғылары тарауы, оның ішінде Гарнизондық қарауылдық қызметтер жарғысын сұрақтар арқылы қорытындылау.

  1. Қарауыл дегеніміз не ?

  2. Сақшы дегеніміз не ?

  3. Пост денгеніміз не ?

  4. Қарауыл құрамына кімдер кіреді?

  5. Күзетілетін обьектілерді қоршауға қандай талаптар қойылады?

  6. Сақшының міндеттері?

  7. Сақшыға тыйым салынады ?

  8. Сақшыға қол сұғылмайтындығы нені білдіреді ?

  9. Сақшы қаруды қай кезде ескертусіз қолдана алады ?

10.Қарауыл қызметі қай жарғы бойынша жүргізіледі ?

11.Қарулы күштерімізде неше жарғы бар



ІІІ. Жаңа сабақ:

Жергілікті жерді картасыз бағдарлау.

Әрбір жауынгер ұрыс даласында табысты әрекет ету үшін қаруды мүлтіксіз меңгеріп қана қоймай, жергілікті жерде дұрыс бағдарлана білу қажет. Жергілікті жер әскерлердің ұрыстық әркеттеріне елеулі ықпал етеді. Кейбір жағдайларда ұрыс қимылдары кезінде табысқа жетуге ықпал етсе, басқа жағдайларда кедергі жасайды. Сондықтан әрбір сарбаз жергілікті жерді мұқият зерделеп, бағалай және нақты ұрыс тапсырмасына сай тактикалық қасиеттерін дұрыс есепке ала білуі керек.

Жергілікті жерде табиғи және жасанды обьектілер болады. Олар біркелкі обьектілер бойынша белгілі бір топтарға бірігіп, топографиялық элементтерді құрайды. Олар: бедер, елді мекендер, өндіріс кәсіпорындары , жол торабы , топырақ- өсімдік жамылғылары, гидрография. Жер бетін ркелкі еместіктер жергілікті жер бедері, алқұрайтын беңбе адам еңбегіменгімен немесе немесе табиғатпен жасалған, сол жерде орналасқан заттардың барлығы- жергілікті заттар деп аталады.

Бедер жергілікті жердің ең маңызды көрсеткішіне жатады. Ол бақылау пунктеріне орын таңдауға , атыс позицияларын, траншеялар, байланыс жолдарын жасақтауға және әскердің орналасуына үлкен әсер тигізеді.



«Бағдарлану»сөзі латтынның oriens-шығыс -деген сөзінен шыққан. Өйткені шығыс айналадағы жергілікті жерлер қаынасында , бедер пішінде, өз тұрған орныңды анықтау, қозғалыста керекті бағыт табу және осы бағытты жолда ұстанып жүру.

Бағдар- жақсы айқындалатын жергілікті заттар мен бедел элементтері қатынасында өз тұрған орнын анықтап, өзі алыс бағыты және нысаналар мен обьектілердің орындарының көрсетілуін айтамыз.

Көкжиек тұстары жергілікті жерде құлабыз (компас) аспан денелері және жергілікті белгілер бойынша анықталады. Көкжиек тұсын анықтаудың ең көп тарағын түрі- құлабыз көмегімен анықтау. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде Адрианов құлабызы кеңінен қолданылады. Көкжиек тұсын анықтауда тежеуішті босытып, құлабызды көлденең орнатып және оның магнит меңзерінің солтүстік ұшы шкаланың нольдік бөлік белгісі- солтүстік бағытын көрсетеді.

Көкжиек тұстары бойынша Күн бойын да анықталады. Бірақ нәтиже жуықтап алынады. Шамамен таңғы сағат 7.00-де күн шығыста (заттар көлеңкесі батысқа түседі) сағат13.00-де оңтүстікте сғат19.00-де батыста (көлеңкелер шығысқа түседі).

Көкжиек тұстарын Күн бойынша сағат көмегімен анықтау үшін сағат көлденең орналастырылып, сағаттың тілінің ұшы Күнге қарай бағытталады. Сағат меңзері мен күнге бағытталған цифр бұлттағы 1 санның бағыты арасын ортасынан бөлетін түзу оңтүстік бығытын көрсетеді. Бұл жағдайда есте сақтайтын жайт бар: Түске дейін сағат меңзері -13 сағатқа дейінгі доғаны (бұрышты), ал түстен кейін 13- сағаттан кейін өткен доғаны ортасынан бөлеміз. Оңтүсті бағытты білген соң , көкжиек басқа тұстарын оңай анықтауға болады.


Көкжиек тұсы түнгі ашық аспанда әрқашан солтүстік бағытта орналасқан. Темірқазық жұлдызы бойынша анықталады. Оны Жетіқарақшы жұлдызымен оңай тануға болады. Ол үшін көрсетілген шоқжұлдыздың шеткі екі жұлдызы арқылы өтетін түзуді ойша жалғастырамыз, осы екі жұлдыз арасындағы қашықтықтағы бес рет көзге көрінетіндей түзу бойына салсақ, соңғы қашықтықта Темірқазық жұлдызы көрінеді. Бұлтты күні Темірқазық жұлдызы көрінбей, Ай көрініп тұрса, онда көкжиек тұстары Ай бойынша анықталады, бірақ ол дәл емес, жуықтап алынады. Көкжиек тұсын Ай толық болғанда анықтайды, яғни Ол күнге қарсы орналасқан кезде. Бұл кезде сағат кешкі 19.00-де Ай шығыстан түнгі 1.00-де оңтүстікте, таңғы 7.00-де батыста болады. Көкжиек тұстары мейлінше жие кездесетін келесі жергілікті белгілер арқылы шамалап анықталады.

Ағаш қабығының оңтүстік жағымен салыстырғанда, солтүстік жағы бұжырлау және күңгірттеу болып келеді. Ол әсіресе қайың ағашының қабығынан байқалады.

Мүк пен қына ағаш діңі мен тастың солтүстік жағына шоғырланады, ауа-райының ыстық кездерінде қылқан жапырақтары ағаштардың оңтүстік беткей шағына шайыр көбірек жинақталады.

Құмырсқалар өз илеуін ағаштың, түбірдің немесе бұтаның оңтүстік жағына салады, илеудің оңтүстің жағы түйетайлы, солтүстік беткейі одан гөрі қиялау болып келеді.

Жемістер мен жидектер оңтүстік жағынан ерте өң беріп, пісіп, жетіле бастайды.

Оңтүстікке қараған беткейлерде көктемде қарай солтүстікке қараған беткейден тезірек ериді, соның нәтижесінде қарда кемтіктер оңтүстік жақтан пайда болады, жыралар терең өзектердің солтүстік беткейлерінде қар керісінше оңтүстік бекткейлеріндегіден тезірек ериді.

Православие шіркеулерінде альтарлар шығысқа қоңыраулар батысқа қаратылады. Крестердің көлденеңдері солтүстік-оңтүстік бағыт бойынша, крестердің көлденеңдердің көтеріңкі ұшы солтүстікке бағытталып тұрады.
ІV. Сабақты қорытындылау.

Сөзжұмбақ «Бағдарлану»





  1. Бағыт табуға арналған аспап.

  2. Географиялық құрал.

  3. Адамдар қасиет тұтқан көкжиек бағыты.

  4. Айқын көрінетін жергілікті заттар.

  5. Бағыт табуға пайдаланатын тұрмыстық құрал.

  6. Солтүстік бағыттағы жарық жұлдыз

  7. Аспан денесі.

  8. Бұлтты күні Темірқазық көрінбегенде бағыт не арқылы табылады ?

  9. Бағытты сағат және не бойынша анықтауға болады ?

10.Ағаш түбірлерінің оңтүстік жағында болатын жәндік мекені?

V. Үйге тапсырма: Картасыз бағдарлану туралы түсініктерін

тексеру.


VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет