Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 0.73 Mb.
бет1/5
Дата21.06.2016
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3   4   5

Қостанай мемлекеттікэмблема5

педагогикалық институты

Ақпараттық кітапхана орталығы
Костанайский государственный

педагогический институт

Информационно-библиотечный центр

Серікбай Оспанұлы

филология ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры


Библиографиялық көрсеткіш

Қостанай 2015


Оқырманға
Бұл көрсеткіш қазақтың көрнекті ақыны, әдебиеттанушы ғалым Серікбай Оспанұлының 70 жылдық мерейтойына орай шығарылып отыр.

Көрсеткішке ақынның жарық көрген еңбектері, сондай-ақ шығар-малары жарияланған барлық басылымдар енгізілген. Мағлұмат алфавиттік және хронологиялық тәртіппен орналасқан.

Көмекші құрал ұстаздарға, студенттерге және қалың оқырман қауымға арналады.

Ақын, ғалым Серікбай Оспанұлының өмірбаяны және шығармашылығы туралы
Ақын, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Серікбай Оспанов 1945 жылдың 1 сәуірінде Қостанай облысындағы Жанкелдин ауданының Шилі кеңшарында, Балдай қоныс орнында туған. 1963 жылы Қамысты ауданындағы Бестау орта мектебін бітіргеннен кейін өзі туып - өскен Шилі кеңшарындағы 8 жылдық мектепте аға пионервожатый болып еңбек жолын бастады. 1968 жылы қазіргі әл –Фараби атындағы ҚазМҰУ – дің журналистика факультетін бітіріп, республикалық радиода редактор (1968-1978), «Жалын» баспасының поэзия редакциясының меңгерушісі (1978-1996) қызметтерін атқарды. 1997 жылдан А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде, 2005 жылдан бері Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, доцент, профессор.

Өлең жазуды мектеп қабырғасында жүргенде бастаған ақынның алғашқы өлеңдер топтамасы республикалық «Жазушы» баспасынан 1967 жылы шыққан «Жер жүрегі», 1969 жылы шыққан «Жас керуен» жинақтарына енсе, тұнғыш поэзиялық жинағы осы баспадан 1971 жылы жарық көрді. 1975 жылы «Жарқын жастық» («Жазушы», 1977 жылы «Қайнар бұлақ»

(«Жалын»), 1979 жылы «Қоңыраугүл» («Жалын»), 1981 «Айгүл» («Жалын»), 1982 «Алтын арқау» («Жазушы»), 1984 «Батыр туралы баллада» («Жалын»), 1985 жылы «Тіршілік тамыры» («Жазушы»), 1987 жылы «Назқоңыр» («Жалын»), 1990 «Балдай таудың баурайында» («Жалын»), 1992 жылы «Шашу» («Жалын»), 1992 «Бесік» (Өнер»), 1995 жылы «Қадір түні» («Жалын»), 2001 жылы «Сага» баспасынан «Публицистика», сол жылы «Ғылым» баспасынан «С. Мәуленов – журналист, публицист, 2004 жылы «Ахмет өскен ақындық орта» атты оқу құралдары, «Жазушы» баспасынан «Қараторғай» деген өлеңдер жинағы, 2006 жылы «Алтынсариннің айналасындағы адамдар («Шапақ»), 2007 жылы «Балалар әдебиеті» баспасынан «Ең жақын кім адамға» атты балаларға арналған өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар жинағы. 2009 жылы «Сағындым Алматымды» ән мәтіндері («Шапақ»), 2011 жылы «Қазақ ақындарының публицистикасы» (Астана «Фолиант») монографиясы, 2012 жылы Қостанайдың «Шапақ» баспасынан «Жайсаңдар айтқан жарқын сөз» («...деген екен!»), «Арман әлем», «Ардақ әлем» (2 томдық. Өлеңдер, поэмалар), «Дүлдүл дүние-ай!», Қостанай аумақтық тарихи зерттеулер институты Ғылыми кеңесінің шешімімен «Тұрсынбай батыр» (Поэмалар, толғау, өлеңдер, ән мәтіндері) 2013 жылы «Гүл арасындағы тікен» («Центрум» ЖШС) әзіл, сықақ өлеңдер жинағы, «Дүлдүл дүние-ай!» (Екінші рет басылуы), «Ұлы ұстаз ұлағаты» (ҚМПИ баспасы), «Бұлттың қызыл бұтағы» («Центриум» ЖШС) өлеңдер жинағы, 2014 жылы «Ұлы ұстаз ұлағаты» («Центрум» ЖШС) «Арақарағай – арман-ай» (ән мәтіндері мен ақынның өз әндері ноталары) жарыққа шықты.

1982 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1986 жылы СССР Жоғары Советі Президиумының указымен «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталды. 1995 жылы Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың, 2003 жылы Ж. Әбдірашев атындағы Қазақстан Аграрлық партиясының, сол жылы Қостанай меценаттар клубының, сол жылы А. Байтұрсынов атындағы сыйлықтың,сол жылы Алматыда өткен Қазақстан композиторлар одағы мен республикалық Қазақ радиосы ұйымдастырған «Жаңа ғасыр, жаңа ән» сайысында Ескендір Хасанғалиевтің әніне жазылған «Ауылды аңсау» мәтіні бас жүлде алды. 2001 жылы Серікбай Оспанұлы облыс әкімі жарияланған әдебиет конкурсының «Балаларға арналған әдебиет» номинациясында бірінші орынды женіп алып, лауреат атағы мен әкім сыйлығына ие болды. 2003 жылы Қазақ радиосының «Ән шырқайық...» бағдарламасында айдың үздік ән мәтінінің авторы деп танылып, дипломымен марапатталды.

2001 жылы «Сырбай Мәуленов – журналист, публицист» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің 2003 жылғы 24 маусымдағы шешімімен (9 хаттама) әдебиеттану мамандағы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

С. Оспанұлы екі жүзден аса мәтіндерінің авторы. Бұл туындылар халық қазынасына айналған, жұрт сүйіп тыңдайтың әндер.

Ақын өлеңдері екінші, үшінші, төртінші сыныптарға арналған «Ана тілі», «Қазақ тілі» оқулықтарына енген.

Өлеңдері орыс («Сборник стихов русских и казахских поэтов», «Современник», Москва,1986, аударған И. Жеглов), тәжік («Тазкирай»), «Антология детской советской литературы» , Душанбе «Адиб» 1988 ж., аударған Низом Косим) , қырғыз (Сарыарқа», «Мектеп» баспасы,1988, аударған С. Урманбетов) т.б. ТМД халықтары тілдеріне аударылған.

Михаил Исаковскийдің, Сергей Смирновтың , Владимир Костровтың, Николай Старшиновтың, Римма Казакованың т.б. орыс, қырғыз, тәжік, украин, чечен ақындарының өлеңдерін, Виктор Широковтың («Рубеж»,«Белес», «Жалын» 1982), Раушан Аспандиярованың («Сағат» «Жалын» 1984) өлеңдер жинақтарын қазақ тіліне аударған. Жүзден аса ғылыми зерттеу мақалалары жарық көрген.

Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін 2009 жылы 30 қыркүйекте ҚР білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» белгісімен марапатталды.

2014 жылы Тың шығармашылық ізденістері және ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған материалдар циклы үшін ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай тағайындалған Бейімбет Майлин атындағы арнайы сыйлықпен марапаталады. 26 маусым, 2014ж.

2014 жылы «Қостанай таңы» газетін негізін қалаушылардың бірі, қазақ әдебиетінің зергері, журналист- жазушы, ақын Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл толуы мен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай өткен ақындар мүшайрасының Бейімбет Майлин атындағы сыйлығымен марапатталады. Маусым, 2014.



2014 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары Қауымдастығының А. Байтұрсынов атындағы қола медалімен наградталады.

Өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері


1945 ж.

– жылдың 1сәуірінде Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты Шилі кеңшарында Балдай қоныс орнында дүниеге келді.

1953-1958 ж.ж.

– Шилі орта мектебінде оқыды.

1958-1963 ж.ж.

– Бестау орта мектебінде оқыды.

1963-1964 ж.ж.

– Шилі сегізжылдық мектебінде аға пионервожатый.

1964-1968 ж.ж.


– Қазақ мемлекеттік университеті филология факультеті журналистика бөлімінің студенті.

1968-1978 ж.ж.


– Республикалық қазақ радиосы «Ауыл өмірі» редакциясының редакторы.

1974 ж.

– СССР Журналистер одағының мүшесі.

1978-1992 ж.ж.


– Республикалық «Жалын» баспасында редактор, редакция меңгерушісі.

1982 ж.

– СССР Жазушылар Одағының мүшесі.

1986 ж.


– СССР Жоғарғы Совет Президиумының Указымен «Еңбектегі Ерлігі үшін» медалімен наградталды.

1995 ж.

– Ж.Жабаев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты.

1995 ж.

Қазақ поэзиясын өркендетуге қосқан зор үлесі, тарихи Торғай аймағы еңбеккерлерінің қызметі мен тыныс тіршілігін баспасөзде жариялауға сіңірген ерекше еңбегі үшін Торғай облыстық мәслихатының грамотасымен наградталды.

1997 ж.


– А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы.

1998 ж.

– Сонда кафедра меңгерушісі.

2001 ж.


– Облыс әкімі жарияланған әдебиет конкурсының «Балаларға арналған әдебиет» номинациясында бірінші орын алып, лауреат атанды, әкім сыйлығына ие болды.

2001 ж.

– ҚМУ доценті. Филология ғылымдарының кандидаты.

2003 ж.


– Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің 2003 жылғы 24 маусымдағы шешімімен (№9 хаттама) әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

2003 ж.


– Қазақстан Аграрлық партиясының Ж. Әбдірашев атындағы сыйлығын алды.

2003 ж.

А.Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасын зерттеу және университет жетістіктерін насихаттауда белсенділік танытқаны үшін А.Байтұрсынов медалімен наградталды.

2003 ж.


– Қостанай Меценатттар клубының «Әдебиет» номинациясы бойынша лауреаты.

2003 ж.


– Алматыда өткен Қазақстан композиторлар одағы мен қазақ радиосы ұйымдастырған «Жаңа ғасыр, жаңа ән» сайысында Е.Хасанғалиевтің әніне жазылған «Ауылда аңсау» мәтіні бас жүлде алды.

2003 ж.


– А. Қоразбаевтың әніне жазылған «Сағындым Алматымды» мәтіні Республикалық қазақ радиосының хит – парад ән « Ән шырқайық» бағдарламасында «Ең үздік ән» дипломымен марапатталды.

2005 ж.


– Қостанай педагогикалық институты филология факультет «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі.

2005 ж.

-Торғай селосы әкімінің № 7 шешімімен Торғай селосының құрметті азаматы атағы берілді.

2008 ж.


– «Әдебиет» номинациясы бойынша Қостанай меценаттар клубының сыйлығына екінші рет иеленді.

2009 ж.


– Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» медалімен марапатталды.

2010 ж.

– Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Ғылыми кеңесінің 2010 жылғы 30 қарашадағы шешімімен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры академиялық атағы берілді.

2013 ж

– Жангелдин аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 наурыздағы шешіміне сәйкес «Жангелдин ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

2013 ж.

Астананың 15 жылдығына орай жасампаз еңбегі мен өз ісіне деген адалдығы үшін / Елімнің тағдыры – менің тағдырым. Обаға әкімдігінің сыйлығы.

2014 ж.

Тың шығармашылық ізденістері және ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған материалдар циклы үшін ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай тағайындалған Бейімбет Майлин атындағы арнайы сыйлықпен марапатталды (26 маусым 2014 ж).

2014 ж.

- «Қостанай таңы» газетін негізін қалаушылардың бірі, қазақ әдебиетінің зергері, журналист-жазушы, ақын Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл толуы мен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай өткен ақындар мүшайрасының Бейімбет Майлин атындағы сыйлығымен марапатталды (маусым, 2014 ж).

2014 ж.

- Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары Қауымдастығының А. Байтұрсынов атындағы қола медалімен наградталды.


Жарық көрген кітаптары
1. Жер жүрегі [Мәтін]: жинақ / С. Оспанов.- Алматы: Жазушы,1967.- 144 б.

2. Жас керуен [Мәтін]: жинақ / С. Оспанов.- Алматы: Жазушы,1969.- 141 б.

3. Жүрек лүпілі [Мәтін]: өлеңдер / С. Оспанов.-Алматы: Жазушы,1971.- 39 б.

4. Жарқын жастық [Мәтін] / С. Оспанов.- Алматы: Жазушы,1975.- 36 б.

5. Қайнарбұлақ [Мәтін]: өлеңдер мен балладалар / С. Оспанов.- Алматы: Жалын,1977.- 64 б.

6. Қоңыраугүл [Мәтін] / С. Оспанов.- Алматы: Жалын,1979.- 112 б.

7.Айгүл [Мәтін] / С. Оспанов.- Алматы: Жалын,1981.- 128 б.

8.Алтын арқау [Мәтін]: өлеңдер мен поэма / С. Оспанов.- Алматы: Жазушы,1982.- 108 б.

9. Батыр туралы баллада [Мәтін] / С. Оспанов.- Алматы: Жалын,1984.- 224 б.

10.Тіршілік тамыры [Мәтін]: өлеңдер мен поэма / С. Оспанов.-Алматы: Жазушы,1985.-128 б.

11. Назқоңыр [Мәтін] / С. Оспанов.- Алматы: Жалын,1987.- 184 б.

12.Балдай таудың баурайында [Мәтін]: өлеңдер, балладалар, поэмалар / С. Оспанов.- Алматы: Жалын,1990.- 304 б.

13. Шашу [Мәтін] / С. Оспанов.- Алматы: Балауса,1992.- 176 б.

14. Қадір түні [Мәтін]: өлендер мен поэма / С. Оспанұлы.- Алматы: Жалын, 1995.- 224 б.

15. Бесік [Мәтін] / С. Оспанов.- Алматы: Өнер, 1998.- 16 б.- ("Шебердің қолы ортақ").

16. Сырбай Мауленов-журналист, публицист [Мәтін]: автореферат / С. Оспанов.- Алматы, 2000.- 31 б.

17. Публицистика [Мәтін]: оқулық / С. Оспанұлы.- Алматы: САГА баспасы, 2001.- 156 б.

18.Сырбай Мауленов-журналист, публицист [Мәтін] / С. Оспанов.- Алматы: Ғылым, 2001.- 140 б.

19.Қараторғай [Мәтін]: өлендер мен поэмалар / С. Оспанов.- Алматы: Жазушы, 2004.- 232 б.

20. Ең жақын кім адамға? [Мәтін] / С. Оспанов.- Алматы: Балалар әдебиеті, 2006.- 186 б.

21.Журналистикаға кіріспе [Мәтін] / С.Оспанов.- Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2006. – 55 б.

22. Ыбырай тағылымы [Мәтін] / С. Оспанов.- Костанай: ҚМПИ, 2009.- 50 б.

23. Ахмет өскен ақындық орта [Мәтін]: жинақ / С. Оспанұлы.- Алматы: «САГА», 2004.- 202 б.

24. Алтынсариннің айналасындағы адамдар [Мәтін]: ғылыми мақалалар, эсселер / С. Оспанұлы.- Қостанай: Шапак, 2006.- 295 б.

25. Сағындым Алматымды [Мәтін]: ән мәтіндері / С. Оспанұлы.- Қостанай: Шапак, 2009.- 118 б.

26. Қазақ ақындарының публицистикасы [Мәтін] / С.Оспанұлы.- Астана: фолиант, 2011. – 472 б.

27. Арман әлем [Мәтін] / С.Оспанов.- Қостанай: Шапақ, 2012. – 543 б.

28. Ардақ әлем [Мәтін] / С.Оспанов.- Қостанай: Шапақ, 2012. – 427 б.

29. Жайсаңдар айтқан жарқын сөз [Мәтін] / С.Оспанов.- Қостанай: Шапақ, 2012. – 139 б.

30. Дүлдүл дүние-ай!.. [Мәтін] / С.Оспанов.- Қостанай: Шапақ, 2012. – 311 б.

31.Тұрсынбай батыр [Мәтін] / С. Оспанов.- Қостанай: Центрум, 2012.-84 б.

32. Гүл арасындағы тікен [Мәтін] /С. Оспанов.- Қостанай: Центрум, 2013

.-132 б.

33. Дүлдүл дүние-ай! [Мәтін]/ С.Оспанов.- Қостанай: «Центрум» ЖШС, 2013-136 б.

34.Ұлы ұстаз ұлағаты [Мәтін]/ С. Оспанұлы.- Қостанай: ҚМПИ, 2013. - №-257 б.

35.Бұлттың қызыл бұтағы [Мәтін] /С. Оспанұлы.- Қостанай: «Центрум» ЖШС, 2013-244 б.

36. Ұлы ұстаз ұлағаты [Мәтін] / С. Оспанұлы.- Қостанай: «Центрум» ЖШС, 2014-360 б.

37.Арақарағай –арман-ай! [Мәтін] / С. Оспанұлы.- Қостанай: «Центрум» ЖШС, 2014. (Әндер мәтіндері, ақынның өз әндері нотасымен).



Құрастырған жинақтары
38.Біздің мереке [Мәтін]: жыл мезгілдері мен мерекелер туралы тақпақтар мен өлеңдер / құрастырған С. Оспанов.- Алматы : Жалын,1980.- 192 б.

39.Балуан Шолақ [Мәтін]: ұжымдық жинақ / құрастырған С. Оспанов.- Алматы: Жалын,1998.- 204 б.



Баспасөз беттерінде , жинақтарда шыққан шығармаларының хронологиялық көрсеткіші
1961
Туған жер [Мәтін]: өлең /С.Оспанов // Социалистік ауыл. – 1961. - № 5.
1963
Шопан қыз [Мәтін]: / С.Оспанов // Коммунизм таңы. – 1963. – 8 наурыз.

1964
Досқа сыр [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Тың өлкесі. – 1964. - № 46.

Достарға [Мәтін]: өлеңдер / С.Оспанов // «Қазақ университеті». – 1964. - № 43-44.

Еске алу [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Жаңа өмір. – 1964. - №154.

Қасқыр [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Қазақ әдебиеті. – 1964.- №48.

Қоянбек жүр «қоям» деп... [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Лениншіл жас. – 1964. - №243.

Қоянбек жүр «қоям» деп... [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Тың өлкесі. – 1964. - №243.


1965
Автобуста [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Екпінді еңбек. – 1965. – 29 қазан.

Әйтеуір бір құлап, бір тұру [Мәтін]: пародия / С.Оспанов // Ара. – 1965. - №9.

Бақ ішінде [Мәтін]: өлең / С.Оспанов [Мәтін] // Екпінді еңбек. – 1965. – 9 қазан.

Дала сырын шын ұғатын [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Коммунизм туы. – 1965. – 18 желтоқсан.

Жылы сөздің бағасы [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Лениншіл жас. – 1965.- №38.

Күй сыры [Мәтін]: баллада / С.Оспанов // Коммунизм таңы. – 1965. – 10 қазан.

Қобыз сыры [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Жетісу.– 1965. – 24 желтоқсан.

Мен сүйемін [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Ертіс. – 1965. – 26 наурыз.

Өтініш [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Жетісу. – 1965. - №66.

Тамаша көлдің жағасы [Мәтін]: ән мәтіні / С.Оспанов // Қазақстан әйелдері. – 1965. - №12.

Тапты! [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Ара. – 1965. - №8.

Тұқымы жақсы [Мәтін] / С.Оспанов // Қазақстан әйелдері. – 1965. - №7.

Ұстазыма [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Орал өңірі. – 1965. – 28 қараша.

Шилі [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Жаңа өмір. – 1965. №53.


1966
Ақсақ киік [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Коммунизм таңы. – 1966. – 13 ақпан.

Ат жарыста [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // «Қазақ университеті». – 1966. – 9 маусым.

Әке қолы [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Көкшетау правдасы. – 1966.- №252.

Балабақшада [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Балдырған. – 1966. - №8.

Биіктікте [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Көкшетау правдасы.-1966. – 29 мамыр.

Бір дүкенде [Мәтін]: сықақ өлең / С. Оспанов // Екпінді еңбек. – 1966. – 29 қазан.

Кей біреу [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Социалистік Қазақстан. – 1966. - №97.

Күлкілер [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Көкшетау правдасы. – 1966. – 29 мамыр.

Күндер [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Жаңа өмір. – 1966. – 23 шілде.

Құстар ұшып келеді [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Балдырған. – 1966. - №1.

Қызбел [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Жаңа өмір. – 1966. – 23 шілде.

Лирикалық жолдар [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Көкшетау правдасы. – 1966. - №228.

Осылай баий бастадым [Мәтін]: сықық өлең / С.Оспанов // Ара. – 1966. - №12.

Палуандар [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Спорт. – 1966. - №1.

Оспанов С. Сағым [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Балдырған. – 1966. - №3.

Оспанов С. Сыр айтам [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Екпінді еңбек. – 1966. – 29 қазан.

Оспанов С. Шықпай қалды дыбысы [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Балдырған. – 1966. - №1.
1967
Ағаң былай [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Ленин туы.- 1967.- №41.

Аялы алақан [Мәтін]: очерк / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1967.- 6 қыркүйек.

Әлібидің бақыты [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1967.- 28 мамыр.

Бесжылдықтың екінші баспалдағы [Мәтін]: өлең /С.Оспанов // Екпінді еңбек.- 1967.- №1.

«Білім» [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов //Коммунизм таңы.- 1967.- 1 тамыз.

Бір дүкенде; Автобуста; Жаңа жылдың кешінде [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Жетісу.- 1967.- 1 қаңтар.

Вьетнам журналисі [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1967.- 24 қыркүйек.

Диплом алсақ болды да.... [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Ара.- 1967.-№10

Диплом болса болды ғой.... [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Коммунизм таңы.-1967.- №156.

Елім менің елуде [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Жетісу.- 1967.- №52.

Елім менің елуде [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Коммунизм таңы.-1967.-№218.

Жасарған өңір [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1967.- №161.

Жолдай сөздері; Құдайға айтқаны, байға айтқаны[Мәтін]: ел аузынан / С.Оспанов // Ара .- 1967.-№7.

Жұмбақтар [Мәтін]/ С.Оспанов // Балдырған.- 1967.- №7.

Кімге тартқан? [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Коммунизм таңы.-1967.- №148.

Қуаныш; Күндер; Гүл.; «Кең жазира, жауқазынды қыраттың...»; Айналайын, қара жорға [Мәтін]: өлеңдер / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1967.- №6.

Қос қарашық [Мәтін]: балада / С.Оспанов // Жетісу.-1967.- №95.

Мәкроскоп [Мәтін]: сықақ әңгіме / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1967.- 23 маусым.

Менің досым [Мәтін]: очерк / С.Оспанов // Лениншіл жас.- 1967.- 28 қараша.

Менің ойым; Бір жолдасқа; Айжан қыз; Өзінде қуанышым;Ақыл [Мәтін]:өлеңдер / С.Оспанов // Жаңа өмір.- 1967.- 27 шілде.

Сағым [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Жыл он екі ай. - 1967.- 114 б.

Сары уайым [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1967.- №6.

Сойқан- ай! [Мәтін]: пародия / С.Оспанов // Ара.- 1967.-№7

Терезенің сауы жоқ [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1967.- 2 қыркүйек.

Туған жер көктемі [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Қазақстан пионері.- 1967.- №6.

Ұнамадым [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Лениншіл жас.- 1967.- №10.

Үрей [Мәтін]: болған оқиға / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1967.- №168.

Шопан болыпты [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Жер жүрегі.- Алматы: Жазушы,1967.- 144 б.


1968
Агроном [Мәтін]: өлең /С. Оспанов // Коммунизм таңы.-1968.- 5 қазан.

Ақсақ киік [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Жаңа өмір.- 1968.- 18 қаңтар.

Алматы жазы [Мәтін]: өлең / С. Оспанов // Жетісу.- 1968.- 14 қыркүйек.

Арман [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1968.- 22 шілде.

Армысын, ардақ Қостанай; Тауыңа оқ жетпейді [Мәтін]: өлеңдер / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1968.- 2 наурыз.

Аулым менің [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Қазақ әдебиеті.- 1968.- 12 қазан.

Аязды бір кеште [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Жаңа өмір.- 1968.-27 қаңтар.

Әке [Мәтін]: өлең / С.Оспанов //Коммунизм таңы.- 1968.- 31 тамыз.-№172

Бар ма екен өтімділік? [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Жетісу.- 1968.- 16 қаңтар.

Бау- бақша, жеміс екпейміз [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Жаңа өмір.- 1968.- 8 наурыз.

Бір тілшіге [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1968.-27 сәуір.

Далам менің [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Жаңа өмір.- 1968.- 18 қаңтар.

Ескі таныстар[Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Екпінді еңбек.- 1968.- 1 наурыз.- №27.

Оспанов, С. Жер үсті [Мәтін]: өлең / С. Оспанов// Коммунизм таңы.- 1968.- 13 қаңтар.

Жергілікті маман жоқ. Тәрбие жайлы кеңесу [Мәтін]: сықақ өлеңдер / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1968.- 10 ақпан.

Көк көйлек [Мәтін]: пародия / С.Оспанов //Коммунизм таңы.- 1968.- 27 сәуір.

Қай сыншының сыны бұл? [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1968.- 12 қаңтар.

Қошалақ құмы [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1968.- 8 маусым.

Қыран [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1968.- 13 сәуір.

Махамбет [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Лениншіл жас.- 1968.- 5 сәуір.

Мен бүгін [Мәтін]: өлең / С.Оспанов// Коммунизм таңы.- 1968.- 25 желтоқсан.

Мен сені еске аламын [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1968.- 6 қараша.

Мен сүйдім тентек қызды [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Жетісу.-1968.- 16 қаңтар.

Сол қырларда [Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Жаңа өмір.- 1968.-10 ақпан.

Сөзімен таныстырды [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Жаңа өмір.- 1968.- 10 ақпан.

Сыншылар. Оның қалтасы. Пародия. Танып тұрмын [Мәтін]: сықақ өлеңдер / С. Оспанов // Ара .- 1968.-№2.

Сыр[Мәтін]: өлең / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1968.- 24 тамыз.

Той жасадым, мінекей! [Мәтін]: пародия / С.Оспанов // Коммунизм таңы.- 1968.- 6 сәуір.

Үйлену тарихым [Мәтін]: сықақ өлең / С.Оспанов // Қазақстан әйелдері.- 1968.-№8.




  1   2   3   4   5


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет