Отан- отбасынын басталады. Конысова Жайнагул Айдынгалиевна



жүктеу 56.32 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі56.32 Kb.
Отан- отбасынын басталады.

Конысова Жайнагул Айдынгалиевна

Әлеуметтік педагог

Байғанин орта мектебі

Ақтөбе облысы,Байғанин ауданы,Жарлы ауылы

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер

жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға

деген ыстық сезім – жақындарына, туған

– туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә. Назарбаев
Мақсаты: Оқушыларға отбасындағы тәрбиені үлгі ете отырып, Отанға деген

сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық сезімдерін және елін,

жерін, елін, әдет-ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз

Отанын сүйетін ел азаматы етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, слайдтар.

Барысы: 1 бөлім: Отбасы – адам баласының алтын діңгегі.

2 бөлім: Отан - өлең, Отан – жыр

3 бөлім: Бабалардан қалған нақыл сөз.

4 бөлім: Отан- оттан да ыстық. (мақал – мәтелдер)

5 бөлім: Оқушылар тілегі.

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, өлең – жыр.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұзтаздар мен оқушылар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы “ Отан-отбасынан басталады.”

Оқушылар орындарынан тұрып ҚР-ның әнұранын орындайды.

Сұрақ: - Отан дегеніміз не?

Отан – сенің ата-анаң,

Отан - досың,бауырың.

1-оқушы: Отан - туған, ауылым.

Отан - өлкем Астанам.

2-оқушы: Отан- досымыз, туысымыз, бала бақшамыз.

3-оқушы: Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері, туған туыстарымен жақындарымен

бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны- Қазақстан

Республикасы.

4- оқушы: Отан-үйім, туған жерім.

Мұғалім: Осы Отанның кішкентай бөлшегі - отбасы.

Қ.Аманжолов: Семья шағын мемлекет,

Мен президент сен премьер

Арттым саған көп міндет

Премьер жолдас, бер пример

Мен тыңда деп селт етпес

Ескіліктің уағызын

Сен орында екі етпе

Президенттің указын

Басқара біл үй ішін

Бердім саған билікті

Жемісті болса жұмысың

Мен аяман сыйлықты

Бар досымда, бар дұшпан

Сал ойланып, ақылға

Алыстай біл, алыстан

Жақындай біл жақынға

Жауаптымыз сізбен біз

Ұқсын басқа ұқпасын

Мемлекетке тәуелсіз

Дұшпан қолын сұқпасын

Мен де ойлаймын сен де ойла

Балалардың бақытын

Біздің байтақ еліміз

Семьялардан құралған

Сұрақтар:

Отбасы дегенді қалай түсінесің?

Отбасы- адам баласының алтын діңгегі өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Өйткені ата – ананың балаға деген тәрбиесінің орнын ешкім толтыра алар емес. Отбасы мүшелерінің жас шамасы әртүрлі болса да олардың арасында бір – бірімен рухани жақындығы ынтымақтастығы бар.

Хан ордасысалтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып үзінің шұрық тесік киіз лашығына қайта оралғанда Жиренше шешен «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», деп жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық терең мән бар. әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында нағыз жайлы орын қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке - өз үйі деген тамаша нақыл бар. Адалдық пен мейірімділік жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас – пейілменен баланың көкірегінен орын тебеді.

Отбасының тірегі кім? (Әке)

Отбасы кімдерден құралады. (Ата, әже,ана,әке,бала, немере)

Отбасындағы керегенің мықты болуы неден деп ойлайсыздар?



  • адалдық

  • ауызбіршілік

  • жауапкершілік

  • кешірімділік

  • өзара түсіністік

  • сыйластық

  • еңбексүйгіштік

  • мейірімділік

  • қайырымдылық

  • татулық

  • кішіпейілділік

Ата –анаға сөз беру

Мұғалім: Ендеше, отбасынан алған жақсы қасиеттерді үлгі ете отырып, Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанның бір мүшесі бола аламыз.

Сұрақтар

1.Қазақстан Тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж 16 желтоқсан)

2. Тәуелсіз еліміздің қандай рәміздері бар? (Ту,елтаңба,әнұран)

3. Қазақстанның туы қай кезде көтеріледі? (жеңіске жеткенде, екі ел арасында кездесуде)

Мұғалім сөзі: Туымызды жоғары көтерер азамат болып, Отанымызды қорғау үшін отбасымыздан алған жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, бойымыздағы жаман әдеттерден арылайық. (әр оқушы өзінің жаман мінездерін жазып, жыртып тастайды)

ІІ бөлім


«Отан- өлең, Отан – жыр»

Елімнің атын айтсам -Қазақстан

Жерімнің атын айтсам –Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым менің айтсам –Қазақстан!

Қазақстан – бабамнан қалған мұра,

Сенбейсің бе?

Даламнан бар да сұра!

Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған

Батырларым демессем болар күнә!

2-оқушы

Қазақстан- ұлт атын ұлықты еткен,



Ұлылардың арманын ұлықтыи еткен

Өзге де ұлт- ұлысқа қоныс болып,

Оларға да жақсылық үйіп төккен.

Қазақстан – Республикам! Мақтанышым!

Мен сені жырлаймын, тек мақтан үшін.

3-оқушы.


Ен байлығы сарқылмас,

Отан – туған жеріміз.

Отан – тартылмас

өзеніміз, көліміз

отан – біздің кең алып,

Босағамыз төріміз

Отан – достық , Ұлы жер –

Тәуелсіз еліміз!

Отанымды сүйе білем

Отан үшін қуат күшім

Отан – үшін күйе білем

4-оқушы.


Отан – жерім, Отан – суым

Отан – қуат нәр береді.

Отан – ұран , Отан – туым,

Отанды жер гүлденеді.

5-оқушы.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған

Бәрі маған Отан деп сыбырлаған

Жаным менің кеудемді жарып шық та

Бозторғайы бол оның шырылдаған

Отан, Отан

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем

Отан –тарих, Отан – тіл

Жасаған ел өз халқын

Отан - өлкең, Отан – жыр

Көтерген көкке ел даңқын

6-оқушы.

Атын бесік Отаным

Сүйген сайын өзіңді

Құшағыңда бақытты

Сезінемін өзімді

Жусан исі аңқыған

Мынау байтақ даланың

Өзен, көлін, тау,шыңын

Бәрін сүйген балаңмын.

Сен де ер жетіп еркелеп

Саған үлес қосамын

Осылайша жасай бер,

Мақтанышым – Отаным!

7-оқушы.


Отан дейміз от жаққан жерімізді

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман , тоғай көлімізді

Отан дейміз кең байтақ Астананы

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

Ол бірақ, өз үйіңнен басталады.

ХОР.Отан әні.

ІІІ бөлім.

«Отан» дегеніміз – төрт қана дыбыстан тұратын комплекс. Осыны айтқан кезде қазақ тілін білетін кез – келген адам өз көз алдына өзінің атамекенін елестетеді.

М. Арын.


Отан – отбасынан басталады,демек, өз бесігің, өз үйің.

Б.Момышұлы.

Отан - өткенімізді танып, бағалай білу,ең әуелі, өзімізді қадірлей білу.

А.Байтұрсынұлы.

Екі Отан – жоқ

Жалғыз Отан – мекенің

М.Мақатаев.

Адал адам Отанын сүйеді. Адал ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу – қуаныш , мақтаныш. Отанға деген махаббатты өлшеуге болмайды.

Б.Бұлқышев.



Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ

Ғ.Мүсрепов.

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт береке – атаң қымбат.

Асқар тауың - әкең қымбат,

Мейірімді – анаң қымбат

Туып өскен – елің қымбат. Төле би.

Би: Қара жорға

4 бөлім.

1.Отанға опасыздық еткенің,



Өз түбіңе жеткенің.

  1. Туған жер – тұғырың,туған ел қыдырың.

  2. орағың өткір болса, қарың талмайды,

Отаның берік жауың алмайды.

  1. Ел боламын десең бесігіңді түзе.

  2. жат елдің жақсысы болғанша,

Өз еліңнің сақшысы бол.

  1. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

  2. Отан - елдің анасы,ер - елдің анасы

  3. Отан – оттан да ыстық

  4. Елінен безген ел болмас, көлінен қаз болмас.

  5. Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды.

  6. туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.

  7. Жат елдің қаршығасынан, өз еліңнің қарғасы артық.

5 бөлім. Оқушылар тілегі.
: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет