«Өтірік өлең мен мәнерлеп оқу» сайысы Жүргізуші



жүктеу 32.52 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі32.52 Kb.
«Өтірік өлең мен мәнерлеп оқу» сайысы

Жүргізуші: Қош келіпсіз құрметті өнер сүйер әз жандар.

Жүздеріңен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз бақытты балғын шақты балалар. – деп бүгінгі «Өтірік өлең мен мәнерлеп оқу» сайысына қош келдіңіздер!

Қызады бүгін тіл сайыс

Ортамызды ашайық.

Өтірік өлең, мәнерден

Інжу маржан шашайық. – деп ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.

1. «Балдырған» тобының тәрбиеленушілері – Рахатұлы Жарас, Жұмабай Асылай.

2. «Тұлпар» тобының тәрбиеленушілері – Жарылғас Дәулет, Шәулекен Айзере, Қосуақова Ақдидар.

3. «Көгершін» тобының тәрбиеленушілері – Доғдырбай Мейірімжан, Аманқос Әдемай,

Асылбек Кәусар, Құрал Назерке, Қуатұлы Бекжан, Әбілхайыр Гүлжайна, Ұлтан Естай.

4. «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері – Жақсыбаева Тілектес, Қайролла Айзере,

Доғдырбайұлы Ерасыл, Баялы Данияр, Аманқос Шынар.

Жүргізуші: Балаларды бүгінгі байқаудың шартымен таныстырып өтейін. Байқау екі бөлімнен тұрады:

1. Өтірік өлең

2. Мәнерлеп оқу

Ал енді балаларымыздың әділ бағасын беретін әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін.

1. Балабақша директоры - Бердібаева Сания Ретханқызы

2. Бейнелеу пінінің мұғалімі – Дуймбаева Райхан Аманжолқызы

3. Дене тәрбиесінің мұғалімі – Ермекбаева Аманкүл Ерсайынқызы

Жүргізуші: Біз қазақпыз өнерге бай, жолы кең,

Сусындаған ақыл – білім нәрімен.

Өтірік өлеңді мәнерлеп жеткізетін.

Балдай тәтті сыңғыр қаққан тілімен. – деп өтірік өлең сайысын бастаймыз. Ортаға:

1. «Балдырған» тобының тәрбиеленушісі – Жұмабай Асылай

2. «Тұлпар» тобының тәрбиеленушісі – Жарылғас Дәулет

3. «Көгершін» тобының тәрбиеленушілері - Қуатұлы Бекжан, Әбілхайыр Гүлжайна, Ұлтан Естай.

4. «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері – Жақсыбаева Тілектес, Қайролла Айзере,

Доғдырбайұлы Ерасыл, Баялы Данияр.

Еділқызы Аминаның орындауында «Гүлсің - ау» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Бала шырын, бала гүл, бала ізгілік,

О, адамдар қойыңдар мұны біліп.

Баланы күт, аялап өсір оны,

Ол шығатын күнің ғой ерте күліп. – деп 2- ші бөлім мәнерлеп оқу сайысын бастаймыз. Ал енді сайысқа қатысушы бүдіршіндерімізді шақырайық.

1. «Балдырған» тобының тәрбиеленушісі – Рахатұлы Жарас

2. «Тұлпар» тобының тәрбиеленушілері - Шәулекен Айзере, Қосуақова Ақдидар

3. «Көгершін» тобының тәрбиеленушілері - Доғдырбай Мейірімжан, Аманқос Әдемай,

Асылбек Кәусар, Құрал Назерке

4. «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі - Аманқос Шынар.

Доғдырбай Мейірімжанның орындауында «Қазақстаным менің» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Ал енді сайысымыздың қорытындысын айту үшін әділқазы алқаларына сөз берейік.

Жеңімпаздар анықталып марапатталады.

Жүргізуші: Бала ғой қызыққа бөлейтұғын,

Босасаң қолтығыңнан демейтұғын.

Ұлың мен қызың барда жағаң жайлау

Жанарға титтей болса келмейді мұң.

Өмірдің қанат қағып көгінде кең,

Тілің, дінің, қаны қазақ

Самғайсың сапарларда еліңменен.

Құрметті өнер сүйер қауым бугінгі байқауымыз өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет. Қош сау болыңыздар!!!

«Ақбота» балабақшасы



(Өтірік өлең сайысы)

2015 оқу жылы
: files
files -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
files -> Бағдарламасы Қазақ бөлімі «Тіл теориясы»
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
files -> Қазақ әдебиетінен тапсырмалар. Құрастырған: ф.ғ. к.,проф. Б.Қ.Қапасова
files -> «№ `мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> «№мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Тест. 9-сынып. Сын есім қандай сұраққа жауап береді?




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет