ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық



жүктеу 1.93 Mb.
бет10/11
Дата19.06.2016
өлшемі1.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әдістемелік нұсқау:. Ұжымдық оқыту технологиясына сабақ жоспарын дайындау.

Есеп беру түрі: жазбаша
10.Тәжірибелік сабақ: Шығармашылық жұмыстар технологиясы

Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырудың жолдары, жүргізілетін шығармашылық жұмыс түрлері.

Сабақ жоспары:

1. Шығармашылық жұмыстар технологиясының білім берудегі тиімділігі.

2Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.

Әдістемелік нұсқау: Оқушының ауызша, жазбаша тілін дамытуға байланысты жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың үлгісін жасау.

Есеп беру түрі: жазбаша
11.Тәжірибелік сабақ: Жаһандық білім беру қазақ тілін компьютерлік сыныпта оқыту әдістері.

Сабақтың мақсаты: Қазақ тілін компьютерлік бағдарлама арқылы оқыту технологиясының теориялық негіздері.

Сабақ жоспары:

1. Компьютерлік бағдарлама арқылы оқыту ерекшеліктері.

2. Компьютерлік бағдарлама арқылы оқыту технологиясының мазмұны мен құрылымын жобалау жолдары.

Әдістемелік нұсқау: Қазақ тілі пәнін компьютерлік сыныпта оқыту әдістері сабақ жоспарын жасау.

Есеп беру түрі: жазбаша
12.Тәжірибелік сабақ: Жобалап оқыту технологиясы

Сабақтың мақсаты: Жобалап оқыту технологиясын жүзеге асырудағы оқытушы әрекеті, оның рөлі.

Сабақ жоспары:

1. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат.

2.Технологиядағы жобаның түрлері.

Әдістемелік нұсқау: Жобалау технологиясын қолдануда жай сөйлемді оқыту әдістемесін жасау.

Есеп беру түрі: жазбаша
13.Тәжірибелік сабақ: Даралап, саралап оқыту технологиясы

Сабақтың мақсаты: Даралап, саралап оқыту технологиясындағы әр сынып оқушысының өздігінен жұмыс істеуге дағдылану жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын жоспарлау.

Сабақ жоспары:

1. Даралап, саралап оқытуда оқушының жеке қабілетін айқындау жұмыс түрлері.

2. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес әрбір оқушының ойлау қабілетін арттыру жұмыстары.

3. Әр баланы өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағалау жұмыстары.



Әдістемелік нұсқау: Даму мониторингін құрып, оқушының дамуын қадағалауға және ата-анасымен байланыс жасау жұмыстарын ұйымдастыр. Бір сабақта орындалатын бірнеше тапсырма түрін дайындауды ұсынамын. Өмірбаева К. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыларды дамыта оқыту жолдары. Қазақстан мектебі. 2001. 3. -32-34 б пайдалануға болады.

Есеп беру түрі: жазбаша
14 Тәжірибелік сабақ: Интеграциялық оқыту технологиясы.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлеу қабілеті жетіледі, ойлауын, салыстыруын, қорытынды жасауын қалыптастыру жұмыстары.. Пән туралы танымын тереңдетіп қана қоймай, ой-өрісін кеңейтеді,. екі немесе бірнеше сабақтар үшін маңызды проблемаларды ашатын сабақ түрінде және пәнаралық байланыс арқылы да жүргізіледі.

Сабақ жоспары:

1. Интеграциялық сабақтағы пәнаралық байланыс.

2. Интеграциялық сабақтағы оқушы жеке басының дамуын қалыптастыратын жұмыстар жүйесі.

Әдістемелік нұсқау: Интеграциялық сабақ жоспарын дайындау.

Есеп беру түрі: жазбаша
15.Тәжірибелік сабақ: Озық әдістемелік оқыту әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу.

Сабақтың мақсаты: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясын жүзеге асырудағы оқытушы әрекеті, оның рөлі.

Сабақ жоспары:

1. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясының негізгі тетігі – оқыту формалары мен әдістерінің икемді жүйесі.

2. Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу жұмыстарын ұйымдастыру.

Әдістемелік нұсқау: Ғылыми жұмысқа баулу жұмыстарын жүргізудің ғылыми-практикалық маңызы, міндеттері мен ұстанымдарын талдау, қосымша баспа материалдарын пайдалану.

Есеп беру түрі: жазбаша


ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»

пӘнінiң ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУҒА АРНАҒАН

әдістемелік нұсқаулығы

Семей, 2015

«Қазақ әдебиетін жаңа инновациялық технология арқылы оқыту әдістемесі» пәнінiң оқытушы басшылығымен студенттің өздік жұмысын орындауға арнаған әдістемелік нұсқаулығы 5В050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» 3 курс студенттеріне арналған.

Құрастырған –п.ғ.к.,Ақманова Ғ.Р. филология кафедрасы.



1-тақырып:Қазақ әдебиеті пәні бойынша жұмыстарды жоспарлау.

Мақсаты. Қазақ әдебиеті сабағының құрылымдық ерекшеліктері, ұйымдастыруды дұрыс жолға қоя білу

Негізгі сұрақтар:

Тапсырма: Қазақ әдебиеті сабағының құрылымдық ерекшеліктері, негізгі орта мектеп бағдарламаларын талдау, конспектілеу.

Әдістемелік нұсқау: Әдістеменің даму тарихына тоқталу. Қазақ әдебиетін оқытудың озық технологиялық әдістемесі туралы еңбектермен танысу.

Есеп беру түрі: конспект

Тапсырманың орындалу уақыты және студент білімін бағалау: 2апта, ұпай 1
2-тақырып:Қазақ әдебиеті сабағында көрнекі, техникалық құралдарды пайдалану.

Мақсаты. Қазақ әдебиеті сабағында көрнекі, техникалық құралдардың түрлеріне толық тоқталу.

Негізгі сұрақтар:

Тапсырма: Қазақ әдебиеті сабағында көрнекі, техникалық құралдардың түрлеріне мысалдар келтіре отырып, талдау.

Әдістемелік нұсқау: Қазақ әдебиеті сабағында көрнекі, техникалық құралдардың түрлеріне толық тоқталу. Қазақ әдебиетін оқытудың озық технологиялық әдістемесі туралы еңбектермен танысу.

Есеп беру түрі: ауызша

Тапсырманың орындалу уақыты және студент білімін бағалау: 3апта, ұпай 1
3-тақырып: Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары.

Мақсаты. Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарына толық тоқталу.

Негізгі сұрақтар:

Тапсырма: Қазақ әдебиеті пәні бойынша әр жылы, әрбаспадан шыққан оқулықтарға шолу жасау.

Әдістемелік нұсқау: Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарына толық тоқталу. Қазақ әдебиетін оқытудың озық технологиялық әдістемесі туралы еңбектермен танысу.

Есеп беру түрі: ауызша

Тапсырманың орындалу уақыты және студент білімін бағалау: 4апта, ұпай 1
4-тақырып: Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау процесіндегі жас ерекшелігі мәселесі

Мақсаты. Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау процесіндегі жас ерекшелігі мәселесіне тоқталу.

Негізгі сұрақтар:

Тапсырма: Қазақ әдебиеті пәні бойынша әр жылы, әрбаспадан шыққан оқулықтарға шолу жасау.

Әдістемелік нұсқау: Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау процесіндегі жас ерекшелігі мәселесі, әдістемесі туралы еңбектермен танысу.

Есеп беру түрі: жазбаша

Тапсырманың орындалу уақыты және студент білімін бағалау: 5апта, ұпай 1

5-тақырып: Лирикалық шығармаларды оқытуда дамыта оқыту технологиясы элементтерін қолдану.

Мақсаты. Лирикалық шығармаларды оқытуда дамыта оқыту технологиясы элементтерін қолдана білу.

Тапсырма: Лирикалық шығармаларды оқытуда дамыта оқыту технологиясы элементтерін қолдана отырып сабақ жоспарын құру..

Әдістемелік нұсқау: Лирикалық шығармаларды оқыту әдістемесіне бпйланысты еңбектермен танысу.

Есеп беру түрі: сабақ жоспары

Тапсырманың орындалу уақыты және студент білімін бағалау: 6апта, ұпай 2
6-тақырып: Драмалық шығармаларды оқытуда саралап,даралап оқыту технологиясының элементтерін қолдану.

Мақсаты. Драмалық шығармаларды оқытуда дамыта оқыту технологиясы элементтерін қолдана білу.

Тапсырма: Драмалық шығармаларды оқытуда дамыта оқыту технологиясы элементтерін қолдана отырып сабақ жоспарын құру..

Әдістемелік нұсқау: Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесіне байланысты еңбектермен танысу.

Есеп беру түрі: сабақ жоспары

Тапсырманың орындалу уақыты және студент білімін бағалау: 7апта, ұпай 2
7-тақырып: Эпикалық шығармаларды оқытуда проблемалы оқыту технологиясын қолдану.

Мақсаты. Эпикалық шығармаларды оқытуда дамыта оқыту технологиясы элементтерін қолдана білу.

Тапсырма: Эпикалық шығармаларды оқытуда дамыта оқыту технологиясы элементтерін қолдана отырып сабақ жоспарын құру..

Әдістемелік нұсқау: Эпикалық шығармаларды оқыту әдістемесіне байланысты еңбектермен танысу.

Есеп беру түрі: сабақ жоспары

Тапсырманың орындалу уақыты және студент білімін бағалау: 8апта, ұпай 2
8-тақырып: Ақын-жазушылар өмірбаянын оқытуда жобалап оқыту технологиясын қолдану.

Мақсаты. Ақын-жазушылар өмірбаянын оқытуда жобалап оқыту технологиясы элементтерін қолдана білу.

Тапсырма: Ақын-жазушылар өмірбаянын оқытуда жобалап оқыту технологиясы элементтерін қолдана отырып сабақ жоспарын құру..

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпқа байланысты әдістеме еңбектермен танысу.

Есеп беру түрі: сабақ жоспары

Тапсырманың орындалу уақыты және студент білімін бағалау: 10 апта,ұпай 2
9-тақырып: Абай өлеңдерін оқытуда шығармашылық жұмыстар технологиясын қолдану.

Мақсаты. Абай өлеңдерін оқытуда шығармашылық жұмыстар технологиясы элементтерін қолдана білу.

Тапсырма: Абай өлеңдерін оқытуда шығармашылық жұмыстар технологиясы элементтерін қолдана отырып сабақ жоспарын құру..

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпқа байланысты әдістеме еңбектермен танысу.

Есеп беру түрі: сабақ жоспары

Тапсырманың орындалу уақыты және студент білімін бағалау: 12 апта,ұпай 2
10-тақырып: Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу

Мақсаты. Сыныптан тыс оқу арқылы оқушылардың әдеби білімінің аясының кеңеюі, әдебиеттің идеялық, эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, түсінуі оқырманның қызығушылығының артуын көрсету.

Тапсырма: Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу жұмыстарын жүргізуге байланысты сабақ жоспарын құру..

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпқа байланысты әдістеме еңбектермен танысу.

Есеп беру түрі: сабақ жоспары

Тапсырманың орындалу уақыты және студент білімін бағалау: 14 апта,ұпай 2

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ

1-межелік бақылауға арналған тапсырмалар.

1-нұсқа

1.«Методология» сөзінің беретін мағынасы.

2.Әдебиетті оқытудың негізгі факторлары.

3.Бүгінгі білім берудегі жаңас бетбұрыс, негізгі талаптар.

4.Мектепте білім мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі.

5.Оқу пәндерәнің құрамында әдебиет пәнінің алатын орны, оқытудың негізгі бағыттары.

6.Әдебиетті оқыту әдістемесінің өзіне тән ерекшеліктері, қарастыратын мәселелері.

7.Адамның эстетикалық сезімін оятып, мәдениетін дамытуағы әдебиеттің ролі.

8.Жазушының өзіне тән ерекшелігі стиль екеніне мысал келтір.Жаңа буын оқулықтарының өзіндік ерекшеліктері неде?

9.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасып дамуындағы педагогикалық оқулар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялардың ролі қандай?

10.Әдебиетті оқытудағы қолданылатын негізгі әдіс-тәсілдер қандай?( мысал келтір)

2-нұсқа.

11.Сұрау-бағалау сабақтарының формасы:

12. Кіріспе сабақтың түрі:

13. Шығарманың әрбір оқиғалы, мағыналы, біткен бөлшегін тауып, ат қоюды не дейміз?

14. Даралап оқу, мәтінді рольге бөліп оқу, әндетіп оқудың қай түріне жатады?

15. Шығарманы ауызша мазмұндау жұмысы қай сыныптарда жүргізіледі?

16. Шығарманы талдау барысында көзделетін мақсат не?

17.Модуль арқылы оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай?

18.Деңгейлік тапсырмалардың әдеби мәтіндері меңгертудегі ролі қандй?

19.Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастырудың жолдары қандай?

20.Ауызша, жазбаша тіл дамытуға байланысты жүргізілетін жұмыс түрлерін атаңыз.

21. Мәнерлеп оқудың қандай түрлері бар?

22. Өлеңді мәнерлеп оқудың басты шарттарын не құрайды?

23. Дауыс кідірістері қандай түрлерге бөлінеді?

24. Шығармаға жасалатын жоспар қалай бөлінеді?

25. Тіл дамыту жұмыстары қалай жүргізіледі?


2-межелік бақылауға арналған тапсырмалар.

1-нұсқа.

26. Қазақ әдебиетін оқытудағы негізгі инновациялық технологияларды қолданудың қандай жолдары барын көрсет.

27.Дәстүрлі оқыту үлгісі мен жаңаша оқыту үлгісін салыстырмалы сипаттама бер.

28.Шығармашылық, эстетикалық, танымдық қабілеттерді қалыптастырудағы дамыта оқытудың ролін көрсет.

29. Оқытудың жаңа технологияларын топтап көрсет.

30.Жоғары белсенділікті дамыту әдістемесін ( интерактивті )сабақта қалай қолдануға болады?

31. Әдебиетті пән ретінде оқыту қай жылдары басталды?

32. Тұңғыш қазақ әдебиетінің бағдарламасы қай жылы жазылды?

33. Әдеби шығарманы оқу алдында қандай жұмыстар жүргізіледі?

34. Әдебиетке байланысты үйірме жұмыстарын жүргізудің жолдары қандай?

35. Қандай шығармалар үйде оқылады?

36. Әдебиетке байланысты жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға не жатады?

37. Қазақ әдебиетінің пән ретінде қалыптасуына алғашқылардың бірі болып еңбегі сіңген адам кім?

38. «Әдебиетті оқыту методикасы» (1966) еңбегінің авторы:

39. Әдебиетке байланысты ұйымдастырылатын үйермелердің қандай түрлері бар?

40. Жазбаша тіл дамыту жұмыстарын қалай жүргізуге болады?

41. Мектептің күнтізбелік-тақырыптық оқу жоспары қалай жасалады?

42. Сабақ формуласы қандай?

43. Әдебиеттік шығарманы оқып үйренуде, талдауда қолданылатын әдістердің ішінде ерекше орын алатыны:

44. Драмалық шығармаларды келістіріп оқудың тиімділігі неде?

45. Әдебиеттік кейіпкерге берілетін мінездеме неше түрге бөлінеді?
2-нұсқа.

46.Оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып қанша деңгейге бөлуге болады?

47.Бейнеқұралдарды сабақта пайдаланасыңдар?

48.Электронды құралдарды пайдаланудың тиімділігін дәлелде?

49.Ақын табиғат суреттерін дөп басып көрсету үшін, қандай тілдік салыстырулар жасайды?

50.Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастырудың тиімді жолдарын көрсет.

51.Әдебиеттің танымдық-білімдік, тәрбиелік мәнін арттыруда пәнаралық байланыстың ролі қандай?

52.Әнші сазгерлер шығармашылығын бағдарлама бойынша өткенде қандай пәнаралық байланыс болады?

53.Мазмұндама, шығарма жаздыруға үйретуде қазақ тілі мн әдебиеті сабақтарының қызметін анықта.

54.Проблемалық оқыту технологиясы туралы не білесің?

55.Компьютер арқылы әдеби мәтіндерді меңгерту технологиясының үлгісі қандай?

56.Сабақтың құрылысы мен мазмұнына қандай талаптар қойылады?

57.Жаңа технологиялық әдістердің мәтінді меңгертудегі ролі қандай?

58.Пән мұғалімі мақсатына жету үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланады?

59.Әдебиетке байланысты сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлерін атап көрсет.

60.Шығарма жазуға төселдірудің қандай жолын білесің?


3. Курс бойынша тест тапсырмалары

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ

СҰРАҚТАРЫ.

1. «Методология» сөзінің беретін мағынасы қайсы?

А) зерттеу, әдіс, ілім В) өсиет С) даралық

Д) біріктіру Е) жалпылық


2. Мақамдап оқудың формалары (Ә.Қоңыратбаев) нешеу?

А) үш В) төрт С) бес Д) алты Е) жеті


3. Қорыту сабақтарының ең соңғы түрі?

А) үйге тапсырма В) даралап сұрау

С) кіріспе Д) шолу Е) жазба жұмыстары
4. Сұрау-бағалау сабақтарының формасы:

А) үйде сұрау В) даралап сұрау С) үйірме

Д) қорыту Е) сұрақ жауап
5. Композицияның танытудың басы:

А) жоспар жасау В) мазмұнын оқу

С) тілдік талдау Д) шығарманы оқу Е) сюжет
6. Кіріспе сабақтың түрі:

А) қайталау В) үйге тапсырма

С) тақырыптық түсінік Д) кино Е) мәтін оқу
7. Әдеби оқу сабағының құрылысына не жатады?

А) кіріспе жұмыстар В) үйірме

С) тапсырмалар жүйесі Д) күнтізбелік жоспар Е) бағалау
8. Шығарманың әрбір оқиғалы, мағыналы, біткен бөлшегін тауып, ат қоюды не дейміз?

А) сабақ В) мазмұн С) жоспар Д) шығарма Е) сюжет


9. Талдау жұмыстары аяқталған соң әрбір жанр тұсында атқарылған істерді бекіту үшін жүргізілетін сабақ түрі:

А) кіріспе В) шолу С) қорыту Д) қайталау Е) шығармашылық


10. Даралап оқу, мәтінді рольге бөліп оқу, әндетіп оқудың қай түріне жатады?

А) мақамдап оқу В) қайталай оқу С) үйде оқу

Д) сыныптан тыс оқу Е) еркін оқу
11. Тарихи курс оқушыларға қай кезеңде оқытылады?

А) 5-7 сыныптарда В) 1-4 сыныптарда С) 5-8 сыныптарда

Д) 10-11 сыныптарда Е) 9-10 сыныптарда
12. Шығарманы ауызша мазмұндау жұмысы қай сыныптарда жүргізіледі?

А) 7-9 сыныптарда В) 9-11 сыныптарда С) 10-11 сыныптарда Д) 5-11сыныптарда Е) 5-8 сыныптарда


13. Мәтінді қысқартып мазмұндау мазмұндаудың

А) түріне В) кезеңіне С) негізгі шартына

Д) мақсатына Е) әдісіне жатады
14. Әдеби шығарманы талдауға жататын құрамды элементтерге не жатады?

А) мазмұн мен пішін

В) тақырып, идея, сюжет, композиция, тіл ерекшелігі

С) сабақ жүйесі

Д) мақсаты мен барысы

Е) сабақ құрылысы


15. Шығарманы талдау барысында көзделетін мақсат не?

А) шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнын ұғындыру

В) тіл ерекшелігін

С) автордың өмірге көзқарасы

Д) сюжет пен композицияны ұғындыру

Е) мазмұндауға үйрету


16. Кейіпкерге мінездеме жасату үшін ең бірінші оның қандай белгілеріне назар аудару керек?

А) жүріс-тұрысына В) ақыл-ойына

С) өмір сүрген ортасына, көзқарасына

Д) ерекшелігіне Е) түр түсіне


17. Мәнерлеп оқудың қандай түрлері бар?

А) үйде, сыныпта, мектепте В) дара, рольге бөліп, хормен

С) драмалық, юморлық Д) юморлық Е) үйірмеде, сыныпта
18. Өлеңді мәнерлеп оқудың басты шарттарын не құрайды?

А) ұйқас, ырғақ, тармақ В) буын, бунақ С) екпін, көңіл-күй

Д) түйдек, идея Е) тақырып, шумақ
19. Психологиялық кідірісте басты рольді не атқарады?

А) көңіл-күй В) қуаныш С) реніш

Д) тыныс белгілері Е) өкініш
20. Дауыс кідірістері қандай түрлерге бөлінеді?

А) ауыспалы, логикалық, түсіндірмелі

В) тоғыспалы, жүйелі, ретсіз

С) логикалық, грамматикалық, психологиялық

Д) грамматикалық, параллель

Е) түсіндірмелі, логикалық


21. Шығармаға жасалатын жоспар қалай бөлінеді?

А) терең В) жағымды, жағымсыз С) әдеби, теориялық

Д) жай, күрделі Е) ауыспалы
22. Тіл дамыту жұмыстары қалай жүргізіледі?

А) шығарма жазу В) сыныптан тыс С) ауызша, жазбаша

Д) диктант, мазмұндама Е) топтық, жеке
23. Шығарманы келістіріп оқу дегеніміз не?

А) дауыстап оқу В) мәнерлеп оқу С) хормен оқу

Д) жатқа оқу Е) тез оқу
24. Әдебиетті пән ретінде оқыту қай жылдары басталды?

А) 1920 В) 1928 С) 1932 Д) 1935 Е) 1940


25. Тұңғыш қазақ әдебиетінің бағдарламасы қай жылы жазылды?

А) 1925 жылы В) 1928 жылы С) 1931 жылы

Д) 1932 жылы Е) 1935 жылы
26. Әдеби шығарманы оқу алдында қандай жұмыстар жүргізіледі?

А) түсіндіру В) мәтінді оқу С) кіріспе жұмыстар

Д) талдау Е) пысықтау
27. Әдебиетке байланысты үйірме:

А) мәнерлеп оқу В) қол өнер С) би

Д) тіл Е) қыл қалам
28. Сыныптан тыс оқу деген не?

А) шығарманың сюжетін меңгеру

В) мазмұн мен пішін бірлігі

С) бағдарлама көлемінде оқу

Д) бағдарламадан тыс оқу

Е) шығарма жазу


29. Қандай шығармалар үйде оқылады?

А) шағын В) көлемді С) өлеңдер Д) мысалдар Е) лирика

30. Әдебиетке байланысты жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға не жатады?

А) шығарма талдау В) кино С) шығарма жазу

Д) әдеби кеш, үйірме Е) бірлестік жұмысы

ІІ-нұсқа.

1. 1928-1938 жылдарда әдебиетті оқыту қандай жүйеде жүргізіледі?

А) бастауыш оқу В) қоғамтану

С) тарихи-әдеби курс Д) түсіндіргіш Е) әдеби оқу


2. Қазақ әдебиетінің пән ретінде қалыптасуына алғашқылардың бірі болып еңбегі сіңген адам кім?

А) Ә. Дайырова В) С. Тілешова С) Ә. Дербісәлин

Д) Ш. Кәрібаева Е) А. Көшімбаев
3. «Әдебиетті оқыту методикасы» (1966) еңбегінің авторы:

А) Ә. Қоңыратбаев В) А. Көшімбаев С) С. Тілешова

Д) Ә. Дербісәлин Е) Ә. Дайырова
4. «Сабақ тиімділігін арттыру» (Рауан, 1991) еңбегінің авторы:

А) Т. Ақшолақов В) С. Қалиев С) Ә. Қанафин

Д) Ә. Дайырова Е) Қ. Бітібаева
5. Әдебиетті оқыту бастауыш оқу, әдебиетті оқыту және тарихи курс болып үш жүйе түрінде қай жылдан қалыптасты?

А) 1932 ж В) 1935 ж С) 1938 ж Д) 1940 ж Е) 1945 ж


6. Әдебиетке байланысты ұйымдастырылатын үйермелердің бірі:

А) би В) қыл қалам С) драма Д) қолөнер Е) ән


7. Жазбаша тіл дамыту жұмыстарына не жатады?

А) диктант В) мазмұндама С) шығарма

Д) шығарма, мазмұндама Е) мәнерлеп оқу
8. Ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журнал:

А) «Қазақ тілі мен әдебиеті» В) «Ақиқат»

С) «Жұлдыз» Д) «Парасат» Е) «Жалын»
9. «Көркем шығармаға талдау жасау» (1983) еңбегінің авторы:

А) Ә. Қоңыратбаев В) Т. Ақшолақов С) Ә. Дайырова

Д) С. Тілегшова Е) С. Қалиев
10. Шығарма жоспары қандай түрлерге бөлінеді?

А) сыныптық В) сыныптан тыс С) жай

Д) жай, күрделі Е) күрделі
11. Мұғалім шығарма жазудың техникасын, оның құрылысын оқушыға қай сыныптарда үйретуі тиіс?

А) 1-3 сыныптарда В) 1-4 сыныптарда С) 5-8 сыныптарда

Д) 6-8 сыныптарда Е) 9-11 сыныптарда
12. Әдеби-тарихи курс қай сыныптарда жүйелі жүргізіледі?

А) 1-4 сыныптарда В) 1-5 сыныптарда С) 5-7 сыныптарда

Д) 6-8 сыныптарда Е) 9-11 сыныптарда
13. Мінездеме түрлері:

А) дара В) күрделі С) дара, салыстырмалы, топтамалы

Д) жекелей Е) типтік
14. Д. Бабатайұлы шығармашылығы қай сыныптарда оқытылады?

А) 1-4 сыныыптарда В) 3-5 сыныптарда С) 7-8 сыныптарда

Д) 9-11 сыныптарда Е) 9 сыныптарда
15. Мектептің күнтізбелік-тақырыптық оқу жоспары қай кезде жасалады?

А) оқу жылы соңында В) қазан айында

С) тамыз, қаңтар айларында

Д) тамыз, қыркүйек айларында Е) қаңтар, ақпан айларында


16. Сабақ формуласы қандай?

А) жинақтау-талдау-жинақтау

В) бүтін, бүтін-бөлшек

С) оқу, көркем оқу

Д) мәтін, теория-образ

Е) мәтін-образ


17. Жазушының өмірбаяны 5-8 сыныптарда қандай тұрғыда беріледі?

А) қысқаша анықтамалық В) толық

С) балалық шағы Д) өмірінің соңы Е) қызыметі
18. Шығарма құрылысы неше буыннан құралады?

А) бір В) екі С) үш Д) төрт Е) бес


19. Композициялық, портреттік, пейзаждық, сипаттамалық шығармалар 5-8 сыныптарда жазыла ма?

А) үнемі В) сирек С) мүлде жазылмайды

Д) жыл соңында Е) жыл басында
20. «Қарға мен түлкі» әңгімесіндегі кейіпкерге берілетін мінездеме мінездеменің қай түріне жатады?

А) салыстырмалы В) дара С) топтама

Д) жалпы Е) типтік
21. Жыл басындағы алғашқы сабақ:

А) біріккен сабақ В) жаңа сабақ С) аралас сабақ

Д) ойын сабақ Е) кіріспе сабақ
22. Келістіріп оқу шарттарының бірі:

А) мазмұндап беру В) кідірісті сақтап оқу С) үзінді оқу

Д) жатқа оқу Е) грамматикалық кідіріс
23. Мәтін (шығарма) негізгі бөлімдерге бөлініп, әрқайсының мазмұнына сай лайықты ат қойылса:

А) жәй жоспар В) күрделі жоспар С) шығарма

Д) тапсырма Е) мазмұндама
24. Мазмұндама қандай мақсатта жазылады?

А) сауаттылық үшін

В) ойын жүйелі жеткізу үшін

С) өткен тақырыпты менгеру үшін

Д) конспекты жасап үйрену үшін

Е) мәтінді жүйелі, сауатты жеткізу үшін


25. Шығарманың түрі:

А) мазмұндама В) еркін тақырып С) жат жазу

Д) конспект жазу Е) баяндама
26. Тіл дамыту жұмысының бірі:

А) ауызша мазмұндату

В) әдебиет теориясынан мағлұмат

С) шолу тақырыбы Д) кіріспе Е) жаңа сабақ


27. Ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журнал?

А) «Жұлдыз» В) «Қазақ тілі мен әдебиеті»

С) «Жалын» Д) «Парасат» Е) «Ақиқат»
28. Күнделікті сабақ жоспарының құрамына кірмейтін жауапты тап:

А) сабақтың тақырыбы В) сыныптан тыс С) сабақтың көрнекілігі

Д) жаңа сабақ Е) үй тапсырмасын тексеру
29. Практикалық дағдыны қалыптастыру сабақтары қатарына жатпайтын «сабақтың түрі»:

А) бекіту сабағы

В) семинар сабақ

С) пресс-конференция сабағы

Д) тексеру сабағы

Е) мәнерлеп оқу сабағы


30. Қайталау сабағының түріне жатпайтын жауап қайсы?

А) бастапқы қайталау

В) күнделікті қайталау

С) мерзімді қайталау

Д) қорытынды қайталау

Е) оқу техникасын қайталау

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет