ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық



жүктеу 1.93 Mb.
бет5/11
Дата19.06.2016
өлшемі1.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін-өзі бақылау сұрақтары.

1.Сабақ дегеніміз не?

2.Сабаққа қойылатын талаптар.
3 дәріс тақырыбы. Технология талаптары және білім беру үрдісі

Дәріс мақсаты: Технология талаптары және білім беру үрдісі туралы түсінік қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар:

1. Бүгінгі білім берудегі жаңа бетбұрыс, негізгі талаптар

2. Мектепте білім мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі.

3.Оқу пәндерінің құрамында қазақ тілі пәнінің алатын орны, оқытудың негізгі бағыттары


Қысқаша мазмұны.

1.Қазіргі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының негізгі бағыттарының бірі бұрынғы қалыптасқан әдістемелік тәжірибелерімізді дұрыс пайдалана отырып, белгілі әдістерге бүгінгі заман сұранысына сай модификация жасай білу, шығармашылық тұрғыда жан-жақты жетілдіру болып табылады. Пән бойынша берілетін білім мазмұнының тиімді меңгеруі арқылы оқушының өмірлік дағдысы мен іскерлігі өлшенеді, білімнің сапасы нәтижеге бағытталады, іскерлік қатынасты көтеру басты мақсат болып табылады.

Гуманитарлық ғылым ретінде әдістеме ғылыми-тәжірибелік дәстүрлер шеңберінде дамиды. Бұл жаңа мазмұнда идеялар, ұстанымдар мен әдістердің дамуына бөгет жасамайды, қайта әдістемелік тәжірибені толықтырып байыта түседі.

Бүгінгі заман сұранысы оқыту ісінде техниканың кең қолданылуына байланысты жаңаша оқыту талабын туғызды. 60-жылдардан бастап білімді «технологияландырудың» ғылыми атауы біртіндеп кеңейтіліп, «әдістер мен құралдар жиынтығы» терминіне айналды.

Ғалым зерттеушілер педагогикалық технологияны ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері ретінде, оқыту үрдісінде жандандыруға тырысты. 70-80 жылдары «педагогикалық технология» ұғымы оқу-тәрбие үрдісін басқару және оқыту әдістері мен құралдарын ұйымдастыру бағытында қарастырылды.

Оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру – білім беру мен тәрбиелеу проблемаларын сапалы жаңа деңгейде шешуге ықпал жасайды. Технологиялық әдіс-тәсілдердің көмегімен оқушылардың таным белсенділігі артып, даму үрдісі жетіле түседі. Білім мазмұнын жаңарту қажеттігіне сәйкес ең озық технологияларды жүйелі түрде қолдану өркениетті елдер тәжірибесінде біртіндеп іске асырыла бастады. Оқу үрдісін «технологияландыру» мәселесі XX ғасырда педагогика ғылымында шетелдік, отандық ғалымдардың еңбектеріндеәр қырынан алынып зерттеллді. В.Беспалько, В.К.Дьяченко, В.В.Гузеев, М.В.Кларин, Д.Хогрид, В.М.Монахов, Г.К.Селевко, М.А.Чошанов, С.М.Құсайынов, Г.Нұрғалиева, Ж.Қараев, Н.Нұрахметов, М.Жанпейісова, Г.Д.Әуелбекова, З.Бейсембаева, С.К.Исламгулова т.б ресейлік және қазақстандық ғалымдар ғылым мен тәжірибені ұштастыра зерттеп, жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетті.

Технология – шеберлік туралы ғылым. Шеберлікпен нәтижеге жету, кәсіби шеберлікті шыңдап, белгілі бір жоба моделмен оқытуға саяды. Технология – білімдік ақпараттарды толықтырып, өңдеп, өзгертіп ұсынудың әдістері мен құралдарының жиынтығын, қажетті құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалана отырып, оқушыларға жеткізе білудің тәсілдері туралы ғылым. В.М.Монахов: «Педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі», - десе, В.П.Беспалько, М.В.Кларин: «Педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы, оның тәжірибеде жүзеге асатын жобасы», - деген пікір айтады.

Оқудың дәстүрлі оқыту технологиясы білім, ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдардың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дәл кезеңде қажет болған әдістерге және басқа да негіздемелерге тәуелді келеді.

Оқу технологиясын оқу әдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына және педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал әдістеменің соңғы тиімді нәтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, әдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі әдістемесі бар. Егер ол әдістеме шынайылық, сенім, сәйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.

Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны әрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.

Зерттеуші ғалымдар М.В.Кларин, В.П.Беспалько, Г.К.Селевко т.б көрсетуі бойынша педагогикалық технология арқылы, біріншіден, білім беру тәжірибесінде оқу-тәрбие үрдісінің алдын ала жобасын жоспарлап, оны кез келген сыныпта қайталау мүмкіндігінің болуы; екіншіден, педагогикалық технология оқушылардың оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің алдын ала жобасына негізделуі керек, үшіншіден, педагогикалық технологияның ең маңызды жағы – мақсат қою. Ол оқу мақсатын нақты анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды және тұлғаның дамуы мәселесін қарастыруды қажет етеді.

Оқыту технологиялары:

Окушыларды ғылыми ізденіске баулу, жетелеу мұғалімге де жаңаша ізденісті талап етеді. Инновациялық технология талаптарын терең меңгерген, зерттеуші, ізденуші, жанашыл мұғалім ғана алдындағы шәкіртіне терең білім беріп, кабілетін, дарынын дамыта алмақ. Мұғалімдерге, әсіресе, жас мұғалімдерге көмек ретінде жоғарыдағы технология талаптары туралы сөз қозғасак, енді оның түрлеріне түсінік беріп отырмыз.



Төртіншіден, үй тапсырмасы жеке тұлға мүмкіндігіне сай сараланып беріледі.

Бесіншіден, түзету, коррекция жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру көзделеді. Бүл технологиялық картаның сонғы бөлімі болып табылады. Бұл бөлікте мұғалім мынадай екі мәселеге назар аударады:

1. Оқушыларға кездесуі мүмкін қиындықтарды болжайды, белгілейді.

2. Сол қиындықтардан шыға білудің нақты шаралары, іс-әрекеттері жасалынып, ұсынылады. Мысалы, көмек-нұскау, әр түрлі үлгілер, сызбалар, кестелер, модельдер т.б

3. Шағын мақсаттарды белгілеуде жеке тұлға біліміндегі кемшіліктер есепке алынады, оны қайталамаудың амалдары ойластырылады. Коррекция-лык іс әрекетте де оқушы-мұғалім бір-бірімен тығыз байланыстағы деңгейде жұмыс жасайды.

4. Ең негізгісі оқушы білімін стандарт талабының деңгейіне жеткізудің амалдары мен тәсілдерін жасай отырып, енді оны шығармашылық деңгей сатыларына көтерудің жолдарын іздеу, оны нақты көрсету болып табылады.

В.Монахов технологиясының окыту, үрдісіндегі ұтымдылығының басты максаты білім беру іс-әрекеті диагностика мен болжамға негізделеді. Мұғалім оқушылардың тіл байлығын кемшіліктері мен жетістіктерін саралай отырып, алдына накты мақсат қойып, оны жүйелі түрде жүзеге асырудың ұтымды әдіс-төсілінен ізденеді. Сонымен бірге, шағын максаттарды жүзеге асыратын тапсырмалар жүйесін диагностиканы басшылыққа ала отырып, мөлшерлеп беруді шығармашылық жүмыстар аркылы тіл дамытудың басты ұстанымы етеді.

Дамыта оқу – бұл оқу үрдісінде оқушының барлық мүмкіндігінің толық іске асуына негіз болатын бағдарлы оқыту болып табылады. Дамыта оқу теориясы Г.Пестолоций, А.Дистерверк, К.Ушинскийден басталады. Бұл теорияны алғаш ғылыми негізде дәйектеген Л.С.Выготский болса, кейіннен Л.В.Занков, В.В.Эльконин, В.В.Давыдов, И.А.Менчинский т.б. тәжірибелік-эксперименттерінде әрі қарай жалғасын тапты.

Дамыта оқу идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты болып жүр. Себебі, оқушылардың бәрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда әбден күйзеліске түседі. Сондықтан барша шәкірттерді теңдей шапшаң және жоғары күрделілік деңгейінде оқытып, тәрбиелеуге болмайды.

Проблемді оқыту технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік, дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы және басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды.

Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дәстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мәні – оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше жетеді. Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын біріктірген түйін. Модуль құрамы: әрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің әдістемелік көрсетпелері.

Білім берудегі озық ұстанымдарды негізге ала отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне деген сенімін арттыру, әдеби білім сапасын арттырып дамытуда, ауызша, жазбаша тілін жетілдіруде, т.б. жеке пәндердің ғылыми-әдістемелік сапасын жүйелеуде деңгейлеп оқыту технологиясының орны айрықша. Мұнда білімнің жүйелі, анық берілуі, деңгейлік тапсырмалардың пән бағдарламасының талабына сай болуы, оқу материалының түсініктілігі, деңгейлік тапсырмалардың сабақ кезеңдерінде оқушының танымдық белсенділігінің артуы, қабылдау деңгейіне назар аударылады.

Қашықтан оқу технологиясы – бұл осы заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар және интернет жәрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бәріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады.

Сонымен, қорыта келе, педагогика ғылымының тиімді дамуының бір жетістігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиясының пайда болуына оңтайлы ықпал жасайды. Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған орай оқушының тұлғалық дамуына бағытталған озық оқыту технологиялары пайда болуда. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, шәкірттерімен қарым-қатынасы басты орын алады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары.

1.Жаңа технология түрлері?

2.Модульдік оқыту технологиясына түсініктеме бер.

3.Қашықтан оқыту технологиясының мәні неде?


4 дәріс тақырыбы. Оқыту технологиялары

Дәріс мақсаты: Оқыту технологияларын меңгерту.

Негізгі сұрақтар:

1.Оқыту технологияларының тиімділігі.

2.Шетелдік, отандық зерттеуші ғалымдардың еңбектерін саралау.

3.Әр технологияның ерекшеліктеріне тоқталу.
Қысқаша мазмұны:

1.Қазіргі технологиялык оқыту кезенінде сабак жоспарьшың ұстанымы оның түрлеріне карай әр түрлі болып келеді. Мысалы, жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясында сабак жоспары темендегідей үш ұстанымды негізге алады:

Біріншіден, оқушынын өз еркіндігіне, тандауына жол беріледі. Олар тапсырмаларды, косымша құжаттарды, оқу іс-әрекеттерін таңдап ала алады.

Екіншіден, мүғалім сабак үстінде окушылардын талап-тілегін ескере отырып, сабақ жоспарын өзгерте алады. Алдын-ала жасаған сабак жоспарын мүлтіксіз орындау міндет емес. Ен бастысы, әр баланың талап-тілегі бірінші орында түрады. Қай тапсырманы орындайды, кіммен орындайды, қандай әдіс-тәсілдерді, оку күралының кайсысын калайды, ол бала еркіндігінде.

Үшіншіден, окушы - субьект. Ол - тыңдаушы, мүғалім түсінігін кайта-лаушы емес, өз пікірі бар, білімді өз еңбегімен алатын еркін түлға. Аукымды, негізгі максаттармен бірге сабақ жоспарында шағын максаттар да нақты белгіленуі тиіс. Мысалы, мәнерлеп окута, не көркем жазуға дағдыландыру т.б. Шағын максаттар да берілетін білім мен негізгі максаттардан туындайды. Жалпылама, аукымды максаттар коюшылык әлі де кезігіп келеді. Басылымдардағы іс-тәжірибелер мен тіпті жарык көріп жаткан оқу кұралдарынан да оны көруге болады. Мақсат қоюда мұғалімнің диагностикаға жүгінгені жен. Накты бір уақыпа неге қол жеткізуге болады, карапайым тілмен айтсак, максат орындалады ма, мүмкіндік кандай деген мәселелерді ескерген дұрыс.

Сабак максатын білім беру, тәрбиелеу, дамыту деп жіктеп жүрміз. Ал шындығында осы үш максатты бір жанды организмдей бірлікте, түтастыкта карастыру керек. Білім бере отырып, ішкі мүмкіндіктерге түрткі жасап, сол білім негізінде окушылардын жеке бас ерекшеліктері, кабілеттерін дамытуға әрекеттену - ен негізгі мәселе болып табылады. Окытудағы максаттар ол окушылар мен мүғалімнің білім беру, білім алу мақсаты болып табылады. Сол себептен де мүғалім максатты накты, окушыларға бағыттай жоспарлағаны дүрыс. Бүл жерде американдык ғалым Блум таксономиясы, академик Монаховтың шағын максаттар жүйесіне үңілген өте тиімді болар еді. Мақсат бірлігінің бір саласы тәрбие максатына казір жанашыл үстаздар, педагог-ғалымдар сақтыклен, сынмен карайды. Оған косылуға болады. Тәрбие үрдісі - аса күрделі әрі нәтижесі тез байқала коймайтын үрдіс. Дегенмен, әсіресе әдебиет сабағында онын тәлімдік-тәрбиелік, үлағаттык, үлгілік мәнін ешкім де жокка шығара алмайды. Сөз нақты такырып, накты жағдайға байланысты ғана жүзеге асыруға болатын тәрбие мәселесі айналасында болып отыр. Сабактын жоспарында ең бастысы окушы білімін окушылық деңгейден-алгоритмдік, одан эвристикалық, одан шығармашылық деңгейге дейін көтеру жолдары карастырылуы керек. Яғни, окушылардын берілетін білімді түсінуінен бастап, оған анализ, синтез, өзіндік сыни баға беру іс-әрекеттерін жетіддіру, дамытуға ерекше кеніл белген жөн.

Сабақ - окытуды, білім беруді үйымдастырудың негізгі формасы, тек формасы ғана емес, жалпы педагогикалык үрдістің ең манызды әрі күрделі бөлігі болып табылады. «Сабак» деген ұғым жалпы айтылғанымен, ол даралық іс-әрекет, яғни бала мен мұғалімнің арасындағы білім мен білім алу іс-әрекеті. Әрине, эр сабак - сыныптағы барлық окушыларға ортак, барлығы үшін жүргізіледі. Бірақ білім алу үрдісінде эр бала жеке, дербес оку еңбегіне енеді. Дәстүрлі оқытуда да сабақты мүғалім үйымдастырып келді. Ал қазіргі технологиялар, білім беру ісінде жаңғырулар мен жаңарулар жүріп жатқан кезенде сабакка койылатын талаптар да өзгерді. Ең бастысы:

-Окушылардын білімді өз беттерімен алуы, оларды іздендіру, зерттеу, шыгармашылык жүмыстарға баулуды ойластыру;

-Білімді жеке тұлғаға бағыттай беруді максат ету;

-Сабакты күзырлылык түрғысында үйымдастыру;

-Инновациялык технологиялардан іздену.

Ежелден-ак мұғалім сабаққа дайындалады. Сабақка дайындалу кезеңі -ең жауапты, ең маңызды кезең болып саналады. Мүғалім ең алдымен өзі сабак өтетін сынып окушыларын жан-жақты білуі керек. Олардың білім дәрежесі, пәнге деген ынтасы дегендей. Екіншіден, өтілгелі отырған такырып, берілетін білімнің мазмұнына анализ жасағаны дұрыс. Тақырыптың ауыр-жеңіддігін ескерген жөн. Бұл жерде мұғалім диогностика-прогнозға жүгінеді. Сабақ максаты да, оқу іс-әрекеттерін жүзеге асыратын технологияларды таңдап алу да осы мәселелерге тікелей байланысты болып келеді. Мұғалім сабақ жоспарын қүрғанда міндетті түрде кандай нәтижеге қол жеткізуге болады, соған болжам (прогноз) жасауы керек. Яғни оқушылар:_________

Сабактың үш мақсат бірлігі дәстүрлі оқытуда да негізгі ұстаным болды. Кезінде академик Ю.К.Бабанский өзінін «Оптимизация учебно-воспитательного процесса» деген еңбегінде ол туралы жан-жакты талдап жазган болатын. Дегенмен, максаттар бірлігінің берілетін білім мазмүнына тікелей байланыстылығын түсінбей, бір сабакта нақты жағдайда орындалмайтын (45 минутта) «адамгершілікке тәрбиелеу», «қабілеттерін дамыту» деген аса ауқымды максаттар қоюдан құтыла алмай келеміз.

Бүгінгі таңда егемен еліміздің оқу-тәрбие ісіне, жалпы білім беру саласының жұмысына байланысты ресми құжаттарында (Білім туралы Заң, мектеп түрлеріне, пән негіздеріне арналған әр түрлі құжаттар, оқу жоспарлары мен пәндік оқу бағдарламалары) білім жүйесін жетілдірудің сан-салалы жолдары көрсетіліп жүр.

Бұл әсіресе жалпы білім беретін мектеп жұмысын өркендетуге орай жүргізіліп жатқан іс-шараларда ерекше ескеріліп, алда тұрған айқын міндеттер белгіленіп келеді. Оқушыларға білім беруде күнделікті сабақтың орны айрықша. Сондықтан да сабақ – оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі. Сыныптан тыс, мектептен тыс оқу-тәрбие жұмыстарындағы жас жеткіншектердің танымдық қызметі күнделікті сабақта алатын теориялық білім-білігінің, практикалық дағдысының негізінде тығыз логикалық байланыста өрбиді. Одан оқушы өзіне бағыт-бағдар алады.

Сабақ үстінде оқушылардың ой-өрісін, ақыл-парасатын дамыту тұрғысында көптеген оқу материалдары, өмірлік өнегелер пайдаланылады. Шәкірт өзінің күнделікті тұрмыста байқаған мағлұматтарын, түсінік-тұжырымдарын сабақ барысында белгілі бір жүйеге келтіріп, оны рет-ретімен өзінің ой-санасында бекітеді. Оларды өмірлік тәжірибесінде пайдаланатындай дағды қалыптастырады, бойындағы қабілетін жан-жақты дамытады. Міне,сол себептен де, сабақты оқушының оқу еңбегін ұйымдастырудағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі түрі деп танимыз.

Сабақ ұстаздың оқушылар дербестігін, белсенділігін қалыптастыратын, оларды ұжымдық еңбекке жұмылдыратын алуан түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерді қолдануы арқылы жүзеге асады. Бұл ретте, орыстың белгілі әдіскер ғалымы, профессор М.А.Рыбникованың «Әдістеме ғылыми сабақ жүйесіне қызмет ететін мұғалімге қажетті материалдардың, мектеп жағдайы туралы білімнің жан-жақты жиынтығы» деген пікірін ескерте еткен абзал. Оқыту барысында мұғалім өз шәкірттерін зерттеп байқайды, олардың білім, білік дағдаларын тексеріп бағалайды. Сондықтан да әрбір ұстаз сабақты шын мәніндегі нағыз шығармашылық еңбек деп түсініп, өзінің педагогикалық шеберлігін, білім-білігін күн сайын арттыра түсуі, озат тәжірибелерді өз дәрістеріне сарқа пайдалануы тиіс. Әр тақырыпты өткенде мұғалімнің қай әдісті тиімді деп таңдайтыны – өзінің еркі. Өйткені,ұстаз үшін ең тиімді әдіс – оның өзі жақсы меңгерген әдісі. Әрине, бұдан мұғалім тек бір әдісті ғана меңгеріп, басқасына көңіл қоймасын деген ұғым тумаса керек. Өйткені, біздің дәуіріміздің мұғалімі өз әріптестерінің озат тәжірибесінен тек хабардар болып қана қоймай,оны өз жұмысында шығармашылықпен пайдалануы қажет. Себебі, бүгінгі таңдағы жаңалығымыз ертең үшін жаңалық болудан қалатыны айдан анық. Бұл орйда: «Жақсы дерлік те,жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті білу; керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек;оларды өзіне сүйеніш,қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - дейді қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынов «Қай әдіс жақсы?» атты еңбегінде.Бұл – әлі құнын жоймаған ақиқат шындық.

Мұғалім сабаққа дайындалғанда негізіне 3 нәрсені анықтап алуы керек: сабақтың мазмұны,оны өткізудің әдіс-тәсілдерін және құрылымын білуі. Сабақ күнтізбелік, тақырыптық жоспарға сәйкес болуы керек. Тақырыптық жоспар негізінде күнделікті сабақ жоспары жазылады. Мұнда ең алдымен өткізілетін пәннің аты, күні, сабақтың тақырыбы, сабақтың мақсат-міндеті, материалдың мазмұны анықталады. Сонымен бірге жоспарда сабақтың түрі, құрылымы, барысы жан-жақты талданады. Конспектінің жазылу үлгісін мұғалімнің өзі іскерлігі мен ізденісіне қарай өзгертіп,жасауы тиіс. Бұл туралы В.А.Сухомлинский: «Сабақ жоспары – мұғалімнің жеке шығармашылық лабороториясын бейнелейтін міндетті құжат» демекші, әрбір мұғалім сабақ жоспарын шығармашылық ізденіспен қарап, алдын-ала болжай білуі керек.

Мұғалімнің сабақты жоғары дәрежеде жүргізуі үшін еркін қалыпты жағдай, орнықты көңіл-күй болғаны абзал. Бұл айтылғандардың өзі асбақтың құрылысы толығымен,кішігірім мәселелерге дейін жан-жақты ойластырғанда ғана жүзеге аспақ. Ол жайттар сабақтың құрылымдық бөлімдерінен тиісті орын алғаны мақұл. Ал әрбір сыныптық сабақ, негізінен, мынадай бөлімдерден құралады:

1. Өтілген оқу материалын оқу,оны пысықтау.

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

3. Өтілген жаңа материалдарды бекіту.

4. Үйге тапсырма беру.

2. Сабақ біртұтас мақсаттың орындалуын талап етеді. Сабақ құрылымы дегеніміз – сабақ барысында оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады.

Сабақтың құрылымын жоспарлағанда, ұстаз мына мәселелерге назар аударуы тиіс:

1.Сабақтың мақсаты

2.Сабақты ұйымдастыру және оны жабдықтау( көрнекілік, дидактикалық материалдар).

3.Сабақтың мазмұны. Сабақта ескеретін мәселенің ғылыми негіздегі дәлелдемесі. Оқу бағдарламасына сәйкестігі.

4.Сабақтың құрылысы. Жаңа сабақты түсіндіру, бекіту әдістері.

5.Оқушылардың өздігінен орындайтын және жаттығу жұмыстары.

6.Сабақты күнделікті өмірмен, басқа оқу пәндерімен байланысы, онда ескерілетін мәселелердің өмірлік-тәжірибелік мәні.

7.Сабақтың тәрбиелік астарлары.

8.Сабақтың барлық кезеңдерінде шәкірттердің білімі мен білігін айқындау, дағдысын қалыптастыруға назар аудару, үй тапсырмасын тексеру.

Кез келген сабақ төмендегі дидактикалық талаптарға сәйкес жүргізілгені дұрыс:

- оқу-тәрбие ісінің ғылымилық сипаты;

- оның күнделікті өмірімен байланысы;

- шәкірттерді оқыта отырып тәрбиелеу;

- берілген білімді саналы түрде меңгеру;

- сабақта көрнекілік қолдану мәселесі;

- сабақтың жүйелілігі.



Өзін-өзі бекіту сұрақтары.

1.Сабақ жоспары дегеніміз не?

2.Сабақ жоспарына қандай талаптар қойылады?

3.Сабақтың қандай мақсаттары бар?


5 дәріс тақырыбы. Дамыта оқыту технологиясы

Дәріс мақсаты: Дамыта оқыту. технологиясымен таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

1. Дамыта оқыту барысында берілетін тапсырма түрлері.

2. Оқушылардың танымдық қызметін дамыту жолдары.

3.Дамытушылық жаттығулар.

Қысқаша мазмұны:

1.Дамыта оқыту бұл оқу үрдісінде оқушының барлық мүмкіндігінің толық іске асуына негіз болатын бағдарлы оқыту. Дамыта оқыту теориясы Г.Пестолоций, А.Дистерверк, К.Ушинскийден басталады. Бұл теорияны алғаш ғылыми негізде дәйектеген Л.С.Выготский болса, кейіннен Л.В.Занков, В.В.Давыдов тәжірибелік-эксперименттерінде жалғасын тапты. Л.В.Занковтың дамыта оқыту технологиясы тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған. Бұл технологияның 1986 жылы Ресейде озық технология деп жариялануы, оқыту барысында бүкіл әдіскер-мұғалімдердің назарын аударды.

Дәстүрлі оқыту оқушылардың икем-дағдысы, іскерлігін қалыптастыруды бағыттаса дамыта оқыту оқушы-субъектінің теориялық ойлау қабілетін, танымын, дарынын, дамытуды мақсат етеді. Ойлауды өнімді- өнімсіз; шығармашылық- шығармашылық емес деп жіктеуге болады. Дамыта оқыту балалардың шығармашылық ойлауларын дамытуға түрткі жасайды. Ал шығармашылық ойлау жеке тұлға дамуының биік сатысы болып табылады.

Дамыта оқытудың ерекшелігін төмендегідей саралауға болады:

- Білім беру үрдісінің жеке тұлғаға бағытталуы;

-Алдыңғы кезекте білім ғана емес, баланың абстрактілі ойлауы, ғылыми танымы, тұлғалық қасиеттерін дамытудың тұратыны;

- Оқушыны-субъектінің сабақтың барлық негіздерінде белсенді зерттеуші тұлға, «өнім жасаушы», өз өніміне өзі баға беруші қызметін атқарады;

- Мұғалімнің ұйымдастырушы, баланы даму аймағына енгізуші, оның ақылшысы дәрежесінде болуы;

- Дамыта оқытуға құрылған сабақтың ұжымдық ойлау іс-әрекеті диалог, пікірталасқа, іскерлік қарым- қатынаспен ерекшеленуі;

Теориялық ойлау баланың құбылыс, оның жаратылысы, бір нәрсенің мәнін, қасиеттері туралы зерттеу-ізденістерінің сөз арқылы көрініс табатын іс- әрекетіне жатады. Таным ақыл- ой  еңбегі арқылы қалыптасады. Сол себептен де дамыта оқыту ең алдымен баланың санасын, ақыл- ойын дамытуды көздейді. Теориялық ойлау пікірталас, диалогиялық әңгіме негізінде қалыптасады. Дамыта оқытуда мұғалім оқушылар алдына жауабы дайын, оқулықта бар, қайталауды талап ететін біліммен келмейді. Керісінше, проблемалық сұрақпен келеді. Проблеманы шешу- оқушының міндеті. Мақсатқа жету - оқушының дербес ізденісін талап етеді. Ол әдіс-тәсілдерді оңтайлы жолдары өз еркімен таңдап алады, табады. Модель, жоба жасау, оны қорғау - дамыта оқытудағы басты әдіс-тәсіл. Дамыта оқыту - шығармашылық ойлау мен шығармашылық табыстарға жетудің кепілі. Шығармашылық ойлаудың басты белгілері төмендегідей:

-бұрын ешкім ашпаған, қол жетпеген беймәлім нәрсені ашу, жаңа өнімге қол жеткізу;

-нәтижеге жетудің әр түрлі жолдарын іздеу;

-нәтижеге әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы жету;

- ешкімнің жетелеуінсіз өз беттерімен іздену.

Кезінде Қ.Жұбанов XX ғасырдың 30-жылдары «технология» мәселесіне айтарлықтай мән бере отырып, тақырыпты баяндамас бұрын сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушыны ойлануға, пайымдауға шақыруы, оларды іздендіре отырып, санасына түрткі жасауы дамыта оқыту идеясынан туғанын көрсетеді. Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас бірлікте дамытуға негізделген.

К.Жүнісова 4 қырлы дамыта оқыту идеясын білім негізіне салды.




: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> «Педагогика тарихы» пәнінен дәрістер тезисі №1 Дәріс тақырыбы: Педагогика тарихы пәні мен міндеттері. 2 сағат Дәріс тақырыбының мақсаты
2016 -> "Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" Сайыс тақырыбы: “1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліске 100 жыл”
2016 -> Қазақстан республикасының отбасы-неке қатынастарын реттеу заңЫ
2016 -> А. Байтұрсынов орта мектебі. Пәні: Дүниетану Тақырыбы: Отбасы. Отбасы мүшелері. Мақсаты


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет