ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық



жүктеу 1.93 Mb.
бет7/11
Дата19.06.2016
өлшемі1.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қызығушылықты ояту


Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасынд


Жаңа

ақпарат

а көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:




Бұрынғы білетін нәрсе

Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.



Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.

Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.

Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.

ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:



Бөліктің оң жағына


Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)













Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:

  • Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?

  • Автор оқырманды қалай қызықтырады?

  • Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.

Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
9 дәріс тақырыбы Ұжымдық оқыту технологиясы

Мақсаты: Ұжымдық оқыту технологиясы туралы түінік

Негізгі сұрақтар:

1. Ұжымдық оқыту технологиясы туралы түсінік

2.Ұжымдық оқыту технологиясының маңызы.
Қысқаша мазмұны:

Ұжымдық оқыту білімді жеке түлғаға қарай бағыттай беру технологиясына жатады. Оны кейде «ұйымдастырылған диалог», «ұжымдық окыту» деп те атайды.



Ұжымдық окыту тәсілдерінің басты белгілері: әр баланың қабілеті, дарынын дамыту, ұжымдағы әрбір мүшені оқыту және әркімге ортақ жұмыстағы бір-біріне көмегі, ынтымақтастык болып табылады. Ұжымдық окыту тәсілдерінде мұғалім мен оқушының іс-әрекеті алмасып келіп отырады. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметін ұжым атқарады, яғни жаңа білімді меңгерту, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жүмыстарын саралау, бағалауда, талдауда өздері жетекшілік етеді. Мұғалім ұйымдастырушы, акыл-кеңесші кызметін аткарады.

  1. Ұжымдық оқытудың негізі 30-жылдары еңбек еткен практик-мүғалім А.Г.Ривиннің ізденісінен туған. А.Г.Ривин негізін салған үжымдық окытуды зерттей отырып, оны ары карай жанартушылар, ізденушілердің бірі болған ғалым В.К.Дьяченко оны «работа учащихся в парах сменного состава», - дейді [60].

  2. Сондай-ақ ғалым: "Коллективная форма учебных занятий имеет особенности как парной, так и групповой формы, и в то же время это качественно принципиально новая форма. Коллективные учебные занятия- это работа учащихся в парах сменного состава. При коллективных занятиях работа происходит в парах, но эти пары не замкнутые, а открытые: каждый по очереди работает то в роли обучающего, то в роли обучаемого. При систематической коллективной работе все ученики по очереди работают со всеми: все обучают и воспитывают каждого, а каждый всех", - деп аныктама береді [61, 15].

  3. Бүл окытудың ұзақ жылдар бойы тәжірибеден қалмай, өзінің тиімділігін әр кезеңде де дәлелдеп келе жатқан себебі мынадай басты-басты ерекшелігінде жатыр:

  4. - жүйелі түрде қайталанып отырылатын жаттығулар, жұмыс түрлері аркылы окушылардың логикалық ойлауы жетіледі, тілі дамиды;

  5. - сөйлеу үрдісінде есте сақтау кабілеті, зейіні дамиды, бүрынғы білім мен тәжірибесі, икем-дағдысы кеңейе түседі, үнемі жаңғырып отырады;

  6. - әркім өзін еркін үстайды, дербес жүмыс істеуге, өз бетімен корытынды жасауға дағдыланады;

  7. - тек жеке басы үшін емес, үжым алдындағы жауапкершілігі, іскерлігі артады;

  8. - өзін-өзі бағалау, өз-өзіне үңілу, өз мүмкіндігі мен қабілетін саралау, жетістігі мен кемшілігіне көз жеткізу іс-әрекеті дамиды;

  9. - өзін-езі оқыту, бір-бірін оқыту үрдісі жүреді;

  10. - ауысып келіп отыратын катары, жұбы аркылы бір мәселе айналасында бүкіл ұжыммен жұмыс істеуге, оны талкылауға мүмкіндігі туады. Білім мен дағды беки түседі, тиянакты білім қамтамасыз етіледі.

  11. Үжымдық оқыту технологиясынын маңызын үлы педагог Я.А.Коменскийдің мына пікірі дәлелдейді: "Если нужно- откажи себе в чем-нибудь и плати тому, кто будеть тебя слушать, многое спрашивать, усваивать, учить других тайны великой учености" [55, 20].

  12. Пәнаралык байланыска негізделген шығармашылык жұмыстарды жүргізуде үжымдық оқытудың төмендепдей жүптық тәсілі ерекше маңызды болып келеді.

  13. 7- кесте — Ұжымдық оқытудың жұптык тәсілі_

1. Тұракты жұп

Екі окушы өз тілегі бойынша жұпталады. Мұғалім-окушы; окушы-мүғалім кызметінде іс-өрекет жасайды. Жұпка екі жаксы окитьш, немесе бірі жаксы, бірі орташа окитын бала жұпталады.

2. Өзгеріп, ауысып отыратын жұп.

Бір тапсырмаға 4 бала жұмылады, тапсырманы 4 бөлімге беліп алып орындайды. Әр бала өз жұмысын калған 3 баланың әркайсысына түсіндіреді. Сонда өз жұмысын ұш рет кайталап айтады. Әр баланың дербес кабылдауы, езіндік білімін еекере отырып айтканда, тұсіндіру үш түрлі денгейде болуы мумкін.

3. Вариациялык жұп (ерекше жұп)

Топтағы баланың әркайсысында жеке-жеке жұмыс болады. Тапсырма орындалған соң, жеке-жеке мұғаліммен жұмыс істейді де бір бала қалған үшеуіне түсівдіреді, калғандары кезекгесе отырып осы бағытта әрекет жасайды.

Ұстаздардың ұжымдық оқыту тәсілдерін тәжірибеге пайдалану жолдары әр түрлі болып келеді. Оқытудың бұл түрі бүгінгі технологияландыру кезінде де өз маңызын сактап отыр. Төменде ұжымдық окытуды басшылыққа алған, пәнаралык байланыс арқылы шығармашылық тапсырмаларды жүргізу әдістемесі беріліп отыр. Тұрақты жұптық жұмыс жүргізу жолдары:

кезең. Дайындық кезеңі. Оқушылар сынып санына қарай топқа бөлінеді. Мүғалім тапсырмалармен таныстырады, көмек-нұсқау жазылған үлестірме қағаз таратады. Шешілетін проблемаға назарларын аударады. Топ спикері түсінік береді.

II кезең. Жұптағы, топтағы жұмыстардың жүруі. Оқушылар тапсырманы жеке-жеке орындайды. Кезектесе отырып, бір-бірінің жұмысын тыңдайды; ортаға салады, бір-біріне сүрақ қояды, қорытындылайды. Бағалайды, коррекциялык жүмыстар жүргізеді, бір-бірін оқытады, бір-бірінен үйренеді, бір-біріне түсіндіреді.

III кезең. Жұмыстарын, қорытындыларын, жасаған жобаларын спикер хабарламасы аркылы мұғалім тыңдап, танысады. Жауаптардың дұрыс-бұрысын сараптайды, саралайды.

IV кезең. Мұғалім ұжымды жұмыстың орындалу сапасымен таныстырады. Ұжым тыңдайды, талқылайды, пікірлеседі (дауласады, пікір таласы, келісу-келіспеушілік болды).

V кезең. Бақылау жұмысы. Жұмыс оқушылардың алған білімін,ұғымын тексеру мақсатында жүреді. Бақылаудың турі көп, тиімді дегенін мұғалім таңдап алады. Осы жұмыстардан соң мұгалім бақылау жұмысының қорытындысын хабарлайды. Коррекциялың жумыстар жургізеді. Кемшіліктерді тузету үшін жаңа мақсаттар белгілейді.

Топтың спикері болады, ол "координатор" деп те аталады. Мұғалім оны да дайындайды, координаторлар да ауысып отырады. Координаторлар ен алдымен мүғалімнің де, достарының да көмекшісі кызметін атқарады. Олардың ез кызметін толық түсінуі әрі үжымды жемісті еңбекке жұмылдыруы үшін төмендегідей көмек-нүскау берудің тиімділігі бар.

Көмек-нүскау

тапсырманың максатка жету, жетпеуі, сәтгілігі өзішіін де ұйымдастырушы-лык кабілетіне байланысты.

топтын әр мүшесімен достых карым-катынаста бол. Ескертулерінді байышіен, орныкгы етіп жаса.

әділетті бол, іс-әрекетін кыска, тұжырымды, түсінікті, дәлелді болсьш.

езімпгіл болма. "Менікі" ғана дұрыс деген корытынды жасама. көмекші, акылшы бола біл. Достарыннын жауабьш көніл койьш тында, керекті жерінде гана дікір кос._

Жұп мүшелеріне де осындай нүсқау үсынып, калай жүмыс істеу керектігі туралы бағыт-бағдар беріледі.

Ұжымдық оқытудың бір түрі - топтық жумыс. Дәстүрлі оқытудағы топтык жұмыстар түрақты болып келеді, өздеріне берілген тапсырмаларды топ болып орындайды. Үжымдық оқытуда тұрақты топ болмайды, олар үнемі ауысып отырады. Топтағы оқушылардын әркайсысы баска топқа барып, жүмыстарын ортаға сала алады, үнемі қозғалыс, ауысып отыру бүл оқытудағы топ жүмыстарының өзіндік ерекшелігін даралайды. Топқа окушылар өз еркімен де, мүғалім нұсқауымен де кіре алады. Мүғалім окушылардың қабілеті, іскерлігі, білім дәрежесіне қарай топтастырады. Топтық жүмыстың басты тиімділігі: берілген шектеулі уақытта пікір алмаса алады, ойларын ортаға салып үлгереді. - пікір алмасуға, ортаға салуға, ынтымақтастыкпен бірігіп, жүмыс істеуге, қорытынды жасауға қатыса алады. - зерттеу, іздену іс-әрекетіне икемделеді.

Топтык жүмыста мұғалім тарапынан накты нүсқау беріледі. Топ спикері белгіленеді. Топ жүмысы жемісті болу үшін мүғалім оқушылар арасындағы бірлікке ерекше көңіл бөледі. Сынып неше топка белінсе де, олар бір ғана проблема шешу айналасында ізденеді. Мысалы, "Қараш-караш окиғасындағы етістіктердін орны" деген проблема - барлык топтын шешетін тапсырмасы. Эр топка әңгімені тарау-тарауға бөліп беру-мақсатка жетудің тиімді тәсілі. Эр топ өздеріне үсынған оқиғалардан сын есімді іздейді, мақсатқа жету айналасында енбектенеді. Топтык жұмыстан соң спикерлер өз тобымен микро-сабақтар (шағын сабактар) өтеді. Оған барлық топ катысып, мәселені талқылауға, сұрақ қоюға араласады. Бір-бірінің жүмысын саралау, бағалауда ауысып отыру топ арасында жүріп отырады. Ал топ ішіндегі окушылар ез-өзіне, бір-біріне баға қоя алады, оған еркіндік беріледі. Олардың жұмысына, жауабына, тапсырманы орындауына спикер сараптама жүргізеді, талдау береді. Топ мүшелерін ^ ауыстырып отыру, керегінде оны өзгертпеу тапсырмалар ауқымына, күрделілігі мен жеңіліне байланысты болады. Кейде тапсырма топтағы оқушылар санына карай жеке-жеке бөлініп беріледі.

Әрқайсысы өз жұмыстарын аяқтаған соң, ортаға салады. Жүмысын аяқтаған бала кай топка барып өз нәтижесін ортаға салады, оған еркіндік беріледі. Уакытты үнемдеу, кайталаулар аркылы еске үстау, тынғылыкты білім алу үрдісі жүреді. Ең бастысы, оқушылар ез беттерімен бір нәтижеге кол жеткізеді, барлығы ізденеді, оку еңбегіне бірдей қатысады. (Топтық жұмыстың моделін 2 суреттен көруге болады.)

Жұптық жұмыстардың тағы бір түрі - еркін жауптар арасындағы, яғни өзгеріп, ауысып келіп отыратын жұптар жүмысы, онын технологиясы төмендегідей: тапсырма бәріне ортақ беріледі. Әрқайсысы оны жеке-жеке орындайды да, езі қалаған баламен жүптасып, тапсырмасын ортаға салады. Ары қарай басқа баламен жұптасып, жұмысын жалғастырады. Жұптағы екінші бала да осы тәсілмен бірнеше баламен жұмыс істейді. Эр бала өз жүмыстарын ғана ортаға салмайды, екінші баланын да жүмысын тыңдайды, танысады.

Осы жұптасқан балалар енді баска балалармен де жұптасып жұмыс істейді. Бұл жұмыстың ұтымдылығы: бір баланың жұмысына бірнеше бала шкір айтады, бағалайды, жетістігі, кемшілігі туралы талдау жасайды Қайталап сөйлесу, пікірлесу, ойларын еркін жеткізуге, тілдерін жаттықтыруға, білімін жан-жакты толыктыруға ықпал етеді.

Ұжымдық оқытуға негізделген жұптық жұмыстың бір түрі - вариациялық (ерекше) жуптар жүмысы.Оның технологиясы-топтағы балалардың әрқайсысы берілген тапсырманы жеке-жеке орындайды. Орындап болған соң, оқушылар жеке-жеке өз жүмыстарын кезектесе отырып ортаға салады. Біреуі айтып жатқанда, қалғандары тыңдайды, жазба жүмыс болса, жазғандарын оқиды. Бір-біріне сүрақ қояды, ол сүрақка жауап бере алмаса, топтағы басқа балалар жауап береді. Бұл жұмыс әсіресе оқушының ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілін бірлікте қарастыра отырып тіл дамытуда тиімді болып келеді.

Жұптық жүмыстың бүл түрінде дербестік сакталады. Ең жаксы деген жүмысты топ спикері басқа топқа үсына алады. Ол бала енді өз жұмысын баска топтын ортасына салады. Қорытынды кезенде мұғалім көмегімен 2-3 жұмысты бүкіл ұжым тыңдайды, пікірлеседі, ойларын ортаға салады. Вариациялык жұптар жүмысы көбінде окушылардың өз сезімі, кабыддауы, әсерін тәжірибеде пайдалана білу максатына бағытталады.

Балалардың жеке бас ерекшелігі, ынтасы, окуға деген қарым-қатынасына байланысты ұжымдық окыту технологиясын дамытып, өзгертіп жүргізуге болады. Ұжымдык окыту технологиясы туралы ғалымдар зерттеулері баршылық. Бірақ бірде- бірі оны пәнаралык байланысқа негізделген шығармашылық жүмыстар аркылы тіл дамыту үрдісіне пайдалану жолдарын сез етпейді, теориясын ғана ортаға салады. Оның теориясын меңгере отырып, тәжірибеге пайдаланудын өзіне шығармашылық іскерлік керек.

Қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуда шығармашылық жұмыстар аркылы тіл дамыту үрдісіндегі ұжымдык, окытудың тиімділігін былай саралауға болады:

- топтык, жүптык жұмыстарда балалар үнемі сөйлеу, пікір алмасу, пікірталас қатынасында болады;

- бірінші кезеңде эр бала тапсырманы жеке орындайды;

- екінші кезенде бір-біріне түсіндіреді;

- үшінші кезеңде бірлесе келіп, бір-бірінің жұмысына пікір айтады, түзетеді, ортақ қорытындыға келеді;

-төртінші кезеңде бүкіл үжым болып талқылайды, корытынды жасайды. Қай кезенде болмасын баланың тілі, ойын еркін жеткізу дағдылары дамиды. Ұжымдык окытуда балаға толық еркіндік беріледі, олар өз-өзін және бір-бірін окытады.

Жұмыстың барлык кезені мақсатка жетуде окушылардын ауызекі сөйлеу тілі белсенділікте болады. Бүның өзі үжымдык оқытудағы тілдің орнын ешбір түсініксіз дәлелдейді.

Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылык жүмыстар аркылы тіл дамыту үрдісінде оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдірудін орны ерекше. Инновациялык технология оның жаңа, өнімді технологиясынан ізденуді алдыға алып келді.

Жұптык жұмыстар - окушылардын ауызекі сөйлеу тілдерін дамытудың өнімді жолы. Осы мақсаттағы жұптық жұмыстың бір моделі төмендегідей болып келеді:

Сұрақ-тыңдау-сөйлесу-талдау-келісу, қорытындылау.

Журу әдістемесі:

Мұғалім тапсырма, сұрақ береді, бала онын жауабын жанындағы балаға айтады. Жұп бір-бірімен сөйлеседі, талдайды, бір келісімге келеді, жұмыстарын қорытындылайды. Осы іс-әрекеттен кейін әр жұп өз жұмыстарын ортаға салып, бүкіл үжым болып талқылайды. Тіл дамытудың бл түріндегі сүрақ пен тапсырма іздендіру, зерттеу, проблеманы шешу дәрежесінде болады. Мұғалім оқушын білімін өз беттерімен анализ, синтез, баға деңгейіне көтеру іс-әрекетімен жүмыс істеуге жетелейді. Сұрақ: Мұғалім сұрақ қояды.

Тыңдау. Оқушылар сұрақты тыңдайды, еске ұстайды, ойланады. Сөйлеу: Ары карай жауаптарын бір-біріне айтып сөйлеседі. Талдау: Жауаптарын талдайды, пікірлеседі. Келісу: Дау туғызатын мәселелер айналасында біріге отырып келіседі, корытынды бір пікірге жүгінеді.

Оқушылардын сөйлеу тілдерін дамытуда осы модельдің маңызы зор. Біріншіден, белгілі тәртіп, нақты мақсат, окушыларды жүйелі жұмысқа жұмылдырады.

Екіншіден, әдебиет пен қазақ тілінде беріліп жатқан білімді бірлікте карастыра отырып оқушылардың білімін тереңдетуде, тіл дамытуда өнімді тәсілі болады. Ұжымдық оқытудың, әсіресе окушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамытудағы орны ерекше.

Тіл дамыту үрдісінде окушылардын байланыстыра сейлеуі және ауызекі сөйлеу тілдерінің жетілуіне ерекше көңіл бөлінеді. Күнделікті емірде, қарым-қатынаста адамдар ең алдымен ауызша тілдеседі, сол арқылы бір-бірімен түсініседі. 45 минут сабақта да мұғалім-оқушының оку іс-әрекеттері ауызекі сөйлеу тілімен жүзеге асады. Ауызекі сейлеу тілді дамыту ең алдымен оқушылардын сөздік корын байытудан басталады. Ауызекі сөйлеу тілі тіл байлығымен ғана емес, сөйлеу мәдениетімен де тығыз байланыста болып келеді. Ойды шебер, жатык, жүйелі тілмен жеткізуде дауыс ырғағы әрі сөзді айкын, мәнерлі айта білудін маңызы зор. Тіл дамыту үрдісінде осы мәселелерге айрықша көңіл бөлген жөн. Окушылардын ауызекі сөйлеу тілін дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылык жұмыстардың алатын орны ерекше. Өткен ғасырда өмір сүрген орыстың үлы лингвист ғалымы Ф.И.Буслаев: "... цель обучения должна состоять в усвоении ребенком языковой культуры народа через систему специальных речевых упражнений... все грамматическое учение должна быть основано на чтении писателя", - дейді.. Ғалым енбегінен мына мәселелерді саралап алуға болады:

Біріншіден, тіл мәдениетіне баулу, арнайы жаттығулар арқылы жүзеге асады.

Екіншіден, тілді меңгерту, үйрету әдебиет пәнімен тікелей байланыста жүреді.

Ұжымдық оқыту тәсілінде оқушылар үнемі бір-бірімен ауызша тілдеседі, ауызекі сөйлеу тілінде қарым-катынас жасайды. Мүньщ өзі ешбір дәлелдеусіз оның тіл дамытудағы орнын айқындайды.

Әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. ХХІ ғасырда ғылым алға дамып барады. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде жаңалықтан қалыспауы керек. Технология дегеніміз- өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы. Ал педагогикалық технология- педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, иниструменталдық және әдістемелік құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді.

Әр мұғалім өз жұмысында озат мұғалімдердің тәжірибесінен үлгі алып, зерттеп, педагогикалық жаңалықтарды тиімді пайдалануда. Жаңа педагогикалық технологиялар қазіргі білім беру заңының талаптарына сай оқыту үрдісінің негізгі міндеттерін шешуге, жеке адамды шығармашылық тұрғыдан қалыптастыруға тартады.

Солардың бірі, әрі бірегейі ұжымдық оқыту технологиясы болып табылады. Ұжымдық оқыту технологиясының негізін салған практик- мұғалім А.Г. Ривиннің ізденісінен туған. Енді осыған кеңінен тоқталсақ.



Ұжымдық оқыту технологиясы.

Мақсаты:

Әр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу. Ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Өзін-өзі басқаруға, байқампаздыққа жетелеу.



Жекелей оқыту

Жұптық оқыту

ҰОТ




Ұжымдық оқыту

Топтық оқыту


Ұжымдық оқыту технологиясының ерекшелігі:

Оқушы- оқушы;

Оқушы- оқытушы;

Оқушы- үйретуші- үйренуші міндеттерін атқарады.

Талаптары:

  • әр оқушының еңбегі пайдалы болуы керек.

  • өзінің ғана емес басқаның да еңбңгңне жауапкершілікпен қарау.

  • өзі оқи отырып, өзгені оқыту.

  • Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту.

: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> «Педагогика тарихы» пәнінен дәрістер тезисі №1 Дәріс тақырыбы: Педагогика тарихы пәні мен міндеттері. 2 сағат Дәріс тақырыбының мақсаты
2016 -> "Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" Сайыс тақырыбы: “1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліске 100 жыл”
2016 -> Қазақстан республикасының отбасы-неке қатынастарын реттеу заңЫ
2016 -> А. Байтұрсынов орта мектебі. Пәні: Дүниетану Тақырыбы: Отбасы. Отбасы мүшелері. Мақсаты


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет