ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық



жүктеу 1.93 Mb.
бет9/11
Дата19.06.2016
өлшемі1.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін-өзі бекіту сұрақтары:

  1. Жобалап оқыту технологиясы дегеніміз не?

  2. Модельдің тиімділігі?

13 дәріс тақырыбы Даралап, саралап оқыту технологиясы



Мақсаты: Даралап, саралап оқыту технологиясы жайында түсінік.

Негізгі сұрақтар:

1.Даралап, саралап оқыту технологиясы

2.Деңгейлік тапсырмалардың мәні
Қысқаша мазмұны. 1.Білім берудегі озық ұстанымдарды негізге ала отырып, әр баланың қабілетін , талантын ашу, өзіне деген сенімін арттыру, әдеби білімін сапасын арттырып дамытуда, ауызша, жазбаша тілін жетілдіруде т.б. жеке пәндердің ғылыми - әдістемелік сапасын жүйелеуде деңгейлеп оқыту технологиясының орны айрықша.

Бұл технология бойынша деңгейлік жұмыстарды іске асыру мәселесіне қатысты В.Беспалько, В.Фирсов, В.Монахов, Ж.Қараев, А.Тализин, Л.Заринаның еңбектері жарық көрді. Осы жұмыстардың нәтижесінде деңгейлік оқыту технологиясы оқу жүйесінде пән мұғалімдерінің ізденісімен қолданыла бастады. В.Беспалько оқу материалын меңгертудің төрт деңгейін ұсынады. Бұл республиканың көптеген озат мұғалімдер тәжірибесінде қолданылып, жақсы нәтижелер көрсетуде.

Мұнда, білімнің жүйелі, анық берілуі, деңгейлік тапсырмалардың пән бағдарламасының талабына сай болуы, оқу материалының түсініктілігі, деңгейлік тапсырмалардың сабақ кезеңдерінде оқушының танымдық белсенділігінің артуы, қабылдау деңгейіне т.б. назар аударылады.

Деңгейлік оқыту бойынша әр деңгейдің әдістемелік мақсаты, міндеті көрінеді, оқу материалына қатысты тапсырмалар бір деңгейден екінші деңгейге қарай күрделене түседі. Бір деңгейден екінші деңгейге көшуде, тапсырмаларды орындауда оқушы білімдерін біртіндеп толықтырып, оқуға деген қабілеттерін арттырады. Оқушылардың барлығы міндетті деңгейде 1 деңгейлік тапсырмаларды бір уақытта орынлаулан бастап, өздерінің қабілеті, білім – дәрежесі, таным – түсінігі арқылы алға қарай ұмтылады, өзіне деген сенімі артады.Бұл Қ Р Білім туралы заңының талаптарына сай барлық оқушыларды терең біліммен қамтамасыз етуге бағыттайды.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау жұмысы оқушыны өзіндік ізденуге, ойлау дағдыларын дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттайтын мұғалім мен оқушы арасындағы жұмыстардың бір түрі.

Әдіскр, зерттеуші ғалымдардың еңбектерін саралап, негізгі ала отырып, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптардың қойылуы әдеби материалдарды терең меңгерту барысында әр оқушырың өзіне тән іскерлік – шеберлігін, дарын –қабілетін, белсенділігін анықтауда деңгейлеп оқыту технологиясының ролі ерекше екенін көреміз.

Деңгейлік тапсырмаларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді қолдану мәселесі, республикамыздың озат мұғалімдерінің іс – тәжірибесінде іске асырылуда.

Қазақ – орыс сыныптарына арналған жаңа буын оқулықтарында ( 2000ж.) деңгейлік сұрақ – тапсырмсаларға мән беріліп, көрініс тапты. Мұның өзі оқушының оқу әрекетіне игі ықпалын тигізе отырып, қойылған мақсатқа тиімді жолмен қол жеткізуге , білім мазмұнын сапалы жүзеге асырудағы мұғалім мен оқушы арасындағы сабақтастық, үндесімге саяды.

Деңгейлік сұрақ тапсырмалар арқылы оқытушы өз шәкіртінің нені меңгергенін, жетістік жақтары мен кемшіліктерін агықтайды, осыған қатысты қосымша тапсырмалар дайындайды, сыныптастарынан қалып қоймауды қадағалайды, оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, тақырыпты меңгеруге , ынталандырады.Ең бастысы, білім сапасының дамуына көмектеседі, стандарттық деңгейде білім алуға кепілдік береді.

Деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы мұғалімдер әр оқушының шамасы, мүмкіндігіне қарай, өздігінен жұмыс істеуге ұмтылыс, тудырады, жаңа идеялар қалыптастырады.

Бірінші деңгейде барлық оқушыларға ортақ, міндетті төменгі деңгей болғандықтан, пән бағдарламасы бойынша тиянақты білім беріліп, олар орындаушылық қызмет атқарады.

Мұғалімнің айтқандарын дайын күйінде қабылдап, қайталап жеткізеді. Кейін жоғары сыныптарда есінде тұрақты сақталып, қалатындай, ұмытпай тындай мәтінді түсініп оқуға тырысады, сөздік жұмыстарын жүргізеді. Сипаттау, мінездеме беру, түсіндіру тәсілдерін игереді.

Тапсырмалардың көлемі шағын, мәтін мазмұны жеңіл болғандықтан, сынып оқушыларымен топтық жұмыстар жүргізіледі. Әрбір топ бір – бірінің жауптарын кезекпен тыңдап, дұрыс бағалай білуге үйренеді. Бұл жұмыстардың қай – қайсысы болмасын оқырмандық тәжірибесін кеңейтіп, теориялық білімін, байтудың алғы шарттары жасалады. Алдыңғы сабақта өтілген көркем шығарма мазмұны мен құрылысына байланысты кейбір тақырыптар бойынша пысықтау жұмыстары іске асырылады.

Екінші деңгейлік тапсырмалар аз да болса күрделене түседі. Оқушылар мәтіндерді оқып, түсініп, меңгеру барысында жұмыстың барлық түрлерімен таныс болады. Ойланып, еркін жұмыс істеуге щдағдыланады, шығарма кейіпкерлеріне мінездеме береді, мәтінді бөліктерге бөліп ат қояды, әдеби – теориялық ұғымдарға байланысты талдаулар жасайды. Шығарманың көркем компоненттерінің атқарып тұрған қызметін, суреттеліп, отырған құьыдлыстарға аывторлық көзқарасты айқындай алады.

Үшінші деңгейдегі тапсырмалар өтіп кеткен материалдарды қорытындылап, жүйелей алады. Мәтінге баға беріп, автордың ой – пікіріне өзіндік көзқарасын білдіреді. Оқушылардың логикалық ойлау дәрежелері жоғары болып, белсенділіктері мәтінді талдау барысында байқалады. Ақын – жазушылардың даралық қырларымен олардың шығармаларында көтерген құндылықтарды пайымдауға тырысады. Кейбір проблемалық сұрау – тапсырмаларды шешуге ұмтылып, бірнеше жауптар әзірлейді. Нақты мысалдармен дәлелдейді. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтары артады.

«Менің ойымша», «менің тұжырымым» т.б. сияқты ішкі үн көрініс береді. Талдайды, салыстырады, жинақтайды. Оқушылардың әрқайсысына бірдей қатынас жасалғандықтан, үлгерімі төмен оқушылар да іс - әрекетке тартылады. Өлең сөздің құрылымдық элементтерінің ( өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән – мағынасын, негізгі ұғымдарын түсініп, тәжірибелік қолданыста ажырата біледі.

Төртінші деңгей – шығармашылық деңгей. Мұнда ұсынылатын тапсырмалар қабілеті жоғары, ізденісі мол, дарынды оқушыларға арналады. Олар оқытушының бағыт – бағдарын ұғына отырып, қосымша материалдармен жұмыстар жүргізеді. Өзіндік іс - әрекеттерін жүйелеп, нәтижеге жетуге ұмтылады. Проблемалық сұрақ ситуацияларды шешуде дәлелді ой – пікрлерді сұүрыптап, өзіндік тұжырым жасайды.

Мұғалім тек тақырыпты ғана ұсынып, оларды ізденіске дайындайды. Оқушылар әдебиеттің тектері мен жанрлары, мазмұн мен түр деңгейі , шығарманың идеялық – стильдік бірлігі жайлы қорытынды жасай алады. Автордың бейнелеу, суреттеу әдісін пайымдауда, түсінеді. Зерттеушілік мақсаттағы жұмыстардың тақырыбын белгілеп, жоспар құрады. Тақырыпқа сай рефераттар қорғап, баяндамалар дайындайды. Оқылған шығармалар бойынша проблемалық сипатта пікірнама, шығарма жазуға тырысады. Мұндай оқушылар саны онша көп болмағанымен, көркем әдебиеттің қоғамдық маңызы мен бейнелілік ерекшелігі жайлы түсініктерінің болуы, энциклопедияларды, сөздіктерді, әдебиеттану терминдері сөздіктерін орнымен пайдалана білулері құптарлық жай.

Деңгейлік тапсырмаларды дайындау мұғалім тарапынан көп ізденіс, әдістемелік – шеберлік, іскерлікті қажет етеді. Тапсырмалар балаға шамадан тыс жүктеме беру емес. Мұнда оқушының әрқайсысымен жекелей жұмыс істеу барысында мұғалім олардың сұранысы , талап тілегі, пәнге деген қызығушылығын анықтай отырып, тапсырма дайындау барысында ескеріп негізге алады.

Сондай – ақ оқу үрдісін деңгейлік бағытта жоспарлап, деңгейлік топтарлы бөліп алады, әрбір оқушымен тіл табысып кеңесшіретінде жұмыс түрлерін жүргізеді, олардың өзіндік іздену қабілеттерін арттыратын ұтымды тапсырмалар ұсынады.

Оқушылардың оқыған шығармаларын қаншалықты игергенін, әдебиеттік білімнің қаншалықты тереңдігін анықтау мақсатын көздей отырып, бұл жұмыстар кешенді түрде жүргізіліп отырылады.

Ең бастысы, деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі, түсініктілігі, жүйелілігі, т.б . үнемі ескеріліп отырады.

Оқушының өзіне деген сенімін арттырап отырып, көркем шығармалардың көркем бейне жасаудағы ролін түсіну арқылы, оқушылардың бойына туған жерге , елге, ұлттық тарихи салт – дәстүрге , ана тіліне жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге бағыттайды.

Мемлекеттік білім стандартын басшылыққа ала отырып оқытушы 1 –деңгейде міндетті деңгей білім мазмұны көлемінде жүргізеді, одан төмен оқытуға мұғалімнің құқы жоқ. Әр деңгейлік тапсырмаларды дайындау барысында мұғалім көп ізденеді, тапсырмаларды орындатудың ұтымды түрлерін, тиімді әдістерін жинақтайды. Әр оқушының шешімін, жауабын саралап, қорытынды тұжырым жасап отыру, оқушылардың білімді тұрақты меңгеруге жағымды ықпал жасайды.

Американдық ғалым Джейм У. Боткин «20 ғасырдың аяғында инновациялық әдістеме білім берудің басты бағыты болып саналады», - деген пікірін толық құптауға болады.

Өзін-өзі бекіту сұрақтары:


  1. Даралап, саралап оқытудың тиімділігі неде?

  2. Деңгейлік тапсырмалар қалай бөлінеді?

Дәріс №14 Интеграциялық оқыту технологиясы



Сабақтың мақсаты: Интеграциялық оқыту технологиясы жайлы мәлімет беріп, оның мәні мен мағынасын түсіндіру.

Тірек сөздер: интеграция, көркемдік мәдениет, шығармашылқ белсенділік т.б.

Негізгі сұрақтар:

1.Интеграциялық оқыту технологиясы.

2.Интеграциялық оқытудың ерекшеліктері.
Қысқаша мазмұны:

Интеграциялық сабақтың тиімділігі – оқушының шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал жасайды. Интеграциялық сабақта оқушыға өзі өмір сүріп отырған әлем туралы, құбылыс пен заттардың арасындағы өзара байланыс туралы, көркемдік мәдениет әлемінің сан-салалары туралы кең және нақты түсінік беріледі.

Интеграциялық сабақтың ерекшелігі – үйренуге мүмкіндік туғызады, танымдық көзқарастарын қалыптастырады, құбылысты бірнеше жағынан қарастырады.

Оқушылардың сөйлеу қабілеті жетіледі, ойлауын, салыстыруын, қорытынды жасауын қалыптастырады. Пән туралы танымын тереңдетіп қана қоймай, ой-өрісін кеңейтеді, жеке басының дамуын қалыптастырады. Интеграциялық сабақтар екі немесе бірнеше сабақтар үшін маңызды проблемаларды ашатын сабақ түрінде және пәнаралық байланыс арқылы да жүргізіледі.

Оқытудың тағы бірі-саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты – өздігінен білім алып, дамуға ұмтылатын жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау. Сондықтан оның өзіндік іс-әрекеті белгілі-бір дәрежеде белсенді жүреді. Бұл әдіс білім беру принциптерін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында қабілеті әр түрлі оқушылардың өздігімен дамуына жағдай жасайды. Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясының артықшылығы:

1. тақырып бойынша модуль құру;

2. әр модульдің соңғы сабағында қорытынды, өзіндік жұмыс, бақылау жұмысы және қатемен жұмыс, мұғалім мен оқушының шеберлігін ұштайды.

Сабақтың әр кезеңінде, мұғалім өз іс-тәжірибесінде түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланады.

- оқушының өз білімін өзі бағалауға, күнделікті еңбегінің нәтижесін көруге мүмкіндігі бар;

- оқушы өзінің мүмкіндігі мен қабілеттеріне қарай жұмыс істей алады;

- дарынды оқушылар стандартпен бекітілген міндетті деңгейді меңгеріп қана қоймай, одан әрі қабілеттеріне қарай деңгейлік тапсырмалар орындайды.

І деңгей- тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білу.

ІІ деңгей – тақырып бойынша ақпаратты талдай білу керек.

ІІІ деңгей – сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі керек.



Өзін-өзі бекіту сұрақтары:

  1. Интеграциялық оқыту дегеніміз не?

  2. Оқытудағы әдістемелік тәжірибелер?


Дәріс №15 Озық әдістемелік әдіс-тәсілдерін пайдалан отырып оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу.

Сабақтың мақсаты: Мектептегі әдебиетті оқытудағы жетекші принцип пен қолданылатын негізгі әдіс- амалдар. Өскелең өміріміздегі өрелі өзгерсітер оқыту ісін жетілдіруді, оқу- тәрбие жұмысының негізі түрі- сабақ тимділігін арттыруды, оның сапасын жақсартуды мақсат етіп қою.

Тірек сөздер: эвристикалық оқу әдісі, зерттеу әдісі, репродуктивті әдіс
Негізгі сұрақтар:

  1. Шығармашылық, эвристикалық оқу әдісі.

  2. Зерттеу, репродуктивті әдіс.

Қысқашы мазмұны: Педагогика ғылымы мектепте оқылатын оқу пәндерін оқыту теориясын, онда сақталатын басты принциптерді, қолданылатын негізгі және көмекші әдіс- амалдарды жалпы түрде баяндайды. Онда жеке пәндерді оқытудың теориясына байланысты теориялық мәселелер, ереже- қағидалар мен анықтамалар әңгімеленбейді. Өйткені бұл мәселелерді баяндау педагогоиканың міндетіне кірмейді және мүмкін де емес. Себебі әрбір оқу пәннің өзгеде жоқ өзіне тән өзгеше сыры бар. Сондықтан әрбір пәнде табиғи ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың принциптері мен әдіс - амалдарын теориялық тұрғыдан баяндау - жеке пәндері оқыту методикасының үлесіне тиеді. Осындай пәндердің қатарына әдебиетті оқыту методикасы да жатады.

Өскелең өміріміздегі релі өзгерсітер оқыту ісін жетілдіруді, оқу- тәрбие жұмысының негізгі түрі - сабақ тиімділігін арттыруды, оның сапасын жақсартуды мақсат етіп қойып отыр. Бұл – білім жүйесіндегі кез келген буынға, барлық пәнге қатысты мәселе. Мұндайда белгілі бір дидактикалық, әдіскер ғалымдардың жүйелі ұсыныс кеңестері оқыту ісін жүргізуде мұғалімге көп көмеген тигізетіні анық.

Оқыту теориясы мен әдістемесіндегі қол жеткен жетістіктерді кез келген пәнді оқыту жүйесіне механикалық түде өзеріссіз пайдалана салуға болмайды. Өйткені, әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктеріне қарай оқытылу әдістері, тәсілдері, әдістемелік амалдары болады.

Оқыту әдістері дегеніміз- мұғалім мен шәкірттің бірлесе жұмыс жүогізу амалдары. Онда оқушыға білім беріледі, білік меңгертіледі, дағды дарытылады. Сол арқылы оның көзқарасы қалыптасады, ынта- қабілеті дамиды.

Оқытудың әдістер жекелеген тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Ал оқыту тәсілі әдістің бөлшегі, құрамдас бөлімі,тегершік тетігі сипатты. Біздің еліміздің әдістеме ғылымында да, жалпы мекетеп тәжірибесінде де оқыту әдістері, тәсілдері, амалдары әлі жүйеленбей, сараланбай келеді. Ал аталған дидактикалық мәселелерге сабақ сапасын арттыруға, оқыту тиімділігін көтеруге қызмет ететіне дау жоқ.

Қазіргі орта мектеп тәжірибесінде әдебиетті оқытудың мынадай дәстүрлі әдістері қолданылады:


  1. Шығармашылық оқу әдісі

  2. Эвристикалық әдіс

  3. Зерттеу әдісі

  4. Репродуктивті әдіс

Ендігі жерде аталған әдістерге тоқталайық.

Шығармашылық оқу әдісі шәкірттердің оқырмандық қабілетін тәрбиелеу мақсатында көркем шығарманы оқып- үйренудің алғашқы кезеңіндеде, соңғы кезеңінде де қолданылуы мүмкін. Мұнда төмендегідей әдістемелік тәсілдер пайдаланылады:

  • Мұғалімнің мәнерлеп оқуы;

  • Көркемсөз шеберлерінің мәнерлеп оқуы;

  • Артистердің орындалуындағы жеке сахналық көріністер, бөлімдер;

  • Оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету;

  • Көркем мәтінді ұстаздың комментарий түсінік бере оқуы;

  • Әңгіме жүргізу;

  • Шығармашылық тапсырма беру:

-жаттау,

-жоспар құру,

- эпизодтарға тақырып қою,

- мәтінге жақын баяндау,

- көркем баяндау,

- сценарий құру,

- пікір жазу,

- шығарама жазу.

Эвристикалық ( ішнара ізденіс) әдісі – мұнда да негізгі оқу материалы көркем шығарама. Оны талдау арқылы көркем- эстетикалық рухани адамгершілік, қоғамдық – философиялық мәселелердіңмәнін ашу көзделеді. Бұл әдіс көбіне эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұны кейде эвристикалық әңгімеден соң ұстаздық сұрау тапсырмалары бойынша шәкірттердің өздері орындалуы да мүмкін. Бұл әдіс мынадай әдістемелік тәсілдер арқылы іске асырылады:


  • Логикалық сұрақтар жүйесі

  • Тапсырмалыр жүйесі

  • Мұғалімнің өзінің немесе мұғалім ұсынысымен шәкірттің проблема қоюы, пікір сайыс ұйымдастыру.

Эвристикалық немесе ішнара ізденіс әдісі оқушыларға көркем шығарма талдауда, әдеби- теориялық ұғымдарды меңгеруде, әдеби тарихи үрдістердің заңдылықтарын өз бетінше ізденуіне, сыни тұрғыда ойлануына көмектеседі.

Зерттеу әдісі- мұндағы негізігі мақсат оқу материалдарының бұрынғы сабақтарда қамтылмаған жаңа қырларын, тың астарын ашу. Бұл әдіс ұстаздың шәкірттерге зерттеу тұрғысындағы проблемалық тапсырмалар беруі арқылы орындалады. Эвристикалық әдіс бойынша жекеленген тапысырмалар берілсе, зерттеу әдісі оқушылардың өздігінен анағұрлым күрделі мәселелерді шешуіне бағытталған. Бұл, әсіресе семинар, конференция сабақтарында баяндама, реферат жаздыруға ыңғайлы.



Репродуктивті әдіс- бұл әдісте оқытушы белгілі бір оқу материалын проблеме қоя отырып баяндайды, әрі оған өзі жауап береді, тақырыптың мәнін түсіндіреді. Содан соң шәкірттерден дәл осы ізбен қайталап, басқа оқу материалын түсіндіруді талап етеді. Бұл репродукция, яғни қайталау көшірме жасау әдісі болып есептеледі.

Репродуктивті әдісте қолданылатын тәсілдер:



  • әңгіме ( жазушының өмірі мен шығармашылығы жөнінде оқытушы әңгімесі)

  • шолу лекция ( оқу құралдары, техникалық көрнекі құралдарды пайдалана отырып)

  • тапсырма беру( оқулық, оқу құралдары бойынща)

  • сұрақтарға жауап беру( оқу материалын арқау ете отырып)

Мектеп пәнді оқытуда жоғарыда айтылған әдіс- амалдардың қай- қайсысы да көбінесе дара күйінде қолданылмайды. Олар сабақтың тақырыбы мен мақсатына, өтілетін оқу материалының өзгешелігіне байланысты араласып, тоғысып келіп отырады. Бұлардың қайсысын қашан, қайда және қалай қолдану-мұғалімінің билігіне беріледі.

Өзін-өзі бекіту сұрақтары:

1Шығармашылық әдістің негізгі ерекшеліктерін атаңдар?

2.Эвристикалық әдісті пайдалана отырып сабақ жоспарын құрыңдар?

3.Оқыту әдістері дегеніміз не?




ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» пӘнінiң тәжірибелік сабақтарының әдістемелік нұсқаулығы

Семей, 2015


«Қазақ әдебиетін жаңа инновациялық технологиялар арқылы оқыту әдістемесі» пәнінiң тәжірибелік сабақтарының әдістемелік нұсқаулығы. 5В050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» 3 курс студенттеріне арналған

Құрастырған –п.ғ.к., Ақманова Ғ.Р. филология кафедрасы.



Семинар сабақтар:

1.Тәжірибелік сабақ:. Озық технологиялық әдістемесі, жүйесі, пәні

Сабақтың мақсаты: Қазақ тілі пәнін озық технологиямен оқытудың жолдары мен тиімділігі.

Сабақ жоспары:

1. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясын жүзеге асырудағы оқытушы әрекеті, оның рөлі

2.Оқыту технологияларының құрылымы: тұғырнамалық негізі.

Әдістемелік нұсқаулар: Қазақ тілі пәнін озық технологиямен оқытудың жолдары мен тиімділігі туралы хабарлама жасау.

Есеп беру түрі: жазбаша.
2.Тәжірибелік сабақ: Қазіргі сабақ және технология талаптары

Сабақтың мақсаты: Оқытушының кәсіби құзіреттілігінің жаңаша қыры. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы, оның дидактикалық құрылымының негізгі сатылары.

Сабақ жоспары:

1.Қазақ тілінен жаңа білім беру сабағының әдістемелік жүйесі.

2. Қазіргі сабаққа қойылатын басты технология талаптары.

Әдістемелік нұсқаулар: Жаңа технология элементтерін қолданып сабақ жоспарын жасау.

Есеп беру түрі:жазбаша
3.Тәжірибелік сабақ: Технология талаптары және білім беру үрдісі. Оқыту технологиялары.

Сабақтың мақсаты: Оқытудың жаңа технологиялары бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулермен танысу.

Сабақ жоспары:

1.Оқытудың жаңа технологияларының қалыптасу және даму жолына қысқаша шолу

2. Қазіргі оқытудың жаңа технологияларының классификациясы (қолданыс деңгейі.

Әдістемелік нұсқаулар: Еліміздегі жаңашыл оқытушылардың технологиялары (Қ.Нұрғалиев, Қ.Айтқалиев, А.Ысқақов, Г.Айдаралиева, Қ.Бітібаева т.б.). Шығармашылық әрекет – жаңашыл оқытушылардың кәсіби шеберлігіне тоқталу, еңбектерімен танысу.

Есеп беру түрі: жазбаша
5.Тәжірибелік сабақ: Дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың мақсаты: Баланың даму процесіне әсер ететін: биологиялық, әлеуметтік, өз белсенділігі факторлары мен мақсатты айырмашылықтар; дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер. Фразеологияны меңгерту барысында ұлтгық дүниетаным ерскшеліктерін таныту.

Сабақ жоспары:

1. Дамыта оқыту технологиясы бойынша оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер.

2.. Дамыта оқыту технологиясындағы әдіс-тәсілдердегі өзгешеліктер, оқытуды өзгеше ұйымдастыру.

Әдістемелік нұсқау: Дамыта оқыту технологиясындағы мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері, мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынастарды саралап көрсету. Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы. 2000 жылғы еңбегін пайдалануды ұсынамын.

Есеп беру түрі: жазбаша
6.Тәжірибелік сабақ: Проблемалық оқыту технологиясы

Сабақтың мақсаты: Проблемалық оқытудағы проблемалық ситуацияны шешуге оқушыларды жұмылдыру, көмек беру жолдары.ең бастысы, оны ұсынудың маңызын айқындайды.

Сабақ жоспары:

1. Проблеманы таба білу, проблемалық сұрақтар.

2. Бейтаныс проблема, оқушылардың оны салыстыру, дәлелдеу шешу үшін болжамдар жасай отырып еңбектенуін ұйымдастыру.

Әдістемелік нұсқау: Проблемалық оқытуды зерттеуші ғалымдар мен жаңашыл ұстаздар: М.И.Махмутов, Н.Н.Скаткин, В.Оконь, Т.Ақшолақов, Қ.Тасболатов, Ә.Дайырова сынды ғалымдар мен қоса белгілі ұстаз Қ.Бітібаева еңбектерімен танысу, тәжірибеде қолдану.

Есеп беру түрі: жазбаша
7.Тәжірибелік сабақ: Модульдік жүйемен оқыту технологиясы.

Сабақтың мақсаты: Модульдік жүйемен оқыту технологиясы мұғалім мен оқушының өзара бірлігі, оқу мен оқытуда бір – біріне үнемі ықпалдығы.

Сабақ жоспары:

1.Модульдік жүйемен оқыту технологиясы өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту жұмыстары.

2. Модульдік технология оқу пәнін ірі тарауларға (модуль) бөлінуін қарастыру.



Әдістемелік нұсқаулар: Қазақ тілінің фонетика саласын модульға бөліп оқыту технологиясы. М.Жанпейісова Модульдік технологияны қолдану оқушыны дамыту ретінде. 2003 жылғы еңбегімен танысып, басшылыққа алу.

Есеп беру түрі: жазбаша
8.Тәжірибелік сабақ: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сабақтың мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының басты кезеңдерңне сипаттама, оларды сабақ барысында қолданудың жолдары.

Сабақ жоспары:

1. Қызығушылықты ояту кезеңі ерекшелігі.

2. Мағынаны тану кезеңі сабақта қолдану жолдары.

3. Ой толғаныс кезеңінің ерекшелігі.



Әдістемелік нұсқау: Қызығушылықты ояту («топтау», «түртіп алу», «ойлану», «жұпта талқылау», «болжау», «әлемді шарлау» т.б.); мағынаны тану - INSEPT (V – «білемін», ─ - «білмеймін», + - «мен үшін жаңа ақпарат...», ? – «мені таңқалдырады» белгілері арқылы оқыту; ой толғаныс («Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» стратегиялары) кезеңдерінің маңыздылығын қарастыру.

Есеп беру түрі: жазбаша
9.Тәжірибелік сабақ: Ұжымдық оқыту технологиясы .

Сабақтың мақсаты: Ұжымдық оқыту технологиясының жалпы білім берудегі және практикалық маңызы.

Сабақ жоспары:

1. Ұжымдық оқыту технологиясының тиімді жолдары.

2.Басқа технология түрлерінен өзіндік ерекшеліктері.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет