Оқу-әдістемелік материал Кіші мектеп жасындағы тіл дамыту әдістемесі


Студенттердің білімін бақылау сұрақтары



жүктеу 0.8 Mb.
бет2/5
Дата19.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3   4   5

Студенттердің білімін бақылау сұрақтары


1. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен

міндеттерін айқындау.

2. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің заңдылықтары мен

методикалық принциптеріне тоқтау.,

3. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің әдіс-тәсілдерін меңгерту.

4. Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу

5. Фонетиканы оқыту. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу,

жаттығулар топтамасын жасату.

6. Орфография мен орфоэпияны оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.

7. Сөздің грамматикалық дағдыларын ескере отырып, бала тіліндегі сөздердің

морфологиялық, синтаксистік құрылысын қалыптастыру

8. Бес жастағы балалардың сөз қолдануындағы ерекшеліктеріне мән бере отырып,

сөйлеу тілін байыту мақсатында сөздікпен жұмыс түрлерін жүргізу.

9. Баланың тілі мен ойын дамыту кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдарды

тиімді пайдалануға үйрету.

10. Жазба жұмыс түрлері және оны жүргізу әдістемесі.

11. Бес жастағы балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының түрлері

12. Бес жастағы бвалалардың өздігінен орындайтын жұмыстары

13. Бес жастағы балаларға қазақ тілі грамматикасын оқыту жолдары

14.Грамматиканы үйретуде қолданылатын дидактикалық материалдарды даярлауға

үйрету.


15. Грамматикалық жаттығулар топтамасын әзірлету.

16. Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері, принциптері

17. Грамматика сабақтарының түрлері

18. Байланыстырып сөйлеу әдістемесі. Оқылған мәтінді әңгімелеу және оны талдау

жолдары

19. Тіл дамыту жұмыстары. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптары.



20. Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі лексикалық, синтакс., стилистикалық

Жаттығулардың маңызы

21. Бес жастағы балалардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру және баланың

Бақылауда қолданатын әдіс-тәсілдері. білімін

22. Бес жастағы балалардың тіл дамыту жұмыстарын басқа пәндермен сабақтастыра жүргізу

жолдары.


23. Бес жастағы балаларға грамматиканы үйретуде қолданылатын дидактикалық

ойындардың түрлері Мәтінмен жұмыс./ шығарманы оқып, тыңдату; оқылған шығарма

бойынша әңгімелесу; өздеріне әңгімелету; мәтінді талдату/

24. Суретпен жүргізілетін жұмыс түрлері.

25. Сөздікпен жұмыс түрлері. Берілген тақырыпқа өз бетімен әңгіме құрап айтуға үйрету

жолдары.


26. Бес жастағы балаларға жүргізілетін ауызша және жазбаша

тіл дамыту жұмыстары.

27. Бес жастағы балаларды сауатты сөйлеуге үйрету жолдары. Қатені болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстар.











































































  • Оқу үрдісінің кестесі және қашықтықтан кеңес беру

    Курс

    Семестр

    Кредит

    Дәріс саны

    Тәжірибелік

    СОБӨЖ

    СӨЖ

    Барлығы

    Бақылау формасы

    2

    4

    1

    -

    6

    4

    10

    20

    Бақылау жұмысы

    E-mail: Suleimenova.r@mail.ru



    Кеңес беру уақыты: 0 .0 . 13- 0 .0 .13 ж сағат 14:00 СМПИ №3 оқу корпусы

    Бақылау жұмысын қабылдау уақыты: 0 . 0 .13 ж


    1. ГЛОСАРИЙ

    Әдіс – құбылыстарды танып білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.

    Әрекет – іс-қимыл, құрал. Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады.

    Бейін алды даярлық – білім алушылардың жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау.

    Бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау мен даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.

    Білімдену – оқу барысында шәкірт игерген білім, ептілік, дағды және ойлау тәсілдері жүйесі.

    Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.

    Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

    Даму – адам ағзасында жүріп отырған

    Дедукция – ойлаудың бүтіннен бөлшекке, жалпыдан жалқыға көшу жолы.

    Дидактика – педагогикалық ғылымның оқыту әдістерін баяндайтын бөлімі.

    Дүниетанудүниенің даму заңдылығын білу қабілеті, жалпы ой-өріс.

    Индукция – жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге қарай ой қорыту тәсілі.

    Индивид – жеке адам, тек өкілі.

    Инновация /латын/ – білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс – тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасау және оларды қолдану.

    Интерактивтік – интеракция деген ұғымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек өтуі.

    Кешенді тестілеу – ақпараттық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны.

    Кредиттік оқыту технологиясы – білім алушылардың және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.

    Концепция /тұжырымдама/– қайсыбір құбылысты түсінудің, түсіндірудің тәсілі, оның мәнін ашу үшін қолданылатын басты идеялар, жетекші ойлар.

    Қашықтықтан білім беру технологиясы – білім алушылардың және педагог қызметкердің жанама /алыстан/ немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. Қалыптасу – барша жағдаят (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және т.б.) ықпалдары негізінде адамның әлеуметтік өмір өкілі ретінде бой тіктеуі. Тәрбие – тұлға қалыптастырушы жағдаяттар арасында аса маңыздысы.

    Метод – бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы. Метод грек. «зерттеу жолы» деген мағынаны береді.

    Модуль – сызба-жоспар, кесте түрлерінде баяндау үшін құрылған шартты бейне.

    Модель – үлгі (эталон, стандарт).

    Мотив – ынта-ықыластың аууы.

    Мониторинг – күнделікті бақылау, бағалау және болжау; білім беру үрдісінің барысын, нәтижелерін және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу.

    Нысан – субъектің, яғни адамның таным мен іс-әрекет аймағы.

    Объект – адамның, іс иесінің таным әрекетінің бағыты, әрекет құбылысы, зерттеу нысаны.

    Өлшем – бір нәрсені бағалауда, анықтауда немесе жіктеуде негізге алынатын белгілер, бағалау өлшеуіштері. Бағдарламаларын мәлімделген мәртебесіне сәйкес сапалы ұсыну жөніндегі қызметін бағалау.

    Педагогикалық әдіснама – педагогикалық білім және оны меңгеру үрдісі туралы ілім. Олар: бастапқы, өзекті, іргелі, философиялық теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар сияқты әдіснамалық мәні бар ілімдер.

    Парадигма – ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымда қабылданған теориялық және әдіснамалық қағидалар жиынтығы, олар ғылыми таным барысында пайда болатын болжамдар мен мәселелерді шешуші ғылым тұрғысында түйсіну үшін үлгі, нұсқа, стандарт ретінде қолданылады.

    Педагогика пәні – тұлға тәрбиесі, оқуы, білімденуі, дамуы, қалыптасуы.

    Педагогикалық үдеріс – оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет, ілгері қозғалыс.

    Субъект – сыртқы ортаны нысанды танып білетін және өзінің мүдделеріне бағындыру мақсатында ықпал жасаушы. Оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

    Технология – қандай да қызмет, іс-әрекеттерді (үдерістерді) жүзеге келтірудің жолдары мен шаралары (средства) жөніндегі білімдер жиынтығы.

    Түйін – сөз мәнінің қысқа баянды, сөздің қорытынды түйіні, міндеттердің, әрекет аясының, өкілеттік қызметтің ықшам айтылуы.

    Экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі.

    Эксперименттік алаң – жаңа педагогтік технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын мақұлдаудан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.

    Элиталық білім – дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша алынатын білім.



    1. ДӘРІСТЕР

    Дәріс№1. Тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ғылыми негіздері. Мақсаты мен міндеттері.

    Дәрістің жоспары:

    1.Тіл дамыту әдістемесі пәні туралы түсінік беру.

    2.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ғылыми негіздері.

    3.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері.



    Дәрістің мақсаты: Тіл дамыту әдістемесі жайында түбегейлі білім беру;

    Тілдің грамматикалық құрылымы тұтас жүйе екендігін таныту;

    Осы пәнмен байланысты пәндер: қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерінен мектептерде, жоғары оқу орындарында алынған білім осы курсты дұрыс меңгеруге септігін тигізеді. Бұл курстан алынған білім қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін өткенде және жоғарыдағы пәндердің тәжірибелік бөлімдерінде қажет болады.

    Мазмұны:

    «Тіл дамыту әдістемесі» пәні – ғылыми теориялық білім беруді мақсат ете отырып оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды.

    Ана тілін ұғыну заңдылықтары тіл табиғатының өзінен және оны ұғыну психологиясынан шығады. Бұған білім беру жолдары мен құралдары да жағдай жасайды.

    1.Білім беру құралдары мен жолдарына:

    2.Мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал:

    3.Оқу жұмысын ұйымдастыру;

    Оны үйретудің әдістері жатады.

    Тіл дамыту әдістемесі пәнінің міндеті – студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру. Болашақ тәрбиеші- мұғалімдерге бес жастағы балаларды грамматикаға үйрету жолдарын яғни балалардың (дыбысты) фонематикалық естуі мен қабылдауын қалыптастыру; балалардың ой – өрісін кеңейту өшін сөздердің мағыналарын салыстыру; бір сөздің әр түрлі мағынада айтылуын түсіндіру; балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу; балалардың сөздік қорын молайту, т.б. меңгерту.мектепке дейінгі балаларды ана тілінің жоғарғы сөйлеу мәдениетін игеруге (орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, нормаларын) тәрбиелеу. Сөздік қорын арнайы сөздіктер арқылы молайту жолдарын меңгерту және арнайы жаттығулар жүргізу барысында істелетін жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруға үйрету. Жаңа сөз үйрету, сөз тудыру мен сөз тұрлендіру процесінде грамматикалық қателіктерді тұзеп грамматикалық мағыналарын түсіндіру. Мектепке дейінгі балаларды таза, дұрыс сөйлеуге үйрету,сөздегі дыбыстарды толық, анық айту, сөз интонациясының жекелеген элементтерін (дауыстың күштілігі, тоны жоғарылығы, қарқыны, ырғағы, тембрін) қалыптастыру. Студенттерге төрт-бес жастағы балалардың дыбыстық құрамды меңгеруге қажетті дағдыларын қалыптастыруын қадағалауды т.б. үйрету.

    Пәннің негізгі міндеті:



    • Тіл дамыту әдістемесі жайында түбегейлі білім беру;

    • Тілдің грамматикалық құрылымы тұтас жүйе екендігін таныту;

    • Пән бойынша тапсырмалар орындау және тапсыру кестелеріндегі белгіленген кестелеріндегі белгіленген мерзімде өткізу.

    Пәннің мазмұны:

    Студент курс аяқталған соң бес жастағы балаларды грамматикаға үйрету әдістемесі жайында түбегейлі біліммен қарулануы қажет.

    Осы пәнді игеру үшін аудиториялық сабақтарға толық қатысуы, берілетін білімді, ақпаратты меңгеруі, байқау, салыстыру, ойлау процестерін жүзеге асыруы,ОБСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын мұқият орындап, теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуі қажет.

    Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

    1.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің маңызы неде?

    2. Тіл дамыту әдістемесін түсіндір

    3. Ана тілін ұғыну заңдылықтарының білім беру жолдары мен құралдары



    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Инновационные подходы в практике работы дошкольных учреждений-

    Семипалатинск, 2006

    2 . Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

    3. Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту

    мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

    4. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997

    5.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992

    6. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002

    7. Қ. Қасабекова. Сауат ашу сабағының үлгі жоспарлары.-А., 1984

    8. Қ.Т. Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы: Ана тілі, 1985

    9. Ф.Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселері-Алматы: Мектеп, 1959

    10. С. Қалиев, Б. Баймұратова. Өзіміз оқып үйренеміз. А. 1991

    11. Қ.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. А., 2004

    12. Ф. Жұмабекова, А. Салиева. Мектепке дейінгі педагогика пәнін кредиттік жүйе талаптарына сай оқытудың ерекшеліктері-« Ұлт тағылымы» журналы №2/2006, 59-б

    Дәріс№2. Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары мен принциптері.

    Дәрістің жоспары:

    1.Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары.

    2.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанамдары.

    Мақсаты: Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанамдары мен заңдылықтарын таныстыру.

    Мазмұны:

    Мектепалды тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи үдерістердің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі.

    Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады.



    Бірінші заңдылық

    Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді,. Балалар тілдің фонологиялық мағынынасын, әдеби тілдің орфоэпиясын мектепке дейін меңгереді. Ана тілінің грамматикалық мағынасымен де балалар мектепке дейін танысады. Тілді ұғыну дегеніміз – ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілерімен балалардың тіл байлығын арттыру.

    Әдістемелік принцип төмендегі әдістемелік ережелерді ақтауды талап етеді.



    1. Балаларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру;

    2. Грамматикаға үйрету барысында логикаға үйрету;

    3. Қазақ тілін басқа пәндермен байланыстыру;

    Екінші заңдылық

    Тілді ұғыну үшін орасан зор сезімталдық керек. Мұндай қасиет балада тіпті сәби кезінен болатынын зерттеушілер айтып жүр. Бұл принцип төмендегі ережелерді сақтауды талап етеді.

    1. Балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру.

    2. Балалар өздеріне таныс грамматикалық көріністерді белгісіз көріністермен салыстыра алатындай материалдар іріктеу.

    3. Тілдік фактілерді жинақтауға негізделген әдістерді кеңінен пайдалану.

    Үшінші заңдылық

    Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар сөйлеу мәнері сезімге бөлене сөйлеуді меңгереді. Мұндағы әдістемелік принцип: сөйлеу мәнеріне назар аудару.

    Төртіші заңдылық

    Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеудің таңбалау жүйесіне аудару ретінде ұғынылады. Ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы мыныдай әдістемелік принципке негізделеді:

    1. Ауызекі сөздегі дыбыстармен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру;

    2. Дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру;

    3. Ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру.

    Бесінші заңдылық

    Фонетикалық грамматикалық және лексикалық мағыналардың барлығы және тиісті жазбаша таңңбалар ұғыну барысында меңгеріледі.

    Бұл принципті іске асыру ережесі мынадай:



    1. Көрнекілікті пайдалану;

    2. Есту құралдарын пайдалану;

    3. Оқу құралдары, көркем мәтіндер, газеттер, журналдар;

    4. Балалардың басқа пәндерді өту барысындағы сөйлеу практикасы пайдаланылады.

    Бала әуелі көру не есту арқылы қабылдайды, ал оның мәнін сонан соң ғана аңғарады.

    Алтыншы заңдылық

    Тілге үйрену сөйлеу органдарының, жазатын қолдың жаттығулары, қимыл қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы іске асады. Мұғалімнің айтқанын естіп қана тіл үйренуге болмайды. Әрбір оқушы өзі оқып жазып сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерді сан салаға өзгертіп, өзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді.


    Жетінші заңдылық

    Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы ғана дамиды, ал екінші тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым ұғынады. Сондықтан балалар үйренгендерін ұмытып қалмау үшін тілдік материалдарды көбірек беріп, сөйлегенде қолданып отыруына жағдай жасалады. Мұнда қайталаудың алатын орны ерекше және бала есінде саналы түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану қажет:

    Салыстыру, анализ, синтез, жалпылау, нақтылау, дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алатындай болуы тиіс.



    Сөйтіп, ана тілін меңгеру заңдылықтары оны мектепалды оқытудың негізі болып табылады:ол әдітемелік принцрптер осы заңдылықтардан туындайды.



    Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

    1 Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылықтары.

    2. Ана тілін меңгеру заңдылықтарын оқытудың маңыздылығы.

    3. Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанымдары.



    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

    2. Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту

    мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

    3. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997

    4.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992

    5. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002
    Дәріс №3.Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйретуде қолданылатын әдіс- тәсілдер

    Дәріс жоспары:

    1.Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйретуде қолданылатын әдіс- тәсілдер:

    2.Әңгімеде қолданылатын әдіс- тәсілдер:

    Мақсаты:Тіл дамыту әдістемесі пәнінде қолданылатын әдіс- тәсілдермен таныстыру.

    Мазмұны:

    Әңгіме әдісі немесе сұрақ- жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталады. Тәрбиеші сұрақ қояды, балалар өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа адаруды қамтамасыз етеді. Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде балалардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны балалар өздері шешуге тиіс. Мысалы,оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, cоның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы қайда сұрағына жауап беретін әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді, мәселен, қалада, далада, мектепте, балабақшада т.б.) жауап беретін бірнеше сөздерді табулары керек.

    Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға балалардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Тәрбиеші бірде тіл құбылыстарын жеке жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады. Ал, екінші жағдайда анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң нақты материалға қолдануды ұсынады, өздеріне мысал келтіреді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады.

    Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асады.мұндай жолмен құралдар: оқулық, сөздік схема, картина, таблица, кинофильм,диафильм, радио, магнитафон, т.б. бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай кез келген әдісте қолданыла береді.

    Адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі есті, еңбексүйгіш, қайырымды, бала тәрбиелеу. Ол тіл арқылыджүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кенейте түсу үшін өлең,ертегі, әңгіме, мақал мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, әдеби шығармалардан үзінділер оқытып, таныстырудың маңызы зор.сол арқылы олардың ойлау қабілеттері артып, көргендерінен ой түйіп, қорытынды жасауға үйренеді.

    Баланың алғашқы ұстазы ата анасы, тетелес ағаларымен апайлары, тәрбиеші ұстаздары. Олармен күнбе күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн сайын жетілет береді. Баланың тілі бай болса, ойы да жақсы дамиды. Мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез үзінділер оқып үйрену, үйренгендерін өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорын молайтады. Оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіруге жаттықтырады.

    Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті іс тәжірибесін білімін, біліктілігін, әдетінң тәртібін, әлеуметтік өмір тәжірибесін қалыптастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз жоспары бар екені мәлім.

    Сондай пәндердің бірі бес жастағы балаларды грамматикаға үйрету. Жеткіншек ұрпақтың жан жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеттерін ашып, білімі мен біліктілігін күшейте отырып, өзара қарым қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту ьолып табылады.



    : ebook -> umkd
    umkd -> 5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
    umkd -> «Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»
    umkd -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
    umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> ОҚУ-Әдістемелік кешені (Барлық мамандықтарға арналған)
    umkd -> Тарих кафедрасы
    umkd -> «Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»
    umkd -> Ағылшын тілі пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған
    umkd -> ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


  • 1   2   3   4   5


    ©tilimen.org 2017
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет