Оқу-әдістемелік материал Кіші мектеп жасындағы тіл дамыту әдістемесі



жүктеу 0.8 Mb.
бет3/5
Дата19.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3   4   5

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1 Мектепке дейінгі балаларды грамматикаға үйрету тәсілдері.

2 Баланың алғашқы ұстазы

3 Мектепке дейінгі балаларды грамматикаға үйретуде қолданылатын әдіс тәсілдер



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ. Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3. С. Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997

4.Ғ. Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992

5. З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002



Дәріс№4.Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.

Дәріс жоспары:

1.Дұрыс дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры туралы.

Мақсаты:Дұрыс дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.

Мазмұны:

Мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың пікірлерінше, олардың сөздік қоры мына түрде: екі жастағы балалардың сөздік қоры-500 сөзден астам, үш жастағы балалардың сөздік қоры шамамен-1200 , төрт жастағылардың сөздік қоры-1900 , алты- жеті жастағылардың сөздік қоры 2500-3500 сөз мөлшерінде болады екен.

Ұзақ жылдар арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері балалардың сөз меңгеруі отбасында, балабақшада жүргізілетін тәрбие жұмыстарына, ата аналар мен тәрбиеші педагогтардың бұл аса маңызды мәселеге көңіл бөліп, баланың сөйлеу тілін дамыту, айналадағы өмір құбылысын ұғындыру, олармен сөйлесе отырып, пікірлесе білуге жетелеу, бала қызыққан сұрақтарға дұрыс жауап беріп отыру жұмыстарына байланысты екенін көрсету. Ал, тәрбиеші басшылыққа алатын білім мазмұны бағдарламада нақты көрсетілген. Сондықтен жас ерекшеліктеріне қарай жұпталғае әр топта өтілген сабақтардыцң алдына қоятын мақсатын, бағдарламалық білім мазмұнын тәрбиеші жете білуге тиіс. Бұл жөнінде бағдарламада: тілді барлық жағынан дамыту керек: сөздің ана тілі нормасына сәйкес айтылуын, бағдарламаға сай болуын, бейнелілігін қамтамасыз етуі керек делінген.

Тәрбиеші балалардың жан жақты дамуы үшін барлық қажетті бағдарламаларды шараларды пайдаланып, балабақшаның қызметін балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының орындалуына бағыттап, білім беру сапасын арттыруға міндетті.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын байыту, дүниетанымын, ой өрісін кеңейтіп, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын арны ерекше.

Ертегі, шағын әңгіме , өлең, мақал мәтел жұмбақ, сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленген, әлі мектеп жасыеа жетпеген балалар ата аналарынан, әже аталарынан естіген халық ауыз әдебиеті нұсқаларынн нәр алып өсетіні белгілі. Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады.мысалы: «торғай», «Бақа бақа, балпақ», «Санамақ», т.б. сияқты халық өлеңдері ойнақы тілімен, қайталама сөзімен, музыкалық үнімен бөбектерді баурап, сөз өнеріне брулиды.

Сол себепті де «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу» бағдарламасында 5 жасқа дейінгі балаларға әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы үшін арнайы білім берілді.

Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен ақ құмартып қызығадыц. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе тез жаттап алады. Жаттау аоқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді. Жаманнан жиренеді, бойын қорқыныш билейді. Балаларда жақсы және жаман іс әрекет жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ал, тілінің дамуы баланың бойында қабылдай, ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте бірте қалыптасуына негіз болады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Мектепке дейінгі балалардың сөздік қоры туралы не білесі?

2.Сөздік қорларын дамыту үшін қолданылатын жұмыс түрлері.

3.Дұрыс дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу жолдары.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы-1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002



Дәріс №5.Тіл дамыту жұмыстары, мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар.

Дәріс жоспары:

  1. Тіл дамыту жұмыстары жүргізу.

  2. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар.

  3. Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі.

Мақсаты: Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу, мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар және тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі.

Мазмұны:

«Тіл ой өсіреді» деп халық айтқандай, ел басынан кешірген тарихи көзеңдердің көркем шығармалардағы бейнесі оқушының таным қабілеттерін арттырары сөзсіз.

Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті іс-тәжірибелік білімін, біліктілігін, әдетін, тәртібін,әлеметтік өмірі тәжірибесін қалыпастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз жоспары бар екені мәлім.

Сондай пәндердің бірі-іл дамыту пәні мекепалды даярлық кезңінде жүргізіледі. Жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау-жалпыдан жекеге қарай, яни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеерін ашып, білімі мен біліктілгін күшейте отырып, өзара қарым-қатынаста қолданылатын сөз байлығын молайту болып абылады.

Балабақшалардың ересектер тобында балаларға оқып беретін мәтіндердің мағынасы ауымда, тілі жеңіл, көркем, ойы орамды, тәрбиелік маңызы зор, балаларға қайтары да, үйретеді де көп болары сөзсіз. Ана-тілі шексіз бай, теңгеуріні мықты тіл. Еңжақсысы бала –ана тілін құрметтегенде ұл мен қыз. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгеу болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын птриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер-сол ана тілің.

Ана тілін бүге-шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай біл-саналы адамзат болғысы келтін жас адамның бірінші парызы. Ол туған жерді, елді, Отанды атамекенді сүйе білу деген сөз.

Кім ана тілін айырықша бағдарламада дейсің, бірақ қазақ халқы бұған ерекше зер салған ғой. Төл тілінде сөйлеуден безу ақ сүтін безіп, асыраған анаңды ұмытумн бірдей. Анатілі-ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау-арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау.

Қазақ тілін нәтежелі үйрету үшін оның оықту әдістемесін жетілдіре түсу-бүгінгі үннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек –талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге оның өмір мұқтажына сай дамытып, оқытуды жаңаша әдіс –тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып ортыр. Осындай мәні мен мағызы зор өзекті мәселенің бірі-бала тілін дамыту процесі. Себебі, балалардың берілген білімді саналы түрде ұғынып, ойынның дәлді, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, басқа ,алым негіздерін меңгеру нәтиежелері ана тілінд сөйлеу деңгейіне байланысты. Сондықтан, оқу-тәрбие процесі нәтиежелі болу үшін балалрға ана тіліміздің қыр –сырын ауызша сөйлеу тілін де, жазу мәдениетінде де ұғындыратын, шығармашылық қабілетінің дамуына, коммуникативтік кәсіби іліктілігін, іс-қағаздары сауаты толтыру, жүргізу дағдысын қалыптастыру мақсатында түрлі тіл дамыту бағдарламалары енгізілуді. Бағдарламны жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттер туындайды.



  • Баланың жан-жақты, жүйелі кешенді дүниеге өзіндік көзқарасын зерделету.

  • Баланың тілг деген қызығушлығын оятып, білім сапасын өтеру;

  • Өзгелендіру тұрғысында жее тұлғаны жоғары адамгершілік қасиеттерін дамыта тәрбиелеу;

  • Болашақ кәсіби мамандығын табуға байланысты әлеуметік сұранысты қамтамасыз етуге ұмтылдыру.

Бағдарламаның мақсыты мен міндеттерін жүзеге асыру барысында бла бойына төмендегідей дағдылар қалыптасады.

  • Өз ойын, пікірін еркін жеткізе алу;

  • Байқампаздығының дамуы;

  • Құбылыстарды шынайы бағалай білуі;

  • Ой өрісінің, ұғымының кеңеюі;

  • Ізденгіштікке ұмтылуы;

  • «өз сөзін айту» мүмкіндігінің қалыптасуы;

  • Функционалдық сауаттылық пен коммуникативтік біліктілігінің артуы;

  • Жергілікті, аймақтық деректерді жинақтап, жүйелеу дағдыларының қалыптасуы.

Авторлық бағдарламаның ерекшелігі:

  1. Қолданбалығында, өйткені бұл курста баланың қабілетін ескере отырып, тапсырмалардың деңгейлік негізде құралуы;

  2. Баланың коммуникативтік біліктілігін арттырунда.

  3. Аймақтық, ол жергілікті аймақтық ауына сөз шеберлігі олардың сөз саптау ерекшеліктері, ақын-жазушыларының еңбектері негізінде құралады.

Тіл дамыту пәнін меңгерту барысында оқу-әдістемелік кешені құрастырылды. Оқу-әдістемелік кешені оқу материалының мазмұны, тарауларының көлемі, балаың теорилық білімін нығайтып, танымдық ізденпаздыққа, шыармашылыққа жетелецтін, өз бетімен анализ,синтез бағалауға бұл лаын деңгейлік тапсырмалар бар жұмыс дәптерме, тест жинақтарының, сараланған сұрақ тапсырмалардан, логикалық, дидактикалық ойындардан, жергілікті жерден шыққан тума сөз шеберлері, батырлары, ақындары жайлы деректері бар оқу хретоматиясынан тұрады. Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында бала білімін жәй деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеуде Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясының элементтерін, Ж. Қараевтың «деңгейлеп оқыту» технологиясын, проблемалық әдіс-тәсілдерін қолдану үлкен нәтиежеге жеткізді. Деңгейлеп оытудың әдіс-тәсілдері арқылы балалар:

- төменгі деңгейлік тапсырмалар ойынша, өз бетімен жұмыс істеуге бейімделіп, берілген тілдік материалды дұрыс түсініп, ойын қорытындылайды.

- ортаңғы деңгейлік тапсырмаға бойынша бала теориялық негізде алған білімін практикалық үзінде ісе асырады, тақырып бойынша өз ойын айтады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қандай талаптар қойылады.

  2. Тіл дамыту сабағын меңгерту барысында оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі қандай?

  3. Оқу тәрбие процесін нәтиежелі болуы үшін қандай бағадарламалар енгізілуде.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002


Дәріс №6 Фонетиканы оқыту. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу.

Дәріс жоспары:

  1. Фонетиканы оқыту әдістемесі.

  2. Тіл мүкістігін түзету үшін арнаулы сабақтар жүргізу.

Мақсаты: Дыбыстарды дұрыс айтқыза білуге, әдеби тіл нормаларында сөйлеуге және тіл мүкістігін түзету үшін әдіс-тәсілдерді қолдана білуге үйрету.

Мазмұны:

Балалар тіліндегі бірнеше ерекшелік-сөздің дыбыстанужағын дұрыс айтуға қабілетті бола бастайды. Олардың фонетикалық есту сезімі жетіле бастайды. Бұл жағдайда жеке сөздердің дыбысық ағын дұрыс айтуына негіз болады.

Екінші ерекшелігі-олардың өзінің сөйлеу тіліндегі мүкістікті байқамайды, сөйлеу органдарын дұрыс пайдалану керектігін ескермейді, артикуляциялық аппараттары дыбыстау жағынан әлі толық жетілмегендіктен, кейбір дыбыстарды қате айтады. Сондықтан олады сөздің дыбысық жағынан дұрыс айтуға жаттықтыру жұмысы-тіл дамыту ісінің негізгі бір бөлігі болып табылады. Ол үшін тәрбиеші өз жұмыс істейтін топтағы балалардың сөйлеу дәрежесін, өз қолдану ерекшелігін бақылап, күнделік жүргізуге тисті. Бұл жұмыс бала-бақшаға алғаш келген күннен басталады. Сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеші түрлі суреттер мен ойыншықтарды пайдалана отырып, әр баламен жеке сөйлесіп, сөйлеу дағдысындағы етістік кемшіліктерін анықтайды. Балаланың толық зерттеу мақсатында түрліше жаттығу жұмысары жүргізіледі. Балаларға қиян дыбыстар жиі қатысатын сөздер суреттер, өлең, тақпақ, ойын түрлерін әзірлейді.

Баланың тіл мүкістігін түзету үшін өтілетін сабақтар бір мазмұнды бірнеше бөлімнен құралады. Сабақтың бірінші бөлімінде үйрету мақсаты қойылаы. Тәрбиеші! Ф дыбысы дұрыс айтып үйренеміз-деп түсіндіреді. Сонан соң, жеке дыбыстарды айтқанда сөйлеу мүшелерінің қандай жағдайда болатынын көрсетеді, балалар. Сабақтың екінші бөлімінде сол дыбыс қатысатын сөздерді айтқызып жаттықтырады. Тәрбиеші өзі бірнеше суретті (р не л дыбысы қатысатын) көрсетеді, балалар ондағы затты айтады. Балаларға өз ойларын бірнеше мысал айту ұсынылады. Олар жауап береді.(шар, тор, кино т.б.) сабақ соңында сол дыбыстар жиі қаысатын өлең-тақпақ не жаңылтпаш оқылады.

Сабақтың екінші бөлімінде дидактикалық ойын ойнатып, инсцинеровка, драматизация жасатуға болады.

Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету сабағы айына бір-екі ре өтіледі. Түрлі жаттығу жұмыстарын бағдарлама талабын ескере отырып, басқа сабақтарға қосымша жоспарлауға болады. Күнделікті тәрбие жұмысы кезінде таңертең сабаққа дейін, түскі ұйқыдан соң әртүрлі жұмыспен байланыстыра өтізуге де болады. Мұндайда арнайы еңбекте көрсетілген жұмыс түрін кеңінен пайдалану қажет.

Бұл жастағы балаларды сөздің дыбыстық құрамына алдау жасай білуге үйрету үшн де жаттығу жұмыстары өтіледі.

Балаларды түрлі дыбыстарды айта білуге, әдеби тіл нормаларында сөйлеуге үйрету қажет. Бұл жұмыста бас материал сықақ, өлең, тақпақ, мақал-мәтел оқу, жаңылтпаш айттырып, жұмбақ шештіру, әңгімелеп айтқызу. Суреттерге сипаттама жасату,ұқсас дыбыстарды ажырата білуге үйрету үшін суреттер даярлау: ш, ж, ч, щ дыбыстарына-шұлық, жәшік чемодан, щетка: р,л,с,з дыбыстарына-радио, лақ, стол т.б. Дауыс күшін, ү ырғағын дұрыс қолдануға үйрету. Ондайла: «жасырын сыр» «сөзді бірінен-біріне ақырын айту, жаңғырық (сөзді әр түрлі дауысты қатты, баяу, орташа қолдану) алыс-жақын (дуыс тонын көтере және төмендете оқу). Мұндай сөздер жақын және алыс, өте әріректе отырған балалар еститіндей дәрежеде айтылады. (ызың-ызың, сырт-сырт) Дыбыс сөз деген ұғымдарды меңгере оырып, сөздің дыбыстан құралатындығын түсініру қажет.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Фонетика дегеніміз не?

  2. Баланың тіл мүкістігін түзету үшін өтілетін сабақтардың құрылымы қалай болу керек?

  3. Тіл мүкістігін түзету жолдары қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002



Дәріс №7 Орфография мен орфоэпияны оқыту.

Дәрістің жоспары:

1.Орфография туралы түсінік.

2. Орфоэпия туралы түсінік.

3. Орфография мен орфоэпияны оқыту әдістемесі.



Мақсаты: Орфография мен орфоэпияның тіл дамыту сабақтарында балалардың жас ерекшелігіне қарай оқыту.

Мазмұны:

Бала сөздің сыртқы формасын (затты референтімен тоғыстыру) бірінші меңгереді, ал кіші өрінісіне, мазмұнына, мағынасына өз тәжірибесі,тілдік ортасы арқылы келеді. Жарым жастағы сәбимен қарым қатынас жасай отырып, үлкен кісі оның езу тартып күлуін, талпынуын, алғашқы дыбыстық әсерін туғызады./ гуілдеу, ылдырлау/. Кейінірек жастың екінші жартысында қарым қатынас үлкен кісінің еркелеткен, әндеткен, ырғақты сөйлеуімен қатынасқан эмоциялы-қимылды ойындар түрінде болады. (көбіне өлеңнің қысқа –қысқа жолдары айтылды) Сөйтіп бала алғаш рет көркем әдебиетпен ұшырасады. Екі жастағы кезеңде сабақтар шағын топтармен өткізіледі. Ұзақтығы балалардың белсенділігіне немесе керісінше, балалардың жалығу дәрежесіне қарай бірнеше минуттан он минутқа дейін құылып тұрады.Үш және төрт жастағы кезде балалардың тілінің жетілуі де шапшаң болады. Іл балалардың үлкендермен де, құрбыларымен де қарым –қатнасқа түсуінің негізгі құралына айналады.Үш-төрт жаста сөйлеу белсенділігі әлдеқайда күшйе түседі. Үш жаста балалардың сөз қоры бір жарым мыңға дейін көбеюі мүмкін. Төрт жастың аяғына таман бала өте қарапайым әңгіме құрасырып, бірнеше рет тыңдалған қысқа өлеңді еске сақтайды және қайталап айтады. Балалар бұл кезде шағын өлеңдерді, қысқа ертегілерді, әңгімелерді тыңдай алады және олардың мазмұны түінеді. Сондықтан да оларды тақпақты есте ақтауға, айтуға, таныс кіаптағы суреттерді қарайға, сол жайлы әңгімелеп беруге ықылаын тудырып, қызықтырып отырудың маңызыд зор. Ес –алты жатағы кезде балалар шығарманы ықыластана тыңдау дағдысын, мазмұнға, кейіпкерлерге деге өз көзқарастарын тиянақтап айа білуді меңгереді. Оларда шығарманың мазмұны мен оның бейнелеу, мәнерлеу құралдары арасындағы байланысты байқау қабілеті дамиды. Іс-әрекеттің белгілі бір түірне қызығу тұрақтылығы пайда болады, біреулері өлең оқуды, енді біреулері ертегі айтуды жақсы көреді. Түйсік қабілеттері дамиды. Балалардың өздері жұмбақ, өлең құрай бастайды.

Балалардың тілін дамыту негізінен ережелерді меңгерту барысында және жаттығулар мен тапсырмаларды орындатқызу түрінде жүргізіледі. Осыған орай ережелерді нақтылай түсу /әрбір тақырыпқа тән ерекшеліктерді толық көрсету, жаттығуларды түрлендіру жағына қатты өңіл бөлінеді. Балалардың тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын қалыптастыру осы кезеңдерде белгілі бір тақырыптың оқытылуына сүйене отырып, соның барысында жүргізіледі. Мұнда біз мына сияқты негізгі мәселелерді үйретуіміз қажет; яғни белгілі бір тақырыпты оқыта отырып, баланың сөздік қорын дамыту, сөздерді үйрете отырып, сөздер жасайтын формаларды меңгерту және оларды байланыстырып сөйлем құрауға, ойларын ауызша, жазбаша сауатты, жүйелі, дұрыс жеткізуге, сөйлей білуге үйрету мақсат етілді. Сонда осы үшеуі (сөздік жұмысы, сөйлем құрау және ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлей білу) тіл дамыту жұмысының мазмұнын құрайды және олар күнделікті өтілетін грамматика, оқу сабақтарымен байланысты біртұтас жүргізіліп отырылса, тіл дамыту жұмысы да біршама жүйелі түрде өткізіледі деуге болады. Сондықтан тіл дамытудың осы негізгі үш бағытын бөлшектеуге, даралауға болмайды. Бұлар қатар жүреді, өйткені сөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып сөйлеу үшін де негіз болады;ал әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске асуы мүмкін емес.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Орфография дегеніміз не?

  2. Орфоэпия дегеніміз не?

  3. Тіл дамыту сабақтарында балалардың жас ерекшелігіне қарай қалай оқытуға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002



Дәріс №8 Сөздің грамматикалық дағдыларын қалыптастыру.

Дәрістің жоспары:

1. Сөздің грамматикалық дағдыларын қалыптастыруға үйрету.

2. Көркем шығармаларды тереңірек қабылдауға баулу жолдары.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі, яғни бес-алты жастағы кезде балалардың көркем шығармаларды тереңірек қабылдауға, сөздің грамматикалық дағдыларын қалыптастыруға үйрету.

Мазмұны:

Балаларды әдебиетпен және ауыз әдебиетімен таныстыру, оларды әңгімелеуге және оқыған, тыңдағанын қайта әңгімлеп беруге, өлеңдерді, жаңылтпаштарды, мысалдарды жатқа және мәнерлеп оқуға үйрету, тілді бейнелеу және мәнерлеу, сөздік шығармашылықтың бастапқы түрлерін дамыту жөніндегі жұмыс-міне осылардың бәрі баланың зердесін оятып, ой-түйсігін, тілін жетілдіруге жәрдемдеседі, көркем сөзді қабылдауы жетіле түседі, балалар әдебиеті шығармалаларының неғұрлым күрделіліктен түсіне бастайды, оларды түрлі шығармалармен таныстырады.

Мектеп жасына дейінгі, яғни бес-алты жастағы кезде балалар өркем шығармаларды тұтас лғанда тереңірек қабылдайды: сюжетті жай түсініп қана қоймайды, жарқын, бейнелі сөзді, ертегілер мен әңгімелердің нәрін аңдай бастайды, өздерінің кейіпкерлерге деген өзқарастарын айтады. Бес жасқа шыққанда олар сабақтарда ғана емес, одан тыс жерде де танысқан қысқа-қысқа ойнату тақпақтарын, төрт жолдық өлеңдерді біледі. Балалар тәрбиешінің барлық тапсырмаларын ынталы орындайды: әңгімесін кішкене жазық фигуралармен сүйемелдей отырып, ертегіні қайта айтып шығады, белгілі ертегілерді драмалайды, бейнеленген кейіпкерлердің сипаттық ерекшеліктерін сөйлеуі, бет-әлпетінің құбылысы арқылы көрсетуге, әңгімелеудіолар дауыс ырғағымен мәнерлеуге тырысады.

Бес–алты жасағы кезде балалар ертегіні ықыластана, назар аудара тыңдау дағдысын, мазмұнға, кейіпкерлерге деген өз көзқарасын тиянақтап айта білуді меңгереді: оларда шығарма мазмұны мен оның бейнелеу, мәнерлеу құралдарының арасындағы байланысты байқау қабілеті дамиды. Іс әркеттің белгілі бір түріне қызығу тұрғылықтығы пйда болады: біреулері өлең оуды, енді біреулері ертегі айтуды жақсы көреді. Түйсік қабілттері дамиды; балалардың өздері жұмбақ, өлең ойлап таба бастайды, белгілі ертегілерге ұқсас ертегі ойлап шығарады. Құрбыларының қасында тапқырлық талпыныстарына және орындаушының іс әрекетіне баға беріп қарау қалыптасады; балалар кімнің жақсы ойлап табатынын, әңгімелейтін, жатқа оқитынын кәдімгідей бағалайды. Ауыз әдебиетінің шағын формаларымен-жұмбақтармен, ойнату тақпақтарымен, жаңылтпаштармен, еретгілермен танысу баланы эмоция жағынан қалыптастыру оның бейнелі ойлана білуін, шығармашылық қиялын дамыту, сондай-ақ сөйлеу аппараттарын жетілдіру үшін, түрлі көркем сөздерме сөз қорларын молайтуда маңызы өте зор. Жаңылтпаштарда, тақпақтарға тән дыбыс үйлесімінің ойнақылығы баланың сөйлеу апаратын жетілдіріп оған ермек болады.әрі фонетиалық қиындықтарды жеңуге және дыбыстарды дұрыс айту дағдысын мегеруге итермелейді.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Сөздің грамматикалық дағдыларын қалай қалыптастыруға болады?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002



Дәріс №8 Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық, синтаксистік құрылысын қалыптастыру.

Дәріс жоспары:

1.Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық құрылысы.

2.Бала тіліндегі сөздердің синтаксистік құрылысын қалыптастыру.

Мақсаты: Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық, синтаксистік құрылысын қалыптастыру жолдарынан түсінік беру.Жаттығу жұмыстары.

1   2   3   4   5


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет