Оқу-әдістемелік материал Кіші мектеп жасындағы тіл дамыту әдістемесі



жүктеу 0.8 Mb.
бет4/5
Дата19.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3   4   5

Мазмұны:

Граматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. «Брейнг-ринг» оқыту үйрету ойыны (жарыс-ойын)

Құрал-жабдығы:


  1. Нөмерлері және атқаратын рөлі жазылған жетондар.

  2. Тапсырмаларға арнап алты бөлікке бөлінген жаймалар

  3. Сандар жазылған жаймалар

  4. Саны («3» бағасы,) жасыл («4» бағысы, ) көк («5» бағасы) түсті фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін көк түсті жарты фишкалар

  5. Үстелдердің сілтемесі

  6. Ортақ бағалау парағы

  7. Үш күрдеріре деңгейіндегі тапсырмалар жазылған карточкалар: ойынның екінші нұсқасында мұндай карточкалар түрлі түсті –өк,жасыл,қызыл және сары үсті қатырма қағаздан жасалады.

Ойынның жүру барысы:

Сынып 7 аладан топтарға бөлінеді: мұда 6 ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмер жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басыда отырады. Үстелдіңүстінде- үстелдің сілтемесі және 6 бөлікке бөлінген жаймалар; осы карталардың үстін тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады: астында-бірінші деңгей сұрақтары (3), оның үстінде екінші деңгейдің сұрақтары 2), ең үстінде үшінші деңгейдің сұрақтары (1). Әр бөлікте бір сұрақтан Үстіңгі сұртарға дайындықсыз жауап беріледі, екінші сұрақарға дайындалуға 3-5 минут уақыт беріледі. Астыңғы сұрақтардың жауабы ең күрделі, оларға 7-10 минут уақыт беріледі. Тәрбиеші өзі оқып береді.

Жүргізуші жайманы жаяды. Мысалға, «2» саны түсті делік, яғни, 2-нөмірлері ойыншы жауап береді. Егер жауап толық болса, ойыншыға фишка беріледі. Егер жауап толық болмаса, онда кез келген ойыншы оны толықтырып, жарты фишка ала алады. Әрбір топқа бірдей тапсырмалар даярланады, алайд олар әртүрлі болуы да мүмін, онда ойын екінші нұсқасы ойынша жүргізіледі.


    1. Жыл мезілдерін ата.

    2. Суретте қай мезгіл бейнеленген? Т.б. әр деңгейдің өз суреттері мен сұрақтары көрсетіледі.

Дидактикалық ойын «Бау тағу»

Мақсаты: балаларға бауды өткізуге дағдыландыру. Қол бұлшық етін дамыту.

Ой-өрісін дамыту. Түстерді ажырата білуге үйрету.

Барысы: Әр балаға ойының барыснда бір-бір баудан береміз. Балалар сол бауды ойыншықтарға тесіке өткізу керек.



Дидактикалық ойын «Геометриялық тастар»

Мақсаты: Балаларға геометриялық фигураларды дұрыс ажыратуға, түстерді айыра білуге үйрету.

Барысы: Өзеннің ортасында геометриялық фигуралар жатады. Балалар аяқтарын су қып алмай, басып, фигураларды атау.

Осы сияқты түрлі грамматикалық жаттығулар балалардың қандай тілдік материалдармен жұмыс жасауларына қарай фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық құрылысы.

2.Бала тіліндегі сөздердің синтаксистік құрылысын қалыптастыру жолдары.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002



Дәріс №9. Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі лексикалық, синтаксистік , стилистикалық жаттығулардың маңызы.

Дәрістің жоспары:

  1. Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі жаттығулардың маңызы.

  2. Лексикалық, синтаксистік , стилистикалық жаттығулардың маңызы.



Мақсаты: Балалардың тілін дамыту жүйесіндегі лексикалық, синтаксистік , стилистикалық жаттығулардын көмегі арқылы үйрету.

Мазмұны:

Мектепке дейінгі тәрбиеде, мектепалды дайындықта, жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары бастауышта одан әрі үздіксіз жүргізіліп отырады. Бұл жұмыстар мынадай міндеттерді жүзеге асыруы ти

1) Жаңа сөздер үйрету

2) Орфоэпиялық нормаларды меңгеру

3) Байланыстырып сөйлеуді дамыту

4) Сөйлем құрылымын жетілдіру

5) Мәтінді жүйелі баяндауға дағдыландыру

Осы мақсаттарды жүзеге асыру ана тілі сабақтарында үнемі назарда болады. Сөздік қорды байыту, жаңадан үйренген сөздерді тұрақты қолданысқа түсіру, сөйтіп, сөздік қордың мазмұны жағынан байып, белсенділігі артуы тәрбиеші- мұғалімнің әдіскерлік шеберлігін, балалармен жасалатын өз бетіндік жұмыстық мазмұнына тікелей қатысты.

Балалардың тілін дамытуда сөздік қорын молайтумен қатар, сол сөздерді түсінікті айта қорын молайтып, тілін дамыту өзін қоршаған өмір шындығын бақылаумен тығыз байланыста жүргізіледі. Сондықтан тәрбиеші әр сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда балаға сөз үйретуде заттың атауын білдіретін сөздерді де меңгеру керек. Тәрбиші балаға бағдарлама талаптарына сәйкес әр заттың белгілі жағымен қоса, бұрын белгісіз жаңа белгімен таныстырады. Мысалы, бала бұрын доп, қуыршақ т.б. сөздермен таныс болса, ендіг кезекте – мына доп үлкен,қызыл. Мына қуыршақ кішкене, ал мынау үлкен – деп, түсіндіру отырып, сәбилерді сөйлеуге үйретеді.

Тәрбиеші балалармен сөзбе-сөз қарым-қатынас жасағанда сабақ үстінде баланың әр сөзді анық та дұрыс дыбыстап айтуын бақылап, түзетіп отыру қажет.Әсіресе, зат ретіндегі сөздерді өзара байланыстыра сөйлеп үлгі көрсетіп, баланың сөйлем құрап айта алуына бағдар беріп жаттықтыру қажет. «Қыз доппен ойнады.» деген сөйлемдегі затты білдіретін және қимылды білдіретін сөздерді тапқызу, қалай байланысып түғаннын түсіндіру.

Ересек балалар тобындағылардың сөз қорын байытуда мыналар ескеріледі. Жалпы лексика көлемін кеңейте отырып, кейбір сөздің көпмағыналы болып келетінін білдіру. Арнайы жаттығулар әр сабақ сайын 5-7 минут мөлшерінде жүргізіледі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің

Балалардың сөздік қорларын дамыту

Жаңа сөздерді меңгеру

Үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндеті болып саналады.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс.Балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі.Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуын ықпалын тигізіп , таным белсенділігінің дамуына жол ашады.Баланың білуге деген құштарлығы,сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорын дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі рөл алады.

Ойын (жаттығу) «Қажетті сөзді»

Ойынның мақсаты: тапқырлыққа, ойланып жауап беруге үйрету, сыққақ сезімін дамыту.

Ойын ережесі: тәрбиеші – мұғалім бір сөз атайды, балалар соған қажет заттардың атына байланысты сөздерді тез айтуға тиісті. Мысалы, тәрбиеші:

-Тоқылатын заттарды ата десе, балалар:

-Шұлық, шәлі,қолғап, жемпір,-деп жауап береді.

-Қайда, немен , кім тоқиды?

-Фабрикада,үйде, бізден,машинамен, тоқымашы тоқиды.

-Тігілетін заттарды ата.

-Көйлек, етік, тымақ, көрпе. Т.б.

-Қайда, немен, кім тігеді ?

Осылай кете береді. Тәрбиеші бақылау заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу жәнеқұрастыру, саяхат, ойын сабақтарынұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын байытады.

Сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы, «Сөз ойла», «Сөз құра», «Үш сөз ата» . Сонымен қатар баллардың сқздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта» сияқты жаттығу тапсырмалар балалардың сөздік қорларын дамытып, таным белсенділңктерін арттырады.

Саусақ ойындары арқылы тіл дамыту. Саусақ ойыны бұл-ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жптқан, әрі үлкен мәні бао мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны- саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең, тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады жіне шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттар мен табиғат құбылыстарын, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады.

Тәл дамытуға байланысты жаттығулар:

1)Мысық. Пеш үстінде мысық отыр:

Аздап көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.

2) Қоян. Ұзын құлақ сұр қоян

Ести салып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-қытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап өзінінң

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің

Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Лексиканың бала тілі дамуына әсері қандай?

  2. Синтаксистің бала тілі дамуына әсері қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002


Дәріс №10. Балалардың сөз қолдануындағы ерекшеліктері.

Дәрістің жоспары:

  1. Балалардың сөз қолдануындағы ерекшеліктері.

  2. Тіл дамыту үшін ертегілердің маңызы.

Мақсаты:Бес жастағы баланың тілін дамыту үшін ертегілердің маңызы.

Мазмұны:

Бүгінгі бөбек-ертеңгі азаиат- қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші –тәрбиеші – ұстазы содан кейін бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек, балғын бқбектерге білім мен тәрби есігін ашу тәрбиеші- ұстаз бен бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке басын қалыптастыру негізі - мектепалды даярлық тобында бастау алып, бастауышта қолданады.

Қазірде бөбектердің жеке басын қалыптастыру ісін тиянақты жолға қоюға баса назар аударылуда.

Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап, Отанымыздың өмірімен, халықтың тұрмыс – тіршілігімен танысады. Тілдің дыбыстық мәдениетін жетілдіру. Балалардың қиын дыбыстарды дұрыс айтуын нақтылауға бейімдеу. Балаларды ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтуға жеткізу; сөйлеу мақамын жетілдіру, дауыс аспаптарын , сөзді есту қабілетін, фонетикалық қабылдауын, сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамыту.

«Сөз», «дыбыс» ұғымдарын тәжірибелік жолмен меңгерту және олардың сөздік ойларын ойнаған кезде пайдалануға дағдыландыру.

Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру. Әңгімелеу кедерінде жалаң, жайылма сөйлемдерді қолдана білуге үйрету. Белсенді сөздік қорындағы әр түрлі грамматикалық формада септеп, жіктеп, жекеше, көпше түрлерін айта білуін жетілдіру. Сөйлеу кезінде грамматикалық кемшіліктерді байқап , сөзді дұрыс, таза мәнерлі етіп айтуға төселту.

Сөйлеуде бастауыш пен баяндауыштың орын тәртібін сақтап айтуға жаттықтыру. Балалар асықпай анық, айқын сөйлеуін үнемі бақылап отыру. Дыбысқа еліктеу жаттығуларын жасату сөздерді тез, ақырын, қатты айтуға, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ( м,н,л,б,т,д,п,ф,в) дұрыс дыбыстауға үйрету. Ауыз арқылы еркін дем алу мен дем шығаруға жаттықтыру. Балалардың қазір қабылдаған және бұрын көргендері жайлы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруін қалыптастыру.

Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған, жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деген сөз. Адам мәдениетіндегі өте күрделі көрсеткіштің бірі, онығ тілі болып табылады. Тіл-адам қарым-қатынасының, ойлаудың, мәдениеттің аса маңызды құралы. Қарым-қатынас майданына т.скен сайын құралдың икемділігі артып, шыңдала береді.

Адам тілі арқылы ойын дәл жеткізе алады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл нормасына төселген адамның сөйлеген сөзі де, жазғаны да жатық, орынды шығып жатады. Қазіргі таңда мектеп өз түлектерінің, шәкірттерінің осы талапқа сай болуына мақсат етеді. Бүгінде жақа бөлім, жаңа ән ретінде тіл дамыту сағатын оқыту заман, уақыт талабы болып отыр. Тіл дамыту курсының міндеті- тіл заңдылықтарын үйрете отырып, ауызша және жазбаша түрде дұрыс әрі жақсы сөйлей білуге үйрену. Баланың тілін дамыту дегеніміз оның ойлауын дамыту екені белгілі. Бланың ойлау білу дағдыларын көрсететін белгіні-олардың ойлау операцияларын іске асыра білуі. Бұған теңеу, анализ, синтез, абстракциялау, нақтылау, жинақтау әдістері, инструкция, дедукция әдістері жатады. Бұл операцияларды күрделілігі түрлі дәрежеде болып келетн аяқталған ойлар құрайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Бес жастағы баланың сөз қолдану ерекшелігі қандай?



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991


2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002



Дәріс №11. Грамматикалық формаларды қолданып сөйлей білуге, сөйлемді құрап айтуға үйрету.

Дәрістің жоспары:

1.Грамматикалық формаларды қолданып сөйлей білу үйрету.

2.Грамматикалық формаларды қолданып сөйлемді құрап айтуға үйрету.

Мақсаты: Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде оларды өздерінің тыңдаған әңгімелерін қайталап жүйелі айта білу үйрету.

Мазмұны:

Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде оларды өздерінің тыңдаған әңгімелерін қайталап жүйелі айта білу, тәрбиешілерінің сұрақтарына толық жауап беруге, естіген ертегілерін мазмұндай алуға баулу көзделеді. Сондықтан мазмұндамаға алынатын мәтіндер мен шығарма тақырыптары балаларда болатын көңілділік, сегіштік, сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқты қасиеттерге сай келетіндей болып іріктелуге тиіс. Алайда қандай әсерлі шығарма ұсынылғанымен, ол нақышына келтіріліп, дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса, балаларда болатын жоғарыда айтылған қасиеттерді дамытуға пайдасы тиіп жарымас еді, өйткені мазмұндамаға ұсынылған мәтіндерді балаларға оқып беруде болсын, шығарма жаздыру үшін материал жинау барысында балаларға айтылатын әңгімеде болсын, мұғалімнің дауыс сазының әсерлі болып, сөздер мен сөйлемдерді анық айтуының маңызы зор. Бұл жөнінде К.Д. Ушинский «... мүмкін егерде біз: бізде анық дауыстап, ырғағын келтіріп, әсерлі етіп оқи алатын төменгі кластың мұғалімін табу өте қиындыққа түседі десек, кейбіреулерге ерсі болып көрінер еді, бірақ зейінінің қабілеті жетілмеген балаларға мұндай мұғалім ерекше қажет»- дейді.

Адам психологиясының нәзік сырларын бақылаған А.С.Макаренко да өзінің балалармен күнделікті сөйлеу барысында дауыс ырғағына ерекше көңіл бөлген. Ұлы педагог балалармен сөйлескенде оларға әсер ету үшін дауыста эмоция мен сезімнің басым болуы керек екенін айтады. Сондықтан балабақшаның естиярлар топтары да, бастауыш сыныптарда оқуда да, түсіндіруде де, әңгімеде де тәрбиеші – мұғалім дауыс ырғағын бірқалыпты сақтап, өзінің дикциясына қатты көңіл бөлген жөн. Мәнерлеп оқуға екі түрлі шарт қойылады, олар: физикалық және психикалық. Біріншісіне оқыған кезде дұрыс тұру, демді еркін және терең алу, дауысты бір қалыпты сақтау сияқтылар, ал екіншіге дауыстың ( оқудың ритмін сақтау, сөзді анық айту, бірқалыпты оқу, пауза жасау, дауыс ырғағын тыныс белгілеріне сәйкестендіру) т.б. жатады.

Оқытудың саналылығы мен балалардың белсенділігін арттыру принципін сақтау мақсатында балаларды өз ойының барысын байқауға, біреудің айтқанын тыңдай білуге, айналадағы өздерін қоршаған табиғаттағы өзгерістерді бақылай білуге, нәрсерелер мен құбылыстарды салыстырып, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба білуге үйрету жұмыстары байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының өн бойынан орын алады.

Біз балаларға ана тілін үйретуде теория мен практиканың бір-бірімен ұштасуының нәтижесі, соның құралы ретінде қарадық, өйткені объективтік шындықты танудың диалектикалық жолы-тікелей сезуден абстрактілік ойлау одан практикаға көшу. Практика-ақиқаттың өлшемі, практика- таным процесінің шамшырағы « Әрекеттің нәтижесі дегеніміз-субективтік таным тексеру және ақиқат-бар объективтіліктің өлшеуі».

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Грамматикалық формаларды қолданып сөйлей білу үйрету.

2.Грамматикалық формаларды қолданып сөйлемді құрап айтуға үйрету.

Әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002


Дәріс №12. Сөйлеу тілін байыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері.

Дәрістің жоспары:

  1. Сөйлеу тілін дамыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері.

  2. Сөздік жұмыстарын жүргізу әдістемесі.

Мақсаты: Сөйлеу тілін дамыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлерін таныстыру.

Мазмұны:

Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын сөйлеу тілін дамыту мәселесі жаңа бағдарлама бойынша белгіленген. Алайда әлі оқи,жаза білмейтін балалрға жалпы тілге қойылатын талаптарды меңгерту, жаңа сөз үйрету, сөйлеу тәсілдеріне жаттықтыру, қоғам өмірінен, табиғат тіршілігінен тыс емес, осылармен тығыз бірлікте, сабақтаса жүргізіледі. Олай болса,тәрбишілер тіл дамыту сабағын жолдарлағанда баланың өмірден алған әсерін, естіп, білгенін ұдайы ескеруге тиісті. Сөз үйретуге арналған сабақтар экскурсия, бақылау жұмыстарымен үйлестіріледі.

Тәрбиеші қай тақырыпта қандай бақылау , экскурция, әңгімелету сабақтарын өткізген де балаға берілетін білім мен зат арасында шартты байланыс болуын ескертуім керек. Сөздік атауларды бала саналы түйсініп , дәл танып білсін. Мысалы, балабақша үйін бақылату, үйдің оң және сол жағында көше аттары, сол көшедегі немесе қарсысына орналасқан басқа мекеме туралы балаларға атап айтып түсіндіру керек. Бала мұндай « оң жақ» , «сол жақ», «қарсы алдыннда» деген сқздерді үйренеді.

Сонымен бірге қоғамдық өмір жайында да балаға білгілі дәрежеде мәлімет береді. Ол мәліметтер: халықтар достығы, президентіміз Н.Ә.Назарбаев, мемлекет қайраткерлері жөнінде балаға лайықты түрде түсіндіру. Отан, мемлекет, әр мемлекеттің мемлекеттік белгісі – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы мәлімет беру арқылы жаңа ұғымдармен таныстыру. Тәрбиеші балаларға сұрақ қоя отырып әңгімелесіп, түсіндіреді.

Тәрбиеші:

Балалар, біз қай мемлкетте тұрамыз?

Берікжан:

Қазақстанда тұрамыз.

Дұрыс, біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз. Қазақстан – біздің Отанымыз дейміз. Отан дегеніміз не, сендер «отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Ақмарал:


Отан дегеніміз – біздің тұратын жеріміз. Қазақстан.

Тәрбиеші:

Иә, Отан – бұл сен туып – өскен жер. Адам үшін Отан – бұл тек елі ғана емес, бұл туған қаласы, ауылы, көшесі, үйі. Бұл оның өзі және достары, ата – анасы өмір сүретін өңір. Біздің Отанымыз – Қазақстан мемлекеті. Әр мемлекеттің мемлекеттік белгісі – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болады. Олар халқымыздың дәстүрімен, мәдениетімен байланысты болады. Сендер қаламыздың қай жерлерінде туды кездестірдіңдер.

Нұржан:


Әр түрлі мейрамдар өтетін қаламыздың орталық алаңында және ғимараттарда ту кездеседі.

Тәрбиеші:

Еліміздегі ең басты ғимараттардың барлығын да Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы көрік беріп тұрады. Оны жасаған суретші – Шәкен Ниязбеков деген аталарың. Ал, Елтаңба дөңгелек пішінді болып келген. Мемлекеттік елтаңбасының негізі – шаңырақ. Шаңырыақ –үйді, отбасын, ошақты, руды білдіретін киіз үйдің күмбезі. Әнұран – бұл салтанатты ән, ол халықтың тарихын білдіреді. Әнұран халықты бірлікке шақырады. Әнұранның мәтінін Нұрсұлтан Назарбаев және Жұмекен Нәжімеденов жазған. Әуенін жазған – Шәмші Қалдаяқов деген аталарың. Балалар, Нұрсұлтан Назарбаев деген кім?

Жансая:


Нұрсұлтан Назарбаев біздің президентіміз.

Тәрбиеші:

Дұрыс айтасың, Жансая. Мемлекет басшысы – президент. Оны халық сайлайды. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президент дегеніміз – бүкіл елімізді басқарып отыратын адам, ол елдегі тәртіпті сақтайды.

Сабақты түсіндіру барысында балаларға мемлекеттік рәміздердің суреттерін және кішкене макеттерін көрсетеді. Материалдарды балаға лайықты түрде, оған түсінікті болатындай етіп түсіндіріледі. Айналадағы өмірді бақылату жұмысында екі түрлі әдіс қолданылады:

Біріншісі – баланың өмір шындығын қабылдап түсінуі. Бұл бақылату жұмысында іске асады. Осының нәтижесінде түрлі заттар мен өмір құбылыстары туралы айқын елес қалады. Көріп, танығын заттардың атына, қажеттігіне, түр-түсіне, формасына байланысты сөздік қоры дамиды.

Екіншісі – заттар мен өмір құбылысын нақтылай түсіндіріп, бақылатып көрсету. Мұндайда тәрбиеші адамдардың өмір тіршілігі- еңбек процесі, өлі және тірі табиғат ерекшелігі туралы әңгімелеп беріп, жүйелі түрде салыстыра көрсетіп таныстырады. Әрбір бақылау, әңгімелету, әңгімелесу сабақтарында сабақ мазмұнына қарай диафильм, ойыншық, суреттер көрсетіліп, әдеби шығармалар оқылады. Сабақты осылайша көрнекі құралдарды пайдалана отырып, өмірмен, іс- тәжірибемен байланысты жүргізгенде ғана баланың санасында айналадағ дүние жөніндн айқын елес қалады. Мысалы, балабақшада сәбилер зат есімдерді жекеше, көпше, септеп, жіктеп айта алады. Тәуелдік жалғаулары I – III жақта жекеше түрде қолданатыны байқалады. Бұл жағдайда балаларға таныс үй жануарлары не ойыншық пен сурет көрсетіп әңгімелескенде анықталады. 3 – 3,5 жасар балалар кейде суреттегі заттарды көргенде оны өзінше меншікті етіп қолданады. Мысалы, Бұл - менің суретім. Менің осындай бөлмем бар. т.б.

Сөздік қорды қалыптастыруда мынандай міндеттер көзделеді:

Сөз үйрету жұмысын әр топта өтілетін барлық сабақ процесінде ұдайы жүргізу.

Өмірмен байланысты сөздерді үйрету.

Шығарманы оқыған кезде жаңа сөз үйрету.

Оқылған шығарма мазмұнын қайталап түсіндіру.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Сөйлеу тілін дамыту мақсатында жүргізілетін сөздікпен жұмыс түрлері.

2.Сөздік жұмыстарын жүргізу әдістемесі.

Әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002

Дәріс №13. Баланың тілі мен ойын дамыту кезеңінде қолданылатын көрнекі құралдар.

Дәрістің жоспары:

1.Баланың тілі мен ойын дамыту үшін қолданылатын көрнекі құралдар.

2.Көрнекі құралдарды қолдануға қойылатын талаптар.

Дәрістің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке даярлауда бала тілін дамытуда әдеби шығармалар арқылы көрнекі құралдарды пайдалану жолдары .


: ebook -> umkd
umkd -> 5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
umkd -> «Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»
umkd -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> ОҚУ-Әдістемелік кешені (Барлық мамандықтарға арналған)
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> «Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»
umkd -> Ағылшын тілі пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған
umkd -> ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


1   2   3   4   5


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет