Оқу жылына арналған №9 орта мектебінің оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру және «Рауан»,



жүктеу 45.02 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі45.02 Kb.
2014-2015 оқу жылына арналған

9 орта мектебінің оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру және «Рауан», «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының



кешенді мақсатының 1-жартыжылдық есебі
Мақсаты: Балалар және жас өспірімдердің әлеуметтік белсенділігінің дамыту, сабақтан тыс уақытта мектептің оқушыларын бағалы бос уақытын ұйымдастыру.
«№ 9 жалпы білім беру орта мектебі» ММ әкімшілігі Сізге «Рауан» ұйымының І жартыжылдықта жүргізілген жұмыстары бойынша ақпарат жолдайды.
Қыркүйек айында «Рауан» ұйымы қыркүйек айында мектеп президенті мен мүшелеріне мектепішілік сайлау жүргізіліп, үміткерлер арасында: Кожахметов Қажымурат 10а сынып оқушысы болып белгіленді. Сонда мүшелерінің отырысы болып, оларға алдағы уақыттағы жұмыстары түсіндіріліп, жоспар жасап, ұйым мүшелері таңертеңгілік кезекшілік жоспарын жасақтап, кестеге сай қызмет көрсетуде.

Қыркүйек айы білім күнінен басталды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері аясында жоспарланған білім күні 1-11 сыныптар арасында мектеп алаңында өткізіліп, мектеп қабырғасында сынып сағаттарымен жалғастырылды. «2050 – Қазақстан жолы: Бір ел, Бір тағдыр, Бір мүдде!» тақырыбында өткен сынып сағаттар мектеп оқушыларын Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйретті, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындырды.

Қыркүйек айында – денсаулық күні болып жарияланды. Аталған күні мектеп оқушылары спорттық іс-шараларға, жарыстарға әртүрлі таза ауада ойналатын қозғалмалы ойындарға белсене қатысып, денелерін шынықтырды, салауаттылыққа тәрбиеленді, салуатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырды.

Денсаулық күні «Денсаулық фестивалі» апталығына ұласты. Өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жақсарту үшін денсаулықты сақтау мен нығайту принциптері туралы халықтың ақпараттануын арттыру мақсатында мектебімізіде 02-08.09.2014 күндер аралығында «Денсаулық фестивалі» апталығының жұмыс жоспары бекітілді. Жоспар бойынша белгіленген барлық іс-шаралар өтті, мектеп оқушылары мен мұғалімдері, және ата-аналар

қауымы спорттық іс-шараларға белсене қатысты.

Сонымен қатар қыркүйек айы ұйымдастыру шараларымен ерекшеленді. Өзін-өзі басқару ұйымы құрылды, мүшелері тағайындалды, жаңадан келген оқушыладың адаптация кезеңі, сынып жетекшілер мен психолог-педагогтардың бақылауы жүрді. Оқушыларды қосымша мамандық, клуб, үйірмелер таңдауға көмектесу ж.т.б. жұмыстары жүргізілді.

5, 11 сынып оқушыларымен педагог - психолог Жүніс Әсия Азаматқызы сауалнамалар өткізді.

Степногорск қаласының 50 жылдығына арналған іс-шараларға қатыстық.  2014 жылдың қыркүйек қазан айлар аралығында «Степногорск қаласының 50 жылдық мерейтойына» арналған жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді.

Мектептің акт залында «Жайнай бер, Степногорск!» атты мерекелік концерт өтті.

Қазан айы «Азаматтық-саяси тәрбиеге» бағытталған. Қазан айынан бастап құқық бұзушылықтың алдын-алу мен діни  бағыттағы шаралар өткізілді. 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен кентіміздің көлемінде кездесу ұйымдастырылды. Осы кездесуде діни бағыттағы көкейтесті сұрақтарға жауап алынды.  Сонымен қатар  10-11 сынып оқушылары арасында «Заңды қадірлейтін азамат болуға тиіспіз» тақырыбында тренинг, 8-9 сынып оқушылары арасында «Діни экстремизм» атты дебат өткізді. Жолдастық кездесу КМЛ №5 оқушыларымен біздің мектебімізде өтті.

Қазан айында еңбегі сіңген қарттарымызға көмек көрсетілді. Зейнеткерлердің тізімі құрылып, жауапты сыныптар, оқушылар тағайындалды. Мектеп оқушылары алдын-ала белгіленген уақытта қариялардың үйіне барып қарттар күнімен құттықтады және бұл адамдарды мектебімізде өтетін шағын концерттік бағдарламаға шақырды. Бұл концертте қарияларға оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, оларға тәтті сыйлықтар сыйлады кейін зейнеткерлер оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз

жұмысына тиянақты қарауға, үлкен жауапкершілікке үйретті, жақсы болуға шақырды.

Қазан аыйнда 8 «Ә» және 9 «А» сыныптардан құрылған Волонтер отряды өз жұмысын бастады.

«Өмірдің нұрлы жолымен...» флеш моб акциясы алкогольден бас тарту бүкіл дүние жүзілік күн аясында жүргізілген.

02.10 күні «Ұзтаз –ұлы есім» ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік кеште оқушылар өздерін жаңа қырларынан көрсете білді, 10А, 9Ә сыныбы КВН қойып, актерлік шеберліктерімен көрінді, 9-10 сынып оқушылары би билеп, бишілік қабілеттерін көрсетті, ұстазға деген сүйіспеншілігін танытты.

Қазан айында жоспарланған сынып сағаттар келісілген күні өтті. Сыныптар арасында «Менің елбасым» тәрби сағатты патриоттық тақырыпта өтті. 9-11 сыныптар арасында «Жаман әдеттерден аулақ бол» әңгіме сағаты өтті. Карибекова жетекшілігімен «Туған күн» бейнеролигі көрсетілді. Оқушылар жаман әдеттерден туындайтын ауртпалықтармен, қиындықтармен таныс болды, жаман әдеттер шын мәнінде жаман екендігіне көздері жетті.

25.10, ҚР күніне арналған «Жас Ұлан» ұйымының сап жиыны 3-7 сынып оқушыларын қазақстандық патриоттыққа тәрбиеледі.

5-7 сыныптар арасында өткен «Күз ханшайымы» байқауы, 8-10 сыныптар арасында өткен «Алтын күз КТК» сайысы мектеп оқушыларын жаңа қырынан көрсетті әрбір сыныптың қатысушылары ұжымда жұмыс істей алатындығын көрсетті.

Мектебімізде «Тамақтану – жақсы, жақсы тамақтану бұдан да жақсы» ұранымен Республикамыздың барлық өңірінде 12-22.10.13 күндер аралығында 12 қазан – дүниежүзілік азық-түлік және салауатты тамақтану күніне орайластырылған, сонымен қатар халық арасында салауатты тамақтану онкүндігі өтті.

Мектептегі шығармашылық топ қазіргі көкейтесті тақырыптар бойынша жұмыс жүргізеді. Кітапханада «Заң мен заман» тақырыбында  көрме жасақталған. Құқықтық ақпараттық құралдар, қажетті басылымдар осы жерде шоғырландырылған.

Осы айда әлеуметтік педагог, психолог, мектеп инспекторымен біріккен түрде жасөспірімдер арасында елімізде болып жатқан әртүрлі қылмыстық әрекеттер бойынша кездесу ұйымдастырып, құқық бұзушылықтың қандай нәтижелермен аяқталатынын  түсіндірді.

«Полицияның жас көмекшілері» отряды аптасына 2 рет топтар арасында рейдке шығып тұрады. Қыркүйек, қазан айларында мектепте оқушылар тәртібі, сабақты себепсіз босататын, кешігіп келетін оқушылар жөнінде кездесу өткізілді.

Желтоқсан айында Жас Қыранға 8 оқушы және Жас Ұлан 10 оқушы қатарына еңгізілді. Және де желтоқсан айында бұл оқушылар «Тұңғыш елбасы» күніне, «Тәуелсіздік күніне» арналған іс шаралар жүргізілді және екінші тоқсан жаңа жыл кештерімен өз мәресіне жетті.



Мектеп директоры И. Жиенбаев


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет