ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



жүктеу 4.22 Mb.
бет19/22
Дата20.06.2016
өлшемі4.22 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

12 Оқу үдерісінде электрондық білім беру контентін пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар
Ұлттық жобаны іске асыру аясында электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭОАЖ) құрылды: білім беру ұйымының порталы, Ұлттық білім берудің деректер базасы (бұдан әрі – ҰБДБ), ішкі корпоративтік портал, электрондық кітапхана, білім беру ұйымдарын басқару жүйесі және электрондық оқытудың басқа да компоненттері.

Аталған электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі https://e.edu.kz сайтында қолжетімді.

ЭОАЖ-дың маңызды компоненті 14 511 сандық білім беру ресурстары (бұдан әрі - СБР) орналастырылған электрондық кітапхана болып табылады. Кейіннен ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген барлық электрондық білім беру контенті, сонымен қатар әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік құралдар, бейнесабақтар, мұғалімдердің авторлық әзірлемелері мен т.б. орналастырылатын болады.

Сандық білім беру ресурстар – ЭОЖ-на қосылған, мектептерге онлайн режимінде қолжетімді, бір оқу пәнінің нақты тақырыбы бойынша әзірленген сандық форматтағы дидактикалық материалдар.

2011 жылдан бастап ЭОЖ-ге 14 511 СБР әзірленді және орналастырылды, оның ішінде Техникалық және кәсіби білім беру бойынша – 3948 СБР, орта білім беру бойынша – 10 603 СБР:

– қазақ тілінде оқытатын мектептердің 2-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша 1159 СБР;

– қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 468 СБР;

– қазақ және орыс тілдерінде «Математика» пәні бойынша 806 СБР;

– қазақ және орыс тілдерінде «Алгебра» пәні бойынша 712 СБР;

– қазақ және орыс тілдерінде «Геометрия» пәні бойынша 600 СБР;

– қазақ және орыс тілдерінде «Физика» пәні бойынша 872 СБР;

– қазақ және орыс тілдерінде «Химия» пәні бойынша 920 СБР;

– «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша 548 СБР;

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Жаратылыстану» пәні бойынша 207 СБР;

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Дүниетану» пәні бойынша 240 СБР;

– «Ағылшын тілі» пәні бойынша 882 СБР;

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Информатика» пәні бойынша 240 СБР;

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «География» пәні бойынша 870 СБР;

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша 465 СБР;

– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Биология» пәні бойынша 1152 СБР.

Оқу жоспарына сәйкес ресурстар оқытылатын пәндерді толығымен қамтиды деп айтуға болады. Сонымен қатар, көптілділікті қолдайтын жүйе Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында оқытылатын тілдерде, сондай-ақ оқытылатын шет тілдерінде оқу материалдарын тануға мүмкіндік береді.

СБР міндеті – оқытушыны ауыстыру емес, қосымша оқу материалдарын ұсыну, білім мазмұнын ұсынуда жаңа мультимедиалық, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға мүмкіндік беру, оқушының назарын зерделеп отырған құбылыстың ерекшеліктеріне, оны көрнекілік арқылы көрсетуге тоғыстыруды талап ететін оқушылардың назарын оқу тақырыптарының неғұрлым маңызды аспектісіне аудару, сабақтың мазмұнын өмірмен, қоғамның қажеттіліктерімен, оқушылардың жеке өмірлік тәжірибелері және қызығушылықтарымен тығыз байланыстыруды қамтамасыз ету.

Әрбір СБР кіріктірілген кешенді ұсынады және құрамына оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша мультимедиалық түсіндірмелердің элементтері, интерактивтік тапсырмалар мен тест тапсырмалары кіреді. СБР-дің мұндай құрылымы электрондық оқыту жүйесінде оқушылардың өз бетінше белсенді жұмысын қамтамасыз етеді, ал мұғалімге сабақтың әрбір түрі немесе кезеңінің нақты дидактикалық материалдарынан туындайтын оқытуды ұйымдастыру кезінде – жаңа тақырыпты түсіндіруде, материалды бекітуде немесе оның білімді меңгеру дәрежесін тексеруде аталған ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Кәсіби диктордың баяндаған көрнекі көрермендік образдар арқылы теориялық материалдарды анимациялық ұсыну оқушының түрлі сезім мүшелеріне әсер етуін қамтамасыз етеді, ал бұл өз кезегінде тақырыпты бейнелі түрде қабылдауға әсерін тигізуге, пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Мектеп оқушылары көрнекі анимациялар мен бейнеклиптерді көре отырып, мектеп кабинетінде көрсету мүмкін емес нәрселерді терең танып-біле келе, танысып отырған құбылыстың мән-жайына терең бойлай түседі.

Сабақта анимациялық көрнекіліктер мен бейнероликтерді қолдана отырып жаңа материалды түсіндірудің педагогикалық амалдары мынадай мүмкіндіктер береді: проблемалық жағдаяттарды құру, салыстыру; зерделеп отырған құбылыстың басты белгілерін ажырата білу, белгілі бір дерек пен құбылысқа зейінін шоғырландыру; тірек сөздерді, терминдерді дәптерге конспектілеу, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, бейнеролик мәтінін қайталап айтып беру; оқушылармен әңгімелесу т.б.

Интерактивтік тапсырмалар оқушыларда пәндік білім, білік пен дағдыларды қалыптастыруға арналған, сонымен қатар олардың стандарттық емес есептерді шығара алу, өмірдің әртүрлі салаларында кездесетін проблемалар мен жағдаяттарды шеше алу қабілетін жетілдіреді. Тапсырмалардың түрлі болып келуі оқыту барысында білімді тек меңгеруден сол пән бойынша құзыреттерді қалыптастыруға қарай жүріп отырады, оқушылардың өмірдегі шынайы әрекеттерге шынайылықпен қатыса алмау мүмкіндігін жақсартады. Тәжірибелер оқушының түртпе арқылы басқарып отыратын виртуалды нысандармен түрлі операциялар жасауы арқылы іске асырылады. Бірізділікпен өтілетін нысандардың өзгерулері (геометриялық фигуралардың, зат формаларының, заттардың түстері т.б. өзгеруі) оқушыларға танымдық үдерісте белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай жұмыс оқушыларды шынайы өмірде мұндай тәжірибелерді жасау мүмкіндігі болмайтын жағдайттарда жаратылыстану ғылыми тәжірибелерімен таныстыруға мүмкіндік береді.

СБР-ға жаттығулар орындау, картамен жұмыс жасау, сәйкестіктерді белгілеу, сөйлемдерді толықтыру, кесте құру, сөзжұмбақ, ребус шешу т.б. тапсырмалар енгізілген. Математика, алгебра, геометрия пәндері бойынша СБР-да көптеген жағдайларда оқушыларға әрбір кездейсоқ таңдау бойынша ұсынылатын тапсырмалар базасының маңызы зор. Сол себепті, жауапты есте қалдырудың тек механикалық жаттанды түрінен оқушының саналы есте сақтауына қарай жүру логикасы қалыптасады.

Білімді бақылау автоматтандырылған тестілеу есебінен жүргізіледі, ол оқушылардың білім жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Әрбір тақырып бойынша бақылау сұрақтарының саны оқушылардың жас ерекшелігіне қарай және тестілеуге берілетін уақытқа қарай ауытқып отырады: 1-4-сыныптар үшін – 7 сұрақ, 5-9-сыныптар үшін – 10 сұрақ, 10-11-сыныптар үшін – 15 сұрақ.

Мұғалімдерге көмек ретінде сандық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша оқу-әдістемелік құралдары әзірленді:

– электрондық оқыту жүйесімен кіріктірілген оқу үдерісінде математика, алгебра, геометрия, физика, химия пәндері бойынша сандық білім беру ресурстарын пайдалану жөніндегі оқу-әдістемелік құрал;

– пәндер бойынша сандық білім беру ресурстарын қолданушылар нұсқауы;

– ЭОЖ-де «СБР дизайнері» модулін пайдалана отырып авторлық бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар.

Әдістемелік ұсынымдар ҚР БҒМ сайтында (https://e.edu.kz/102) «Педагогтерге арналған нұсқау» бөліміне орналастырылған. Оқу-әдістемелік құралдардың мақсаты – сабақтың әрбір түрі мен кезеңіндегі нақты дидактикалық міндеттерден туындайтын нақты сабақтарда мұғалімдерді СБР-ды пайдалану тәжірибесімен таныстыру. Педагогтер ұсынылатын сабақтың сценарийлерін толық не жартылай иемдене алады, ол үшін СБР материалдарын өзінің сабақ жоспарына енгізіп, сабақтың қай кезеңінде қолдануы керектігін алдын ала анықтап алады.

Бейнетаспа сабақтар дегеніміз – ол оқу танымдық бейне фильмдер мен анимациялық фильмдер. Ол оқу бағдарламасындағы жекелеген тақырыптар мен оқу ақпараттарынан тұратын, заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологиясын (бұдан әрі – АКТ) қолдану әдісімен толықтырылған, білім беру жағдайында сапаны көтеруді қамтамасыз ететін дидактикалық материалдар.

Оқу-танымдық бейнефильмдер мен аннимациялық фильмдер оқуға деген қызығушылықтарын дамыта отырып, функционалдық сауаттылық негіздерін қалыптастыруы керек. Оқу фильмдерін белгілеу – мақсат қою, іздеуге бағыт беру, оқу бағдарламасын толықтыру, оқу пәндерін қабылдауды тереңдету және т.б.

Оқу бейнесабақтары мен аннимациялық фильмдер оқушылардың орналасқан тұрғын мекеніне, олардың әлеуметтік мәртебесіне және денсаулықтарына қатыссыз сапалы білім алуға қолжетімді бірдей жағдай туғызуды қамтамасыз ету, жалпы білімнің сапасын арттыруға бағытталуы тиіс.

ЭОАЖ қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысында маңызды болады, яғни «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығына сәйкес қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды немесе мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту қызметін көрсетуде қолданылады.

Оқу бейнесабақтары мен аннимациялық фильмдерді пайдалану және жасау бүгінгі заманауи мультимедиялық жүйенің тиімді дамуына, оқытудың жаңа сапалы межесіне жетуге, өзге елдер арасында Қазақстанның өзіне тиесілі орнын алуына ықпал етеді.

Оқу-танымдық бейнетаспа және анимациялық фильмдер негізгі дидактикалық принциптерді ескере отырып әзірленуі тиіс:

– ғылымилық принципі – оқу материалы мазмұнының ғылыми нақтылығы, қолданылып отырған терминологияның қазіргі заманғы ғылыми түсіндірмемен сәйкестігі; шынайы жағдайлар, фактілер, құбылыстар мен үдерістердің бейнесі мен моделі; оқу материалы мазмұнының жүйелілігі; материалдың ғылыми ерекшелігі және оны оқыту әдістемесі;

– көрнекілік принципі – оқу материалының максималды көрнекіленуі; оқу материалын қабылдау мен әзірлеуде барлық сезім органдарын мақсатты түрде тарту; оқытылатын нысанды көрсету немесе барлық мүмкін нұсқалардағы көрінісі;

– қолжетімділік принципі – нақты жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқу материалының ұсынылуы; оқушылардың сөздік қорлары мен білім деңгейлеріне оқу материалы мен лексиканың сәйкестігі; оқушылардың зияткерлік, рухани, дене қимылының шамадан артық болмауы; фильмнің шамадан тыс болуының алдын алу мақсатында ақпараттар мөлшерінің нақты және ойластырылған болуы;

– саналылық принципі – оқушылар үшін оқу міндеттерін нақты қою; оқушылар қызығушылығына баса назар аудару және оқыту уәждемесін қалыптастыру; оқушылардың қарқынды ойлау қызметін ұйымдастыру; негізгі мәселеге назар аудара отырып, кадр құрылымының қарапайымдылығы арқылы басты тақырыптан ауытқымау;

теория мен тәжірибенің байланыстылық принципі – қоғам мен экономика дамуының заманауи үдеріске бағытталуы; оқу материалының тәжірибеге бағыттылығы;

– кезеңділік принципі – материалдың көрнекілік бөлігін біртұтас және өзара байланысымды қалыптастыру мақсатында бірыңғай тұжырымдамалық тәсілмен ұсыну;

– ғылыми баяндалу принципі – мәдени-ағартушылық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, журналистика мен ғылымның жинақтау техникасын көрсетуге бағытталған материалды қалыптастыру.

Электронды оқытуды енгізу жобасы аясында 1159 білім беру ұйымдарында, мектептер мен колледждерде мұғалімдердің бейне сабақтарын орналастыру үшін тораптарды сақтау орны құрылды.

Баламалы шешім ретінде мұғалімдер бейне сабақтарын, мысалы: www.mediakurs.kz, www.uchi.kz, www.wikipedia.org, edugalaxy.intel.kz, window.edu.ru, www.itest.kz, www.imektep.kz, www.bilimland.kz, www.apple.com/ru/education және т.б. сияқты жекеменшік бірлестіктердің порталдарына орналастыра алады.




13 Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
Қазақстандағы қосымша білім берудің жылдар бойғы қалыптасу тарихы және қазіргі жағдайына талдау оның төмендегі өзара әрекет етуші элементтер жиынтығынан тұратын белгілі бір жүйе ретінде қарастырыла алатынын көрсетеді: түрлі деңгейдегі және бағыттағы білім беру бағдарламалары; балаларға қосымша білім беру ұйымдары; білім беруді басқару органдары; қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырушы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық бірлестіктері.

Қазіргі уақытта адамның білімділігі тек арнайы (пәндік) білімдермен анықталмайды, отандық және әлемдік мәдениетте, құндылықтардың заманауи жүйесіндегі бағыт-бағдары бар, қоғамда әлеуметтік белсенді бейімделуге, өмірлік таңдау жасауға, өздігінен білім алуға және жетілуге қабілетті тұлға ретінде жан-жақты дамуына байланысты.

Сондықтан жалпы білім беретін мектептердегі білім беру үдерісі тек нақты бір білімге, біліктер мен дағдыларға ғана бағытталмай, сонымен қатар баланың әртүрлі жоспарлы дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктеріне, қабілеттіліктерін ашуға және адамның жеке даралығына жататын тұлғалық бастамаларына, өздігінен әрекет жасауына, қиялына, өзіндік ерекшелігіне бағытталуы қажет. Мектептің білім беру жүйесі бала тұлғасының жан-жақты дамуын, білім беруді дараландыру мен дифференциациялау проблемаларын шешуді ескермей, білім беруді транцляциялауға бағыттағанға дейін, оқушылардың өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі іске асыруы жарияланған ұран қалпында, жеке тұлғаға бағытталған тәсіл – орындалмайтын тапсырма күйінде қалуы мүмкін.

Бүгінгі тәжірибеде адамның білімділігіне қойылатын талаптар базалық білім берумен ғана қанағаттандырылмайтынын көрсетеді. Базалық білім беру адамның бейімділіктерін, қабілеттіліктерін және қызығушылықтарын, оның әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі тануын дамытудың негізгі факторы болып табылатын қосымша формалды емес білім беруді қажет етеді.

Республикада алғаш рет негізгі (базалық) және балаларға қосымша білім беру тең құқылы, әрбір баланың тұлғалық және жеке даралық дамуына қажет бірін-бірі өзара толықтыратын компоненттер ретінде қарастырылуда және осыған байланысты бірыңғай білім беру кеңістігін құрайды. Осы жағдайда мектеп білім алушылардың дамуындағы зияткерлік қателіктерді жеңе алады және оларды қоғамда сәтті әлеуметтендіру негізін жасай алады.

Жаңа білім беру стандарттарын енгізу жағдайында балаларға қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының құрылымына енгізу өзектілігі мектепте алған білімнің тәжірибелік жағын, білік пен дағдыларын, білім алушылардың танымдық мотивацияларын ынталандыруға жағдай жасайтын жалпы білім берудің вариативтік құрамдас бөлігін күшейту қажеттілігімен байланысты. Қосымша білім беру жағдайында балалар өздерінің шығармашылық әлеуеттерін, заманауи қоғамға бейімделу дағдыларын дамыту және бос уақыттарын толық ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Бала тұлғасын «жақын арадағы даму аймағы» ретінде балаларға қосымша білім беру, балалардың қалауларымен қажеттіліктерінің әрқашан ұштасатын, білім беру үдерісін жекелендіруді, мектептің, ауданның, өңірдің білім беру үдерісінде әр балаға жеке білім беру траекториясын жасап шығаруды қамтамасыз ете алады.

Қазіргі кезде жас ұрпақты тәрбиелеуде қосымша білім берудің рөлі ұлғайып келе жатыр. Олардың өмірде өздігінен дамуын қамтамасыз ететін балалардың қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтауға және дамытуға байланысты әлеуметтік проблемаларды шешеді.

Балаларға қосымша білім беру, тұлғаны оқытудан, тәрбиелеуден және шығармашылық дамытудан басқа, әлеуметтік маңызы бар басқа да проблемалар қатарын шеше алады, олар: балалардың бос уақытын қамтуды, олардың өздігінен жетілуін және әлеуметтік бейімделуін, салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, бақылаусыздықтың, құқық бұзушылықтың және балалар мен жасөспірімдер арасында бейәлеуметтік көріністердің алдын алады. Балаларға қосымша білім беру негізінде таңдау бойынша сапалы білім беруді қамтамасыз етеді, балалар мен жанұялардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын, жалпы қоғамның сауықтыру проблемаларын шешеді.

Балаларға қосымша білім беру балаға өзінің жеке дара білім алу жолын анықтауға, өзінің қабілеттеріне сәйкес, оқу үлгеріміне қатыссыз, табысқа жету мүмкіндігін береді. Қосымша білім беруде бала сабақтың түрлерін, мазмұнын өзі таңдайды, сәтсіздіктен қорықпайды. Осының барлығы табысқа жетудегі психологиялық ахуал тудырады, бұл өз кезегінде оқу ісіне оң әсерін тигізеді.

Қосымша білім берудің міндеттерін іске асыруда, мектеп, бір жағынан, білім беру стандарттарын меңгерту қажеттілігімен, екінші жағынан, білім беруді ізгілендірудің негізі болып табылатын білім беруді жаңғыртудың маңызды принциптерінің бірі – тұлғаның еркін дамуына жағдай жасау арасындағы барлық қарама-қайшылықтарды шешеді. Гуманистік педагогика баланы жеке дара тұлға ретінде қабылдауға, оның өздігінен дамуы және өзін-өзі анықтау құқығын қорғауға бағытталуымен ерекшеленеді. Қосымша білім беру саласының осы өлшемдерге ең көп жауап беретіндігі анықталды. Мектеп стандарттарын меңгеруге, пәнге бағытталған, базалық білімге қарағанда, ол өзінің мағынасына байланысты тұлағаға бағытталған болып табылады. Тек мектеп қабырғасында білім берудің екі түрінің түйісуі негізінде бөлек бір баланың, сондай-ақ барлық білім беру ұйымдарының дамуына септігін тигізе алады. Бұл жағдайды түсіну – қосымша білім беруді негізгі білім берумен тең дәрежеде қабылдау жолындағы мектеп педагогтерінің психологиялық бөгеулерді жеңу негізі.

Қосымша білім беру қызметінің негізгі мақсаты балаларға өз ойларын білдіруге, өздігінен дамуға және өзін-өзі анықтауға жағдай жасау. Бұл мақсатты іске асыру үшін білім алушыны объект ретінде қарастырмай, белсенділік, дербестік, коммуникативтілік сияқты жеке қасиеттерді дамытуда мүмкін болып табылатын оқытудың субъектісі ретінде қарастыру қажет.

Балаларға қосымша білім беру жүйесінде білім беру үдерісі нақты өзіне ғана тән сипаттамалық ерекшеліктері бар:

– негізгі оқу уақытынан бос уақытта балалармен іске асырылады, бағыт және қызмет түрлерін таңдау, жыл бойы қызмет көрсету саласын ауыстыру мүмкіндігі болуымен ерекшеленеді;

– еркіндікпен, бастамалармен және барлық қатысушылардың белсенділігімен (балалардың, ата-аналардың, педагогтердің), қатаң реттелмеуімен және қатаң талаптардың жоқтығымен сипатталады;

– білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған танымдық қызығушылықтарын дамытады және білім алушыларға сабақтардың түрлі бағыттары мен түрлерін үйлестіру құқығын береді;

– оның барлық қатысушыларына формалдық емес жайлылық сипатта болады.

Тек білім беру үдерісіне ғана сенім артуға болмайтыны туралы айтатын уақыт туындады, қосымша білім беруді екінші кезекте қабылдау стереотипін артта қалдыру қажет және оның оқытудың, тәрбиелеудің, баланы дамытудың ортақ үдерісіне біріктіре алатын объективті мүмкіндігін түсіну қажет.

Жалпы білім беретін мектептерде балаларға қосымша білім берудің толық дамуы келесі міндеттерді орындайды:

1) қосымша білім беру жүйесі әр балаға көңіліне жақын сабақты таңдауға, оқушылардың бос уақыттарын толық қамтамасыз етуге, көптеген пәндерді терең оқуға мүмкіндік береді;

2) мектепте қосымша білім беру аясында оқушылармен жұмыс жасау маңызды тәрбиелік міндеттерді атқарады: оқушылардың бос уақытын мақсатқа сәйкес ұйымдастырады, шығармашылық тұлғаны қалыптастырады, әлеуметтік, мәдени және кәсіби өзін-өзі анықтауға жағдай жасайды, бейәлеуметтік тәртіпті алдын алады;

3) биология, физика, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі және басқа пәндер бойынша пәндік кеңес беру осы пәндерден оқушыларға жобалық және зерттеушілік қызметтердің негіздерін оқуға мүмкіндік береді;

4) қосымша білім беру жүйесі педагог кадрлардың шығармашылық әлеуеттерін жоғарылатуға, педагогикалық үздік тәжірибені анықтауға және таратуға мүмкіндік береді;

5) инновациялық педагогикалық идеяларды, білім берудің модельдері мен технологияларын белсенді қолдануға жағдай жасайды.

Балаларға қосымша білім беру жүйесінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы (19-бап);

2) «Қазақстан Республикасында баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы (19-бап);

3) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (№ 1, 4, 5, 6, 11, 14, 23, 28, 37, 51, 52, 63, 65-баптар);

4) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы №148-ІІ Заңы;

5) «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдегі № 591 (12- бап) Заңы;

6) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсаннан №1400 қаулысы (6-бап);

7) «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы


30 қаңтардағы №77 қаулысы ( Барлық білім беру ұйымдарына ортақ жекелеген лауазымдар бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
8 тараудың 29-бабы);

8) «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысы;

9) «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысы;

10) «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығы, сондай-ақ ҚР басқа да нормативтік және құқықтық актілері.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне мектептен тыс ұйымдар желісін кеңейтуді тапсырды (2012 жылғы 13 қарашадағы № 03-10.5 ДСП).

Қосымша білім беру жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында және белгіленген міндеттерді есепке ала отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстанда балаларға қосымша білім беру жүйесін дамыту стратегиясы, Қазақстан Республикасында балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін дамытудың 2015-2018 жылдарға арналған тұжырымдамалық тәсілдері, Қазақстан Республикасындағы балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың 2015-2018 жылдарға арналған тұжырымдамалық тәсілдері әзірледі.

Жоғарыда аталған құжаттарда балалар мен жастардың әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі анықтауында икемділігін, қабілеттілігін және қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік беретін балаларға қосымша білім беру жүйесінің маңыздылығы мен мәні анықталған.

Негізгі және балаларға қосымша білім беруді интеграциялау заманауи педагогикада ең маңызды мәселелердің бірі болып табылатын тәрбие, оқыту және дамыту үдерістерін жақындастыруға мүмкіндік береді. Негізгі білім мазмұнына сүйену білім беру ұйымдарында балаларға қосымша білім беруді дамытудың маңызды рөлі болып табылады.

Бұл бағытты дамыту қажеттігі білім беру қызметтерінің қосымшалылығын қамтамасыз етудің негізіндегі ұйымдар қызметінің әртүрлі типтер мен түрлерін вертикалды және горизонталды үйлестіру принциптерін жүзеге асыру контекстінде бірыңғай білім беру кеңістігін сақтау идеясына негізделеді.

Қазақстандық білімді дамытудың жаңа мақсатты тұжырымдау контексінде құзыреттілік тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған тұлғаның білімділік мағынасын ашып көрсететін тіршілік әрекетінің (танымдық, еңбек, азаматтық-қоғамдық, тұрмыстық, мәдени-бос уақыт) әр түрлі саласындағы түрлі қиындық деңгейіндегі міндеттерді шешу қабілеттілігі, қосымша білім берудің талабы айтарлықтай өсіп келеді.

Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруға дайындығының жоғары деңгейін қалыптастырудың қажет жағдайында қызмет бағыттарының спектрін кеңейту баланы оқыту және тәрбиелеу үдерісінде тұлғаға бағдарланған тәсілдің өзектілігін, оның шынайылығы мен нәтижелілігін қамтамасыз ету негізгі (жалпы және кәсіби) және қосымша білім беруді интеграциялау есебінде мүмкін болатынын болжайды.

Академизм және мектеп білімі жағдайынан ерекшеленетін білім беру үдерісін ұйымдастырудың қатаң түрлері оқытуда қызметтік тәсілді шамалы қамтамасыз ете алмайды.

Қазіргі мектепте мазмұн мен технологияларды мақсатты тұжырымдау контексінде өзгертудің инновациялық сипаттамасы айтарлықтай дәрежеде қосымша білім беру есебінен күшейтілуі мүмкін, оның сипаты қызмет түрлерін еркін таңдауды, білім алушылардың жоғары бейімділігін, яғни, жеке тұлғаның нақты шығармашылық ашылуын болжамдайды.

Қосымша білім беру жүйесі білім алушылардың дамуына елеулі үлес қосуға икемді, олардың білім беру кеңістігін кеңейту негізінде жеке тұлға дамуының мақсатты тұжырымдау және мақсатты жүзеге асыру субъектісі ретінде қажетті ақпарат көздер санын көбейту, пәнаралық және пән үстілік білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беру.

Бұл түрлі типті және түрлі ұйымдардың республика, облыс, қала, кент, ауыл, аудан білім беру кеңістігі жағдайында білім алушылардың білім бағдарын тұрғызуда интеграциялық байланысын күшейту есебінде мүмкін болады.

Қосымша және жалпы орта білім беру ұйымдарының дәстүрлі әрекеттестік бағыты біріккен қызметтің мазмұнды бағытын дамыту негізінде: интегративтік білім беру бағдарламаларын құру және жүзеге асыруы айтарлықтай кеңейтілуі мүмкін.

Негізгі білім берудің қосымша білім беру белгілі бір жас ерекшелігі жағдайларында жеке тұлғаны дамытудың мақсатты тұжырымдау ерекшелігіне сүйене отырып, өзінің мазмұндық модулін ұсынуға қабілетті:

мектепке дейінгі білім беру деңгейінде – мектепалды дайындығы;

бастауыш білім беру деңгейінде – оқушының өз ұстанымын меңгеруіне көмектесу: әртүрлі білім беру қоғамдастықтарына қосу;

негізгі орта білім беру деңгейінде жеке тұлғаның өз орнын табу процесін қолдау: әртүрлі қызмет салаларында маңызды проблемалар спектрін кеңейту және оларды шешудің тәжірибесіне ие болу;

жалпы орта білім беру деңгейінде – оқушылардың кәсіптік айқындалу процесін сүйемелдеу, кәсіпке дейінгі дайындықпен қамтамасыз ету.

Білім беру бағдарламаларын жобалауда интегративті тәсілді мазмұнның метапәндік немесе пәнүстілік деңгейлеріне шығуға мүмкіндік беретін, білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен құзыреттілігін (құқықтық, ақпараттық, экологиялық, этикалық, көркем, дене шынықтыру) және тиісінше зерттеу, жобалық, рефлексивті сияқты меташеберлігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін метабағдарламалар құру негізінде қамтамасыз ету мүмкін. Осындай нәтижелерге жету құнды-мағыналы келісім мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру түрі, білім алушылардың жетістіктерін бағалау формасы есебінде мүмкін болады. Бұл мектеп, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдары жағдайында белгіленген қадамдарды бірігіп талқылау және жүйелі түрде жүзеге асыруды болжайды.

Жұмыстың жаңа бағыттарының тиімділігі ұйымдардың желілік әрекеттестігінің адекваттық үлгілерін жүзеге асыруды болжайды. Біріккен ұйымдастыру қызметінің негізгі нәтижелері ретінде, оның мәнін түсіну және сапалы жүзеге асыру жағдайында білім беру қызметінің барлық тұтынушыларына сапалы білім алу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік беретін оның элементтер құрылымына кіретін интеграциялық әсерді күшейту есебінде білім беру жүйесін дамытудың жаңа деңгейі болуы мүмкін.

Білім берудің әр кезеңінде білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері есебінде қосымша білім беру міндеттері өзгереді:



бастауыш мектеп - балалардың танымдық мүмкіндіктерін кеңейту, олардың жалпы және арнайы мүмкіндіктерін диагностикалау, қосымша білімді кезекті таңдауға жағдай жасау.

негізгі мектеп - теориялық білім мен практикалық дағдылары қалыптастыру, қызметтің таңдалған саласында тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін ашып көрсету.

орта мектеп таңдалған салада білім, білік, дағдының жоғары деңгейіне жету, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі анықтауына, және кәсіптік бағдарына жағдай жасау.

Балаларға қосымша білім берудің басқада маңызды рөлі – оның ең басты құрамдас бөлігі. Ересек пен баланың біріккен шығармашылық қызметі үдерісінде тұлғаның адамгершілік сапасы дамиды.

Бұл жағдаймен балаларға қосымша білім беру жүйесінің тағы бір ерекше рөлі тығыз байланысты – өтемдеуіш (немесе психотерапиялық), сондықтан дәл осы салада мектеп жағдайында білім алатын балалар білім беру үдерісінде әрдайым ала бермейтін қолдаудың жеке даму қабілеттілік мүмкіндігін алады. Негізгі мектеп пәндерінен шамалы үлгерседе, көркем студия немесе спорт секцияларынан ол көшбасшылар қатарынан көрінуі мүмкін.

Эмоциялық қанықтық – жалпы білім беретін мектеп жағдайында балаларға қосымша білім беруді дамытудың тағы бір ерекшелігі. Әлемге эмоциялық-құнды қарым-қатынас баланы толғандыратын сұрақтарға жауап іздеуге көмектесетін жарқын тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына үндеу үдерісінде қалыптасуы мүмкін. Хрестоматиялық оң үлгілер мысалдарында тәрбиелеудің орнына нақты, шынайы бар адамның уайымы мен толғануына, оның ізденістері, қателіктері, шарықтауы мен құлауына жүгінсе ғана, балалар оның тағдырына, күресіне, мұратына сенеді.

Балаларға қосымша білім беру тағы бір маңызды рөлді атқарады – мектептің мәдени кеңістігін кеңейтеді.

Осы салада баланың мәдениет құндылықтарымен танысуы оның жеке қызығушылықтары, ұлттық ерекшеліктері, микросоциум дәстүрлері есебінде болады.

Білім беруге мәдениеттанушылық тәсіл баланың ақпаратпен аса қанығуына қарсы тұруға мүмкіндік береді, тиісінше оның жанының азуына, мәдени-тарихи тәжірибе мұрагерлігінің барлық жүйесінің күйзелісіне, ұрпақ байланысының үзілуіне, дәстүрдің жоғалуына әкеп соғады. Балаларға қосымша білім беру тарих пен мәдениеттің: орыс және көрші халықтардың шынайы өзара әрекеттілігі мен баюын орнатуға мүмкіндік береді. Балаларға қосымша білім берудің бұл ерекшелігі жас ұрпақтың мемелекеттік білім беру стандартының өңірлік кешенінде оған ерекше орынды қамтамасыз етеді.

Балаларға қосымша білім берудің ерекше орны оқушылардың әлеуметтік бейімделу мәселелерін шешуге және кәсіби өзін-өзі анықтауында болып табылады.

Қосымша білім берудің рөлі – жасөспірімдерге дұрыс таңдау жасауға көмектесу. Сондықтан қызығушылығы бойынша сабақтардың ішінде бүгін тәжірибеге бағытталған әртүрлі курстарды (автомобиль жүргізу, теле- және радиоаппаратураны жөндеу, тоқыма тоқу, дизайн және т.б.) кездестіруге болады. Тағы бір үлкен сәттілік, әсіресе жоғары сынып оқушылары іскерлік өмірде (компьютер және байланыстың электрондық құралдары, іс-қағаздар, бухгалтерлік есептің қыр-сырын меңгеру) табысты қамтамасыз ететін білімге ие. Өзінің әлеуетті қабілеттерін ашу және мектеп жылдарында оларды жүзеге асыруға тырысу бітіруші үшін қоғамда шынайы өмірге жақсы дайындалу, қойылған мақсаттарға жетуге үйрену, өркениетті және оның жетістіктерінің құнды құралдарын таңдау болып табылады.

Оқушылардың әлеуметтік бейімділігі үшін қызығушылығы бойынша әртүрлі шығармашылық бірлестіктер жұмысына қосылу маңызды, заманауи жағдайда ерекше құндылыққа ие болатын әртүрлі жастағы қарым-қатынас кеңістігінде табылады: бұнда балалар өз ынтасын білдіре алу, дербестік, көшбасшылық қасиеттер, басқалардың қызығушылығын есепке алып ұжымда жұмыс істей алу.

Мектепте балаларға қосымша білім беруді дамытудың ерекшеліктері:

– негізгі білімнің құндылықтарын позитивті қабылдау және оның мазмұнының табысты меңгеруі үшін кеңейтілген жалпы мәдениет пен эмоциялық-бояулы фонды құру;

– «жалықтырмайтын» тәрбиені жүзеге асыру – өскелең ұрпақтың «байқалмайтын» адамгершілік, рухани, мәдени бағдарын қалыптастыру үдерісіндегі балаларды қызметтің тұлғалық маңызды шығармашылық түрлеріне қосу арқасында болады;

– қызметтің барлық түрлеріне (көркемдік, техникалық, спорттық және т.б.) ерекше қызығушылық білдіретін, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында өз қабілеттерін жүзеге асыратын оқушылардың бағдары;

– оқушыларға жеке білім беру жолын анықтау, өмірлік және кәсіби жоспарды нақтылау, маңызды тұлға қасиетін қалыптастыру үшін қажет болатын негізгі білім беруде барлық оқу курстарының (негізінен гуманитарлық бағыт) болмауын өтеу.

Қосымша білім беру балалардың рухани, зияткерлік, дене даму тұрғысында, шығармашылық және білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қосымша мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге міндетті. Балаларға қосымша білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - әр балаға білім беру салаларын, қосымша бағдарламаның бейінін және оны меңгеруге кететін уақытын еркін таңдауға мүмкіндік жасау. Бұл мақсатты орындау қызмет түрлерінің алуандығын, білім беру үдерісінің тұлғаға бағытталу сипаттамасын, оның тұлғасын тануға және шығармашылыққа деген уәждемесін дамытуға бағытталуына, балалардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, оларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, білім беру ұйымдарындағы балаларға қосымша білім беру өзіндік құндылықты меңгерген сала болып табылады, сондай-ақ бірыңғай білім беру кеңістігін құруға бағытталған және оқушыларда әлемді қабылдаудың біртұтастығын қалыптастыру; тұлғаның жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытуға жағдай жасау.

Заманауи мектепте балаларға қосымша білім беруді ұйымдастырудың жолдары.

Балаларға қосымша білім беруді дамытуды зерделеу қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде оны ұйымдастырудың негізгі төрт моделі бар екендігін көрсетеді. Қосымша білім берудің бағдарламалары бойынша жұмыс жасайтын балаларды сабақтан тыс жұмыстар жүйесіне тарту нақты әрбір мектеп қарастыратын қосымша білім берудің қандай деңгейді көздеулеріне сәйкес, өзінің ерекшеліктері болуы мүмкін және әртүрлі тәрбиелік қорытындыларға жетуі мүмкін. Олар мынадай болуы мүмкін:

1) жұмыстары бір-бірімен сәйкес келмейтін және сол уақытта бар кадрлық және материалдық жағдайларға толығымен тәуелді үйірмелер, секциялар, клубтарды кездейсоқ ашу;

2) балалар шығармашылық ұжымдарының және бірлестіктерінің жұмыстарын ішкі шоғырландыру, олардың қызметтерінің әртүрлі бағыттарға бағытталуы;

3) балаларға қосымша білім беруді дамытуды мектептің жеке бөлімшесі ретінде қарау;

4) негізгі және балаларға қосымша білім беруді кіріктіру, мектептің негізгі құрылымының мазмұндық және ұйымдастырушылық бірлестігі.

Мектеп жұмысының тәжірибесінде жоғарыда көрсетілген барлық ұйымдастырушылық модельдерді қолдануға болады. Қазіргі кезде мектептерде қосымша білім беруді ұйымдастырудың бірінші екі деңгейіне артықшылық береді. Кіріктіру үдерісін іске асыру жағдайында үшінші және төртінші деңгейлер өздерінің жеке тәрбиелік жүйесін құруға бағытталған мектептерге тән.

Әр модель, кім оларды жобалап және алдыңғы уақытта тәжірибеде іске асыратын болса, барлығы үшін нақты бір құндылықтармен қамтамасыз етеді. Мектепте қосымша білім беруді ұйымдастырудың бірінші деңгейі негізіндегі модельдердің нақты бір мән-мағынасы бар, өйткені, балалардың бос уақытын қамтамасыз етеді және олардың сабақтан тыс жұмыстарының спекторларын анықтауға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі модельдер балаларды, сонымен қатар балалар мен ересектерді біріктіретін (қауымдастықтар, шығармашылық зертханалар, экспедициялар, шеберханалар және тағы басқалар) өздерінің өзгешелік түрлерімен ерекшеленеді.

Ұйымдастырушылық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлерінде құрылған модельдер балалардың қосымша білім беруге әртүрлі сұраныстарын қанағаттандыруды қамтамасыз етуге және сонымен бірге бұдан да маңызды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай жетістіктерге жету тәрбиелік бағдарламалардың мазмұнын бірлесе әзірлеу арқылы барлық субъектілер жұмыстарының бірлігі есебінен мүмкін болады. Бірінші жағдайда, ортақ бағдарлама негізінде жұмыс жасайтын, тәрбиелік қызметтің жалпы мектептік компоненті ретінде қарастырылатын, барлық қосымша білім беру педагогтері қызметтерінің бірлігі есебінен іске асырылады. Екінші жағдайда –мазмұн деңгейінде, сондай-ақ технологиясы деңгейінде негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын қосымша білім берумен кіріктіру есебінен іске асырылады.

Ішкі, сондай-ақ сыртқы механизмдерді қолданатын ұйымдастырушылық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлерін іске асырумен құрастырылған модельдер, басымдық ретінде қарастырылады, себебі олар мектептегі білімнің барлық деңгейлерінде жаңа стандарттармен қарастырылған тәрбиелік жүйе құруға бағытталған.

Мектептегі қосымша білім беру міндетті түрде қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын басшылыққа алатын, қызығушылықтары бойынша құрылған балалардың түрлі шығармашылық бірлестіктерінің жетекшілері іске асырылады.

Мектептегі қосымша білімнің бағыттары: көркем-эстетикалық, әлеуметтік-педагогикалық, туристік-өлкетану, экологиялық, зияткерлік, спорттық-сауықтыру және тағы басқа.

Сабақтан тыс жұмыстар мен қосымша білім берудің маңызды байланыстырушы буын пәндік үйірмелер болып табылады: бұл міндетті оқу материалымен байланыс; білімге, біліктікке, дағдыға және жеке дамуға бағытталу; сабақтарға міндетті немесе ерікті қатысу; білім беру материалының көлемін және оны меңгеруге кететін уақытты таңдау мүмкіндігін береді. Бір жағынан бұл пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал басқа жағдайда – қосымша білім берудің бөлімі.

Білім беру үдерісінің баланың дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктерін, қабілеттерін ашуға бағытталғандығы маңызды. Мұнда білім беру үдерісінің нысандалған сипаты аз, сондықтан ол бала дамуының табиғи негізіне жақын болып келеді. Білім алушы қызметтің белсенді субъектісі болып табылады, білім алу міндеттерін белсенді шешеді: бақыланатын көріністердің мәнін және себептерін түсіндіреді, қызметті орындау түрлерін анықтайды, бақылау объектілерінің арасындағы тәуелділікті және тағы басқаны зерттейді.

Егер мектепте оқытуды жекелендіру ережесіне сәйкес бастама мұғалім тарапынан болатын болса, ал балаларға қосымша білім беруде, өзіне қызықты қызмет түрін анықтау, ең алдымен, баланың тарапынан болады. Педагогтің позициясы өзгереді:ол тек қана білім тасымалдаушысы ретінде қарастырылмай, сонымен қатар оқушының тұлғалық қалыптасуына көмекші ретінде қарастырылады: ынтымақтастықтың, формалдық емес қарым-қатынастың идеясы бекітіледі. Қосымша білім берудің педагогі кеңес берушінің қызметін орындауда балаларға тұлғалық тұрғыда жиі және қатты әсер етеді. Осы жерде оның тұлғалық қасиеттеріне жоғары талаптар қойылады.

Баланы дамыту мақсатына жету үшін білім беру үдерісінде ұйымдастырудың жеке және ұжымдық түрлерін, оқытудың проблемалық түрлерін (жұптық әрекеттестік, шағын топтар, топтар арасындағы әрекеттестік) қолдану қажет. Оларды қолдану білім алушы мен педагог позицияларын ауыстырады, олардың әрекеттестіктерінің субъект-субъектілік сипаттамаларын іске асыруға көмектеседі, қарым-қатынас жасаудың демократиялық стилін және педагог қызметінің ашық диалог және рефлексивті түрлерін күшейтеді.

Оқытудың жекелендіру мен дифференциациялау проблемаларын, өзін-өзі анықтау және тұлғаның өзін-өзі іске асыруды шешу жағдайында балаларға қосымша білім берудің мәні ұлғая түседі.

Қосымша білім беру педагогінің қағидалық ұстанымы – бала тәрбиелеу, бұл жағдайда пән мақсат емес, ол тұлғаның барлық қырларын: ой-өрісін, тәжірибелік ақылын, еңбексүйгіштікті, дене дамуын және өзін-өзі жетілдіру, мінезі мен рухын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру құралы болып табылады.

Басқаша айтқанда, қосымша білім беру – баланың бай ішкі жан дүниесіне еніп, оны түсіну және мүмкіндіктерін ұлғайту болып табылады.

Қосымша білім беру жүйесіне тиісті технологияларды мектептің оқу үдерісіндегі сабақтарда қолдануға болады. Олар кешенді сабақтар, оқу жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар, пәндік технологиялар болуы мүмкін. Олар әдеттегідей сабақтың шегінен шығатын оқытушының басшылығымен білім алушылардың өзіндік жеке және топтық іс-әрекетін қарастырады. Сонымен қатар, мектеп сабақтары оқу сабақтарының аясында материалдың мазмұнын тереңдету мен кеңейту арқылы және сабақтан тыс қызметтеріндегі әртүрлі нысандарда мектеп сабақтарының бөлек элементтерін қолдану арқылы қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үдерісінде жалғасын табуы мүмкін.

Бір жағынан негізгі және қосымша білім беруді кіріктіруді дамыту мектептің әртүрлі мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарымен әрекеттесу қызметі болып табылады. Бұл оқушыларды көркемөнер, спорт, туристік-өлкетану және басқа қызметтерге тартудың өте жақсы мүмкіндігі. Әрекеттесу қызметі жұмыс жоспарын үйлестіруге, мектеп және қосымша білім беру ұйымдарының мүмкіншіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Мектепте қосымша білім беруді ұйымдастыру кезеңдері

Егер мектепте бұрын қосымша білім беру блогы болмаған жағдайда, әкімшілік кезең-кезеңімен келесі талдамалық және ұйымдастырушылық іс-әрекеттерді жасауы керек.



1-кезең – талдамалық.

Осы кезеңдегі дайындық жұмыс келесіні қамтиды:

– мектептің мақсаты мен міндеттеріне мұқият талдау жасау. Балаларға қосымша білім берудің бағыттарын педагогикалық ұжымның мақсатына, бағытына, міндеттеріне, жоғары сыныптардағы бар немесе жоспарлаған бейінінің сипатына байланысты тандаған мақсатты болады;

– қосымша білім беру қызметтеріне балалардың және ата-аналардың сұранысын анықтау. Олардың қажеттіліктерін сауалнамалар, ауызша сұрау, ата-аналар жиналыстарында ұжымдық талқылау арқылы анықтау;

– мектептегі бар факультативтік курстарды, сонымен қатар жұмыс істейтін үйірмелерді, секцияларды анықтап, оларды балалардың және ата-аналардың сұраныстарымен салыстыру;

– балаларға қосымша білім беру ұйымдары ұсынатын қосымша білім беру қызметтерін зерттеп, олармен біріккен жұмыстардың түрлерін ойластыру;

мұғалімдердің, ата-аналардың, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетіне талдау жасау;

– мектептің материалдық-техникалық мүмкіндіктеріне баға беру;

– директордың ғылыми және оқу-тәрбие жұмыстары бойынша орынбасарларының, қосымша білім беру педагогтерінің, сынып жетекшісінің, ұзартылған топтың тәрбиешісінің, тәлімгердің, қосымша білім беру әдіскерінің лауазымдық міндеттеріне талдау жасау;

– балаларға қосымша білім беру ұйымдары бойынша негізгі құжаттарды (заңдар, қаулы, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер), сонымен қатар республикалық және өңірлік деңгейдегі бағдарламалық құжаттарды оқып білу;

Алдын ала жасалған талдау қосымша білім беру қызметтеріне әлеуметтік тапсырыстар мен мектептің нақты мүмкіндіктері туралы түсінік береді.

2-кезең – жобалау.

Осы кезеңнің негізгі міндеті – мектепте қосымша білім берудің жалпы сызбасын дайындау. Оны дайындау үшін келесі сұрақтарға жауап беру керек:

– мектепке қосымша білім берудің қандай бағыттары қажет және қандай шамада мақсаттары мен міндеттерін іске асырады;

– осылардың қандай бағыттарын және қандай формада мектеп базасында, қандайын балаларға мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының базасында іске асыру қажет;

– қайсысын педагогтердің, шақырылған мамандардың, ата-аналардың, жоғары сынып оқушыларының көмектері арқылы іске асыруға болады;

– балаларға қосымша білім беру саласында мектептің негізгі материалдық-техникалық базасын қандай шамада қолдануға болады;

не арқылы оны дамытып, жетілдіруге болады;

– бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды қосымша білім беру бағыттары мен формаларында қалай қалыптасуды үйретуге болады;

– білім алушылардың сұраныстарына сәйкес қосымша білім беру арқылы қандай кәсіби деңгейге дейінгі немесе кәсіптік бейімделу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін, мектептегі сабақ кестесі мен тәрбие жұмыстарының жоспарын байланыстырып, қосымша білім беру блогының жұмыс кестесін құру.



3-кезең – мектепті қосымша білім берудің ұйымдастырушылық және бағдарламалық-әдістемелікпен қамтамасыз ету.

Жобалау кестесі іске аспай тұрып үйірмелердің, студиялардың, секциялардың, клубтардың жұмыстары ұйымдастырушылық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау алу керек. Біріншіден, ол үшін мектеп жарғысына қосымша білім беру блогын ұйымдастыру жөнінде бап енгізу керек.

Бұл бап әр мектепте іске асырылатын қосымша білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны мен түрі анықталғыш бағыты бар аса маңызды жеке сипаты болады. Сонымен қатар, тұжырымында бірнеше міндетті жағдайларды айқындау қажет:

– білім беру ұйымдары қандай мақсатпен қосымша білім беру бағдарламаларын (тұлғаның жан-жақты дамуы, өздігінен білім алуда балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, оқытуда бейіндікті қамтамасыз ету және т.б.);

– мектептерде балаларға қосымша білім беру қандай бағыттарда жүзеге асырылады;

– оның мазмұны қандай бағдарламалардың (үлгілік, модификацияланған, авторлық) түрлерімен анықталады;

– балалар бірлестіктерде (үйірмелер, клубтар, студиялар, секциялар т.с.с.) қосымша білім беру аясында білім беру үдерістері қандай нысанда іске асырылады;

– қосымша білім бағдарламалары бойынша кім білім алады;

– педагогикалық қызметтерге осы бағдарламаларды іске асыру үшін кім жіберіледі;

– мектепте балаларға қосымша білім беру қандай негізде (ақылы, тегін, аралас) іске асырылады?

Бапты тұжырымдау неғұрлым кәсіби тұрғыда болуы үшін, оны дайындағанда мақсатты нормативтік құқықтық құжаттарды қолдану.

Екіншіден, мектепте қосымша білім берудің блогы туралы Ереже дайындау.

Үшіншіден, мектеп бір немесе бірнеше арнайы ұйымдармен – балалар шығармашылық орталығымен (үйлерімен), балалар спорт мектептерімен, мұражайлармен, кітапханалармен тағы с.с. әрекеттесу туралы шарт жасау;

Төртіншіден, қосымша білім беру блогында жұмыс істейтін барлық педагог қызметкерлерге лауазымдық нұсқаулар дайындау.

Сонымен қатар, лауазымдық нұсқаулар олардың мақсаттарын, қызметтерін, құқықтарын, міндеттерін, жауапкершіліктерін белгілейді және келесі жағдайларда қажет:

– мектептегі қызметкердің мәртебесі мен жұмысының көлемін анықтау қажет;

– оның кәсіби міндеттерін көрсеткенде, белгісіздікті жою және қызметтердің шеңберіне шек қою.

Білім беру үдерісін ұйымдастыру.

Қосымша білім беру блогының жұмысы жылдық және жоспарлардың басқа түрлерімен, мектеп директоры немесе оның қосымша білім беру жөніндегі орынбасары бекіткен қосымша білім беру бағдарламалары және жоспарлары негізінде іске асырылады.

Қосымша білім беру блогында оқу жылы 15 қыркүйекте басталады және ағымдағы жылғы 25 мамырда аяқталады. Жазғы каникул кезінде білім беру үдерісін (білім беру бағдарламаларында қарастырылған жағдайда) жорық, жиындар, плэнерлер, экспедициялар, түрлі бағыттардағы лагерлерде және тағы с.с. жалғастыруы мүмкін. Осы кезеңде білім алушылардың құрамы өзгермелі болуы мүмкін. Көп күндік жорықтарға шыққан жағдайда педагогтің жүктемесін көбейтуге рұқсат етіледі.

Балаларға қосымша білім беру бірлестіктеріндегі сабақ кестесі балалардың және жасөспірімдердің міндетті оқу жұмыстарына қосымша жүктеме болып табылатынын ескере отырып құрастырылады.

Осыған байланысты, әрбір баланы бірлестікке қабылдағанда, денсаулығының жағдайы туралы анықтаманы және таңдаған бейіні бойынша қосымша білім беру топтарында оқуға мүмкіндіктері туралы дәрігерден қорытындысын көрсетуі қажет.

Сабақ кестесін оқу жылының басында білім алушылардың ең қолайлы еңбек және демалыс тәртіптерін ескере отырып, педагог қызметкерлердің ұсынысы бойынша әкімшілік құрастырады. Сабақ кестесін мектеп директоры бекітеді. Сабақтарды ауыстыру немесе сабақ кестесін өзгерту қосымша білім беру блогы бойынша әкімшілік келісімі бойынша жасалады және құжатпен ресімделеді. Мектептегі каникул кезіңде сабақтар арнайы кесте бойынша өткізіледі.

Балалар бірлестігінің тізімдік құрамы:

- бірінші оқу жылы - 12-15 адам;

- екінші оқу жылы- 10-12 адам;

- үшінші және оқытудың кейінгі жылдары - 8-10 адам;

Оқу-зерттеу қызметіндегі балалардың тізімдік құрамы 8 адам (мұндай топтарда білім алушылардың саны, оқу топтарына қарағанда аздау, 4-8 адам; сабақтар 2-4 адамнан тұратын топтарда өткізілуі мүмкін.

Қосымша білім беру блогында қалалық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысатын балалармен жеке жұмыс жасау қарастырылған (аптасына 2-ден 6 сағатқа дейін).

Жыл бойы сабаққа қатысуы төмендеген жағдайда, топтарды біріктіруге немесе таратуға болады. Бұл жағдайда артылған қаражат балалардың жаңа бірлестіктерін ашуға жұмсалады.

Аптадағы сабақтардың ұзақтығы мен саны қосымша білім беру педагогінің білім бағдарламаларымен, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарындағы балалардың қызметтерінің тәртібі мен талаптарына сәйкес анықталады.

Сабақтарда компьютерлік техникаларды пайдалану Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес болуы керек.

Бағдарламаға сәйкес педагогке білім беру қызметіндегі әртүрлі нысандарды: аудиториядағы сабақтар, дәрістер, семинарлар, жаттықтыру сабақтары, экскурсиялар, концерттер, көрмелер, экспедициялар және т.б. пайдалануға болады. Сабақтарды барлық топпен, сондай-ақ 3-5 адамнан тұратын топтарда немесе жеке өткізуге болады.

Педагог өз бетінше баға қою жүйесін тандауға, білім алушыларды аттестаттауға құқылы. Қосымша білім беруде аттестаттаудың келесі формалары: тест, сауалнама, сынақ, сұхбаттасу, баяндама, реферат, олимпиада, байқау, көрме, конференция, концерт, басылым және т.б. пайдаланады.

Білім алушыларды балалар бірлестіктеріне бағдарламада қарастырылған мерзімге қабылдайды. Мектеп жарғысын, Ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда білім алушыларды бірлестіктен шығарады. Білім алушы науқастанған жағдайда немесе шипажайлық-курорттық емдеуде болғанда, бірлестікте орны сақталады.

Оқушылардың қызметтері бірдей жастағы және қызығушылықтары бойынша әртүрлі бірлестіктерде (оқу тобы, клуб, студия, ансамбль, театр және т.б.) іске асырылады. Бірлестіктің жұмысына тізімдік құрамына кірмесе де, педагогпен келісіп, ата-аналарға да қатысуға болады.

Әрбір білім алушы бір уақытта болатын әртүрлі бағыттағы бірлестіктерде оқуға, сонымен қатар оқытудың бағытын өзгертуге құқығы бар.



Балаларға қосымша білім беру бірлестіктеріндегі білім беру үдерісінің мазмұны

Қосымша білім беру жүйесінде көркем-эстетикалық, экология-биологиялық, тарихи-өлкетану, әлеуметтік-педагогикалық, дене шынықтыру – сауықтыру және т.б. бағыттардағы балаларға қосымша білім беру бағдарламаларына сәйкес іске асырылады.

Бірлестіктерде сабақтарды бір тақырыптық немесе кешенді (біріктірілген) бағдарламалар бойынша өткізуге болады.

Кешенді білім бағдарламаларын іске асыру үшін 2 немесе одан көп педагогті тартуға болады, оқу жүктемесі қосымша білім беру бағдарламасында көрсетіледі.

Педагог бағдарламаның Түсінік хатында көрсетілген білім беру міндеттерін, психологиялық-педагогикалық мақсаттылығын, санитарлық-гигиеналық нормаларды айқындайтын қосымша білім беру бағдарламасының мазмұны, оны іске асыру, әдісі мен формасы, бірлестіктің санын және жас ерекшеліктерінің құрамын өзі анықтайды.

Педагог қызметкерлер өздері дайындаған білім бағдарламаларын пайдалануға немесе мектеп директоры бекіткен балаларға қосымша білім беру ұйымдарының бағдарламаларын қолдануына болады.

Балаларға қосымша білім беру жүйесінде ұйымдастырылған білім беру үдерісі келесі талаптарға сәйкес болу керек:

– дамытушылық сипаттың болуы, яғни балалардың табиғи қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытуға бағытталған (білім беру үдерісінде білім алушылардың білім, білік, дағдыларының деңгейі өзіндік мақсаты, балалардың тұлғалық көп қырлы дамуы мен қабілеттеріне сәйкес жетістіктері);

– формалары бойынша әртүрлі болуы (топтық және жеке, теориялық және практикалық, орындаушылық және шығармашылық сабақтар), сонымен қатар мазмұны бойынша (балалардың жалпы және арнайы қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды);

– қосымша білім беру бағдарламаларының алуан түрлілігі — жобалық, модификацияланған, авторлық бағдарламаларына негізделуі; олардың барлығы білім алушының дене және психикалық денсаулығына зиян келтірмеуі үшін білім беру үдерісіне енгізбестен бұрын әдістемелік немесе педагогикалық кеңесте қарастырылуы;

– балаларды оқытудың дамыту әдістеріне негізделуі; қосымша білім беру педагогіне пәндік салада сабақ беретін білімі жеткіліксіз: балаларға қосымша білім беруден оқытудың дамыту жүйесіне ауысуы әр оқытушыдан өз жұмысында психологиялық және дидактикалық принциптерді және балалардың қабілеттерін дамыту әдістерін, олардың жеке басының өсуіне ептілігін пайдалануды талап етеді;

– әртүрлі қызығушылықтары мен проблемалары бар балаларға жүрегіне жақын іспен айналысу үшін балалардың мүдделері мен уәждемелерінің диагностикасын пайдалану.



1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет