Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



жүктеу 1.96 Mb.
бет11/12
Дата19.06.2016
өлшемі1.96 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Химия

10-11-сыныптардағы химия пәнінің мазмұны химия ғылымы мен технологиясының заманауи үрдістерін ескере отырып құрылған, сонымен қатар оның барлық компоненттерінің дамытушылық және тәрбиелік әлеуетін күшейту үшін тұлғалық-әрекеттік бағыттылығымен сипатталады.

Химия курсын оқып-үйрену жалпы, бейорганикалық және органикалық химия мен қоршаған ортаға ғылыми көзқарасты, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға, оқушылардың химия ғылымы мен тәжірибесінің қазіргі қоғамдық өмірдегі орнын сезіне білуіне бағытталған.

Өңірлік компоненттер есепке алынған химия технологиясы туралы оқу материалдарын енгізу оқытудың практикаға бейімділігін қамтамасыз етеді, оқушыларды химия саласындағы мамандықтарға бағыттайды. Экология мәселелері, химиялық қалдықтармен қоршаған ортаны ластаудан сақтау, адам денсаулығы мен қауіпсіздігі сақтау, тиімділігі жоғары және экологиялық қауіпсіз өндіріс пен қайта өңдеу технологияларын меңгеру оқу материалының компоненттері болып табылады.

Химияны оқыту екі бағытта жүзеге асырылады. Олар: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқыту мақсаты-химия бойынша оқушылардың ғылыми-теориялық білімін тереңдету, білігі мен дағдысын одан әрі дамыту, алған білімін болашақ өз кәсіби білім алуға және практикалық қызметіне қолдануға дайындау, химия өнеркәсібі мен технологиясы негіздерімен таныстыру және экологиялық мәдениетін дамыту.

Оқыту міндеттері:

1) химия ғылымы және технологиясы саласындағы оқушылардың іргелі және қолданбалы білімі ,практикалық білігін дамыту;

2) күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды ғылыми тұрғыда түсіндіруді игеру;

3) қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен зертханалық құралдарды қолданып, химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;

4) эксперименттік жұмысты жүргізу барысында және өз бетінше алған білімді күнделікті өмірде қолдану мақсатында танымдық және зияткерлік қабілетін дамыту;

5) химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;

6) адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;

7) оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.

10-11-сыныптардағы алғашқы сабақ «Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулықтар» тақырыбында өткізіледі.

«Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан;

11-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан.

Таңдау курстарын өткізу үшін мұғалім өз тарапынан белгіленген тәртіп бойынша бекітілетін оқу жоспарын, бағдарламасын әзірлейді.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Химия» оқу пәнін оқытудың мақсаты әлемнің кешенді жаратылыстану-ғылыми сипаты туралы жалпы түсініктер қалыптастыру, шығармашылық және интеллектуалдық қабілетті, әмбебап коммуникациялық біліктілік пен функционалды сауаттылықты дамыту, денсаулық сақтау мен туған өлкенің табиғатын қорғауға деген экологиялық-гуманистік көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.

Оқыту міндеттері:


  1. химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;

  2. қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен интеграциялау арқылы оқушының химиялық білімі мен зерттеу мәдениетін қалыптастыру;

3) күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;

4) қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен лабораториялық құралдарды қолданып, қарапайым химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;

5) адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;

6) оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.

Химияны жүйелік-іс-әрекеттік тұрғыдан дамыта оқыту кезінде пәндермен байланысы ескерілді.

Теориялық және практикалық мәселелерді қарастыруда оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне, алған білімдері мен дағдыларын қолдана алуларына басымдық беріледі. Химиялық эксперимент оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту және қолданбалық сипаттағы жаңа білімді алуы үшін, танымдыұ есептерді шешуге, жоспарлау және жобалау дағдыларын меңгеруге, химияны оқуға деген қызушылықтарын арттыруға пайдаланылады.

Химияны оқыту үдерісі арнайы жабдықталған кабинетте – химиялық реактивтер, зертханалық және демонстрациялық құралдар, баспа құралдары, мультимедиалық құралдар мен электрондық оқулықтар, диа-, кино- және бейнефильмдер, басқа да оқыту құралдарымен жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады. Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрде болуы мүмкін:


  • зерттеу жобаларын ұсыну және қорғау;

  • олимпиада, байқау, тақырыптық кештер өткізу;

  • элективті курстар, таңдау бойынша курстар;

  • химия ғылымы мен өндірісі орындарына танымдық саяхаттарды ұйымдастыру;

  • алыс қашықтықтан оқыту, он-лайн сабақтар, олимпиадалар , тестілеуге қатысу.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытта «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан;

11-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан.
3.4 «Адам және қоғам» білім саласы
Қазақстан тарихы

Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың өз елінің тарихын оқып білу арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:


  1. әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру;

  2. оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, құбылыстарды дербес талдай білу, қоғамдық құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;

  3. тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру;

  4. жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;

  5. еліне қызмет етуге дайын отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу;

  6. қазақстандық діл (менталитет) негізінде тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ету.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихының негізгі кезеңдері оқытылады.

Осы бағытта тарихи білім беруде Қазақстан тарихы бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде анықталған ғылыми деректерді оқу үдерісіне енгізуге ерекше назар аударылады.

Оқу материалы, көлемі және мазмұны қысқартылған нұсқада беріледі. Саяси, әлеуметтік және экономикалық құбылыстар мен процестерді оқыту арқылы оқушылардың білімін тереңдету, тарихи құбылыстарды талдау, түсіндіру және бағалау дағдыларын тереңдету көзделеді.

«Қазақстан тарихы» пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық әдістер мен технологиялар қолданылады. Тереңдетіп, бейінді оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамытылады, дереккөздермен жұмыс жасау дағдылары, талдау және синтездеу меңгертіледі.

Оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт:



  1. 10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат

жаратылыстану-математикалық бағыт:

  1. 10 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 11 сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.


Дүниежүзі тарихы

Пәндіоқытудың мақсаты – ХХғ. басы мен ХХІ ғасырдағы дүниежүзі елдері мен халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының негізгі бағыттарын талдап-түсіндіру.

Оқытудың міндеттері:


    1. дүниежүзінің әртүрлі аймақтарында индус­три­­алдық және постиндустриалдық қоғамдардың қалыптасуындағы ортақ белгілер мен ерекшеліктерді ашатын жүйелі білім беру;

    2. оқушыларға дүниежүзінің ХХ – ХХІ ғасырлардағы дамуының альтернативтік мүмкіншіліктерін көрсету;

    3. көпұлтты империялардың қалыптасу, даму және күйреу тарихын, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуын түсіндіру;

    4. қазіргі замандағы халықаралық қатынастардың дамуының сипаты мен ерекшеліктерін ашу;

    5. дүниежүзі халықтары тарихының өзара байланыстылығы мен өзара әрекеттестілігін қарастыра отырып, оқушыларды толеранттылық пен халықтардың өзара түсіністігі рухында тәрбиелеу;

    6. отар және тәуелді елдердегі азаттық қозғалысының сипатын, кезеңдерін және жаңа формаларын көрсету;

    7. оқушылардың гуманитарлық мәдениетін дамыту, олардың ұлттық және әлемдік мәдени мұра құндылықтарын түсінуіне көмектесу.

Қазіргі білім процесінде тарихи фактілер мен құбылыстарды түсіндіру, бағалау кезінде тарихи білімді қолдану мен қазіргі қоғам дамуындағы түрлі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық) талдау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл адамзаттың жаһандық мәселелерін саналы түсінуіне білім негізін қалыптастырады.

Оқытудың түрлі әдістері мен технологияларын таңдау кезінде оқушылардың танымдық деңгейлерін ескеру керек. Мысалы, оқытудың құрылымдық-логикалық технологиясы қойылған дидактикалық міндеттерді кезеңдер бойынша ұйымдастыру процесі мен оларды шешу тәсілдерін таңдауды, алынған нәтижелерді диагностикалау және бағалауды қарастырады. Мұндай міндеттердің құрылымдық логикасы әртүрлі болуы мүмкін: қарапайымнан күрделіге, теориядан практикаға немесе керісінше. Жоба технологиясы – жеке тұлғаға бағытталған білім жүйесі. Бұл технология оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, бастамашылдық, шығармашылық қабілеттілігі сынды сапаларын ашуға мүмкіндік береді және оқу жобаларын ретті орындауға бағытталған. Интерактивті технология – бұл іс-әрекет арқылы және өзара әрекет арқылы оқыту, оқушылардың өз бетінше шешім қабылдау, жеке жауапкершілік сезімін, топпен және ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырады.

Оқу курсының вариативті бөлігі мынадай таңдау курстары бойынша жүзеге асырылады: «Еуропалық қайта өрлеу», «Капитал билеген әлемде», «Өнеркәсіптің даму тарихынан», «Халықаралық сауда жолдары», «Қазіргі алып құрылыстар» т.б.

Оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат;

11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат.

жаратылыс-математикалық бағыт:

10 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.


Адам. Қоғам. Құқық

Пәнді оқытудың мақсаты – дүниетаным құрылымы, негізгі элементтері және тарихи түрлері, философияның адам мен қоғам өміріндегі ролі, адамның әлемге деген танымдық қатынасы, қоғамдық қарым-қатынас жүйесі мен құқықтық реттеудегі адамның орны туралы жүйелі білім қалыптастыру. Азаматтық ұстаным, өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен құрметпен қарауын тәрбиелеу.

Пәнді оқытудың міндеттері:


  1. оқушылардың қоғамдық даму заңдылығы мен ұғымын қалыптастыру;

  2. ақыл-ой мәдениеті ретінде философия түсінігін, философиялық сұрақтар мен жауаптардың ерекшеліктерін түсіндіру;

  3. әлемді сезімдік және рационалдық тану арасындағы байланыстарды, діни және ғылыми таным мен философия, антропология арасындағы байланыстарды анықтау;

  4. адам құндылығы, құқығы мен бостандығы туралы білім беру, оларға баға бере білуге үйрету;

  5. жоғарғы моралдық сапаларды, белсенді азаматтық ұстанымдар мен патриоттық сезімді, адам мен табиғатқа деген философиялық көзқарасты қалыптастыру;

  6. этникалық және тұлғааралық қатынастарда төзімділікті сақтауға тәрбиелеу;

  7. қоғамдық дамудың заңдарын білу негізінде құқықтық және саяси мәдениетке тәрбиелеу;

  8. заң ілімдері, экономикалық теория, саясаттану, әлеуметтану негіздері, жеке және көпшілік құқықтың заңнамалық нормалары туралы білім беру;

  9. ғылыми және құқықтық терминологияны қолдана білуге үйрету;

  10. оқушылардың сыни тұрғыда ойлай білуін дамыту;

  11. зерттеу әдістерінің көмегімен барлық мәселелерді шеше білу қабілетін қалыптастыру.

Оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат

жаратылыстану-математикалық бағыт:

10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Өзін-өзі тану

Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.

Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:



  1. адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

  2. оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

  3. қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:

  1. өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;

  2. түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

  3. өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

  4. адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;

  5. өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;

  6. жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;

  7. өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;

  8. қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

Өзін-өзі тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға бағытталып, 10-11-сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын анықтайды.

Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 10-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.


3.5 «Технология» білім саласы
Технология

Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.

Оқу курсының мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелілігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамтамасыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту.

Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған:

- техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

- құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

- технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

- оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

- еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

- оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

«Технология» пәнін оқыту барысында барлық төрт компоненттер кіреді азаматтардың әлеуметтік тәжірбиесі: біліп тану саласының тәжірбиесі (түрлі облыс ақиқат туралы білімі), танымал әдістер саласының тәжірбие барысында орындау, шығармашылық саласының тәжірбиесі және тәжірбие эмоциональды-құндылықтар қатынас объектілеріне және адам саласының құралдарымен. Бұл барлық компонентер оқу курсының мазмұнында бар.

Соған байланысты 10-11 сынып ұлдарға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі:




Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау

2. Ауылшаруашылық өндірісіндегітехника және технология

3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы

4. Металды қол және механикалық өңдеу технологиясы

5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементтерімен көркем материалдардыөңдеу технологиясы.

6. Электротехника және электрониканегіздері

7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстар

8. Шығармашылық жобалау саласы

9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім


1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау

2. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы

3. Металды қол және механикалық өңдеу технологиясы

4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементтерімен көркем материалдардыөңдеу технологиясы.

5. Электротехника және электрониканегіздері

6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстар

7. Шығармашылық жобалау саласы

8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім


«Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім» жаңа бөлім, оқу барысында тұлғалық қасиеттер және мамандық таңдау, қазіргі заман талабы, кәсіптік саласы, жоғарғы оқу орындары және жоғарғы білімді алып меңгеру жолдарын оқыту кіреді.

Ұйымдастыру пішіндері технологиялық дайындау оқушының дамыту деңгейі анықталу және әдістерді қолдану, олардың оқуына еңбекке, қызмет көрсету саласына дайындығы.

Сабақ өткізу барысында қазіргі заман оқыту технологияларын қолданады, пішіндер, ұйымдастыру әдістері және оқу үрдістерін қадағалау және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, «Технология» пәнін оқыту барысында ерекше сапалыларын іске асыру дидактикалық талаптар.

Басым әдістер жаттығу, практикалық-оқу жұмыстары, жобалау әдістері болып келеді. Жыл қортындысы бойынша ұсынылған, жасалуы және жобаларын қорғау. Жобалардың көбі – дербес. Сонымен қатар жоба топ оқушыларымен орындалуына рұқсат беріледі.

10-11 сынып оқушыларымен кәсібибағытты апта өткізу барысында мақсатқа лайықтылық, қалыптастыруға дайындық кәсіби шешім қабылдау, тренинг сабақтар өткізу, сонымен қатар санасезімімен қажеттілік «өңдеу» негізгі және қосымша (ықтималды) варианттарды таңдау пішін жұмысқа тұру немесе білім беру саласының траекториясы, әмбебап қаблеттерінің дамуы, керекті кәсіптік мобилділік үшін және бәсекеші қаблеттілік.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру ҚР «Мәдени мұра» барлық бөлімдері арқылы іске асырылады, бірақ негізгі тірек «Сәндік қолданбалы өнерінің элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы» бөліміне жасалынады.

Көркем мәдениеттің бастапқы қағидаларға, «Технология» пәнінің мазмұны мүмкіндіктері алдынала қарастырылған жалпы адамдық және ұлттық мәдени құндылықтарын қалыптастыру үшін, өзқұндылығы ретінде еңбек арасында қарастырылады, өмір саласының негізі ретінде.

Соған байланысты 10-11 сыныптарындағы қыз балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі:


Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Тағам әзірлеу технологиясы

2. Құрастыру, моделдеу және иық, бел өнімдерін өндіру. Қазақтың халық киімін тігіп өндіру

3. Жобаны қорғау


1. Тағам әзірлеу технологиясы

2. Құрастыру, моделдеу және иық, бел өнімдерін өндіру. Қазақтың халық киімін тігіп өндіру

3. Жобаны қорғау

Қаладағы, ауылдағы және шағынжинақты мектептерінде сыныптардың толықтандыруына қарамастан ұл мен қыз топтарына бөлінуі іске асырылады.

«Технология» пәні 10-11 сыныптарында екі бағытта жүргізіледі, сағаттың саныжылына 34 сағатты құрайды, аптасына 1 сағат.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар арқылы оқыту нәтижелері айқындалып, оқушыларды негізгі мектеп курсы бойынша жағымды (ойдағыдай, дұрыс) аттестациялануының міндетті шарты болып табылады.

Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспектілері ескеріле отырып: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.
3.6 «Дене шынықтыру» білім саласы
Дене шынықтыру

Оқу пәні ретінде дене шынықтыру жалпы білім беретін мектепте маңызды роль атқарады, жалпыадамзат мәдениеті саласында белсенді шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқыту мақсаты:

- қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;

- физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;

- салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Оқыту міндеттері:

- денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;

- базалық спорт түрлерінің техника-тактикалық іс-қимыл әдістерін жетілдіру;

- өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;

- дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;

- тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).

Бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:

– мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талап қалай болса да тәжірибеде жүзеге асуы тиіс;

– қай сыныпта болмасын балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай мұғалім өз жұмысын ұйымдастырады;

– оқушылардың тактикалық ойлануын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге қозғалыс ойындарының әсерін есептей отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет;

– оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау - сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

– дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады: а) жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің таңдауы бойынша (Президент сынамалары нормативтерін орындау нәтижелері).

«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.

Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында оқу жылында «Денсаулық күнін» 3-4 рет өткізу ұсынылады.

Типтік оқу жоспарына сәйкес пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;

11-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет