Оқу мен оқытудағы өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп



жүктеу 101.29 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі101.29 Kb.

Есжанова Айнагуль Алпамысовна Мұғалім портфолиосы С 1есебі
№ 3 топ 3-деңгей
Ақтөбе қаласы 21.04.2014жыл

Оқу мен оқытудағы өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп

 

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық түрлендірулер адамзаттың барлық салаларына елеулі өзертулер енгізді. Әсіресе бұл білім саласына айтарлықтай ықпал етті.Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарламаның маңызы зор. Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтеміз. Ұлы қазақ педагогы Ы.Алтынсариннің айтқанындай мұғалім — мектеп жүрегі болса, оның оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Ұсынылып отырған бағдарламаның негізгі идеясы сындарлы оқыту теориясына негізделіп отыр. Сондықтан да оқушылардың ойлау қабілеті, қалыптасатын білімдері жан жақтан жинаған (мұғалімнен, достарынан, интернеттен, кітаптан, т.б.) ақпараттарына негізделеді. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланылады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Сол себептен, оқушылардың қалай оқу керектігіне, түсіну қабілетін дамытып, оны керек кезде пайдалана білетін, ойын нақты жеткізе алатын, көзқарасы дамыған, жігерлі тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету — аталмыш теорияның негізгі мақсаты.


Мектептегі практика кезінде екінші сыныбын эксперимент ретінде алдым. Осы сыныпты алған себебім мен бұл балаларға сабақ беремін және жетекшілік етемін.   Сыныптағы оқушылардың сапалық білім көрсеткіші
67 % құрайды. Осы сыныпты алмас бұрын мектеп директоры мен оның оқу ісі жөніндегі орынбасарымен кеңестім. Олар маған қарсылық білдірмеді. Бірақ жас ерекшеліктеріне сай маған осы сыныппен жұмыс істеу ауыр  болатынын, сыныптағы  кейбір оқушылар арасында ауызбіршілік, білім деңгейі төмен, менменшіл балалар көп екенін мен алдын-ала білдім. Сонда да дәстүрлі оқытуда қолымнан келмей жүрген топта жұмыс істегенде бір-біріне көмек көрсету, бір-бірінін айтқанын тыңдау, бірлесіп оқу, өз беттерінше білім алуды ретке келтіруды ойладым.  Бұл сабақтарды өткізбес бұрын   оқушыларға алдымызда өткізілетін сабақтар жайында жалпы түсінік бердім және де  оқушылардан сауалнама алынды. Сауалнаманы алған сәтте оқушылар өздерін орташа деңгейде екенін, кейбіреулері  төмен деңгейде екенін байқатты. Осы сауалнаманы алған соң менде сабақты қалайда болса оқушыларға қызықты етіп өткізу тәсілдерін ойлап табу керектігін аңғардым. Сауалнаманы сабақта оқушылардың көзқарасын қарастыра отырып, формативті түрде өзгертуге болатынын анықтау мақсатында алдым. Сыныптың осы ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың ана тілінде сөздік қорларын дамыту,нені және қалай оқу керектігін ұғыну, мақсат пен күтілетін нәтижеге сәйкес қалыптастырушы және жиынтық бағалау әдістерін тиімді жүзеге асыру арқылы сыни тұрғыдан ойлай білу, білімі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, АКТ ақпаратын өңдеп қолдана білу,өз бетімен,топпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру деген мақсаттарды алдыма қойып, 4 сабақтан тұратын орта мерзімді жоспарымды жасадым. Жоспарды жасай отырып, кембридж бағдарламасында оқып үйренген әдіс-тәсілдерді сабақ жоспарына кіргіздім және осы әдіс-тәсілдер арқылы 7 модульді сабағыма енгізуге тырыстым.
   Оқу тәжірибесінде авторитарлық қарым-қатынастан бас тартып «субъект- субъект» қатынастың енгізілуі оқушы мен мұғалім арасында сенім мен ынтымақты нығайтайды. Енді мен оқушыларыма бұрынғыдай тек механикалық түрде білім алушылар ретінде қарамай, керісінше сыныбымда жағымды қарым-қатынас , жылы әрекет, бір-біріне көмек, құрмет, сенім орнатуға тырыстым.
Педагогикалық тәжірибемді саралай келе сыныбымда ынтымақтастықты орнату үшін педагогикалық стратегияларды тиімді таңдап оқу және оқыту барысында пайдалану қажет деген ойды түйдім.Ынтымақтастық педагогикада бірнеше бағытты өзіме бөліп алдым.Маған барлығынан жақын адамгершілік-жеке тіл табу идеялары: біріншіден, этикалық және моральдік құндылықтарды ұстану. Балаларыма шыңшыл, батыл, төзімді,оларға аяушылық,мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адам боламын.Екіншіден, педагогикалық қатынастың демократияландыру,Бала құқығы конвенцияның сақталуы, үшіншіден, қыспақтан бас тарту
(қыспақты жылы көңілмен ауыстыру, дербестікке және өнерпаздыққа ұтыс тігу, ұжым арқылы жанама талаптарды пайдалану),жеке тіл табу (оқытуды орташа оқушыға бағыттамай,тұлғаның пайдалы,ұтымды сапаларын іздеу, психолого-педагогикалық диагностиканы қолдану, жүргізу).«Мен» тұжырымдамасын құру(Мен ұнаймын,Мен алғырмын,Менің қолымнан келеді,Мен пайдалымын).
Мен  өз  сыныбымда ынтымақтастық  атмосфераны  қалыптастыру  үшін балаларымды басқа мектептерде осы бағытта қалай жұмыс істейтінімен таныстырдым. Оларға қатты ұнады, себебі олар бір-біріне көмектесу, тен болу, ролдерді бөліп алу, бір-бірін бағалау сияқты жұмыстар оларға ұнайтының айтты. Содан бірігіп отырып біз топ ережелерін шығарып алдық. Бұны мен «жаңаша» оқудан жалығып кетпесін деген мақсатпен ұйымдастырдым. Топтағы серіктеспен сыпайы жіне жайдарлы аралас, кез келген кластасымен жұмыс істеуге дайын бол, топта жауапкершілікті тек өзіне ғана емес, басқаларға да сезін, топтағы бірлескен жұмыс жауапты және тиянақты еңбек екенің ұмытпа. «Үш болмайды»-ны бұзба. Олар "Барлығы айтылды" деп айтуға болмайды; топқа өзінің пікірінді хабарлаудан тартынуға болмайды (сылтау айтып);өз ойынды айтқанда өзінің жаман көңіл-күйінді көрсетуге болмайды.
  
Сабақтарымды міндетті түрде психологиялық тренинг өткізумен бастадым. Бұндай тренингтерді мен бұрын да өткізгенмін, бірақ, өкінішке орай, мен оларды сабақ мазмұнымен байланыстырмағанмын. Ол тренинг өткізу мақсатым неде? Баланың назарын неге аудару керекпін? Ол тренинг арқылы мен нені дамытамын? сияқты сұрақтар өзіме қоймағаным рас. Ал енді сабақ басын қалай ұйымдастырсам екен? Сабақтың мазмұнымен байланыс қалай болады? Ол балаларға өзін реттеуге қалай көмектеседі? Уақытты қалай үнемдейді? деп ойланып қана бірінші сабағымды «Жүрек жылуы» атты тренингпен бастадым. Тақтада балалардың есімі жазылған жүректер шығып отырды, ал олар басқаларға тілек айтты. Бұл жерде байқағаным, олар тілекті тек оқуға қатысты айтты. Ал менің көздегенім олар адами құндылықтарға байланысты лебіз білдірсе екен деп.Сонда өзіме түйгенім  психологиялық дайындықты ұйымдастыру және ынтымақтыстық атмосферасын қалыптастыруда бір-біріне шың жүректен мейірім көрсетуге үйрету. Осыны келесі сабақтарымда мақсат етіп алдым. Алғашқы сабақ болған соң ба, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды ұйымдастыруда оқушылардың белсенділігі төмен  болды деп айтуға болады. Келесі, сабақтарды жақсы болатынына сенемін.
Тізбектелген сабақтар топтамасында психологиялық тренингттерді өткізу өзгерістердің бірі болды.Келесі сабақтарымда психологиялық даярлықты міндетті түрде пайдаланып оқушыларымда оқуға деген ынтасын арттыруға тырысамын.
Келесі сабақтағы өзгерісім ол оқушыларды топқа бөлу. Дайындық кезеңінде балаларды топқа бөліп көрдім. Бұнда Жанель деген «менменшіл» озат оқушым бірінші «капитан» ойыны арқылы топқа бөлініп жатқанда үлгерімі төмен оқушылармен түсіп қалды. Сол арада ол жылап шықты. Мен бұлармен топқа түссем, біз жеңіліп қаламыз» деген ой айтты. Себебі, дәстүрлі педагогикада біз топқа бөлінуді тек қана сайыс-сабақ өткізгенде пайдаланғанбыз. Сол жерде Жанель оқушыма біз жарыспаймыз, сен мейірімдісің, сен бәріне көмектесесін деп түсіндірген соң, ол жылауын қойып әрі қарай ойынды жалғастырды. Көңіл- күйі көтеріліп, балалармен араласып кетті. Тізбектелген сабақтарда топқа кіммен түссе де байқағаным, ол белсене сабаққа қатысып, кері байланыста жағымды көңіл-күй мен жақсы ұпайлар жинап нәтижелерге қол жеткізіп отырды. Және көшбасшы да бола білді. Қасында отырған оқушылармен ынтымақтаса жұмыс істеп, оларға көмегін аямады.Балаларды бағалағанда әділ баға койып отырғанын байқап отырдым.
Балаларға сабақ сайын топқа бөліну ұнады. Екінші сабақтың басында олар құралдарын жинап өз орындарына барып жайғасқаны және топқа бірге түскен оқушылармен әрекет жасап жатқандары менінше ынтымақтастық құрулудың тағы бір көрінісі.
Әр ұстаз сабағында міндетті түрде сұрақ-жауап әдісін қолданатыны сөзсіз. Сол арқылы оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін біліп отырамыз деуге болады.Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалім қолдананатын сұрақтардың екі түрі төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең пайдалынады деген пікір бар.Төмен дәрежелі сұрақтар «ашық» немесе «дұрыс емес» деп бөлінеді.Өз тәжірибемде мен осы отырады.Көбінесе балаларым «ия» немесе «жоқ» деген жауаптар айтқан екен. Оны мен осы курс аясында түсіндім. Ал жоғары дәрежелі сұрақтарда оқушы жан-жақты ойланып, іздене отырып жауап беруге тырысады.Сонымен бірге оқушыға сұрақтар қойғанда тақырыпқа байланысты түрткі, сынама, бағыттау сұрақтар арқылы білімдерін бекітуге болады. Ал оқушының берген жауабы қате болған жағдайда, оларды бірден тоқтатып, қате деуге болмайды. Жіберген қатесі арқылы ойланып  түзетуге мүмкіндік берілуіміз керек. Сол қатесінен сабақ алуы керек. Немесе оларды тақырыпқа қарай бағыттап сұрақ қоя отырып дұрыс жолға  түсуіне көмектесуіміз қажет.  Егер қате жауабын бас изеп қабылдай берсек оқушы  «мен білемінге» салынып  тақырыпты меңгермей қалуы да мүмкін. Сабақтарымда осы сұрақтардың екі түрін де пайдаландым.Өткен тақырыпты қайталауда төмен дәрежелі сұрақтар қойдым, себебі бұл сұрақтар уақытты үнемдейді және үлгерімі төмен оқушыларға белсенділік танытуға мүмкіндік береді. Маған тақырыпты түсіну дәрежесін байқауға көмектеседі. Ал балаларды ары қарай дамыту мақсатында жоғары дәрежелі сұрақтар пайдаландым. Білім берудің диалогтік тәсілдерін дамытуда мен сабақтарымда сұрақ қою арқылы оқушының: сындарлы сөйлеуіне ынталандыруға, білімге құштарлығын оятуға, сыни тұрғыда ойлауға ықпал етемін, бір-бірін үйретіп, үйренуге,пікір бөлісіп, оны құрметтей білуге, өздерін және өзгені бағалай білуге, бірімен бірі диалогтік қатынасқа түсуге, ойын жинақтап, талдауға үйренетіндігін, кез келген жағдайды шешуде мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы, мұғалім мен класс, оқушы мен класс арасында серіктестік құру арқылы ой бөлісетіндігін дамыта алдым. Білім алуда пікірлесу, сұрақ қою барысында серіктестерінің  айтқандары  елеулі орын алады  деп білемін. Мерсердің  зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу, сұраққа жауап беру оқушылардың білім алуының ажырамас бөлігі деп білемін.Оқушылардың білім алуда сұраққа жауап беруі, ізденуі,  тыңдауы мен сөйлеуі арасында байланыс  анағұрлым нәтижелі болатынына көзім жетті. Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасай отырып, бір- бірімен пікір алмасып, идеяларын ортаға салып, баға бере біледі. Оқушы қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін шыңдайды. Әдебиеттік оқу пәнімде оқушыларға түрлі деңгейдегі сұрақтар қойдым. Қойылған сұраққа  оқушылар жауап бере отырып, дәлелдеуге тырысты. Өтілген әр тақырыпқа байланысты оқушыларға түрткі, сынама сұрақтар қоя отырып, білгендерін ортаға салуға бағыттадым.
 «Әбілмансұр » тақырыбы бойынша «Бұл кім деп ойлайсың?»деген сұраққа Жанель деген оқушым «Ақын деп ойлаймын» деп жауап берсе,  Мейрамбек «Мен Әбілмансұр батыр екенін білемін, себебі менің інімнің атын батырдың құрметіне қойған» деп жауап берді. «Алғашқы қоңырау» олеңін оқығанда ақынның сұрағына «Қазақтың даласына кім білім әкелді? Қоңыраушының аты кім?» деген сұраққа Ұлан деген оқушым «Кел,балалар, оқылық» деп олең жолдарымен жауап берді. Ал «Бала Абай» деген мәтінін оқыған кезде «Ұлжан бақытты анама?» деген сұрақты қойғанда «Ия, бақытты, себебі оның ұлы Абай еліміздің мақтанышы, оны бәрі таниды, ол көп адамдарға көмектесті» деген жауаптары маған ұнады, « Ал сенің анаң бақытты ма?» деген сұрақты қойғанда Лана деген оқушым «Менің анам бақытты, себебі мен оның айтқанын орындаймын: жақсы оқимын, үй жинаймын, бауырымды бағамын» деп жауап берсе, Арман деген оқушым « Апай, мен білмеймін, айта алмаймын» деп жауап берді. Өзі сабаққа немқұрайлы қарайтын. « Ал, Арман, сенің анан бақытты болу үшін не істеу керек? деп ойлайсын» деген сұраққа , ол былай жауап берді «Мен сабақ оқимын, айтқаның тындаймын, көмектесемін». Сонда ол сұрақтарға жауап іздей отырып өз әрекеттеріне де баға беріп, дұрыс және дұрыс емесін ажыратып отыр.
Сабақтағы уақытты үнемдеу үшін «жабық» сұрақтарды «Ойлан, тап», «Сөзжұмбақ шеш», «Жинақтау- интервью», «Өз жұбынды тап», «Миға шабуыл» стратегиялар арқылы пайдаландым.Мектептегі тәжірибеде бұрынғы дәстүрлі сабақтарда қойылатын сұрақтарды қоймауға тырысып, олардың сыни тұрғыда ойланып жауап айтуларын талап етіп,  дамыттым. Ал дәстүрлі сабақтарда қойылған сұрақтар бала ойының дамуына кедергі болатынын және ойын тежейтініне көзім жетті. Оқушы жауабын дәлелдей алмай құр айта салғанын түсіндім. Сондықтан  оқушының айтылған жауаптарынан кейін «неге?» сұрағын қою арқылы дәлелдеуге үйреттім. Сол кезде оқушы ойын жинақтап,  тез шешім қабылдап  сұраққа жауап айта алды.
Оқуды тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай қолдануға болады? Осындай сұрақтар төңірегінде жауап іздей отырып, «Оқыту үшін бағалау дегеніміз не?» тақырыбында өткізілген сабақтың мақсатын Блум жүйесіне сүйене отырып, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын білу және түсіну, практикада қолдана алу, талдай білу және теориясынан алған білімін жинақтай алуы мен бағалай білуін меңгерту – деп айқындадым. Сабақтарымды жоспарлаған кезінде оқушыларымды бағалау әдістерін көп іздедім және ойландым. Содан өзіме тәжірибе кезінде негізгісі болып «Смайликтер» арқылы бағалауды алдым. Барлығы жайдан-жай: сабақта танымдық белсенділік көрсеткен үшін оқушы ой әрекетінің көлеміне және терендігіне қарай лайықты смайлигін алады.(1- 5 ұпайға дейін). Жинаған смайликтер "жалақы" ақырында дербес өмір бастайды. Оқушы оны сарапталған ұпайдың жиынтығын бағаға айырбастай алады, жинақтау үшін сақтай алады, айырбастай алады, сыйлай алады т.б. Біріқ ,тек қана баланың жауабын ескеру менің мақсатым болған жоқ, керісінше дәстүрлі оқытуда көбінесе ұмытылып қалатын психологиялық заңдарды жұмыс істеткім келді.Біріншіден, бағаны заттай сезіну, смайликті алу, оның құнын білу.Екіншіден, баланың әрекетін еркін қылу,баға алуға қызығушылықты ояту .Ол үшін 1 ұпай- жарайсың, 2 ұпай – тамаша, 3ұпай –бәрекелді, 4 ұпай – озатсың, 5 ұпай – 5 есе жарайсың !!! Балаларда дұрыс емес жауап берем деген, дұрыс емес әрекет жасаймын, дұрыс емес қимылдаймын еген қорқыныш кете бастады.Үшіншіден, байқалмаған қол мен жауап қысқартылды, балалар белсенділік таныта бастады. Мұғалімнің уақыты да үнемделе бастады.Ал бастысы бұл өлшемдер баланы білімге ынталандырады.Сабақтағы бірінші жауапты бағаладым , ол дұрыс болса да, дұрыс болмаса да.«Смайликті» жүйенін альтернативті жағын да қарастырдым. Оларда қосымша оқушы игіліктері жағы да болады. Олар кешігіп келу үшін – 1 ұпай,кластасынын көмегі үшін – 3 ұпай,
сынақтан босатылу үшін -5 ұпай, тәртіпті бұзғаны үшін – 2 ұпай, үй тапсырмасын орындамағаны үшін – 4 ұпайдан айырылады. Мынадай капитал жинағаннан кейін бала оларды бағаға айырбастай алады немесе бағана алмай оқушы игілігіне жұмсай алады.Ақырында, олардың жауапкершілігі мен дербестігі қалыптасады. Олар өздерінің қателерін мойындауға үйренеді. Осылай смайликпен бағалау сабақтың әдістемелік бөлшегі мен мазмұнына айналды, өзінің өміршеңдігін растап.Сабақтар барысында смайликтерді тек қана өзім беріп отырғаннан аулақ болып, бір-бірін бағалау, өзін-өзі бағалау сияқты әдістерді де қолдандым. Мысалы:
- Оқығанды ..., ықыласпен тоқылық. Сөзді табу «жарайсың» смайлигі
- «Кел,балалар, оқылық» оленің жатқа айт «5есе жарадың!!!» смайлигі
- Ы.Алтынсарин қандай оқу құралын жазған? «озатсың» смайлигі.т.б.
Осы сабақтарды жоспарлаған кезде жекелеген оқушылардың қажеттілігін ескердім. Смайликтерді жинау үшін оқушылар құны жоғарырақ сұрақтарға жауап беруге тырысты. Олардың ойлаудың жоғары деңгейне көшуіне жағдай жасауға тырыстым. Алғашқы сабақтарымда Арман мен Айдос деген төмен оқитын оқушыларым үнемі оңай сұрақтарға жүгіретін болса, келесі сабақтарда олар қиын сұрақтарға да жауап беруге мүмкіндік алып, жауап берді.
Мұғалімдік қызмет ең үлкен борыш деп есептеймін. Болашақта оқушыларыма адал білім беріп, олардың ертең Қазақстан үшін тер төгіп, адал қызмет ету жолында оларға бағыт-бағдар беріп көшбасшылық қызмет атқарам деп алдыма үлкен нық мақсат қойдым.

: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет