Оқудың тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы



жүктеу 130.65 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі130.65 Kb.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқудың тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы

барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді

оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, өйткені ол оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет. Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуы мен оны білім беру мен білім алуда қолдану мүмкіндігіне серпін берді. Аталған Бағдарлама осы еңбектерде айтылған идеяларды, сондай-ақ осы идея негізінде құрылған білім беру мен оқыту стратегияларын қарастырады.

Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету

өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі

бағалау тәсілдерін де қарастырады.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.Александер, 2001

Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Формативтік және жиынтық (жиынтықтайтын) мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде бір мәнге ие болатын бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқытуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.Білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады. «Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалау Реформасының Тобы (Assessment Reform Group) автор болған осы аттас (ОүБ)кітапша жарияланғаннан кейін белгілі болды.Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқытуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі (яғни, анықтайтын мәнге ие) мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады.

Бағалаудың мақсаты неде?

Әдетте бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды (тестілеуді) қандай мақсатта және кім үшін (сыныпта тестілеу жүргізу сияқты), қалай өткізуі керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді. Бағалаудың басты мақсаттары төменде қысқаша айтылған.



1. Оқытудың қиындықтарын анықтау. Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және математика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.

2. Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін). Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады.

3. Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқыту үшін мадақтауға негіз болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.

4. Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихандық жүйенің нәтижелері, көбінесе сұрыптау мақсатында, атап айтқанда бұдан арғы (жоғары) білім беру немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік үшін қолданылады. Мектеп шеңберінде әдетте оқушылар топтар мен сыныптарға бөлінгенге дейінгі бағалаудың белгілі нысаны болады.

5. Стандарттарды бақылау және орындау. Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін, ал мемлекет-тік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу мүмкін болады, мысалы, «біліктілігі» бар тұл-ғаларда олардың тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген кепілдіктер болуы қажет. PISA (Оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама) сияқты халықаралық тест бойынша алынған мәліметтер талдауы халықаралық стандарттарға сәйкестікке бағытталған, одан басқа стандарттың микро және макро деңгейдегі стандарттарына сәйкестікке бақылау үшін ұлттық және жергілікті тестілер қолданылады.

6. Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау. Көптеген мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш күмән туғызбайды.

Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы

Кез келген мұғалім Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) неліктен оқытуды және білім беруді жетілдіру пробле-маларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және білім беруден кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.



Бағалау мәні

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзінөзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап мұғалімдер сыныптарда күніне жүз реет өткізе-тін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді: бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән. Бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:



1) бақылау;

2) алынған мәліметтердің интерпретациясы;

3) бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.

Бақылау

Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды бақылау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдай-ларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтауы қажет.



Интерпретация

Интерпретация қызығушылық тудыратын, яғни, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе әртүрлі білім берудің түрлі жолдарына қатысты жүргізіледі. Мұндай параметрлерді көбінесе өлшем деп атайды және оларды білім беру мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі бақылау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпынуға болады немесе интерпретацияны логикалық тұрғыдан мінез-құлықтан шығаруға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның санамен ойлауының нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды.



Қорытынды

Мәліметтерді интерпретациялау негізінде бағалауды қамтитын қорытынды жасалады. Бұл кезеңде бағалау үдерісі ол қызмет ететін түрлі мақсаттарға және ақпарат қолданылатын тағайындауларға сәйкес түрліше ұсынылған.



Оқыту үшін бағалау

ОүБ кезінде бақылау, интерпретация және өлшемдер оқытуды бағалау кезінде қолданылатын өлшем-дерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды және шешім басқа сипатта болады. Негі-зінен, ОүБ балалар оқытудың үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аударта-ды. Осылайша, ОүБ қорытындысы бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.Бағалау Реформасының Тобы (2002а) оқыту үшін бағалауға мынадай анықтама береді:



Оқыту үшін бағалаубұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.

Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді.



Оқытуды бағалау

Оқытуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b). Оқытуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобы-ның қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қоры-тындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады. Бұл олар негізделген өлшемдер мен стандарттардың таңбалануы.

Мұндай қысқа, кейде түсініксіз түрде ұсынылатын ұғым ата-аналар, кей жағдайда мұғалімді ауыстыруға келген жаңа мұғалім, жергілікті және ұлттық деңгейде мектептің білім беру қызметін бақылауға қызығушылық танытқан басшылар сияқты адамдарға есеп беруге қолайлы болады. Осылайша, есеп беру, іріктеу және мониторинг жүргізу ақпаратты бағалаудың негізгі сипаты болып табылады.

Жиынтық мәліметтерді формативті пайдалануға бола ма?

Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдар мен деңгейлер әдетте «мәліметтер» деп аталады. Жинақталған жиынтық мәліметтер жұмыс үлгісін сәйкестендіруді және күтілетін деңгейден жоғары немесе төмен дәрежеде жұмыс істейтін топтарға мұғалімдерден ерекше назар аударуды қамтамасыз етеді. Білім алушылардың білім алудағы жетістіктерін бағалау жөніндегі Халықаралық бағдарлама (PISA) ОЭСР сияқты Халықаралық зерттеулер қатысушы-елдерден оқушылар міндетті оқыту курсын аяқтаған соң игерген қоғам өміріне толыққанды қатысу үшін қажетті білім мен икемділік қаншалықты дәрежеде екендігі туралы «мәліметтерді» жинақтауға бағытталған. Дегенмен, мұндай «мәліметтердің» қалай жиналатындығын анықтап, келтірілген қорытындыларға қайтадан талдау жүргізу қажет. Мектеп-тер бұдан әрі «мәліметтердің» алыну себептерін білу мен бұдан кейінгі іс-әрекеттерін жоспарлау үшін «мәліметтерді» жинайды. Осылайша, жеке оқушы деңгейінде жиынтық бағалау жетістіктер деңгейін және оқушының әрі қарай дамуы үшін мақсат ретінде берілетін кейінгі деңгейлерді анықтау үшін қолданылады. Бірақ, бұдан кейінгі кезеңдерде оқушыларды қолдауды қамтамасыз ету басты міндет болатын болса, онда балл мен деңгейлерді анықтау үшін ұсынылатын негіздемелер мен өлшемдер міндетті түрде аса мұқият зерделенуге тиіс. Орындалған тапсырманың негізгі аспектілеріне қатысты сапалы ақпарат оқушылармен кері байланыс үшін қолданылу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Мысалы, егер балаға оның белгілі деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл мәнмәтінде жиынтық бағалау (сандық түрде) басты болып табылмайдыжәне мұғалім олар негізделген мәліметтерге (бақылау және интерпретация) қайтіп оралады. Одан кейін мұғалім бұл мәліметтер оқушының оқу деңгейін қалай анықтайтындығы туралы, оған қандай деңгейге жету керек және мұны қалай жасау керек екендігі туралы формативті бағалау (ауызша түрде) құрады.Бағалау сипатын өзгерту арқылы оқытуды бағалау оқыту үшін бағалауға ауыстырылуы мүмкін. Бірақ бұл тікелей оқытуға үлес қосатын мәліметтерді алу үшін жоспарланбағандықтан, ол оқыту үшін бағалауды ескере отырып жоспарланған бағалаумен салыстырғанда, бұл мақсат үшін онша сәйкес келмеуі мүмкін. Сыртқы тестілер мұғалім жүргізетін жиынтық бағалауға қарағанда анағұрлым проблемалы болып табылады, себебі мұғалімдерде балалар мен деңгейлеуге негіз болған мәліметтерді алуға үнемі мүмкіндік бола бермейді, онымен қоса мұғалім үлгілік қателер талдауын қолдана алады.



Қорытынды

Түпнұсқалық зерттеуде сыныптың «қара жәшік» сияқты техникалық метафорасы қолданылған және сол арқылы оқыту үшін бағалауды қолдану қара жәшік ішіндегі жұмыс ретінде белгілі болды

(13-сурет).

Жоғарыда айтылған зерттеу бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым бо-

лып көрінетін бес басты фактордан тұратындығын көрсетті:

1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін

мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

5. Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға

болатындығын түсіну қажеттілігі.



Пайдаланылған әдебиеттер

Alexander, R., (2001). Culture and pedagogy. [Культура и педагогика.] Wiley-Blackwell Assessment

Reform Group, (2002а). Assessment for Learning: 10 Principles. [Оқыту үшін бағалау: 10 ұстаным.]

University of Cambridge Faculty of Education.

Assessment Reform Group, (2002b). Testing, Motivation and Learning. [Тестілеу, қызықтыру және



білім беру.] University of Cambridge Faculty of Education.Faculty of Education
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет