ОҚушы қабілетін ғылыми-шығармашылық ізденістерге бағыттау



жүктеу 88.48 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі88.48 Kb.
ОҚУШЫ ҚАБІЛЕТІН ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕРГЕ БАҒЫТТАУ
Әміреева И. – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ.
Оқушы қабілетін шығармашылыққа бағыттау мәселесі өте ерте кездерден бастау алады. Ежелгі грек философы Сократ жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту үшін эвристикалық әңгімелерді пайдаланған. Ол заманауи педагогикада «эвристикалық әдіс» деген жаңа атқа ие болды. Оқу үрдісінде эвристикалық әдісті қолдану оқушылардың логикалық бірізді, дәл ойлануларына ықпал етеді.

ХҮІІ-ХІХ ғасыр педагогтары Я.А.Коменский, И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, А.Дистерверг, К.Д. Ушинский және т.б. ғалымдар оқушы шығармашылығын дамытудың негізі – оларды өз бетінше ойлау, зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. Бұл ойдың астарында оқушы дербестігін дамыту идеясы жатыр. Қазақ ағартушылары: А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов еңбектерінде жастардың шығармашылығын дамыту, ақыл-ойын жүйелеу туралы пікірлер айтылады. Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қарасөздерінде бала өмірге келгенде қабілеттерін әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып жоқ болатынын айтқан.

Баланың бойында қабілеттерді дамыту үшін оларды шығармашылық әрекетке баулудың маңызы зор. Шығармашылық әрекетке деген ішкі қажеттілік тұлға дамуының шынайы заңдылығы ретінде қарастырылады. Л.С. Выготскийдің тұжырымдауынша, шығармашылық – бала дамуының қалыпты жағдайы, шығармашылыққа бейімділік барлық балаларға тән қасиет. Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда психологиялық-педагогикалық ықпалдар үлкен әсер етеді. Сол сияқты шығармашылық қабілет балалардың ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесін жетілдіруде үлкен рөл атқарады.

Белгілі педагог А. Дистерверг «Нашар мұғалім шындықты хабарлап қояды, ал жақсы мұғалім – оны табуға үйретеді»,-деген [1,23]. Шындықты табу үшін оқушы шығармашылықпен ойлана бастайды. Танымдық белсенділік жеке тұлғаның әрекетінде қалыптаса отырып, оқытудың қарқындандырылуы мен мәнін белгілейді. Танымдық белсенділік құрылымында жеке тұлға сапасы ретінде келесі компоненттер анықталады: оқу тапсырмаларын дайындауға әзірлік, өзіндік әрекетке ұмтылыс, тапсырма орындаудағы саналылық, оқытудың жүйелілігі, өзіндік деңгейді дамытуға ұмтылыс.

Оқушылардың шығармашылығын, танымдық қызығушылығын дамыту олардың белсенділігімен байланысы. Белсенді оқушылар, көп ретте дербес болып келеді. Оқушыларды танымдық әрекетке тәрбиелеу негізі – жеке тұлға әрекетте қалыптасады деген белгілі психологиялық теориямен байланысты. бұл туралы ежелгі қытай даналығы былай дейді: «Маған айт – мен ұмытып қаламын, маған көрсет – мен есімде сақтаймын, маған өзіме жасауға бер – мен үйренемін». Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы оқушының таным объектісіне деген эмоциялық қатынасына байланысты. Оқуға деген ынта-ықылас танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Баланы қандай да бір іс-әрекетке жұмылдыру үшін оны ең әуелі қызықтыру керек; сонан соң оның осы әрекетке әзірлігін, дербестік деңгейін анықтау қажет. Мұғалім оқушы іс-әрекетін басқарып, бағыттайды. Танымдық белсенділік тек сабақта артта қалған оқушыларда ғана төмендемейді. Егер мұғалімнің сабақ беру деңгейі баланың қабілеттілігі мен қажеттілігінен төмен болса, ол дарынды балаларда да төмендеуі мүмкін. Мұндай жағдайда «Жасырын үлгермеушілік» феномені – қабілетті баланың оқу нәтижелерінің өзіндік мүмкіндіктерімен сәйкес келмеуі – пайда болады.

Эвристикалық оқыту арқылы оқушылардың креативті ойлауын дамытуға болатыны қазіргі кезде кеңінен насихатталуда. Креативті ойлау – оқушы қабілетін ғылыми-шығармашылық ізденістерге бағыттаудың бірден бір жолы. Мұғалім өз пәнін оқыту барысында эвристикалық әдісті қолдана отырып, әр түрлі деңгейдегі міндеттерді шешеді; дайын күйінде меңгерілетін оқу материалы мен оқу-ізденіс әрекетінде ғана меңгерілетін зерттеу материалының барынша үйлесіміне қол жеткізеді; жұмыстың ауызша және жазбаша, жеке және ұжымдық формаларының өзара үйлесімін тудырады.

Эвристикалық оқыту барысында қалыптасатын шығармашылық әрекет бұрын болмаған, сапалық немесе сандық жағынан жаңа нәрсенің жасалуымен сипатталады. А.В. Петровский мен М.Г. Ярошевский шығармашылық ұғымын «жаңа материалдық және рухани құндылықтардың жасалуы нәтижесіндегі іс-әрекет» деп анықтаған С. Штейн «әрекет шығармашылық болып табылады, егер оның нәтижелі логикалық жағынан түсінікті және пайдалы жұмыс жаңалығымен ерекшеленсе» деп есептеген.

Оқушы қабілетін ғылыми-шығармашылық ізденістерге бағыттау тәжірибесін ортаға салар болсақ, жалпы білім беретін мектептерде қазіргі шешімін таппай жатқан мәселелердің бірі – оқушы шығармашылығын дамыту екендігі белгілі. Мектепте барлық оқушыларға тең дәрежеде білім беріп, қалыпты сабақ өтіп, балалар шығармашылығына көз жұмыс қоя салу оңай. Оқу бағдарламасындағы сабақтарды игеріп, одан ары қарай ізденуге талпынған оқушы келешегі кім-кімді де ойлантады. Мектептегі бірқалыпты өмір оларды зеріктіреді, оқушы шығармашылығы көрінбей немесе дамымай қалады. «Тәрбие кеңістігі оқушының білім сапасын дамытудың шарты» тақырыбында биыл екінші жыл жұмыс істеп жатқан эксперимент аясында оқушы қабілетін ғылыми-шығармашылық ізденістерге бағыттау мақсатында осы оқу жылында Мұғалімдердің ғылыми қоғамы мен кіші академия – Оқушылардың ғылыми қауымдастығы құрылып, бірқатар нормативтік құжаттар: Мұғалімдердің ғылыми қоғамының ережесі, Оқушылардың ғылыми қоғамының ережесі және жылдық жұмыс жоспарлары жасалды. Ғылыми қоғамдардың мақсаты: нақты білім саласы шеңберінде ұстаздардың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізуіне көмектесу; оқушылардың ғылыми-шығармашылық жұмыстарына жетекшілік етуге баулу; мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми-зерттеу ізденістерімен айналысуларына жол ашу; педагогикалық ұжымның ғылыми әлеуетін көтеру болса, міндеттері: пән мұғалімдерін ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізуге үйрету; МҒҚ мүшелері мен оқушыларды ғылыми-зерттеу ізденістерімен айналысуға баулу; ұстаздарды оқушылардың ғылыми-шығармашылық жұмыстарына жетекшілік етуге ынталандыру; педагогикалық ұжымның ғылыми-әлеуетін арттыру ретінде белгіленді. Осы мақсат, міндеттерді жүзеге асыру үшін эксперимент шеңберінде құрылған тәрбие кеңістігінде ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардың кездейсоқтық сипат алып кетпей, олардың қалыпты жүйедегі сабақтардан ерекше болуы жүйелі түрде қадағаланады.

Енді мектеп мұғалімдерінің оқушы қабілетін ғылыми-шығармашылық ізденістерге бағыттау жолдарына тоқталайық. Гешталь-психология шығармашылықты былай деп түсіндіреді: адам ең алғаш заттың ойша образын жасайды, сөйтіп сол образды жасаған элементтерді өзгертіп, өз мақсатына жеткенше жұмыс істейді. Оқушы шығармашылығын психологиялық тұрғыдан ашу мақсатында пән мұғалімдері әр сабақта берілген жаңа материалдарды бекіту үшін жұмбақтар мен басқатырғыштарды пайдалану тәжірибесіне сүйенеді.

Қазіргі таңда технология мен техниканың тез дамыған заманында бізді ескі әдістемелер қанағаттандырмай отыр. Тәжірибелер көрсеткендей, қарапайым тапсырмаларды кез келген оқушы орындай алады; мейлі бірінші реттен болсын, мейлі он бесінші реттен болсын. Ал қиын тапсырмаларды шешу үшін мыңдаған нұсқалар болуы мүмкін. Ал кейде өте қиын мәселелер ғана оңай шешілуі мүмкін. Тәжірибе жасау және қателесу, қиын мәселелерді шешуде өте тиімсіз болуымен қатар, кейбір мәселелердің ондаған, тіпті, жүздеген жылдар бойы шешімін таппай жатуына ықпал етеді. Бұл – ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы субъективтік фактор.

Білім беру үрдісінде соңғы кезде шығармашылық іс-әрекеттерді жеделдете дамытудың түрлі әдіс-тәсілдері пайда болды, оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады, бірінші топқа іздену процесіндегі енжарлықты, немқұрайлықты болдырмауға негізделген арнайы психологиялық әдістерді жатқызамыз. Бұлардың ішіндегі ең тиімділері: ақыл-оймен табысқа жету және синетика әдістері. Оқушы қабілтін ашуға арналған түрлі тәсілдер ұйымдастырылып, олардың түрлі әдістерді пайдалана отырып ізденуіне мүмкіндіктер туғызу, айтары жоқ, ұстаздан жоғары шеберлікті талап етеді. Осы ретте жоғарыда аталған әдістердің мазмұнымен таныстыра отырып, оны қолдану техникасын пән мұғалімдерінің таңдауына немесе педагогикалық шеберліктеріне қалдырамыз. Ақыл-оймен табысқа жету әдісін ХХ ғ. 30-шы жылдарының соңында американдық А. Осборн ойлап тапты. Мұның мәнісі – мәселені көп болып шешу, көптеген идеяларды жинақтап отырып, белгілі бір табысқа жету, яғни ұжымдық жұмыс формасы ретінде пайдалану тиімді. Бұл әдістің басты мақсаты ойына келген идеяларды еркін сыннан қорықпай, мұғалім мен сыныптастарының ара қатынасы нашарлап, күлкіге қаламн деп ойламай, батыл айту. Әдетте, топ өз ойын, идеясын дәл айтып, дәлелдей алатын 6-8 адамнан құралады. Мұғалім талдауға қатыспайды. Еркін, жайбарақат жағдай жасалып айтылған идеялар стенографияланады немесе магнитофонға жазылады. Оқушылардан құралған сарапшылар бұл идеяларды сарапқа салады. Бір сағаттың ішінде 8 адам 50-60-тай идея тастауы мүмкін, соның ішінде тиімді, пайдаға асатын идеялар да болды. Бұл әдістеме ешер топ басшысы өте алғыр, тәжірибелі болған жағдайда жақсы жүзеге асады.

Синетика әдісін ХХ ғ. 50-ші жылдарының аяғында Америка құрама штаттарында У. Гордон жасады. Оның негізінде ақыл-ой әрекеті жатыр. Бұл әдісті тәжірибесі мол мамандар жүргізеді. Жарияланған идеяларға қарама-қарсы іс-әрекеттер жасалып, кейбір тәп-тәуір көрінген идеялардың кемшіліктерін ашып отыру, яғни оппоненттік мәнге ие әдіс. Синетика әдісінде сынау, қарсы пікір айту тәжірбесі кеңінен қолданылады. Синетиктердің көбісі бір-екі жылдан кейін жүйке жүйелерінің шаршауына байланысты, қызметтерін тоқтатып отырған. Аталған екі әдісті гуманитарлық бағыттағы пәндерде қолдану жоғары нәтижелікке қол жеткізеді.

Екінші топтың әдістері түрлі нұсқаларды жинақтап, талдап, бір нұсқаның қайталанбауын қадағалай отырып, бастапқы идеяға қайта-қайта оралып отыруға бағытталған. Бұған морфологиялық талдау мен бақылау тапсырмалары жатады. Бұл жерде ТРИЗ-дің орны ерекше. Оның негізі: техниканың жүйелері белгілі бір объективті заңдылықтар арқылы дамиды, сол заңдылықтарды тауып, жаңалық ашу процесінде пайдалану. Сонымен қатар жаратылыстың заңдылықтарын жан-жақты білу өте қажет. Заңдылықтарды білу, біріншіден, ғылыми жобаның тиімділігін арттырады, екіншіден, адамзатқа, табиғатқа зиян келтірмеу принципін сақтауға көмектеседі.

Морфологиялық анализ жасау әдісін швейцарлық астрофизик Ф. Цвикки ойлап тапты. Ол осы әдіс бойынша нейтрондық жұлдыздарды ашты. Морфологиялық анализдің мәні – жетілдірілгелі отырған нысанның ең басты құрылысының барлық нұсқаларын жүйелі түрде қамтып отыру. Жетілдірілген объектінің құрамы, барлық элементтері, ерекше байланыстары нысанаға алынып, зерттеледі. Бұл мақсатта толып жатқан морфологиялық жәшіктер деп аталатын кестелер жасалады. Сол кестелерде нысанның бүкіл сипаттамасы жасалады. Бұл әдістің басты кемшілігі – комбинациялардың көптігі. Мысалы, 10 негізгі нүкте бойынша 10 нұсқа болса, 100 комбинация болып шығады. Осы комбинациялар ішінен керегін табу оңай емес. Бұл табылған шешімді жүзеге асыру мақсатында пайдаланғанда тиімдірек және ғылыми-жаратылыстану бағытындағы сабақтарда қолдану нәтижелілігі жоғары. Осы әдіс-тәсілдердің бәрі оқушы шығармашылығының практикалық тиімділігін арттыруға әсер еткенімен, жаңа идеялар қайта пайда болады деген сұрақтарға жауап бере қойған жоқ.

Кез келген мәселелерді шешуді бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:

1) Жасалуға, орындалуға тиісті жұмыстар. В. Эйнштейннің сөзімен айтқанда:«Шығармашылық, яғни жаңалық ашу - өндірілген тауарға жұмсалған күш». Еңбек үрдерісінде жаңалыққа деген сұраныс туындайды.

2) Жаңалық ашу немесе жаңа технологияны ендірудегі қолайлы, қолайсыз жағдайлар. Осы екінші кезеңде анықталады.

3) Патенттік ізденіс – бұл жаңалықты бұрын ешкім ашпағандығы анықталады. Осы тақырыпқа ұқсас технологиялардың ішінде сіздің жұмысыңызбен мақсаты бір жұмыстар табыла қалса, онда сіз мақсатыңызды өзгерте отырып, бұл мәселеге басқа қырынан келуіңізге болады, бірақ бұл мәселенің техникалық нысаны мен негізгі бағыттары сақталып қалады.

4) Жоғарыдағы мәселелердің бәрін анықтап алғаннан кейін, технологияны орындау мақсатында ең тиімді әдіс таңдалып алынады, қажетті жағдайда ЭВМ-ді пайдалануға болады. Түрлі әдістер топтамасынан да (ақыл-оймен табсқа жету, морфологиялық талдау т.б.) пайдалануға болады.

Қалған кезеңдер формалды болғанмен, өте қажетті: ашылған жаңалықтың, жаңа технологияның формуласын жасау; барлық қажетті құжаттарды даярлау; осы ашқан жаңалықтарды жүзеге асыратын мәселелерді табу. Бұл кезең шығармашылықпен жұмыс істеуді талап ететін жауапты кезең. Мектеп тәжірибесінде ол оқушы жасаған ғылыми-шығармашылық ізденістердің нәтижесін еңдеп, ғылыми мақала ретінде баспаға ұсыну немесе конференциялар мен олимпиадаларда, түрлі байқауларда қорғау ретінде көрінеді.Тәжірибе барысында байқағандай, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда кері әсер ететін қайшылықтар мен кедергілер де кездесіп жатады. Олардың біразына тоқталайық:



  • психологиялық кедергілер (қорқу, сәтсіздіктен қауіптену, өз күшіне сенбеу, ойланудан қашқақтау, жалқаулық);

  • әлеуметтік педагогикалық кедергі (әлеуметтік жағдайдың болмауы; оқушының сүйікті ісімен айналыса алмауы; үйде, достарының арасында шығармашылық ахуалдың қалыптасуы және еркіндіктің болмауы);

  • әкімшілік-әміршілдік стиль (мұғалімнің шектен тыс қаталдығы, бала еңбегін бағалауда әділетсіздікке жол берілу т.б.);

  • физиологиялық кедергі – баланың, адамның денсаулығының сақталмауы, денсаулығында кемшілігінің болуы.

Мектептің «Тәрбие кеңістігі оқушының білім сапасын дамытудың шарты» тақырыбындағы эксперимент аясында оқушы қабілетін ғылыми-шығармашылық ізденістерге бағыттау барысында әлі де атқарылар игі істер мол.
Әдебиеттер:

  1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 1998.

  2. М. И. Станкин Профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и обучения. - М. -1998 г.

  3. А. Е. Әбілқасымова, Р. ОмароваМұғалімніңтанымдықіздемпаздығынқалыптастырунегіздері. – А., 2003ж.

  4. С.И.Вульфсон Уроки профессионального творчества М.,1999.г.

  5. А.А.КолюжныйПедагогическая имиджеология Алматы:2004ж.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет