Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары



жүктеу 78.76 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі78.76 Kb.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- бала шығармашылығының бастауын, қай-нар көзін ашып,оны тұлғалық тұғырға көтеру. Шығармашылық - тұлғаны дамытудың ең тиімді тәсілі. Күнде өзгеріп отырған аласапыран өмірде аман қалу, биіктерге беттеу, нәтижелерге жету тек қана шығармашыл адамдардың қолынан келеді және бұл мәселені неғұрлым ерте қолға алса, соғұрлым нәтижелі болатын дығы ғылымда дәлелденген. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім - білік, дағдыларды меңгерте отырып, жаңа педагоги калықтехнологияларды шебер пайдалана білу арқылы оқыту үрдісін демократияландыру және ізгілендіру, сабақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту қажеттігі туындап отыр. Шығармашылық барлық адамда болуға тиісті сапа. Алайда, біздің өмірімізде әр адамның жаңалық ашуы сирек кездесетін жағдай. Неге? Американдық ғалым Н.Роджерстің әр адам бала кезінен бастап «Сен мынаны дұрыс жасамадың!», «Бұл қате!», «Олай емес!»деген сынау сөздерді көп естиді.Кейде тіпті жаза да қолданып жатады. Адамдардың өз бойында ғы, «ол менің ісім емес» деген сенімсіздік осыдан басталады екен. Осы пікір саналы адамның баршасына ой саларлықтай. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мыналарды жатқызуға болады. 1. Шығармашылық қабілетінің деңгейін анықтау.(топтау, бақылау, қалыптастыру) 2. Қызығушылық жәнешығармашылық пен таным белсенділігін арттыру. 3. Оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату. 4.Шығармашылық қабілетін тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама- қайшылықтарды есепке алып, зерттеу. 5. Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту. 6. Шығармашылық қабілеттердітәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтап, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау. 7. Мұғалім өз ісінеізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу. Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жоғарыда аталған мәселенің екінші тармағына тоқталатын болсақ, қызығушылық, ақыл-ойды жетілдіру жеке адам тәрбиесінде байланыстырушы буын болып табылады. Бастауыш класс оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интелекті дамытуда қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеудегі маңызды фактор болуы мүмкін. К.Д. Ушинский: «Еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?» - деген екен. Ендеше, оқыту ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек.Сондай-ақ оқушы шығармашылығын дамытуғанегізделген әдіс - тәсілдерді тек сабақта ғана емес, кластан тыс жұмыстарда үнемі қолданып отырса, сонда ғана көздеген нәтижеге қол жетері сөзсіз. Оқушы шығармашылығын дамытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ойәрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру қажет. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыра тын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылық қабілетін дамытады.Шығармашылық тұлғаны дамытуды ең алдымен шығармашылық ойлаудан бастау керек. Ал шығармашылық ойлауды дамыту үшін не істеу керек? Ол үшін әр түрлі жаңа технологияларды сабақта үнемі пайдалана отырып, жаңа нәтижеге жету қажет. Шығармашылық ойлауды дамытуға жетелейтін тапсырмалар жаңа буын оқулықтарында орын алған. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін осы тапсырмаларды түрлендіріп және жаңа технологиялардың түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын үнемі іздестіріп отырамын. Мысалы, Ана тілі оқулығындаС. Сейфуллиннің «Туған ел» өлеңін өткен кезде ТРИЗ бағдарламасы бойынша бақылау сұрақтарын пайдалана отырып «Туған жер» тақырыбында шығарма жұмысын алдым. 1. Туған жер деген сөзді естігенде сен қандай сезімде боласың? 2. Көз алдыңа нелер елестейді? 3. Мұрныңа қандай иіс келгендей болады? 4. Туған жеріңе қандай жақсылықтар жасағың келеді? Бақылау сұрақтарын түрлендіре отырып түрлі тақырыпта ертегілер жазғыздым. Оқушылар бақылау сұрақтары арқылы өз ойларын еркін, бүкпесіз жеткізе білді. Оқу мен жазу арқылысын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы да оқушыны шығармашылдыққа жетелейді. Оның «Синквейн», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Ассоциация» т.б. әдістерін пайдаланып отырамын. Ал «Ақыл-ой Одиссеясы» технологиясы да оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлес қосады. Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасатындықтан, ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі маңызды рөл атқарады. «Ақыл-ой Одиссеясы» бағдарламасының теориялық негізі ретінде жоғарыда аталған әлемдік деңгейдегі ғалымдардың тұжырымдамаларымен бірге Д. Гилфорд, Е. Торренс, А. Осборн сияқты шығармашылық теориясын жасаған ғалымдар еңбегі алынады. Бағдарламаның құрылымы 2 бөлімнен тұрады. 1. Лезде шешілетін тапсырмалар. 2. Ұзақ мерзімді тапсырмалар. Лезде шешілетінтапсырмаларды тілдік, яғни сөзбен айтуға, тілмен жеткізуге арналған, манипуляциялық (заттарды құрастыру) және аралас (сөзбен әрі іспен, әрекетпен шешу) болып үшке бөлінеді.Лезде шешілетін тапсырмалар мен ұзақ мерзімді тапсырмалардытүрлендіре отырып,әсіресе тіл сабақтарында қолданған өте қолайлы.Осындай тапсырмаларды қазақ тілінен сөз таптарын өткенде былайша қолдандым. Сын есім тақырыбын өткен кезде ауызша тез арада қызықты ертегі құрастырдық.Әр оқушы оқиға желісін байланыстыра отырып бір сөйлемнен құрастыруы тиіс және ол сөйлемдердің ішіне сын есімді қатыстыруы керек. Мысалы, «Ертеде бір қызыл түлкі болыпты. Бірде ол серуендеп келе жатса, аддынан аппақ көжек шыға келіпті. Түлкі одан: -Сенің тоның өткенде ғана сұр сияқты еді ғой,-деп сұрапты. Көжек оған өзінің сиқыршы көжек екенін айтыпты. Қызыл түлкі одан қорқып тиіспей кетіп қалыпты. Тапқыр көжек осылайша аман құтылыпты» деген ертегі құрап шығарды.Бұлайша шапшаң ертегі құрастыру оқушылардың ертегі құрауға деген қызығушылықтарын арттырды. Қорыта айтқанда , жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақта және кластан тыс жұмыстарда үнемі түрлендіріп, тиімді пайдалану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың бірден-бір жолы. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл, елінің ертеңін ойлар жас жеткіншектерді тәрбиелей аламыз.

«Петровка орта мектебі» ММ



БАЯНДАМА

Тақырыбы: Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Дайындаған: Смагулова С.А

2013-2014 оқу жылы

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.

Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.

Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақсаты – тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-жақты, саяси сауатты, өресі биік азаматтарды тәрбиелеу.

Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты

1.Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.

2.Пәнге терең қызығушылығын арттыру.

3.Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.

4.Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.

5.Жалпы білім – білік дағдыларын дамыта оқыту.

6.Білімнің бағасын арттыру.

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті

1.Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу.

3. Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары

1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.

Тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту.

3. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.

4. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма, өлең шығару т.б), өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.

5. Мектепішілік және аудандық, пәндік олимпиадаларға, конкурс- сайыстарға қатыстыру.

6. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқыту.

Оқу – тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың түрлері

1. Оқушыларды мұражайға апару

2. Өнер қайраткерлерімен, ақын – жазушылармен кездесу өткізу.

3. Түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас, кездесу өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу, ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін жеткізе білу.

4. Ақпараттық құралдар жаңалықтармен таныс болу.

5. Ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдалану.

6. Күрделі тапсырмаларды орындау.

Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі спортты, үшіншісі ән – күйді т.б. өнер салаларын таңдайды. Мұндай жағдайда тәртібі нашар балалардың да жақсы қасиеттерін танып, оларды сынып ұжымымен байланыстыру да ұстаздың біліктілігінде.

Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесінде мына ситапттамаларды атап айтуға болады:

- зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік;

- ақыл – ойдың жоғарғы қажеттілігі;

- тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар мен теорияларға қызығушылық;

- белгілі бір іс — әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;

- өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу;

- тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.

Дарындылыққа барар жолдың басты міндеті:

- оқушының жеке ерекшелігімен қабілетін зерттеп- зерделеу;

- шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зердесінің дамуын назарда ұстау;

- оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.

Осы міндеттерді жүзеге асырудағы оқу – тәрбие үрдісін ғылыми зерттеу негізінде жүргізіп, оқушылардың дарындылығын дамытатын арнайы жоспармен жұмыс атқару керек. Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата –ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушының білімге ынтасын арттыру керек.

Табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік!



©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет