Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»



жүктеу 169.99 Kb.
Дата24.06.2016
өлшемі169.99 Kb.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 ақпанда № 10285 тіркелді

Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 133-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Патронаттық тәрбие туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З. Оразалиева):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А.Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 14 бұйрығына

Патронаттық тәрбие туралы ереже


1. Жалпы ережелер

1. Осы Патронаттық тәрбие туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген.

2. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп күдік келтірілген кәмелетке толмаған балаларға (бұдан әрі – бала (балалар)) белгіленеді.

3. Патронат тәрбиеші – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – орган) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарттың негізінде баланы (балаларды), оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдағы баланы (балаларды) тәрбиелеуге берген адам.

4. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп күдік келтірілген баланы қоспағандар қорғаншылықта (қамқоршылықта) болмаған бала (балалар) патронаттық тәрбиеге беріледі.

5. Патронат тәрбиешіге тәрбиелеуге берілетін балалардың жалпы саны бір отбасының балаларына байланысты жағдайларды қоспағанда, үш баладан аспайды.

6. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру отбасылық тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін баланың (балалардың) мүдделеріне сүйене отырып жүзеге асырылады.

7. Орган баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларына бақылауды жүзеге асырады, патронат тәрбиешілердің қызметін талдайды.

2. Балаларды патронаттық тәрбиеге беруді ұйымдастыру

8. Патронат тәрбиешілерді іріктеуді орган жүзеге асырады.

9. Мыналарды:

1) туған ата-аналарды;

2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп таныған адамдарды;

3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

4) өзіне Кодексте жүктелген мiндеттердi тиісінше орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерін орындаудан шеттетiлгендердi;

5) егер бала асырап алуды сот олардың кiнәсi бойынша жойса, бұрынғы асырап алушыларды;

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар тізбесіне сәйкес аурулары болған кезде, денсаулық жағдайы бойынша баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерді орындамайтын адамдарды;

7) жүгіну кезінде өтелмеген соттылығы немесе кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстары бар (кісі өлтіру, қасақана денсаулығына зиян келтіру, жыныстық қатынасқа итермелеу, сонымен қатар адам саудасымен байланысты қылмыс жасау) сотталған адамдарды;

8) жүгіну кезінде тұрақты тұрғылықты жері, сондай-ақ баланың (балалардың) тұруы үшін жарамды тұрғын үй-жайы жоқ адамдарды;

9) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды қоспағанда, педагог қызметкерлердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін тек кәмелетке толған ерлер және әйелдер патронат тәрбиешілер болып табылады.

10. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адам органға мынадай құжаттар:

1) патронат тәрбиеші болуға тілек білдіргені туралы өтінішті;

2) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізу туралы өтінішті;

3) егер баланың (балалардың) патронат тәрбиешiсі болуға тiлек бiлдiрген адам некеде тұратын болса, зайыбының (жұбайының) келiсiмiн;

4) патронат тәрбиешi болуға тілек білдірген адамның денсаулық жағдайы туралы анықтаманы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;

5) егер патронат тәрбиешi болуға тiлек бiлдiрген адам некеде тұратын болса, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы анықтаманы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;

6) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адамның, сондай-ақ патронат тәрбиеші болуға тілек білдірген адам некеде тұратын болса, зайыбының (жұбайының) сотталмағандығы туралы мәліметтерді ұсынады;

7) білімі туралы мәліметтер.

11. Орган осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде, баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адамның құқығын тексереді және қорытындысы бойынша шартты жасасу не жасасудан бас тарту туралы шешім шығарады.

Шартты жасасудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, орган баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адамға дәлелді жауапты жазбаша түрде бес жұмыс күні ішінде ұсынады және оған құжаттарды қайтарады.

Органның шартты жасасудан бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сот органдарына шағымдануға болады.

12. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге анықтау кезiнде орган оның этникалық шығу тегін, белгілі бір дінге және мәдениетке қатыстылығын, ана тілін, тәрбиелеу мен оқытудағы сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып, баланың мүддесiн басшылыққа алады.

13. Баланы (балаларды) шарт бойынша беру үшін оны алдын ала таңдауды органмен және баланы күтіп-бағатын ұйым әкімшілігінің келісімі бойынша баланы отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар жүзеге асырады.

Ағалы-інілерді, апалы-сіңлілерді-қарындастарды ажыратуға, бұл балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.

14. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп күдік келтірілген баланы қоспағанда, он жасқа толған баланы (балаларды) патронат тәрбиешілерге беру оның келісімімен ғана жүзеге асырылады.

15. Балаға (балаларға) патронат тәрбиешіні тағайындау кезінде патронат тәрбиешінің адамгершілік және жеке басының өзге де қасиеттері, оның патронат тәрбиеші міндеттерін орындауға қабілеті, патронат тәрбиеші мен бала (балалар) арасындағы қарым-қатынас, патронат тәрбиешінің отбасы мүшелерінің балаға (балаларға) қарым-қатынасы, сондай-ақ мүмкін болса, баланың (балалардың) өз тілегі ескеріледі.

16. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тiлек бiлдiрген адам (патронат тәрбиешi) мен орган арасында жасалатын шарт:

1) баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын;

2) патронат тәрбиешiлердiң құқықтары мен мiндеттерiн;

3) органның патронат тәрбиешiлерге қатысты мiндеттерiн;

4) шартты тоқтатудың негiздерi мен салдарын көздейді.

Патронаттық тәрбиеге берілген әрбір балаға (балаларға) жеке (дербес) шарт осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда баланың (балалардың) отбасыда болу мерзімін ұзарту жаңа шарттың негізінде жүргізіледі.

17. Бала (балалар) патронаттық тәрбиеге берілетін ұйым:

1) осы ұйымның тәрбиеленушісі болып табылатын баламен (балалармен) патронаттық тәрбиеге беру жөніндегі дайындық жұмысын жүргізеді;

2) оның сәтті әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді;

3) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру үшін құжаттар дайындауды жүзеге асырады;

4) патронат тәрбиешілер болуға тілек білдірген адамдарды дайындауды жүзеге асырады;

5) осы ұйымның тәрбиеленушісі болып табылатын баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беруді жүзеге асырады;

6) патронат тәрбиешіге ұйымдық-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді;

7) патронаттық тәрбиеге берілген балаларды есепке алуды жүргізеді.

18. Патронат тәрбиешiлерге берiлген әрбiр балаға (балаларға) орган:

1) баланың (балалардың) тууы туралы куәлiгiн;

2) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiнде № 6697 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген № 026/е нысанды медициналық құжаттаманы, егу паспортын және № 063/е нысанды медициналық құжаттаманы;

3) бiлiмi туралы құжатты;

4) баланың (балалардың) ата-ана қамқорлығынан айырылғанын растайтын қайтыс болуы туралы куәлiктің, сот үкiмiнің немесе шешiмiнің, ата-анасының сырқаттануы немесе iздестiрiлуi туралы анықтаманың және басқа да құжаттардың көшірмелерін;

5) аға-iнiлерiнің және апа-сiңлiлерiнің-қарындастарының болуы және тұратын жерлерi туралы ақпаратты;

6) балаға (балаларға) тиесілі мүліктің тізімдемесін және оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтерді (бар болған жағдайда);

7) балада (балаларда) тұрғын үй-жайдың болуын растайтын құжатты;

8) баланы қылмыс жасаған күдікті патронатқа берген жағдайда қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысын;

9) баланың (балалардың) жеке ісінде бар өзгеде құжаттарды береді.

19. Осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген құжаттар шарт жасасқаннан кейін патронат тәрбиешілерге тікелей беріледі.

20. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешіге беру органның шешімі немесе қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы негізінде шартты жасасқаннан кейін жүзеге асырылады.

21. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру патронат тәрбиеші мен бала (балалар) арасында алименттік және мұрагерлік құқықтық қарым-қатынастардың туындауына әкеп соқпайды.

22. Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне мұрагерлік тәртібінде өтетін алименттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарына, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Баланың (балалардың) тұрғын үй-жайы болмаған кезде Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес өзіне тұрғын үй-жай беру құқығына ие.

23. Егер баланың (балалардың) жәрдемақыға немесе өзге де әлеуметтiк төлемдерге құқығы болған жағдайда патронат тәрбиешіге аталған ақша қаражатын немесе әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асыратын тиісті органдарға жүгіну тәртібі түсіндіріледі.

24. Патронат тәрбиешінің негізгі функциялары:

1) шартты орындау;

2) өз баласымен (балаларымен) бірге тұруды қамтамасыз ету;

3) баланы (балаларды) тәрбиелеу мен күтіп-бағу үшін оңтайлы жағдай жасау және ұйымдастыру;

4) баланың (балалардың) денсаулығы, дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы туралы қамқорлық жасау;

5) баланың (балалардың) пікірін ескере отырып, білім беру мекемесін және оқыту нысанын таңдау;

6) баланың (балалардың) патронат тәрбиешiге берiлген құжаттарының, балаға (балаларға) тиесілі ақшалай қаражаттың және өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

7) өзінің қамқорлыққа алынушыларының басқа адамдармен қатынасындағы, оның ішінде соттарда арнайы өкiлеттiктерсiз қатынасындағы құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;

8) баланың (балалардың) демалысын ұйымдастыру;

9) баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту үшін қолайсыз жағдайлар туындағаны туралы органды хабардар ету;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

25. Патронат тәрбиешіге берілген әр баланы (балаларды) күтіп-бағуға «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 қаулысымен белгілеген тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді.

26. Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу шарттары «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес мемлекеттiк білім беру мекемелерi тәрбиешілерінің еңбегіне ақы төлеу шарттарына ұқсас анықталады.

27. Облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың білім беру бөлім органдары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдары патронат тәрбиешінің еңбегіне ақы төлеуді шарттың негізінде ақшалай қаражатты оның ағымдағы шотына ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірмей ай сайын аудару арқылы жүргізеді.

28. Патронат тәрбиешіге еңбекақы төлеудің тоқтатылуына әкеп соғатын мән-жайлар туындаған жағдайда (шарттың бұзылуы) орган бұл туралы патронат тәрбиешiге бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлайды.

29. Патронат тәрбиешілер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегінде тұрғылықты жерінің өзгергені туралы көшкен сәтінен бастап күнтізбелік он күн ішінде органды жазбаша түрде хабардар етеді.

30. Патронат тәрбиеші облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан тыс жерлерге тұрақты тұруға көшкен жағдайда шарт бұзылады.

31. Патронат тәрбиешiлер ауруханаға түскен не өзге де дәлелді себептер бойынша отбасында ұзақ уақыт болмаған жағдайда органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланы (балаларды) қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа уақытша орналастыруды қамтамасыз етеді не негізгі патронат тәрбиешінің болмау уақытына басқа патронат тәрбиешімен шарт жасасады.

32. Патронат тәрбиешінің баланы (балаларды) денсаулық сақтау ұйымына уақытша орналастыруы патронат тәрбиешінің осы балаға (балаларға) қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтатпайды.

33. Отбасында патронаттық тәрбиедегі баланы (балаларды) асырап алуға беру кезінде осы баланы (балаларды) асырап алуға басым құқық оның қалауы ескеріле отырып, өз отбасында бала (балалар) тәрбиеленіп жатқан патронат тәрбиешіге беріледі.

34. Баланы (балаларды) 16 жасқа толғанда жұмысқа орналастырған жағдайда ол кәмелетке толғанша шарттың қолданылуы жалғасады.

35. Шарт:

1) дәлелді себептері (сырқаттануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша;

2) баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде органның бастамасы бойынша;

3) бала (балалар) ата-анасына қайтарылған, туыстарына берілген немесе бала (балалар) асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

36. Органдар патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттеріне бақылауды Кодексте және осы Ережеде белгіленген тәртіппен патронат тәрбиешінің тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырады.

37. Патронаттық тәрбиеге берілген баланы (балаларды) тәрбиелеуге және күтіп-бағуға бақылауды органдар 6 айда кемінде 1 рет:

1) патронаттық тәрбиеге берілген балаға (балаларға) оның тәрбиелену және күтіп-бағылу жағдайларын тексеру мақсатында бару;

2) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларының, оның ішінде оңалту құралдарының уақтылы ресімделуіне және алынуына, сондай-ақ мүгедек баланың оны мақсатты пайдалануына бақылау жасау;

3) патронат тәрбиешілердің патронаттық тәрбиеге берілген баланы (балаларды) тәрбиелеу және күтіп-бағу үшін материалдық құралдарды пайдалануын тексеру түрінде жүзеге асырады.



38. Патронат тәрбиеші қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы және оны тәрбиелеу, сондай-ақ оның мүлкін басқару бойынша жұмыс туралы есептерді органға жылына кемінде бір рет ұсынады.
: download -> prikazy
prikazy -> Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
prikazy -> Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы»
prikazy -> Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
prikazy -> "Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
prikazy -> Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы
prikazy -> Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен
prikazy -> Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы
prikazy -> Жылғы редакциясында




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет