Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 3.92 Mb.
бет10/14
Дата20.06.2016
өлшемі3.92 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Логопед

Лауазымдық міндеттері: Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тексереді, сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтайды, балалардың психикалық дене даму және сөйлеу жағдайын есепке ала отырып, сабақ жүргізуге топ жинақтайды. Дамудағы ауытқушылықты түзету, сөйлеу қызметінің бұзылуын қалпына келтіру үшін топтық және жеке сабақтар өткізеді. Оқушылардың жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыруға және олардың әлеуметтенуіне ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, әдістерін және құралдарын пайдаланады. Арнайы ұйымдарда дамудағы ауытқушылықты барынша түзетуге бағытталған оқушыларды (тәрбиеленушілерді) оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктіліктерін көтереді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді. Әдістемелік бірлестіктер қызметтеріне және әдістемелік жұмыстардың басқа да нысандарына қатысады. Ата-аналармен (оларды алмастырушы тұлғалармен) байланыс жасайды, балаларға арнайы көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде кеңес береді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты болады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы конвенция», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңдарын санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогикалық және ұйымдастыру-басқару міндеттерін шешу үшін қажетті көлемдегі жалпы теориялық пән негіздерін, педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын, арнайы педагогика және арнайы психология негіздерін, бағдарламалар мен оқулықтарды, логопед кабинеттерін жарақтандыру мен жабдықтауға қойылатын талаптарды, оқу құралдары мен оның дидактикалық мүмкіндіктерді, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:

Біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ логопедке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар эксперименттік жұмыс дағдыларының болуы, жаңа оқыту әдістемесін сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты жүргізе білуі, озық тәжірибелерді зерделеуі, оны практикада қолдана білуі, оқушылардың тұлғалық жеке мәдениетін, олардың әлеуметтенуін қалыптастыруды талдау дағдыларының болуы, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және логопед лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:

Біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар дамудағы ауытқушылықтарды барынша түзетуге бағытталған тәрбиеленушілерді оқытудың талдау әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларға жетекшілік жасай білуі, озық педагогикалық тәжірибелерді енгізуі, дефектологияның қазіргі таңдағы әдістерін игеруі, оларды пайдалану құқығына сертификаттарының болуы, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, өзінің кәсіби құзыреттілігінің саласында тиісті теоретикалық және практикалық білімдерді игеруі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және логопед лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:

Біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты логопедке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәжірибелік-эксперименттік жұмыс әдістерін игеруі, жаңа бағдарламаларды әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі, шығармашылық топтарға жетекшілік ете білуі, өзінің кәсіби құзыреттілігінің саласында тиісті теориялық және практикалық білімдерді игеруі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және логопед лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Арнайы білім беру ұйымдарының мұғалімдері, жалпы білім беретін
мектептердегі арнайы сыныптардың мұғалімдері

Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқушы контингенті мен оқытылатын пән ерекшеліктерін есепке ала отырып оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Оқушылардың жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыруға және олардың әлеуметтенуіне ықпал етеді. Білім алушылар мен тәрбиленеушілердің жеке қабілеттерін дамытуды анықтайды және ықпал етеді. Оқу процесінде түзету жұмыстарын жүзеге асырады. Оқытудың әртүрлі әдістері мен құралдарын, нысандарын, түрлерін қолданады. Оқытылатын пән бойынша қажетті жоспарды жасайды. Заманауи білім беру, оның ішінде ақпараттық технологияларын меңгереді. Білім алушылардың және тәрбиеленушілердің тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған деңгейден төмен емес білімді, білікті және дағдыларды алуын қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оларды оқу процесінің оқу жоспары мен кестесіне сәйкес толық көлемде іске асыруға жауап береді. Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктілігін көтереді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді. Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы тұлғалармен байланысты жүзеге асырады. Оқу пәнін, сабаққа қатысу режимін қолдайды. Жабдықтарды пайдалану кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындайды. Оқыту процесінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жауап береді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдары және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және арнайы педагогика, арнайы психология, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, еңбек туралы заңнама негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметі, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Арнайы білім беру ұйымының мұғаліміне қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі бар. Арнайы білім беру ұйымының еңбек, музыка, түзету ырғағы, бейімдік дене шынықтыру мұғалімінің оқыту пәні бойынша жоғары немесе техникалық және кәсіптік білімі болуы тиіс.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптары:

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:

Біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі, сабақ берудің әдістерін құрастыруы, оқу процесінде түзету жұмыстарын жүзеге асыруы, белсенді оқытудың әдістері мен нысандарын пайдалануы, білім алушылармен диагностикалық жұмысты ұйымдастыра білуі, оқу-тәрбиелеу, түзету-дамыту процестерінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі, шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің, білім беру мекемелері шеңберіндегі озық тәжірибелі мектептің жұмысына белсенді қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білімі және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:

Біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар пән бойынша оқу-әдістемелік, түзету-дамыту жұмыстарын талдау әдістерін меңгере білуі, оқытудың жеке бағдарламасын жасауы және іске асыруы, шығармашылық семинарлар, шығармашылық топ жұмыстарына жетекшілік ете білуі, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білімі және мұғалім лауазымында жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:

Біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар жаңа оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, оқу және тәрбие әдістемесін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі; өз пәні бойынша эксперименттік тапсырманы құруы, арнайы білім беру саласындағы өзекті проблемаларды әзірлеу жөніндегі шығармашылық топтарға жетекшілік жасауы, арнайы білім беру саласындағы проблемалар бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдардың болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Қосымша бiлiм беру
Балаларға арналған
қосымша бiлiм беру ұйымының директоры

Лауазымдық міндеттері: Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарын ұйымның Жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беретін, коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысы мен өзара әрекетін ұйымдастырады.

Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды. Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының және қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.

Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын анықтайды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Білім алушылар контингентін қалыптастырады. Педагогикалық қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктер жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдар, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

Есепті, оқу-материалдық базаларды сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастырушы тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындау және қажетті ұсынысты қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасы заңнамаларында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары жұмысының бейіні және оның ерекшеліктерін, жасөспірім және жеткіншек жастағы психологияның жас ерекшеліктерін, әртүрлі әлеуметтік ортадағы психология, әлеуметтану және жұмыс ерекшелігін, жалпы және отбасы педагогикасының негіздерін, экстремальді жағдайларды анықтау әдістерін, жасөспірімдер мен жастар үшін консультациялар жүргізу әдістерін, қиын жасөспірімдермен және жастармен жұмысты ұйымдастыру, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызметі, еңбек туралы заңнамаларын, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша жоғары білімі, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымы
директорының
орынбасары

Лауазымдық міндеттері: Педагогикалық ұжым қызметінің ағымдық және перспективті жоспарларын ұйымдастырады. Педагогикалық қызметкерлердің білім беретін оқу жоспарлар мен бағдарламаларды орындау, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстарын үйлестіреді. Ұйымдардағы білім беру және тәрбиелеу процестерінің сапасына және білім алушылардың білім дайындығы нәтижелерін бағалау объективтілігіне, үйірме, секция, студия, клуб және факультатив жұмыстарына бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық қызметкерлердің инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеру және әзірлеу жұмыстарына көмек көрсетеді.

Емтихандарды, конкурстарды, жарыстарды дайындау және өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Білім алушылар мен қызметкерлерге қажетті жағдайды қамтамасыз етеді, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды. Ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады. Оқу сабақтарының кестесін құрады. Белгіленген есеп құжаттамаларын уақытылы жасауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады.

Білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсынысты енгізеді. Оқу кабинеттерін заманауи жабдықтар комнатымен, көрнекі құралдар мен оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру, оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен кітапханаларды толықтыру бойынша шаралар қабылдайды.

Білім алушыларды медициналық қамтамасыз ету үшін бақылауды жүзеге асырады. Санитарлық-гигиеналық талаптарды, еңбекті сақтау ережесін сақтауды қамтамасыз етеді. Қажетті есептерді дайындау және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», "Қазақстан Республикасының тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және балаларға арналған қосымша білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, педагогикалық психология негiздерiн, физиология және гигиена негіздерін, педагогикалық ғылым және практика жетiстiктерін, экономика негіздерін, қаржылық-шаруашылық қызметі, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша жоғары білімі, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Қосымша білім беру педагогы

Лауазымдық міндеттері: Қосымша бiлiм беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Үйірме, секция, студия, клуб және басқа да балалар бірлестіктерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзiмiнде сақтау шараларын қолданады. Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтың жоспары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттаманы жүргізеді.

Психофизиологиялық тұрғыдан алғанда жұмыстың нысандарын, құралдарын және әдістерінің педагогикалық негізделген таңдауын қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтап, тұлғаның адамгершілік рухани дамуына, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) тұрақты кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қызметін, зерттеушілік жұмысын ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқу практикасына байланысты жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды. Іскерлікті меңгеруді, шығармашылық қызметтің тәжірибесін, компьютерлік технологияларды қолдана отырып, танымдық қызығушылықты дамытуды ескере отырып, оқытудың тиімділігін бағалайды. Қалыпты кәсіби қызығушылығы мен бейімін қалыптастыруға ықпал етеді, дарынды және талантты білім алушыларды (тәрбиеленушілерді), оның ішінде мүмкіншіліктері шектеулі балаларды дамытуды қолдайды. Балалардың жаппай білім беру іс-шараларына қатысуын (конкурстар, көрмелер, слеттер, конференциялар, олимпиадалар және т.б.) ұйымдастырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалыс уақытын ұйымдастыруға қатысады. Оқу сабақтарын жүргізуде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Ата аналары мен олардың орнын басатын тұлғаларға және педагогтарға кеңес беріп, көмектеседі. Әдістемелік бірлестіктер мен басқа да әдістемелік жұмыс нысандарына қатысады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады.

Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын мен Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», "Қазақстан Республикасының тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдары және бiлiм беру қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының бiлiм беруді дамытудағы басым бағыттарын, дидактиканың қағидаттарын, педагогика және жас ерекшеліктері психологиясының негiздерiн, бiлiм беру процесін әдiстемелiк қамтамасыз ету қағидаттарын, тәрбие жұмысын, тиімді, сараланған, дамытуды оқытудың, құзыреттілік тәсілдерін іске асырудың сенімділік, өз ұстанымын дәлелдеудің, әртүрлі жастағы білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен, оларды ауыстыратын тұлғалармен, жұмыстағы әріптестермен байланыс жасау әдістемесін, жанжал жағдайларының себептерін сараптау технологияларын, педагогикалық технологиялар диагностикасын, дербес компьютермен, электронды пошта және браузерлермен, мультимедиалық жабдықтармен жұмыс істеу негіздерін, білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелерін, еңбек және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: үйірме, секция, студия және өзге де балалар бірлестігінің бейініне сәйкес жоғары педагогикалық бiлiмі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман: педагогикалық бейіннің немесе үйірме, секция, студия және өзге де балалар бірлестігінің бейініне сәйкес техникалық және кәсіптік бiлiм, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптары:

біліктілігі жоғары деңгейлі екiншi санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, зерттеу, эксперименттік жұмыстары дағдаларын меңгеруі, жаңа әдістемелерді сынау бойынша жұмыстарды жүргізе білуі, өңірлік (қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалары ұжымын басқаруы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: үйірме, секция, студия және өзге де балалар бірлестігінің бейініне сәйкес жоғары педагогикалық бiлiмі немесе тиісті бейіні бойынша жоғары бiлiмі және педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейлі бiрiншi санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты педагогқа қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, облыстық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы, педагогикалық басылымдарда әдiстемелiк жарияланымдардың болуы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: тиісті бейіні мен балалар бірлестігі бойынша жоғары педагогикалық бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты қосымша білім беру педагогына қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар: халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы, авторлық әдістемелік әзірлемелер болуы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе балалар бірлестігінің тиісті бейіні бойынша жоғары бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

біліктілігі орта деңгейлі екiншi санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі санатсыз педагогке қойылатын талаптарға сай болуы, зерттеу, эксперименттік жұмыс дағдаларын меңгеруі, жаңа әдістемелерді сынау бойынша жұмысты жүргізе білуі, өңірлік (қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе бейіні бойынша техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;

біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты педагогқа қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін меңгеруі, облыстық көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты педагогқа қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, сонымен қатар халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы тиіс.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе техникалық және кәсіптік бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.


: download -> prikazy
download -> Қазақстан тарихы сұрақ кітапшасы
prikazy -> Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы»
prikazy -> Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»
prikazy -> Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
prikazy -> "Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
prikazy -> Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы
prikazy -> Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен
prikazy -> Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы
prikazy -> Жылғы редакциясында


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет