Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 3.92 Mb.
бет12/14
Дата20.06.2016
өлшемі3.92 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Концертмейстер

Лауазымдық міндеттері. Жалпы, арнайы және бейіндік пәндердің оқытушыларымен бірлесіп, тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар әзірлейді, білім алушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді. Оқушылардың орындаушылық дағдыларын, ансамбльде ойнау дағдыларын қалыптастырады, олардың көркемдік талғамын дамытуға, музыкалық-бейнелік қабылдауын кеңейтуге және шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеуге ықпал етеді. Жеке және концерттік жұмыста вокалистерді немесе аспапшыларды сүйемелдейді. Сабақтарда, емтихандарда, сынақтарда, концерттерде (спектакльдерде), көрсетілімдерде (спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу бойынша спорттық жарыстарда) музыкалық материалдардың кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді. Ноталарды парақтан оқиды, музыкалық шығармаларды үндестіреді. Тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды (жалпы, арнайы, бейінді пәндер) әзірлеуге қатысады. Білім беру процесінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен жасерекшелік психологиясының негіздерін, дидактиканың принциптерін, сабақ және дайындық жүргізу әдістемесін, жалпы және жеке оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерін, әртүрлі дәуірдегі, стильдегі және жанрдағы музыкалық шығармалардың фрагменттерін біріктіру, оларды редакциялау және дәстүрлі түрде орындай білу, білім алушылардың жеке дене ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қимыл элементтеріне музыканы таңдау, еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары; санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары музыкалық білім.

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік білім (музыкалық).

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ концертмейстерге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ноталарды қағаз бетінен тез оқи білуі, дайындықсыз сүйемелдеуі, қысқа мерізімде музыкалық шығармаларды жаттай білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: қағаз бетінен оқып басқа үндестілікке аударып сүйемелдеуі, музыкалық шығармаларды редакциялауы және партитурадан аударуы тиіс. Жұмыста жоғары кәсіби тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, конкурстардағы, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты концертмейстерге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: концертмейстер және аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) бойынша сабақтар жүргізуі, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауы, жариялауға материалдар дайындауға, пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ концертмейстерге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ноталарды қағаз бетінен тез оқи білуі, дайындықсыз сүйемелдеуі, қысқа мерзімде музыкалық шығармаларды жаттай білуі, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (музыкалық) және концертмейстер қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар қағаз бетінен оқып, басқа үндестілікке аударып сүйемелдеуі, музыкалық шығармаларды редакциялауы тиіс. Жұмыста жоғары кәсіби тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, конкурстардағы, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік музыкалық білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және концертмейстер қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар концертмейстер мен аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) бойынша сабақтар жүргізуі, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, әдістемелік жұмыстармен айналысуға, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды апробациялауға қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік музыкалық білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және концертмейстер қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Жүзу және дене тәрбиесі нұсқаушысы

Лауазымдық міндеттері: Дене тәрбиесі нұсқаушысы: дене тәрбиесі бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес балаларды оқыту жұмысын жүргізеді. Балардың жас ерекшегілігін, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың міндеттері мен мазмұнын анықтайды. Балаларға дене жаттығуларын орындау дағдылары мен техникасын үйретеді, олардың бойында рухани-жігер қасиеттерін қалыптастырады.

Дене шынықтыру сабақтары мен спорттық іс-шаралар өткізу барысында балалардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді. Үнемі санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қадағалайды.

Медицина қызметкерлерімен бірлесе отырып, балалардың денсаулық жағдайын бақылайды және физикалық жүктемесін реттейді. Балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Салауатты өмір салтын насихаттайды. Тәрбиешілермен, тәрбиеленушілердің ата-анасымен тығыз байланыста болады. Бекітілген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді.

Жүзу нұсқаушысы: Бағдарламаға сәйкес сабақ жүргізеді. Мектепке дейінгі жасы кішкентай балаларды көп мөлшерлі судан қорықпауға үйретеді (арнайы ойындар, сабақтар арқылы), ал орта мектепке дейінгі жастағы балаларға әртүрлі жүзу әдістерін үйрете бастайды (кроль, брасс, «дельфин»). Балалардың суда жүзу кезіндегі қауіпсіздігіне толық жауап береді. Медбикемен бірлесіп бассейіннің гигиеналық жағдайын бақылайды. Суға түсу кезінде және жүзудің алдында бассейнді тексеріп, білім алушылардың денсаулығына зиян келтіретін заттарды алып тастайды. Балаларды шешіндіру және душ қабылдау кезінде көмектеседі және оларды гигиена талаптарын қатаң сақтауға үйретеді. Алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын үнемі қадағалайды. Қауіпсіздік техникасын бойынша нұсқаулық жүргізеді. Бекітілген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» және білім беру, дене тәрбиесі мен спорт мәселесі жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін, жас ерекшеліктер физиологиясын, анатомия, мектеп гигиенасын, спорттық ғимараттарда және снарядтарда сабақ өткізу әдістемесін, тәрбие жұмысының әдістемесін, әр жастағы балаларды жүзуге үйрету әдістемесін, суда жүзу тәртібі, дене шынықтыру-сауықтыру шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптарын, бағдарламалар мен оқулықтарды, оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары, санитарлық қағидалар мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегіі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім (бакалавр) немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім.

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың алдыңғы қатарлы әдістері мен тәсілдерін пайдалануы, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналар үшін консультациялар өткізуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсарту бойынша тұрақты нәтижелерді қамтамасыз етуі, балалармен жеке жұмыс жүргізуі, балалардың дене тәрбиесіне және балалармен спорттық жарыстар өткізуге арналған жеке әдістемелерін әзірлеуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәжірибелік жұмыс қабілеттерінің бар болуы, балалармен жұмыс істеудің жаңа бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың алдыңғы қатарлы әдістері мен тәсілдерін пайдалануы, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналар үшін консультациялар өткізуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсарту бойынша тұрақты нәтижелерді қамтамасыз етуі, балалармен жеке жұмыс жүргізуі, балалардың дене тәрбиесіне және балалармен спорттық жарыстар өткізуге арналған жеке әдістемелерін әзірлеуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: эксперименттік жұмыстарды өткізу дағдысының болуы, балалармен сабақ өткізудің жаңа бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының әдіскері

Лауазымдық міндеттері. Барлық типтегі және түрдегі балаларға қосымша білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ұйым) әдістемелік жұмысты жүзеге асырады. Білім беру процесінің нәтижесін ұйымдық-әдістемелік алып жүруді, талдауды және бағалауды, инновациялық педагогикалық тәжірибені топтастырып, таратуды қамтамасыз етеді. Педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби жетілуіне көмек береді. Ұйымдардағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды және оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс әзірлейді. Әдістемелік және ақпараттық материалдар әзірлеуге, диагностика жасауға, педагог кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды болжауға және жоспарлауға қатысады. Ұйымның педагог қызметкерлеріне қосымша білім берудің оқу бағдарламасының мазмұнын, нысанын, әдістері мен оқыту құралдарын анықтауға, ұйымның білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Балаларға қосымша білім беру ұйымындағы білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді. Білім беру процесіне арналған оқыту-әдістемелік құжаттамалар мен құралдарды, жабдықтардың үлгілік тізбелерін, дидактикалық материалдарды және т.б. әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Ұйымның эксперименталдық жұмысының нәтижесін талдайды және жинақтайды. Педагог қызметкерлердің мейлінше инновациялық, нәтижелі тәжірибелерін жинақтайды және тарату шараларын қабылдайды. Педагог қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, оларға тиісті қызмет ету бағыты бойынша консультативтік және практикалық көмек көрсетеді. Қызметкерлердің тиісті бағыттары бойынша олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмысына, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға арналған тапсырыстың перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады. Балаларға қосымша білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы оқыту және тәрбиелеу технологиялары, отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты қорытындылайды және таратады. Конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар және т.б. өткізу бойынша қажетті құжаттама әзірлеп, ұйымдастырады. Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-аналитикалық материалдарды жинауды, жинақтауды және жүйелендіруді жүзеге асырады. Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, сараптауға, қолданыстағысын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттама әзірлеуге қатысады.

Білім беру ұйымының педагогикалық және өзге де кеңестерінің жұмысына, сондай-ақ әдістемелік бірлестік қызметі мен әдістемелік жұмыстың өзге де түріне қатысады. Еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережені орындайды. Білім беру процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) өмірін және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және білім беру қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының білімін дамытудың басым бағыттарын, дидактика принциптерін, педагогиканың, жас ерекшелік психологиясының негіздерін, білім беру процесін немесе қызмет бағытын әдістемелік қамтамасыз ету принципін, білім беру ұйымындағы білім беру процесін ұйымдастыру жүйесін, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды, оқу жабдықтары мен басқа да оқу-әдістемелік құжаттаманың үлгілік тізбелерін әзірлеу принципі мен тәртібін, педагогикалық жұмыстың элективті нысандары мен әдістерін анықтау, топтастыру және тарату әдістемесін, ұйымның педагогикалық қызметкерлерінің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру және мазмұны принципін, баспалармен жұмыс жүргізу негіздерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін, аудиовизуалды және интерактивтік оқыту құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, қазіргі заманғы педагогикалық оқыту технологияларын, құзыреттілік қатынасты іске асыру, даулы жағдайлардың себебін диагностикалау технологиясы, олардың алдын алу және шешу жолдары, экология, экономика, әлеуметтану негіздерін, мәтіндік редактор, электрондық кестелер, электрондық пошта және браузерлер, мультимедиялық құралдар жұмысының негіздерін, еңбек заңнамаларын, білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім (бакалавр) немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім, білім беру жүйесіндегі педагогикалық жұмыс өтілі немесе тиісті бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, жарияланған әдістемелік материалдарының болуы.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл және жарияланған әдістемелік материалдарының болуы.

Қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк


орталығының (
ҚБ ОӘО) әдіскері

Лауазымдық міндеттері. Аналитикалық қызмет: қызмет бағыттары бойынша балаларға қосымша бiлiм беру жүйесiнiң бағдарламалық-әдiстемелiк қамтамасыз етілу жағдайын зерделейді және талдайды, оның тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныс әзірлейді. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарының кадрлық құрамы мен әдiстемелiк корпусының шығармашылық әлеуеті туралы деректер базасын жинап, талдайды. Балаларға қосымша бiлiм беру жүйесінде іске асырылатын бағдарламалық-әдiстемелiк өнім банкін, педагогикалық ақпарат банкін (нормативтік құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк, әдiстемелiк және т.б.) қалыптастырады. Республикадағы балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарында іске асырылатын бағдарламалық-әдiстемелiк өнімді жүйелейді.

Ғылыми-әдiстемелiк қызмет: тұлғаның даму міндеттерін шешудің озық инновациялық тәсілдерін анықтайды және насихаттайды. Әдiстемелiк және ақпараттық материалдар, диагностика, болжау және педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жоспарлауға қатысады. Ұйымдардың эксперименталды және зерттеу жұмысының нәтижелерін талдап, жалпылайды. Балаларға қосымша білім беру ұйымдары қызметінің практикасына ғылыми зерттеулерді, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені талдайды және жалпылайды, педагогтердің ғылыми және теориялық құзыреттіліктерін қамтамасыз етеді. Әртүрлі типтегі бағдарламаларды (білімдік, мәдениеттік, эксперименттік жұмыс бағдарламалары) және әдістемелік өнімдердің түрлерін (әдістемелік әзірлемелер, ұсынымдамалар, құралдар және т.б.) әзірлеу технологияларын жасайды. Түрлі типті оқу-әдістемелік өнімдерді және әдістемелік қосымшаларды әзірлейді, рецензиялайды және бекітуге дайындайды. Балаларға қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-әдістемелік өнімдерді басып шығаруға дайындықты жүзеге асырады. Тиісті қызметтік бағыттары бойынша, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жұмысына, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға тапсырыс беру жоспарын әзірлеуге қатысады. Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдамалық материалдар жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады. Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағыларын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысады. Балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік және отандық тәжірибе, алдыңғы қатарлы оқу және тәрбиелеу технологиялары туралы ақпаратты таратады және жалпылайды.

Конкурс, көрме, олимпиада, слет, жарыс және т.б. өткізу бойынша қажетті құжаттарды әзірлейді және ұйымдастырады. Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Сараптамалық қызметті: балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарының республикалық конкурстарға ұсынатын бағдарламалық-әдiстемелiк өнімдеріне (бағыттары бойынша) бейінді сараптама ұйымдастырады. Сараптаманы өтінімдер бойынша жүзеге асырады (бiлiм беру ұйымдары, жеке тұлғалар).

Консалтингті қызметті ұйымдастырады: педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби дамуына ықпал етеді. Балаларға қосымша бiлiм беру оқу бағдарламаларының мазмұнын, нысанын, әдісін және оқу құралын анықтауда, ұйымдардың білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыруда ұйымдардың педагогикалық қызметкерлеріне көмек көрсетеді. Қосымша бiлiм беру саласында оқу-тәрбиенiң инновациялық технологиялары, алдыңғы қатарлы отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты жалпылайды және таратады. Педагогикалық жетiстiктерді (мастер-кластар, педагогикалық шеберлік, шығармашылық семинарлар және т.б. ұйымдастыру арқылы) насихаттайды. Балаларға қосымша бiлiм беру ұйымында бiлiм беру процесін жетiлдiру бойынша ұсыныс енгiзедi.

Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және басқа да білім беру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасында бiлiм беруді дамытудың басым бағыттарын, балаларға қосымша білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды, дидактиканың қағидаттарын, педагогика және жас ерекшеліктері психологиясының негiздерiн, бiлiм беру процесін немесе қызметтік бағытын әдiстемелiк қамтамасыз ету қағидаттарын, білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыру жүйесін, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу принциптері мен тәртібін, оқу жабдықтары мен басқа да оқу-әдістемелік құжаттамалардың үлгілік тізбелерін, педагогикалық жұмыстың тиімді түрлері мен мазмұнын анықтау, жалпылау және тарату әдістерін, ұйымның педагогикалық қызметкерлерінің әдістемелік бірлестіктері жұмысының мазмұны және ұйымның қағидаларын, баспалармен жұмыс негіздерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру қағидаларын, оқытудың аудио бейнелік және интерактивтік құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары, құзыреттік тәсілдерді іске асыруды, даулы жағдайларының себептерін диагностикалау, оларды шешу және алдын алу технологияларын, экология, экономика, әлеуметтану негіздерін, мәтіндік редактормен, электрондық кестемен, электрондық поштамен және браузермен, мультимедиалық құралдармен жұмыс істеу негіздерін, еңбек заңнамасын, білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, еңбек және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша жұмыс өтiлi кемінде 2 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейдегі екiншi санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бiрiншi санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; жарияланған әдiстемелiк материалдардың болуы;

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл; жарияланған әдiстемелiк материалдардың болуы.

Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы директорының
орынбасары (бұдан
әріҚБ ОӘО)

Лауазымдық міндеттері. ҚБОӘО жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құрылымдық бөлімшелерінің қызметін басқарады. ҚБОӘО оқу, ғылыми, әдістемелік қызметін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды. Өткізілетін іс-шаралардың ақпараттық әдістемелік қамтылу дайындығын басқаруды және бақылауды жүзеге асырады. Баспалық қызметті басқарады. Құрылымдық бөлімшелерге кадрлар іріктеуді жүзеге асырады және ҚБОӘО директорына ұсынады. ҚБОӘО құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылауды, аумақтық құрылымдардың қызметкерлеріне кеңес беруді жүзеге асырады. Әдістемелік құрамды аттестаттау жұмысын ұйымдастырады. ҚБОӘО қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындап, ақпараттық материалдарды жүйелейді және жасайды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының бағдарламаларын және оқу жоспарларын әзірлеп, рецензиялайды және бекітуге дайындайды, аумақтық орталықтар, эксперименттік алаңдар қызметінің нәтижесін талдайды және жалпылайды. Қажетті есептерді дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдамалық материалдар жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады. Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағыларын түзетуге және жаңа білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысады.

Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және басқа да қосымша білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негiздерiн, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика жетiстiктерін, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбек туралы заң негiздерiн.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.


: download -> prikazy
download -> Қазақстан тарихы сұрақ кітапшасы
prikazy -> Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы»
prikazy -> Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»
prikazy -> Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
prikazy -> "Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
prikazy -> Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы
prikazy -> Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен
prikazy -> Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы
prikazy -> Жылғы редакциясында


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет