Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 3.92 Mb.
бет7/14
Дата20.06.2016
өлшемі3.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының педагог-психологы

Лауазымдық міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын сақтауға және түзетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады. Бала құқықтарын қорғау Конвенциясына сәйкес тұлғаның құқықтарын қорғауына көмектеседі. Білім беруді ұйымдастырудың әлеуметтік саласының үйлесімділігіне себін тигізеді және әлеуметтік бейімделе алмаушылық туындауы профилактикасы бойынша алдын алу шараларын жүзеге асырады.

Мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларын айқындайды және әртүрлі психологиялық көмек (психикалық түзету, сауықтыру және кеңес беру) көрсету бойынша шараларды қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға психологиялық бағыттағы проблемаларды шешуде көмек көрсетеді. Әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы психологиялық диагностиканы жүргізеді.

Педагогикалық ұжымның, сонымен қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғаларды бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды. Белгіленген нысанда құжаттарды жүргізеді және оны мақсаты бойынша қолданады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жыныс-жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамытушы және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және дайындауға қатысады, балалардың өмірдегі әртүрлі жағдайларда бағдарлануға дайындығын дамытуға көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі шығармашылық жағынан дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына көмектеседі.

Педагогикалық, әдістемелік кеңестер жұмыстарына, ата-аналар жиналысы, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында қарастырылған басқа да шараларға қатысады. Компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігі бар. Өзінің кәсіби деңгейін арттырады. Тәрбие-білім беру процесінде балалардың өмірін, денсаулығы мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныс техникасын сақтайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР «Білім туралы», "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", «Қазақстан Республикасы тіл туралы», "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" «Қазақстан Республикасы жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді, жалпы психологияны, педагогикалық психология және жалпы педагогиканы, тұлғалық психология мен дифференциалдық психологияны, балалар мен жас ерекшеліктер психологиясын, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматиканы, дефектология, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес және психопрофилактика негіздерін, қарым-қатынас жасау әдістерін, әлеуметтік-психологиялық тренингтердің әдістерін, белсенді оқыту әдістерін, жеке және топтық кәсіби консультация берудің қазіргі заманғы әдістерін, баланың қалыпты және аномальді дамуын диагностикалау және түзетуді, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормалары мен ережелерін және санитариялық қағидаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім.

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ педагог-психологке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар, қазіргі заманғы психологиялық әдістерді меңгеруі, мектепке дейінгі жастағы балалармен нақты психологиялық жұмыс жасаудағы басымдықтарды айқындай алуы, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың жаңа технологияларын дайындауға қатысуы, білім беру ұйымдарында озық психологиялық-педагогикалық тәжірибені меңгеру бойынша әдістемелік семинар жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім, педагог-психолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі екінші санаттағы жоғары деңгейлі педагог-психологқа қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалармен әртүрлі психологиялық жұмыстарды атқаруы, үнемі өзінің біліктілігін арттыруы, озық тәжірибені игеру бойынша семинарларға жетекшілік етуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім және педагог-психолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс;

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі бірінші санаттағы жоғары деңгейлі педагог-психологқа қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау бойынша жаңа психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеуі тиіс және педагог-психолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру


Білім беру
ұйымының директоры

(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Республикалық әскери мектеп-интернат, облыстық кадет мектеп-интернаттың бастығы (директорына) қосымша білуге міндетті:

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басқарушылық қызметте кемінде 1 жыл болуы тиіс.

Ескерту: Республикалық әскери мектеп-интернат, облыстық кадет мектеп-интернаттың бастығына (директорына) қойылатын талаптар: жоғарыда көрсетілген талаптарға сай болуы, сондай-ақ жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білімі болуы тиіс.

Білім беру ұйымы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды. Педагогтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын, сондай-ақ, қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды.

Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын, оқу процесіне қазіргі заманғы жаңа технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді. Білім алушыларға ағымдағы және қорытынды аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылау және тестілеу өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрастырады.

Білім беру ұйымдарының оқу процесін жетілдіру мақсатында пәндік әдістемелік бірлестіктер мен эксперименттік жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды және талдау жасайды. Педагогтердің анағұрлым нәтижелі тәжірибелерін тарату бойынша шаралар қабылдайды. Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттаудан өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толтыру жұмыстарын жоспарлайды. Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылау жасайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

Белгіленген есеп құжаттамасының сапалы және уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Білім беру ұйымы директорының
бейіндік оқыту бойынша орынбасары

(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

Лауазымдық міндеттері: Оқушыларды бейінді оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді. Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингін жасайды. Бейінді оқыту, әртүрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде, мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіреді.

Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, «мектеп-жоо», «мектеп-колледж-жоо» үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз етеді. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді.

Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

Есептік құжаттамалардың белгіленген тәртіпте сапалы және уақытылы жасалуын, оның дұрыстығын және берілуін қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Білім беру ұйымы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім)

Лауазымдық міндеттері: Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқушыларды тәрбиелеу бағдарламаларын жасауды, оларды іске асыру бойынша жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді. Тәрбиелеу процесінің проблемаларына, тәрбие жұмысының нәтижелеріне, тәрбие жұмыстары саласындағы жағдайлар мен перспективалық мүмкіндіктерге талдау жасайды. Тәрбие жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарлауын ұйымдастырады. Аға жетекшілер, ұзартылған күн тобының тәрбиешілері (ҰКТ), сынып жетекшілері, педагог психологтар, әлеуметтік педагогтер және дене тәрбиесі-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдің қосымша білім беру педагогтері қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады.

Тәрбие жұмысы жөніндегі, мәдени-тәрбие шараларды дайындау және өткізу жөніндегі қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді; педагогикалық қызметкерлер жүргізетін тәрбие процесінің мазмұны мен мен өткізу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Девиантты мінез-құлықты балалармен жеке тәрбие жұмысына бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады, тәрбие жұмыстарымен айналысатын педагог қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Жұртшылық және құқық қорғау органдары, ата-аналар, білім беру ұйымының ата-аналар комитеті өкілдерімен тәрбиелеу процесін қамтамасыз ететін оқу орнының әкімшілігі, қызметтері мен бөлімшелері өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Тәрбиелеу процесінде қолданылатын приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

Белгіленген тәртіпте есептік құжаттамалардың сапалы және уақытылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын және білім берудің даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін, жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылымның және практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметтерді, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғаныс нормалары мен ережелерін, санитариялық нормалар мен қағидаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Білім беру ұйымдарындағы барлық мамандық мұғалімдері

Лауазымдық міндеттері. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады.

Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.

Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланыс жасайды. Оқу тәртібін, сабаққа қатысу режимін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті жағдай жасайды.

Қызметі туралы есеп дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, пәнді оқытудың, тәрбие жұмыстарының әдістемесін, пән кабинеттері мен қосалқы орынжайларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талаптарын, оқыту тәсілдері мен оның дидактикалық мүмкіндіктерін, педагогика ғылымы мен білім берудің негізгі даму бағыттары мен перспективасын айқындайтын басқа да құқықтық нормативтік актілерді, еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен құқық негіздерін, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, психология, педагогика ғылымы мен практика жетістіктерін, еңбек туралы заңнама, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс, қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін, санитариялық нормалар мен қағидаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік бөлігі курстары мұғалімдерінің тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

орта деңгейдегі санаты жоқ маманның, оның ішінде, информатика, өзін-өзі тану, музыка, бейнелеу өнері, БӘД оқытушы-ұйымдастырушы, технология, дене шынықтыру, сызу, мамандандырылған білім беру ұйымдарының арнайы пәндер, жұмыс жоспарының вариативтік бөлігінің курстары мұғалімдерінің техникалық және кәсіптік педагогикалық білім болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Тиісті біліктілік санатын алу үшін міндеттерді анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәнді оқыту әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі, белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдана білуі, білім алушыларды диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы, оқу-тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, мектептің шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің, білім беру ұйымының шеңберінде озық тәжірибе мектептерінің жұмысына белсенді қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе жұмыс өтілінсіз академиялық магистр дәрежесінің болуы;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пән бойынша оқу-әдістемелік талдау әдістерін білуі, оқытудың өзіндік жеке бағдарламаларын құра және іске асыра білуі, шығармашылық семинарларға, шығармашылық топтар жұмысына жетекшілік жасай алуы, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді қолдана білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік лауазымда еңбек өтілі кемінде 4 жыл, немесе ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі кемінде 2 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар жаңа оқу бағдарламаларын, жаңа педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жасай білуі, оларды сынақтан өткізе алуы, өз пәні бойынша жаңа тәжірибелік тапсырмалар құрастыруы, білім берудегі өзекті мәселелерді шешуде шығармашылық топқа жетекшілік ете білуі қажет.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл немесе ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдана білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы, оқу-тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысына, білім беру ұйымының іс-тәжірибесінің таратылуына белсенді араласа білуі қажет.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:

екінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар өздігінен пәнді оқыту әдістемесін әзірлей білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы; шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысын, озат тәжірибелер мектебін басқара алуы, білім беру мәселесі бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы керек.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 4 жыл;

біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:

бірінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәнді оқытудың авторлық бағдарламасын құра білуі, жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту бағдарламаларын жасай білуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу, өз пәні бойынша тәжірибелік тапсырмалар құрастыру, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі шығармашылық топтарды басқара білуі керек.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл;

Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы-ұйымдастырушысы үшін қосымша: оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілермен бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымында бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын күшейтуге және дамытуға, жабдықтар мен керек-жарақтардың сақталуына, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы үшін шара қолданады. Жасөспірімдерді әскери оқу орындарына іріктеуге қатысады. Білім алушыларды алғашқы әскери есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Сабақта және сабақтан тыс уақытта бастауыш әскери дайындық сабағын өткізеді, әскери істердің негіздерін оқып-үйрену бойынша үйірмеге жетекшілік жасайды, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар мен жаттығулар өткізеді. БӘД кабинетіне және арнайы мүліктерге арналған бөлмеге жауапты болады, азаматтық қорғаныс (АҚ) жоспарын жасайды, АҚ бойынша сабақтар дайындайды және өткізеді, шұғыл жағдайларға байланысты іс-шаралар дайындайды, қорғаныс жағдайларының дайындығын, АҚ бойынша шұғыл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасы азаматын әскери есепке алудың мәселелері жөніндегі құқықтық нормативтік актілер.

БӘД оқытушы-ұйымдастырушы: жоғары педагогикалық немесе жоғары кәсіптік (әскери, запастағы офицер), тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі болуы қажет.

Шағын жинақталған білім беру ұйымдарындағы мұғалімдерге қойылатын қосымша біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім пән бойынша тиісті біліктілік курстарынан өту туралы сертификат болған жағдайда.

Ескерту: жұмыс оқу жоспарының бөлігінен вариативтік курс жүргізген кезде негізгі пән бойынша біліктілік санаты сақталады;

педагогикалық білімі жоқ тиісті бейін бойынша маман жұмыс оқу жоспарының вариативтік бөлігін оқытқан кезде біліктілігі орта деңгейдегі мамандықтарға теңестіріледі;

жоғары әскери (запастағы офицер) білімі бар БӘД оқытушы-ұйымдастырушысының біліктілік санаты жоғары педагогикалық білімі бар БӘД оқытушы-ұйымдастырушының біліктілік санатына теңестіріледі.

1995 жылға дейін орта мектептің ХI педагогикалық сыныбын бітірген тұлғалар біліктілігі орта деңгейлі маман болып есептеледі.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет