Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 3.92 Mb.
бет8/14
Дата20.06.2016
өлшемі3.92 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының
педагог-
психологы

Лауазымдық міндеттері. Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын сақтауға және түзетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады. Бала құқықтарын қорғау конвенциясына сәйкес тұлғаның құқықтарын қорғауына көмектеседі. Балалардың тұлғасын дамуына кедергі келтіретін факторларын айқындайды және әртүрлі психологиялық көмек (психикалық түзету, сауықтыру және кеңес беру) көрсету бойынша шараларды қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға психологиялық бағыттағы проблемаларды шешуде көмек көрсетеді. Әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы психологиялық диагностикасын жүргізеді.

Педагогикалық ұжымның, сонымен қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғаларының бағдары мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды. Белгіленген нысанда құжаттарды жүргізеді және оны мақсаты бойынша қолданады.

Оқушылардың жеке және жыныс-жас ерекшеліктерін ескерумен білім беру қызметінің дамытушы және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және дайындауға қатысады, өмірдегі әртүрлі жағдайларда бағдарлануына балалардың дайындығын дамытуына көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі шығармашылық дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына көмектеседі.

Оқушылардың даму дәрежесін анықтайды балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік даму бұзушылықтарын диагностикалайды, оларға педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстарын жүргізеді. Оқушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің әлеуметтік-психологиялық біліктілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне консультация береді. Педагогикалық, әдістемелік кеңес жұмыстарына, ата-аналар жиналысы, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында қарастырылған басқа да шараларға қатысады. Компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігі бар. Өзінің кәсіби деңгейін арттырады. Тәрбие-білім беру үдерісінде балалардың өмірін, денсаулығы мен құқықтарын қорғауын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныс техникасын сақтайды.

Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", «Қазақстан Республикасы тіл туралы», "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", «Қазақстан Республикасы жемқорлыққа қарсы күрес», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогиканы, тұлғалық психология мен диференсалдық психология, балалар мен жас ерекшелік психологиясын, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматиканы, дефектология, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес және психопрофилактика негіздерін, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингтер, белсенді оқыту әдістерін, жеке және топтық кәсіби кеңес берудің қазіргі заманғы әдістерін, балалардың дамуында ақауы бар балаларды диагностикалау және түзетуді, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормалары мен ережелерін және санитарлық қағидалар мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: еңбек өтіліне қойылатын талаптарсыз тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғарғы деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ педагог-психологке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: қазіргі заманғы психологиялық әдістерді меңгеруі, мектепке дейінгі жастағы балалармен нақты психологиялық жұмыс жасаудағы басымдықтарды айқындай алуы, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың жаңа технологияларын дайындауға қатысуы, білім беру мекемелеріндегі жетекші психологиялық-педагогикалық тәжірибені игеру бойынша әдістемелік семинар жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі кемінде 2 жыл.

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы маман:

біліктілігі екінші санаттағы жоғары деңгейлі педагог-психологқа қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалармен әртүрлі психологиялық жұмыстарды атқаруы тиіс, үнемі өзінің біліктілігін арттыруы керек, жетекші тәжірибені игеру бойынша семинарларға жетекшілік етуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім және педагог-психолог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санаттағы маман:

біліктілігі бірінші санаттағы жоғары деңгейлі педагог-психологқа қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау бойынша жаңа психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес дайындауы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім және педагог-психолог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының
дефектолог-
мұғалімі, логопеді

Лауазымдық міндеттері. Мүмкіндігі шектеулі балалармен және жасөспірімдермен түзету жұмыстарын жүзеге асырады. Тәрбиеленушілердің психикалық, физиологиялық бұзылыстарын тексеру жүргізеді, олардың құрылымы және көрініс дәрежесін анықтайды. Тәрбиешілер және басқа да мамандармен бірлесіп түзету, бұзылған қызметтерін қалпына келтіру және мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілердің әлеуметтенуіне арналған топтық және жеке жұмыстарды жүзеге асырады.

Педагог қызметкерлерге, оқушылардың ана-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дамуында ауытқуы бар балаларға көмек көрсетуде пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қолдану туралы кеңес береді.

Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес оқытудың түрлі әдіс, тәсілдерін қолданады. Арнайы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Компьютерлік сауаттылығы, ақпаратты-коммуникациялық құзырлығы бар. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырады. Әдістемелік бірлестік және әдістемелік жұмыстардың басқа да түрлеріне қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен толерантты қатынас орнатуға арналған ағарту жұмыстарын жүргізеді. Еңбекті қорғау нормалары мен тәртіптерін, қауіпсіздік техникасын және өрттен қорғауды орындайды. Оқу үрдісінде балалардың өмірлерін, денсаулықтарын және балалардың еркіндігін сақтауды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Балалар құқықтары конвенциясы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау», «Қазақстан Республикасында балалар құқығы», «Арнайы әлеуметтік стандарттар туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту болашағын және бағыттарын анықтайтын нормативті құқықтық актілерді, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтің мемлекеттік стандартын, жас ерекшелік және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомиялық-физиологиялық және клиникалық негіздерін, тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды түзетіп және алдын-алу әдіс-тәсілдерін, кәсіби және іс жүзіндегі әрекеттері мәселесі бойынша нормативті және әдістемелік құжаттарды, дамуында ауытқулары бар оқушылар мен тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізуге арналған бағдарламалы-әдістемелік әдебиеттерді, дефектология ғылымының жаңа жетістіктерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау тәртібі мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы қорғау, санитарлық қағиданы.

Лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтаумен қоса біліктілікке қойылатын талаптар:

санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейлі маман: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім, еңбек өтіліне талап қойылмайды.

екінші санатты жоғары деңгейлі маман:

санаты жоқ жоғары деңгейлі дефектолог-мұғалімге, логопедке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сонымен қатар: оқытудың жаңа әдістерін тексеруден өткізуі, озық тәжірибелерді игеруі, оларды қолданып, тәрбиеленуші тұлғалардың жалпы мәдениетін, әлеуметтенуін қалыптастыруды сараптау икемінің болуы, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім, дефектолог-мұғалім (логопед) лауазымында жұмыс стажы кемінде 2 жыл.

бірінші санатты жоғары деңгейлі маман: біліктілік деңгейі жоғары екінші санатты дефектолог-мұғалімге, логопед-мұғалімге, екінші санатты жоғары деңгейлі логопедке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сонымен қатар оқытуда тәрбиеленушілердің ауытқуларын барынша түзеуге бағытталған сараптау әдістерін меңгерген, шығармашылық семинарларды басқара білу, педагогикалық озық тәжірибені ендіру, дефектологияның заманауи әдістерін меңгерген, қолдануға құқылы сертификаттары бар, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу, өз кәсіби құзырлығы саласына қажетті теориялық және практикалық білімінің болуы керек.

лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі немесе мамандыққа сәйкес жоғары білімі, логопед-мұғалім қызметінде еңбек өтілі кемінде 3 жыл.

жоғарғы санатты жоғары деңгейлі маман:

бірінші санатты жоғары деңгейлі дефектолог-мұғалімге, логопед-мұғалімге, қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік жұмыстардың әдістерін білуі, жаңа бағдарламаларды құрастырып, оларды енгізуге жұмыстар атқару керек, арнайы педагогика саласындағы өзекті мәселелерді қарастырудағы шығармашылық топтың жұмысын басқару, өз кәсіби құзырлығы саласына қажетті теориялық және практикалық білімінің болуы қажет.

лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі немесе мамандыққа сәйкес жоғары білімі, логопед-мұғалім қызметінде еңбек өтілі кемінде 5 жыл.

Әлеуметтік педагог

Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді мен мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді. Балалар мен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнатады. Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады. Компьютерлік сауатты, ақпараттық-коммуникациялық біліктілікке ие.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік саясат негіздерін, жалпы және әлеуметтік педагогиканы, педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелік және баланың психологиясын, валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістерді, тәрбие жұмысы әдістері, педагогикалық ғылымның негізгі бағыттарын, әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау және талдауды, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім.

Тиісті санатты алуы үшін міндеттерді анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

Жоғары деңгейлі санаты жоқ әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: озық іс-тәжірибелерді зерттеп оны практикада қолдана білуі, оқу-тәрбие жұмысына талдау жасау дағдыларын, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасау әдістемесін, шығармашылық семинарларды басқара білуі, озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл;

біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғары санатты маман:

бірінші санатты әлеуметтік педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі; әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерімен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.

біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл.

Тәлімгер, аға тәлімгер

Лауазымдық міндеттері: Балалар қоғамдық ұйымдарының, бірлестіктерінің дамуына ықпал етеді. Балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауда оларға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді. Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады. Қолданыстағы ұйымдар мен бірлестіктер туралы балалар мен жасөспірімдерді кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайлармен қамтамасыз етеді. Балалар мен жасөспірімдерге азаматтық және рухани ұстанымын танытуға, өзінің мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға, бос уақыттарын пайдалы өткізуге мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды. Білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық патриоттық жұмыстарды жүргізеді. Оған сеніп тапсырылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі туралы қамқорлық танытады. Каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады. Балалармен және жасөспірімдермен озық жұмыс тәжірибелерін зерделейді және қолданады.

Балалар ұйымдары мен бірлестіктерінің алғашқы ұжымдары басшыларын іріктеу және дайындау жұмыстарын жүргізеді.

Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) отбасылық жай-күйін зерделейді және баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды.

Өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымдарының педагог ұжымдарымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушылар ата-аналарымен немесе оларды алмастырушылармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Компьютерлік сауатты, ақпараттық-коммуникациялық білітілікке ие.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» Заңдары және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын, санитарлық қағидалар мен нормаларды.

біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен жеке және топпен жұмыс жасауды дербес ұйымдастыра білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен диагностикалық жұмыс жасаудың ұйымдастыру нысандарын білуі, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарының дағдыларының болуы, өткізілетін тәрбие іс-шараларын талдау әдістерін білуі, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені қолдана білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және аға тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын білуі қажет.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәлімгер лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсынымдарды дербес әзірлей білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім және тәлімгер лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасаудың әдістерін меңгеруі, диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылған нысандарын меңгеруі; өз жұмысында педагогикалық озық тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім және тәлімгер лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, өз жұмысында педагогикалық озық тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Білім беру ұйымының зертханашысы

(физика, химия, биология, информатика кабинеттері)

Лауазымдық міндеттері: Мұғалімдерге сабақтардың, сыныптан тыс сабақтарды жүргізуге көмектеседі. Күн сайын сабақтың басталу уақытына дейін оқушылардың жұмыс орнын, газдың және судың, электр жүйелері мен электр құрал-жабдықтарының жай-күйін тексереді, анықталған кемшіліктер немесе жөнделмеген ақаулар туралы мұғалімге баяндайды. Зертхананың жұмыс істеуін, мүлкінің сақталуын, оқу және зертхана кабинеттерінің тазалығы мен тәртібін, жанатын, улы заттарды, зертханалық жабдықтарды оқу процесінде пайдалану және сақтау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кабинетте зертханалық жабдықтардың барлық түрлерін пайдалану дағдыларын меңгереді, жарақаттанушыға дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді, өртке қарсы жұмыс жүргізеді, өртке қарсы пайдаланылатын құралдар мен мүліктердің жай-күйіне және сақталуына, желдетпе жүйесінің, газбен жабдықталудың жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады. Зертханалық және практикалық жұмыс жүргізудің қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Эксперименттерді орындау барысында дайындық және көмекші операцияларды, бақылауды, өлшемдер нәтижелерін, жұмыс журналдарын толтыруды, талдаулар, зерттеулерді әдістемелік құжаттарына сәйкес жүйелейді және ресімдейді.

Информатика кабинетінің зертханашысы: сынып жұмысы басталғанға дейін сабақ өткізу үшін компьютерлік жабдықтарды дайындайды, оны бірінші тексеруді және пайдалануды жүзеге асырады, аяқталған соң жүйе жұмысының дұрыс аяқталуын және компьютерді өшіруді жүргізеді. Компьютер залдарында жұмыс тәртібінің орындалуына бақылау жасайды. Оқу кезінде, сондай-ақ өзіндік жұмыс жасау кезінде компьютерлік вирустарды тасымалдағыштарды сканерлеуді жүргізеді, тасымалдағыштар мен локальді желілер арасындағы ақпарат алмасу жұмыстарын орындайды.

Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Жоспарлы, күнделікті, апталық, жартыжылдық профилактикалық жұмыстарға қатысады. Компьютерлік жабдықтардың дұрыстығын бақылайды, оны тазартуды жүзеге асырады. Регламентке сәйкес жұмыс журналдарын жүргізеді. Пайдаланушыларға жүйеге ену кілт сөзі, оқытушылар берген оқу материалдарын орналастыру, бар инструментарияларды пайдалануы бойынша кеңестер береді. Жүйедегі жұмыс дұрыс жүргізілмеген жағдайда компьютерлердің істен шығуын тіркейді және басшылыққа хабарлайды. Оқу процесін ұйымдастыруға байланысты әртүрлі есепті және графикалық жұмыстарды орындайды. Информатика мұғалімінің жеке қызметтік тапсырмаларын орындайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары және басқа білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, тестілеу сынақтарын тексеру әдістерін, педагогика мен психология негіздерін, пән бойынша негізгі оқу-бағдарламалық құжаттарды, зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізудің техникасын, дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді, еңбек туралы заңнамаларды, қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау және өртке қарсы ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім.

Білім беру ұйымы жанындағы интернат меңгерушісі (басшысы)

Лауазымдық міндеттері. Интернаттың жұмыстарына басшылық етеді, тәрбиешілердің және басқа да қызметкерлердің жұмысын бірыңғай оқу-тәрбие процесі шегінде бақылауды жүзеге асырады, оқу-әдістемелік құжаттарды жасау жұмысын үйлестіреді. Сапалы білім мен тәрбие беру ісін бақылауға алады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек береді, педагогикалық тәжірибені таратуға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, жұмыскерлердің және оқушылардың шығармашылық бастамаларын дамытуға ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдай тудырады.

Оқу-тәрбие (әдістемелік, мәдени, сыныптан тыс) жұмыстарын ұйымдастырады. Интернатта тұратын балаларға медициналық қызмет көрсету жағдайын, ішкі тәртіп ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігін, санитарлық және өртке қарсы ереженің сақталуын бақылайды, қажетті үй-тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз етеді, балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастырады. Интернат, мектеп және ата-аналармен байланыста жұмыс жасауға бағыттайды. Интернат қызметі туралы қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын, педагогиканың және психологияның және басқа да қосымша білім берудің даму перспективаларын және бағыттарын анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканы, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым және тәжірибе, экономика жетістіктерін, қаржы-шаруашылық қызметті, еңбек туралы заңнаманың негіздерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғану, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагог қызметінде еңбек өтілі кемінде 5 жыл.

Білім беру ұйымының оқу өндірістік (оқу)
шеберханасының меңгерушісі

Лауазымдық міндеттері: Шеберхана қызметін басқарады, өндірістік оқыту бойынша оқу кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Шеберхананы оқу процесі үшін қажетті жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, оқытудың техникалық құралдарымен, көрнекі құралдармен қамтамасыз етеді, сақтауға мүліктік материалдық құндылықтарды қабылдайды. Белгіленген тәртіппен олардың есебі мен есептілігін жүргізеді, жабдықтарды, аспаптар мен қарапайым құралдарды сабаққа дайындауды ұйымдастырады. Шеберхана мен қолда бар жабдықтарды, оқыту құралдарын дұрыс, әрі тиімді пайдалануды, арнайы киімдерді қолдану мен пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау мен жөндеуді ұйымдастырады, өндірістік оқыту сабақтарында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізуді оқу-өндірістік шеберлерімен бірлесіп бақылайды. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық біліктілікті меңгереді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, педагогика негіздерін, кәсіптік оқытудың әдістері, жұмыстың технологиялық процестерін, жабдықтарда жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін, жаңаша техникалық жетістіктерін, санитария мен гигиена негіздерін, экономика және қаржы-шаруашылық қызметінің негіздерін, еңбек туралы заңнамалар негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білім, тиісті бейіндегі ұйымдарда басшы лауазымында еңбек өтілі кемінде 3 жыл.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларғ
а арналған білім беру ұйымының директоры

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметті ұйымдастырады. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен бірлестікте жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережелерін және басқа да нормативтік актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Ұйым қызметінің ағымды және келешегін жоспарлауды ұйымдастырады. Кәсіптік – еңбек, оқыту – танымдық, және шынықтыру – сауықтару бағыттарындағы компоненттерден тұратын кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеудің жекелеген бағдарламаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге, тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту, азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге, Қазақстан Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыруда, әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білуге қолайлы жағдай жасайды. Тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық психологиялық педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады.

Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

Орталықтағы кәмелетке толмағандарды бұдан әрі орналастыру бойынша қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен өзара әрекеттеседі. Кәмелетке толмағандарды отбасыларына қайтаруға қолғабыс етеді. Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін қалыпқа келтіру үшін шара қолданады.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға және олардың ата – аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне осы жағдайдан шығу үшін әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді.

Білім беру ұйым тәрбиеленушілердің заңды өкілі болады. Тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және т.б.) қорғайды, туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдайлар жасау шараларын қабылдайды.

Тәрбиеленушілердің қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза қолданады. Қоғаммен байланысты жүзеге асырады.

Білім беру ұйымын мемлекеттік және басқа ұйымдарға таныстырады, қажетті есептілік құжаттамаларды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-айыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржылық-шаруашылық қызметті, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының директорлары үшін: педагогикалық немесе заңгерлік бойынша жоғары білім және тиісті салада еңбек өтілі кемінде 5 жыл.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған


балаларға
арналған білім беру ұйымы директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды. Педагогтердің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын, сондай-ақ қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді.

Білім беру процесінің сапасына және білімді меңгеру нәтижесінің шынайы бақылау жасайды. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрады. Білім беру процесін жетілдіруге ұсыныс енгізеді. Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, үйлестіреді және оған талдау жасайды. Оқу жоспарларын әзірлеу, оқу процесін ұйымдастыруын қамтамасыз етеді. Емтиханға дайындық және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады. Мемлекеттік аралық бақылау және ұлттық бірыңғай тестілеу жұмысын дайындауға және өткізуге қатысады. Тәжірибелі мұғалімдердің нәтижелі жұмыстарын таратуды қорытындылайды және шараларды қабылдайды.

Инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізеді. Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жекелеген жас, жыныс ерекшелігін ескере отырып, білім беру қызметін дамыту және түзету бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлайды. Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толтыру жұмыстарын жоспарлайды.

Оқу-тәрбиелеу процесінде қолданылатын құралдар, техникалық және көрнекілік құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Белгіленген тәртіпте есеп құжаттамаларының сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-айыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Заңдарын, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және арнайы (түзеу) білімі, әлеуметтік педагогиканың, әлеуметтік психологияның даму бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Тәрбиеші ана

Лауазымдық міндеттері. Баланың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар және отбасылық жағдайларға жақындастырылған тұрмыстық жағдайлар жасайды, тәрбиеленушілердің күн тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста болып, балаларды тәрбиелеу мәселелерінде сынып жетекшілерімен, олардың даму ерекшеліктерін айқындау, диагноз қою және оқытудың, тәрбиелеудің, жұмысқа орналастырудың бара-бар жағдайларын айқындау мәселелерінде консультативтік көмек алу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды.

Балалардың адамгершілік-рухани, интеллектуалдық қабілеттерінің дамуын, дене денсаулығын қамтамасыз етеді. Бес-алты жастағы балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін мектепке анықтайды. Тәрбиеленушілердің уақытылы жалпы орта білім алуына ықпал етеді. Оқу орнына балалардың баруын, тәрбиленушілердің күн тәртібін, үй тапсырмасын орындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын, қосымша білім алуын, бос уақытын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Тәрбиеленушілердің өзіне-өзі қызмет етуін, жеке бас тазалығын сақтауын ұйымдастырады. Талдау жасайды, қажеттілікті анықтайды және арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Санитарлық ережелер мен нормалардың, еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-айыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, Бала құқықтары туралы конвенция, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары және басқа да білім берудің дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, арнайы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбек қорғау ережелері мен нормаларды, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі кемінде 1 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиеші анаға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталған технологияларын білуге, әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуға, педагогикалық озық тәжірибелерді өз жұмысында пайдалануға тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін меңгеруге, шығармашылық семинарларды басқара алуға және диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: тәрбие жұмысын талдау әдістерін білуге, тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, шығармашылық семинарларды басқара алуға, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануға тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және балалармен жұмыс істеу өтілі кемінде 1 жыл.

орта деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталған технологияларын білуге, тәрбие беру процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуге, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектептерінің жұмыстарына қатысуға, озық педагогикалық тәжірибелерді өз жұмысында пайдалануға тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, тәрбие жұмысын талдау әдістемелерін білуге, шығармашылық семинарларды басқара алуға, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін білуге, жаңа педагогикалық технологиялар әзірлеуге тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Патронаттық тәрбиеші

Лауазымдық міндеттері. Патронаттық тәрбиеге қабылданған баланың (балалардың) тұруына, тәрбие алуына және оқуына, сонымен қатар дене бітімінің, психикасы мен адамгершілік-рухани дамуына қажетті тұрмыстық жағдайлар жасайды, баланың (балалардың) өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес баланы (балаларды) тәрбиелейді, оның (олардың) денсаулығына, психикалық, адамгершілік-рухани дамуына және интеллектуалдық қабілеттілігінің дамуына қамқоршылық жасайды, баламен (балалармен) бірге тұруына, баланың (балалардың) тиісті білім алуын; патронаттық тәрбиешіге табыс етілген балаға (балаларға) берілген құжаттардың, балаға (балаларға) тиесілі ақшалай қаражаттардың және басқа да мүліктердің сақталуын, оның ішінде соттарда кез келген тұлғамен қарым-қатынаста, арнайы өкілеттіксіз өздерінің қамқорлығындағылардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын; санитарлық ережелер мен нормалардың, еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

Баланы (балаларды) күтіп-бағуға, тәрбие және білім беруге қолайсыз жағдайлардың туындағандығы туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын органға хабарлайды.

Балаға (балаларға) арнайы әлеуметтік қызмет көрсету қажеттілігінің анықтау жөнінде жұмыс жасайды.

Баланы (балаларды) тәрбиелеу мәселелерінде білім беру ұйымдарымен, олардың даму ерекшеліктерін айқындау, диагноз қою және оқытудың, тәрбиелеудің, жұмысқа орналастырудың бара-бар жағдайларын айқындау мәселелерінде кеңестік көмек алу үшін медициналық және басқа да ұйымдармен, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен тығыз байланыста болады.

Білуге міндетті: еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларды; санитарлық ережелер мен нормаларды,

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім, немесе орта білімнен кейінгі білімі.


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет