Пән: математика, 5-сынып Күні: 29. 10. 13



жүктеу 109.93 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі109.93 Kb.
түріСабақ

Пән: математика, 5-сынып

Күні: 29.10.13

Тақырыбы:

Натурал сандардың бөлгіші және еселігі. Жай және құрама сандар

Мақсаты:

Натурал сандардың бөлгішін, еселігін, жай және құрама сандардың анықтамасын үйрету. Есептер шығаруда қолдана білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

А) Кез-келген санның бөлгішін, еселігін табады, жай сан мен құрама сандарды ажырата алады.

В) Натурал санның бөлгішін, еселігін табу алгоритмін қолдана отырып, нақты мәнін айта алады.

С) Мысалдар келтіріп, пайымдай алады.

Керекті жабдықтар

Жұмыс дәптері, қалам, бағалау парағы, топшамалар, слайд

Қолданылатын әдістер.

Жеке, жұптық, топтық. топтық әңгіме

Тапсырмалар:

№2,3,5

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

1. Тұлғааралық байланысты орнату

2. Сыныппен амандасу.

3. Оқушыларды үш топқа бөлу (1, 3, 4, сандарын жай, құрама және жай да құрама да емес секілді түрлеріне бөле отырып, топқа бөлу)

4. «Кім жылдам» тренингісін өткізу

5. Үй тапсырмасын тақтада көрсетілген жауаптары бойынша тексеру. Өзара бағалау әдісін қолдану.

150.

1) 21-дің бөлгіштері: 3, 7

2) 90-ның бөлгіштері: 3, 10, 15, 18, 30

3) 2-нің еселіктері: 3, 15, 18, 30, 84

4) 5-тің еселіктері: 10, 15, 30

151

1) 2 және 3 сандарынаеселік болатын ең кіші натурал сан - 6

2) 6 және 8 сандарынаеселік болатын ең кіші натурал сан-24

3) 9, 12 сандарынаеселік болатын ең кіші натурал сан-36

4) 15,21 сандарынаеселік болатын ең кіші натурал сан-105

152

42 асықты 3 үймеге 14 асықтан немесе 7 үймеге 6 асықтан бөлуге болады


мұғаліммен сәлемдесу;

сабаққа зер салу; топқа бөліну; тренингке белсене қатысу; үй тапсырмасын тексеру, өзара бағалау.




Тұсаукесер

«Сұрақты ұстап ал!» әр топ оқушыларына фасоль лақтыру арқылы сұрақтар қою.

1. Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші неге тең?

2. Берілген натурал санның ең кіші еселігі неге тең?

3. 1 саны . . .

4. Жай сан дегеніміз не?

5. Жай санға мысал келтіріңдер.

6. Құрама сан дегеніміз не?

7. Құрама санға мысал келтіріңдер

8. 12 санының бөлгіштерін атаңдар.

9. 6 санының алғашқы 4 еселігін атаңдар.

10. 1 саны неге жай санға да, құрама санға жатпайды?


Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

Негізгі бөлім

І. «Артығы қайсы»

І топ: 32 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 4, 5, 8, 16, 18, 32

ІІ топ: 7 санының еселіктері: 7, 14, 16, 21, 24, 28, 30

ІІІ топ: Жай сандар: 3, 9, 15, 17, 27, 29, 31, 37

ІІ. «Кір жаятын жіп»

№1. 45-тің бөлгіштерін жаз

№2. 56-ның бөлгіштерін жаз

№3. 72-нің бөлгіштерін жаз

№4. 23 санының алғашқы үш еселігін жаз

№5. 30 санының алғашқы 5 еселігін жаз

№6. 12 санының алғашқы төрт еселігін жаз

№7. 17, 19, 21, 26, 31, 42, 51, 59 сандарының жай сан мен

құрама сандарды ажыратып жаз

№8. 1; 4; 6; 9; 11; 21 сандарының қайсысы жай сан

болады?

№9. 1; 2; 7; 13; 29; 33 сандарының қайсысы құрама сан



болады?
Сергіту сәті.
ІІІ. «Маған көрсет»

- екіден көп бөлгіші бар санды құрама сан деп атайды

- 18 саны 4 санының еселігі болады

- берілген натурал санның ең кіші бөлгіші сол санның өзіне

тең.


- берілген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне

тең


- бірнеше бөлгіші бар натурал санды жай деп атайды

- 26 санының бөлгіштері: 12 және 16

- 1 саны кез-келген натурал санның бөлгіші болады
ІҮ. «Дұрыс немесе жалған»

- 17 құрама сан

- 18 құрама сан

- 1 саны жай сан

- 8 саны 20 санының бөлгіші

- 6 саны 12 санының бөлгіші

- 97 жай сан

- 105 саны 21 санынның еселігі

- 111 саны 3 санының еселігі

- 100 саны жай сан

- 65 саны жай сан да, құрама сан да емес
Ү. «Жазуды толықтыр» №160

1, , 3, 4, 6, , 12, , 24,  сандары қандай санның бөлгіштері (жауабы: 48)


ҮІ. «Лездеме»

№1. Ол сан жұп сандардың бірі, 2 мен 17 сандарының еселігі, сыныптағы оқушылар санынан 2 есе артық? (34)

№2. Ол сан тақ сандардың бірі, сыныптағы математика санымен тең, бүгінгі күннен 12-ге кем? (17)

№3. Ол сан жұп сандардың бірі, сыныптағы қыздар санынан 2 есе артық, тек төрт бөлгіші бар сан? (14)



ҮІІ. «Тест жұмысы»

1. Қай сан 48 санының бөлгіші болады?

А. 9. В. 8. С. 14. D. 15

2. Қай сан 14 санының еселігі болады?

А. 13. В. 280. С. 402. D. 125

3. 128 санынан үлкен құрама санды көрсетіңдер.



А. 130. В. 131. С. 129. D. 128

4. 81 түп ағаш көшеттерін әр қатардағы көшеттер санын

бірдей етіп, неше қатарға отырғызуға болады?

А.13 қатарға. В.11 қатарға. С.3 қатарға D.7қатарға

5. 3 және 5 сандарына еселік болатын ең кіші натурал санды

көрсетіңдер

А. 45. В. 5. С. 3. D. 15


Әр топ оқушылары берілген тапсырмадағы артық санды табады.

Тақта алдында ілініп тұрған кірлердегі есептерді орындайды.

Тақтадағы берілген сөйлемдердің ішінен дұрыс сөйлемді анықтайды.

Оқушылар берілген тапсырмалардың дұрыс, бұрыстығын ажыратады.

Бос орынға тиісті сандарды тауып, жазуды толықтырады.

Әр топ берілген конверттегі санды келесі топқа жасырады.

Оқушылар берілген тест жұмысын орындайды.


Қорытынды

Рефлексия. «Бағалау ағашы»

Үй тапсырмасы: №162-164

Сабақты қорытындылау, бағалау.



Бүгінгі сабақ бойынша өзіңді бағалау ағашының қай жерінде тұрмын деп ойлайсың? (қорша) Неге?

описание: untitled

№26 орта жалпы білім беретін мектебі

Тақырыбы:

«Натурал сандардың бөлгіші және еселігі. Жай және құрама сандар»

(5а сыныбында математика сабағынан өткізілген ашық сабақ)

Өткізген: математика пәнінің мұғалімі

Ж.К.Кубесова

2014-2015 оқу жылы

1 3 4

1 3 4


1 3 4

1 3 4


1 3 4

1 3 4


№1. 45-тің бөлгіштерін жаз

№2. 56-ның бөлгіштерін жаз

№3. 72-нің бөлгіштерін жаз

№4. 23 санының алғашқы үш

еселігін жаз

№5. 30 санының алғашқы

5 еселігін жаз

№6. 12 санының алғашқы

төрт еселігін жаз

№7. 17, 19, 21, 26, 31, 42, 51, 59

сандарынан жай сан мен

құрама сандарды ажыратып

жаз

№8. 1; 4; 6; 9; 11; 21 сандарының



қайсысы жай сан болады?

№9. 1; 2; 7; 13; 29; 33 сандарының

қайсысы құрама сан болады?
№1. Ол сан жұп сандардың бірі, 2 мен 17 сандарының еселігі, сыныптағы

оқушылар санынан 2 есе артық? (34)

№2. Ол сан тақ сандардың бірі, сыныптағы математика санымен тең,

бүгінгі күннен 12-ге кем? (17)

№3. Ол сан жұп сандардың бірі, сыныптағы қыздар санынан 2 есе артық,

тек төрт бөлгіші бар сан? (14)



Рефлексия.Бүгінгі сабақ бойынша өзіңді бағалау ағашының қай жерінде тұрмын деп ойлайсың? (қорша) Неге?


описание: untitled




Рефлексия.Бүгінгі сабақ бойынша өзіңді бағалау ағашының қай жерінде тұрмын деп ойлайсың? (қорша) Неге?


описание: untitled






Аты –жөні:

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақты ұстап ал

Артығы қайсы

Кір жаятын жіп

Маған көрсет

Дұрыс немесе жалған

Жазуды толықтыр

Лездеме

Тест жұмысы

Жалпы ұпай

Баға





































































































































































































Ұпай: 8-9 баға: 5 5-7 баға: 4 0-4 баға: 3





Аты –жөні:

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақты ұстап ал

Артығы қайсы

Кір жаятын жіп

Маған көрсет

Дұрыс немесе жалған

Жазуды толықтыр

Лездеме

Тест жұмысы

Жалпы ұпай

Баға





































































































































































































Ұпай: 8-9 баға: 5 5-7 баға: 4 0-4 баға: 3

: docs -> kopilka -> matem
kopilka -> Пәні Қазақ әдебиеті Сынып 8 Тақырыбы
kopilka -> Сабақ: Сауат ашу Сабақтың тақырыбы п дыбысы мен әрпі. Жалпы мақсаты
kopilka -> Сабақтың тақырыбы Алюминий қосылыстары Мақсаты
kopilka -> Сабақ № Сабақ тақырыбы «Жарық құбылыстары тарауын қайталау» сабағы. Жалпы мақсаты
kopilka -> Урок русского языка в 11 классе Тема урока : Обобщение изученного по теме «Словосочетание. Виды связи в словосочетании»
kopilka -> Сабақтың тақырыбы Сан есім. Мақсаты
matem -> Пән: математика, 5-сынып Күні: 05. 12. 14
kopilka -> Пәні: Қазақстан тарихы Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы. Мақсаты
matem -> Сабақ Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет