Пән: Математика Мектеп: Гастелло ОМ
Ұзақ мерзімді жоспар:
20 көлеміндегі сандарды қосу және азайту.
Күні: Мұғалімнің аты –жөні: Манафова С.Г.
Сынып: 1 «А» Қатысқандар:
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Екі таңбалы сандар
|
Оқу мақсаттары:
|
1.1.1.3. 20 көлеміндегі сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарды жіктеу.
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: 20 көлеміндегі сандардың құрамын біледі
Көптеген оқушылар: 20 көлеміндегі сандардың құрамын анықтайды.
Кейбір оқушылар: 20 көлеміндегі сандар мен олардың разрядтық құрамына жіктеп ажыратады.
|
Бағалау критерийлері
|
-20 көлеміндегі сандардың разрядтық құрамын анықтайды.
-20 көлеміндегі сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктейді
|
Тілдік мақсат
|
- Бірліктер – Единицы - Units
- Ондықтар - Десятки – Dozens of
Диалог:
Екі таңбалы деп қандай сандарды атайды?
Бұл сандарды бір сөзбен қалай атауға болады?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, бірін-бірі тыңдап, толықтыра білуге тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа үйрету.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Орыс тілі, ағылшын тілі
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Слайд арқылы суреттер көрсету
|
Бастапқы білім
|
Бұрыннан бар білімді пайдаланып, тура және кері санайды.
|
Сабақ барысы
|
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3-5 мин
|
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Бәріміз де бас иіп
Сәлем бердік біз.
|
Шаттық шеңбері.
|
|
Әртүрлі қысқыш арқылы топқа бөлу
|
Қысқыш
|
Сабақтың ортасы
|
Белсенді оқу әдістері.
Т. 1. «Ой қозғау әдісі»
-Қандай айырмашылық көріп тұрсыңдар?
-Екі таңбалы сандар қайда кездеседі?
(Т). «Біріктір» әдісі
Сары түсті қысқыш, сана біріктір (10)
Көк түсті қысқыш, сана біріктір (8)
Қандай айырмашылығы бар?
Дескриптор: Айырмашылығын табады
Бағалау: (Бір –бірін смайлик арқылы бағалайды)
Сұрақтар қою арқылы сабақтың мақсатын ашу
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ
- Екі таңбалы сандарды қайда кездестіреміз?
Ж.«Ойыңды жинақта» әдісі.
1.Өрнектердің мәнін табыңыз:
19+ 1= 11+ 5= 18- 17=
20- 5= 15+ 2= 19- 3=
Дескриптор: - Өрнектің мәнін табады;
Бағалау: «Бағдаршам»
(Қ) Дәптермен жұмыс: «Кім шапшаң» әдісі.
Екі таңбалы сандарды кему ретімен орналастыр. 20 19 18 ..................................
Дескриптор: - Екі таңбалы сандарды кему ретімен орналастырады.
Бағалау: Кері байланыс» \Өте жақсы, жарайсың\
|
Слайд №1
Слайд №2
Қысқыш
Қима қағаздар
|