Пәні Қазақ әдебиеті Сынып 8 Тақырыбы



жүктеу 125.34 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі125.34 Kb.

Пәні

Қазақ әдебиеті

Сынып

8

Тақырыбы:

Абай «Он жетінші қара сөзі»




Мақсаты

Абай Құнанбайұлының «Он жетінші қара сөзінің» мазмұнын меңгерту, идеясын ашу

Міндеттері

  • Абайдың қара сөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге бағыттау

  • Өзінің ішкі жан дүниесіне үңілту арқылы өмірмен байланыстыра талдату

  • Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу

  • Мәтіннен оқып-түйгендері жайлы ой қорытуға бағыттау;

  • Жұпта, топта жұмыстану арқылы жақын арада даму аймағын қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже

С деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап ,жауап бере алады.

В деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл және күрделі сұрақтар құрастырып, жауап бере алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай алады.

А деңгейі - мәтінді түсінеді, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады.







Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

ОҮБ: табыс өлшемдерін таныстырады, бағалау парақтарын үлестіреді.







Бағалау парақтары, табыс өлшемдері

Үй тапсырмасын сұрау

Тест тапсырмасы. 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындату арқылы үй тапсырмасын тексереді.

Оқушылар тест тапсырмаларына жауап береді. Жауаптарын тақтада көрсетілген жауаптармен тексереді.

Әр дұрыс жауап 1 балл

Тест (қосымша1) слайд №1

Ой қозғау

СТОҮ: Кластер әдісі

«Қара сөз деген не?» сұрағы аясында ой топтастыруын сұрайды.






Оқушының бұрынғы білімін пайдалана алуы, белсенділігі

Слайд №2

Мағынаны тану

1/ АКТ: 17 қара сөздің аудио нұсқасын тыңдатады

Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды таңдауға мүмкіндік береді. ББЖӘТ: топтық жұмыс Оқушылар таңдауы бойынша 5 топқа топтастырады

2/СТОҮ әдістері;

ДБЖ –деңгейлік тапсырма:

ББК: топтағы оқушы көшбасшылығы

С деңгейі – «Қар үйіндісі» әдісі. Бұл әдіс арқылы оқушыларға қар кесектерін таратып, кезекпен жалғастыру арқылы қара сөздің мазмұнын айтуды тапсырады.

В деңгейі – «Егер, онда, өйткен» әдісі. Бұл әдіс арқылы кейіпкерлер Қайрат, Ақыл, Жүрек, Ғылымның іс-әрекетін талдау арқылы олардың өмірде алатын орнын анықтауды тапсырады.

А деңгейі –«Фишбоун» әдісі. Оқушыларға балық қаңқасын ұсынып, қара сөзден проблеманы анықтау, себептерін табу, дәлелдеу, қорытынды жасауды тапсырады.

3/ ДБЖ: деңгейлік тапсырма

СТОҮ: «Жуан-жіңішке» сұрақтар


17 қара сөздің аудио нұсқасын тыңдайды.

С деңгейі – қар кесегі берілген оқушылар қара сөз мазмұнын айтуға дайындалады, алғашқы оқушы екінші оқушыға қар кесегін ұсына отырып қара сөз мазмұнын айтуды бастайды, екінші оқушы алғашқыны қайталап, өзі бір сөйлеммен жалғайды. Осылайша қайталанып, мазмұны қар кесектерінің үйіндісі арқылы құралады.

В деңгейі – Кейіпкерлер Қайрат, Ақыл, Жүрек, Ғылымның іс-әрекетін талдау арқылы олардың өмірде алатын орнын анықтайды. Мысалы, Егер Қайрат билесе, онда әділдік болмайтын еді, өйткені, күш-қайратты адамдар әділетсіз, жаман әрекеттерді іске асыруға пайдалануы мүмкін еді.

А деңгейі- Оқушылар балық қаңқасына қара сөзден проблеманы , себептерін анықтап, дәлелдерін келтіреді, қорытынды жасайды.



Себептері



Проблема Қорытынды

Дәлелдер

Проблема: Басшылыққа таласу

Себептері: Қайрат басқарғысы келді .

Дәлел: Ол өнер, мансап, мал табудағы қажырлы еңбек менің арқамда деп есептейді.

.........

Қорытынды: Ғылымның шешімі.


С – Қара сөз бойынша бір жіңішке сұрақ құрады

А,В деңгейі – Қара сөз бойынша бір жуан сұрақ құрады.


Мәтін мазмұнын түсінуі, жеткізе білуі, өзгені тыңдап, есте сақтай алуы


Өзіндік талдау жасай алуы

Мәтіннен проблеманы анықтай алуы

Себептері мен дәлелдерін табуы

Деңгейлік сұрақтар қою, жауап бере алуы


Қар кесектері




Ой толғаныс

С деңгейі - «Синквейн» әдісі
В,А деңгейлері – 5 минуттық эссе

«Синквейн» - Қайрат, Ғылым, Ақыл, Жүрек біреуін таңдап жазады

Эссе – «Мен бүгінгі сабақта қайндай ой түйдім» (өмірмен байланыстыру)



Білімін пайдалануы

Ой қорытуы, өмірмен байланыстыруы






Бағалау

ОҮБ: критериалды өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар

С деңгейі – 17 қара сөзді оқиды

В деңгейі – Венн диаграммасы . Қара сөз кейіпкерлерін салыстырады

А деңгейі – 17 қара сөзді жаттайды.









Мұғалімнің жазбалары


Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті. Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті. Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: - Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті. -Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. - Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.

Тест тапсырмалары:

1. Абай Құнанбайұлының азан шақырып қойған аты?

а)Абай ә) Телғара б) Ибраһим

2. Абай неше жасында Ахмет Риза медресесіне оқуға барды?

а) 12 ә) 10 б) 8

3. Абайдың күйлерін тап?

а) « Балбырауын», «Кісен ашқан» ә) «Торжорға», «Май түні» б) «Жаз», «Желсіз түнде жарық ай»

4. Абайдың Крыловтан аударған мысалын тап?

а) «Есек пен бұлбұл» ә) «Егіннің бастары» б) «Бозторғай»

5. Қай өлеңнен алынған үзінді?

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол –ақынның білімсіз бишарасы.

Айтушы мен тыңдаушы –көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы

а) «Адамның кейбір кездері» ә) «Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы» б) «Әдбірахман өліміне»

6. Әбдірахман деген кім?

а) Абайдың досы ә) Абайдың інісі б) Абайдың баласы

7. “Орыстар үшін Пушкин, ағылшындар үшін Шекспир... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс” – деген пікіріді кім айтқан?

а) Мұхтар Әуезов ә) Ахмет Байтұрсынұлы б) шәкірті Көкпай

8. “Абай жолы” романының кейіпкері кім?

а) Қайрош ә) Дәркембай б) Медет

9. Абайдың әнін тап?

а) «Көзімнің қарасы» ә) «Жастарға» б) «Ғылым таппай мақтанба»

10. Абайды неліктен дана дейміз?

А. Еңбектері үшін ә. Қара сөзі үшін б) Екеуі де дұрыс

Бағалаудағы табыс өлшемдері



Деңгей

Рубрика

Критерийлер

Дескрипторлар

ұпай

А,В,С

Тест тапсырмасы

Абай , шығармалары туралы білімі

/4/


Барлық жауабы дұрыс немесе 1 жауабы қате

6-8 жауабы дұрыс

3-5 жауабы дұрыс

1-2 жауабы дұрыс

Бірде-бір жауабы дұрыс емес


4

3

2



1

0


А,В,С

Кластер құру

Қара сөз туралы түсінігі болуы

/3/


Қара сөз туралы түсінігі бар, топтастыруда қолдана алады, белсенділігі жоғары

Қара сөз туралы түсінігі бар, топтастыруда қолдана алады, белсенділік жетіспеді

Қара сөз туралы түсінігі аз, өзгелердің көмегіне сүйеніп топтастыра алды

Қара сөз туралы мүлдем түсінігі жоқ



3

2

1



0

С

«Қар үйіндісі»

Мәтін мазмұнын түсінуі, жүйелі жеткізе білуі /2/

Мәтін мазмұнын түсінген, ойы жүйелі, тізбекті бұзбай жеткізе алды

Мәтін мазмұнын түсінген, ойы жүйелі, жеткізуде тізбекті бұзып алды

Мәтін мазмұнын түсінбеген


2

1

0



В

«Егер, онда, өйткені...»

Мәтін мазмұнын, идеясын түсінуі, талдау жасауы

Мәтін мазмұнын, идеясын түсінген, кейіпкерлер іс-әрекетіне талдау жасай алады, өмірмен байланыстырады

Мәтін мазмұнын ,идеясын түсінген, кейіпкерлер іс-әрекетіне талдау жасай алады, бірақ өмірмен байланыс жоқ

Мәтін мазмұнын түсінген, кейіпкерлер іс-әрекетіне талдау жасай алмайды, өмірмен байланыс жоқ

Мәтін мазмұнын түсінбеген



3

2

1



0

А

«Фишбоун»

Мәтінді түсінуі, проблеманы анықтап, қорытынды жасауы

Мәтін мазмұнын, идеясын түсінген, проблеманы, себебін, дәлелін анықтап, қорытынды жасай алады

Мәтін мазмұнын, идеясын түсінген, проблеманы, себебін, дәлелін анықтап, бірақ қорытынды жасай алмады

Мәтін мазмұнын, идеясын түсінген, бірақ проблеманы, себебін, дәлелін анықтап, қорытынды жасай алмады

Тапсырманы орындай алмады



3

2

1



0

С

«Жуан-жіңішке сұрақтар»

Жеңіл сұрақ құру, жауап беруі

Мәтін мазмұны бойынша жеңіл сұрақ құрай алады, сұрақтарға жауап бере алады

Мәтін мазмұны бойынша жеңіл сұрақ құрай алады, бірақ сұрақтарға жауап бере алмайды

Мәтін мазмұны бойынша жеңіл сұрақ құрай алмайды, жауап бере алмайды


2

1

0



В,А

«Жуан-жіңішке сұрақтар»

Жуан сұрақ құру, жауап беруі

Мәтін мазмұны бойынша жуан сұрақ құрай алады, жеңіл, жуан сұрақтарға жауап бере алады

Мәтін мазмұны бойынша жуан сұрақ құрай алады, бірақ сұрақтарға жауап бере алмайды

Мәтін мазмұны бойынша жуан сұрақ құрай алмайды, жауап бере алмайды


2

1

0



С

Синквейн

Тапсырманы орындауда білімін пайдалана алуы

5 жолды өлең құрай алады, мәтіннен алған білімін пайдалана алады

5 жолды өлең құрай алады, бірақ мәтіннен алған білімін толық пайдалана алмады

5 жолды өлең құрай алмады


2

1

0



В,А

Эссе

Ой қорыта білуі

Тақырыппен байланысты ой қорыта алады, өмірмен байланыстырады

Тақырыппен байланысты ой қорыта алады, бірақ өмірмен байланыс жоқ

Тапсырманы орындай алмады


2

1

0






11-14 ұпай – «5» 7-10 ұпай «4» 2-6 ұпай- «3» 0-1 ұпай -«2» Қорытынды ұпай







Баға




: docs -> kopilka -> kazlang
kopilka -> Пән: математика, 5-сынып Күні: 29. 10. 13
kopilka -> Сабақ: Сауат ашу Сабақтың тақырыбы п дыбысы мен әрпі. Жалпы мақсаты
kopilka -> Сабақтың тақырыбы Алюминий қосылыстары Мақсаты
kopilka -> Сабақ № Сабақ тақырыбы «Жарық құбылыстары тарауын қайталау» сабағы. Жалпы мақсаты
kopilka -> Урок русского языка в 11 классе Тема урока : Обобщение изученного по теме «Словосочетание. Виды связи в словосочетании»
kopilka -> Сабақтың тақырыбы Сан есім. Мақсаты
kopilka -> Пән: математика, 5-сынып Күні: 05. 12. 14
kopilka -> Пәні: Қазақстан тарихы Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы. Мақсаты
kazlang -> Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев
kazlang -> Сабақтың тақырыбы Қадыр Мырзалиев "Ана"




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет