«Поэзия ханшайымы – Фариза!» Сыныптан тыс жұмыс



жүктеу 45.39 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі45.39 Kb.
З.О.Баймырзаев атындағы орта мектебі

«Поэзия ханшайымы – Фариза!»

Сыныптан тыс жұмыс

Өткізген: Кітапханашы А.Бөлеева

Тәрбие ісінің меңгерушісі Ж.Нұрниязова

Қызылөзен ауылы

2014 жылы

Назар аударыңыз! Байқау!Сынып жетекшілер!
"Поэзия падишасы - Фариза" тақырыбында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға байқау жариялайды.
ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты: Оқушылар арасында жыр дүлдүлі Фариза Оңғарсынованың поэзиясын оқуды насихаттау, ақын жырлары арқылы отансүйгіштік рухты ояту, туған елімізді, жерімізді сүюге, құрметтеуге, оның дәстүрлері мен мәдениетін қастерлеуге шақыру.

Міндеттері:

  • Оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру;

  • Мектеп оқушылары кітапханаға тарту;

  • Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық ізденісін дамыту;

  • Өзіндік пікірлерін қалыптастыру;

  • Рухани дамуларына ықпал ету;

Өткізілетін уақыты:  2014 жылдың  сәуір 

Өткізілетін орны: З.О.Баймырзаев атындағы орта мектеп кітапханасы

Байқауды өткізу тәртібі

Байқауға ақындық талантты мен жазушылық қабілетін шыңдағысы келетін, қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамайтын және Ф.Оңғарсынованың шығармалары толғандыратын  1-11  - сынып оқушылары.


1. Бастауыш сынып оқушылары ақын туралы, ақын шығармашылығына арнаған шығарма жазып тапсырады, ақын шығармашылығынан бір өлең мәнерлеп, жатқа айтады.


  1. 5 - тен жоғары сыныптар үшін ақын Ф.Оңғарсыноваға арнаған әр қатысушы өз жанынан шығарған өлеңдері ұсынылады, ақын шығармашылығынан бір өлең мәнерлеп, жатқа айтады.


Тақырыбы: Поэзия ханшайымы – Фариза

Мақсаты: Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен таныстыру; поэзияға, Отанға, тілге, мәдениетке, қазақ халқына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Құрал – жабдықтар: слайдтар, микрофондар, костюмдер, кітаптар.

Ұйымдастыру түрі: әдеби – сазды композиция.

Барысы

Пролог

Ортада әйелі мен күйеуі отырады.Отағасы қолында домбыра, отанасы қолында кесте.

Әйелі: Отағасы, бүгін бір ғажап түс көрдім. Түсімде саялы бақтың ішінде қыдырып жүр екенбіз. Айналамызда албырап пісіп тұрған алма ағаштары. Мен сол алмаларға қызығып біреуін ағаштан үзіп алғым келді. Бір уақытта көзіме бір алма ағашы түсті. Ол ағашта алманың орнына том – том болып кітаптар ілініп тұр екен. Сол кітаптардың арасында қып – қызыл алма көздің жауын алатындай болып тұр екен. Мен қуанып кетіп, сол алманы алып, рахаттанып жеп жатқан жерімде оянып кеттім.

Отағасы (күліп): Ай, тәйірі – ай. Алла бұйыртса, екеуміз армандап жүрген қып – қызыл алмадай қызымыз дүниеге келеді екен. Қызымыз жай қыз емес, том – том кітаптарды жазып қалдыратын ақын ба, жазушы ма болатын сияқты.

Әйелі: Айтқаныңыз келсін, отағасы, айтқаныңыз келсін!

Кадрдан тыс дауыс: Қазақ даласын өзінің құнарлы жырымен сусындатқан қазақтың ерке, ақын қызы Фариза туған елін өз жырларына қосып, әр қазақтың жүрегіне салмақты ой сала білген, қайталанбас дарын иесі. Оның өлеңдері арқылы күш алып болашаққа нық сеніммен аттанған бүгінгі ұрпағымыз Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы алдында тағзым етеді.

Жүргізушілер ортаға шығады.

1 – жүргізуші: Қайырлы кеш, қымбатты оқушылар, құрметті ұстаздар! «Поэзия ханшайымы - Фариза» кешіне қош келдіңіздер!

Кешімізді Фариза ақынды бір минуттық еске алумен бастасақ. Орындарыңыздан тұруларыңызды сұраймын.

Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын – Алланың айрықша мейір – шапағаты түскен пендесіне қиял – ғажайып нұры. Ата күші, ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға қып қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кенде емес. Солардың бірі – Фариза Оңғарсынова!

2 – жүргізуші: Фариза Оңғарсынова – халық жазушысы. Ол қазіргі Атырау облысы Новобогатинский ауданы Манаш ауылында 1939 жылы желтоқсанның 25 – і күні дүниеге келген. Ф.Оңғарсынова 1961 жылы Гурьев (Атырау) педагогикалық институтының фиология факультетін бітіріп, 1966 жылдан бастап мұғалім болып, содан кейін ауылдық мектепте директор болып жұмыс атқарды.

1 – жүргізуші: Кешіміз байқау түрінде өтпек. Алдымен 1 кезең бастауыш сынып оқушыларына арналады. 2 кезең 5 – 11 сынып оқушыларының жанынан Фариза ақынға арнаған өлеңдері мен мәнерлеп оқу шеберлігіне арналады.

2 – жүргізуші: Сонымен бастауыш сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

Оқушылар өлеңдерін оқып орындарына отырады.



2 – жүргізуші: Анасы халқымыздың аңыз – жырларымен, халық өлеңдерімен сусындатқан. Қыстың ұзақ кештерінде оның балалары кітап оқып, халқымыздың ескі жырларын жаттап өскен.

1 – жүргізуші: Фариза өлеңдері 1958 жылдан басыла бастаған. Оған алғашқы назар аударған адамның бірі қазақтың ұлы ақыны, жастардың қамқоры Әбділда Тәжібаев еді. Ол Фаризаның алғашқы жырларынан – ақ оның бойындағы талантын танып, оны әкесіндей қолдады және ылғи да қадағалап, қуанып отырды.

Кезекті кереметтей күмбірлеген қазақтың күйіне берсек.

2 – жүргізуші: Ал енді екінші кезеңіміз жоғары сыныптарға кезек берсек.

1 – жүргізуші: Фариза – биік сезімнің ақыны. Оның көңіл – күй ырқына тез берілетіні, жаны тез жараланатыны да осыдан . Фариза апамыздың көп өлеңдері әйел тақырыбына арналған. Оның өлеңдерінде қуанышы мен қайғысы аралас жүретңн азапты күндерінің суреттері мол кездеседі.

«Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» әнімен ортаға 9 сынып оқушысы Молдабекова Ғазизаны ортаға шақырамыз.

3 оқушы орындап болғаннан кейін би орындалады



Кештің соңын Фариза ақынға арналған слайдпен тәмамдасақ. Экранға назар аударайық.
: baimurza -> images -> files
files -> Сабақтың тақырыбы : «Е» дыбысы мен әрпі
files -> З. О. Баймырзаев атындағы орта мектеп «Конституция – ерікті елдің құқы»
files -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Өзен» Сабақтың мақсаты
files -> Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылы З. О. Баймырзаев атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нурмаханова Гулслу
files -> Сабақтың тақырыбы: Туынды зат есімнің жасалуы Сабақтың мақсаты
files -> Сабақтың тақырыбы: § 55. Архимед күші Сабақтың мақсаты: Архимед күші, Архимед заңы, сұйық ішіндегі кері итеруші күш
files -> Сабақтың тақырыбы : Орта ғасырлардағы ғылым мен білімнің дамуы Сабақтың мақсаты
files -> Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылы З. О. Баймырзаев атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Тойшыманова Асия Кенішбайқызы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет