«Поэзия патшайымы» Кештің мақсаты



жүктеу 40.09 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі40.09 Kb.
«Поэзия патшайымы»

Кештің мақсаты: Поэзия патшайымы Қазақстанның халық жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмір жолын, өнерін,өр мінезін,асқақ рухын оқушыларға насихаттау. Поэзия әлеміне ,сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру.Аяулы ақын апамызға деген оқырмандар махаббатын одан әрі үстей түсу.

Көрнекілігі: ақынның суреттері, әр жылдардағы шыққан кітаптары «Поэзия патшайымы»атты кітап көрмесі,цитаттар.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар! Ұлттық руханятымыз орны толмас ауыр қазаға ұшырады. 24 қаңтар 75 жасына қараған шағында ақын апамыз Фариза Оңғарсынова дүниеден озды.Халық қалаулысы,біртауар ақын апамыздың жарқын бейнесін 1 минуттық үнсіздіктен еске алайық.

2- жүргізуші: Киелі поэзия әлемінде өзіндік биік орны бар,халықтық рух бар,өткірлігі мен тапқырлығы,нәзіктігі мен сырлылығы бәрімізді елең еткізіп,жырмен тербеп келген ақын апамыз Фариза Оңғарсыноваға арналған «Жыр менің жалғыз тарланым» атты еске алу кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Бүгінгі кешіміздің мақсаты: Поэзия патшайымы Қазақстанның халық жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмір жолын, өнерін,өр мінезін,асқақ рухын оқушыларға насихаттау. Поэзия әлеміне ,сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру.Аяулы ақын апамызға деген оқырмандар махаббатын одан әрі үстей түсу.



1-оқушы. «Жыр- менің жалғыз тарланым»

2- жүргізуші: Фариза Оңгарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда кәзіргі Атырау облысының Нобогат ауданындағы Манаш ауылында дүниеге келген.

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтын бітіргеннен кейін әуелі мектепте мұғалім , кейін облыстық « Коммунистік еңбек» газетінің әдеби қызметкері болып еңбек етті.

1968-1970 жылдары республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі , ал 1970-1978 республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы,1978-2000 жылдары «Пионер» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды.

2000-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.



1-жүргізуші: Тұңғыш өлеңдер жинағы –«Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрді.Маңғыстау маржандары 1975, «Шілде» 1978, « Сенің махаббатың» 1979 , «Сұхбат»1983 ,«Дауа» 1985 т.б өлең кітаптарымен қатар күрескер ақын Махамбет Өтемісұлы туралы « Алмас қылыш» қазақтың өнері қыздары туралы Майра , Сара жайында «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Қарғыс»,«Қасірет пен ерлік жыры» сондай –ақ «Дала тағдыры» ,«Ақбөбек» жырлары,«Жантолының монологы»,«Мен өмірді сен деуші ең», «Интервью» т.б поэмалары жарияланды.

2- жүргізуші: Фариза Оңғарсынова өмірдің ұсақ түйегіне алаңдатады. Ірілікті,мәрттікті сүйді. Оның астарында әйелдік сезімнің байлығы жатады. Ол махаббатты ұлы сезім санады. Оған бас иді .Сезім нәзіктігін паш етті. Онда жасандылық жоқ.

2- оқушы. «Білемін:сүйем,сүйем әйтеуір...»

1-жүргізуші: Ақын апамыздың кең ауқымды жазған шығармаларының тағы бір тақырыбы -Әйел –ана.Ол әйел анаға деген тағзым белгісі. Бұл өмір айдынының төсінде бірге жаратылған нәзіктік пен сұлулықтың, пәктік пен қайраттың , төзім мен адалдықтың тақырыбы. Олар «Әйелдерге ода»,«Қыз ғұмыр»,«Әйел тілегі»,«Әйелдің монологы» т.б

3- оқушы. «Әйел»

2- жүргізуші:Кейде өзін жалғыз сезінетін кездері де аз емес.Бірақ ол ақынның ортасынан,айналасынан бөлінуі емес. Ойларының қолдау таппай қиналуынан туындайды.

Әділетсіздікке ренжіген сәттерінде ,кейбіреулердің пасықтығына жиренгенде кешегі досының теріс айналғанын көргенде ақынның жалғыз тірегі ,досы мұңдасы –поэзия еді.

...Маңғаз Махамбеттің басын кесіп,

Құса қылған елміз ғой

Ұлы Абайын жыламайын,

Мен де құр құламайын,

Ойларымды өрейін ,сыналайын.

Сәулелі жан шам алып іздер мені,

Өзі айырар пәктік пен күнә жайын.

4- оқушы. «Өлең»

1-жүргізуші: Ал, саяси әлеуметтік тақырыптағы өлеңдері философиялық ойларға тұнып тұр. Мысалы: «Әділдіктан бұлтару», «Адам құны», «Мансап үйі», « Абайды іздеу» т.б

Халық тағдыры,жер тағдыры, ел мұңы туралы ақын апамыздың Абайша күйзеліп қайғырғаны көрініп –ақ тұр. Заты әйел демесеңіз ,ойы ,жүрегі, көзқарасы нағыз ер азаматқа тән жан еді.



5- оқушы.«Абайды іздеу»

2- жүргізуші: Ақын Фариза Оңғарсынданың мінезі.

Фариза Оңғарсынова Қыз ғұмыр өлеңдер мен эсселер жинағында былай дейді:Мінезім қыңыр болатын.Мені кәзіргі қалпымда сақтап келген қорғаным да –сол қыңыр мінезім. Жұрт бұл мінезімді сан жаққа жүгіртіп , сыртымнан түрлі әңгімелер шығарып , жақсылы-жаманды анықтауыштармен маған айдар тағып жүреді. Біреулер тентек дейді, еді біреулер мінезі шатақ дейді. Мен бұлардың ешқайсысына айылымды жыймаймын. Себебі өзіміздің жан-дүнием, көңілім өзіме аян:сәл өтірік, көлгірсу жағымпаздану мен мақтаншақтық-осының бәрімен жұлдызын қарсы және жан дүниесін сезіп қалады да,ондай адамдарды қабылдамайды.



Иә , ол ақынның жан тазалығы! Осы ретте ақынның « Жұрт мені қатал дейді» деген өлеңі ойға оралады.

6- оқушы : « Жұрт мені қатал дейді»

1-жүргізуші: Ғасырдан ғасырға –өткен сайын ақынның шығармалары жаңа қырымен жарқырай түсер,егемен еліміздің жас ұрпағының жаттап өсер жырына айналар. Фариза Оңғарсынова адалдық ,намысқойлық ,жаны да таза, ары да таза ерлерге лайық биіктерде ғана көрінетін ақын. Әрқашан да сол биігінен көріне берсін.Ақын апамыздың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.

2- жүргізуші: Кешімізді Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының «Халқымыздың жүрегінде» -өлеңімен аяқтауға рұқсат еткейсіздер.
: docs -> doc20140610
docs -> Филология факультеті 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
docs -> СӘрсенбай гүлнар сәрсенбайқызы болашақ МҰҒалімдердің бойында ұлттық сананы қалыптастырудың педагогикалық негіздері
docs -> Сабақтың тақырыбы Мазмұны Сағат саны 1 Сабатың бастапқы кесіндісі
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Омаров Дәулет Кәрібайұлы Қызылорда облысындағы білім беру және халық ағарту мекемелерінің қызметі
docs -> Кенжалиева багила онгарбековна қазақстандағы кеңестік ұжымдастыру зардаптары және оны оқыту әдістемесі
docs -> Сабақтың тақырыбы Мазмұны Сағат саны 1 2 3 4
docs -> Сарузенова Айгерім Әбдіқадырқызы Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау
doc20140610 -> Презентация «Ақбілек -қыз тағдыры: кеше,бүгін»
doc20140610 -> «Дара батырды,дана Бауыржанды ұмытпаймыз мәңгілік»




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет