Программа углубленного изучения казахского языка



жүктеу 68.8 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі68.8 Kb.
түріПрограмма





Павлодар қаласының № 7жалпы білім беретін

бейіндік бейімдеуге мамандандырылған мектеп

Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы
Программа углубленного изучения казахского языка
(орыс тілінде жалпы орта білім беретін

мектептің 6 сыныбына арналған)

Павлодар 2010 ж

Әдістеме бірлестігінінң №1 отырысында қаралды

( 09 қыркүйектің 2010 жылдың 1 хаттамасы)

Құрастырғандар: Ахметова Ж.И. Камалиева К.М қазақ тілі

мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері


Түсінік хат.


Бағдарлама Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, жалпы орта білім беру ғылыми –зерттеу институты даярлаған «Орыс, ұйғыр, өзбек тілді мектептердегі қазақ тілінің мемлекеттік білім стандартының» негізінде жасалған мен Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасын басшылыққа ала құрастырылды.

Орыс тілінде жалпы білім беретін мектептердің 6- сыныбына арналған тереңдетіп оқыту бағдарламасының негізгі мақсаты –оқушылардың өзіндік ерекшелігіне қарай қабілетін аша отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеуге, мәтін мазмұнын еркін оқуға, түсіну қабілеттерін қалыптастыру.

6- сыныптағы негізгі модульдердің тақырыбы бойынша оқушыларды Отбасылық, достық құндылықтармен таныстыру арқылы лексикалық тақырыптарды танып- білуді тереңдету басты назарға алынады.

Осы тақырып негізінде оқушылардың кез- келген тақырыпта ауызекі сөйлей алуын, сөзбен жеткізе алуды басты назарға ұстайды.



Қазақ тілінің алдына қойылатын міндеттері:

  • қазақ тілінде мәнерлеп оқу, қазақ тіліне тән дыбыстарды қатесіз дыбыстау;

  • өзара қазақ тілінде қарым- қатысқа түсе алуды үйрету;

  • қазақ тілінде сауатты жазуға бейімдеу;

  • қазақ тілінде сөздерді есте сақтау, түсіну,сұрақтарға жауап қайыра білу дағдыларын қалыптастыру.

Осы алға қойылған мақсат- міндеттерге қол жеткізуде оқу материалдарын қарапайымнан күрделіге қарай, дарадан жалпыға, деректіден дерексізге көшу сияқты дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынады.

6- сынып


/ барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат/

Қарым – қатынастық және танымдық тақырыптар.

Кіріспе. (1сағат). Отбасы туралы. Отбасы –жанұя, туыстық қарым-қатынастар.

Отбасы мүшелерінің мінезі. (1сағат). Құрметтеу, ізет көрсету, сыйлау.

Мектеп. Менің сыныбым . (1сағат). Тату, үлгілі,тәртіпті.

Мектеп асханасында. (1сағат). Ас мәзірі, тәртіп.

Жыл мезгілі. Күз байлығы (1сағат)

Күз мезгілінің құбылыстары. (1сағат).

Уақыт. Күнтізбе (1сағат).

Уақыттың бағасы (1сағат).

Туған өлкем. Қаланың көрікті жерлері. (1сағат).

Павлодардың зиялы қауымдары. (1сағат).

Қалада жөн сілтеу. (1сағат).

Қазақстан. Қазақстан байлығы. (1сағат).

Жыл мезгілі. Қыс қызықтары. (1сағат).

Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі(1сағат).

Табиғат. Мені қоршаған орта. (1сағат).

Экология мәселесі.1сағат).

Баянауыл табиғаты.(1сағат).

Қызыл кітапқа енген жануарлар.(1сағат).

Құсбегілік. (1сағат).

Су әлемі. (1сағат).

Төрт түлік. (1сағат).

Жыл мезгілі. Ағаштар бүршік жарды. (1сағат).

Саяжай(1сағат).

Мерекелер. Наурыз аңызы. (1сағат).

Ұлттық киім, ойын.(1сағат).

Жеңістің жемісі. (1сағат).

Қатынас. Қонақ қадірі. (1сағат).

Жыл мезгілі. Дала гүлдері. (1сағат).

Демалыс. Саяхат. (1сағат).



Тіл дамыту. (2сағат)

Шығармашылық жұмыс. (2сағат).

Нәтиже сабақ. (1сағат).

Қатемен жұмыс. (1сағат).

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Сөйлесу әрекеті:

  • Отбасы, дос, мектеп, жыл мезгілдері туралы айта білу;

  • Туған өлке, Қазақстан байлығы, экология туралы айта алу;

Оқылым:

  • Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсініп, меңгеру;

  • Мәтін мазмұнын түсіну, мәнерлеп оқуға, жоспар бойынша оқи алу;

Тыңдалым:

  • Естіген, тыңдаған сөзін түсіну;

  • Өлеідердің мазмұнын түсініп оқи алу;

Сөйлесім:

Жазылым:

  • Мәтін бойынша сызба жасай алу, жоспар құрай білу;

  • Реферат жаза алу;

Тілдік материал.

85-100 жаңа сөзді меңгеру.

Сөздерді дұрыс дыбыстау нормасын білу.

Сөз тіркесі, сөйлеммен жұмыс істей алу.

Сөздіктермен жұмыс істей алу.



Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін білу.



р/с

Қарым-қатынастық тақырыптар

Сағат саны

1

Кіріспе.

1

2

Отбасы мүшелерінің мінезі.

1

3

Мектеп. Менің сыныбым. Мектеп асханасында

2

4

Жыл мезгілі. Күз байлығы Күз мезгілінің құбылыстары

2

5

Уақыт. Күнтізбе. Уақыттың бағасы

2

6

Туған өлкем. Қаланың көрікті жерлері. Павлодардың зиялы қауымдары. Қалада жөн сілтеу.

3

7

Қазақстан. Қазақстан байлығы

1

8

Тіл дамыту. Жерімді мен сүйемін.

1

9

Жыл мезгілі. Қыс қызықтары. Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі

2

10

Табиғат. Мені қоршаған орта. Экология мәселесі.

2

11

Баянауыл табиғаты.Қызыл кітапқа енген жануарлар.Құсбегілік.

3

12

Шығармашылық жұмыс. Құстар.

1

13

Су әлемі.

1

14

Төрт түлік.

1

15

Шығармашылық жұмыс. Менің сүйікті жануарым.

1

16

Жыл мезгілі. Ағаштар бүршік жарды. Саяжай

2

17

Мерекелер. Наурыз аңызы. Ұлттық киім, ойын.Жеңістің жемісі.

3

18

Қатынас. Қонақ қадірі.

1

19

Жыл мезгілі. Дала гүлдері. Демалыс. Саяхат

1

20

Нәтиже сабақ. Тест

1

21

Қатемен жұмыс. Қайталау.

1


Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша оқушылардың білім деңгейін бағалау өлшемдері.

( 6 сынып )

Оқылым:

«3» мәтінді оқып, не туралы екенін түсіну.

«4» мәтін мазмүнын түсініп, әңгімелей алу.

Тыңдалым:

«3» мағлұматтарды тыңдап, мазмұнын орыс тілінде айтып беру.

«4» мағлұматтарды түсініп тыңдап, мазмұнын орыс тілінде айта алу.

Сөйлесім:

«3» танымдық тақырыптар бойынша айта алу.

«4» танымдық тақырыптар бойынша диалог құра білу, сұхбаттасу.

Жазылым:

«3» диктант жаза алу.



«4» 8-10 сөйлем көлемінде мәтін түзей алу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Сариева К., т.б Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты.- Алматы. РОНД, 2002

  2. Адамбаева Ж., Сариева К., т.б. Бағдарламалар. Қазақ тілі мен әдебиеті. Алматы,2004

  3. Дәулетбекова Ж., Арын Е., Махамбетова Г. қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы. Алматы.: Жеті жарғы,2003

  4. Махадил З.Ш. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасының үлгісі. Павлодар,2009








©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет