Психологиялық қызметті ұйымдастыру шаралары Мектептегі психологиялық қызметтің қажеттілігі



жүктеу 0.88 Mb.
бет2/7
Дата08.07.2016
өлшемі0.88 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Оқушылармен жұмыс


Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін зерттеу.

Нұсқау: Әрбір сұрақтың жауабы 0-3 ұпай аралығында бағаланады.


Жоқ-0 ұпай, білмеймін-1 ұпай, иә-3 ұпай

1. Сізге мектепте оқу ұнайды ма ? 


2. Таңертең ұйқыдан оянған кезіңізде мектепке барғыңыз келе ме ? 
3. Егер мұғалім: ертең мектепке барлығыңа бірдей келу міндет емес десе, сіз 
мектепке келер ме едіңіз?
4. Егер бүгінгі сабақтың біреуі болмай қалса, сіз қуанар ма едіңіз?
5. Үй тапсырмасын бермегенді қалар ма едіңіз? 
6. Мектепте тек қана белгілі бір сабақтардың болғанын қалар ма едіңіз? 
7. Ата-анаңызға үнемі мектеп туралы айтып отырасыз ба? 
8. Мұғалімдердің қатал болғанын қалар ма едіңіз?
9. Сыныпта достарыңыз көп пе? Кімдер?
10. Сізге сыныптастарыңыз ұнайды ма?

Оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін анықтау

Әдістеме: «Төртіншісі артық» әдістемесі

Зерттеу барысы:


1. Кебіс, аяқ, етік, туфли - _____________________________________________
2. Қайшы, ұстара, перо, пышақ ________________________________________
3. Шатыр, фуражка, панама, қалпақ_____________________________________
4. Керосин шамы, электр шамы, күн, балауыз____________________________
5. Конверт, радио қабылдағаш, телефон, гитара __________________________
6. Сағат, көзілдірік, таразы, термометр__________________________________
7. Глобус, кітап, жазу үстелі, портфель__________________________________
8. Термометр, стакан, шаңғы, рюмка____________________________________

Басса-Даркидің эмоциялық тесті

Нұсқау: Төмендегі тұжырымдарға келісетін болсаңыз “+”, ал келіспесеңіз “-“ белгісімен белгілеңіз.
Сұрақтар:
1.Егер мен ашулансам, қол жұмсап жіберуім мүмкін.
2. Заттарды лақтыратындай, ешқашан мен қатты тітіркенбеймін.
3. Мен тез ренжіп, жылдам басыламын.
4. Егер мені жақсылап өтінбесе, өтінішті орындамаймын.
5. Менің ойымша, тағдыр маған қатыгез сияқты.
6. Басқалар менің сыртымнан мен туралы не айтатынын білемін.
7. Егер басқалар сөз таласта менімен келіспесе, мен айтысуға дайынмын.
8. Егер біреуді алдаған кезім болса, мен ар- ұжданымның алдында қатты азаптанып, қысылып, ұяламын.
9. Басқа адамға мен қол көтеруге қабілетті емеспін.
10. Мен ашуланғанда, есікті сарт еткізіп жаба аламын.
11. Кейде адамдар өзінің қатысуымен ашу-ызамды келтіреді.
12. Егер маған орныққан ереже ұнамаса, мен оны бұзғым келеді.
13. Кейде мені қызғаныш мазалайды.
14. Көп адамдар мені ұнатпайды.
15. Менің құқығымды басқалардың құрметтеуін, сыйлауын талап етемін.
16. Кейде менің ойыма өзім ұялатын ойлар келеді.
17. Мені төбелеске дейін жеткізуге қабілетті адамдарды білемін. 
18. Кейде мен ашу-ызамды төбелес арқылы көрсетемін. 
19. Мен өзімді жиі атылуға дайын оқ ретінде сезінемін
20. Егер біреу өзін менен биік көрсеткісі келсе әрқашан мен оған қарсы тұрамын.
21. Мені барлық болмысымен жек көретін адам жоқ.
22. Көбі маған қызғанышпен қарайды.
23. Мен қатты ызалансам да балағат сөздерді айтпаймын.
24. Жұмыстан қашатын адамдар өзінің кінәсін, кемшілігін, әлсіздігін байқап сезуі керек.
25. Маған біреу қол жұмсаса да, мен сирек жауап қайырамын
26. Қатты ызаланып, қолыма түскен затты сындырғанымды есіме түсіре аламын.
27. Өзіме ұнамсыз адамдарға қарым-қатынасым, көзқарасым дөрекілеу.
28. Маған бұйрық беріп сөйлесе, мен ешқандай тапсырманы орындағым келмейді. 
29. Басқаларға деген жаман көзқарасымды жасыруға тырысамын.
30. Кейде қоршаған ортадағы адамдар мені мазақ қылатын сияқты.
31. Егер біреу мені ызаландырса, мен ол туралы не ойлайтынымды айтуға дайынмын. 
32. Өз ата-анам үшін аз көмек тигізгенім мені қатты толғандырады.
33. Маған біреу қол көтерсе, мен оған жауап қайтармаймын.
34. Дау барысында мен жиі даусымды көтеремін.
35. Кішкентай нәрсеге бола ренжімеймін.
36. Адамдар өздерін бастық ретінде көрсетсе, мен қалайда болса мен-менсіп кетпеуіне жағдай жасаймын.
37. Мен ылғи да жақсы еңбегіме лайықты баға ала алмаймын.
38. Маған өштесіп, зиян келтіретін жауларым жоқ.
39. Мен адамдарды сөздермен жиі қорқытқанмен, оны орындамаймын.
40. Мен жасаған істеріме көбіне өкінемін.
Сыныпішілік референтометрия

Мақсаты: Сыныптың психологиялық ахуалын және топ мүшелерінің референттік тобын анықтау.

Нұсқау: Тақтаға барлық сынып оқушыларының тізімі жазылып, әр оқушыға реттік номер беріледі. Мақсатқа жету үшін сізге 10 тұжырымдама ұсынылады. Ұсынылған жағдаяттарға жауап беру үшінда өзіңізге ұнамды, жаныңызға жақын сыныптасыңыздың атын “реттік номері” бойынша белгілейсіз.

Жағдаяттар:


1. Сізге басқа қалаға саяхатқа шығу сәті түссе қай сыныптасыңызды бірге алып кетер едіңіз?
2. Сіз ыңғайсыз жағдайға тап болсаңыз қай сыныптасыңызға айтасыз?
3. Егер туған күніңізді жасасаңыз қай сыныптасыңызды шақырар едіңіз?
4. Егер бос уақытыңыз көп болса қай сыныптасыңызбен бірге өткізер едіңіз?
5. Басқа сыныптастарыңызды бағалау үшін қай сыныптасыңыз көмектесе алады?
6. Сіздің кемшілігіңізді қай сыныптасыңыз түзете алады?
7. Егер сіздің өміріңіздегі қандай да бір кезеңді өзгерту керек болса қай сыныптасыңызбен ақылдасар едіңіз?
8. Сыныпта сізге кім үлгі бола алады?
9. Сыныпта қай оқушыға ұнағыңыз келеді?
10. Сыныпта қай оқушымен сырласасыз?

 “Репрезентативті жүйе” тесті

Мақсаты: Оқушының бойындағы жетекші репрезентативті жүйенің қай саласы дамығандығын анықтау. Яғни, “аудиалдық”, “визуалдық”, “кинестетикалық” және “ойлампаз, талдаушы, логикалық компьютерлік” типтерін анықтау. 
Нұсқау: Тест сұрақтарына берілген жауаптардың маңыздысына қарай, варианттары бойынша жауап берілуі тиіс. Жаныңызға жақын, сізге сәйкес келетін жауапты “+” белгісімен, ал қалған варианттарын “-” белгісімен белгілеңіз. Бір тест сұрағында бір ғана жауап болуы керек.

Тест сұрақтары:

1. Мен үшін маңызды шешім қабылдау:
а/ сезімдеріме байланысты; ә/ көңіл-күйіме байланысты;
б/ көзқарасыма байланысты; в/ ақыл-ойыма байланысты.
2. Маған сөзі өтімдірек, тез ықпал жасай алатын адам: ол
а/ дауыс интоннациясы әдемі адам; 
ә/ сыртқы бет-пішіні әдемі адам;
б/ көңілге қонымды ақыл айтатын адам; 
в/ маған жақсы көңіл-күй сыйлаған адам
3. Сіздің тұрмыста қалай тұратындығыңызды білгім келсе:
а/ сыртқы әдемілігіңізге қараймын; 
ә/ өзініңізді қалай сезінетініңізді бақылаймын;
б/ сіздің дауыс ырғағыңызға көңіл бөлемін; 
в/ сіздің қалай сөйлейтініңізге көңіл қоямын.
4. Мен үшін ең жеңіл:
а/ стереожүйедегі дауыс толқындарын ретке келтіру;
ә/ мені қызықтыратын проблемалық жағдайлардан нәтиже шығару;
б/ жанға жайлы жихаз таңдау;
в/ әр түрлі түстердің комбинациясын табу.
5. Мен тез сезіне қоямын:
а/ жаңа фактілер мен мәліметтердің мағынасын тез түсіне қоямын;
ә/ қоршаған ортада болып жатқан іс-әрекеттерге әрқашан құлақ түріп жүре аламын;
б/ үстімдегі киімнің ыңғайлылығын тез сезіне қоямын;
в/ бөлмеге қараған кезде түстерді ашық түстермен сипаттай аламын.
6. Қоршаған ортадағы адамдар менің тұрмыс-тіршілігім жайлы білгісі келсе, олар:
а/ менің ішкі сезімдерімізді түсінуі керек; 
ә/ менің киім үлгілерімді көруі керек;
б/ менің қалай сөйлейтінімді естуі керек; 
в/ менің дауыс ырғағыма көңіл бөлуі керек.
7. Менің қалауым:
а/ сіз ғана білетін фактілерді есту; ә/ сіз ғана салған суреттерді көру;
б/ сіздің ішкі сезімдеріңізге үңілу; в/ сіздің дауыс ырғағыңызды есту.
8. Мен тек мынадай жағдайларда ғана сенемін:
а/ өз көзіммен көргенде ғана; ә/ нақты фактілерді естігенде ғана;
б/ бір нәрсені сезгенде ғана; в/ естіген әңгімелеріме қарай.
9. Менің отбасыма қатысты:
а/ әдетте мен өз отбасы мүшелерінің көңіл-күйін тез сезе қоямын;
ә/ отбасыма қатысты көзге біз мән бермейтін бөлшектердің, киім үлгілерінің, мүшелердің суреттерін сала аламын.
б/ отбасы мүшелерімнің маңызды сұрақтар төңірегінде не айтатыны жөнінде білемін.
в/ отбасы мүшелерін дауыс ырғақтарынан ажырата аламын.
10. Мен не үшін оқимын:
а/ қандай да бір заттарды ұғыну үшін; 
ә/ қандай да бір заттарды жасау үшін;
б/ қандай да бір жаңалық есту үшін; 
в/ қандай да бір жаңа мүмкіндіктерді көру үшін;
11. Маңызды шешім қабылдауда мына мәселелерді ескеремін:
а/ сезімдер атқарушы роль атқаратындығын;
ә/ көңіл-күйіме байланыстылығын;
б/ нақты жауабы көрініп тұратын шешімдерді қабылдауға байланыстылығын;
в/ логикалық оймен байланыстылығын.
12. Маған мыналарды есіме түсірген оңай:
а/ досымның дауысын; 
ә/ досымның сырптқы пішінін;
б/ досымның “жақсы ой – еске түсіру” деген сөзін; 
в/ досыма деген сезімдерімді.

5 сынып оқушыларына арналған


Мектептік мазасыздық деңгейін анықтау тесті

Мақсаты: бастауыш буыннан орта буынға өту кезеңіндегі бейімделу деңгейін; 


жалпы мектептегі мазасыздығын; әлеуметтік қобалжуды басынан өткізуін; 
жетістікке жету жолындағы қажеттіліктерді өтеудегі кедергілерін; 
өзін-өзі көрсетудегі қорқыныш сезімдерін; білім тексеру барысында пайда болатын сенімсіздіктерін; “қоршаған ортаның талабына сай болмай қаламын-ау” деген қорқыныш, үрейлерін; физиологиялық стресске қарсы күресінің төмендігін;мұғаліммен қарым-қатынас жасау кезіндегі пайда болған қорқыныш сезімі мен келелі мәселелерін анықтау.
Нұсқау: Бойыңыздағы мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында сізге 8 фактордан тұратын 58 сұрақ берілген. Берілген әрбір тұжырымдамаға келіссеңіз “ия” жауабын немесе “+” белгісін, ал келіспесеңіз “жоқ” жауабын немесе “-” белгісін қоясыз. 
Сұрақтардың кілт жауаптары: әрбір сәйкес келген жауапқа 1 балл беріледі.
Әрбір факторларың мінездемелері:
Жалпы мазасыздық – баланың мектеп өміріндегі жалпы көңіл-күйіне байланысты әртүрлі формаларының деңгейі. 
Әлеуметті қобалжуды басынан өткізу - баланың көңіл-күйіне байланысты әлеуметтік қарым-қатынастардың даму деңгейі.
Жетістікке жету жолындағы қажеттіліктерді өтеудегі кедергілер – жоғарғы көрсеткіштерді көрсетудегі, жетістікке жету жолындағы психикалық қолайсыз жағдайлар мен кедергілер. 
Өзін-өзі көрсетудегі қорқыныш - өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін көрсету мақсатындағы әртүрлі жағдайлардағы негативті эмоциялық уайымдаулар.
Білімін тексеру барысында пайда болатын қорқыныш – баланың білім деңгейін, мүмкіндіктерін, жетістіктерін тексеру барысында пайда болатын жағымсыз жағдайлары. Әсіресе, сынып алдында сынаққа түсудегі қорқыныш деңгейлері. 
“Қоршаған ортаның талабына сай болмай қаламын-ау” деген қорқыныш сезімі– қоршаған ортадағы адамдардың беретін бағасының маңыздылығын жойып алмау.
Физиологиялық стресске қарсы күресінің төмендігі – психофизиологиялық ерекшеліктерді ұйымдастыра алмауы, түрлі қобалжудағы мүмкіндіктері мен қабілеттерін төмендетіп алуы, стрессогендік мінездемелерге, ортаның сыни көзқарасына төтеп бере алмауы.
Мұғалімдермен қарым-қатынаста пайда болған қорқыныш сезімі мен келелі мәселесі- мектептегі үлкендердің жағымсыз қарым-қатынасының әсерінен оқуға деген қызығушылығының төмендеуі, берген білімнің нәтижесіз болуы. 

 

 5 сынып оқушыларына арналған



 Мектептік мазасыздық деңгейін анықтау тестінің сұрақтары

1. Сынып оқушыларының деңгейінде өзіңізді ұстау қиынға соғады ма?


2. Материалды қаншалықты меңгергенін білу мақсатында мұғалім сізге сұрақ қойса сіз мазасызданасыз ба?
3. Мұғалімнің талап қойғанындай сынып ішінде жұмыс істеу қиын ба?
4. Сіздің сабақ білмей қалуыңыздан мұғалім ашуланып тұрғанын түсіңізде жиі көресіз бе?
5. Сыныптастарыңыз сізді ұрған кездері болды ма?
6. Мұғалім жаңа материалды түсіндірген кезде жай, асықпай, сізге түсінікті етіп сөйлесе екен деп ойлайсыз ба?
7. Тапсырманы орындағанда, жауап бергенде сіз мазасызданасыз ба?
8. Сіз «қате жіберіп қоямын» деген қорқынышты сезімнен өз ойыңызды ашық айта алмайтын кездеріңіз болады ма?
9. Жауап беруге шақырған кезде сіздің тізелеріңіз дірілдеп кетеді ме?
10. Әртүрлі ойындар ойнаған кезде сыныптастарыңыз сізді келеке-келемеждеп, мазақтайды ма?
11. Сіз күткеннен төмен бағалар қоятын кездер болады ма?
12. «Мені екінші жылға қалдырады» деген қорқыныш сізді мазалайды ма?
13. «Мен таңдалмай қаламын» деген күдікті ойдан сіз сынып ішіндегі таңдау арқылы ойналатын ойындардан бас тартасыз ба?
14. Сізге сұрақ қойғанда, жауап беруге шақырғанда бүкіл денеңіз дірілдеп кететін кездеріңіз болды ма? 
15. «Менің істеген іс-әрекетімді басқа сыныптастарым істегісі келмейді» деген күдікті ойлар жиі толғандырып тұрады ма?
16. Тапсырманы орындамас бұрын сіз өте қатты мазасызданасыз ба?
17. Ата-анаңыздың сізден күтетін бағаларын алу сізге қиындыққа түсе ме?
18. Сынып ішінде мазаққа қаламын деп қорқатын кездеріңіз жиі бола ма?
19. Жауап берген кезде қате жіберіп қойсаңыз, қателессеңіз сыныптастарыңыз сізге күлмей ме?
20. Сіз өз сыныптастарыңызға ұқсайсыз ба?
21. Тапсырманы орындап біткеннен кейін «дұрыс па?», «бұрыс па?» деп ойлайсыз ба?
22. Сыныпта жұмыс істеп отырған кезде барлығын «есімде сақтап қаламын» дегенге сенімдісіз бе?
23. Сіздің түсіңізге мектептегі мұғалімнің сұрағына жауап бере алмай тұрған кездеріңіз жиі кіре ме?
24. Сізге көпшілік оқушылар достық қарым-қатынаспен қарайды ма?
25. Егер де сіздің жұмысыңыздың қорытындысын басқа сыныптастарыңызбен салыстыратынын білсеңіз, сіз тереңдетіп айналысып, жұмыс жасайсыз ба?
26. Сізге сұрақ қойғанда мазасызданбай жауап бере алатындай жағдайға жетуді армандайсыз ба?
27. Бәстесуге түсіп қаламын деп қорықпайсыз ба?
28. Мұғалім сіздердің сабаққа дайындықтарыңызды тексеруге ниеттене бастағанда, сіздің жүрегіңіздің қатты соғатынын сезесіз бе?
29. Сіз қандай да бір пәннен жақсы баға алдыңыз делік, сіздің достарыңыздың біреуі «бұл бағаны сіз жағымпазданып алды деп ойлайды» деп ойламайсыз ба?
30. Өз сыныптастарыңыздың арасындағы сыйлы оқушылардың арасында өзіңізді жақсы сезіне аласыз ба?
31. Сыныптастарыңыз сіздің намысыңызға тиетін сөздерді айтатын кездері болды ма?
32. Оқуда үлгермейтін оқушылардың алатын орны өзгереді деп ойлайсыз ба?
33. Сыныптастарыңыздың басым көпшілігі сізге мән бермейтін сияқты көрініп тұрады ма?
34. Күлкілі көрініп қаламын деп ойламайсыз ба?
35. Мұғалімдердің сізге деген қарым-қатынасы сізді қанағаттандырады ма?
36. Басқа сыныптастарыңыздың анасындай сіздің анаңыз сыныпішілік мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесе ме?
37. «Қоршаған ортадағы адамдар мен туралы не дейді?» деген ой сізді мазалайды ма?
38. Болашақта бұрынғыдан гөрі жақсы оқимын деп үміттенесіз бе?
39. Сіз сыныптастарыңыз сияқты мектепке жақсы киімдер киемін деп санайсыз ба?
40. «Мен сабақта жауап беріп тұрған сәтте басқалар мен жайлы не ойлайды екен» деп ойлайсыз ба?
41. Сыныптастарыңыздың ішінде басқа сыныпта жоқ, ерекше қабілетті оқушы бар ма?
42. Сыныптастарыңыздан жоғарғы деңгейде көрінген кезде олар сізге ашулана ма?
43. Сыныптастарыңыздың сізге деген қарым-қатынасына қанағаттанасыз ба?
44. Мұғаліммен бірге жалғыз қалғанда өзіңізді жақсы сезінесіз бе?
45. Сіздің сыртқы пішініңізді, тәртібіңізді сыныптастарыңыз мазақтайды ма?
46. Басқа сыныптастарыңызға қарағанда сізді мектептегі іс-әрекет көптеп мазалайтын сияқты көрінеді ме?
47. Сіз қойылған сұрақтың жауабын білмей қалсаңыз міне-міне жылап жіберетін сияқтанып тұрасыз ба?
48. Кешке ұйықтар алдында «ертең мектепте не болар екен?» деген ойлар мазалайды ма?
49. Қиын тапсырманы орындап отырған мезетте бұрын білген нәрсені ұмытып қалғандай сезіліп тұрады ма?
50. Тапсырманы орындаған сәтте сіздің қолыңыз жеңіл дірілдейді ме?
51. Мұғалім сыныпқа тапсырма берейін деп тұрғанда өзіңіздің мазасызданып кететініңізді байқайсыз ба?
52. Мектептегі сіздің біліміңізді тексеру сізге қорқыныш сезімін әкеледі ме?
53. Мұғалім сыныпқа тапсырма берейін деп тұрғанда сіздің бойыңызды «тапсырманы орындай алмаймын-ау» деген қорқыныш сезімі билейді ме?
54. Сіздің қолыңыздан келмейтін іс-әрекетті сыныптастарыңыз орындайтындай түстерді көресіз бе?
55. Мұғалім сабақ түсіндіріп тұрғанда сізге қарағанда сыныптастарыңыз жақсы меңгеретін сияқтанып тұрады ма?
56. Мектепке келе жатқан жолда «мұғалім тексеру жұмыстарын береді-ау» деп қобалжисыз ба?
57. Тапсырманы нашар орындап отырмын деп ойлайсыз ба?
58. Мұғалім сізге «сынып алдында тақтаға шығып тапсырманы орында» деген кезде қолыңыз дірілдейді ме?

 


: download -> version
version -> Коучинг сессиясының орта мерзімді жоспар Тақырыбы
version -> Сабақ тақырыбы Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс Жалпы мақсаты
version -> Тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Секция: қазақ әдебиеті
version -> Жалпы орта білім деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Қазақстан тарихы сұрақ кітапшасы
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Тип урока: изучение нового материала, урок-соревнование. Педагогические технологии
version -> БАҒдарламасы 10-11 сыныптар жаратылыстану-математикалық бағыт
version -> [Қарақытай] 1217-1218 ж. Хорезм шахы Мұхамет Текеш теңге соқтырған қала: [Отырар]


1   2   3   4   5   6   7


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет