Психологиялық қызметті ұйымдастыру шаралары Мектептегі психологиялық қызметтің қажеттілігі



жүктеу 0.88 Mb.
бет3/7
Дата08.07.2016
өлшемі0.88 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Мұғалімдермен жұмыс

 


Кикілжің жағдайлардағы өзін-өзі ұстау стилі

Әдістеме авторы: К.Томас


Нұсқау: Тест 30 сұрақтан тұрады. Әрбір сұрақта екі тұжырымдама ұсынылған (А және Б). Сіздің қалауыңыз бойынша іс-әрекетіңізге қандай жауап сәйкес келсе, сол жауаптың нұсқасын жауап парағына белгілейсіз.

Сұрақнама:


1. А. Кейбір кездері екі жақты шешімі бар тапсырмаларды орындау мүмкіндігін қарсыласыма беремін.
Б. Екеуміздің ойымызды ажырататын емес, жақындататын жақтарын іздеймін.
2. А. Мен әрқашанда келісім жасап, мәмілеге келетін жағдаяттарды іздеймін.
Б. Мен қандай да бір шешім қабылдауда өзімнің де, өзгенің де қызығушылығын ескеремін.
3. А. Мен әрқашанда өзімнің ойымдағы іс-әрекетімді орындауға тырысамын.
Б. Басқалардың көңілін тауып, қарым-қатынасымызды сақтаймын.
4. А. Мен әрқашанда келісім жасап, мәмілеге келетін мүмкіндіктерді іздеймін.
Б. Кейде мен басқаның өтінішін орындау үшін өзімнің уақытымды қиямын.
5. А. Мен екі жақты шешімі бар жағдайларда басқаның қолдауын қажетсінемін. 
Б. Кикілжің сәттерге тап болмас үшін мен барлық жағдай жасаймын.
6. А. Мен қолайсыз жағдайлардан бас тартамын.
Б. Мен әрқашанда өзімнің ойымдағы іс-әрекетімді орындауға тырысамын.
7. А. Екі жақты шешімі бар сұрақтарды кейінге қалдырамын.
Б. Жетістіктерге жету үшін кейбір кездері басқаларға да мүмкіндік беріп отыру керек.
8. А. Мен әдеттетегідей өзімнің ойымдағы іс-әрекетімді орындауға тырысамын. 
Б. Мен ең бірінші кезекте туындаған сұрақтар мен тапсырмалар төңірегінде анықтау жүргізіп алуым керек. 
9. А. Кейбір кезде туындаған келіспеушіліктер үшін қобалжудың қажеті жоқ деп ойлаймын.
Б. Маған берілген тапсырманы орындау үшін мен бар күш жігерімді саламын.
10. А. Өз ойымды орындауға бар күш жігеріммен, ынтаммен кірісемін.
Б. Мен туындаған жағдайларда екі жақты пайда келтіретін шешімдер іздеймін.
11. А. Мен ең бірінші кезекте туындаған сұрақтар мен тапсырмалар төңірегінде анықтау жүргізіп алуым керек. 
Б. Басқаладың көңілін тауып, қарым-қатынасымды сақтағым келеді. 
12. А. Әртүрлі жағдайларда талас туғызатын көзқарас пен ойлардан аулақ болуға тырысамын.
Б. Егер сөзталаста маған қарсы болған адам менімен келісемін десе, мен де оның ойын көзқарасын тыңдауға тырысамын.
13. А. Мен әрқашанда ортадағы нейтрал көзқарасты таңдаймын.
Б. Басқаларға менің көзқарасымды қабылдауына күш саламын.
14. А. Мен ең алдымен өз ойымды айтып аламын да, содан кейін ғана қарсыласымның көзқарасын, ойын тыңдауға дайын боламын. 
Б. Мен басқаларға өзімнің мықты логикамды көрсетуге тырысамын.
15. А. Басқалардың көңілін тауып, ең негізгісі қарым-қатынасымызды сақтағым келеді.
Б. Кикілжің сәттерге тап болмас үшін мен барлық жағдай жасаймын.
16. А. Мен басқалардың сезімін, намысын құрметтеймін.
Б. Басқаларды менің көзқарасыма келісуіне жағдай жасаймын. 
17. А. Мен өзімнің ойымдағы іс-әрекетті орындау үшін тырысамын.
Б. Қажетсіз, пайдасыз ұрыс-керістен сақтану үшін мен барлық жағдай жасауға тырысамын.
18. А. Егер қарсыласымның ойы оны бақытты қылатын болса мен онымен келісемін.
Б. Қарсыласым менімен келісіп тұрса да, мен оның өз ойында қалуына мүмкіндік беремін.
19. А. Мен ең бірінші кезекте туындаған сұрақтар мен тапсырмалар төңірегінде анықтау жүргізіп алуым керек. 
Б. Екі жақты шешімі бар сұрақтарды кейінге қалдырамын.
20. А. Егер менің ойымын қарсыласымның ойы сәйкес келмесе мен тез арада оны шешуге тырысамын.
Б. Егер шешім қабылдау керек болса мен барлығымыздың қызығушылығымызды ескерместен, ортақ шешім қабылдаймын.
21. А. Келіссөз жүргізу барысында мен басқаның қызығушылығын ескеріп, зейін қоюға даярмын.
Б. Кикілжің жағдайларды шешуге менің бірден кірісіп кететін әдетім бар.
22. А. Мен қандай да бір шешім қабылдар кезде өзімнің де, өзгенің көзқарасын ескеремін.
Б. Мен өзімнің ойымды басқаларға орындатуға тырысамын.
23. А. Мен барлық адамдардың ұсыныстарын орындауға тырысамын.
Б. Кейбір кездері екі жақты шешімі бар тапсырмаларды орындау мүмкіндігін қарсыласыма беремін.
24. А. Егер қарсыласымның ойы ол үшін маңызды болса, мен оның ойымен келісуге дайынмын.
Б. Мен басқалардың мәмілеге келуіне ат салысамын.
25. А. Мен басқаларға өзімнің мықты логикамды көрсетуге тырысамын.
Б. Келіссөз жүргізу барысында мен басқаның қызығушылығын ескеріп, зейін қоюға даярмын.
26. А. Мен әрқашанда ортадағы нейтрал көзқарасты таңдаймын.
Б. Мен барлық адамдардың ұсыныстарын орындауға тырысамын.
27. А. Мен талас, тартыс туғызатын жайттардан аулақ жүруге тырысамын.
Б. Егер қарсыласымның ойы оны бақытты қылатын болса мен онымен келісемін.
А. Мен әдеттетегідей өзімнің ойымдағы іс-әрекетімді орындауға тырысамын. 
Б. Екі жақты шешімі бар жағдайларда мен әрқашан басқаның қолдауын қажетсінемін. 
28. А. Мен әрқашанда ортадағы нейтрал көзқарасты таңдаймын.
Б. Кейбір кезде туындаған келіспеушіліктер үшін қобалжудың қажеті жоқ деп ойлаймын.
29. А. Мен басқалардың намысына тимеуге тырысамын.
Б. Сөзталаста қарсыласым екеуміздің ойымыз, қызығушылығымыз бір жақтан шығып, жетістікке жетуімізді ойлаймын.

«Мұғалімнің кәсіптік бағытын» анықтау тесті

Нұсқау: Бұл сұрақнамадағы қасиеттер, жағдаяттар сіздің бойыңызда азды – көпті кездесуі мүмкін. Осыған байланысты мінедтті түрде берілген нұсқаның біреуін ғана таңдауыңыз қажет. Берілген нұсқаның жауабына келіссеңіз, онда сәйкес “а” немесе “б” жауабын ЖАУАП ПАРАҒЫНА белгілеңіз.

Жауаптар үлгісі:


“а” – иә, бұл жауапқа, жағдаятқа келісемін.
“б” – жоқ, бұл жауаппен, жағдаятпен келіспеймін.

Сұрақтар:


1. Адамдардан шалғай жерлерде, жалғыз өзім өмір сүре алатын едім.
2. Барлық кездерде өзіме деген сенімділігім арқылы жеңіп шыға аламын.
3. Менің пәніме деген білімділік адамдардың өмірін едәуір жеңілдетеді.
4. Адамдар бұрынғы заманға қарағанда қазіргі кезде моральдық заңдылықтарды қатаң ұстануы тиіс.
5. Кітапханаға кітапты өткізбес бұрын әрбір парағын мұқият оқып шығамын.
6. Менің жұмыс орнымдағы идеал – жұмыс бөлмемдегі тыныштық болып саналады.
7. Қоршаған ортадағы адамдардың айтуы бойынша мен барлық іс-әрекеттерді өзімнің қабілеттерімді пайдалана отырып істегенді ұнатады екенмін.
8. Менің идеалдарымның ішінде өз пәніме үлес қосқан ғалымдар елеулі орынға ие деп айта аламын.
9. Қоршаған ортадағы адамдардың көзқарасы бойынша мен дөрекі қылықтар жасауға бой алдырмаймын.
10. Өзімнің киім кию үлгіме әрқашанда зейін қойып, бақылау жасаймын.
11. Таңертеңгі мезгілден бастап ешкіммен сөйлескім келмейтін кездер болады.
12. Мен айналамдағы ретсіздік болғанын қаламаймын.
13. Менің достарымның басым көпшілігі мамандық ортамдағы ең қызықты адамдар десе болады. 
14. Мен өзімнің іс - әрекеттеріме көбіне сын көзбен қараймын.
15. Өз үйімдегі асханамда өзімді ресторанда отырғандай ұстаймын.
16. Ортада мен басқаларға қалжың айтуға, қызықты әңгімелер айтуға мүмкіндік беремін.
17. Жылдам шешім қабылдай алмайтын адамдарға менің ашу-ызам келеді.
18. Бос уақытым бола қалған жағдайда мен тәртіп жөнінде материалдар оқығанды жөн көремін.
19. Әлеуметтік ортада отырғанда басқа адамдар әртүрлі жат қылықтар жасаса да, мен ондай іс -әрекет жасай алмаймын.
20. Кейбір кездері мен жоқ адамдар туралы әңгіме қозғағанды ұнатамын.
21. Маған үйге қонақтар шақырып, олардың көңілін аулаған ұнайды.
22. Мен көбінесе ұжымның көзқарастарына келіспеймін.
23. Жас ерекшеліктеріне қарамастан өзімнің мамандығымды жақсы көретін адамдармен қарым – қатынас жасаған ұнатамын.
24. Басқа біреудің қиналғанына немқұрайдылықпен қарап отыра алмаймын.
25. Мен өз қателігімді мойындай аламын.
26. Маған қолданылатын ауыр жаза – жалғыздыққа қамақ қою деп санаймын.
27. Жоспар құруға кетекен күш-жігерді, уақытты бекер кетті деп санаймын.
28. Мектеп қабырғасында мен өз білімімді арнайы әдебиеттерді оқу арқылы толықтыратынмын.
29. Өзін алдайтын адамдар басқаны да алдаса, мен оған таң қалып, сын көзбен қарап, кемсітпейтін едім.
30. Менен басқа адам көмек сұраған кезде менің ішкі дүнием оған қарсы болмайды.
31. Мені кейбір адамдар көп сөлейді деуі мүмкін.
32. Мен жауапкершіліктен, қоғамдық жұмыстан бас тартамын.
33. Ғылым – менің ең жоғарғы қызығушылығым деп санаймын.
34. Қоршаған ортадағы адамдар менің жанұямды интеллегентті деп санайды.
35. Ұзақ сапарға шығар алдында не алу керектігі жайлы көп ойланып, толғанмын.
36. Басқа адамдарға қарағанда мен бүгінгі күнмен өмір сүретін сияқтымын.
37. Егер уақыт болса, мен өз пәнім жайлы әңгімені емес, сыныптан тыс мерекелік іс-шаралар ұйымдастырар едім.
38. Мұғалімнің негізгі міндеті – пәндер бойынша білім беру деп санаймын.
39. Мен әдеп, адамгершілік жайлы тақырыптар оқып, статья бергенді ұнатамын.
40. Маған сұрақтар қоя беретін адамдар менің аш-ызамды келтіреді.
41. Көптеген адамдар мені өз орталарында болғанды қалайды.
42. Маған әкімшілік-тұрмыстық жауапкершілікпен байланысты іс-шаралар, жұмыстар жасаған ұнар еді деп ойлаймын.
43. Егер мен өзімнің еңбек демалысымды біліктілік деңгейімді көтерумен өткізсем, мен ешқандай да өкінбес едім.
44. Менің сыпайылығым басқа адамдарға жиі ұнамай қалады.
45. Мен басқа біреудің сәттілігіне қызғанған кездерім болған.
46. Маған біреулер дөрекі сөйлесе, мен тез ұмытып кетемін.
47. Қалыптасқан ереже бойынша менің пікіріме басқалар қосылады.
48. Егер маған болашаққа бару сәті түсе қалса, онда мен ең бірінші кезекте өз пәнімнің кітаптарын жинап алар едім.
49. Мен басқа біреулердің тағдырын шешуге белсенді ат салысамын.
50. Мен ешқашанда ұнамсыз, жағымсыз жағдайларды күлкіге айналдырған емеспін.
  

Жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасы теориясы мен әдіснамасы

Категориясы: Информатика

«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».


Әл-Фараби

Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә.Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі.

Педагогикалық іс- өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден сезімталдықты, балаға деген сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді.[1]
Бүгінгі мектептің басты міндеті- өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады.
ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр.

Аманатқа қиянат жасамау-халқымның ізгі ұлылық дәстүрі. [2]


Жаңа ғасырдың ақпараттық қоғамына қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мәселесіне байланысты 2005 жылы 18 тамызда «Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «Қазақстан Республикасындағы жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының» жобалары ұсынылды. Осы екі жобаның біріншісінде жаңа тұрпатты мұғалімге – рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.

Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.


Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т.б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты.

Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымының теориялық еңбектерде қарастырылу жайы, айтылған мәселелерді жүзеге асыру үшін жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды да қолданудың дидактикалық шарттары, ақпараттық технологияларды қолдану мазмұны сынды мәселелер өз шешімін табуды көздейді.


Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша бакалавриаттың халықаралық бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны үйлескен білім беру бағдарламалары жасалып, оқытудың кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиялары жүзеге асады. Білім берудегі осындай өзгерістерге сәйкес жаңа тұрпатты мұғалім дәстүрлі оқыту формаларын ақпараттық-коммуникациялық, басқа да жаңашыл технологиялармен үйлестіріп жүргізе алуға қабілетті болуы керек деп есептеймін.

Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау. «Жаңашыл мұғалімдер «педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек».

Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымын психологиялық-педагогикалық әдебиеттерден жаңа типті мұғалім, жаңа буын мұғалімі терминдері түрінде кездестірдік.
Жаңа тұрпатты мұғалім анықтамасы 2005 жылғы 18 тамызда жарияланған «ҚР жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «ҚР жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» бір мәселеге деген екі түрлі көзқарас көрсетілген. Екі тұжырымдама авторлары бір мәселені екі түрлі шешуді ұсынады.

Дегенмен, бұларда бірін-бірі қайталайтын тұстар да баршылық. Жаңа тұрпатты мұғалімдерге қойылатын талаптардың «Жоғары педагогикалық білім» және «Жоғары педагогикалық білім беру құрылымы» бөлімдерінде олар бір-бірін қайталаған. Егер бірінші тұжырымдама негативті факторлар ретінде «бірін-бірі жалғастырып жататын білім беру стандарттары мен бағдарламаларын құруға ғылыми негізделген ұстанымның болмауын» атаса, екінші тұжырымдама авторлары «стандарттардың, типтік оқу бағдарламаларының жетілдірілмегендігін...» атайды. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Сондықтан, осы екі тұжырымдама негізінде біреуін жасау қажеттігі сөзсіз.

Педагогикалық білім берудің ең жоғарғы мақсаты - жаңа тұрпатты мұғалімнің жалпы және кәсіби дамуының үздіксіз жүргізілуі деп есептейміз. Бұл мақсатты жүзеге асыру кезінде маман-адам, азамат пен оның кәсіби білімі, іскерліктері мен дағдылары арасындағы үзіліп қалған байланыс қайта жалғасын табуы керек. Болашақ маманның жеке тұлғалық позициясын, оның кәсіби білімі мен іскерліктерін біріктіру жүзеге асуы жөн. Бұл біріктіру жалпы қосынды емес, сапалық жағынан жаңа құрылым болып, тұтастығы мен ішкі құрылымы жаңа типті мұғалім даярлау мен қалыптастыру мақсатын қоюға болады. Педагогикалық білім беру мақсаты, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қызметінің инвариантты, идеалданған көрсеткіштері біліктілік сипаттамасының негізіне қойылатын профессиограммада ашылады. Біліктілік сипаттамасы типтік кәсіби педагогикалық міндеттер жүйесі түрінде құрылып, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қүзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарды құрайды.

Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты.[3]

Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы соңғы жылдары жарияланған шетелдік және қазақстандық педагогика оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде «жаңа типті мұғалім», «мұғалім идеалы», «шебер мүғалім» түрінде берілсе, «жаңа тұрпатты мүғалім» термині терең қарастырылмаған. Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Жоғары мектеп педагогикасы теориясында зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі – педагогикалық модельдеу мәселесі. Жоғары білім беруді модернизациялау ең алдымен оның мазмұнын терең жаңартумен байланысты. Тек қана информатика пәнінің мұғалімі ғана емес, сонымен бірге кез келген пән мұғалімінің ақпараттық технологияны меңгеруі - жаңа тұрпатты мұғалімге тән басты белгі деп айтуымызға болады.

Жаңа тұрпатты мұғалімнің ақпараттық технологияны меңгеруі жоғары оқу орнында қалыптасатын болғандықтан, оқытушылардың ақпараттық сауаттылығы, олардың кәсіби деңгейінің заманауи талаптарға лайық болуы, студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қамтамасыз ету, олардың барлық оқу формалары бойынша іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру қажеттігі туындайды.



Білім сапасын арттырудағы мұғалім шығармашылығының ролі

Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақжеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады.

Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар » деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интнллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.



Біліктілік:

1. Білімнің негізінде қалыптасатын үлкен еңбек, яғни:


- жауапкершілікті сезіну;
- белгілі бір мәселені шешуге қатысу;
- білім беру технологияларын түсіну, меңгеру, қолдануда қабілеттілік таныту;
- еңбекке дұрыс қарым – қатынас;
- кәсібінде үнемі ізденіс таныту.

2. Ақпараттық қажеттілікті сезіну.


3. Көздеген мақсатқа жетуде әдіс- тәсілдердің бір-бірімен сай келуі.

Біліктілік негізі:

1. Оқып үйрену:

- белгілі бір тәжірибені пайдалана білу;
- өз білімін өзара байланыстыра ұйымдастыру;
- өзінің жеке оқыту бағдарламаларын құра білу;
- өзін дамытумен дербес айналысу.

2. Іздеу:

- әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіру;
- ақпараттармен жұмыс;
- құжаттармен жұмыс жасай білу және оларды топтай білу.

3. Бейімделу:

- технологиялар мен ақпараттарды қолдана білуге бейімделу;
- өзгеріске икемділік таныту;
- қиындыққа көне және жеңе білу;
- жаңа шешімдер таба білу.

4. Ынтымақтастықта болу:

- еңбекте ынтымақтастықта болу;
- келіспеушілік пен әр түрлі көзқарастылықта көрегендік таныту;
- келісе білу,
- шарт жасай білу және оны орындау;
- тілектестік және ынтымақтастық таныту.

5. Жұмысқа ниеттілік:

- жобаға кірісу;
- жауапкершілікті сезіну;
- өз жұмысын ұйымдастыра білу;
- өткенді жаңамен байланыстыруды ұйымдастыру;
- қоғам дамуына сын көзбен қарай білу;
- қиындыққа және сенімсіздікке қарсы тұру;
- өзінің жеке көзқарасын білдіре білу, т.б.

Сапа өздігінен келмейді. Оны жоспарлау керек.

Білім мекемесіндегі сапаға жету жолдарын жоспарлауды мына үлгіде құруға болады.

Жоспарлау кезеңі

Негізгі жауап беруге тиісті сұрақтар

1. Негізгі мақсат

Біздің негізгі мақсатымыз не? Міндеттеріміз ше? Көрсеткішіміз және оның мәні не болмақ?

2. Тұтынушы талаптары

Біздің тұтынушыларымыз кімдер? Олар бізден не күтеді? Олардың сұраныстарына біздер қалай жауап беруіміз керек? Мекемеден олар не талап етеді?Тұтынушының қажетін өтеу үшін біз қандай әдістерді қолданамыз?

3. Табысқа жол

Кездесетін қиыншылықтар мен кедергілерден шығуда неге сүйенеміз? Жетістікке жетуде қандай сыншыл факторлар болуы мүмкін? Жетістікке қалай жетеміз?

4. Сапаны жүзеге асыру

Қандай стандартты жүзеге асырамыз? Біз сапаны қалай жүзеге асырамыз? Сапа несімен құнды?

5. Мамандар қызметі

Мамандар қызметін қалай ұйымдастырамыз? 

Кәсіптілік пен шығармашылықты дамыту жолдары қандай?



6. Үрдісті бағалау

Табыссыздық пен кезіккен кемшіліктерді жоюда қандай нақты әрекеттер болды? Нәтижелі жұмысты біз қалай не арқылы білеміз? Нәтижені бағалауды қалай жүргізсек дұрыс болмақ?

1   2   3   4   5   6   7


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет