Психологиялық қызметті ұйымдастыру шаралары Мектептегі психологиялық қызметтің қажеттілігі



жүктеу 0.88 Mb.
бет4/7
Дата08.07.2016
өлшемі0.88 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Сапаға жетуде білім мекемесі жұмысының құндылығы – бұл көзделген мақсатқа жету мен басты міндеттерді шешуде өз қызметін құру принципі.
Ол:
- оқушыларды бірінші орынға қою;
- жоғары деңгейдегі кәсіптілікпен жұмыс істеу;
- бірлікте еңбек ету;
- тұрақты жақсартуға көмек жасау;
- барлық тұлғалар үшін бірдей еңбек ету;
- жоғары сапалы қызметпен қамту.

Білім сапасын арттыруда тұлғалар қызметін талап деңгейінде ұйымдастырудың мәні зор. Ол қызметтің бағыттары мынандай болып келеді:

Ұйымдастырушылық қызмет:
- педагогтің қызметін ұйымдастыру;
- мұғалімнің оқушы қызметін ұйымдастыруы;
- оқушы қызметіне жағдайдың жасалуы;
- мұғалім мен оқушының өзара байланыс қызметі;
- оқушының өз қызметін ұйымдастыруы.

Жобалаушылық қызмет:


- педагогикалық үрдіске қатысушылардың мүмкін болатын нәтижелерін жобалай білу;
- педагогикалық өзара әрекетті үлгілеу;
- педагогикалық технологияны жүзеге асыру үрдісінде мұғалім мен оқушының даму деңгейін болжау.

Коммуникативтік қызмет:


- педагогикалық үрдіске қатысушылардың (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар) арасындағы коммуникативтік қызмет;
- мұғалім мен оқушылар арасындағы ақпараттық алмасу;
- педагог пен тәрбиеленушілер арасындағы өзара түсіністік жағдайдың жасалуы.

Ю.К.Бабанский мұғалімнің сабақ үстіндегі шығармашылығын 4 деңгейге бөледі:


- мұғалімнің сыныппен өзара әректі, нәтижеге жетуге ұмтылуы;
- мұғалімнің сабақтағы қызметі, яғни жоспардан бастап оқытудың мазмұны, соған орай әдіс-тәсілдердің таңдалуы;
- оқушы шығармашылығын қалыптастыру, соны дамыту мүмкіндігін жасау;
- оқушылармен өзара қарым – қатынаста толық дербестік таныту, оқыту мен тәрбиелеуде нақты шығармашылықпен жұмыс жүргізу, оқушыларды өздігінен оқуға жұмылдыру.

Мұғалім шығармашылығы мынадан байқалады:


1. Алынған көрсеткіштерге талдау жасау;
2. Кезіккен проблемаларды, ситуацияларды сезіну;
3. Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін құру;
4. Өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді тұрақты түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру.

Ал, мұның барлығы мұғалімнің кәсіптілігіне байланысты болмақ. Ол біріншіден, өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу біліктілігі мен қызметінде сапалы көрсеткішке жетуі. Екіншіден, практикалық қызметте педагогтің

сапалық көрсеткішін зерттеу біліктілігі. Бұл шебер-педагогтің , шығармашыл педагогтің өз қызметіне , оның нәтижесіне талдау жасай білу біліктілігін көрсетеді. Әр педагог өз жұмысына талдау жасауда:

Неге жеттім ? Неге ұмтыламын ? Не кедергі жасайды ? сұрақтарын басшылыққа алуы тиіс.

Н.В.Кухарев бойынша педагогикалық шығармашылықты өлшеу

Критерилері төмендегіше:


• Жаңашылдығы және түпкіліктілігі;
• Ғылыми негізділігі;
• Әлеуметтік – педагогикалық ерекшелігі;
• Болашақтылығы;
• Өзара әректтің тиімділігі;
• Қанағаттанушылық;
• Нәтиженің тұрақтылығы;
• Бейімділігі;

Педагогикалық шығармашылықты өлшеу критерийлері

Критерийлердің қызметте байқалу түрлері

1.Жаңашылдық және оның түпкіліктілігі

Материалды берудің түпкіліктілігі:
* білім беру мазмұнының түпкіліктілігі;
* пәнаралық байланыстардың түпкілікті негізі;
* жаңа әдістер, үлгілер,олардың түпкілікті байланысы;
* қолданылып жүрген әдістер, тәсілдер мен үлгілер дәрежесін өзгерту;
* жаңа авторлық әдістеме;
* жаңа авторлық оқыту мен тәрбиелеу жүйесі;
* педагогикалық ізденістегі бейімделу дәрежесі

2. Ғылыми дәлелділігі

Педагогикалық – психологиялық ғылымдардың жетекші идеяларына сүйену: 

  • өзінің шығармашылық ізденістерінен негізгі ойды ескеру;

  • алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірбиелерге сүйену;

  • басқа салалардағы: медицина, акмеология, философия, социология және т.б білімдерді пайдалану.

3. Әлеуметтік – психологиялық ерекшелігі.

Педагогтың өзі үшін ізденудің ерекшелігі: 

  • әріптестер үшін ерекшелігі;

  • оқушылармен шығармашылықпен жұмыс жүргізу бағытының дәрежесі;

  • әлеуметтік тапсырыстар, ата-аналар сұраныстарының дәрежесі;

  • білім беру жүйесіндегі шығармашылық ізденіске дем берушінің әрекет дәрежесі;

  • барлық аймақтық білім беру жүйелерін дамытудағы тәжірибелер ерекшелігі.

4. Болашақтылығы, қолайлылығы.

Оқушылардың жұмысқа қабілеттілігін өсіру дәрежесі. 

  • педагогтар мен оқушылар қызметінің тиімділігі;

  • педагогикалық нәтижені аймақтық жағдайлар мен потенциалдық мүмкіндіктеріне сай тұрақты жақсартуы;

  • оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тұрақты күшейту;

  • сыртқы себебтерді азайту есебінен ішкі бағыттағы себебтерді кеңейту;

  • болашақ тенденцияларды ескергенде материалдық шығын дәрежесі.

5. Өзара әрекет тиімділігі

Педагогтың оқушыға ықпал ету дәрежесінің өзгеруі: 

  • педагогикалық нәтиженің сапалық, сандық көрсеткіштерінің динамикасы;

  • оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне педагогикалық әрекеттердің сәйкестік икемділігінің дәрежесі;

  • педагогтың өзінің оқушылардың ықпалын өзгерту дәрежесі;

  • оқушыларды жеке тұлға ретінде инновациялық, шығармашылық тұрғыда қалыптастырудағы педагогтың жеке тұлға ретіндегі ерекшелігі;

  • жаңа әдістердің туындауы.

6. Қанағаттанушылық

Педагогтің шығармашылық қызмет үрдісіне: 

  • педагогтің өз қызметінің нәтижесіне;

  • оқушылардың қызметінің әр кезеңде нәтижеге жетуі;

  • оқушылардың еңбектестік үрдісіне;

  • оқушылардың педагог қызметін атқару үрдісіне

* сезімдік – адамгершілікті жетілдірудің өзара нәтижелері;
* ақыл-ойдың өсуінің нәтижелері;
* өзіндік даму және өзіндік жетілу жолын таңдауына;
* педагог пен оқушылардың тұрақты шығармашылықты қалыптастыру бағытына.

7. Нәтиженің тұрақтылығы.

Педагогтің қызметі бойынша көрсеткіші: 

  • пәнді оқыту көрсеткіші;

  • басқа педагогтардың пән бойынша көрсеткішіне қатысы;

  • туыстас пәндер педагогтарымен байланысы;

  • білім беру жүйесіне қатысы.

8. Бейімділігі

Өзіндік шығармашылыққа ынталандыруы: 

  • педагогикалық технологияны меңгерудегі шығармашылдығының мүмкіндігі;

  • педагогтің жеке қасиетіне сай әдістер мен технологияларға бейімделу мүмкіндігі;

  • туыстас пәндер педагогтарының қызметіне, педагогикалық инновацияны пайдалану мүмкіндігі, бейімделуі,

  • білім беру жүйесіндегі педагогтің қызметіне бейімділігі;

  • әр түрлі жағдайға бейімділігі.

Педагогтің өз еңбегіне, сапалы көрсеткішіне зерттеу және талдау жасау біліктілігіне қарай шығармашылық мынандай деңгейлерге бөлінеді:

1. Ақпараттық – өндірушілік: педагог басқаның тәжірибесін ескере отырып , нәтижеге жету жолындағы педагогикалық міндеттерді шешеді, нақты стуацияларды шешудің тиімділігін талдауды біледі. Бұл педагогикалық шығармашылықтың төменгі деңгейі болып табылады.

2. Бейімділік- болжаушылық: педагог өзіне белгілі ақпараттан оқушылардың потенциялық мүмкіндіктері мен өзіндік жеке қасиеттерін ескере отырып, өзара әрекет әдістерін, құралдарын, тәсілдерін іріктеп, өзгертіп пайдалана біледі.Бұл деңгейде пәнаралық байланыс, саралап оқыту, білім, білік дағдыларын меңгертужұмыстары жүреді. Бірақ әліде болса оқушының жеке басын дамытуды оптималды болжау жағдайы жетіспейді.

Бұл педагогикалық шығармашылықтың І деңгейі.

3. Ұтымдылық: педагогтің құрастырушылық – болжаушылық қабілеті байқалады, яғни жаңашылдық, педагогикалық үрдісті мақсатты,ұйымдастыру, педагогикалық міндеттерді шешудің қалыптан тыс түрлерін қолдану, т.б. Бұл І І деңгейі.

4. Зерттеушілік: педагог өзінің ізденісінің тұжырымдамалық негізін анықтай біледі, оларды еркін қисындырады. Оның нәтижесінзерттеу негізінде өзінің жүйесін дайындайды. Бұл деңгейде педагог шығармашылықтың жоғары категориясына жақын. Бұл педагог өзінің тәжірибесін жинақтай біледі. Егер оны әріптестері мойындаса, оның идеясы басқа мұғалімдердің жұмысында тиімді нәтиже беруі мүмкін.

Бұл педагогикалық шығармашылықтың « жоғары » деңгейі.

5. Креативтік. (шығармашылықты елестете білу) – болжаушылық: педагог жоғары міндеттерді ұсыну және оларды шешудің әдістерін негіздеу қабілеттерін көрсетеді. Мұндай қызмет нәтижесінде өмірлік шығармашыл инновациялық тұлға қалыптасады. Бұл деңгейде педагог қызметінде өзара әрекет жасау әдісі орын алады. Принцип бойынша бұл әдістерді оның оқушылары да меңгереді. Олар тұрақты жағдайда өз мүмкіндіктері бойынша өзіне – өзі іштей жарысқа түсу үрдісінде нәтижеге жетуге тырысады.

Алғашқы екі деңгейде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім өзін іздейді, яғни ол өзіне : Мен не істей аламын?, Қолымнан не келеді? Деген сұрақтарын қойса ІІІ-деңгейде, Қалай жақсы істеуге боладжы?, Қандай әдіс – тәсілдер , құралдар жоғары нәтиже береді? деген сұрақтарды басшылыққа алса, ал ІV, V деңгейде өз іс әрекетіне шығармашыл-педагог:Мен кімді қалыптастырамын?Менің қызметімнің нәтижесі не? Сұрақтарын басшылыққа алады.

Мұғалім сабағына қатысу және талдау жасау, бағыт – бағдар беру мектеп басшыларының қызметінің негізгі және маңызды кезеңі болуы тиіс. Ол үшін бұл жұмысқа уақытты аямау керек , өйткені сол арқылы мұғалім еңбегінің сапасы және нәтижесі анықталады.

В.А. Сухомлинский « Разговор с молодым директором школы » атты еңбегінде : « Сабаққа жиі қатысып, талдау жасайтын мектеп директоры мектепте не болып жатқанын хабардар болады, ал жиналыстар өткізіп, басқа ұйымдастыру жұмыстарымен жүріп, оқушының , мұғалімнің еңбегімен тікелей таныспаған басшының қызметінің мәні болмайды » деген

Оқыту сапасының негізгі критерийлері оқыту үрдісінің нәтижесі мен оқушылардың білім, білік дағдысының сапасы болып табылады. Ал, бұның барлығы мұғалім кәсіптілігіне тікелей байланысты екендігін шексіз қайталап айта беруге болады. Өйткені сапалы, білімді, шығармашыл оқушы ( кіші ғылым академиясы жанында ұйымдастырылатын ғылыми жұмыстар жоба жарыстары жүлдегерлері мен пәндік олимпиада, «Дарын» бағдарламасы бойынша өткізілетін байқау, жарыстарының жеңімпаздары және т.б. ) шығармашылықпен жұмыс жүргізетін мұғалім еңбегінің жемісі.

Мұғалім – өте нәзік инструмент, ол барлық адами қызметтерді өзінде жинақтауға ұмтылады. Ол философ, дирижер, ұйымдастырушы, оқымысты, психолог, артист. Сондықтан оның бойындағы байқалатын қызметтерге сыйластықпен қарай отырып, оны жетілдіруге көмек көрсету және бұл инструменттің ерекшеліктері мен дауысына үн қосу негізгі міндеттердің бірі.

Мұғалімнің эмоциялық жағдайы, оның дайындық дәрежесі және көбеюі баламен жұмыс жүргізудегі басты одақтас болатындығын әкімшілік білуі тиіс және мұғалімді соған бағыттауға тілектес бола білуі керек. Сондай-ақ олардың тұлғалық қасиеттерін аша отырып, оқушыларға сапалы білім беру және шығармашылдығын қалыптастыруда жан – жан жақты көмек ұйымдастыру сапалы еңбекке қол жеткізудің бірден-бір жолы болмақ.

Дайындаған: Ошақбаева Гүлзайра Құлтасқызы, оқу ісінің меңгерушісі

Шығармашыл жұмыс істейтін мұғалім



1. Өз пәні бойынша білімі

Өз пәні бойынша терең , жан-жақты білімді. Білімін жоспарлы жоғарылата алатын, мамандығы бойынша методикасын, әр түрлі саладағы ғылыми – көпшілік әдебиеттерді еркін меңгереді.

2. Өз пәніне қатынасы

Өз пәнін біледі, қызықтырып өтеді.

3. Жұмыстағы жаңашылдыққа көзқарасы.

Жаңа көзқарасты идеяларды, педагогикалық міндеттерді жаңаша шешуді талап ететін активтілігімен ерекшеленеді.

4. Оқу жұмысын жоспарлауды білу.

Оқушылардың, сыныптың ерекшелігін ескере, сабақ жүйесініңформасы мен тәсілдерін түрлендіре отырып, шығармашылықпен жоспарлау.

5. Оқытудың психологиялық, педагогикалық білім негізі.

Қәзіргі заманғы оқытудың психологиялық – педагогикалық концепциясын еркін меңгереді және оны педагогикалық қызметінде негіз ретінде пайдаланады.

6. Педагогикалық тәсіл

Оқушылармен қарым – қатынас жасау, оларға талап қоя білу, мөлшерін сақтай біледі.

7. Оқыту процесінде оқушымен жеке қарым – қатынас.

Оқушы ерекшелігін жүйелі зерттеу, оқыту талаптарында жеке қарым – қатынасты қамтамасыз ету, яғни тапсырманың күрделілігі мен көлемін деңгейлеу, нашар үлгеретін оқушыларға үнемі тиянақты көмек көрсету, үй тапсырмасының орындалуын үнемі бақылау, оқу деңгейлерініңдайындықтары күшті, орта, нашар оқушыларды бір мезгілде көз алдында ұстай білу.

8. Оқу еңбегі дағдысындағы оқушыларды дамыту жұмысы

Оқу еңбегін оқушыларда дағдыға айналдару, білім –білік дағдысын мақсатты, тиянақты түрде бірдей қатынаста ұйымдастыру, білім алуда өзін – өзі бақылау, оқу еңбегін дұрыс қатынаста жоспарлау, оқытудың, жазудың, есептердің міндетті жеке қарым – қатынас тудыру.

9. Ойлау қабілетін дамыту жұмысы

Оқыту формасы мазмұны мен әдісінің активті дамуы оқушылардың оқыған материалдарындағы керектісін бөліп ала білуіне үйретеді және жеке қарым – қатынас жасауға жағдай туғызады.

10. Оқушылардың пәнге қызығушылығын дамыту

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда негізгі жұмыс тәсілдерін пайдаланады, мазмұнның жаңашылдығын пайдалану; оқытудың әр түрлі тәсілдері, сыныптан тыс жұмыстар , қызығушылықтарын қалыптастыруға, жеке қарым –қатынас жасауға жағдай туғызады.

11. Оқушылардың білім – білік дағдысын, білім сапасын бағалай білу.

Бағалауды практикада қолдана білу, тек қана білімін бағалау емес оның практикалық – эксперименталдық білім – білік дағдысын бағалауға дұрыс жағдай туғызады. 

Күнделікті баға қорының жеткілікті саны оқушылардың тоқсандық қортынды баға бөліп ала білуіне үйретеді және жеке қарым – қатынас жасауға жағдай туғызады.



Өз елінің сауатты, сапалы азаматы
Жан – жақты дамыған Барлық жағдайларға тез арада шешім қабылдай алатын

Креативті мұғалім
Техниканы білу Интернет, компьютер қолдана алатын
Мейірімді, қамқоршы. Ақылшы болуға әрқашан дайын
Болашақ елімізді шет елдермен байланыстыра білу үшін тілдерді білу, меңгеру.

Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Жоғары оқу орнында білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалык практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психалогиялық-педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген.
Кейінгі уақытта бұрын қалыптасқан ережеден ауытқып, педагогикалық практика тек бітіруіні курстарда ғана өткізіліп келді. Қазіргі студенттер Қазақстан Республикасының Білім жэне ғылым министрлігінің 2001 жылы дайындалған мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бойынша білім алып жатса, бұл стандартта педагогикалық практика 1-курстан басталады, Бір ерекшелігі, 2004 жылы дайындалған мемлекеттік стандартта да барлық практиканың түрлері сақталып, ол 1-курста басталып соңғы курста аяқталады.
Бұдан сал бұрын бітірген студентгерде бұл мүмкіндік болған жоқ. Мектепке тек 3-курста ғана келген студент-практиканттар бірден балалармен араласып кете алмайды, бейімделу уақыты үздікке созылды. Педагогикалық практика алдында 3-курс студенттерінен алынғак бақылау сұрақтарына алынған жауаптардан, жүргізілген әңгімелерден, мектепке баруға деген қорқынышты, сенімсіздікті, өздерінің үлкен сынға үшырауы мүмкін деген ойдың мазалауын байқадық. Студенттердің барлығы дерлік балалар өздерін қалай қабылдайды, мектеп ұжымы — «практикант» балалар арасында тығыз байланыс бола ма?! Міне, студентгердің практика алдындағы ойлары осыны қамтиды. Біздің ойымызша, бұл олардың мектеппен, оқушылармен байланысының болмағандығының нәтижесі. Егер студенттер 1-курстан бастап практикада болса, жоғары курста мұндай келеңсіз құбылыстар кездеспеген болар еді, Бұған дәлел ретіндс 1-курс студенттерінің педагогикалық практикадан кейінгі нәтижелерді талдауын келтіруге болады. Олардың күнделікке түсірген ойларынан, сонымен қатар "Мектеп - бірінші курс студентінің көзқарасымен" шығармасынан көп жағдайдың мәнін білуге болады. Студенттер күндсліктеріндегі жазбаларында көргенін сипаттап, оған талдау жасамаған, ал шығармада олар өздерінің алғашқы әсерлерін ерекше көрсетіп, практиканың маныздылығын жан-жақты, өр кырынан сипаттаған.
Студенттердің барлығы да бұл практиканың дер кезінде ендірілгенін, оның қажет екенін жазады. Олардан үзінді келтірер болсақ: "... Мен мектепке оны кеше бітірген оқушы ретінде емес, мұғалім ретінде қарап және ол жерді өзімнің болашақ жұмыс орным ретінде қабылдай бастадым" десе, келссі бір студент: "Мектеп — бұл керемет мекеме, онсыз өмір қызық болмас еді. Мен мұны практикаға барған кезден жақсы түсіндім" деп жазады.
Көптеген студенттер практика кезінде өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік алды, өз таңдауларының дұрыстығына көздері жетті, сабақ құрылымы туралы алғашқы түсініктері қалыптасты. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне үйренді. Осы қарым-қатынастар балалардың көңіл-күйіне қалай әсер ететінін, өз еңбектерінің нәтижелігін зерделеуге талпындырды. Бұл айтылғандардың барлығын студенттік аудиторияда сезіну мүмкін емсс екені айтпаса да белгілі.
Жоғарыдағы студенттер 2-курста ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі бойынша практикадан өтті. Бұл практиканың мақсаты — болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалык бағыттауды одан әрі жетілдіру, сонымен қатар оқу-тәрбие міндеттерін шешуді талдау ыңғай тұрғысынан дамыту, гылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және әдістерімен таныстыру. Демек, үздіксіз практиканы ендіру нәтижесінде студенттерді бірінші курстан бастап педагогикалық қызметке жүйелі түрде және оларды үшінші курста өтетін практикаға біртіндеп дайындаута мүмкіндік береді.
Үздіксіз педагогикалық практика жүйесі келесі кезеңдерден тұрады:
1) психологиялық-педагогикалык диагностика және тәрбие жұмысының әдістемесі бойынша практика (1-курс);
2)  ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі бойынша практика (2-курс);
3)  бастауыш мектептегі алғаш сабақ беру практикасы (3-курс);
4)  оқу-тәрбие практикасы (4-курс).
Әр курстың студенттері үшін орындауға міндетті тапсырмалардың жүйесі анықталған. Біздің ойымызша, бұл тапсырмалар жүйесі жыл сайын психологиялық-педагогикалық циклдар пәндерінің мазмұнына қарай ықтиятталуы тиіс, яғни міндеттер жәнс студентгер іс-әрекеттерінің мазмұны біртіндеп күрделенуі қажет. Олар ең алдымен болашақ мұғалімдердің мүмкіндігінше кәсіби бағытының деңгейін кетеруді қалыптастырады (педагогикалық мамандыққа кызығушылығын, балаларға деген сүйіспеншілігін, жұмысқа жауапкершілік және шығармашылық қарым-қатынасты).
Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесінде педагогикалык, практика өте маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты бір бөлігі болып табылады да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді.
Педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер шешімін табады:
-  студенттсрді мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу;
-  нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану үрдісін терендету, бекіту;
-  болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту: педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға бейімдеу.
Педагогикалық практиканың тиімділігінің негізгі шарттары - оның кәсіби бағыты, теориялық негізділігі, оқыту және тәрбиелеу сипаты, педагогикалық практиканың мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыдан қарау, жүйелілік, оны өткізудегі қажеттілік.
Педагогикалық практика кезінде студент келесі кәсіби-педагогикалық іскерлік негіздерін меңгеруі тиіс:
-  оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;
-  оқушылардың дамуы мен тәрбиесін диагностикалау және жобалау мақсатында оқушы тұлғасы мен ұжымды зерттеу;
- педагогикалық қызметтің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарды жоспарлауын жүзеге асыру (пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар, әртүрлі іс-әрекеттерде т.б.);
-  оқушылардын оқу-танымдық қызметінде басқарудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдалана алу және білім-тәрбие міндеттерін шешу;
-  балалар ұжымын алға қойған міндеттерді орындауын ұйымдастыру (өз іс-әрекеті мен оқушылар іс-әрекетінің жүйелілігін анықтау, белсенділерді анықтау, ұжым мен белсенділердің қарым-қатынасын үйлестіру, бакылауды жүзеге асыру, жұмыстың қорытындыларын шығарып, оны талдау);
-  мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, тәрбиешілермен, ата-аналармен және тәрбис ісіне қатысы бар барлық адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу;
-  оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау;
-  ата-аналар арасында педагогикалық насихат жұмыстарын жүргізу.

: download -> version
version -> Коучинг сессиясының орта мерзімді жоспар Тақырыбы
version -> Сабақ тақырыбы Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс Жалпы мақсаты
version -> Тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Секция: қазақ әдебиеті
version -> Жалпы орта білім деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Қазақстан тарихы сұрақ кітапшасы
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Тип урока: изучение нового материала, урок-соревнование. Педагогические технологии
version -> БАҒдарламасы 10-11 сыныптар жаратылыстану-математикалық бағыт
version -> [Қарақытай] 1217-1218 ж. Хорезм шахы Мұхамет Текеш теңге соқтырған қала: [Отырар]


1   2   3   4   5   6   7


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет