Р. Нұрғали және қазақ драматургиясы



жүктеу 114.91 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі114.91 Kb.
Р.Нұрғали және қазақ драматургиясы

Мақалада ғалым Р.Нұрғалидың қазақ драматургиясын жан-жақты зерттеп, қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі қарастырылады. Ғалымның қазақ драмматургиясының табиғатын, жанрлық жүйесін зерттеумен қатар драма жанрының ерекшеліктерін, поэтикасын айқындап, кезеңдердегі әдеби даму заңдылықтарын ашқаны баяндалады.
Ұлттық, шығармалар, драма, әдебиеттану,қойылым, зерттелу,тарихи-мәдени
XX ғасырдың басында дамыған қазақ әдебиеті толысып, озық ұлттық әдебиеттердің жанрлық салаларына жол тартып. әлемдік әдебиетке тән құбылыс - «Кайта өрлеу дәуірін» басынан өткізді. Елді елең еткізер жаңалықтар бірінен соң бірі халыктың рухани азығына айнала бастады. Солардың қатарында роман жанрымен бірге сөз өнерінің іргелі саласы болып табылатын қазақ драматургиясының туып, қалыптасуы осының куәсі еді. Алғаш қазақ жастары арасында әдеби-сауық кеші болып бастау алған бастама соңынан ұлттық деңгейдегі драмалық шығармалардың жазылуына ұласты. Осы саланы дамытуға Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Әуезов,

Қ. Кемеңгеров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров, Ж. Шаниндер бастаған ұлт зиялылары үлкен үлес қосты. 1915жылы Көлбай Төгісовтің «Надандық құрбаны» драмасы жеке кітап болып басылып шықты. 1916-1917 жылдары Ж. Аймауытовтың тұңғыш үш пьесасы «Рабиға», «Мансапқорлар», «Қанафия-Шәрбану»жазылды. 1917жылы жайлаудағы Әйгерімнің қонысында «Еңлік- Кебектің» тұңғыш қойылымы көрсетілді. Міне, осылай басталған қазақ драматургиясының кадамы қарыштай дамып, бүгінде әлемдік деңгейдегі үздік шығармаларды тудырып, биік тұғырдан көрінуде. Жоғарыда айтқанымыздай қазақ әдебиеттану ғылымында поэзия, эпикалык проза, оның ішінде ерекше роман түбегейлі зерттелді. Ал драматургия жайында

Ә. Тәжібаевтың «Қазақ драматургиясынын очеркі», Р. Рүстембекованың «Қазақ совет комедиясы», М. Дүйсеновтың «Қазақ драматургиясының жанр, стиль мәселесі», Е. Жақыповтың «Дастаннан драмаға», Н. Ғабдуллиннің

«Ғ. Мүсірепов-драматург» сияқты еңбектері дүниеге келді. Ғ.Тоғжанов,

I. Жансүгіров. Н. Львов, Қ. Қуандықов, Б. Қүндақбаев О. Қайдалова,

У. Садықова, А. Тоқпанов Л. Богатенкова, Ө. Сығаев, Ң. Уәлиев сияқты театр сыншыларының еңбектерінде айтылған. Құнды пікірлерден бастау алған сыншылык үрдіс қазіргі сыншылар еңбектерінде өз жалғасын табуда. Әлем драматургиясы мыңдаған жылдарды артқа тастап, сан ғасырлар бойында қалыптасу жолынан өтті. Ал қазақ драматургиясының тарихы бір ғасырға да толмайды. Кешегі Қазан төңкерісінен кейінгі қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени дамуы халқымыздың мыңдаған жылдық дәстүрлі фольклоры мен бай әдебиетінен, жаһан мәдениетінің орыс мәдениеті арқылы жеткен озық дәстүрлерінен бастау алып, қазақтың жаңа сапалы өнері — драматургия мен театрды дүниеге әкелді. Осының арқасында тұтас, жүйелі, жан-жақты әдеби-мәдени процесс бастау алды. XX ғасырда қазақ драматургиясы жалпы драмаға тән қасиеттер мен сапаларға жанрлық құрылымдар мен пішіндерге ие бола отырып қазақ әдебиетімен, мәдениетімен бірге, өсіп, жетіліп отырды. Әдебиеттің айрықша бір түрі - драматургияның негізгі нысаны театр, сондықтан театрға арналып жазылады. Драматургия - танымдық, тәрбиелік мәні зор, идеялық-эстетикалық әсері күшті өнер. Мұнда тағдырлар тоғысуы мен характерлер қақтығысын, сезімдер шайқасын көрсете отырып ерекше көркемдік құрал - диалогтар мен монологтар аркылы болмыстың сан алуан шындықтарын ашады, өмір құбылыстарына баға береді, билік айтады. Жанр мәселесі өнертану мен әдебиеттануда өзекті болғандықтан, ерекше көңіл бөлініп, көптеген зерттеулер мен еңбектер дүниеге келді. Әлемдегі барлық халықтардың мәдениеті мен әдебиетінде де жанр мен оның түрлері мәні бар құбылыстардың қатарына жатқызылып, кең орын алады. Типологиялық тұрғыдан жанр табиғаты ұқсас, сарындас. Олар бір жерде ішкі жағдайлардың әсерінен дүниеге келсе, екінші ортада тарихи-мәдени алыс-беріс кезінде тууы да мүмкін. Бұл мәселенің бетін ашу максатында эстетикада әртүрлі мектептер, бағыттар болғанын білеміз. Мысалы, Аристотель «Поэзия өнері туралы» шығармасында драмалық жанрларға анықтама берсе, Буало «Поэтикалық өнер», Дидро «Драмалық поэзия туралы» еңбегі, Гегель «Шығармалар жинағы», Белинскийдің көптеген сыни еңбектерінде жанр мәселесі қозғалған. Буржуазиялық оқымыстылардың бір тобы жанрларға психологиялық, екінші тобы грамматикалық категориялар арқылы түсінік жасамақ болады. Ал кеңес ғылымы бұларға қарама-қарсы, объективті критерий ұсынады - жанрды қоғамдық, мәдени- әдеби жалпы дамумен сабақтас қарап, нақты әлеуметтік-тарихи, эстетикалық-көркемдік аспектіде анықтама береді. Жанр тудыратын элементтер деп сюжет түзілісі, композиция, поэтика, бір сөзбен айтқанда, шығарма идеясы мен мазмұнын ашатын көркемдік қүралдарды айтуға болады. Бұған драмалық эмоциялық әсер беретін формаларды да қосқан дұрыс: трагедия, комедия, драма. Даму үдерісінде жанрлар бір-біріне өзара ықпал етеді, бірін-бірі байытады. Кейбіреуі жаңғырып өссе, енді бірі өшеді, өледі. «Жанр әрқашан өзі, әрі өзі емес, әрқашан көне, әрі жаңа, жанр әдебиет дамуының әрбір жаңа кезеңінде, әрбір жаңа шығарма тұсында қайта туындап жасарады... Жанр бүгінгі күннің тынысымен өмір сүреді, бірақ әрқашан өз өткенін ерекше қасиет ретінле өз бойында сақтайды. Жанр - әдеби даму үдерісіндегі шығармашылық тұжырым түрінде қалады», - деп жазды М. Бахтин [1]. XX ғасырдың 60 жылдары жалындаған жас ғалым Р. Нұрғали өзінің жаңашыл ғылыми зерттеушілік бағытымен әдебиеттану ғылымына келіп қосылады. Ғалым қазақ драматургиясындағы трагедия, комедия, драма жанрларының ұлттык

ерекшеліктерін, дүниежүзілік әдеби дамуға қосылатын белгілерін көп жылдар бойы аса бір ұкыптылықпен тексерді. Оның айғағы ретінде «Трагедия табиғаты» [2], «Талант тағдыры» [3], «Күретамыр» [4], «Өнер алды - қызыл тіл» [5], «Өнердің эстетикалық нысанасы» [6], «Драма поэтикасы» атты монографияларын айта аламыз[7].

Әдебиет әлемі жөнінде өрелі ой, орнықты пікір айтып, қазақ әдебиетінің ғылым мен сынында өзіндік сара жол салған Р. Нұрғалидың «Айдын. Қазақ драматургиясының жанр жүйесі» атты монографиясы қазақ драматургиясының табиғатын, жанрлық жүйесін жан-жақты саралап зерттеген бірегей еңбек деп айтуымызга болады [8]. Р. Нұрғали қазак драма жанрларының - өзіндік ерекшеліктерін, поэтикасын айқындаудың, олардың әдеби дамудағы орны мен маңызын ашудың өрістеу үрдісін тиянақтаудың, жанрлық құрылымдардың өзгерістерін, сонымен қатар олардың өзара байланысы мен баюын көрсетудің уақыты келгенін айта келіп, өз зерттеуінің негізгі нысанасы етіп алуға бел байлайды. Ғалым бұл зерттеуінің XX ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымындағы әдеби көркем процесс диалектикасына енуге. ұлттық және интернационалдық дәстүрлердің ара қатынасын көрсетуге, белгілі кезендердегі әдеби даму заңдылықтарын ашуға мүмкіндік туғызатынына, сондай-ақ қазақ драматургиясының дамуындағы қалыптасқан дәстүрлер мен тұрақты байланыстарды анықтауға, олқылықтар мен кемшіліктерді көрсетуге, болашағын барлап болжауға жағдай жасайтынына кәміл сенеді. Әдебиет жанрлары жөнінде тұжырым жасаған академик Д.С. Лихачев «Жанрлар түрлі өзгермелі факторлардың әсерімен қалыптасып, сан алуан қасиеттерге ие болғандықтан, әдебиет тарихы алдында ерекше міндеттер туады: жанрларды ғана емес, жанрлық саралауды тудыратын принциптерді зерттеу керек, жеке жанрларды, олардың тарихын ғана емес, әр дәуірдегі жанрлар жүйесін зерттеу керек» - дейді [9].

Ғалым академиктің осы талаптарын ескере отырып нақты шығармаларды талдап, жанрлардың оның ішінде барлық жүйелердің, даму үдерісіне зейін қояды. Р. Нұрғали драматургия жанрларын жай қағида, қатаң тұжырым етіп қана алмай, олардың қоғамдық мәдени дамуы мен сабақтастығына мән беріп, көркемдік- эстетикалық тұрғыдан баға береді. Өзі көтеріп отырған күрделі теориялық мәселенің негізгі түйінін ашуға тырысады. Р. Нұрғалидың бұл еңбегі ұзақ уақыттар бойы сарқыла зерттеу нәтижесінде дүниеге келді. Осы салада жүргізген ізденістері мен көптеген құнды ғылыми топшылаулар өз жемісін берді. Монографияда қазақ пьесалары жанрлық тұрғыдан жіктеліп, белгілі бір ретпен қарастырылады. Қазақ қаламгерлерінің алпыстан аса пьесалары ғылыми тұрғыдан зерттеліп, олардың идеялык-көркемдік қасиеттері, жанрлык-стильдік сипаттары ашылып талданады. Ғалым драмалық шығармаларды бұрынғы зерттеуші ғалымдар сияқты трагедия, комедия, драмаға бөліп, әр жанрдағы шығармаларды ішкі сипаттарына карай бірнеше бөліктерге бөледі. Монография «Трагедиялык тартыс және трагеднялык характер» деген такырыппен ашылады. Ғалым қазақ әдебиет

тануында алғаш рет драманың негізгі түрлерінің бірі трагедияға жан-жакты жанрлық тұрғыдан сипаттама береді: «Драматургия жанрларының ішінде өмірге айрыкша жақын түрі — трагедия, өйткені бұл формада тіршіліктің сан алуан қайшылықтары, ғаламат тартыстар, құштарлықтар мен сезімдер шайқасы, ойлар мен идеялар қақтығысы ерекше зор пафоспен, әрі реалистік тереңдікпен бейнеленеді. Классикалық әдебиеттегі трагедияларда дара тұлғаның әлеуметтік- қоғамдық қайшылықтармен кереғар қайшы келуі, бітіспес күреске түсуі көрсетілген. Трагедия қаһармандары сұм заманның қатігез әдеттерімен шайқаста опат болады; олардың алдарына тас қамалдай неше түрлі кедергілер, асу бермес тосқауылдар тұрады; трагедия асқақ рухты қайсар жанның алапат күресін суреттейді. Трагедия қаһарманы теңіздей сұрапыл тебіреніс құшағында; ол өз ішіне терең бойлайды; қамырықты, қайғылы азапты хал кешеді; кедергі, қарсылықтармен қаймықпай күреседі» [8, 12- б.].

Трагедия категориясына қатысты көптеген ғылыми зерттеулер жазылып, көптеген зерделі пікірлер айтылды. А.В. Луначарский дүниежүзілік драматургия тарихына сүйене отырып, трагедияны символдық және реалистік деп екі салаға бөліп қарайды. Бірінші қатарга Гетенің «Фаустын» қосса, екінші қатарға Шекспирдің «Гамлетін» жатқызады. Трагедияны оқыған немесе сахнадан көрген адам орасан зор тебіреніске түсіп, сан алуан сезім толқынына бөленеді, қапалы ой құшағына енеді. Бұл идеялық-эстетикалық әсер ету ерекшелігін Аристотель - жан ашу, қорқыныш һәм қуаныш сәттерінің шарпысуынан туған ерекше күй деп атайды.

Fалым трагедияның тағы бір маңызды сипатына кейіпкердің үлкен қателік жіберіп, зор адасуларга ұшырайтынын жатқызады. «Бұл әлеуметтік жағдайлар мен қоғамдық қарым- қатынастар тудыратын, кейіпкердің өз еркінен тыс, оның идеал-мұраттарын күйретіп, мақсатына жеткізбей мерт қылатын зауал іспетті, тағдыр мен жазмыш бұйрығы тағылеттес ерекше жағ- даяттардан шығады».

Сонымен ғалым трагедияға жан-жақты жанрлык тұрғыда сипаттама жасай отырып: «Сөйтіп, трагедия - драматургияның қаһарлы тартыстар мен адасулар шайқасы қат-қабат өмірлік обьективті қайшылықтарын терең образдар аркылы ашып, зор айқастар, үлкен күрестерді бастан өткеріп, шындыққа жету жолында опат болатын күрделі тұлғаның қайғы- шері, мұң-ызасы эмоциялық-эстетикалық ғаламат әсермен оқырманға (көрерменге берілетін. болмыстың қаны сорғалаган сұрапыл шындықтарын айқара ашып, қопара бейнелейтін іргелі жанры. Әрине, қалыпты өмірдің өзіндік тілек. талап, шарттары мен тарихи, трагедиялык тұлғаның мақсаты арасындагы күрес, конфликт, тартыс атаулының әр қоғамда, әр дәуірде, әр әлеуметтік, ұлттық ортада сан алуан форма, көрінісін тудыруы - объективті заңдылық. Трагедиялык тартыстар мен адасулар табиғатын, эстетикалық-эмоциялық әсер ерекшелігін сюжеттік материал, көркемдік-композициялык құралдар жүйесін, тақырыптық идеялық нысананы ескере отырып, қазақ трагедиясын мынадай салаларга бөлуге болады: а) эпикалық трагедия; э) тарихи трагедия; б) адамгершілік- тұрмыстық трагедия», — деп бірнеше бөлікке бөледі [8, 14 6]. Бұл жүйелеуден ғалымнын драмалық шығармаларды жан-жақты терең зерттеп, жанрдың ішкі жақтарына көп үңілгеніне көзіңіз жетеді. Бұл зерделеу монографияның жаңалығы деп айтуымызга да болады.

Ғалым қазақ әдебиетіндегі классикалык үлгіде жазылып, жанр шарттарына толық жауап беретін ұлттық құндылыгымыз - «Еңлік-Кебек» трагедиясын алғаш рет жоғары бағалап, әдеби- эстетикалық талдау жасады. Бүл шығарма- ның эпикалық трагедияның барлық талабына сәйкес келетінін дәлелдеді. Алдымен ғалым М. Әуезовтің шығармашылық зертханасына тоқталып, жазушының Шекспир шығармашылығынан аударған туындыларына тоқталады.

Р. Нұрғали монографияда ғалымдар арасында бірінші болып зерттеудің жаңа ұстанымын қолданды. Бұл дүниежүзілік әдебиеттанудағы қолданылып жүрген жаңа типологиялық әдіс еді. Fалым зерттеуге нысаны етіп отырған шығармаларын өздеріне тән сипаттары мен ерекшіліктерін, үқсастықтарын бір-бірімен салыстырады. Ұлттық әдебиеттің өзіне тән ерекшіліктерін ескеріп отырады. Мұны да бүл еңбектің құндылығына жатқызуға болады.

«Еңлік-Кебектің» осы уақытқа дейінгі белгілі бірнеше нұсқаларын бір-бірімен салыстырып, сабақтастырып, оның қойылу тарихын, сахнадағы қойылымдарын тізе отырып, ғалым әрбір кейіпкерге, оның тіліне, мінезіне, іс қимылына, көркем шығармадағы тартыс, мінезінің өзгеруі мен әдеби кейіп- кердің өмірде болған, болмағанына, шығарма шындығы мен оның жасалуына, сомдалуына жіті көңіл бөледі. Көркем мәтінді жақсы білетін ғалым шығармаға әдеби-эстетикалық талдау жасайды. Эпикалық трагедияның жанрлық сипатына сараптама жасай отырып, оны әлемдік драматургияның жетістіктерімен салыстырып отырады. Зерттеуге әлемдік салыстырмалы-тарихи-типологиялық әдістің барлық мүмкіншіліктерін пайдаланады. Бұдан Р. Нұрғалидың зерделі білімін, жан- жақтылығын байқай аламыз.

Ғалым «Еңлік — Кебек» аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде жеткен төрт нұсқасын салыстырып, мынадай байламдар жасайды. «Ұсақ ауытқуларды айтпағанда, барлық нұсқадағы оқиға, оның баяндау реті, аяқталуы, аты аталатын адамдар, негізінен бірдей. Адам бейнелерін кескіндеу де ұқсас. Кебек батыр. Еңлік - асқан махаббат иесі, Кеңгірбай опасыз болып көрінеді. Шыңғыстау, Орда, Хан, Доңғалаң, Ащысу барлық нүсқада айтылады. Нысан Абыздың бал ашқан сөзі, Еңлік портреті, бүркіт салу суреті сөзбе-сөз дәл келіп отырады. Бірталай тіркестер, жеке детальдар, жаулар үстерінен түскендегі қашу сәті, Кебек мойнына арқан тасталуы, Еңліктің үш тілегі, жөргекте зар қағып қалған бала өзгеріссіз қайталанады. Барлық нұсқа Еңлік пен Кебектің өлімімен тынады. Кеңгірбайдың екі жүзділігі, тобықты, найман рулары арасындағы кикілжіңнің бас себебі тағдырдың бұйрығында, жазмыш күшінде деген идея барлық нұсқада бар» Мұхтар Әуезов жазған пьесаның сюжеті халық аңызының оның ішінде әңгіме, поэма түріндегі нұсқаларынан бастау алады [8, 15- б.]. Тобықты - найман арасындағы оқиға тұнып тұрған драма материалы екенін ұққан жазушы көрегендігін айта келіп: «Ру арасындағы жаңа шайқасқа Кебек-Еңлік ісі сылтау. Дабырайып, өсіп, шегіне жете сыздаған алтыбақан алауыздық бұлтының түйісуіне кездейсоқ бір оқиға, титтей себептің өзі жарап жатыр еді. Пьеса көркемдігімен бірге ғалым пьесада орын алған олқылықтарын да көрсетеді. Пьесаның алғашқы екі нұсқасындағы басты олқылык дүниетаным саяздығына тіреледі. Автор екі жас трагедиясының ең негізгі себебін алауыздықта, билердің қатігездігінде деген ойға мегзейді.

Ғалым әртүрлі елдер әдебиетінде кездесетін бір туындыға қайта-қайта оралып, әлденеше рет өңдеу дәстүрінің де М. Әуезов шығармашылығына тән екенін айта отырып, жазушы өзінің тырнақалды шығармасы «Еңлік-Кебекке» қаламы шыңдалып, үлкен жазушылық мәдениетке ие болған кезеңде 1943 жылы бір, 1956 жылы екінші рет оралып, пьесаға мол өзгерістер енгізіп, қайтадан өңдеп шыққанына тоқталады. Пьесаның алғашқы нұсқасындағы сюжеттік желінің қалдырылып, тек трагедияның негізгі идеясын ашуға, конфликтінің өрбіп, асқынуына еш қатысы жоқ эпизодты алып тастағанын айта отырып, «трагедиялық қақтығыстың жойқын көрініс беруі үшін ұсак бұрылыстарды, жай кикілжіңдерді қысқартып тастау қажет болды» - дейді. [8,24-6.] Сонымен қатар драматургтың аса үлкен шығармашылық табыстарын да көзден таса қылмайды. 1943 жылы жазылған нұсқа мен 1956 жылғы жазылған нұсқаның басты айырмашылықтарын айта келіп, қазіргі театрда қойылып жүрген нұсқаға тоқтальш, алғашқы нұсқа мен осы нұсқаның арасындағы түбірлі мазмұндық, идеялық айырмашылықтарды, көп- теген стильдік өзгешеліктерді салыстыру арқылы көрсетеді. «Сөйтіп, Мұхтар Әуезовтің әуел баста халықтың аңыз негізінде туған «Еңлік-Кебек» трагедиясы талант құдіретімен әлденеше рет редакцияланып, жаңғыртылып, байытылуы арқасында образдарды кесек-кесек, тартысты шыңыраудай терең, тілі ғажап шұрайлы классикалық туындыға айналды» - деп жоғары баға береді [8,356.].
В статье рассматривается многосторонние исследования казахской драматургии и вклад в казахское литературоведение ученого Р.Нургали. Рассказывается, что ученый вместе с исследованиями природы казахской драмматургии и системы жанра, открыл законы периодов литературного развития, особенности и поэтику жанра драма.
The article discusses multilateral research of Kazakh dramaturgy and contribution to Kazakh literary criticism by scientist R. Nurgaly. Described that a scientist with the researching of the nature of the Kazakh dramaturgy and genre system, at the same time discovered the laws of the periods of literary development, features and poetic of drama genre.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Бахтин М. Достоевский поэтикасының проблемалары. Москва: Советский писатель, 1972, 178-179 б.

2. Нұрғали Р. Трагедия табиғаты. - Алматы: Жазушы, 1968.251 б.

3. Нұрғали Р. Талант тағдыры. - Алматы: Жазушы, 1969. 1256

4. Нұрғали Р. Күретамыр. Қазақ драматургисының поэтикасы. - Алматы: Жазушы, 1979. 235 б.

5. Нұрғали Р. Өнер алды - қызыл тіл. - Алматы: Мектеп, 1974.1526.

6. Нұрғали Р. Өнердің эстетикалык нысанасы. - Алматы: Мектеп, 1979, 192 б.

7. Нұрғали Р. Драма поэтикасы. Алматы: 1982. 2416.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет