Рахмет киелі, әліппе !



жүктеу 56.44 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі56.44 Kb.
Рахмет киелі, әліппе !

Мақсаты : Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру жане өзін- өзі басқаруға үйрету.

Көрнекіліктер : Шарлар, слайд, әліппесуреті, буклеттер.

Мұғалім: Құрметті ата- налар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Рахмет киелі, әліппе !» атты мерекемізге қош келдініздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған әліппемен бүгін қоштасқалы отыр. Ендеше, кішкентай бүрдіршіндеріңіздің білім әлеміне басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Рахмет киелі, әліппе !» атты ертеңгілігімді бастаймыз.

1 – оқушы : Сымбат

Көз салып қалаңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Хош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға

2. Толқын

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың

Хормен: Рахмет

Толқын: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін табыңдар

Жұмбақ

Іші толы әріпке,



Білімдіге жарық не?

(Әліппе)


Дұрыс балалар, олай болса барлығымыз Әліппені ортаға шақырайық!

Хормен : Әліппе, Әліппе!

(Осы кезде әліппе ортаға шығады)
Әліппе: Мақпал

Армысыздар, жас достар !

Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жол ашар,

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғалымның

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Жақсы білім көрімдік

Болсын сізге халайық

Не үйрендік, не білдік,

Қане ортаға салайық!

Әләппе: Балалар сендер мені оқыдыңдар. Сонда сендер менен не үйрендіндер .

Оқушылар : жазуды, оқуды үйрендік. Жұмбақ, жаңылтпаш , өлең үйрендік

Әліппе : олай болса, менің сендерге жасыратын жұмбақтарым бар. Қане, соны шешіп көрейік!



  1. Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама

(Кітап)


  1. Үйреткен ілімді

Қырық екі білімді .

(Әліпби)


  1. Алты қырлы түсі бар,

Суретпенен ісі бар.

(қарындаш)

Әліппе: Жұмбақтарды жақсы шештіңдер, ризамын, тағы қандай өнерлерің бар?

Толқын: Қане, балалар Әліппеге өнерлеріңді көрсетіңдер.


Сымбат: Таныстырар әліппен,

Мынау кітап - әліппең

«Әліппе» деген ат оның

Басталған қай әріптен?

(Ә)

Айзат: Әліппе



Жеміске құты тола ма,

Бір-бірлеп теріп алмасаң?

Әп-сәтте шыға қоя ма,

Еккен дәнің, ойласаң?

Білім де сондай, қарағым,

Біртіңдеп сіңер ойыңа

Ұғып ал: білім боларын

Шамшырағың жолында

Көлге айналған бұлақтың

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болар Әліппең


Аружан;

Іші толы әріпке

Мынау әйбат әліппе

Сыртын қаптап тастаймыз

Тап-таза ғып ұстаймыз
Ән: « Рахмет әліппе» (Сымбат)

Мақпал ( Әліппе қошеметпен отырады)

Толқын: Енді балалар әліппеге біз қалай оқитынымызды көрсетеміз бе?

Қане әліппе кітабын алып оқып бере қойындар, әдемілеп қатесіз оқимыз.

Енді әліппеден әріп өту барысында жаттаған тақпақтарымызды еске жүсірейік

З дыб.
Ауыл маңы саз, саз , саз,

Жайылады қаз, қаз, қаз

Жем шашсаң мәз, мәз, мәз,

Тоймай қалса қаз, қаз, қаз,

Шашқан дәнің аз, аз, аз.


Дәрігер боламын
Әжеме тіс саламын

Көзіне әйнек тағамын

Сондықтан да өскенде

Мен дәрігер боламын


Я дыб

Мен қоянмын, қоянмын

Күндіз түні ояумын

Қаша-қаша ұасқырдан

Құлауға да таяумын
Ю Дыб.

Оюларды салыңдар

Ою мәнін табыңдар

Ою-өрнек тоқыңдар

Ою жайлы оқыңдар
В дыб

Вагандар тұр тізіліп

Бақытжан жүр қызығып

Вокзал басын қызықтап

Зәуре де жүр жүгіріп
Щ дыб.

Щетка , щетка, щеткалар

Неше түрлі щетка бар

Бірі тісті жуады

Бірі шаңды қуады
Н дыб

Нан – ардақты, адал ас

Кәрі – жас адам аттамас

Ақ дастархан үстінде

Қол жумай оны ұстамас
Мұғалім : жақсы балалар, сендер әліппеден өздеріңнің нәрсе үйренгендеріңді көсеттіңдер, мен сендерге әліппені жақсы аяқтағандарыңды ескере отырып, осы жерде сендерді мақтау қағазымен марпаттағым келеді
Грамота беріледі
Ән: Бөбектер әні

Би: нозли гулим


Сымбат

Қош бол, құтты әліппем!

Көп нәрсені үйреттің

Таысырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің

Сөйледі олар тіл бітіп

Небір қызық сырларды

Тыңдай бердім мен жұтып

Тіл біткен тақпақ,жырларды

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сомдап алтыннан

Әліппе- білім бесігі
Айзат :

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға ана тілін аламыз

Ата- ана! Қуанышқа ортақ бол

Сауатты болып шықты міне балаңыз
Әліппе: рахмет балалар әріптердің бәрін таныпсыңдар . Енді сауатты жазып , мәнерлеп оқытатын ана тілін оқисыңдар.

Толқын:


Сәлеметсіздер ме балалар

Сәлем, достар аман ба?

Аман болған әманда

Ана тілінардақтандар

Ата- бабам, анам да

Тасытырар бәріне

Ана тілі пәнімін

Ана тілі ұраным

Ана тілім – құралым

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым

Аружан:


Оқуды көп ойлаймыз

Қызығына тоймаймыз

Әріптерді үйреніп

Өлең айтып би билеп

Өнерден де қалмаймыз
Би: Тұлпарым
Сонымен қатар балалар біз ата- аналар мен ұстаздарға математикадан нне үйренгенімізді көрсетейік


  1. 1 ден 10 ға дейін ретімен, кері санаймыз

  2. Геометриялық фигураларды атаймыз

  3. Есептер шығару

Сымбат


Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес , ауыр жол

Хормен: Әліппегемен ұстаздарға Бас иеміз құрметпен!

Аружан:

Келгенімде алдыңа



Қызыл- жасыл гүл алып

Жақын тарттын жанына

«Шәкіртім» деп қуанып

Сипадың да басымнан

Әліппені ұсындың

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім
Әліппе: Балалар , мен сенердің келешекте сауатты азамат болулатындарына сенемін . Ал енді мен сендермен қоштасамын . Қош болындар балалар , сабақты жақсы оқындар

«5» болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

Өнер-білім көп тоқып

Өсе берсін санамыз

(5 тілектер тарату)

Хормен: Қош бол, құтты әліппем
Макпал Толкын би
Балаларсендердің әліппені жақсы меңгеріп , сауатты оқуларыңа да ата-аналарыңның да қосқан үлесі мол. Сондықтанда бәріміз ата-аналарымызға рахмет айтайық
Хормен: рахмет ата-ана
Ата-анамның тілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің


Сөз кезегін мектебіміздің басшысы Сәлима Әбілқайырқызы мен ата-аналарға береміз

Мұғалім : Балалардың білімі қуатты болсын, денсаулығы ауырмайтын мықты болсын, білімдерін әры қарайдамыта берсін. Ерінбейтін еңбекқор күшті болындар.



Бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!
: EB0419249EE41AD0
EB0419249EE41AD0 -> Ертегілер еліне саяхат Мақсаты: Балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету, сахналап беруге талпындыру. Болашақта кейіпкерлер рөлдерін сомдай алуға тәрбиелеу
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың тақырыбы: Даналарым. Тұрсынхан Әбдірахманова Сабақтың мақсаты: тарихи тұлғалар жайында түсінік беру
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. А сәлемдесу. Ә «Менің балам қане» ойыны
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтын тақрыбы : Ұ ұ дыбысы мен әрпі Мақсаты
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев
EB0419249EE41AD0 -> «Үй жұмысын тексеруде критериалды бағалауды қолдану»
EB0419249EE41AD0 -> Оқу жоспары бойынша барлығы 34 сағат
EB0419249EE41AD0 -> «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойын
EB0419249EE41AD0 -> Міндеттері: Достық өзара сыйластық туралы түсінік беру. Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту Достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Көрнекі құралдар




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет