Райымбек батыр атындағы№50 «Қазғарыш»мектеп-лицейі 7 «в» сыныбы. Сынып жетекшісі: Т. У. Тапиева Тақырыбы



жүктеу 48.52 Kb.
Дата28.06.2016
өлшемі48.52 Kb.
Райымбек батыр атындағы№50 «Қазғарыш»мектеп-лицейі 7 «в» сыныбы. Сынып жетекшісі: Т.У.Тапиева

c:\users\31\desktop\ғарыш сағаты\dsc_1057.jpg

Тақырыбы: Мен ғарышкер боламын

Мақсаты.Оқушыларға ғарыш туралы түсінік бере отырып,қызығушылық танымдылығын арттыру.Ғарыш әлеміне алғаш самғаған әлемдік және қазақстандық ғарышкерлер туралы мағлұматтар беру. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.Адамзаттың ортақ үйі- Жер планетасына,ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Ғарышкерлер туралы көрме,бейнефильм,ақындар өлеңі.

Сынып сағатының әдісі: Кездесу, пікірлесу.сұхбат жүргізу.

Сынып сағатының барысы:

c:\users\31\desktop\ғарыш сағаты\dsc_1012.jpg

1ші жүргізуші:Қайырлы күн,құрметті қонақтар мен оқушылар!Дүние жүзіліккосмонавтика және авиация күні мерекесімен құттықтаймыз!

1ші жүргізуші:Біздің дәуірді «Космос» дәуірі деп атайды.Жердің жасанды серіктерінің ұшырылғаны Айға, Шолпанға,Марсқа қарай самғаған зымырандар, ер жүрек ұшқыштардың ғарышқа жасаған саяхаттары жайлы беріліп тұратын хабарға қанықпыз.

c:\users\31\desktop\ғарыш сағаты\dsc_1069.jpg

2ші жүргізуші:Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді, ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын күн ілгері болжауға,аса апатты құбылыстардан алдын ала сақтануға мүмкіндік береді. Олар арқылы телехабарлар беріледі, алыс жерлермен радио, телефон байланыстары жүргізіледі. Жердің ішкі құрылысын зерттеуге , дәл географиялық карталар жасауға, пайдалы қазбалар іздеуге, егіннің шығымын болжауға тағы басқа жұмыстарға кеңінен пайдалануда.

1ші жүргізуші:Қазақ жеріндеғарыш кемесін ұшыратын әлемге әйгілі Байқоңыр айлағы орналасқан.Ғарыш кемесі –әрі үй,әрі ғылыми лаборатория. Мұнда ғарышкерлер жұмыс істейді.

c:\users\31\desktop\ғарыш сағаты\dsc_1066.jpg

2ші жүргізуші:Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубакіров пен Талғат Мұсабаевтің ғарыш бағытындағы жұмыстары туралы деректермен танысайық.

c:\users\31\desktop\ғарыш сағаты\dsc_1001.jpg

1ші оқушы:Тоқтар Әубәкіров – авиация генерал – майоры , Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер.Ол 1988 жылы кеңес Одағында алғашқы болып жерге қонбастан, әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдырып,, солтүстік полюске ұшып барып қайтты.«Тбилиси» кемесінің палубанына«МИГ-29» әскери әуе ұшағын алғаш рет қондырды.Тоқтар Әубәкіровқа бейбіт өмірдегі осындай ерліктері үшін Кеңес Одағын батыры атағы берілді. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз – ТМ – 13» ғарыш кемесі ұшырылды. Халықаралық экипаж құрамына үш ғарышкер: Александр Волков, Тоқтар Әубәкіров, авиациялық Франц Фибек болды. Олар ұшу міндеттерін орындап, 10 қазанда Қазақстанның Торғайдаласына келіп қонды.

2ші оқушы:Ғарышкер Талғат Мұсабаев –Ресейдің батыры , Қазақстанның Халық Қаһарманы.Ол Тоқтар Әубәкіровтен кейін ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері. 1991 жылы ғарышкерлер дайындау курсынан өтеді. Тоқтар Мұсабаев 1991, 1998 және 2001 жылдары үш мәрте ғарышқа самғады. Ол ғарышта 127 тәулік болып, екі рет ашық кеңістікке шықты. Т.Мұсабаев жалғыз өзі 11 сағат бойы ғарыш кешенінің тағдырын шешетін өте қауіп-қатерлі жұмысты ойдағыдай орындады.

3ші оқушы: Гүлден

c:\users\31\desktop\ғарыш сағаты\dsc_1005.jpg

Тұңғыш қазақ ғарышкер.

Әубакіров ағаның, Бұрыннан да ер еді, Даңқы көкке самғаған Қайсар, батыл ,ер жүрек.

Салған жолды жалғаған. Менің батыр ағадан,

Тоқтар ағам-жан ағам, Аумай қалғым келеді.



1ші жүргізуші:Кездесуге шақырылған қонағымыз мектебіміздің мақтанышы 11 «а» сынып оқушысы Алтынбек Алматин

2ші жүргізуші:Алтынбек Алматин ғарыш бағытындағы Халықаралық ғылыми конференцияға қатысып жүлделі орын алып келді. Ғарыш бағытындағы экспонаттарын халықаралық көрмеге шығарып, ғылыми жобалар қорғады.

c:\users\31\desktop\ғарыш сағаты\dsc_1053.jpg

1ші жүргізуші: Алтынбек Алматин қандай мамандықты таңдадыңыз, өзіңіз жайлы айта кетсеңіз.

c:\users\31\desktop\ғарыш сағаты\dsc_1051.jpg

Мен ғарышкер болғым келеді! Ғарышкер болу әркімнің арманы болуы мүмкін..Өйткені аспанның көріністерін тек суреттен, кітаптан көру маған жеткіліксіз, мен оларды көзіммен көргім келеді. Ғарышты зерттеп , ғаламға тың жаңалық енгізу менің арманым. Келешекте елімнің атын шығаратын қадамға қол жеткізсем , менен асқан бақытты ұрпақ болмас еді. Өйткені мен - қазақ елінің азаматымын! Ер – елі үшін туады, елі үшін өледі емес пе? Әр мамандықтың қиындығы бар деп ойлаймын. Сондықтан, мамандық таңдауда адам өз күшіне , біліміне, ынтасына қарай бағыт тапқаны дұрыс.



4ші оқушы: Ғарыш әлемі жайлы мағлұматтарды қайдан аласыз?

Алматин: Ғарыш әлемі туралы жан-жақты ақпарат құралдарынан, ғылыми кітаптардан, ғаламтор желісінен аламын.

5ші оқушы:Сіз Байқоңыр ғарыш айлағында болдыңыз ба?

c:\users\31\desktop\ғарыш сағаты\dsc_1042.jpg

Алматин. Мен Байқоңыр ғарыш айлағында екі рет болдым.Екінші рет барған себебім өзімді ойландырып жүрген сұрақтарға тағы да бір рет қөзімді жеткізу болды.Ғарыштық старт алаңында болып, жердің жасанды серігінің ұшқанын көрдім.

6шы оқушы:Ғарыш бағытында халықаралық көрмеге қойылған экспонаттарыңызды таныстырсаңыз:

c:\users\31\desktop\ғарыш сағаты\dsc_1018.jpg

c:\users\31\desktop\жас улан 7в\алмат сканер\рисунок (42).jpgc:\users\31\desktop\жас улан 7в\алмат сканер\рисунок (26).jpg

c:\users\31\desktop\ғарыш сағаты\dsc_1024.jpg

c:\users\31\desktop\жас улан 7в\алмат сканер\рисунок (45).jpgc:\users\31\desktop\жас улан 7в\алмат сканер\рисунок (14).jpgc:\users\31\desktop\жас улан 7в\алмат сканер\рисунок (44).jpg

1.жүргізушіСіздің осындай жетістіктеріңізді біз мақтан тұтамыз. Сізге шығармашылық табыс тілей отырып,қиялыңыздың арманына жете беруіңізге тілектеспіз.

2.жүргізуші:Сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Искакова Нұраш Фазылғаламқызына береміз

c:\users\31\desktop\ғарыш сағаты\dsc_1033.jpg

Құрметті оқушылар ғарыш әлемі туралы көптеген мағлұматтар алып білімдеріңді кеңейте түстіңдер. Мен Алматин туралы айта кетейін. Алматин өзінің ғылыми жұмысын 7 сыныптан яғни өздерің сияқты кезінен бастаған.Алматыда болған «Астраномия және ғарыштық физика» ғылыми жобадан бас жүлдені иемендеді. Қазақстан Республикасының Халық Хаһарманы Т.А.Мүсабаевтың қолынан диплом алып қайтты. Сонымен қатар басқада ғылыми жобалар сайысынан жүлделі болып жүрген оқушы. Талай бұқаралық ақпарат телевидение, газет беттеріне шықты. Мен ойлаймын осы кездесуден алған әсерлеріңді бір-бірлеріңмен бөлістіңдер деп. Сендерге де болашақта ғарыш бағытында Алматин сияқты жұмыстар жасайды деп сенемін.



1ші жүргізуші: Аспан,аспан, арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен көремін,

Мен ғарышкер боламын.



2-жүргізуші: Таудай биік талабым,

Мен бармақтай баламын,



Көктің жүзін барлайтын,

Үлкен ғалым боламын


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет