ҚҰрастырушыдан адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан



бет3/5
Дата29.06.2016
өлшемі1 Mb.
1   2   3   4   5

Балалар, естеріңе сақтаңдар!





  1. Жұрттың бәрімен, әсіресе қартаң адамдармен қай жерде, қай

уақытта болсын амандасып жүр. Денсаулығым жақсы болсын

десең, өзгелердің де саушылығын сұрап амандас.



  1. Өзіңді, айнала қошаған табиғатты сүй.

  2. Өз бойыңдағы сараңдықты, жалқаулықты, тоқмейілдікті, екіжүзділікті, менмендікті, пайда-күнем есепшілдікті, қорқынышты жең. Адамға сен, адамды сүй. Олар туралы өзің әділетсіз сөз айтпа, біреудің ғайбат сөзіне сене салма.

  3. Ой мен істі бір-бірінен бөліп қарама. Оқығаның жақсы-ақ, бірақ ең бастысы – істеу керек.

  4. Қарапайым бол!

  5. Арақ ішпе, темекі тартпа.

  6. Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланбаңыз.

  7. Егер сіз дұрыс жасамасаңыз, кемшілігіңізді тез түзетуге тырысыңыз. Жақсылыққа апарар жолға бастаңыз.

  8. Сәтсіздіктеріңізді емес, қуанышты күндеріңізді жиі еске түсіріңіз.

  9. Өзге адамдардың ой-пікірі мен талап-тілегіне түсіністікпен қараңыз.


«БӘРІ ДЕ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ…»

Кітап көрмесінің жобасы:
1 – бөлім. Ақылды қария – ағынды дария.
Цитата: Сақалыңнан айналдым, қарт бабалар

Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?

О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,

Қанеки, нелерің бар салтқа жарар.



М.Мақатаев
2- бөлім. Әкеден – ақыл, Анадан – мейір.
Цитата: Анам маған: Үлкенді сыйла – деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сиға берем.



М.Мақатаев
3-бөлім. Ару деген атың бар... немесе Қыздарға әсемдік жарасады.
Цитата: Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес

Халықтың сақтай білген ізгі салтын.



(Халық аузынан)
4-бөлім. Жігітте де жігіт бар ...
Цитата: Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.



(Қазақтың мақалы/ мақал-мәтелдері)

Соңында әдебиеттер тізімі берілген, солардан таңдап кітап көрмесіне қоюға болады.

МЕН және МЕНІҢ ОТБАСЫМ
Төменгі сынып оқушыларына арналған әдеби-музыкалық кеш.
Дайындық кезеңі: Балаларға алдын-ала отбасы мүшелеріне арнап өлең шумақтарын, ән жаттап келуге тапсырма беріледі.

Безендірілуі: кітап көрмесі жасалып, отбасы мүшелері туралы нақыл сөздер, гүл, шар, суреттер т.б. ілінген.

(Ақырын ғана «Балбырауын» күйі ойналады, ортаға жүргізуші шығады).



Жүргізуші: Сәлем, ата – алтын күн

Сәлем, қарты халқымның!

Бақытты болғын балалар,

Ашық болсын күніңіз!

Жайнай берсін жүзіңіз! – дей келіп,

«Мен және менің отбасым » деп аталатын мерекемізді бастаймыз.

Бүгінгі мейрамымызды біз өзіміздің ата-әжелеріміз, ана мен әкелерімізге арнаймыз. (Сырттан иттің үрген дауысы шығады).

Міне менің көмекшім де келіп қалыпты ғой! Кір, кір қуаныштымыз.
Күшік: Мен күшікпін, ақ күшік!

Қырағы да, сақ күшік.

Түні бойы жатпаймын,

Қоралы малды сақтаймын.


Әжем мені мақтайды,

Тамағымнан қақпайды.

Ақылды итке санайды,

Аппақ жүнімді тарайды.


Мен де оған еркелеп,

Әжеме жылы қараймын.

Мен күшікпін, ақ күшік!

Қырағы да, сақ күшік.

Түні бойы жатпаймын,

Қоралы малды сақтаймын.

(Өтебай Тұрманжановтың өлеңінен өзгертіліп алынған).

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге арнап бір қоржын жұмбақтар алып келдім.



Жүргізуші:

  • Өте жақсы. Балалар, сендер жұмбақтарды шешкенді ұнатасыңдар ма?

  • Ия!

  • Олай болса менің көмекшім сендерге жұмбақтар жасырады, сендер оларды шешуге тырысыңдар.


Күшік:

  • Менің де қоятын шарттарым бар. Менің қойған жұмбақтарымның жауабын тауып, жауабыма сай өлең жолдарын оқып, ән салып беріңдер.

1-жұмбақ:

Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз?

(АТА)

2- жұмбақ:

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған. Ол кім?

( Атаң)


Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші?

Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой.


1. Бала: Ата

Айтады ертек жан атам,

Ақ сақалын салалап.

Құмарымды тарқатам,

Жер мен көкті аралап.

Ертегілер еліне,

Бір шегетін сапары,

Ардақтаймын өмірде,

Асқар таудай атамды.
2.Бала: Біздің атай

Күлімдейді келіп бар бала,

Қоршайды оны айнала!

Алаңда, бақта, сайда да,

Солармен бірге қайда да.
Мойнына бірін мінгізіп,

Біріне бетін сүйгізіп.

Көкірегінде күн жүзіп,

Көреді күнде мың қызық.


Ойнатып бәрін келеді,

Ойыншық әкеп береді.

Көңілі қандай таза еді,

Жүрегі қандай кең еді!


3 - Жұмбақ: Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған;

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған;

Аялы қолда талпынтқан;

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан;

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан.

Қаймақты сүттей қалқытқан;

Суық болса жөргегін,

Қорғасындай балқытқан;

Бұл кім? (Ана)



Ыбырай Алтынсарин

Әлпештеп өзіңдей өсірген,

Нағашы әжеңнің баласы.

Төрінде жалпиып көсілген,

Бұл күнде жиеннің анасы

Ол кім?


(Анаң)

Жүргізуші: Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді? (Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам...). Ал енді аналарымызға арнап ән шашуын шашайық!
1. Бала: Ана туралы жыр

(Әні бар)
Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым

Өзіңе арналған.


Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісін.

Самал жел, сая бақ

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңліңді көктемдей

Көзіңнен танимын.


Өтеуге борышым,

Анашым, жан сырым,

Іздедім сен үшін,

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын,

Сыйлар ем, кеш мені,

Сыйлар ем ай, күнін,

Қолыма түспеді.


Ете гөр қанағат,

Әзірге берерім –

Балалық махаббат,

Балалық жүрегім.

Бол риза, анашым,

Қолдағы осы бар

Өзіңе арнаған

Әнімді қосып ал.



Ғафу Қайырбеков

Абзал ана
Өлеңін жазған – Ж. Молдағалиев

Әнін жазған – Б. Дәлденбаев
Солғанша гүлім күнде тоңып,

«Ана!», «Ана!» деп ән салам

Кетейін мейлі жүзге толып,

Бөбекпін мен саған.



Қайырмасы:

Ана, ана, ана,

Мәңгі дос сен ғана.

Абзал ана, ана,

Көңілің кең дала.

Данасың сен,

Дарасың сен.

Анажан аңсаған,

Арналды ән саған.

Қарызбын әжім, ақ шашыңа,

Көзіңнің жасына.

Өзіңсің бақыт бақшасы да,

Өмірдің басы да.
Жүргізушы: Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (АНА)

Сондықтан анамызға арнап алғысымызды айтайық.


2-Бала: Анамызға мың алғыс
Аялаған, баптаған,

Асыраған сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен



Анамызға мың алғыс!
Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді.



Анамызға мың алғыс!
«Адал бол, - деп, - балдырған»,

Әділдікке баулыған.

Жүрегінде – махаббат,

Тілегінде – марқабат



Анамызға мың алғыс!

Жаппар Өмірбеков.


4 - ші жұмбақ:

  • Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке, т.б. жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы. Ол кім? (ӘКЕ).

5 – ші жұмбақ:

Атаңның баласы

Кей кезде таласып,

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге?

Ол кім?


(Әкең)

1-Бала: Әке


Атам айтса «Ұлым» деп,

Әжем айтар «Күнім» деп,

Екеуінен қаймығып,

Айтады әкем «Інім» деп.


Ықыласы бір менде,

Бір шытпайды қабағын.

Үйде, түзде жүргенде,

Соған ұқсап бағамын.


2-Бала: Жан әке

Өлеңін жазған –Х.Талғаров

Әнін жазған – М.Ілиясов
Қамқорсың, әке, өмірде,

Қуатым – сенсің көңілге.

Әлпештеп мені өсірдің,

Ұшармын ертең көгіңде.



Қайырмасы:
Аңсадым жылы сөзіңді,

Ақылшым болған кезіңді.

Есімде, әке, сақтаймын,

Асқар биік өзіңді.


Арманың едім аңсаған,

Әкелем бақыт мен саған.

Ұрпағың болып жалғастым,

Қуаншы, әке, сен соған.


Қайырмасы:
Теңіздей шалқып жүремін,

Сүйенер сенсің – тірегім.

Барсам да қайда, жан әке,

Өзіңмен бірге жүрегім!


Қайырмасы.
6 -шы жұмбақ.

  • Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (ӘЖЕ).

7 – жұмбақ:

Аймалайды күнім деп,

Мейірімді жүзі күлімдеп.

Тәтті – ақ дейді немере

Бал шырындай үнің деп.

Ол кім?


(Әжең)

  • Ал сендердің әжелерің не істей алады? (Балалардың жауабы). Енді әжелеріңізге арнап өлеңдер айтып берейік.


1-Бала: Әже ақылы
Әжем – Ақыл бесігі,

Мейірімімен тербеткен.

Мен де ақылды боламын,

Аман-есен ержетсем.


Менің әжем.
Маған ақыл беретін,

Әжем менің асыл жан,

Сипап жақсы көретін,

«Құлыным» деп басымнан.


Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді,

Ертегі айтып беретін,

Әжеге ешкім жетпейді.


2-Бала: Әрқашан, әже, аман жүр

Өлеңін жазған- М.Көбегенов

Әнін жазған- Ә.Қиясов
Гүліндей боп өзің сүйген өлкенің,

Әже, сенің жігіт болды тентегің.

Мұхиттарға сапар шегіп барамын,

Арманымның көтеріп ақ желкенін.


Қайырмасы:

Өзіңнің ерке балаң бұл,

Арнайды бүгін саған жыр.

Жақсылық тілеп жолыма

Әрқашан, әже, аман жүр.
Аяладың, мәпеледің жасымнан,

Мен де сенің табылушы ем қасыңнан.

Қуаныш қып менің өскен бойымды,

Естен кетпес сипайтының басымнан.


Қайырмасы
Көңіліңді торламасын қайғы-мұң,

Аққу-қаздан арылмасын айдының.

Ақ жаулығың ақша бұлттай желбіреп,

Қуанышпен қарсы ала бер таң нұрын.



Жүргізуші: Ал, Ақкүшік, тағы кім отбасы туралы өлеңдер біледі екен?

1. Бала: Ең жақын адамдар –

Әкем мен анам бар.

Әкемнің әкесі –

Ақ басты Атам бар.

Әкемнің шешесі –

Ақ шашты Әжем бар.


Ұлдардың үлкені –

Бір туған ағам бар,

Қыздардың үлкені –

Бір туған әпкем бар.


Үлдардың кішісі -

Бір туған інім бар,

Қыздардың кішісі-

Бір туған қарындас

Әпкеге – сіңілі бар.
Ақ күшік:

- Өте ақылды, тапқыр балалар екендеріңді көрдім. Сендермен бірге болғаныма қуаныштымын. Менің бүгінгі дайындаған жұмбақтарым таусылды. Ал енді кел балалар ойын ойыншықшы: ҚУЫР-ҚУЫР – ҚУЫРМАШ. (ойын)

Сергіту минуты. Санамақ «Бір үйде біз нешеуміз?»
І. Бас бармақтан бастап шынашаққа дейін саусақтардың бір рет түгел атын айтып береді:

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз

Бас бармағым – атам,

Балан үйрек – апам,

Ортан терек - әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкентай бөбек – мен.


ІІ. Бұдан кейін: Бас бармақ. Балалы үйрек. Ортан терек. Шылдыр шүмек. Кішкентай бөбек, - деп, саусақтарға түгел ат қойып шығады. 5 саусақ түгел жұмылады. Тағы да бармақтан бастап былай деп 5 саусақты түгел жазады:

Сен тұр, қойыңа бар,

Сен тұр, түйеңе бар,

Сен тұр, жылқыңа бар,

Сен тұр, сиырыңа бар.

Сен, кішкентай бөбегім, әлі жас екенсің, қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр.

Енді осы шынашақтың өзін алақанның шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:
Қуыр-қуыр қуырмаш,

Балаларға бидай шаш.

Әжең келсе, есік аш,

Қасқыр келсе, мықтап бас – деп шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды.



Жүргізуші: Біз отбасымыз туралы жұмбақтарды шештік, ойын ойнадық. Енді Ақ күшікке рахметімізді айтайық, біздің көңілімізді көтеріп, зор қуанышқа бөледі.

Ал, балалар, осымен әдеби- музыкалық кешімізді аяқтаймыз.

Қош – сау болыңдар! Көріскенше күн жақсы.


«ПАРАСАТТЫ АРУЛАР мен

ЕРЖҮРЕК АЗАМАТТАР»

атты сайыс байқауы

5-7 сынып оқушыларына арналған
І. Кітапхананың оқу залы: Гүл шоқтары, шарлар, суреттермен көркем безендірілген.

ІІ. Тақырыпқа байланысты кітап көрмесі жасалған. (Әдемі кітаптар, цитаталар жазылып қойылған). Композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Ататолғау» күйі баяу ғана естіліп тұрады. Саханада бай, бір немесе екі көмекшісімен отырады. Сәлден соң екі жігіт Алдар көсені алып келеді.



Бай: Уа, Алдар қайдан адасып жүрсің?

Алдар көсе: Сәлем бердім, байекем! Көрмегелі ай өтті ме, жылға жетті ме, беймәлім.

Бай: Көрмегелі көп айдың жүзі болды. Сен жаңа заманға кеткелі Хан шаһарында елеулі өзгерістер жоқ. Өзіңнің көрген – білгеніңді баян ет.

Алдар көсе: Айтсам, баекем, айтайын,

Қабағыңды байқайын.

Таң қалатын бір іс бар

Көп сөз етіп жатпайын.

Жаңа заман жақсы екен

Бақ беретін жақта екен.

2006 –да өмір сүріп,

Таң нұрланып атса екен.

Кітапхана деген бар орын,

Кітаптардың ордасы.

Арулар мен азаматтар сайысы,

Болған екен сол жерде.

Рұқсат етсең, баекем,

Айта берейін асықпай.



Бай: Уа, көсе, сонда жаңа заман 2006 – да өмір сүріп жатырмыз ба? Кітапхана деген ол не?

Алдар: Байеке, біз сияқты емес. Ол жерде балалар көптеген қызықты кітаптар оқиды, мейрамдарға қатысады. Нағыз күш те, қызық та, қуаныш та сол жақта.

Ал, ендеше , қолымнан келгенше,

Айтып берейін сіздерге, арулар мен азаматтар

сайысын.


Сана – сезім байысын, бақыт келсін сіздерге.

Ал, енді « Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар» атты сайыс. Мен барған кезде…



Кітапханашы: Қош келдің, Алдар ата! Адасып жүрсіз бе?

Алдар көсе: Армысың, балам! Мен ертегі елінен жаңа заманның балаларының өнерін тамашалайын деп келдім.

Кітапханашы: Жаңа ғасыр, жаңа заманда біз биыл 2006 – шы жылда еңбек етудеміз. Оқырмандардың өнерін тамашалаңыз. Жүріңіз, өзіңізге қолайлы жерге жайғасыңыз.

( Алдар көсені бір орынға отырғызады)



Қош кедіңіздер, парасатты арулар мен ержүрек азаматтар!

Армысыздар, дарынды балалар мен жас оқырмандар!

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт- дәстүрлері, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады.

Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздер бар.

Оқырмандар арасында – халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру кітапханашылардың да азаматтық борышы. Ендеше «Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар» атты сайыс байқауын бастаймыз.

Әділ қазылар алқасымен таныстыру.

Сайыс 1 бөлімнен 5 кезеңнен құралған.



Сайыс кезеңдері:
1. Жорға

2. Қонақ күте білеміз бе?

3. Сөздің көркі – мақал.

4. Өнер сайысы

5. Поэзия минуттары

6. Білгенге маржан... (Сұрақ-жауап ойыны)



Сайыс байқауымыздың міндеттерімен таныстырайық.

  1. Әр топ мүшелеріне кітапханашы кезекпен сұрақтар қояды.

  2. Егерде сұрақ қойылған топ мүшесі жауап бере алмаса, онда қарсылас топтан жауап беруіне болады.

  3. Сұрақтардың жауаптары «5» ұпайлық белгімен бағаланады.

  4. Дұрыс жауап бере алмаған топтың жауаптары бір ұпай кеміп отырады.

Ал, сайысқа қатысушы арулар мен азаматтар, міне қоржын, іші толған сұрақтар, алып жауап берейік. Кім жылдам жауап береді, сол көп ұпай алады.

Мінеки, сондай жомарт сенің халқың,

Ешқашан жоғалтпаған ата – салтын.

Жас ұрпақ, ойлан өзің, біл тарихтан,

Қазақ боп қал, қадірле қазақ халқын.

I- кезең: Жорға

Сұрақтар:


  1. Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды?

(Бәйге)

  1. Бір топ аттылар тартыспағын қазақта қалай атайды?

(Көкпар)

  1. Ертедегі елін жаудан қорғаған қазақ батырларының адам жинауын қалай атаған?

(Қол жинау)

  1. Қазақтан шыққан алғашқы космонавт кім?

(Тоқтар Әубәкіров)

5. «Ата тұрып ұл сөйлесе – ержеткені болар,

Ана тұрып қыз сөйлесе – бойжеткені болар» деп айтқан кім?

(Сырым батыр)

6.Қазақ тарихында алғаш қыздар мектебін ашқан кім?

(Ыбырай Алтынсарин)

7.«Үш бәйтерек» дегеніміз кімдер?

(Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин,

Бейімбет Майлин)

8.Үш дана кім?

(Абай, Ыбырай, Шоқан)

9.Үш байлық не?

(Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

10.Үш жұрт?

( Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын

жұрты)


11.Үш арсыз не?

(Ұйқы, күлкі, тамақ)

12.Үш тәтті не?

(Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)

13. Үш жүз?

( Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз)

14. Еліміздің намысын қорғаған қандай боксшыларды білесіңдер?

(Бекзат Саттарханов, Ермахан

Ыбырайымов)

15. Қазақстанның атын әлемге жайған қандай балуандарды

білесіңдер?

(Әлсейіт Айханов, Дәулет Тұрлыханов)

16. Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер орындады?

(Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым

сәлем, Қаламқас» әнін орындады)

17.«Үш қуаныш» дегеніміз не?

(Алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі,

ісіңнің өшпеуі)

18.«Бес қатер» деген не?

(От, жау, борыш, ауру, сөз)

19. Жеті ата ?

( Ата, әке, бала, немере,

шөбере,шөпшек, немене)
20.Дүниежүзілік чемпион атағын алған, алғашқы қазақтан шыққан

балуан кім?

(Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
Кітапханашы: Ал арулар, сайысқа қалайсыңдар?

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,

Жауап берсеңдер, сұраққа жарайсыңдар!



II- кезең: Қонақ күте білеміз бе?

Сұрақтары:

  1. Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады?

(Сыйлы қонаққа)

  1. Қандай жілік қыз балаға берілмейді?

(Кәрі жілік)

  1. Төс кімге тартылады?

(Күйеу балаға)

  1. Шешеңнің әкесі саған кім?

(Нағашы ата)

  1. «Абысын тату болса, ас көп» деген сөз бар. Сондағы абысын кім?

(Ағайынды адамдардың әйелдері)

  1. «Жеңге қойған астың ішінде желке жүреді» дегенде «жеңге» кім?

(Ағаның, жасы үлкен туыстардың

әйелі)


  1. «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» дегендегі «жиен» кім?

(Күйеуге шыққан қыздан туған бала)

  1. «Төрт аяқтыда бота тату,

Екі аяқтыда бөле тату» деген сөздегі «бөле» кім?

(Бірге туған апалы-сіңлілі кісілердің

балалары)


  1. Қазақтарда үй иесінің атауы?

(Отағасы)

  1. Баланың тәрбиесін қадағалайтын мейірімді жан?

(Ана)

  1. Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс.

(Әулет).
Кітапханашы:

Ата - дәстүр абырой көтергенге,

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз мақал мен мәтелдерге.
III- кезең:

Қазақта «Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар.

Мақал-мәтел, ақыл-нақыл аталы сөздердің пайда болу тарихын, қай кезде тұңғыш рет кім айтқанын білу қиын. Дегенмен кейбір мақал-мәтелдердің шығу тарихы туралы аңыздар аз емес. Демек мақал-мәтел, ақыл-нақыл, аталы сөздердің адам баласы өміріне араласпайтын саласы жоқ дегеніміз дұрыс-ау.

Олай болса, оқырмандармен сергіту сәтін ұйымдастырып, сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды мен бастайын, сендер жалғастырып айтыңдар.



  1. Тойдың болғанынан ... (боладысы қызық)

  2. Таз таранғанша... (той тарқайды)

  3. Әншейінде ауыз жаппас... (той дегенде өлең таппас)

  4. Жүзігің алтын болғанша... (жүзің жарқын болсын)

  5. Бала жетіге келгенше... (жерден таяқ жейді)

  6. Ұяға отыз үйден тию... (қызға қырық үйден тыйым)

  7. Қыз жоқ жерде... (қызық жоқ)

  8. Әкенің жақсылығы... (жездедей-ақ)

  9. Астың дәмін тұз келтірер... (ауылдың сәнін қыз келтірер)

  10. Атаңның баласы болма... (адамның баласы бол)

  11. Білекті бірді жығар.... (білімді мыңды жығар)

  12. Шешен сөз бастар... (батыр қол бастар)

  13. Әке көрген оқ жонар... (шеше көрген тон пішер)

  14. Жақсы байқап сөйлейді... (жаман шайқап сөйлейді)

  15. Әдепті бала – арлы бала... (әдепсіз бала – сорлы бала)

  16. Жақсыдан үйрен... (жаманнан жирен)

  17. Баланың ұяты әкеге... (қыздың ұяты шешеге)

  18. Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда соны алады)

  19. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)

  20. Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ)

Ал тағы да сергіту сәтінде сөзжұмбақты шешуге қалайсыңдар, қол көтеріп, дұрыс жауабын беруге тырысыңдар. Ендеше алға:


Сөз жұмбақ «Асыл жандар»


  1. Хабар корпорациясының директоры.

  2. Қазақ әйелінің киімі.

  3. Мұсылман елдерінің тойлайтын мерекелерінің бірі.

  4. Зергерлік бұйым.

  5. Абайдың анасы.

  6. Белгілі әнші «Аппақ гүлдер» әнінің орындаушысы.

  7. Қазақ халқының батыр қызы?

  8. Ұлттық музыкалық аспап.

  9. Айтыскер Тастанбекқызы

  10. «Өрнек» өнерінің авторы












1




А































2

С



















3













Ы




























4




Л





























































5







Ж































6

А

























7







Н































8

Д




























9




А

























10







Р





















Жауаптары:

  1. Дариға

  2. Сәукеле

  3. Наурыз

  4. Алқа

  5. Ұлжан

  6. Ақбота

  7. Мәншүк

  8. Домбыра

  9. Сара

  10. Фариза

Кітапханашы: Бәрекелді, керемет, сайысымызды одан әрі жалғастырсақ.

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға,

Азамат пен арулар, аянбай-ақ жан салыпты.
IV – кезең:

Өнер сайысы Өлең айтып, би билейді.
Кітапханашы: Қалқам, мен Лермонтов та, Пушкин емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен.

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген,- деп

Мұқағали Мақатаев ағамыз жырлап еді. Қазақ халқы үшін бұл ақынның орны ерекше. Орыс халқы Лермонтов, Пушкин, Есенин деп мақтанса, біз ұлы Абайды, Мұқағалиды айтып мақтана аламыз.


V- кезең:

Ендеше келесі сайыс «Поэзия минуттары» деп аталады.

Ал, кәнеки, кім қандай ақындардың өлеңдерін оқып, таң қалдырар екен! ( Бәрі де керемет өлеңдер оқиды). Бәрекелді, қандай көп білесіңдер, сендер үшін мен қуаныштымын.
VI – кезең:

Кітапханашы: Енді мен сендермен « Білгенге маржан...» сұрақ-жауап ойынын бастайын. Қайсыларың тез, нақты жауап бересіңдер екен.
Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен оқырмандар,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.


Сұрақ:

  1. Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер?

(Қозы Көрпеш – Баян сұлу)

  1. Руы оның жағалбайлы,

Жылқысын көптігінен баға алмайды.

Оның өлгені рас болса,

Құдайым, Қыз-Жібекті неге алмайды, - деп кімнің өлімін жоқтап отыр?

(Қыз Жібектің Төлегенді жоқтауы).



  1. Бірін-бірі сүйгені үшін қуғынға ұшыраған Еңлік-Кебекке арналған ескерткіш қай жерде?

(Семей жеріндегі Ералы өзенінің

бойында)


  1. Махаббаты аңызға айналған қазақ сазгері Естайдың сүйіктісіне арналған әні?

(Қорлан)

  1. Халық есінде ғашықтар мұнарасы, махаббат белгісі ретінде жатталып қалған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» кесенесі Қазақстанның қай жерінде?

(Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз

жерінде, Таңсық станциясының

оңтүстік сілемінде, станциядан 10

шақырым жердегі Тарлаулы ауылынан

өтетін Аякөз өзенінің оң жағасындағы

биік дөң басында).



  1. Шығыста өткен жеті ғашық. Олар кімдер?

(Ләйлі-Мәжнүн, Фархад-Шырын,

Жүсіп-Зылиқа, Бахрам-Күләнда,

Сейпілмәлік-Жамал, Бозжігіт-Қарашаш,

Зизді-Қорлығайын).



  1. Айша – Бибі, Бабаджа, Қарахан мавзолейлері қай жерде?

( Таразда)
Кітапханашы: Өнерлінің өнерін,

Тағыда байқап көрейік.

Жүйрік аттай желейік,

Әзілге кезек берейік.


Егер мен болсам... не істер едім? деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Ержүрек азаматтарға:

Егер мен Президент болсам...

Осы ауданның әкімі болсам...

Прокурор болсам...

Банкир болсам...


Парасатты аруларға:

Мен егер министр болсам...

Мұғалім болсам...

Осы кітапханада директор болсам....

Президенттің қызы болсам...

Әркім өз ойларын айтып, қызу тартыс жалғасты.

Біздің «Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар» атты сайысымыз аяқталуға жақын. Қазылар алқасы осы барлық сайыстың бағасын есептегенше кезекті музыкалық үзіліске берсек.

Әндер орындалады.


Кітапханашы: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен

ұғатын.

Ортаға әділ қазылар алқасын шақырайық!



«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.

Оқырманым көбейсін күннен – күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштан да.

Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,

Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда

Оқырмандарым менің, достарым менің

Бәрің де аман болыңдар!

Әділқазылар алқасы жарыс қорытындысын айтып, « Ең парасатты», «Ең епті», «Ең ақылды», «Ең білімді» деген мақтау қағаздарымен марапаттайды.

Осымен сайыс байқауымыз аяқталды! Алдар көсе мен бүгінгі сайысқа қатысушыларға көп – көп рахмет айтамын. Сау болыңдар!




АЛТЫН САҚА

8-9 сынып оқушыларына арналған ойын

Шарты: Балаларға алдын-ала «Абай жолы» романын зер салып оқып, романдағы әке мен бала туралы жазылған жерлерін есте сақтап қалу керек екендігі жөнінде тапсырмалар беріледі.
Ойынның барысы: Төрт түсті жол беріледі (сары, жасыл, көк, қызыл), осы жолдардың түстеріне сай төрт конверт беріледі. Келіп отырған оқушыларға конверттегі сұрақтар қойылады, жауап берген оқушы, конверттің түсіне сай жолға тұрады. Сұрақтарға жауап беріп төрт бала жарысуға шығады. Жарысуға шыққан балалардың жауап бергені ғана алдыға бір қадам аттайды. Ал жауап бере алмай қалған балалардың тұрған жолының түстеріне сай асықтар лақтырылады, асығы бүк болған бала ойыннан шығады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті оқырмандар! Ал енді «Алтын сақа» ойынымызды бастайық. Бүгінгі тақырыбымыз Мұхтар Әуезов атамыздың «Абай жолы» романы. Қояйын деп отырған сұрақтарым романдағы әке мен баланың бір-бірімен қарым-қатынасы туралы. Мен үзінді оқимын, сендер сол үзіндіні жалғастырыңдар.

Енді біз біріншіден кім сайысқа түсетінін белгіліп алайық. Бірінші турымыздың аты «Кім жүйрік?» деп аталады: Бұл ойындағы сұрақтарымыз бастамамыз болғандықтан Абайдың оқудан ауылына қайтып келгендегі, сәлемдесуден алынады.
Сары конверттегі сұрақ: Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:

  • Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! – деді. (Анасы не себептен баласын біріншіден әкесіне жіберді? Бұл жағдайда Абай не істейді?)

Абай жалт қарады да, әкесін көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында екі-үш үлкен кісі бар - әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне тез бұрылды.
Жасыл конверттегі сұрақ: Құнанбай тез бұрылып сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Тұрған орнынан қозғалған жоқ. Баласын қасына да шақырмады. Азғантай уақыт Абайға қарап алып:

  • Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? – деді. Кекету ме, күдік пе? Немесе шынымен жай білгісі келгені ме? (Абай не деп жауап қайтарды?)

Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. Ол сабырлы, момын пішінмен:

  • Шүкірлік, әке, - біраз тұрады да, - ат барған соң, дәріс тәмам болмаса да, қазіреттің рұқсатын алып қайттым, - деді.


Көк конверттегі сұрақ: Кезек өз шешесіне келгенде, ол сүйген жоқ. (Ұлжан не істеді? Сөйлемді әрі қарай жалғастыр).

Қатты бір қысып, бауырына басып тұрды да, маңдайынан иіскеді. Абайдың әкесіндегі тартымды салқындық шешесіне де көптен бері мінез болған. Бала осыдан арғыны күтпеуші еді. Бірақ бауырына басқанның өзінде де Абайдың жүрегінде аса бір өзгеше жақындық білінді. Ана құшағы!
Қызыл конверттегі сұрақ: Әжеңе бар, әнеки! – деп, үлкен үйдің алдына қарай бұрып жіберді. Кәрі әжесі Зере бәйбіше таяғына сүйеніп, ұрысып тұр екен.

  • Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман неме! – дей беріп, қасына, құшағына немересі барғанда, «Жаман неменің» артынан лезде! - Қарашағым, қоңыр қозым... Абай...жаным... - деп кемсеңдеп, жылап, құшағына басты.


Екінші тур: «Алғыр бала» - деп аталады. Төрт бала ұтып шыққаннан кейін, жауап берген конверттің ішіндегі сұрақтарына түсіне сай жолдың тұсына барып тұрады. Осы төрт баланың арасында сайыс жүреді. Әр балаға 12 асықпен қоржындар беріледі. Сұрақ қойылады бірінші сұрақ берген бала бір адым аттап арбасын алдыға сүйреп шығады, ал жауап бере алмай қалған балалардың тұрған жолының түсіне сай асықтар алынып тасталып, қайсының асығы бүк болып құласа сол ойыннан шығып кетеді, асықтары басқа ойыншыларға бөлініп беріледі, қалған балалар бір қадам аттап алдыға шығады.
1. Сұрақ: Абай бұрынғы жас бала күнінде мұндайды аңғарып сезінген де, таныған да емес. Енді байқады. Көздің жасында адамды барлық өне бойымен өзіне қарай құлата тартқан бір өзгеше ыстық күш бар екен. Үлкен құз биіктің басына шыққанда, бір сәт ылдыйға қарай құлап кеткің келетін сияқты, өзіне тартқыш, ұғымсыз күш. Бала жүрегінде бұл шақта көп сезімінің алай-түлей құйыны соққандай. (Ол қандай сезім? Не себептен осы сезім пайда болды?)

Мұндай қорлықпен өлгендерге барынша жан ашыған мейірбандық та бар. Өлтіргендерге ыза мен қарғыс та бар. Сонымен бірге, әсіресе, бір-бірімен шарпысқан сезім «әке» деп жамандыққа қимау бар да және сол «әкеден» шошынып, үрку бар.
2. Сұрақ: Ізғұттыға қарап «қамыңа кіріс» дегендей белгі етті. Ол орнынан тұра бергенде Тәкежан, Ғабитхан, Оспан сияқты жастың бәрі ілесе тұрады. Абай да әке қасынан тұруға ыңғайланып еді. Құнанбай мұны тізесінен алақанымен ақырын басты да:

  • Жә, тапқаның мен танығаныңды сен мәлім етші балам: - деді. (Абайдың жауабы қандай?).


Жігіт көңілінде әкесінің жаңағы үлкен сөзіне, өмірде көптен бері

терең ашылып айтқан сырына лайық мұндағы өрен-жаран

көңілінен біраз сөз айтсам деген ойы бар еді.

  • Әке, бауырында өсіп, бірге жасасып келгенмен жақынға жақынның, қасиет сипаты бірден танылмайды. Бірте-бірте ашылады ғой. Бүрісіп тұрған бүрден бір сәт жалт етіп жайнаған гүл туады, бір шақ майыса толықсып миуа піседі. Жаңағы айтқан өсиет сөзіңіз сол өсер дүниеге берген батаңыз ғой. Алғыс айтып, қабыл тұттық. Аталық еңбегіңізді ақтап өсу біздің де мұратымыз болар, - дейді. Әкесінің өзі ғана түсінетіндей айтып, келте қайырады. Осылай айтқанын Құнанбай да мақұл көрген еді.

(Жауап берген бала алдыға бір қадам аттап, қалған екі баланың асығы тасталып, бүк болғаны ойыннан шығады. Шыққан баланың асығы сегізден екі балаға бөліп беріледі).


3. Сұрақ: Әкесінің ойы мен не айтатынын бұл күнде Абай оңай танитын болған. Жақыптың айтуынша, әке бастайтын іс бар. Екі арасын айыру керек. Балаға әкенің ісі де абырай әперді. Әкеден қиғаш кетіп, өздігімен кісілік іздеу балаға бедел бермейді екен. (Абайдың жауабы қандай?)
Абай мұны місе қылған жоқ. Баласының кісілігін ойлап, абыройлы болуын тілейтін әке мінезі де болды. «Өз ықтиярын, өз әмірін баласының мойнына, үнемі кесен қып тағып отырмайтыны да болады» деді.

(Сұраққа жауап берген бала, жеңілген құрбысының асықтарына ие болып, финалға шығады. Барлығы 40 асық болды, бұл асықтар ұпайға теңеледі).


Үшінші тур: «Тапқыр бала» деп аталады. Егер осы турдағы сұраққа жауап берсең, алған ұпайың екі есе көбейеді, ұтылып қалсаң, ұпайың екі есе қысқарады.
Сұрақ: Әкесіне күнбе күн оқып дерегін бүгін ғана емес, бұдан бұрын да айтқанды. Жолдағы елдердің өзгеше тірліктерін, географиялық жағдайларын, кәсіп, шаруа салттарын көп-көп әңгімелеген болатын. Құнанбай оның бәрін тыңдай отырып, Абайға іштей ырза боп еді.

Талай уақыттар ұғыспай, көңіл қарабайлығымен тоң-торыстау жүрсе де, осы шақта бір үлкен жұбаныш тапқандай боп бара жатыр. Мұны Ұлжанға айтқан бір сөзінде... (Ол қандай сөз?)


- Артымда кім қалды дер болсам, тиянақ-сүйенішім жоқ емес. Жолы менің жолымнан басқа болса да, сенің балаң тірегім! Алдынан жарылғасын. Енді өзі дегенін етіп-ақ көрсін. Тарпаң ақыл айтып, шаужайламаңдар! – деген болатын. Осымен әке-бала екеуі ендігі тіршілік ұзаққа ма, мәңгіге ме, айыратын кезеңге жеткенде арыздасып айырылысты.

Ал, балалар 3 турдан тұратын «Алтын сақа» ойыны аяқталды.

Ал енді бәріміз, «Абай жолы» романына байланысты, қорытынды сергіту сұрақтарына жауап берейік:


  1. А. Құнанбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

( 1845 ж. Семей облысы, Абай

ауданы, Шыңғыстау бөктерінде)



  1. Абайды «Қазақтың бас ақыны» деген кім?

( А. Байтұрсынов)

  1. Абайды екі шешесінің ортасында жүргендіктен кім деп атаған?

( Телғара)

  1. Абайдың әжесінің есімі?

( Зере)

5.Құнанбайдың балаларын ата?

(Құдайберді, Тәңірберді, Абай,

Ысқақ, Оспан, Халиолла, Ысмағұл)

6.М. Әуезов қай жылдары өмір сүрді?

( 1897 – 1961ж.)

7. М.Әуезовтың қандай пьесасы алғаш Әйгерімнің отауында қойылды?

( «Еңлік – Кебек».)

8. Мағауия Абайұлының шығармасын ата?

(«Медғат – Қасым» поэмасы.)

9. Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан шығарма қандай?

( М. Әуезовтың « Абай жолы»

роман эпопеясы.

Ал, егер мына сөзжұмбақты дұрыс шешсеңіздер, қазақтың ұлы ақынының атын оқисыздар.



  1. Қазақ халқының ең жақсы қасиеттерінің бірі

  2. Ерте гүлдейтін гүл

  3. Ел ордасы

  4. Алғаш мектеп ашқан адам






















А


























Б























А


























Й









Жауаптары:

1. Қонақжай.

2. Бақбақ.

3. Астана.

4. Ыбырай.

Осы «Алтын сақа» ойынынан басқа,


«ӨЛДІ ДЕУГЕ СЫЯ МА ОЙЛАҢДАРШЫ;

ӨЛМЕЙТҰҒЫН АРТЫНДА СӨЗ ҚАЛДЫРҒАН - деген атпен 8-9 сыныптарға оқырмандар конференциясын өткізуге болады.
Конференцияның тақырыптар жобасы:


  1. Абай – қазақ әдебиетінің классигі.

  2. Абайдың нақыл сөздерінің мәні мен мағынасы.

  3. Абайдың музыкалық мұрасы.

  4. Абай және шығыс, орыс әдебиеті.

  5. Абай – дана, Абай – дара қазақта.

ҰЛАҒАТ СӨЗДЕР

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!



Н.Ә.Назарбаев

Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын!



Н.Ә.Назарбаев

Әйел өзін сенімді сезінген жерде отбасы да берік, балаларының болашағы да жарқын.



Н.Ә.Назарбаев

Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.



Н.Ә.Назарбаев

Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.

Абай

Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.



А.С.Макаренко

Жақсы семьяда жазалау деген атымен болмайды. Ал бұл – семья тәрбиесінің ең дұрыс жолы.



А.С.Макаренко
Ана үшін аянба – ант ұрады,

Бала үшін аянба – бетің күйеді.

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.



Б. Момышұлы
Инабатты болса - әйел көрікті,

Ақ сақал жарасса – шал көрікті,

Сүйікті болса – ағайын көрікті,

Үлкен шаңырақтың жанында отау көрікті,

Жібек шатырдың жібі көрікті,

Өнегелі болса – бала көрікті.



Қорқыт баба

Әйел-Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.



М. Жұмабаев
Ата-ананы ұмытқан жас - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.

Ғ.Мұстафин.
Ата-бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі.

А.С.Пушкин
Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы; жаманы – қайғысы, азап-соры.

В.А.Сухомлинский
Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.

Ы.Алтынсарин

Ұлым, саған айтам...

Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе. Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке сәлем беруге тиіс.

Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс.

Үйге кісі келсе орныңнан тұрып жайдары қарсы ал, киімін іл, төрге шығар. Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды салма.

С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»
Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылық та адам бойына нақ сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе, өніп шығады. Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады.

С.В.Михалков
...Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың.

В.А.Сухомлинский
Баққан ұлдан сәл талса назарың –

Түбі соның тарттым дей бер азабын.


Тәрбиесіз бала білім ұғар ма? –

Олай болса уысыңнан шығарма.


Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.


Соңыра күн қалмау үшін табаға,

Жөнге салып, ие болған балаға.


Ұл ұдайы ізетті боп тұрса егер –

Әке-шеше жүзі жайнап нұр себер.


Жас кезінде білім берсең қалай да –

Өсе келе қолы жетер талайға.


Ақылсыз адам өкінішпен қартаяр,

Есті адам қайғырмай-ақ қартаяр.


Мың жасауға да болады,

Он сегіз жасауға да болады.


Қатал ұста, бос жүрмесін сандалып,

Тәртіп болса, өсер бала сомдалып.


Ұл, қыздан да жаман мінез шығады,

Қырсық қылық тек әкеден жұғады.



Жүсіп Баласағұн
Үлкен алдында жас қарызы,

Ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый.



Мұхтар Әуезов
Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің,

Ағайынның қадірін, жалалы болғанда білерсің.



Шал ақын.



: ld
ld -> Сабақ тақырыбы, мақсаты Сабақ үрдісінде қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер Сабақтың нәтижесі
ld -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қарсы мәндес сын есімдердің жасалу
ld -> Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев.
ld -> Қазақ мемлекеттік қыздар
ld -> 1. Отбасын таныстыру. Қай істеде өнер қолдан өнерлі адам жеңер болған
ld -> Мұқағали Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі Опечатка
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ана өмір гүлі


1   2   3   4   5


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет