Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Зат есімнің сөйлемдегі қызметі Бастауыш, анықтауыш Атау тұлғалы екі зат есім қатар айтылған жағдайда алдыңғысы анықтауыш қызметін атқарады. Оның



жүктеу 41.86 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі41.86 Kb.
түріРеферат

www.РЕФЕРАТ.kz Қазақша рефераттар сайты

Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Бастауыш, анықтауыш

Атау тұлғалы екі зат есім қатар айтылған жағдайда алдыңғысы анықтауыш қызметін атқарады. Оның елтірі тымағы бар.

Қолдану ерекшелігіне қарай зат есім пысықтауыш болады. Жасымда ғылым бар деп ескермедім.


Еліктеу сөздер

Еңк-ең, еңк-елең



аң ң

бұлт алаң былға



ың лаң

аң

торс алаң ең



ир

ың елең

жып ылың

ық

Ол жан-жаққа жалтаң қағып қарай берді.

Жалтаң қағып күрделі тіркес қалай? Деген сұраққа жауап беріп, күрделі қимыл-сын пысықтауыш қызметінде жұмсалап тұр.

Еліктеуіш сөздер көмекші етістіктердіңтиянақты формаларымен тіркесіп қолданылса, онда баяндауыш қызметін атқарады. М, селтең ете түсті.


Е. Мергенбаев. Қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесі. А, Санат, 1994-127б

Лексикалық мағына – объективтік заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнеленуін, яғни сөздің ішкі мазмұны мен мағынасын білдіреді. Лексикалық мағына – тілдің лексикалық құрамына еніп, семантикалық шеңбері әбден анықталған мағынасы.

«Сөз таптары» деген лингвистикалық ұғым негізінде тілдің күнделікті өмірде атқаратын қызметіне байланысты, нақтылы сөздерді топтастыру үшін жасалған. Сондықтан кез-келген сөз табы тілдің тікелей функциясымен байланысты.

Функция деген ұғым екі түрлі аспектіге бөлінеді: мүмкіндік пен мақсатты. Екіншісі – тілдік материалдың белгілі бір мақсатқа, ойға (пікірге, ниетке) байланысты айтылатындығы. Ал мүмкіндік деген түрі – сол мақсатты тілдік единицалар арқылы қалай жүзеге асыра алатындығы.

Мағына дегеніміз – тұлғаның белгілік (знаковой) мазмұны, яғни тұлғаға тән жүйелі мазмұнның ішкі сипаты болып табылады.

О. Есперсен (ағылшын) функцияны «форма – функция – понятие» деген үш тағанның орталық түрі деп есептеледі.

Л.В. Щерба «стол, медведь» деген сөздерді септегенде, біз олардың зат есім болғандығына қарай емес, зат есім деп саналатындығымызға байланысты септейміз дейді. (Щерба, 1974).

Тілде бір сөз табына емес, бірнеше сөз табына қатысты лексикалық единицалар кездеседі. Сөз таптары да тарихи құбылыс. Мысалы, белгілі бір сөз табына біржола телінбеген, қызметі «жылжымалы» единицалар да кездесуі мүмкін. Оларға қазақ тіліндегі модаль сөздер мен түркі тілдеріндегі бейтарап сөздер жатады. Мысалы, керек, лазым, бар, жоқ т.б.

Қазақ тіліндегі сөз таптарының тұрақталып айқындалуы және олардың ұнасымды бір тәртіпке түсірілуіне Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов т.б. ерекше үлес қосты.

Тілдің даму процесінде кейбір сөз таптары жаңадан қалыптасып жататын болса, кейбір сөздер өз табының жалпы грамматикалық мағынасынан қол үзіп, басқа сөз таптарына да қосыла алмайтындай, аралық сипатта жүретін жайттары да кездеседі. Мысалы, «бейтарап» немесе «модаль сөздердің» жайы осындай. Модаль сөздерді бір ізге түсіріп, жүйелейтін тұрақты бірыңғай белгі жоқ. Олардың шығу төркіні мен өзінше бір грамматикалық категория болып қалыптасу ерекшеліктері, морфологиялық және синтаксистік белгілері тұрақталмаған. Мұндай сөздердің сыр-сипаттары тек қана қазақ тілінде емес, жалпы түркітануда соңғы жылдары ғана қолға алына бастады.

Есім сөзөзгерім категориясына есім сөз таптарына тән сөзөзгерім грамматикалық тұлғалар жатады. Осындай тұлғалар іштей екі түрге бөлінеді: біріншісі – сөзге функционалды – грамматикалық мағынасын үстейтін тұлғажасам қосымшалар, екіншісі – сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін айтылатын таза грамматикалық сөзбайлам қосымшалар. Бұлардың қай-қайсысы болсын өзінің қосылған сөзінен жаңа лексикалық мағына тудыра алмайды. Сөзөзгерімдік тұлғажасам түріне зат есімнің экспрессивті-эмоционалды жұрнақтары мен сын есімнің шырай категориясын жасаушы функционалды-грамматикалық тұлғажасам жұрнақтары, сан есімнің және үстеудің кейбір тұлғажасам жұрнақтары жатады. Екінші сөзбайлам түріне зат есімге (немесе субстантивтенген басқа да сөз таптарына) жалғанған көптік, септік, тәуелдік және жіктік жалғаулары жатады.

Тұлғажасам қосымшалар – түбір негіздер мен туынды негіздермен қосылып, жаңа сөзтұлғасын жасайтын қосымша грамматикалық морфемалар қатарына жатады. Олар көбіне түбір негіздерге тікелей немесе сөзжасам жұрнақтардан соң қосылады. Ол сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстейді. Сөздің сөйлемдегі қызметіне тікелей байланысты болғандықтан, тұлғажасам қосымшалар функционалды-грамматикалық қосымшалар деп аталады.

Зат есімнің тұлғажасам қосымшалары өзі қосылып отырған зат есімдерге әр түрлі еркелету, құрметтеу, ұлғайту, кішірейту, мысқылдау, келемеж ету сияқты грамматикалық мағыналар үстеу үшін қолданылады. Мұны Ысқақов «Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар деп көрсетеді: бұлардың ішінде сөзжасам жұрнақтары да аталып кеткен сияқты (Мергенбаев).

-қан, -ақан (ботақан, қошақан)

-шық, -шік (қапшық, түйіршік) сөзжасам қосымшалары

-ша, -ше (сұрша, өгізше)

-шақ, -шек(құлыншақ, келіншек) (інішек-те тұлғажасам қосымшасы)

-ш –серкеш, бикеш

қалқаш, көкеш

Дегенмен, автордың оқулықта келтіріп отырғаны түгелдей реңк мәнін тудыратын жұрнақтар.


Сын есімге тән тұлғажасам қосымшалар.

-рақ, -рек, -ырақ, -ірек (ұзынырақ, биігірек)

-лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу. Бұл жұрнақ негізгі және туынды сын есімдерге тікелей қосылып сипаттала береді: нашарлау, сөзшеңдеу, кішілеу.
Сан есімнің тұлғажасам қосымшалары

-ыншы, -інші, -ншы, -нші. Бұлар арқылы жаңа сөз жасалып тұрған жоқ, заттың ретін анықтайтын жаңа тұлға ғана жасалып тұр.


Үстеуге тән тұлғажасам қосымшалары

-дайын, -дейін, -тайын, -тейін: сұңқардайын, болаттайын, теңіздеін. Бұл жұрнақ фольклорлық текстерде өте жиі қолданылады.



-лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп:(мөлшер үстеуінің грамматикалық мағынасын анықтаушы) отыздап, қырықтап т.б.

-майынша, -мейінше: көрмейінше, алмайынша, бермейінше
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Әжем осындай адам
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты ХХ ғасыр мәдениеті дамуының негізгі тенденциялары
2015 -> Олимпиада по предмету «история казахстана» 5 класс тест
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары. (1835-1865)
2015 -> Разработка и паспортизация новых туристических маршрутов по Республике Дагестан в рамках реализации Международного историко-культурного проекта стран СНГ и Китая «Великий шелковый путь»
2015 -> "Вклад арабских ученых в развитие науки в средние века"
2015 -> Тест тапсырмалары Ерте темір дәуіріне шолу Ерте темір дәуірінің кезеңі
2015 -> Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар. Оған төмендегідей құжаттар жатады үкім, өкім




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет