Рефлексивті есеп «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: Критериалды бағалау – оқушы білімін нақты бағалау»



жүктеу 16.75 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі16.75 Kb.
Рефлексивті есеп

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: Критериалды бағалау – оқушы білімін нақты бағалау» тақырыбында 08.04.15 күні коучинг өткіздім.

Негізгі мақсаты: Критериалды бағалау туралы түсініктерін кеңейту.

Негізгі идеясы: Критериалды бағалау дегеніміз не? Дескриптор не үшін керек?

Аудиторияда отырған мұғалімдермен жағымды психологиялық ахуал тудыру үшін «Сіз қандайсың?» атты тренинг өткізу арқылы өзіме назар аудартым.

Теория жүзінде «Бағалау» туралы және 7 сыныптың өздік жұмысына қойылған «критерий» мен «дескрипторын» экраннан көрсету арқылы анықтап түсіндірдім. Әрине, бұл жерде көп мұғалім жете түсіне алмады.

Практика жүзінде үш топқа бөлінген мұғалімдерге топ атауларын беріп, топтық жұмыс ұйымдастырдым. Топтар атауларына байланысты құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілді. «Ауыл мектебі» ең аз құралмен жабдықталса, «Зияткерлік мектебі» ең көп құралмен жабдықталды. Бірақ бағалау кезінде критерий бірдей қойылды. Нәтижесінде барлық топ «4» деген бағаға лайық жұмыс атқарылды. Үш түрлі жұмыстың, «Ауыл мектебінің» жұмысы ең нашары болса, «Зияткерлік мектебінің» жұмысы ең көріктісі болды. Неге баға бірдей деген сұрақ туындады? Пікірталастар болды.

c:\users\админ\desktop\суреттер азаматтан\img-20150505-wa0005.jpg c:\users\админ\desktop\суреттер азаматтан\img-20150505-wa0006.jpg

c:\users\админ\desktop\суреттер азаматтан\img-20150505-wa0000.jpg c:\users\админ\desktop\суреттер азаматтан\img-20150409-wa0014.jpg

Мұндағы мақсатым қайда оқыса да оқушы бағасы «5», «4», «3» және «2» бағамен бағаланады. Дарынды мектебі немесе Зияткерлік мектебінің оқушысы мен ауыл мектебі оқушысының білімдері бірдей емес. Сондықтан оқушыларды сынып оқушыларымен салыстыра отырып бағалайтынымыз рас.

Оқу нәтижесі: Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалаудың тиімділігін ұғынды. Дескриптор құрудың жолдарын үйренді.

Кері байланыс: «Коучинг ұнады», «Коучинг қызықты әрі мағыналы өтті», «Бүгінгі коучинг өте жақсы, ерекше өтті. Бағалау критерилерін үйрендім. Салыстыра отырып бағалау өте ұнады» деген т.б. пікірлер болды.



Коучингтен шыққан мұғалімдер өз әсерлерін бөлісіп, рахметтерің білдіріп жатты.

Кері байланыстан алған жауап арқылы коучингтің негізгі мақсатына жеттім деп ойлаймын.




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет