Республикада сот төрелігін жүзеге асырудың 2013 жылғы қорытындылары туралы



жүктеу 100.92 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі100.92 Kb.
Республикада сот төрелігін жүзеге асырудың

2013 жылғы қорытындылары туралы
Соттардың 2013 жылғы қызметiн талдау елдегi сот төрелiгiн жүзеге асырудың сапасы тұрақты екенін көрсетті.

Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінің (БААТЖ) деректері бойынша 2013 жылы Республиканың аудандық және оған теңестірілген соттарына барлығы 1 123 025 арыз бен іс, соның ішінде 659 876 азаматтық, 415 086 әкімшілік және 48 063 қылмыстық іс келіп түсті. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 139 660 іске немесе 14,2%-ға артық (983 365 арыз бен іс, соның ішінде 597 307 азаматтық, 342 857 әкімшілік және 43 201 қылмыстық іс).

Осы кезең ішінде 992 758 істі жүргізу аяқталды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 15,5%-ға көп (859 413). Атап айтқанда, 558 779 азаматтық істі қарауды аяқтады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 10,7%-ға көп (504 562). Шешім шығарылып 367 658 іс қаралды (2012 жылы – 310 368).

Баламалы тәсілдерді қолданып шешумен аяқталған азаматтық істердің саны – 10 613 істі құрады. Соның ішінде 9 337 іс бойынша бітімгершілік келісім жасалды, 1 276 іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды (2012 жылы – 9730 және 122 сәйкесінше).

Осылайша, медиациямен аяқталған азаматтық істердің саны 2012 жылмен салыстырғанда 10 есеге көбейді.

47 460 қылмыстық iс аяқталды, бұл 2012 жылғы көрсеткiштен 8,7%-ға көп (43 676). 27 477 адамға қатысты 21 832 қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылды, соның ішінде 510 адам ақталды (2012 жылы – 23 327 адамға қатысты 18 234 қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылды, соның ішінде 400 адам ақталды).

Есепті кезең ішінде соттар барлығы 26 967 тұлғаны соттаған, соның ішінде 10 514 тұлға немесе 39% бас бостандығынан айырылған (2012 жылы 22 927 тұлға сотталған, соның ішінде 9 881 тұлға немесе 43,1% бас бостандығынан айырылған).  10 345 адамға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалды, 4 483 адам шартты түрде сотталды (2012 жылы – 6 870 адам бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылды, 4 228 адам шартты түрде сотталды).

Осылайша, өткен жылы бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғалардың үлестік салмағы жалпы 4,1%-ға азайды.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар барлығы 22 207 істі, соның ішінде 7 278 азаматтық, 2 759 қылмыстық, 12 170 әкімшілік істі (2012 жылы – 8 008 іс, соның ішінде 3 429 азаматтық, 1 255 қылмыстық, 3 324 әкімшілік) қарады.

Сотталған кәмелетке толмаған адамдардың саны 2012 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға азайды (1 165-тен 1 063-ке дейін). Осы ретте бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмаған адамдардың үлесі 3,8%-ға (15,7%-ден 19,5%-ға дейін) көбейді.

Есепті кезең ішінде алқабилердің қатысуымен қарастырылған істердің саны 289-дан 198-ге дейін немесе 31 %-ға азайды. Солардың ішінде 322 адамға қатысты 190 іс бойынша үкім шығарылды (2012 жылы – 379 адамға қатысты 276 іс). 33 тұлға ақталды, 2012 жылдың қорытындыларымен салыстырғанда 37%-ға (24) артық.

Соттар жұмысының негізгі бағыттарының бірі қылмыстық ізге түсу органдарының адамның жеке басының бостандығына конституциялық құқықтарын сақтауын сот арқылы бақылау болып табылады.

Есепті кезең ішінде соттар қамауға санкция беру туралы, қамау мерзімін ұзарту туралы, бұлтартпау шарасының күшін жою және өзгерту туралы 18 857 өтiнiшті қарады, солардың ішінде 17 970 өтініш немесе 95,3%-ы қанағаттандырылды (2012 жылы – 18 870 өтініш қаралды, солардың ішінде 18 024 немесе 95,5 %-ы қанағаттандырылған).

Соттар қараған әкiмшiлiк iстердiң саны 2012 жылмен салыстырғанда 24,2%-ға көбейді және 386 519 iстi (311 175) құрады.

Іс жүргізу мерзімі бұзылып барлығы 259 азаматтық іс немесе 0,05%, әкiмшiлiк және қылмыстық істерді қарау кезінде іс жүргізу мерзімдері бұзылған жоқ (2012 жылы – 14 азаматтық немесе 0,003%, 3 әкімшілік іс немесе 0,001%).

Процессуалдық мерзімдері бұзыла отырып қаралған 259 істің ішінен, 258 іс Алматы қаласының соттарында қаралған. Өткізілген тексеріспен көбінесе әдеттегідей 2 күннен 11 күнге дейінгі мерзімде бұзушылықтар анықталды, ал оның себебі судьялардың жоғары жүктемесі болып табылады.

Жалпы қаралған істердің санының көбеюіне қарамастан, жоғарғы сатыда жойылған және өзгертілген сот актілерінің үлесі бұрынғыша 1,4%.

Бұл ретте азаматтық істер бойынша 3 405 шешімнің күші жойылды, бұл шығарылған шешімдердің жалпы санының 0,9%-ын құрайды, 4 689 шешім өзгертілді немесе 1,3% (2012 жылы – 2 889 шешімнің күші жойылды немесе 0,9%, 4 411 шешім өзгертілді немесе 1,4%).

Қылмыстық істер бойынша 292 адамға қатысты немесе үкімдердің 0,6%-ының күші жойылды, 2 220 адамға қатысты немесе үкімдердің 4,3%-ы өзгертілді (2012 жылы - 324 адамға қатысты немесе 0,7% үкімнің күші жойылды, 1 127 адамға қатысты өзгертілді немесе 2,4%).

Әкімшілік істер бойынша 373 қаулының күші жойылды немесе 0,1%, 365 қаулы өзгертілді немесе 0,1% (2012 жылы - 318 қаулының күші жойылды немесе 0,1%, 323 қаулы өзгертілді немесе 0,1%).

Осылайша, 2012 жылмен салыстырғанда азаматтық істер бойынша жойылған және өзгертілген шешімдердің үлесі 0,2%-ға азайып, жалпы санынан тиісінше 2,2%-ды құрады. Ал, қылмыстық істер бойынша жойылған және өзгертілген үкімдердің үлес салмағы 1,9%-ға көбейіп, қылмыстық істердің жалпы санынан тиісінше 4,9%-ды құрады.

Әкімшілік істер бойынша күші жойылған және өзгертілген қаулылардың үлес салмағы сол деңгейде қалды және 0,2%-ды құрды.

Жалпы республика бойынша қабылданған сот актілерінің 98,6%-ы заңды әрі негізді деп танылып отыр.

Нормашығармашылық қызметі туралы.

Жоғарғы Сот Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарына сәйкес мынадай заң жобасын әзірлеп, Парламент Мәжілісіне енгізді:

- «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасы. Ол судья лауазымдарына кандидаттарды конкурстық іріктеу рәсімін жетілдіруге; кандидаттарды судья лауазымдарына іріктеу кезінде жұртшылықтың рөлін арттыруға; басшы судья лауазымдарына кадр резервінің мәнін арттыруға

бағытталған;

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін жүзеге асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы.

Жаңа Азаматтық іс-жүргізу кодексі жобасының дайындалуына және Парламент депутаттарынан сайлау туралы заңды концептуалды өзгерту жөнінде ұсыныс түсуіне байланысты Парламент Мәжілісіне енгізілген «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер енгiзу туралы» Конституциялық заңның және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңының жобалары Үкіметтің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1449 және № 1450 қаулыларымен Парламенттен кері қайтарылып алынды.

Өткен жылдың 20 қарашасында Республика судьяларының кезекті VI съезі болып өтті, онда сот жүйесінің жағдайы мен келешегі, сот төрелігінің тиімділігін алдағы уақытта көтерудің жолдары, елдің сот қауымдастығы қызметінің қорытындысы жөнінде маңызды мәселелер талқыланды. Президент Әкімшілігінің Басшысымен Республика судьяларының VI съезінде Мемлекет Басшысының қойған талаптарын іске асыру үшін шаралар Жоспары дайындалып, бекітілді.

Сот практикасының өзекті мәселелерін түсiндiру мақсатында: салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы; мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелерін реттейтін заңнаманың кейбір нормаларын қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану туралы; шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу істерін қараудың сот практикасы туралы; қылмыстық істер бойынша қолданыстағы бес нормативтік қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жоғарғы Сот төрт нормативтік қаулыны қабылдады.

Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарына сәйкес қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің өзекті санаттары бойынша сот практикасына қорытулар жасады.

Соттардың ашықтығын және жариялылығын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл шаралары жүзеге асырылуда.

Есепті кезең ішінде Жоғарғы және жергілікті соттар судьяларының және баспасөз қызметтерінің қатысуымен орталық және өңірлік деңгейде баспасөзде және электрондық басылымдарда 16 305 мақала жарияланды, 4 816 судья мен сот қызметкерлерінің теледидар және радиода сөз сөйлеуі ұйымдастырылды, 1 710 баспасөз конференциясы мен брифингтер өткізілді. 1 409 «Ашық есік күнін» ұйымдастырды, оларға 9 105 азамат қатысты.

«Қазақстан» ТРК басшылығының келісімі бойынша облыстық және оған теңестірілген соттардың баспасөз қызметтері жергілікті «Қазақстан» Республикалық теле-радио корпорациясының эфирінде сот қызметі туралы 16 репортаж ұйымдастырып, көрсетті. Өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында облыстарда теледидар арналарынан сот жүйесінің имиджін қөтеруге арналған 8 бейнеролик көрсетілді.

Сот-құқықтық тақырыптарына арналған шығармашылық ұжыммен одан әрі тұрақты негізде жұмыс жасау мақсатында «Сот репортажы» және «Қылмыс пен жаза» («Қазақстан»), «Черный квадрат» («КТК») ақпараттық порталдармен байланыс жолға қойылды.

Республика соттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына Медиа-жоспар бекітілді. Бұл Медиа-жоспарда соттардың жұмысын көрсету және Судьялардың VI съезінде Мемлекет Басшысы белгілеген тапсырмаларды жүзеге асыру шаралары қарастырылған.

Қазіргі уақытта Жоғарғы Сот сот жүйесінің беделін көтеруге және азаматтардың Фемида қызметкерлеріне деген сенімін нығайтуға бағытталған БАҚ-пен өзара іс-қимыл Тұжырымдамасының жобасын дайындауда.

Бұдан басқа, Судьялар одағының Орталық кеңесі Қазақстанның Журналистер одағымен және «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық қорымен бірлесіп республика бойынша сот қызметін көрсетудің үздігі байқауы ұйымдастырылды.

Соттардың қызметіне ақпараттық технологиялардың жетістігін енгізу және қолдану жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда.

Республиканың барлық соттарында электрондық сот ісін жүргізу (е-сот) енгізілді. 2013 жылы «электрондық үкімет» порталы арқылы түскен электрондық талап арыздардың, сот хаттамасын электрондық түрде беру туралы өтініштердің, хаттамаға ескертулердің 17 539 тіркелді, бұл 2012 жылға қарағанда 5 есе көп (3 015). Сонымен қатар, өткен жылы Жоғарғы Соттың Байланыс-орталығына 551 шағым түсті.

Сот отырыстары залдарын сот процесін техникалық жазба жүйелерімен жабдықтау 58,7%-ды құрайды (2012 жылы – 47,7%). Үлестік санының арту себебі 2013 жылы соттарда 56 аудио-бейне жазуды орнатумен байланысты.

Сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кеңінен қолдануды қамтамасыз ету мақсатында «Сот құжаттарының электрондық мұрағатын құру» бюджеттік инвестициялық жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңі аяқталу сатысында тұр.

SMS-хабарлама арқылы Республика соттарына шақырулар жіберу бойынша сот ісіне қатысушылардың баламалы (электрондық) форматта хабарландырылуын енгізу жобасы жүзеге асырылды. Мәселен, есеп беру кезеңінде жергілікті соттар сот ісіне қатысушыларға 234 930 хабарлама жіберді.

Жоғарғы Соттың ғаламтор ресурсын жаңарту жетілдірілген платформада жүргізіліп жатыр. Жергілікті соттардың Интернет-ресурстарын жетілдіру жоспарлануда.

Сот өндірісіне қатысушылардың істің қозғалысы туралы жедел ақпарат алуы, шығарылған сот актілерімен танысуы мақсатында 2013 жылғы тамыздан бастап республиканың барлық соттарында «Электрондық бақылау өндірісі» пилоттық жобасы іске асырылуда.

Жоғарғы Соттың басқа шет елдердің сот органдарымен ынтымақтастығы туралы.

Осы кезең ішінде Жоғарғы Сот делегациясы 20-23 ақпанда Мәскеуде өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Жоғарғы Сот Төрағаларының кезекті (сегізінші) кеңесін, 29 наурызда Минскіде (Беларусь Республикасы) өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты Пленумының кезекті отырысын және 21 тамызда Киевте (Украина) өткен экономика саласындағы даулар бойынша істерді шешетін жоғары төрелік, шаруашылық, экономикалық және басқа да соттардың төрағалары Кеңесінің кезекті (оныншы) отырысының жұмысына қатысты.



Өткен жылдың қыркүйек айында 2013-2014 жылдар аралығындағы ДЭФ БҚЖИ рейтингісі жарияланды. Бұл жөнінде «Сот тәуелсіздігі» индикаторы бойынша Қазақстан 88 орынға ие болды, ал арғы жылы 94 орында болған еді. Осыған орай, аталған көрсеткіштер 6 деңгейге көтерілді.

Бұл ретте Қазақстанның көрсеткіші жоспарланған 92 орынмен салыстырғанда 4 деңгейге жақсарды. Бұл жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында қабылданған іс-шаралардың тиімділігін растайды.
: sites -> default -> files
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
files -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
files -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
files -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
files -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
files -> Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 жббом қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
files -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет