С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.)



жүктеу 4.03 Mb.
бет10/23
Дата20.06.2016
өлшемі4.03 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

10. Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):

Когнитивті білім компетенциясы бойынша

1.Сыртқы ортаны қанша өлшеммен өлшейді?

2.Стратегиялық жоспар деген не?

3.Үкімет іскерлік мәселесіне қалай қарайды?

4.Нарықтың сыртқы ортаға әсері қандай?

Операционалды дағды компетенциясы бойынша
4 –тапсырма. Төмендегі ситуациялық сұраққа жауап беріңіз:

Сіз тәжірибелі кәсіпкерсіз,

Сіз басқаратын кәсіпорын қызмет көрсету рыногында өзіне тиісті орынды алып,тұтынушылардың көңілінен шықты. Шағын бизнеспен айналысамын деген адамдарға қандай ақыл-кеңес бере аласыз?

Когнитивті білім компетенциясы бойынша


  1. – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның шығуына не себеп болды?

- ... ... ...........

– Осы келеңсіз құбылыспен жүргізген күрес нәтижелі болу үшін қандай іс-әрекет жоспарланған?



  • ... ... .........

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің экономикалық қыры туралы не айтылады?

  • ... ... .........

  • Мемлекетіміздің құқық қорғау органдары осы жұмаспен бұрыннан айналысып жүр. Олар жүргізген күрес неліктен нәтижесіз болып шықты?

  • ... ... .........

  • Сіздің ойыңызша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес неден басталуы керек?

  • ... ... ..........


10. Негізгі әдебеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 13-15 бет

2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 10-11бет

3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 66-68 бет

4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 304-306

5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 7-10 беттер


Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

25 тақырып: Жұмыс жасау және іске асыру

Құрмалас сөйлем

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай


  1. Сабақтың тақырыбы: Жұмыс жасау және іске асыру

Құрмалас сөйлем


  1. Мақсаты: Мәтін арқылы жаңа сөздерді меңгерту. Метінде кездесетін жаңа сөздерді үйрету. Студенттердің мамандыққа байланысты сөздік қорын байыту. Грамматикалық тақырыпты ереже мен мысалдар арқылы меңгерту.




  1. Міндеті:

  1. Когнитивті біліктілік компетенциясы бойынша сауатты жазуын қалыптастыру. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын практикалық жолмен меңгерту. Мәтін бойынша жаңа сөздерді игерту.

  2. Операционалды дағды компетенциясы бойынша лексикалық және грамматикалық ерекшеліктердің қолдануын кеңейту. Сөйлемді құруда және жазуда белгілі бір заңдылықтарды еске ала отырып орындау. Еркін аударма жасауға үйрену. Мәтінді түсіне отырып, оқылым, айтылым, жазылымды қалыптастыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша әдебиеттерді дұрыс таңдап пайдалану. Дұрыс сөйлеуге үйрету. Еркін шығармашылық қарым-қатынас орнату.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенция бойынша сөйлеу, жазу, оқу, айту дағдысын қалыптастырып, дамыту.




  1. Негізгі ұғымдар.

Грамматикалық тақырып бойынша бойынша:

  1. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы туралы мәлімет беру.

Лексикалық тақырып бойынша:



  1. Ой еңбегі мен дене еңбегіндегі айырмашылықтар.

  2. Жұмыс жасау барысындағы бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялық шектеулер.

  3. Кәсіпорындардағы жұмыс жасау және оны басқару мәселесі.


5. Сабақты өткізу жоспары:

  1. Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.

  2. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

  3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

  1. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

  2. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

  1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

  2. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

  3. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.


7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8.Тапсырмалар:

1-жаттығу. Берілген сөздерді дұрыс оқып, бірнеше сөз тіркесін құрыңыздар.

Маман, мамандық, мамандану, мамандандырылған, тәжірибе, өндіріс, өнеркәсіп, айналысу, шұғылдану, қызығу, құрметтеу, бағалау.


2-жаттығу. Көшіріп, құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіздер.

  1. Жолаушы билет сатып алды, вокзалға келіп жүгін өткізді, өз вагонына келіп отырды. 2. Мен телефонмен Амантаймен сөйлестім және Амантайға телеграмма салдым. 3. Бағдат ертең Қарағандыдан поезбен келеді, сондықтан біз оны сағат үште қарсы аламыз. 4. Жаз бітті, күз басталды. 5. Олар өлең айтты, біз би биледік.


3-жаттығу. Төмендегі сөз тіркестерінен құрмалас сөйлем құрап жазыңыздар.

Мәжіліс төрағасы, кеңес беру, мәселені талқылау, жобаны бекіту, оқып үйрену, ғылыми жетістік.


4-жаттығу. Берілген құрмалас сөйлемді үш жақта жекеше, көпше түрде жіктеп қолданыңыз.

І жақ. Мен кеше кәсіпорын жиналысына келмедім, себебі ұйымдастыру бөліміндегі қызметкерлер хабарландыруды дер кезінде ілмеген.

ІІ жақ. Сен кеше _______________________

Сіз кеше________________________

ІІІ жақ Ол ____________________________
І жақ Біз кеше ___________________________

ІІ жақ Сендер кеше _______________________

Сіздер кеше _______________________

ІІІ жақ Олар кеше ________________________


1-тапсырма. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Еңбекті бөлісу, жұмыс өнімділігі, әрекет ету, жұмыскердің орны, бөлімшелерге орналастыру, құжаттар әзірлеу, өндірісті ұйымдастыру.


2-тапсырма. Қол сөзі бар тіркестердің санын 10-ға дейін көбейте аласыз ба?

Қол қою, тараптардың қолы, қол қойылды, ...


3-тапсырма. Мәтінді оқып, мағынасына қарай 3 бөлікке бөліп әрқайсысына тақырып қойыңыз.

Еңбекті мамандандыру мен бөлісу адамдар жұмысының өнімділігін едәуір арттыратындығы белгілі. Әркім өз міндетін айқын түсініп, қоян-қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз. Осыған орай ұйымдастыру функциясының міндеті, еңбек әрекеті элементтері мен олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен ролін белгілеу, оларды бөлімшелер мен звеноларға орналастыру, бұлардың бірлескен әрекетін мұқият ұйымдастыру, аппараттағылардың барлығының, жекелеген қызметшілер мен жұмыскерлердің іс-әрекетін белгілейтін құжаттар (документтер) әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Ұйымдастыруды басқару функциясы өндірісті ұйымдастырудың белгілі алты принципі бойынша құрылады: мамандандыру, пропорционалдық, параллелдік (қатарластық), дәлділік, үздіксіздік және ырғақтылық.

Ұйымдастырудың өзі адамдардың бірлескен іс-қимылын бейнелейді. Бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік шектеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін бірігуге, бірлесіп әрекет етуге мәжбүр болады. Мұндай бірлесу көп жағдайда қолайлы болуы, әрі белгілі бір ұйымдық құрылымда шығынды аз жұмсауды қажет етуі мүмкін.

Ұйымдастыру – бұл кәсіпорын құрылымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүкіндік береді.


  1. Жұмыстың тиімділігі неде?

  2. Еңбек әрекеті деген не?

  3. Жұмыскерлер құжаты қалай жасалады?

  4. Қандай шектеулер бар?

  5. Ұйымдастырудың тиімді жақтары қандай?




  1. Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):

Коммуникативті компетенция бойынша

1. Басшының міндеті қандай?

2. Өндірісті басқаруда басшы еңбегі қалай бағаланады?

3. Өндірістік ұйым қандай жүйеге бағынады?


Операционалды дағды компетенциясы бойынша

4-тапсырма. Мәтіннен 3 құрмалас сөйлемді көшіріп жазып, жай сөйлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріңіз.

Когнитивті білім компетенциясы бойынша

«Қазірг і Қазақстанның экономикалық жағдайы» тақырыбына эссе жазыңыз.



10. Негізгі әдебеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 66-68бет

2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 34-36 бет

3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 93-95 бет

4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 158-160

5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 34-37 беттер


Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

26 тақырып: Жұмысты басқару

Салалас құрмалас сөйлем


2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай




  1. Сабақтың тақырыбы: Жұмысты басқару

Салалас құрмалас сөйлем


  1. Мақсаты:

  1. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары мен байланысу тәсілдері туралы мағлұмат беру.

  2. Лексикалық тақырып арқылы студенттердің мамандықтарына байланысты сөздік қорын молайту.

  3. Жаңа сөз, сөз тіркестерін үйрету.

  4. Өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

  1. Міндеті:

  1. Когнитивті біліктілік компетенциясы бойынша салалас құрмаластың мағыналық қатынасына қарай түрлерін біліп, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандыққа байланысты сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-экономикалық терминологиялы қалыптастыру.

  2. Операционалды дағды компетенциясы бойынша лексикалық және грамматикалық ерекшеліктердің қолдану, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу. Мәтіндерді түсініп, оқылым, айтылым, жазылым, тындалым бойынша ниетін қалыптастыру.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша жазу мәдениетін дамыту.




  1. Негізгі ұғымдар.

  1. Құрмалас сөйлемнің құрамына қарай түрлері туралы мәлімет.

  2. Құрмалас сөйлемдердің байланысу тәсілдері.

  3. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдерден айырмашылығы.

  4. Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.

  5. Қазақстан экономикасындағы жұмысты басқарудың алғышарттары.

  6. Нарықтық жағдайдағы менеджменттің негізгі қағидалары.

  7. Шаруашылықты жүргізуде жұмысты басқарудың маңызы.


5. Сабақты өткізу жоспары:

  1. Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.

  2. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

  3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

  1. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

  2. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

  1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

  2. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

  3. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.


7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8. Тапсырмалар:

1-жаттығу. Мына сөйлемдерді және, да, де, та, те, шылаулары арқылы салалас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз.

  1. Күн жылынды. Қар еріді. 2. Аспанды қара бұлт басты. Жаңбыр қатты жауды. 3. Алтай жазды асыға күтті. Жаз келді. 4. Суық күз жақындады. Жәндіктер азайды. 5. Мұғалім келмеді. Сабақ болмады. 6. Сәуірдің ортасы болып қалды. Қар еріді. 7. Сәкен жолдасына сұрақ қойып жатыр. Жолдасы жауап беріп жатыр. 8. Мен үйге келдім. Шешем шай дайындады. 9. Салтанат «Әсем» тұрмыс үйіне барды. Аяқ киімін жөндетті.


2-жаттығу. Сөйлемдерді аударып, құрмаластың қай түрі екенін ажыратыңыздар.

  1. Если ты пойдешь сегодня в кино, то и я пойду. 2. Если Вы скажете нам по-казахски, то мы поймем. 3. Если ты будешь говорить неправильно, то я тебя исправлю. 4. Если вы будете на юге, то мы встретимся. 5. Если мы пойдем в горы, то и ты пойдешь с нами. 6. Если бы нам рассказали, то мы бы послушали. 7. Если я читаю книгу, бабушка слушает. 8. Если завтра будет тепло, то мы пойдем в горы.


3-жаттығу. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

І. 1. Жақсы оқу үшін, ... . 2. Дүкеннен кітап сатып алған, ... . 3. Адам тез жазылу үшін, ... . 4. Ыбырай білімді болып еді, ... . 5. Борщ пісіру үшін, ... .

ІІ. 1. ... ..., почта бөліміне бару керек. 2. ... ..., ақша береді. 3. ... ..., біз үйден ерте шықтық. 4. ... ..., бірге бару керек. 5. ... ..., көп оқу керек.

4-жаттығу. Әр салалас құрмалас сөйлем сыңарлары (компоненттері) бір-бірімен қандай мағыналық қатынаста, қандай жалғаулық арқылы байланысып тұрғанын ажыратыңыздар.


  1. Аманнан өзге балалары кескіндес екен: өңкей қара домалақ.

  2. Қазір ол сақалын да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескіні де өзгерген.

  3. Олардың сөздерінде бояу аз болды, бірақ тыңдаушыны еріксіз ерте жөнеледі.

  4. Менде әрі документ жоқ, әрі бармақшы болған үйлердің адресі жоқ.

  5. Не мен жатырқаған болармын, не сен өзгерген боларсың, мен рас танымай тұрмын.


1-тапсырма. 6 сөйлем құрыңыз және жазыңыз.

Заңға

Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Жарғыға


Заңның жобасына

Медициналық

менеджмент ісі

2-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңізді өз сөзіңізбен айтып беріңіз.
ЖҰМЫСТЫ БАСҚАРУ
Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару ісінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті.

Бұның бәрі өндіріс үдерімін және жұмыскерлер ұжымын басқару ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың өзгеруіне әкелді. Басқарудың және жұмыскерлер құрамын еңбектің өнімділігіне ынталандырудың жаңа нысаны мен түрлері пайда болды. Басқару сферасымен айналысқан қызметкерлерге енді кәсіпорындардың іс-жұмысының нәтижесіне ықпалын тікелей немесе жанама түрде тигізетін жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың пайда болғанын ескеріп қана қоймай, есепке алып отырулары керек.

Басқару ғылымының эволюциясы мен оның әрі қарай дамуы және бұл орайдағы отандық , шетелдік зерттеулердің жетістіктері, менеджменттің оқу пәні ретінде жеке бөлініп шығуы табиғи қажеттілік екені байқалады. Бұл орайда айта кететін жағдай, басым түрде орталықтанған жоспарлауға негізделген басқарудың отандық тәжірибесін стихиялы қалыптасып жатқан нарық жағдайында толық қолдану мүмкін емес. Бірақ кәсіпорындарды басқарудың теориясы мен практикасының жекелеген қағидаларын бүгінгі жағдайда пайдалануға болады. Бұнымен бірге шет елдерде қалыптасқан менеджмент жүйесі ұйымдастырудың мақсатына жету ептілікті қажет етсе де, адамдардың жүріс тұрысының ынта-ықыласын, интелектілігін, еңбегін жұмылдыра алатын болса да, біздің елдің экономикасында ойламай, бірден оның көшірмесін пайдалануға және ұлттық менталитетті ескермей, бұл жүйені тиімді түрде жүзеге асыруға болмайды. Соныдықтан, менеджментті басқарудың тәжірибесі ретінде өмірдің барлық жағдайына жарамды дайын рецепт немесе шешімдер жиынтығы түрінде қарастыруға болмайды.

Менеджмент іс-тәжірибенің негізінде қалыптасқан ережелер арқылы мақсаттар мен міндеттерді дұрыс қою мен оларды оңтайлы шешуге үйретеді. Шаруашылықты жүргізудің жаңа шарттары өндірісті ұйымдаструда және және ұжымды басқаруда менеджердің атқаратын ролін күшейте түседі және оның жеке кәсіби қабілетіне қойылатын талаптарды қатаңдатады. Басқарудың тиімді жүйесін құру үшін, менеджер кәсіпкерлік білімнің жиынтығын толық түрде біле отырып, практикалық іс-қызметте оны қолдануға қажетті тәжірибені меңгеруі керек, бұныммен бірге ұжыммен және жеке адамдармен қалай жұмыс істей алатындығын да білуі қажет.



  1. Соңғы он жылдықта Қазақстан экономикасы қалай өркендеді?

  2. Жұмыскерлер құрамы қандай өзгеріске ұшырады?

  3. Кәсіпорындағы жағдай қалай өзгерді?

  4. Менеджменттегі ережелер нені көрсетеді?


10.Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):

Коммуникативті компетенция бойынша

1. Басқару ғаламындағы эволюция деген не?

2. Табиғи қажеттілік қашан пайда болады?

3. Шет елдегі менеджмент жүйесі туралы не айтасыз?

4. Басқарудың ең тиімді жолы қандай?

Операционалды дағды компетенциясы бойынша

Мәтінде сізге байланысты сөздер бар. Экономикалық сөздікті пайдаланып, мағынасын түсіндіріңіз.


Когнитивті білім компетенциясы бойынша

Тесттер:

  1. Құрмалас сөйлем қанша түрге бөлінеді?

а) 5

ә) 3


б) 4

в) 6


г) 7

2. Салалас құрамындағы жай сөйлемдер қалай байланысады?

а) қатар тұрып, баяндауыштары тиянақты болып

ә) жанаса, ыңғайласа

б) матаса, қабыса

в) интонация, жалғаулық шылау арқылы

г) тиянақсыз тәуелді



3. Ыңғайлас салалас қандай жолмен жасалады?

а) іргелесіп, жалғаулық шылау арқылы

ә) бірақ, алайда жалғаулық шылауы арқылы

б) сілтеу есімдіктері арқылы

в) өйткені, себебі жалғаулықтары арқылы

г) немесе, әйтпесе сияқты жалғаулық арқылы



4. Кезестес салалас жасайтын жалғаулық қайсысы?

а) өйткені, себебі

ә) не, болмаса

б) біресе, кейде, бірде

в) иә, жоқ, белгісіз

г) сонда да, әйтеуір.



5. Қарсылықты салаластың жалғаулықтарын көрсетіңіз.

а) яки, болмаса

ә) әлде, әйтпесе

б) себебі, неге

в) сондықтан, өйткені

г) бірақ, дегенмен.



6. Өкімет-үкімет сөздерінің мағынасында айырмашылық бар ма?

а) ешқандай мағыналық айырмашылық жоқ

ә) олар – фонетикалық варианттар

б) өкімет – «власть», үкімет – «правительство» денегді білдіреді.

в) екеуі де «билік» деген мағынада қолданылады

7. «Социально защищенное лицо» қазақша қай баламасы дұрыс?

а) әлеуметтік қорғалған адам

ә) әлеуметтік қорғалатын тұлға

б) әлеуметтік қорғаушы тұлға

в) әлеуметтік сақтандырушы тұлға

г/әлеуметтік жоспарлаушы тұлға



8. «Қазіргі қолданылып жүрген заңдарды, Қазақстан Республикасының Конституциясын басшылыққа алады». Орыс тіліндегі дұрыс баламасын белгілеңіз.

а) Руководствуется действующим законодательством Конституции РК

ә) Конституция РК и действующие законы являются руководящий силой

б) Современные законы и Конституция РК – основные критерии для руководства.

в) Конституция РК – самый важный закон для руководства

г) Конституция РК - закон о независимости



9. Қай қатарда синонимдер бар?

а) айта білемін, жазып шықтым

ә) мақтаныш етеді, сүйіп оқиды

б) сияқты, тәрізді, сықылды

в) сөйлейтін сөз, айтатын ой

г) еңбекке қол жеткізу



10. «Әлемдік деңгейдегі биік тұлға» тіркесінің мағынасын қай қатардағы тіркес бере алады?

а) мақтаныш етеді

ә) әлемге танымал белгілі қайраткер

б) сүйсініс білдірді

в) тұсаукесер рәсімі

г) еңбегі сіңген.



10. Негізгі әдебеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 45-47 бет

2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 25-26 бет

3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 83-85 бет

4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 156-157

5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 15-18 беттер


Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

27 тақырып: Қазақстандағы фармацияның дамуы

Сабақтас құрмалас сөйлем

2012 ж.


Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай




  1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы фармацияның дамуы

Сабақтас құрмалас сөйлем.


  1. Мақсаты: грамматикалық тақырыпты практикалық жолмен меңгерту. Сабақтас құрмаластың жасалу жолдары.

Лексикалық: тақырып арқылы студенттердің мамандануына байланысты қазақша сөздік қорын молайту. Жаңа сөздерді үйретіп, сөйлем құру.


  1. Міндеті:

  1. Қазақ тіліндегі медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін үйрету.

  2. Операционалды дағды компетенциясы бойынша лексикалық және грамматикалық ерекшеліктердің қолдануын кеңейту, терминдердің жазылуын, біліктілікті қалыптастыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша әдебиеттерді дұрыс таңдап пайдалану, қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету. Аудармада еркін шығармашылық қарым-қатынас орнату.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенция бойынша сөйлеу, жазу, оқу, айту дағдысын қалыптастырып, дамыту.





1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет