С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Қай сөйлемнен сұрақты естисіз?



жүктеу 4.03 Mb.
бет23/23
Дата20.06.2016
өлшемі4.03 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

143. Қай сөйлемнен сұрақты естисіз?

а) Анализ тапсырыңыз.

ә) Көптеген студент келді.

б) Бара ма екен.

в) Дәрігерге қарал.

г) Осыңыз дұрыс емес.



144. Қай тіркеске сұрақ белгісін қоймаймыз

а) Бұным қалай

ә) Сіз ше

б) Айтуға болмайды ма

в) Рұхсатсыз кірмеңіздер

г) Денсаулығыңыз қалай



145. Биылғы жылдан не күтесіз?

а) асқазан

ә) білімді

б) ақылды

в) менеджмент

г) табыс


146. Берілген сандардың дұрыс жазылмаған нұсқасын көрсетіңіз.

а) 2008 ( екі мың сегіз)

ә) 2,65 (екіден алпыс бес)

б) 121 (жүз жиырма бір)

в) 505 (елу бес)

г) 1999 (мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз)



147. Маңызды жұмыстар үшін ... табыңыз.

а) мүмкіндікке

ә) уақыт

б) таныстарға

в) емделемін

г) негізі



148. Әркім ... ... жұмыс істейді.

а) өзің үшін

ә) өзіне үшін

б) өзіңіз үшін

в) өзім үшін

г) өзі үшін



149. Құжатты ... тапсырыңыз.

а) своевременно

ә) время

б) необходимость

в) срочность

г) просить



150. Ай аттары

а) кешке


ә) түн

б) былтыр

в) әрі

г) тамыз


151. Дәмді білдіретін сөз.

а) тым


ә) қатты

б) жұмсақ

в) қызыл

г) қышқыл



152. Я хотел бы стать врачом.

а) Мен дәрігерге қаралдым.

ә) Мен дәрігер болғым келеді.

б) Мен дәрігерге айтқым келеді.

в) Мен дәрі ішемін.

г) Мен дәрігерге бардым.



153. Қойылмайтын сөз.

... тамақ.

а) Ашты

ә) Дәмсіз



б) Тәтті

в) Дәмді


г) Мәжбүр

154. Әр нәрсеге ... керек.

а) жүйелі

ә) үшін

б) ұмтылыс



в) жасалды

г) деп


155. Дұрыс емес тіркес.

Дәрігердің міндеті -

а) ауруды қарайды

ә) науқасты емдейді

б) сырқатын тексереді

в) дертін анықтайды

г) науқас айығу

156. Қоңыр ... .

а) дәрігер

ә) күз

б) менеджмент



в) жұмыс

г) табыс


157. Қимылды білдіретін сөздер.

а) оқы, істе

ә) оныншы, екі

б) биыл, бүгін

в) қатты, жұмсақ

г) студент, мамандық



158. «»Қашан? деген сұраққа жауап беретін сөздер.

а) қазір, енді

ә) жылдам, тез

б) суық, ыстық

в) жоғары, төмен

г) отыз екі, жүз



159. «Қалай?» деген сұраққа жауап беретін сөз.

а) содан соң

ә) бұрын

б) науқас

в) тез

г) жылы


160. Дұрыс аяқталмайтын сөзді белгілеңіз.

Дәрігердің кеңесін тыңдаған ... .

а) керек

ә) екен


б) жөн

в) дұрыс


г) сияқты

161. Қатесі бар сөзді көрсетіңіз.

... сұрауға бола ма?

а) олдан

ә) бізден

б) саған

в) одан


г) сізден

162. «К сожалению» аудармасы.

а) өкініп тұрмын

ә) өкіндім

б) өкінішке орай

в) өкінгенмен

г) өкінудің қажеті жоқ



163. Мен бүгін сабаққа ... .

а) пойду


ә) не пайдете

б) не сможет

в) сижу

г) пей
164. Сіздің болашақ мамандығыңыз.



а) тіс

ә) асқазан

б) дәрі

в) сұрау


г) менеджмент

165. Не үшін келдіңіз?

а) тісіңіздің жұлу

ә) тапсыруға

б) емдел


в) жұмысқа істеу

г) дәріханадан



166. Сөйлемнің сұрағын көрсетіңіз.

Мына тісім ауырады.

а) қандай?

ә) қайтіп?

б) қашан?

в) қалай?

г) кім?

167. Қосымша жалғанғанда түбірі өзгермейтін сөз.

а) бүйрек

ә) жүрек

б) кітап


в) көз

г) жауап


168. Сыпайы түрде тұрған сөз.

а) табу


ә) жаса

б) айтсын

в) келдім

г) көрсетіңіз



169. Сыпайы түрде берілмеген сөз.

а) оқыңыз

ә) келсін

б) алыңыз

в) беріңіз

г) жазыңыз



170. «Вы не знали»

а) біліп алыңыз

ә) біліңізші

б) білмедіңіз

в) білгіңіз келсе

г) білдіртпеңіз



171. «Не болит»

а) қызарады

ә) ауырады

б) ауруым

в) ауырмайды

г) аурулар



172. Ауырып қалған жағдайда қайда барасыз?

а) емделуге

ә) дәрігерді

б) емханадан

в) үйде

г) емделдіңіз



173. Асханадан не ішпейсіз?

а) сорпа


ә) тамақ

б) айран


в) мамандық

г) сүт


174. Мен ... сабаққа келдім.

а) ертең


ә) таңертең

б) бүрсігүні

в) келесі жылы

г) арғы күні



175. Деканат ... .

а) дейін


ә) кейін

б) арқылы

в) қатар

г) таман


176. Қай сөз сұрақ емес?

а) кіммен

ә) нешеуі

б) қашанғы

в) қарай

г) қалай


177. «Түнде», «Күн сайын» заттың несін білдіреді?

а) мезгілін

ә) дәмін

б) түрін


в) санын

г) түсін


178. Адамның дені сау болуы үшін -

а) денсаулыққа көңіл бөлуі керек

ә) денсаулығыңызды ойламаңыз

б) қатты ауру

в) салқын тигізіп алды

г) денсаулығың нашар



179. Науқасқа ... қарамаңыз.

а) емдеген

ә) селқос

б) ұрысу


в) емдеу

г) дәрі-дәрмек



180. Адамдар қандай қатынаста болу керек?

а) амалсыздан

ә) әдейі

б) жорта


в) дұрыс

г) қасақана



181. Сауда орындарына барғанда қандай сөзді қолданасыз?

а) туралы

ә) сайын

б) да, де

в) ешкім

г) беріңізші



182. Дәрігермен ... ... сөйлестім.

а) сап-сары

ә) емін-еркін

б) қарым-қатынас

в) ұп-ұзын

г) мағлұмат алу



183. Қолданылмайтын сөз.

а) қазір-ақ

ә) жазбай-ақ

б) ертең емес-ақ

в) ертең-ақ

г) бүгін-ақ



184. Дұрыс емес тіркес.

... еңбек етті.

а) нақты

ә) жақсы


б) жүйелі

в) көзқарас

г) елеулі

185. ... байланысты.

а) бөгет


ә) тығыз

б) мақсат

в) болжалдау

г) үйлестіру



186. Жұмысшыдан ... ету.

а) талап


ә) қатал

б) кәсіби

в) қабілет

г) құрметтеу



187. Сөйлемді толықтырыңыз.

Әрбір ... белгілі қызмет атқарады.

а) ағзаны

ә) дене мүше

б) адамнан

в) адамды

г) бұлшық етті

188. Адамның денесіне қатысты сөздерді көрсетіңіз.

а) иық


ә) асқазан

б) ішек


в) жүрек

г) бүйрек



189. Сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) ащы дәрі

ә) сулы

б) тез жазды



в) жер

г) көп оқыды



190. Анатомиялық атаулар.

а) жақсы, жаман

ә) адал, ұлтсыз

б) рас, өтірік

в) ащы, дәмді

г) бұғана, жауырын



191. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.

Адамның бас сүйегі ... болады.

а) жұмсағы

ә) мықты


б) жалпаққа

в) өкпе


г) қысқаны

192. Сын есімдерді көрсетіңіз.

а) дәрілік заттар

ә) мәліметтер жазылған

б) фармациямен байланысты

в) сумен араластыру

г) оқытушы екен



193. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз.

Адамның дене мүшелеріне ... ... жатады.

а) былтыр, биыл

ә) оқу, қала

б) кеуде, мойын

в) ерте, кеш

г) бүгін, тым

194.Сөз тіркесіне сәйкес келмейді.

Науқасы ... .

а) ауырлау

ә) жеңіл


б) қып-қызыл

в) өте ауыр

г) жеңілдеу

195. Адамның жағымды қасиеттерін білдіреді.

а) ақымақ

ә) ашулы

б) мейірімді

в) қатыгез

г) қаһарлы



196. Адамның шашын сипаттамайды.

а) ұзын


ә) жұқа

б) қалың


в) қайратты

г) семіз


197. Адамның көзін сипаттайтын сөз.

а) бұйра


ә) ақылды

б) жуан


в) мұңды

г) үшкір


198. «Әдемі» сөзіне синоним болмайтын сөз.

а) көріксіз

ә) сұлу

б) келбетті



в) өңді

г) ажарлы



199. Дұрыс берілген.

а) Ең - әуелі

ә) Келмей-ақ

б) Әр - кезде

в) Бей - таныс

г) Еш - бір



200. Обрашались к врачу?

а) Дәрігер бар ма?

ә) Дәрігер келе ме?

б) Дәрігерге көріну керек пе?

в) Дәрігер науқасты емдеді.

г) Дәрігерге қаралдыңыз ба?



201. «Ауру» сөзінің баламасы.

а) кеше


ә) тағы

б) енді


в) дерт

г) тіпті


202. Басым, тамағым -

а) ауырмайды

ә) келеді

б) сөйлейді

в) тұрады

г) ішеді


203. Дұрыс емес тіркес.

а) сыздап ауырады

ә) қысып ауырады

б) өмірбаян ауырады

в) бүріп ауырады

г) шаншып ауырады



204. «Кезекте он бесінші болып тұрмын» қандай сан есім бар.

а) реттік

ә) жинақтау

б) бөлшектік

в) топтау

г) болжалдық



205. Көптік жалғауы жоқ сөз.

а) дәптер

ә) шөптер

б) жастар

в) науқастар

г) адамдар



206. «Ауруыңыздан жазылып кетіңіз» баламасы.

а) айығып кетіңіз

ә) орындап кетіңіз

б) тексеріп кетіңіз

в) дұрыстап кетіңіз

г) айтып кетіңіз



207. «После работы»

а) жұмыстан соң

ә) жұмысқа дейін

б) жұмыс күні

в) жұмысшылардан

г) жұмыстан қалма



208. Тісім ... ауырды.

а) келеді

ә) айтып

б) ауруханаға

в) сыздап

г) кім


209. Дұрыс емес

Адамның көңілі

а) түседі

ә) суиды


б) айтады

в) жақсарады

г) қалады

210. Бірге жазылады

а) (әр)кімде

ә) (әр)қилы

б) (әр)күні

в) (әр)нәрсе

г) (әр)алуан



211. Дұрыс жазылмаған сөз.

а) қуу


ә) маңы

б) әрбір


в) туыу

г) әрқалай



212. Дұрыс берілмеген тіркес.

а) бей (таныс) адам

ә) бей (уақыт) адам

б) бей (ресми) адам

в) бей (шара) адам

г) бей (күнә) адам



213. Қате берілген тіркес.

а) сіз сияқты

ә) сен секілді

б) мен тәрізді

в) сіз сықылды

г) сіз бойы



214. Дұрыс берілген тіркес.

а) бара атырмын

ә) келе атыр

б) оқый берем

в) атқара алсам

г) әр қайсысы келді



215. Сәйкес келмейтін сөз.

Университеттің ... .

а) жаны

ә) маңайы



б) іші

в) қасы


г) қабілет

216. Бірге жазылады.

а) (өмір) баян

ә) (өмір) үшін

б) (өмір) туралы

в) (өмір) сүру

г) (өмір) бойы



217. «Өмірге келді» жақын сөз.

а) дүниеге келді

ә) дүниеден өтті

б) дүние салды

в) дүние туралы

г) дүниені ойлама



218. Бөлімшеге ауыстырылды.

а) Фамилия больного.

ә) Переведен в отделение.

б) Получения травмы.

в) Осложнение основного

г) Особые отметки



219. «Сабақтан соң» қандай жалғау бар?

а) көптік

ә) тәуелдік

б) жіктік

в) жұрнақ

г) септік



220. Қате жазылған сөз.

а) денсаулығыңыз

ә) денсаулықты

б) денсаулығы

в) денсаулығын

г) денсаулықыңыз



221. Қатесі бар тіркес.

а) көзім көреді

ә) құлағым шыңылдайды

б) аяғым қақсайды

в) бүйрекім ауырды

г) жүрегім ауырды



222. Болжалды сан есімнің дұрыс берілуі.

а) жүз деген

ә) алты ларда

б) жүз дей

в) жүзінші

г) жүздеген



223. Дұрыс берілмеген сан есім.

а)17-ге толдым

ә) елуге жуық

б) 5-ке таман

в) отызға тарта

г) 60 ке шамалы



224. Емлелік қатесі бар.

а) он оннан

ә) екі -екіден

б) 20-30 - дан

в) үшке қарай

г) 7-лерде



225. Туынды сөз.

а) ақылды

ә) ем

б) күш


в) кітап

г) жұмыс


226. Дәріханада кімдер жұмыс істейді?

а) декан


ә) провизор

б) әңгіме

в) ұста

г) дәрілер



227. Мамандық емес:

а) кәсіпкер

ә) дәрігер

б) шаруашылық

в) журналист

г) менеджер



228. Қосымша жалғанбаған.

а) сабаққа

ә) далада

б) үміт


в) жатақханадан

г) мінезімен



229. Септік жалғауы жоқ сөз.

а) әкемнен

ә) университетті

б) сізбен

в) денсаулығым

г) дәрігерге



230. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөз.

а) сессияны

ә) менеджерлік

б) кел


в) табысыңыз

г) жұмыстар



231. Мен бұл тапсырманы өзім орындадым.

Сөйлемде неше есімдік бар.

а) ені

ә) үш


б) төрт

в) бес


г) бір

232. Сабақтан соң ... барамыз?

а) кто


ә) что

б) работаю

в) куда

г) чей


233. «Управлять» сөзінің аудармасы.

а) жасау


ә) меңгеру

б) емделу

в) тағайындау

г) жеу


234. Негізгі сын есім.

а) қонымсыз

ә) көтеріңкі

б) ұнамды

в) нашар

г) еріншек



235. Күрделі сын есім.

а) көп салалы

ә) ауыспалы

б) суық


в) ұзын

г) қатты


236. Есімдік.

а) тез


ә) бәрі

б) шеті


в) кең

г) жағдай



237. Жетістікті білдіретін сөздер.

а) қымбатты, құрметті

ә) білікті маман

б ) мол шығармашылық, табыс

в) құрметпен, ізгі ниетпен

г) аса қадірлі



238. Болымсыздық есімдігі емес.

а) дәнеңе

ә) ештеңе

б) ешқандай

в) ешқашан

г) барша


239. Сәйкес келмейді

Анам .... .

а) сияқты

ә) туралы

б) үшін


в) таман

г) жайында



240. Біз сізді ұжым ………… құттықтаймыз.

а) кейін


ә) ен

б) соң


в) атынан

г) туралы



241. Сіз зор …………… жеттіңіз.

а) денсаулық

ә) табыстарға

б) үшін


в) менеджер

г) осы


242. Сіз медицина …………… қосқан үлесіңіз зор.

а) сала


ә) саласы

б) саласын

в) саласына

г) саламен



243. Осы ………… аралығында.

а) мерзім

ә) уақытқа

б) күшті


в) ертең

г) бүгін


244. Сіз …………………

а) міндеттенді

ә) міндеттенгенсіз

б) міндеттенгенмін

в) міндеттеме алды

г) міндеттеме



245. Сәйкес келеді

Сегізге .... .

а) үшін

ә) сайын


б) гөрі

в) жөнінде

г) жуық

246. Аурудың белгілері.

а) жұмыс істеу

ә) құсу

б) тапсыру



в) сұрау

г) кеңес


247. Жұмысты орындаудан ……… тартты.

а) қол


ә) бас

б) аяқ


в) саусақ

г) көз


248. Дұрыс емес тіркес.

а) Ауызба-ауыз келісті

ә) Қолма-қол сөйлесті

б) Бірен-сараны келді

в) Көзбе-көз сөйлесті

г) Біреу-міреу



249. Аурудың нәтижесі.

а) сұраған

ә) ішкен

б) асқынған

в) асқазан

г) еңбек еткен



250. Жалғаулық шылау емес.

а) Оқытушы мен студент.

ә) Ауырсам да, сабаққа келдім.

б) Ол келсін немесе күтсін.

в) Қатты ауырғандықтан, жөтеліп жүрмін.

г) Сабақтан соң кел.



Жағдайлық есептер


    1. Мекеменің санитарлық жағдайын тексеруге келдіңіз. Мекеме басшысымен қалай әңгімелесесіз?

    2. Демалыс күні «Медеу» мұз айдынында болдыңыз. «Медеудің» әсем табиғатын сипаттап беріңіз.

    3. Бала бақшада балалар гигиенасы туралы баяндама жасаңыз.

    4. Алматы қаласының көрікті жерлерін сипаттап беріңіз.

    5. Күнделікті қалай тамақтанатыныңыз туралы айтып беріңіз.

    6. Ретсіз тамақтанудың зияны туралы айтып беріңіз.

    7. Жазда жайлауда болдыңыз. Қымызды қалай дайындағанын көрдіңіз. Әңгімелеп беріңіз.

    8. Өзіңіз болашақта отбасыңызбен қандай үйде тұрғыңыз келеді? Әңгімелеңіз.

    9. Топтарыңызбен тауға демалуға барасыздар. Қандай азық-түлік алатындарыңыз туралы ақылдасыңыздар.

    10. Сіз Көкшетаудағы Бурабай көлінде демалып келдіңіз. Алған әсеріңізді әңгімелеңіз.

    11. Қайда демалғыңыз келеді? Ол жерді неге таңдадыңыз?

    12. Арал маңындағы ауылда болдыңыз. Ауылдың экологиясы туралы айтып беріңіз.

    13. Базардың санитарлық жағдайын тексеруге бардыңыз. Сатушылармен қалай сөйлесесіз.

    14. Бір асханада адамдар уланған. Сіз тексеруге келдіңіз.

    15. Қоғамдық тамақтану орындарының біріне барып, тамақтардың қалай сақталып тұрғанын тексердіңіз. Қалай әңгімелесесіз.

    16. Індет шыққан ауылға барып тексеру жұмысын жүргіздіңіз.

    17. Қалада тұмау індеті өршіп тұр. Індетке қарсы қандай іс-шара қолданасыз?

    18. Шет елден келген мейманға қазақтың ұлттық тағамдары туралы айтып беріңіз.

    19. Басқа ЖОО-да оқитын досыңызбен кездесіп қалдыңыз. Өз оқу орныңыз туралы айтып беріңіз.

    20. Университет кітапханасына барып, қажетті кітапқа тапсырыс беріңіз.

    21. Ауылда ауыз су мәселесі шешілмеген. Сіз тексеруге келдіңіз.

    22. Дүкеннің санитарлық жағдайын тексеруге келдіңіз. Сіздің іс-әрекетіңіз қалай болады?

    23. Емдеу мекемелерінің санитарлық жай-күйі туралы хабарлама жасаңыз.

    24. Қазақстандағы емдеу-сауықтыру орындары туралы не білесіз?

    25. Семей полигоны аймағындағы ауылда болдыңыз. Аймақтың экологиялық жағдайын сипаттаңыз.

    26. Мұнай орындарын тексеруге бардыңыз. Кемшіліктерді сипаттап айтыңыз.

    27. Арал аймағының тұрғындарымен кездестіңіз. Аймақтың ахуалын сипаттап беріңіз.

    28. Жеке бастың гигенасы туралы студенттермен сұхбат өткізіңіз.

    29. Тұрғын үйдің құрылысы сізді қанағаттандырмайды. Қандай ұсыныстар айтасыз?

    30. Әскери бөлімшеде болдыңыз. Көрген кемшіліктеріңізді сипаттап айтыңыз.

    31. Студенттер асханасында болдыңыз. Қандай кемшіліктер байқадыңыз?

    32. Өскеменнің өндіріс орындары қаланың экологиясын бұзуда. Кемшіліктерді жою жолдарын көрсетіңіз.

    33. Өндіріс орнының асханасындағы азық-түліктің сақталуын тексеріңіз.

    34. Базардың тамақ өнімдері сатылатын бөлімдерін тексеріңіз.

    35. Ой еңбегімен айналысатын адамға тамақтану туралы қандай кеңес бересіз?

    36. Қоғамдық көліктердегі санитарлық нормалар туралы ойыңызды айтыңыз.

    37. Дене еңбегімен айналысатын адам қалай тамақтануы керек?

    38. Салауатты өмір салты туралы баяндама жасаңыз.

    39. Ауа арқылы таралатын аурулардан сақтану туралы хабарлама жасаңыз.

    40. Іш ауруларынан сақтану туралы кеңес беріңіз.

    41. Қоршаған орта мен экологияны жақсартудың жолдарын көрсетіңіз.

    42. Қазақтың сүттен жасалатын тағамдары туралы шетелдік қонаққа айтып беріңіз.

    43. Ет тағамдарының сақталуы туралы айтыңыз.

    44. Сіз өзіңіздің еңбек құқығыңызды қалай қорғайсыз?

    45. Жұмыс істейтін орныңыздың тазалығы туралы ақпарат беріңіз.

    46. Шетелге қыдырып шықтыңыз. Оларға Қазақстан туралы мағлұмат беріңіз.

    47. Досыңыздың үйлену тойында болдыңыз. Қандай салт-дәстүрлер көрдіңіз.

    48. Жақын маңда дәріхана жоқ. Суық тиіп ауырған адамды қандай дәрілік шөптермен емдейсіз?

    49. Итмұрынның дәрілік қасиеті туралы баяндама жасаңыз.

    50. Ауру малды сойған адамдар ауру жұқтырып алған. Сіз қандай әрекет жасайсыз?

    51. Сізді індет ошағын жоюға жіберді. Жұмысты неден бастайсыз?

    52. Әскери жаттығу өтетін полигонның жай-күйін сипаттап, хабарлама жасаңыз.

    53. Темекіге қарсы акция ұйымдастардыңыз. Қалай өткізесіз?

    54. Ақын-жазушылармен болған кездесуге қатыстыңыз. Қандай әсер алдыңыз?

    55. Нашақорлыққа қарсы күрес туралы кеш ұйымдастыру керек.

    56. Досыңыз балалы болды. Шілдеханада қандай дәстүрлер жасалды?

    57. Қазақтың ұлттық мейрамдары туралы шетелдік қонаққа айтып беріңіз.

    58. Өзіңіз тұратын көше туралы айтыңыз.

    59. Халықтық емдеу тәсілдері туралы не білесіз?

    60. Балалардың жазғы демалыс орнының басшысысыз. Жұмысты қалай ұйымдастырар едіңіз?



Қазақ тілінен менеджмент факультетіне арналған емтихан сұрақтары

І

  1. Менің Отаным – Қазақстан.

  2. Тұғыры биік – тәуелсіз Қазақстан

  3. Қазақтың ұлттық мейрамдары

  4. Қазақстандағы тарихи ескерткіштер.

  5. Тарихи тұлғалар

  6. Қазақтың батыр қыздары

  7. Халық қаһармандары – ел мақтанышы

  8. Қазақтың танымал қоғам қайраткерлері

  9. Қазақтың көрнекі ақын-жазушылары

  10. Адамзаттың Абайы

  11. Мәдениет және өнер қайраткерлері

  12. Қазақтың ән мен күйлері

  13. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері.

  14. Жастар - біздің болашағымыз.

  15. Университет – білім ордасы.

  16. Алғашқы қазақ дәрігерлері

  17. Қазақтың көрнекті дәрігер-ғалымдары

  18. Шығыс медицинасы

19 Дене мүшелері

20 Менеджмент ұғымы.

21 Менеджменттің тарихы, мазмұны,

22 Менеджменттің мақсаты, міндеті, мәні,

23 Менеджменттің әр түрлілігі, функциясы.

24 Менеджерлер туралы түсінік.

25 Менеджер – ұйымдастырушы

26 Менеджер және фармацевт

26 Менеджердің базалық сапасы.

27 Менеджер – басқарушы.

28 Кәсіпорын, басқару.

29Қызметкерлерді басқару ұғымы.

30 Басқару шешімдерінің түрлері.

31 Басқарудың әдістері, стилі.



ІІ.

  1. Дыбыс жүйесі. (фонетика)

  2. Үндестік заңы.

  3. Сөз жүйесі (лексикология).

  4. Омоним, синоним, антоним.

  5. Сөздердің тура және ауыспалы мағынасы.

  6. Сөз құрамы (морфология).

  7. Зат есім, жіктелуі, септелуі, тәуелденуі.

  8. Етістік, семантикалық мәні, лексика-грамматикалық құрамы, категориялары.

  9. Сын есім, қызметі, түрлері, шырайлары.

  10. Сан есім, қызметі, ерекшелігі, түрлері.

  11. Есімдік, түрлері.

  12. Үстеу, морфологиялық-семантикалық құрылымы.

  13. Көмекші сөздер.

  14. Синтаксис.

  15. Жай сөйлем, түрлері.

  16. Құрмалас сөйлем, қызметі, түрлері.


Тәжірибелік дағдылар тізімі:

  1. Оқылымда:




  • сөзді, сөз тіркестерін, сөйлемді, ережені дұрыс оқу;

  • дұрыс дыбыстай білу;

  • сөзді түсіне білу, грамматикалық белгілерін айыра білу;

  • сөздің мағынасын ажырата білу;

  • студент мәтінді оқып, мазмұнын және негізгі тақырыбын түсінуі тиіс. Мәтін көлемі 600-700 сөзден тұрады және мазмұнында 3-5 таныс емес сөз кездесуі ықтимал.




  1. Тыңдалымда:




  • дыбысталған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді ажырата білу;

  • берілген сұрақты түсіне білу, оған тиісті жауап бере білу;

  • керекті ақпаратты ойға түйіп ала білу;

  • естігендерін түсіне білу;

  • студенттер бейтаныс көлемі: 300-400 сөзден тұратын мәтінді таспадан тыңдап, оның мазмұнындағы негізгі және қосымша хабарды түсіне білуі тиіс.




  1. Жазылымда:




  • сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді сауатты жаза білу;

  • тыңдаған, оқыған мәліметті, мәтінді дұрыс жаза білу;

  • жазбаша хабарлама жасай білу;

  • баяндама, мақала, реферат, сұхбат жаза білу;

  • өз ойын жазбаша жеткізе алу.




  1. Айтылымда:




  • тыңдаған, оқыған хабарды жеткізе білу;

  • өзінің ойын айта білу;

  • құптау, құптамау (интенциялық) әрекеттерін түрлі эмоциялық реңктер арқылы жеткізе білу;

  • студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, сұхбат құра білуі тиіс.




  1. Тілдесімде:

- тілдік қатынасты жүзеге асыру, пікір алмасу, сұхбаттасу.



КІТАПХАНАДАҒЫ КІТАПТАР ТІЗІМІ
1. Ақыжанова А.Т. «Қазақ тілі мәтіндер мен жаттығулар». Алматы, 2005 ж.

2. Ақыжанова А.Т. Мемлекеттік тілді оқып үйренеміз. Алматы, 2004ж.

3.Аханов.К. Тіл білімінің негіздері. 1993

4. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі, лексика, фонетика, морфология. Алматы, 2006 ж.

5. Бектұров Ш.К. Казахский язык для всех. Алматы, 2004 ж.

6. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.

7. Исаева. Ж.Т.Қазақ тілі. 2011

8. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2001 ж.

9. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі-Алматы: ЖШС «Таугул-Принг», 201146б

10. Суатай. С. Ісқағаздарымен жұмыс.-Алматы,2010.-104б ж.

11. Доскеева Б.Ж. Қазақша сөйлесеміз.Алматы, 2010.-220б.

12. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Алматы, 2002

13. Тұңғышбаева.Ғ.Ж. Қазақ тілі сабақтары.-Алматы,2008.-120б.

14. Сулейменова Э.Д. Сұхбат.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-216б.

15. Сулейменова Э.Д. Үнжария.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-240б.

16. Сулейменова Э.Д.Бейнежазба. Астана: «Арман-ПВ», 2007.-264б.

17. Дүйсембекова Л.Қазақ тілі іс қағаздарын жүргізу. Алматы: «Мемлекеттік

тілді дамыту институты» ЖШС,2011.-400Б



18. Қанапиянова Ә.Ж. Кәсіби қазақ тілі. 2008



МАЗМҰНЫ


  1. Силлабус.................................................................................................................

  2. Тәжірибелік сабақтардың әдістемелік нұсқаулары............................................

  3. Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулары..............................................................................................................

  4. Оқытушылардың жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулары.....................................................

  5. Бақылаушы-өлшегіш құралдар.............................................................................

  6. Әдебиеттер тізімі..................................................................................................



1-14

15-174
178-188
189-335

336-361

362



беттің беті


1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет