С. Ж. Асфендияров атындағЫ


-тапсырма. Берілген тілдік тұлғалармен сөйлем құраңыз



жүктеу 4.03 Mb.
бет6/23
Дата20.06.2016
өлшемі4.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

3-тапсырма. Берілген тілдік тұлғалармен сөйлем құраңыз.

Нұсқау, міндет, билік, фармацевт, сапа, басқару, ұйым, қабілет, жоспарлау, тиім, экологиялық құқықтары, заң, әлеуметтік қорғау, еңбекке жарамдылығы, реттеу тетіктері, өндіріп алу.


9. Бақылау

Коммуникативті компетенция бойынша

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. Менеджер ұйымдастырушы дегеніміз не?

  2. Менеджерлер туралы не білесіз?

  3. Менеджердің қызметі қандай?

  4. Менеджерледің қандай түрлері бар?

  5. Жаңашыл менеджер дегеніміз не?

  6. Етістік дегеніміз не?

  7. Етістіктің қанша шағы бар?

  8. Өткен шақ қалай жасалады?


Когнитивті-білім компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Менеджерлер туралы сұхбат жүргізу.
10. Негізгі әдебиет:

1. Б.Ж.Доскеева «Қазақ тілі» жалғастырушы топ.Алматы 2000ж.

2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы. Кітап. 2005 ж

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

13 тақырып: Менеджер және фармацевт

Етістіктің райлары

2012 ж.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Менеджер және фармацевт

Етістіктің райлары


2. Мақсаты: Ғылыми тұрғыда және тілдік құзіреттілікті, біліктілікті қалыптастырып, коммуникативтік дағдыларын дамыту.

3. Міндеті:

1) Когнитивті-білім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және менеджерлер және фарцевт туралы білу.

2) Операционалды-дағды компетенциясы бойынша етістіктің райларын үйрету.

3) Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми, әдеби т.б. терминдерді жазу, айту, әр- түрлі бағытта қолданылу дағдыларын қалыптастыру.



4. Негізгі ұғым: Кәсіби бағытта нұсқау беру, сөздер мен реприкалар, жағдаяттар. Мәтінді жаңғырту,толықтыру т.б.

5.Сабақты өткізу жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі-5минут

2. Өткен,берілген тапсырмаларды сұрау,тексеру-15минут

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру-30минут

4. Тақырыпты қорыту: а) лексика-грамматикалық тапсырмаларды орындау-45минут

ә) Өзін-өзі дамыту дағдылары-40минут.

5. Қорытынды білім денгейін бақылау-15минут.

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Коммуникативтік әдіс.

Оқылым (тірек сөздер,аналитикалық талдау,талқылау,сұрақ- жауап,жаңа сөздер.)

Сөйлесім (пікірталас,әңгіме,ой бөлісу)

Тындалым (жұптық,топтық тапсырмалар,баяндама)

Жазылым (эссе,конспект,анкета толтыру)

7.Көрнекі құралдар: кестелер,сызбалар, суреттер т.б.

8. Тапсырмалар

1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп, көмекші етістіктерді ажыратыңыз.

Өндірістік менеджмент-белгілі көлемде,белгіленген сапада,келісімді мерзімде шығындарды барынша төмен жұмсап,тауарлар өндірумен айналысатын басқарушы қосалқы жүйе болып табылады.Қаржы менеджменті-фирманың қаржы құралдарының қалыптасуын,табыстардың барынша мол болуын және шығындардың барынша аз болуын қамтамасыз ететін қосалқы жүйе.Нарықтық менеджмент-маркетинг-бұл нарыққа бағытталған фирманың коммерциялық қызметтерін басқару болып табылады. Бұл әуел бастан менеджерге тән боп келген дәстүрлі функция.Осы функцияны орындау арқылы менеджер қолына билік тиген қызметкерге айналады.Басқарушы менеджер өз сөзінде тұратын,шыншыл,адал,кең пейілді болуы керек.



2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

Мақсаттарға қол жеткізу бірқатар мәселелерді шешуді қажет етеді, стратегиялық, әкімшілік, оперативтік. Басымдықтар нақты жағдайлармен, басқару стратегияларымен, менеджердің кәсіби қызметінің стилімен және басқару процесінде пайда болатын мәселелердің сипатымен анықталады. Тәжірибе менежментінің тұжырымдамасын жасайтын екі тәсілдеме бар. Біреуі-прагматикалық, екіншісі-ғылыми.

Менеджмент-нарықтық эконоика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Басқару қызметінің әр түрлі салаларында пайдаланылатын менеджменттің сан алуан түрлері бар.ішкі менеджмент-ішкі мәселелердің басымдығын сыртқыдан айрықшалап көрсететін басқару типі. Тәжірибе менеджменті-менеджмент тұжырымдамасы.

Респупликада 68 елшілік және халықаралық ұйымдардың өкілдіктері тіркелген. 38 мемлекетте Қазақстанның дипломатиялық елшіліктері жұмс істейді. Басымдықтар нақты жағдайлармен, басқару стратегияларымен, менеджердің кәсіби қызметінің стилімен және басқару процесінде пайда болатын мәселелердің сипатыменанықталады.


3-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1.Менеджердің базалық сапасы дегеніміз не?

2. Жоспарлау ісін қалай ойлайсыз?

3. Менеджер нені қарастырады?

4. Жетілдіру ісін қалай ойлайсыз?

5. Менеджердің мақсаты дегеніміз не?

6. Менеджердің міндеті дегеніміз не?

7. Фармацевт нені қарастырады?


9. Бақылау.

Коммуникативті компетенция бойынша

1- тапсырма. Менеджердің базалық сапасы бойынша анкета толтырыңыз.

Жұмыс сапасы:

-бақылаудың қажеттілігі

-тәртіп

-нәтижелердің тиімділігі



Жеке бағдарлық деңгейі:

-табандылық

-мақсатты естен шығармау

-жаңаға ұмтылу

-біліктілігін арттыру.
10. Негізгі әдебиет:

1. Б.Ж.Доскеева «Қазақ тілі» жалғастырушы топ. Алматы 2000ж.

2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы. Кітап. 2005 ж


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

14 тақырып: Менеджердің базалық сапасы

Көмекші етістіктер

2012 ж.


Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай




1. Тақырыбы: Менеджердің базалық сапасы

Көмекші етістіктер


2. Мақсаты: Ғылыми тұрғыда және тілдік құзіреттілікті, біліктілікті қалыптастырып, коммуникативтік дағдыларын дамыту.
3. Міндеті:

1) Когнитивті-білім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және менеджнрдің базалық

сапасы туралы білу.

2) Операционалды-дағды компетенциясы бойынша көмекші етістіктерді үйрету.

3) Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми, әдеби т.б. терминдерді жазу, айту, әр-түрлі

бағытта қолданылу дағдыларын қалыптастыру.


4. Негізгі ұғым: Кәсіби бағытта нұсқау беру, сөздер мен реприкалар, жағдаяттар. Мәтінді жаңғырту, толықтыру т.б.
5. Сабақты өткізу жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі-5минут

2. Өткен,берілген тапсырмаларды сұрау,тексеру-15минут

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру-30минут

4. Тақырыпты қорыту: а) лексика-грамматикалық тапсырмаларды орындау-45минут

ә) Өзін-өзі дамыту дағдылары-40минут.

5. Қорытынды білім денгейін бақылау-15минут.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Коммуникативтік әдіс.

Оқылым (тірек сөздер,аналитикалық талдау,талқылау,сұрақ- жауап,жаңа сөздер.)

Сөйлесім (пікірталас,әңгіме,ой бөлісу)

Тындалым (жұптық,топтық тапсырмалар,баяндама)

Жазылым (эссе,конспект,анкета толтыру)
7.Көрнекі құралдар: кестелер,сызбалар, суреттер т.б.

8. Тапсырмалар

1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп, көмекші етістіктерді табыңыз.

Менеджмент-нарықтық эконоика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Басқару қызметінің әр түрлі салаларында пайдаланылатын менеджменттің сан алуан түрлері бар. Ішкі менеджмент-ішкі мәселелердің басымдығын сыртқыдан айрықшалап көрсететін басқару типі. Тәжірибе менеджменті-менеджмент тұжырымдамасы. Респупликада 68 елшілік және халықаралық ұйымдардың өкілдіктері тіркелген.38 мемлекетте Қазақстанның дипломатиялық елшіліктері жұмс істейді. Басымдықтар нақты жағдайлармен, басқару стратегияларымен, менеджердің кәсіби қызметінің стилімен және басқару процесінде пайда болатын мәселелердің сипатыменанықталады


2-тапсырма.Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне сөйлем құрастырыңыз.

Өндіріс, кызметкер, жұмыс міндет, жетістік, фирма, салық, ғылыми ізденіс, жақсарту, ізденіс, түсіну, кәсіби, кәсіпорын, жүзеге асыру, тіл табысу, жекеменшік, басшылық ету, іс-әрекет, ұсыныс, келіссөз, бағыт, қарым-қатынас, мамандандыру, әлеуметтік.


3- тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

Тәжірибе менеджменті-менеджмент тұжырымдамасы. Ол осы тұжырымдаманың негізгі ережелері мен принциптерін нақты пайдалануға бағдарланған.Олар ең таза,сапалы өнім деген бағаға ие болды.Әуе қатынастары дамыды.Орталықтандырылған жүйе ыдыраған соң ішкі,сыртқы әуе қатынастарына жол ашылды.Утопиямен қоғам біржола қоштасты.Халық жақсы өмірді,жақсы тұрмысты біреу жасап бермейтінін түсінді.

Осы тұрғыда фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне-менеджелерге көшеді. Мақсаттарға қол жеткізу бірқатар мәселелерді шешуді қажет етеді,стратегиялық,әкімшілік,оперативтік. Басымдықтар нақты жағдайлармен,басқару стратегияларымен,менеджердің кәсіби қызметінің стилімен және басқару процесінде пайда болатын мәселелердің сипатыменанықталадыТәжірибе менежментінің тұжырымдамасын жасайтын екі тәсілдеме бар.Біреуі-прагматикалық,екіншісі-ғылыми.
4-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне сөйлем құрастырыңыз.

Ғылыми ізденіс, жақсарту, ізденіс, түсіну, кәсіби, кәсіпорын, жүзеге асыру, тіл табысу, жекеменшік, басшылық ету, іс-әрекет, ұсыныс, келіссөз, бағыт, қарым-қатынас, мамандандыру, әлеуметтік, деңгей.




  1. Бақылау

Коммуникативті компетенция бойынша

1-тапсырма. Сұраққа жауап жазыңыз.

Фармецевтер нені қарастырады?

Нәтижелі,табысты болу үшін не істеу керек?

Жетілдіру ісін қалай ойлайсыз?

Жоспарлау дегеніміз не?

Менеджмент қалай қалыптасты?

Менеджерлердің қандай түрлерін білесіз туралы не білесіз?
Когнитивті-білім компетенциясы бойынша

1-тапсырма. Тестілермен жұмыс

1. С вашего согласия

а) сіздікі дұрыс

ә) сіздердікі

б) сіздің жұмысыңыз

в) сіздің келісіміңізбен

г) сізге өтінішім бар еді



2. Төмендегі сұрақтың аудармасын көрсетіңіз.

Какую цель вы преследуете?

а) Сіз қандай мақсатты көздейсіз?

ә) Сіз кімге келдіңіз?

б) Сіз менеджерсіз бе?

в) Сізге кім керек?

г) Сіз жұмыс істейсіз бе?

3. Дұрыс аударма.

Жеке өндіруші.

а) единичное суждение

ә) частное имущество

б) индивидуальный производитель

в) частный инвентарь

г) самосознание личности

4. Неповиновение начальству.

а) бастыққа бағынышты

ә) бастықтар құрамы

б) бастықтан сұрану

в) бастыққа ұсыну

г) бастыққа бағынбаушылық



5. Руководящее указание

а) басшылық ету

ә) басшылыққа алу

б) басшылық нұсқауы

в) басшы қызмет

г) бастықтан сұрану



6. Мемлекеттік табыстар.

а) государственные доходы

ә) государственный заказ

б) государственная дисциплина

в) государственная пошлина

г) государственное устройство




  1. Негізгі әдебиет:

  1. Б.Ж.Доскеева «Қазақ тілі» жалғастырушы топ. Алматы 2000 ж.

  2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы. Кітап. 2005 ж.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

15 тақырып: Аралық бақылау


2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай


  1. Сабақтың тақырыбы: Аралық бақылау




  1. Мақсаты: Студенттердің өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру.




  1. Өзектілігі: Студенттердің өткен сабақ тақырыптарын қалай меңгергенін анықтау.




  1. Міндеті:

  1. Дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету.

  2. Күнделікті өмірге қажетті сөздерді, медициналық терминдерді үйрету.

  3. Термин сөздер мен әртүрлі сөздіктер жөнінде мағлұмат беру.


Сөздік диктант

І – нұсқа



  1. Законодательство

  2. Продажа автивов

  3. Менеджер по связям с клиентами

  4. Менталитет

  5. Международная биржа

  6. Мобильность

  7. Мнение

  8. Напряжение

  9. Обращение

  10. Обратный

  11. Обязательство

  12. Отвод

  13. Отдел

  14. Пенсия

  15. Передышка

  16. Перекладывать

  17. Предположение

  18. Разработка

  19. Разногласие

ІІ – нұсқа

  1. Жай сөйлемнің жасалу жолдары туралы айтыңыз.

  2. Жай сөйлемнің құрмалас сөйлемнен қандай айырмашылығы бар?

  3. Құрмалас сөйлем деген не?

  4. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

  5. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

  6. Салалас құрмалас нешеге бөлінеді?

  7. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  8. Сабақтас құрмаластың баяндауыштары туралы айтыңыз.

  9. Сабақтас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

  10. Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

  11. Салалас құрмалас мағыналық қарым-қатынасына қарай нешеге бөлінеді?

  12. Салалас құрмаластың байланысу тәсілдері туралы айтыңыз.

  13. Ыңғайлас салаластың жалғаулық шылауларына 5 сөйлем құраңыз.

  14. Қарсылықты салаластың тыныс белгілері қандай?

  15. Іліктес, себеп-салдар салаластың жасалу жолдары туралы айтып, мысал келтіріңіз.

  16. Жұмысты басқаруда басшының ролі қандай?

  17. Менеджмент пен фармацевтиканың байланысы туралы айтыңыз.

ІІІ – нұсқа



  1. Ұтымды ұйымдастыру дегеніміз не?

  2. Сөздіктануды қалай түсінесіз?

  3. Терминдердің бүгінгі аудармасы туралы не айтуға болады?

  4. Терминкомның бүгінгі жұмысы туралы газет-журналдан не оқыдыңыз?

  5. Терминдерді аударған дұрыс па?

  6. Сөздіктің неше түрі бар?

  7. Сіз сабақ барысында қандай сөздіктерді пайдаланасыз?

  8. 20 медициналық терминдерді жатқа атаңыз.

  9. Сабақтас құрмалас туралы айтыңыз.

  10. Сабақтас құрмаластың жасалу жолдары туралы айтыңыз.

  11. Сабақтас құрмалас мағынасы жағынан нешеге бөлінеді?

  12. Шартты бағыныңқы сабақтастың сұрақтары қандай? Мысал келтіріңіз.

  13. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмаласты жасалу үшін қай жұрнақтарды пайдаланса болады?

  14. Себеп бағыныңқы сабасқтастың сұрақтарын айтып, 3 мысал келтіріңіз.

  15. Мақсат бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не?

  16. Махмұт Қашқаридің қандай еңбектерін білесіз?

  17. 10 медициналық сөзді түсіндірме сөздіктен тауып, мағынасын түсіндіріңіз.

  18. Синонимдік сөздікті медицинада пайдалана ма?

  19. Басшы өзін әріптестерінің алдында қалай ұстауы керек?


5. Өздік жұмыс бойынша сұрақ:

1. Қазақтың медицина саласындағы танымал қайраткерлері туралы не білесіз?


6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілждері, пікірталас, сұрақ-жауап, аударма жұмысы, топпен жұмыс, сөйлесу.
7. Негізгі әдебеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 79-83бет

2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 47-48бет

3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 102-105бет

4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 170-171

5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 55-58беттер



Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.

2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы. Кітап. 2005 ж

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

16 тақырып: Менеджер басқарушы

Етіс категориясы

2012 ж.


Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай





  1. Сабақтың тақырыбы: Менеджер басқарушы

Етіс категориясы


  1. Мақсаты: Лексикалық тақырып арқылы мамандыққа байланысты сөздік қорын байыту. «Менеджер басқарушы» мәтіні бойынша студенттерге жаңа сөздерді үйрету.

  2. Грамматикалық тақырыпты практикалық жолмен меңгерту.




  1. Міндеті:

  2. Когнитивті білім компетенциясы бойынша сауатты жазып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

    1. Етістіктің етіс категориясын практикалық жолмен меңгерту. «Менеджер басқарушы» мәтінінің мазмұнын баяндай білуге дағдыландыру.

  3. Операционалды дағды компетенциясы бойынша термин сөздердің дұрыс жазылуын, оларға жалғанатын қосымшаларды сауатты жалғай білу, біліктілікті қалыптастыру. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөзімен баяндауға, соның негізінде оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылымға студенттердің тілін дамыту.

  4. Коммуникативті компетенция бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді таңдай білу, мәтінді түсініп айта білу, қосымша ғылыми мәліметтермен өз ойын, білімін байыту. Болашақ маман ретінде мемлекеттік тілде емін-еркін халықпен қарым-қатынас жасау біліктілігін арттыру. Студенттер арасында еркін шығармашылық қатынас орнату.

    1. Оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым арқылы ойын қалыптастыру.

  1. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша түрлі бағытта жазу мәдениеті дағдысын дамыту.




  1. Негізгі ұғымдар:

Грамматика бойынша: Етіс, оның түрлері. Өздік етіс пен ырықсыз етістің айырмасы. Өзгелік етістің жұрнақтары, салт етістікті сабақты етістікке айналдыру жолдары. Ортақ етіс қимылдың бірнеше субъектіге ортақтығын мысалдар арқылы түсіндіру.

Лексика бойынша: Объекті, біркелкі даму, жекеленген бөлімдер, кәсіпорын, бірлестік, жиынтық элементтер, ұйымдық, ұжымдық, микроэлементтер, жабдықтар кешені, өндіріс жұмысы сияқты сөздерді меңгерту, мағынасын түсіндіру.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты):

  1. Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.

  2. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

  3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

  1. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

  2. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

  1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

  2. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

  3. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.


7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.


  1. Тапсырмалар:

1-жаттығу. Төмендегі етістіктерден етіс жасаңыздар, олардың дұрыс жазылуын сөздікпен тексеріп, сөйлем құрыңыздар:

Күш, құй, үлгер, үлес, ымда.


2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тісті етіс жұрнақтарын қосып, қандай етіс екенін табыңыздар.

Істі маған баста...пақ болады.

Жұмыстан қал...ып, кеңсеге шақыр...ып отыр.

Кірпіш үйдің тек төбесі ғана жаб...маған.


3-жаттығу. Мына етістіктерден ырықсыз етіс жасап, сөйлем құрыңыздар.

Сал, біл, жи, сана, бол, қара, өт.


4-жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыздар.

На современном конкурентном рынке действует достатчно продовцов и покупателей товара. Фирмы принимают рыночную цену как заданную, решая сколько производить и продавать, а потребители принимают ее как заданную решая, сколько купить.


1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңыздар

МЕНЕДЖЕР БАСҚАРУШЫ

Соңғы уақытта біздің сөздік қорымызға менеджер,менеджмент маркетинг ұғымдары тез енді.Менеджмент сөзін дәл аударатын болсақ,онда басқа біреу арқылы өз мақсатына жету деген ұғымды береді екен.Менеджмент ағылшын сөзі адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі деген мағынада.Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф.Тейлор болған.Менеджменттегі басты нәрсе өз мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою.

Кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйе біршама дербес, бірақ өзара байланысты екі бөліктен тұрады: басқарылатын (басқару объектісі) және менеджер (басқару субъектісі).

Басқарылатын жүйе деп, ретке келтіру мақсатында басқару ықпалын жүргізуге арналған объектіні, яғни белгіленген жүйеге жетуге мүмкіндік беретін даму формасын айтады. Оның өзі өндірістің алуан саласындағы процесті жүзеге асырады.

Менеджер – бұл техникалық құралдар көмегімен мақсатқа сай ықпал етуді жүзеге асыратын органдар мен жеке жұмыскерлер жиынтығы.

Менеджер – бұл «нені» немесе «кім» басқарады, ел басқарылатын – «нені» немесе «кімді» басқарады. Бұған ұқсас ұғымдар – «басқару субъектісі» мен «басқару объектісі».

Басқару құрылымын қалыптастыруға мынадай факторлар әсер етеді:басқару қызметшілерінің саны,қызметшілерді орналастыру және топтау т.б.

Басқарылатын жүйе және менеджерлер субъектіден объектіге енетін және объектіден субъектіге шығатын тікелей ақпараттар көмегімен тығыз байланысты болып, олардың үнемі әрекеттесуін, жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді.


2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Экономикалық жүйе қанша бөліктен тұрады?

  2. Басқарушы жүйе дегеніміз не?

  3. Басқарушы жүйедегі объекті мен субъекті дегенді қалай түсінесіз?

  4. Кері байланыс туралы заң нені қарастырады?


3-тапсырма. Ырықсыз етістің өткен шақ тұлғасын пайдаланып, тіркестерді жазбаша түрде аударыңыз.

Заявление прочитано, решение было принято, доклад написан, было решено, все было сделано, объект был осмотрен, работа окончена, все сказано, заявление подписано, протокол утвержден.


4-тапсырма. Төмендегі тіркестерде қандай айырмашылықтар бар?Берілген тіркестермен сөйлем құраңыз және жазыңыз.

хат жазды хат жазылды

хабарландыруды берді хабарландыру берілді

конкурс жариялады конкурс жарияланды

өтінішке қол қойды өтінішке қол қойылды

жұмысқа қабылдады жұмысқа қабылданды



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет