С. Ж. Асфендияров атындағЫ



жүктеу 4.03 Mb.
бет7/23
Дата20.06.2016
өлшемі4.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

5-тапсырма. Төмендегі етістіктерден етіс жасап, олардың жазылуын емле сөздігінен қарап анықтап, сөйлем құраңыз.

Күш, құй, құнық, жіпсі, үлгер, анықта, үйір, үлес, үрік, ымда, баста.



6-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыздар, етістерді тауып анықтаңыздар.

ӘНШІ

Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп,

Қоздырып делебені әсерлетіп.

Шырқатып шығандатып, шалықтатып,

Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп.

Талдырып, талықсытып, тамылжытып,

Орғытып, орағытып, бас өрлетіп.

Самғатып, саңқылдатып, сар желгізіп,

Ұрынтып, өршелентіп, бәсеңдетіп.

Серпілтіп, сумаңдатып, сексен ырғап,

Қырық қарпып, тоқсан толғап, бес өрлетіп.




7-тапсырма. Төмендегі етіс жұрнақтарын пайдаланып сөйлем құрыңыз.

-ын, -ін, -н, -лан, -лен, -іл, -ыл, -л, -қыз, -кіз.



  1. Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар).

Коммуникативті компетенция бойынша:

1) Экономикалық жүйенің бөліктері қандай?

2) Басқарушы жүйе қандай қызмет атқарады?

3) Кері байланыс дегеніміз не?

4) Басқару объектісінің жұмысы қандай?

Операционалды дағды компетенциясы бойынша:

4-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Менеджер – бұл техникалық құралдар...

Мақсатқа сай ықпал ет...

Басқару құрылымын ... мынадай фактор әсер етеді.

Басқаратын жүйе ... және ...субъектіден объектіге енеді.

Оның өзі ... алуан саласындағы процесстерді жүзеге ...



Когнитивті білім компетенциясы бойынша:

Тестілер:

  1. Әлеуметтік экономикалық жүйенің бір бөлігі:

а) ұшқыш

ә) дәрігер

б) мұғалім

в) инженер

г) менеджер

2. Өзгелік етістің жұрнағын табыңыз.

а) -ып, -іп, -п

ә) –а, -е, -й, -ып, -іп, -п

б) –қыз, -кіз, -гіз, -ғыз

в) –ғалы, -гелі, -қалы, -келі

г) –ды, -ді, -ты, -ті



3. Өздік етіс жұрнақтарын табыңыз

а) –сың. -сің

ә) –са, -се, -ар, -ер

б) –ын, -ін, -н

в) ыл, -іл, -л

г) –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе



4. Ырықсыз етіс жұрнағы бар сөйлемді көрсетіңіз

а) қар еріді

ә) әбен келгелі екі апта болды

б) киім тазаланды

в) оған ән айтқыз

г) олар айтысты



5. Сабақты етістікті табыңыз:

а) су төгілді

ә) сен оны келтір

б) сен отыр

в) мен жуындам

г) ет желінді.




10. Негізгі әдебеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 14-16 бет

2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 67-69 бет

3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 31-34 бет

4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 164-165

5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 23-25-беттер


Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 38-39бет.





ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

17 тақырып: Кәсіпорын

Қимыл есімі. Қажеттілік мәні

2012 ж.


Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай




  1. Сабақтың тақырыбы: Кәсіпорын.

Қимыл есімі. Қажеттілік мәні.


  1. Мақсаты: грамматикалық тақырыпты практикалық жолмен меңгерту. «Кәсіпорын» мәтіні бойынша жаңа сөздерді игерту, қазақша сөздік қорын молайту.




  1. Міндеті:

  1. Когнитивті білім компетенциясы бойынша студенттің сауатты жазуын қалыптастыру. Қимыл-әрекетті, қажеттілік мәнді білдіретін сөздерді сөйлем құруда дұрыс пайдалану «Кәсіпорын» мәтіні бойынша жаңа сөздерді игерту.

  2. Операционалды дағды компетенциясы бойынша лексикалық-грамматикалық ерекшеліктердің қолдануын білу, термин сөздерге қойылатын талаптарды білуге үйрету. Мәтінді еркін аударып, мазмұнын баяндауға үйрету. Оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым түрлерін сабақта пайдалана отырып тақырыпты меңгерту.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді таңдап, сабақ барысында пайдалана білу. Студенттің оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру. Болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктілігін арттыру. Студенттер арасында еркін шығармашылық қатынас орнату. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша жазу, сөйлеу мәдениетін көтеріп, дағдысын дамыту.




  1. Негізгі ұғымдар

Грамматика бойынша: қажеттілік мәнді сөздер мен сөз тіркестерінің сөйлемдегі қызметі. Қимыл есімдері қандай жолдармен жасалады?

Лексика бойынша: нарықтық экономика, кәсіпорын, бәсекелестік, жігерлендіру, шешім қабылдау, ықпал ету.т.б.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты):

  1. Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.

  2. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

  3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

  1. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

  2. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

  1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

  2. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

  3. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.


7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8. Тапсырмалар:

1-жаттығу. Етістіктерді қалау райда қолданыңыздар. 5 сөйлем құрыңыз.

  1. Менің (демалу, оқу, сөйлесу, тыңдау, емделу, танысу) келді. 2. Сенің (ұйықтау, үйлену, қыдыру, аудару, қырыну, киіну) келмейді. 3. Сіздің (сатып алу, кездесу, ауыру, шешіну, ойнау) келіп тұр ма? 4. Оның (жүру, жату, отыру, ашу, жабу, жұмыс істеу) келіп тұр ма? 5. Біздің (шығу, апару, тазалау, күлу, қайту) келіп тұрған жоқ. 6. Сендердің (қуану, сұрақ қою, жауап беру, жауап алу) келмейді. 7.Сіздердің (амандасу, қоштасу, кешіру, билеу) келеді. 8. Олардың (көмектесу, бастау, дайындау, іздеу, барлау) келе ме?


2-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Сіздің жексенбіде қайда барғыңыз келді? 2. Оның жазда қайда демалғысы келеді? 3. Сенің онымен неге сөйлескің келмейді? 4. Сіздің үйіңізге қашан қайтқыңыз келеді? 5. Оның саған не туралы айтқысы келді? 6. Сенің кімді шығарып салғың келеді? 7. Оның кімге көмектескісі келеді? 8. Сіздің маған қандай сұрақ қойғыңыз келеді? 9. Оның түстен кейін не істегісі келеді? 11. Сіздің ініңіздің кім болғысы келеді? 12. Оның машина сатып алғысы келе ме? 13. Сенің досыңа неге көмектескің келмейді? 14. Сіздің қандай музыка тыңдағыңыз келеді? 15. Құрбыңның ауылда тұрғысы келе ме? 16. Сенің онымен неге танысқың келмейді?


3-жаттығу. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

  1. Мы хотим познакомить вас с нашим городом. 2. Я хочу поехать летом к моей подруге в Уральск. 3. Когда ты хочешь поехать к родителям? 4. Он хотел познакомиться с моими друзьями. 5. Наш сын хочет работать в правоохранительных органах. 6. Ты не хочешь пригласить меня в театр? 7. Вы не хотите нам помочь? 8. Дети хотят пойти сегодня в кино. 9. Он не хочет слушать нас. 10. Вы хотите поехать домой на поезде? 11. Они хотят немного отдохнуть. 12. Мы не хотим говорить на эту тему.


4-жаттығу. Тіркестерді оқыңыз, сөйлем құрыңыз, жазыңыз.

Ілгері басушылық, жүзеге асыру, шағын бизнесті дамыту, шағын бизнеспен айналысу, жұмысқа кедергі жасау, жұмысқа көмек көрсету, үкімет тарапынан, пікірге қосылу, заңгерлік көмек, көмек күту, озат тәжірибеге сүйену, белсенді жұмыс істеу, тұтынушылардың сұранысы, ақыл-кеңес беру, сұранысты анықтау, жарнама арқылы.


5-жаттығу. Мақал-мәтелдердің мазмұнын түсіндіріп, орыс тіліне аударыңыздар.

Ердің атын еңбек шығарады.


Көп ойласаң – дана боласың,

Көп ойнасаң – бала боласың.


Алтын алма, ақыл ал.
Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.


1-тапсырма. Әр тіркеске анықтама беріп, 8 сөйлем құрастырыңыз.

  1. Кәсіпорынды басқару

Кәсіпорынды жою

Кәсіпорынды қайта құру

Кәсіпорынды ашу

Кәсіпорынды тіркеу




  1. Кәсіпорынның жарғысы

Кәсіпорынның қызметі

Кәсіпорынның мүлкі

Кәсіпорынның мекен-жайы

Кәсіпорынның құрылтайшылары

Кәсіпорынның өнімі


  1. Кәсіпорын қызметінің түрлері

Кәсіпорын қызметінің мақсаты

Кәсіпорын қызметін ұйымдастыру


2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Нарықтық экономика, басқаруды ұйымдастыру, өндірісте қолдану, жүйеге келтіру, ықпал ету, көз жеткізу т.б.


3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

Кәсіпорын.

Кәсіпорын ең сапалы ,әрі бағасы біршама арзан тауарларды шығара алуы ,немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс. Кәсіпорын ең алдымен адамдар.Осыдан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады,яғни адамдардың қызметкерлердің кәсіпорындағы өндірістік процестің маңызды элементі болып саналады.Нарықтық экономикаға өту басқару жүйесін жаңаша қалыптастыруды талап етеді. Кәсіпорынның тиімді қызмет етуі көп жағдайда басқару шараларына байланысты. Сол себепті басқаруды ұйымдастырудың маңыздылығы әрбір ұйым, әрбір қор, әрбір кәсіпорын үшін өте маңызы зор. Өйткені кәсіпорын аз шығын мен көп пайда табу үшін тиімді басқару, жоспарлау, ұйымдастыру, жігерлендіру, бақылауды жақсы жүргізе білуі керек. Мұның бәрі кәсіпорынды нарықта өз орнын ұстап тұруына, басқа кәсіпорындармен бәсекелестікке түсуге, жоғары сапалы өнім шығаруға, кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасымен дұрыс қарым-қатынас жүргізуіне жұмысшыларды еңбекке жігерлендіруге, жаңа технологияларды өндіріске қолдануға, нарықтық экономиканың ағымына байланысты жедел, тиімді шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар осы шаруашылықтардың шараларының барлығын белгілі бір жүйеге келтіріп, бақылау жасауға ықпал етеді. Басқаруды ұйымдастырудың қажеттілігін сұраныс пен ұсынысын қамтамасыз етуде маңызы зор. Қандайда болмасын кәсіпорын нарықта өз орнын таба білуі, бірден бір ықпал ететін басқаруды ұйымдастыру екендігіне көз жеткізу керек.




  1. Нарықтық экономикаға өту үшін не қажет?

  2. Кәсіпорын пайда табу үшін не істеуі керек?

  3. Нарықтағы өз орныңды қалай сақтауға болады?

  4. Бәсекелестік деген не?

  5. Басқаруды ұйымдастыру қажет пе?


9. Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):

Коммуникативті компетенция бойынша:

Шағын кәсіпорынның жарғысы қайда бекітілуі керек?

Шағын кәсіпорынды тіркеу үшін қандай құжаттар керек?

Шағын кәсіпорын қай мекемеде тіркелу керек?

Шағын кәсіпорын ашу жөнінде шешім қайда қабылданады?
Операционалды дағды компитенциясы бойынша
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойыңызды айтыңыз.

-...............................

- Сіздің шағын бизнеспен айналысқыңыз келе ме?

- ...............................

- Шағын бизнес, шағын кәсіпорынның жұмысы ілгері басу үшін қандай жағдай қажет?

- .........................

2.-...............................

- Иә, мен осыдан үш жыл бұрын киім тігу кәсіпорынын ашқан едім.

-...........................

- Жоқ, өкінбеймін. Себебі ұтсам да, ұтылсам да – бәрі тек өзіме, өзімнің іскерлігіме байланысты.

-..........................

- Әрине, кәсіпорынның жұмыс заңдарының орындалу-орындалмауына, салықтың аз-көптігіне, қоғамның жалпы әлеуметтік жағдайына да байланысты. Бірақ тағы да айтып кетейін, ең бастысы көп нәрсе кәсіпкердің өзіне байланысты.


Когнитивті білім компетенциясы бойынша

  1. Сіз өз ісінің маманы атанған адаммен таныстыңыз. Одан не туралы сұрар едіңіз.

  2. Қазақстандық экономист ғалымдар туралы білгеніңізді айтып беріңіз.



10. Негізгі әдебеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 17-18 бет

2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 70-73 бет

3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 36-37 бет

4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 168-170

5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 15-17 беттер


Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003ж.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

18 тақырып: Басқару

Сын есім, шырайлары

2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай


  1. Сабақтың тақырыбы: Басқару

Сын есім, шырайлары.


  1. Мақсаты: грамматикалық тақырыпты практикалық жолмен меңгерту. Мемлекеттік тілде оқығанын, білгенін дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. «Басқару» мәтіні бойынша сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс айта, жаза, түсіне білуге үйрету. Олардың сөздік қорын молайту.




  1. Міндеті:

  1. Когнитивті білім компетенциясы бойынша студенттің сауатты сөйлеп, жаза білу дағдысын қалыптастыру. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін практикалық жолмен меңгерту. «Басқару» мәтіні бойынша экономикалық терминдер мен жаңа сөздерді игерту.

  2. Операционалды дағды компетенциясы бойынша лексикалық-грамматикалық ерекшеліктерді білдіру, сөйлем құраудағы ерекшеліктер мен ережелерді сақтау. Мәтінді мазмұндау, аударма жасау баяндауға үйрету. Оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым түрлерін сабақта пайдалана отырып тақырыпты меңгерту.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді таңдап, сабақ барысында пайдалана білу. Студенттің оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру. Болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктілігін арттыру. Студенттер арасында еркін шығармашылық қатынас орнату.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша әртүрлі бағытта сөйлеу дағдысын қалыптастыру.




  1. Негізгі ұғымдар:

Грамматика бойынша: Сын есімнің сөз тудырушы жұрнақтарының сөйлемдегі қызметі. Шырай арқылы түрленетін сапалық және қатыстық сын есімдердің жасалу жолдары. Сын есімнің мағынасына, тұлғасына, құрамына қарай түрлері.

Лексика бойынша: басқару, басшылық, жетекшілік, әкімшілік, ұйымдастыру, өндіріс технологиясы, сапалық өзгеріс, ынта-ықылас, талап-тілік, творчестволық, тартымды, нәтижелі, өкілеттілік, биліктің басқарудағы ықпалы бәсекелестік, кәсіпорынға тікелей тәуелді болу т.б.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты):

  1. Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.

  2. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

  3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

  1. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

  2. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

  1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

  2. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

  3. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.


7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8.Тапсырмалар.

1-жаттығу. Төмендегі сын есімдерден шырай түрін ажыратыңыз.

Үлкен терезе, қып-қызыл көйлек, биіктеу тау, қара қарындаш, тереңірек өзен, жақын жер, сарғыш көйлек, өте ақылды бала.


2-жаттығу. Қазақ тіліне аударып, салыстырмалы шырай жасаңыз.

Белый, сильный, большлй, узкий, широкий, маленький, низкий, высокий, короткий, вкусный.


3-жаттығу. Берілген сын есімдерден салыстырмалы және асырмалы шырай жасаңыздар.

Ақылды, қалың, жұқа, ыстық, суық, сұлу, ащы, тұщы, терең, тар, кең.


4-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіз.

  1. Өнерлі жігіт өрде озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

  1. Өнерлі өрге жүзеді.

  2. Шебердің қолы көпке ортақ.

  3. Өнерліге өлім жоқ.

  4. Жігіт адамға жетпіс өнерде аз.

  5. Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

  1. Өнерлі бала сүйкімді.

  2. Өнер білсең өлмейсің.

  3. Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

  1. Ақыл көпке жеткізер.

Өнер көкке жеткізер.
1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен аударып, есте сақтаңыздар.

Әкімшілік, ұйымдастырушы, басқару, басшылық, жетекшілік, әкімшілік, ұйымдастыру, өндіріс технологиясы, сапалық өзгеріс, ынта-ықылас, талап-тілік, творчестволық, тартымды, нәтижелі, өкілеттілік, биліктің басқарудағы ықпалы бәсекелестік, кәсіпорынға тікелей тәуелді болу.



2-тапсырма. Оқыңыз. Өз пікіріңізді айтып көріңіз.

СІЗДІҢ ИМИДЖІҢІЗ

Сізді басқа адамдар қалай қабылдайды?

Сіз – басшысыз. Сіздің имиджіңіз – Сіздің басшы ретіндегі қабілетіңіздің көрінісі. Сіз қалай сөйлейсіз, жауапты мәселелер бойынша шешімді қалай қабылдайсыз, отырыс-тұрысыңыз, сөз әдебіңіз, киім киісіңіз, іскерлік қабілетіңіз, араласатын ортаңыз, интеллектуалдық ой-өрісіңіз Сіздің имиджіңізді (бейнеңізді) қалыптастырады.

Бұл – қазіргі заманның іскер адамына қойылған талаптардың бірі. Бастаған ісім өнімді болсын десеңіз, имидж қалыптастыруды да ұмытпаңыз.


3-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңыз.

БАСҚАРУ

Басқару мен жетекшілік (лидерлік) жеке адамдар арасындағы басқару аспектісі болып саналады, сол арқылы бағыныштылар кәсіпорыннның мақсатын, әрі оған жету үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін.

Басшы өзіне негізгі екі міндеттің жүктелетіндігін білуі тиіс: адамдармен жұмыс істеу және басқару жүйесін ұйымдастыру. Олар өзара байланысты, әрі күн өткен сайын күрделене түседі.

Басшы өз жұмысында ғылым мен техника жетістіктерін жаппай қолдану өндіріс технологиясы, еңбек құралдары мен заттарына, адамдардың еңбек әрекетінің сипатына сапалық өзгеріс енгізетіндігін ескеруі тиіс. Әрі мұның өзі жұмыскерлердің ынта-ықыласына, талап-тілегі мен мотивтеріне терең ықпал етеді. Мұның өзі оның жұмысын қиындата түседі, өйткені білімді, білікті жұмыскерлерді басқару едәуір күрделі. Сонымен қоса басқару жұмысы біршама творчестволық, тартымды, әрі нәтижелі болады.

Басшының мақсаты басқалардың өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ету. Осы функциясын орындауы үшін, ал өзінің формальды өкілеттілігімен қоса, билігі болуы қажет. Билік – бұл басқалардың жүріс-тұрысына ықпал ету мүмкіндігі.

Ұйымның әртүрлі бөлімшелеріндегі басшы өзінің тікелей бастығына, қол астындағылар мен әріптестеріне тәуелді. Шындығына келгенде осы топтар басшының маңайына топтасқан адамдардың бір бөлігі. Осы адамдардың жәрдемінсіз басшы өз функциясын ойдағыдай жүзеге асыра алмайды. Көпшілік басшылар сонымен қоса өз ұйымынан тысқары жерлердегі адамдар мен ұйымдарға, сондағы өнім жеткізушілерге, тапсырушыларға, бәсекелестерге, олардың қызметін реттейтін ведомстволар мен кәсіподақтарға да тікелей тәуелді.

Басшының қол астындағылар жалақыны көтеру, жұмыс тапсырмасын алу, қызмет бабында жоғарылау, өкілеттілігін ұлғайту, әлеуметтік мұқтажын қанағаттандыру секілді мәселелерде сол басшысына тәуелді болатындықтан, басшының қол астындағыларға толық билігі бар. Екінші жағынан қабылданған шешімдердің жүзеге асуы, өндірістік тапсырмалардың дер кезінде орындалуы басшының қол астындағыларға тікелей байланысты болатындықтан, кейде бұлар да басшыға билік жүргізе алады.
4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.


  1. Жеке адамдар арасындағы басқаруға нелер жатады?

  2. Басшы адам қандай міндеттерді жүзеге асыруы керек?

  3. Басшының мақсаты неде?

  4. Ұйымдағы бөлімше басшыларының міндеттері қандай?

  5. Қабылданған шешім қандай жолдармен жүзеге асуы керек?


9. Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):

Коммуникативті компетенция бойынша:

  1. Басшы кімдердің көмегі арқылы өз ісін жүзеге асыруы мүмкін?

  2. Басшының міндеті мен мақсатына нелер кіреді?

  3. Өндіріс технологиясын көтеруде басшы неге сүйенуі керек?

  4. Ұйым басшылары жоғарғы басшыға қандай көмек көрсете алады?

  5. Шешімдердің жүзеге асуы кімнің қолында?


Операционалды дағды компетенциясы бойынша

5-тапсырма. Мәтінді 3 бөлікке бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңыз.

Басшының 1 күндік жұмыс жоспарын жасаңыз.



Когнетивті білім компетенциясы бойынша:

Тестілер:

  1. Сын есімді көрсетіңіз:

а) он бес

ә) жақсы


б) кітап

в) келе жатыр

г) жоғары

2. Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз:

а) жақсырақ, алыстау

ә) үлкен, өнерлі

б) ақылды, білімді

в) уақыт, сағат

г) ақ, биік



3. Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз:

а) қызық


ә) ақ көйлек

б) қып-қызыл

в) ең жақсы

г) көптеу



4. Экономикалық терминді табыңыз:

а) қорытынды

ә) өсу

б) өтем


в) алаң

г) квадрат



5. «Қаржыға» байланысты терминді табыңыз

а) өндіріс

ә) сауда

б) есеп


в) брокер

г) несие


6. Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз

а) жақсырақ, алыстау

ә) үлкен, білімді

б) ақ, тілек

в) ақылды, білімді

г) қызыл, сары




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет