С. Ж. Асфендияров атындағЫ



жүктеу 4.03 Mb.
бет8/23
Дата20.06.2016
өлшемі4.03 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

7. Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз

а) қызық


ә) қып-қызыл

б) ең жақсы

в) көптеу

г) сары


8. Сын есімі бар сөйлемді табыңыз

а) бала тілі - бал

ә) еңбек ер атанды

б) балалы үй базар

в) ұрлық түбі - қорлық

г) оқу – білім бұлағы



9. Салыстырмалы шырайда тұрған сөзді табыңыз

а) аралық

ә) көк ала

б) киімшең

в) ақшыл

г) ашулан



10. Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз:

а) сұлу қыз

ә) жата - жастана

б) әп-әдемі

в) темір күрек

г) әйел-ана.




10. Негізгі әдебеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 21-25 бет

2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 55-57 бет

3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 25-27 бет

4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 200-205

5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 14-16-беттер


Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

19 тақырып: Қызметкерлерді басқару ұйымы

Сан есім.


2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай




  1. Сабақтың тақырыбы: Қызметкерлерді басқару ұйымы

Сан есім.


  1. Мақсаты: «Қызметкерлерді басқару ұйымы» мәтіні бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Студенттердің өз мамандығына байланысты қазақша сөздік қорын молайту. Грамматикалық тақырыпты нақты мысалдар мен ереже арқылы меңгерту. Қазақ тілінде ойын еркін жеткізе білуге үйрету.




  1. Міндеті:

  1. Когнитивті компетенция бойынша студенттердің сауатты жаза білу дағдысын қалыптастыру. Сан есімнің мағыналық түрлерін практикалық жолмен меңгерту. «Қызметкерлерді басқару ұйымы» мәтініндегі жаңа сөздермен таныстыру.

  2. Операционалды дағды компетенциясы бойынша грамматикалық ерекшеліктерді білуге машықтандыру, экономикалық терминдердің мағынасын біле отырып, біліктілікті арттыру. Еркін аударма жасауда қазақ тілінің нормаларын сақтауға үйрету.Оқылым,айтылым, жазылым,тыңдалым жұмыстарын жүргізу барысында студенттің ерік-жігерін, төзімділігін қалыптастыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша экономикалық, ғылыми, тағылымдық әдебиеттерді тақырыпқа сай пайдалану. Болашақ маман қазақ тілінде емін- еркін өз ойын жеткізіп, қарым-қатынасқа түсу барысында өз біліктілігін көрсете білуін қадағалау. Студенттер арасында емін-еркін шығармашылық қатынаста болу.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша қазақ тілінде әр бағытта сөйлеу, жауап беру, өзін ұстай білу сияқты мәдениет түрлерін дамыту.




  1. Негізгі ұғымдар.

Грамматика бойынша: Сан есімның мағыналық түрлері. Сан есімнің тұлғасына, құрамына қарай бөліну жолдары. Сан есімнің жасалу жолдары. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.

Лексика бойынша: сұраныс, нәтиже, корпорация, концерн, мүмкіндіктің ұлғаюы, бақталастық, мемлекеттік басқару, мемлекеттік басқару жүйесі, әкімшілік басқарушылық қабілет, бейресми топ өкілдері.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты):

  1. Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.

  2. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

  3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

  1. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

  2. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

  1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

  2. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

  3. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.


7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8. Тапсырмалар.

1-жаттығу. Төмендегі мақал-мәтелден сан есімдерді тауып мағынасын түсіндіріңіздер.
Алпыстағы атаңды жыққанша, алтыдағы атанды жық.
Екі баланың ортасындағы шал бала болады,

Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.


Он екі айда он үш той.
Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.
Алты бала таппай ана атанбайды,

Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.


Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.
Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.
Жұт жеті ағайынды, жиенімен сегіз.
Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – он саулық.
2-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есім жасаңыз.

Бір, жеті, он, он бес, үш, сегіз, алты, жиырма, отыз үш, қырық, жеті жүз елу екі, тоғыз жүз жиырма, бір мың алты жүз қырық алты, бір мың тоғыз жүз, алпыс алты, тоқсан төрт, жүз бір, отыз тоғыз, он екі.


3-жаттығу. Күрделі, дара сан есімдерді ажыратыңызыдар.

Отыз, он алты, елу, тоқсан, бір жүз алпыс жеті, бір мың тоғыз жүз алпыс үшінші, сексен алты, төрт жүз он бір, екі жүз елу бес, жетпіс мың, тоғыз жүз тоқсан тоғыз.


4-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыздар. 8 сөйлем құрыңыздар.

Бір бала, бес қыз, екі ата, он немере, алты аға, он екі туыс, жиырма бөлме, отыз тыңдаушы, сегіз мұғалім, төртінші курс, алтыншы билет, жүзінші автобус, жиырма бес жас, алты бөлімше, ен тоғыз облыс, жетпіс бес жігіт, екі ұл, он жеті бойжеткен, бес мың теңге, үш іні, жеті жезде, он екі жеңге, бес бажа, алты сабақ, жеті күн.


5-жаттығу. Сөз тіркестерін жазбаша қазақ тіліне аударыңыздар.

Один старший брат, две старшие сестры, пять сыновей, три бабушки, десять коллег, четыре соседа, три взвода, шесть отделений, пятнадцать тетрадей, двадцать домов, шесть детей, девятнадцать областей, восемь тысяч тенге, семь внуков, одиннадцать правнуков, первый билет, тридцать первый автобус, шестой день, первый учитель.


1-тапсырма. Тіркестерді оқыңыздар, сөйлем құраңыздар, жазыңыз.

Ілгері басушылық, жүзеге асыру, шағын бизнесті дамыту, шағын бизнеспен айналысу, жұмысқа кедергі жасау, жұмысқа көмек көрсету, үкімет тарапынан, пікірге қосылу, заңгерлік көмек, көмек күту, озат тәжірибеге сүйену, белсенді жұмыс істеу, тұтынушылардың сұранысы, ақыл-кеңес беру, сұранысты анықтау, жарнама арқылы.


2-тапсырма. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

Жүзеге асыру ждать помощи

Шағын бизнеспен айналысу спрос потребителей

Жұмысқа кедергі жасау с помощью рекламы (через рекламу)

Үкімет тарапынан присоединиться к мнению

Заңгерлік көмек активно работать

Озат тәжірибеге сүйену реализовать, претворять в жизнь

Көмек күту мешать, препятствовать работе

Тұтынушылардың сұранысы заниматься малым бизнесом

Жарнама арқылы со стороны правительства

Сұранысты анықтау юридическая помощь

Белсенді жұмыс істеу опираться на передовой метод

Пікірге қосылу определить спрос.

3-тапсырма. Мәтінді оқып жоспар құрыңыз.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫ
Басқару үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін билік керек. Билік орындаушылардың белсенді талаптарына (физиологиялық талабы, қорғалу талабы, әлеуметтік талабы, құрметтеу талабы) ықпал етуге негізделген.

Ықпал етудің барлық формалары басқа адамның тілегін орындауға түрткі болады.

Гренг пен Рейвеннің жіктелуі бойынша биліктің негізгі бес формасы болады:


  1. Мәжбүр етуге негізделген билік. Қорқыту арқылы ықпал ету сонда ғана тиімді болады, егер ол мықты бақылау жүйесімен нығайтылатын болса, әдетте бұған көп шығын кетеді.

  2. Көтермелеуге негізделген билік – қорқытып билік жүргізуге қарағанда едәуір ықпалды, әрі жұмыс сапасы біршама жақсарады. Кейде қандай көтермелеудің тиімді болатындығын айқындау қиын.

  3. Эксперттік билік. Ықпал етушінің арнайы білімі барына, сол себепті тиісті мұқтажын қанағаттандыратынына орындаушы сенеді. Технология күрделілігі мен ұйым көлемі артып отырған жағдайда орындаушыға сенім арту барған сайын тиімді бола түсуде.

  4. Эталондық билік (үлгі билігі). Ықпал етудің мінез-құлқы немесе қасиеті тартымды болатындығы соншалық, орындаушылар соған еліктеуге, сондай басшы болуға тырысады.

  5. Заңды билік. Ықпал етушінің бұйрық беруге хақысы бар екендігін орындаушы мойындайды, әрі оның міндеті бағыну керектігін түсінеді. Бағынушылар ықпал етушінің бұйрығын орындайды, өйткені дәстүр бойынша бағыну орындаушының қажетін қанағаттандыратындығына сенеді. Сондықтан да көп жағдайда заңды билікті дәстүрлі билік деп атайды. Барлық басшылар заңды билікті пайдаланады, өйткені оның өзі басқа адамдарды басқаруға өкілдік береді.

Биліктің осы негіздері басшының негізгі құралы болып саналады, сол арқылы ол ұйымның мақсатына жету үшін қол астындағыларға жұмысты орындауды міндеттей алады.

Әлеуметтік құндылықтың өзгеруіне байланысты ұйым басшыларының пікірінше, басшылық қызметте істейтіндерге, әріптестерге, сондай-ақ ұйым мүшелігінде жоқ адамдарға ықпал етудің ең тиімді жолы сендіру деп есептейді. Бірақ бұл тәсіл біршама баяу әсер етеді.



  1. Билік орындаушыларына қандай талаптар қойылады?

  2. Мәжбүр етуге негізделген билік дегеніміз не?

  3. Эксперттік биліктің этолондық биліктен айырмашылығы қандай?

  4. Заңды билік қалай жүзеге асырылады?

  5. Көтермелеуге негізделген билік арқылы қалай басқаруға болады?




  1. Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):

Коммуникативті компетенция бойынша:

  1. Басқару саласындағы биліктің орны қаншалықты?

  2. Этолондық билік арқылы мұқтажды өтеуге бола ма?

  3. Орындаушы заңды билікке бағынбауға құқығы бар ма?

  4. Басшының негізгі құрамы неде?

  5. Басқарудың ең тиімді жолы қандай деп ойлайсыз?

4-тапсырма. Қосымша мәтінді оқыңыз. Белгіленген сөз, сөз тіркестеріне көңіл бөліңіз.

МАМАНДЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙСЫЗ?

Сіз – кәсіпорынның басшысысыз. Мекемеңіздегі бос қызмет орнына лайықты маман таңдап алуыңыз керек. Жоғары оқу орнын бітірген жас маман жұмысқа орналасуға тілек білдірді. Олардың бірін іріктеп, таңдап алу үшін әңгімелесу – сұхбат әдісін пайдаланып көріңіз.



  1. Әңгімелесуді алдын ала дайындалған сауалнама түрінде өткізуге болады. Дайын сұрақтарға дәл, анық, білікті жауап берген жас жаман Сіздің назарыңызды аударуы мүмкін.

  2. Сұхбат кезінде кандидатқа ресми және бейресми тақырыптар бойынша сұрақтар қойыңыз. Алуан мәселелер төңірегінде әңгімелесе отырып, Сіз жас маманның ой өрісін, білімін, мінез-құлқының ерекшеліктерін біршама байқайсыз, бағалайсыз.

  3. Жұмысқа алуға өтініш білдірген жас маманға қандайда бір проблеманы шешуді ұсынып көріңіз. Бұған, әрине, жас маман қысылып, дағдарып қалуы да мүмкін, дегенмен бұл арқылы Сіз тәуекелшіл,батыл, өз пікірін анық айта алатын кадр таңдай аласыз.

Лайықты – удобно әдіс – способ, метод

Сауалнама – опрос тәуекелшіл – рискованный, способный рисковать

Ой өрісі – кругозор мінез-құлқы - характер

Дағдару – растеряться дегенмен – тем не менее

Тәуекел - риск



Когнитивті білім компетенциясы бойынша

Тестілер.

  1. «Әлемдік деңгейдегі биік тұлға» тіркесінің мағынасын қай қатардағы тіркес бере алады?

а) мақтаныш етеді

ә) әлемге танымал белгілі қайраткер

б) сүйсініс білдіреді

в) тұсаукесер рәсімі

г) әлеуметтік қорғалған адам

2. Күрделі сан есімді көрсетіңіз:

а) аз, көп, мол

ә) қызылды-жасылды

б) көп жасаған адам

в) ақ жаулықты әже

г) он төрт мың бес жүз



3. Бөлшектік сан есім көрсетіңіз:

а) жүздеген, оншақты

ә) оннан бес, екіден бір

б) екінші, бесінші

в) екеуі, қырық бір

г) отыздай, бірен-саран



4. Реттік сан есімді табыңыз:

а) бесеу


ә) жиырмадай

б) төрттен бір

в) елу - алпыс

г) жүз он екінші



5. Дара сан есімді көрсетіңіз:

а) жеті, екі

ә) ақ, тарғыл

б) үштен бір

в) отыз - қырық

г) он сегіз



10. Негізгі әдебеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 22-29 бет

2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 35-36 бет

3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 71-73 бет

4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 199-200

5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 21-23 беттер


Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

20 тақырып: Басқару шешімдерінің түрлері

Есімдік

2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды



№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай


  1. Сабақтың тақырыбы: Басқару шешімдерінің түрлері

Есімдік


  1. Мақсаты: грамматикалық тақырыпты практикалық жолмен меңгерту. Қазақ тілінде ойын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. Мәтін бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерін игерту.

Лексикалық тақырып арқылы студенттердің мамандарына байланысты сөздік қорын молайту.



  1. Міндетті:

  1. Когнитивті білім компетенциясы бойынша студенттердің сауатты жазуын қалыптастыру. Есімдіктің тұлғасына, құрамына, мағынасына қарай түрлерін практикалық жолмен меңгерту. Мәтінді пайдалана отырып, жаңа ұғымдарды, сөздерді игерту.

  2. Операционалды дағды компетенциясы бойынша лексикалық-грамматикалық ерекшеліктердің қолданыс аясын білуге дағдыландыру. Экономикалық термин сөздердің дұрыс жазылып, басқа тілден енген сөздерге қосымшалардың дұрыс жалғануын, оған қойылатын талаптармен таныстыру. Еркін аударма жасай білуге, мазмұнын түсініп студенттердің білімін қалыптастыруға төселдіру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша әдебиеттерді пайдаланау, интернеттегі мәліметтерді дұрыс пайдаланып, берілген тапсырмаларды жүйелі түрде меңгеруге үйрету.Болашақ маман ретінде студенттердің қызығушылығын арттыру.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша өтіп отырған тақырыпты жан-жақты әртүрлі бағытта дамыту.




  1. Негізгі ұғымдар.

Грамматика бойынша:Есімдік, оның түрлері, оның сөйлемдегі қызметі. Есімдіктің басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын ашып көрсету.

Лексика бойынша: менеджмент, менеджер, басшылық ету, басқару, қарым-қатынас жасау билік және басқару өнері т.б.
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты):

1. Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.



  1. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

  2. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

  1. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

  2. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

  1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

  2. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

  3. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.


7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8-тапсырмалар.

1-жаттығу. Көп нүктенің орнына есімдіктерді қойыңыз.

... халық нарықтық экономиканы қуана қарсы алды. Мен ... үйде тұрамын. Студенттер сабақта ... . Бүгін сабақта ... жоқ? Әңгіме ... бітті. ... есік қақты. ... білмейтін студент жақсы маман болмайды.


2-жаттығу. Жалпылау есімдігін табыңыз.

Біздің заман шыққан күндей жайнайды.

Бар әлемге алтын нұрын түсіріп,

Беріліп барлық ынтамен,

Күллі халық сеніп тұр.

Осы жазған барша сөзден,

Байқалынар бар шыным.
3-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, ондағы өздік есімдігінің қай жалғауда тұрғанын айтыңыздар.

Бүкіл зауытты бір өзің жүргізіп тұрсың ғой. Өзімнің бес саусағымдай білемін, өздеріңді. Сол үйдің екі бөлмесін өзіңіздің бас инженеріңізге беріңіз. Түлкінің қызылдығы – өзінің соры. Қанабек өзі қоса күліп, сөзінің артын түзеп әкетті. Өзіміздің маман, жас қой, алып кетеді.


4-жаттығу. Берілген есімдіктермен сөйлем құрастырыңыздар.

Мен, біз, бұл, ол, өзім, өзімнің, кім?, қайда?, барлық, бәрі, біреу, бірнеше, ешкім, ешқандай.


5-жаттығу. Өлеңді оқып, ондағы есімдікті тауып, өлеңді жаттап алыңыз.

Қазақ осы:

Дала дейтін,

Күн дейтін.

Қазақ осы:

«Өнер алды - тіл» дейтін

Қазақ осы:

Қарасың ба,

Ақсың ба


Жатырқауды білмейтін

Қазақ осы:

Ашық, жарқын қабағы

Қонақ келсе,

Шабылып бір қалады.

Байқа да тұр

Саған да ол кетерде

Ат мінгізіп,

Жібек шапан жабады.


(Қ. Мырзалиев)
1-тапсырма. Өлеңді оқып, мазмұнын есіңізде сақтаңыз. Белгісіз есімдіктері бар сөйлемдерді көшіріп жазып, олардың мағынасын түсіндіріңіз.

Жазушының қанағаты

Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар

Құлағын біреу салмас, біреу салар.

Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,

Кейіне жарамаса, кейіне жарар.

Қайсысы ықыласын салып тыңдап,

Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.

Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,

Солардан аз да болса белгі қалар.

(А. Байтұрсынұлы)
2-тапсырма. Есімдіктерді мағыналарына қарай, топ-топқа ажыратып, бөліп жазыңыздар.

Бәрі, ешкім, әркім, қайда, қашан, барша, ешбір, күллі, қалай, анау, біреу, ешқашан, қандай, бар, қай тіл, неше, әлденеше, барлық, ешқандай, ешкім, ештеңе, бүкіл, өз, мына, әрбір, қанша, бірнеше.


3-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бізідің сөздік қорымызға «менеджер» , «менеджмент» ұғымдары тез еңді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда « басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе- сөз аудару сөздің түпкі төркінің әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі –бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етуімен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.

 «Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түпкі төркіні гректің «манус» яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда , ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейінен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқару және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болады.

Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

1. адамдармен қарым- қатынас жасау әдісі, үлгісі;

2. билік және басқару өнері;

3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

4. басқару органы, әкімшілік бөлігі.(1)

«Менеджмент негіздері» курсы бойынша студенттерге арналған американдық оқулықта төмендегідей анықтама берілген: «Менеджмент –бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымды пайдалану процесі»

       Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен , оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:

1.      Үкімет

2.      Мемлекеттік менеджмент

3.      Әскери менеджмент

4.      Құрама одақтық немесе клубтық менеджмент

5.      Бизнес –менеджмент

6.      Мемлекеттік меншіктегі менеджмент


Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:

  • Кәсіпорын жұмысын болжау және жоспарлау

  • Басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру

  • Алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау




  1. нарықтық экономикаға байланысты тілімізге қандай сөздер енді?

  2. Менеджмент сөзінің мағынасы қандай?

  3. Ол қандай мағына береді?

  4. Менеджменттің қанша түрі бар?

  5. Ол қандай қызмет атқарады?


9. Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):

Коммуникативті компетенция бойынша

1-тапсырма. Төмендегі сұхбаттарды толықтырыңыз.



  1. – Сіз дүйсенбіде ашылатын көрме туралы білесіз бе?

  • ...?

  • Көрме бухгалтерлік есептің стандарттарына арналған.

  • ...?

  • Иә, салық салу мәселесіне де арналған материалдар бар сияқты.

  • ...?

  • Жарайды, бірге барайық.

  1. – Сіз «Қарқара - 2012» деп аталған көрме-жәрмеңкеде болдыңыз ба?

  • Иә, ...

  • Көрме-жәрмеңкеге қатысқанның пайдасы бар ма?

  • Әрине, мысалы, мен...

  • Онда біздің кәсіпорнымыз да келесі көрме-жәрмеңкеге қатысуы керек.

  1. - ...?

  • Иә, көрме-жәрмеңкенің шеңберінде бірнеше семинар өткізіледі. Меніңше, осындай семинарлардың пайдасы зор.

  • ...?

  • Иә, семинарға қатысу үшін ақы төлеу керек және тапсырыс-анкета толтыру керек.

  • ...?

  • Иә, семинарларда жаңа технологиямен, озық әдістермен толық танысып шығасыз және көрме ұйымдастырушылар қажетті ақпараттық құжаттармен, анықтамалармен қамтамасыз етеді. Керек болса, саминарды үнтаспаға жазып алуға болады.

4-тапсырма. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

Жүзеге асыру ждать помощи

Шағын бизнеспен айналысу спрос потребителей

Жұмысқа кедергі жасау с помощью рекламы (через рекламу)

Үкімет тарапынан присоединиться к мнению

Заңгерлік көмек активно работать

Озат тәжірибеге сүйену реализовать, претворять в жизнь

көмек күту мешать, препятствовать работе

тұтынушылардың сұранысы заниматься малым бизнесом

жарнама арқылы со стороны правительства

сұранысты анықтау юридическая помощь

белсенді жұмыс істеу опираться на передовой метод

пікірге қосылу определить спрос

Когнитивті білім компетенциясы бойынша:

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет