С. Ж. Асфендияров атындағЫ



жүктеу 4.03 Mb.
бет9/23
Дата20.06.2016
өлшемі4.03 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

Тесттер:

  1. Жіктеу есімдігін көрсетіңіз:

а) осылар, мыналар

ә) бүгін, кеше, ертең

б) алғашқы, бүгін

в) мен, сен, ол

г) әдемі, келбетті

2. Болымсыздық есімдікті көрсетіңіз:

а) әлдекім

ә) біреу

б) ешқашан

в) өзім

Гг) бірнеше



3. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз:

а) мен, сен, ол

і) кім? Не? Қанша?

б) өз, өзі, өзім

в) барлық, барша, күллі

г) әне, міне, осы



4. «Ақы» сөзі қандай сөзбен тіркеседі?

а) қажет, керек

ә) төлем, өтем

б)халық, мемлекет

в) дерек, ақпар

г) даярлау, жүзеге асыру



5. «Уағдаластық» сөзінің синонимін көрсетіңіз

а) бірлестік

і) татулық

б) ынтымақтастық

в) келісім

г) міндеттену.



10. Негізгі әдебеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 39-41 бет

2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 69-73 бет

3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 45-46 бет

4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 207-210

5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 68-70-беттер



Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

21 тақырып: Басқарудың әдістері, стилі.

Үстеу

2012 ж.


Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



1. Сабақтаң тақырыбы : Басқарудың әдістері, стилі.

Үстеу.
2.Мақсаты. Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру. Мәтін арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды меңгерту.Болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктілігін арттыру.


3. Міндеті:

1) Когнитивті білім компетенциясы бойынша сауатты жазуға, ойын тиянақты жеткізуге үйрету. Мәтін бойынша жаңа сөздерді игерту.

2) Операционалды дағды компетенциясы бойынша мәтінде қойылған сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру.Мәтін мазмұнын қысқаша мазмұндай білуге машықтандыру. Айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым элементтерін дұрыс пайдалануға үйрету.

3) Коммуникативтік компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді ,әдебиеттерді қолдана алу,мәтінді түсіну ,өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

4) Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша терминдерінін жазылу үлгісін, оған қойылған талаптарды орындау, біліктілікті қалыптастыру.
4.Негізгі ұғымдар:

Грамматика бойынша : Үстеудің тұлғасына,құрамына,мағынасына қарай түрлері. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.

Лексика бойынша ықпал ету, белсенді талап ету,көтермелеуге негізделген, орындаушының талабы т.б.

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты):


  1. Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.

  2. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

  3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

  1. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

  2. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

  1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

  2. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

  3. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.


7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8. Тапсырмалар

1 – жаттығу. Жақша ішіндегі сөздерді мағынасына сай көп нүктенің орнына қойып,қөшіріп жазыңыз.

Болат үйді ... тапты (тез, тұп-тура) .Біз сабаққа ... барамыз(ерте, кеш).

Сіз ... сөйлей аласыз ба? (қазақша, арабша, орысша). Автобус жолдан ... бұрылды. (оңға, солға). Қалаға ... келдім?(оқуға түсу үшін, жұмыс үстеуге) .
2 – жаттығу. Төмендегі үстеулермен сөйлем құраңыздар.

Жоғары, төменнен, ұзақ, мейлінше, керісінше, үздік-создық, үсті-үстіне, шапшаң, балаша, әдейі, жорта, көлбеңдеп, ұзынды-қысқалы, көп-көптен, соншалық, тікелей, лажсыздан, жолшыбай, былтыр, жаздай, аса, жазғытұрым, азғантай, қолма-қол, басынан, соғұрлым, жолшыбай.


3 – жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Мезгіл үстеулердің қалай жасалғанын айтыңыздар.

1.Бұдан бұрын Аққасқаны аз-аздап қоянға жүгіртіп, екі-үш суытып алған. 2.Бүгін таңартең аз ғана ас құйылған екен. 3.Күздігүні үй үшінде сойып жатқан қойдың етін жегізбей ұмтылғанда, Қасенді де бір-екі рет қауып алған. 4.Тау басында желдетіңкіреп ызғырық соғады, күн әзірше суықтау. Айналаға Аққасқан да анда-санда бойлап-бойлап жағалай қарайды. 5.Енді бір-бірінен босап кетуіне жол жоқ. 7.Қалың да емес, қыстың орта кезі болса да, биыл қар жұқа болатын.


4 – жаттығу. Мезгіл үстеулерін тауып, сұрақ қою арқылы қандай сөзбен тіркесіп тұратынын көрсетіңіздер.

Нағашым бүгін әдеттегісінен кешігіп келді.. Қасен менің басыма бұрын келмеген ойды әкеп салды. Былтырлар оның сауда обороты губерниялық, тұтынушылар кооперациясынан асып кетті деген.



10. Негізгі әдебеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 6-10 бет

2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 35-40 бет

3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 37-39 бет

4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 155-156

5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 90-93-беттер


Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

22 тақырып: Басшының мінез-құлық үлгісі .

Сөйлем мүшелері.


2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



1. Сабақтың тақырыбы: Басшының мінез-құлық үлгісі.

Сөйлем мүшелері.


2. Мақсаты: Грамматикалық тақырыпты практикалық жолмен меңгеру. Өз ойын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. Мәтін арқылы жаңа сөздерді игеру. Сөздік қорын молайту.
3.Міндеті

1) Конгнитивті-білім компетенциясы бойынша сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері. Сөйлем ішіндегі грамматикалық байланысқа түсу жолдарын меңгерту . Мәтін бойынша жаңа сөздерді игерту.

2) Операционалды дағды компетенциясы бойынша лексикалық-грамматикалық ерекшеліктерді білуге үйрету, біліктілікті қалыптастыру. Аударма жасай білуге төселдіру. Мәтінді оқып, түсініп, оқу, айту, жазу, тыңдап қалыптастыру.

3) Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәлімдемелерді, әдебиеттерді қолдану , мәтіндерді түсініп, айтып беруін қалыптастыру. Студенттер арасында өзара еркін байланыс орнату.

4) Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта дағдыларды дамыту.


  1. Негізгі ұғымдар

Г рамматика бойынша. Сөйлем мүшелері деген не? Сөздердің байланысу тәсілдері. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің сөйлемдегі қызметі мен орны, тыныс белгілері.

Лексика бойынша тәжірибе , ұжымның ортасында, қарым-қатынаста болу, ықпал ету, іскерлік қарым-қатынас,батылдық, қол жеткізу жолдары,басшының этикасы, ұжыммен қарым-қатынастың арқасында , міндеттерді шешу, бірлестік т.б.
1- жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп, анықтауыштың сұрағын жақша ішіне алып жазыңыз.

  1. Желсіз түнде жарық ай.2. Біздің топта 12 студент бар.3. Бүгін біз опера театрына барамыз. 4. Іссапарға жүретін адамдар вокзалға жиналды.5. Менің досым қол сағат сатып алды. 6. Бөлменің дәл ортасында дөңгелек үстел тұр. 7. Кішкене үйдің жанында биік үй тұр. 8. Менің інім биыл оныншы сыныпты бітірді.


2 -жаттығу Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. Жақсы оқу үшін ,...2. Дүкеннен кітап сатып алсын деп,...3. Адам тез жазылу үшін,...4. Ыбырай білімді болсын деп,...5. Борщ пісіру үшін,...

  2. 1.... ... ., почта бөліміне бару керек. 2... ... . , ол маған екі мың теңге ақша берді.3... ... .., біз үйден ерте шықтық .4... ... ... . , дәрігерге бару керек.5... ... . , көп оқу керек.


3–жаттығу

1-Тапсырма. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз .

1. Когда ты учишь текст, он читает слова. 2.Когда шел дождь, мы были в лесу. 3.Когда ты гуляешь, он обедает. 4.Когда преподаватель спрашивает, студент отвечает. 5. Когда преподаватель читает, я слушаю. 6.Когда закончу среднюю школу, поступлю в университет.


4-жаттығу. Мәтінді оқып, бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаларға көңіл аударыңдар, неліктен қойылғандығын дәлелдеңдер.

Тіл байлығы –ой байлығы. (Н.И. Карамзин)Сөз өнері –өнер атаулының ең қиыны мен күрделісі. (О.Бальзак.) Сөз –өмірдің ұлы қаруы. (В.Короленко.) Білім кілті-тіл.(Мақал.)Ең жақсы тіл-ана тілі.(М.И. Калинин.)Бұлар –станцияның маңдай алды құрылысшылары(Ә. Нұрш.)Ел жүрген жер-береке, ер жүрген жер-мереке.(Мақал.) Білім мен даналық-адам көркі. (Мақал) Ел іші-алтын бесік. Елдің күші-селдің күші.(Мақал.)


5-жаттығу. Сөйлемдердің ара-жігін ажыратып, көшіріңдер, қажетті тыныс белгілерін қойыңдар.

Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді кімнің баласысың деп сұрайтын ол менен Момыштың ұлымын Момыш кімнің баласы Момыш Имаштың баласы осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санататын үйге келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.(Б.Момышұлы.)


1-тапсырма. Мына сөздерді оқытушының көмегімен аударыңыздар.

Жұмыс істеу өнері, пайда болу, ұжым, деңгей, көбінесе , ынтымақ, ерекшелік, ресми, тыңдай білу, ұжымды пайдалану.


2-тапсырма. Мәтін оқып, мазмұнын айтыңыз.

БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ , СТИЛІ.

Адамдардың жұмыс істеу өнері туа пайда болмайды, оның өзі өмір бойы, өмір тәжірибесінің, өзімен өзі жұмыс істеудің, сан салалы білім алудың нәтижесінде қалыптасады.

Басшылық тәсілі ұжым деңгейімен тығыз байланысты, олар өзара қатысты әрі бірін-бірін жетілдіріп отырады.

Басшының ұжыммен қарым-қатынасы көбінесе оның жеке басына және де сол ұжыммен ынтымақты, дұрыс жұмыс істей білуіне байланысты. Осыған орай, басшының ұжыммен қарым-қатынас орната білуінің ұйым үшін зор маңызы бар. Басшының ұжыммен қарым-қатынасы бірқатар ерекшеліктермен сипатталады.

Біріншіден, ұжымдағы қарым-қатынас жағдайында басшыға тиісті право мен өкілеттілік біршама ықпал етеді. Ұжым алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті осындай праволарды жүзеге асыру,басшының ұжыммен ресми, іскерлік қарым-қатынас орнатуының негізі болып саналады. Бұл қарым, қатынас жеке адамдармен үйлесуі де, үйлеспеуі де мүмкін.

Екіншіден көпшілік ұжым үшін басшы-бұл тек лауазым бедел ғана емес, белгілі бір білімді ұжым мен ұйым ісін басқару саласында қабілеттілікті қажет етеді. Осыған орай кәсіптік этиканың алуан түрлі болып саналатын басшы этикасы, басшылық этикасы туралы айтуға тура келеді.

Үшіншіден, басшының ұжыммен қарым-қатынас этикасы топтасқандықтан, ұжымды ұйымдастырудың, олардың өз әлеуметтік функциясын орындаудың маңызды факторы болып саналады. Басшының осындай қарым-қатынасқа ықпал етуі, оның өкілеттілігі, правосы ғана емес, сондай-ақ оның идеялық ықпалы, сенімі мен жеке басының үлгісі.

Төртіншіден, ұжым құрамына қарай басшы өзін жақсы жағынан да, нашар жағынан да көрсетуі мүмкін. Мұндайда адамдар басшының кейбір дағдысына еліктейтіндігін өздері де аңғармай қалады.


Басшылық психологиясы мынаған байланысты:

- сөйлеу мәдениетіне, өз ойын сауатты, айқын жеткізе білуіне. Дауыс ырғағын құбылту арқылы айтқан сөзін 40%-тей тиімді ете алады. Айта, тыңдай , сөйлей білуге жаттығу қажет. Басшы сөйлей білумен қоса, тыңдай да, жұртшылықты қызу әңгімеге тарта білуге де тиісті;

-еңбек мәдениетіне , жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыруына;

-сезім мәдениетіне:эмоцияны, дауыс ырғағын, қол қимылын, бет қимылын тежей білуінде. Осының барлығы қызмет этикасына жатады. Басшының өресі басқалардан әлде қайда жоғары болуы, тәрбиеші болуы, өзінің үлгі-өнегесін көрсете білуі тиіс.

-сын жалпылама болмай, нақты адамға арналуы тиіс(жеке басын емес, ісін сынау қажет);

-сынау мақсатын айқындау және сыналатын адам туралы мағлұмат алу;

-адамның дербес ерекшеліктерін ескере отырып сынау, алғашқы ескертуді оңашада айту;

-сынау орнын және тәсілін ойластыру;

-сынай отырып , іскерлікпен жауап беруге жағдай жасау.

Американдық менеджерлерге қойылатын басты талаптың бірі - сынай білу және сынды қабылдай білу. Сынау мен жазалаудан жалтаруға болмайды.


3-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар.

Міндеттерді шешу, жүзеге асыру , мінез- құлық мәдениеті, дұрыс қабылдау. .



Коммуникативті компетенция бойынша

1)Жұмыс істеу мен басқару өнері қалай пайда болды?

2)Ұжымда қандай қарым-қатынас орын алуы керек?

3)Ұжымда басшы өзін қалай ұстауы керек?

4)Мінез-құлық мәдениетіне нелер жатады?

5)Сынау мен жазалау деген не?



Операционалды-дағды компетенциясы бойынша

Мәтінге сүйене отырып, басшы туралы өз ойыңызды айтыңыз

Төмендегі сөздермен сөз тіркестерінің аудармасын жазыңыздар: маркетинг стратегиясы,сақтандыру мемарандумы, халықаралық сауда мәмлесі, сападан ауытқу.
10-тапсырма. Бақылау жұмыстары(сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):


  1. Сіз өз ісінің маманы атанған адаммен таныстыңыз. Одан не туралы сұрар едіңіз?

  2. Жоғарыдағы берілген мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңыз, жоспар құрыңыз.

  3. 10 экономикалық терминге түсіндірме сөзідік арқылы анықтама беріңіз.

  4. Қазақстандық экономист- ғалымдар туралы реферат жазыңыз.


10. Негізгі әдебеттер:

1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 53-56 бет

2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 89-90 бет

3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 52-54 бет

4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 171-176

5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 27-30 беттер


Қосымша әдебиеттер:

1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.

3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

24 тақырып: Жұмысты бағалау

Жай сөйлемдер

2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

№____хаттама

«_____»___________20____ ж.

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай


  1. Сабақтың тақырыбы: Жұмысты бағалау

Жай сөйлемдер


  1. Мақсаты: Мәтін бойынша жаңа сөздерді меңгерту. Өзі таңдаған мамандығы бойынша сөздік қорын байыту. Грамматикалық тақырыпты практикалық жолмен меңгерту. Мемлекеттік тілде өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.




  1. Міндеті:

  1. Коммуникативтік компетенция бойынша студенттің орфоэпиялық және орфографиялық ережелерін сақтау дағдысын қалыптастыру. Жай сөйлемдердің жасалу жолдарын практикалық жолмен меңгерту. «Жұмысты бағалау» мәтіні бойынша жаңа сөздерді меңгерту.

  2. Операционалды дағды компетенциясы бойынша лексикалық және грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің дұрыс жазуын қалыптастыру. Мәтінді еркін аударып, мазмұнын өз сөзімен айтуға машықтандыру. Мәтінді түсініп, соның негізінде, оқылым, айтылым, жазылым, тындалымға студенттің жігерін қалыптастыру.

  3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу. Мәтіндерді түсініп, оқылым, айтылым, жазылым, тындалым бойынша ниетін қалыптастыру.

  4. Өзін-өзі дамыту компетенция бойынша жазу мәдениетін дамыту.




  1. Негізгі ұғымдар:

грамматика бойынша: Жай сөйлем, оның түрлері. Жай сөйлемнің сөйлемдегі атқаратын қызметі. Жай сөйлемнің тыныс белгісі.

лексика бойынша: дамушы елдер,атақ дәреже,мақсатқа жету,сыртқы ортаны талдау, мүмкіндікті болжау,басшылық пікірі,көңіл бөлу т.б.
5. Сабақты өткізу жоспары:

  1. Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.

  2. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

  3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

  1. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

  2. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

  1. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

  2. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

  3. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.


7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8. Тапсырмалар.
1-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жазып, орыс тіліне аударыңыз.

1.Еліміздің көркеюіне дамыған елдер қатарына қосылуына үлес қосып отырған фактордың бірі – ғылым. 2. Ал ғылымның дамуы ғалымдардың қолдарында. 3. Бүгінде ғылым кандадаты, ғылым докторы, профессор тәрізді атақты дәрежелерді мемлекеттік орган Жоғары аттестациялық комитет бекітеді (ЖАК). 4. Оған дейін ізденуші төрт пәннен кандидаттық емтихан тапсыруы керек. 5.Олар: философия, қазақ тілі, шет тілі және мамандық тілі. 6.Мамандық пәннен емтихан диссертиация қорғалатын ұйымда ғана тапсырылады. 7. Сонымен қатар диссертация жұмысының негізгі мазмұны бойынша ізденушінің бірнеше мақаласы жариялануы керек. 8. Диссертациялық кеңес мүшелерінің (кемінде 12 адам ) мақұлдауы керек. 9. ЖАК-тың экспорттық кеңесінде еңбек талқыланады.


2-жаттығу. Сөйлемді аяқтаңыздар.

1. Диссертация жұмысы жазылып біткен соң. 2. Ғылыми ізденушінің мақұлдамасын тексеру. 3. Ізденуші жұмыс істейтін мекеменің талқылануы. 4. Диссертация қорғалатын мекемедегі талқылау. 5. Диссертациялық кеңес құрған эксперттік комиссияның (3 адам) талқылануы. 6. Бірінші оппоненттің мақұлдауы. 7. Екінші оппоненттің мақұлдауы. 8. Диссертациялық кеңес мүшелерінің (кемінде 12 адам ) мақұлдауы. 9. ЖАК -тың эксперттік кеңесінде талқылануы.


3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

1. Ұлықбек жүргізген зерттеу бақылау нәтижесінде ... ... ... жазылды. 2. Ол «... . . » деп аталады. 3. Мұнда астрономияның ... ... . негіздерімен қатар аспандағы 1018 ... ... орнын көрсететін ... ... жасалды. 4. Ұлықбек мектебінде ... . . жаңалықтар ашылды. 5. Білгенге ... . . , . 6. Ғалым мамандар ... ... ашты. 7. Студенттер ... ... конференцияға қатысты. 8. Аспирантура бекітілген ... ... шығарды.



Керекті сөздер: Ұлықбек таблицасы, ғылыми еңбек, жұлдыздың, теориялық, каталог, математикалық, маржан, жаңалық, ғылыми, бұйрық.
4-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті грамматиқалық көрсеткіштерді қойып бұйрықты сөйлем жасаңыз.

1. Нығметтің ауылға бар... келіп жүр. 2. Сарсеннің өлең айт... келді. 3. Сенің театрға бар... келді. 4. Біздің институтқа бар... келді. 5. Менің жауап бер... келіп отыр. 6. Оқытушының менен сұра... келмейді. 7. Бұл оқытушының лекциясын тыңда... келмейді. 8. Бұл фильмді көр... келмейді. 9. Асханаға бар... келмейді.



5-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

1. Мама попросила дочь вытереть пыль. 2. Гости попросили меня сыграть на фортепиано. 3. Карим позволил Алие купить шубу. 4. Мы заставили ребенка спеть. 5. Он просил меня нарисовать портрет. 6. Ученики заставили учителя рассказать о его поездке за рубежом. 7. Меруерт заставила меня съесть завтрак. 8. Мы заставили Санию выпить лекарство.


1-тапсырма. Сөйлем мүшесіне қарай талдаңыздар.

Тауар мен қызмет ақшасыз негізде алмастырылатын жүйе. Халықаралық саудада ақшаны пайдаланардан бұрын баспа-бас сауданың пайдалы екенін көрсететін басты дәлелдердің бірі – инфляцияны кеміту. Салық төлемдері мен шаруашылық шығындарын үнемдеу үшін жасалады.


2-тапсырма. Дұрыс аудармасын тауып, көшіріңіз.

өтініш жазу рассмотерть жалобу/заявление

өтініш беру регистрировать жалобу/заявление

өтінішті қабылдап алу дать ответ на жалобу/заявление

өтінішті тіркеу жалобы/заявления гражданина

өтінішті қарау подать жалобу/заявление

өтініштің мазмұны написать жалобу/заявление

өтінішке жауап беру принять жалобу/заявление

азаматтың өтініші не рассматривать жалобу/заявление

өтінішті қарамау содержание жалобы/заявления


3-тапсырма. Мәтінді оқып, 3 абзацқа бөліп, ат қойыңыздар, мазмұнын айтыңыздар.
ЖҰМЫСТЫ БАҒАЛАУ
Басшы мақсатты айқындағаннан кейін стратегиялық жоспарлау процесінің диагностикалық кезеңін бастайды. Әуелі сыртқы ортаны 3 параметрі бойынша зерттейді.

  1. Ағымдағы стратегиясының әр түрлі аспектілеріне ықпал ететін өзгерістерді бағалау.

  2. Фирманың ағымдығы стратегиясына қандай факторлар қауіп төндіретіндігін анықтау. Бәсекелестер қызметін бақылау басшыға кездейсоқ қауіп-қатерге әзір болуына мүмкіндік береді.

  3. Жоспарды түзету арқылы жалпы фирмалық мақсатқа жету үшін қандай факторлардың көбірек мүмкіндік беретіндігін анықтау.

Сыртқы ортаны талдау процесс болып саналады, сол арқылы стратегиялық жоспарды жасаушылар ұйым тарапынан тысқара факторларды бақылап, фирмаға төнетін қауып-қатер мүмкіндігін анықтайды.

Сыртқы ортаны талдау ұйымға мүмкіндікті болжалдау уақытына,кездейсоқ жағдайда жоспар жасау уақытына,қауіп-қатер төнген жағдайда күні бұрын ескерту уақытына және стратегияны белгілеу уақытына мүмкіндік береді.

Сыртқы ортаны талдау мынадай сұрақтарға жауап береді:

1.Ұйым қазір қайда орналасқан?

2.Жоғарғы басшының пікірінше,болашақта ұйым қайда болуы тиіс?

3.Ұйым қазіргі орналасқан орнынан, басшының ойынша орналасуға тиісті орынға ауысуы үшін басшы не істеуі керек?

4. Сыртқы ортаны талдағанда әртүрлі факторларға не үшін көңіл бөлуі керек.
1.Зерттеу қанша бөліктен тұрады?

2.Бәсекелес қызметі қалай бақыланады?

3.Кездейсоқ жоспар қалай жасалады?

4.Ұйым қайда орналасқан?

5.Ұйымның болашағы қандай?

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет