Сабақ №18 «№5 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мкм,Қапшағай қаласы Күні 22. 01. 2016



жүктеу 90.83 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі90.83 Kb.
түріСабақ
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ №18


«№5 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ,Қапшағай қаласы

Күні 22 .01. 2016

Мұғалімнің аты-жөні: Тастанбекова Н.А.

Сынып :

6 «А», «Б»



Қатысып отырғандары:


Келмегендер саны:

Тақырыбы

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

Мақсаты

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын білу. Білетіндерін еске түсіре отырып, Блум таксономиясының 6 қадамы бойынша тапсырмаларды орындау.Шығармаларына шағын шолу жасау, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алу.

Күтілетін нәтиже

1. Мазмұнға байланысты міндет: Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінеді.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
3. Топтық міндет:

Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады;

бір-бірінің білімін бағалауға дағдыланады;

жетістіктерін қолдана білуге үйренеді.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ меңгерту

Әдіс-тәсілдер

Интербелсенді оқыту әдістемесі, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, «Венн диаграммасы»ой қозғау, «БББ»

Жоспар

Жоспарлан. уақыт

Жоспарланатын жұмыс

Ресурстар

Басы

2 минут


1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Мақсатты анықтау.

- Бүгінгі сабақта біз нені қарастырады деп ойлайсыздар?

-Қандай нәтиже күтеміз?

Ой қозғау. (СТО)

Ақ киімді денелі ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.-қай жыл мезгілі суреттеліп тұр?

Кімнің өлеңі? Бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=pzzYjmrbEkE



«Қазақ әдебиеті» оқулығы, Алматы, Арман-ПВ, 2015. Автор Тұрсынғалиева С.Ч.,

89 – 91 бет

Ортасы

Уақытпен жұмыс

35 минут


Жаңа сабақ. 5.Оқулықпен жұмыс. Жазылым . «БББ»әдісі

Білемін

Білдім

Білгім келеді










Оқушылар топпен БББ  кестесінің білемін бөлігін толтырады. Әр топ жазғандарын оқиды.

Айтылым. «Көршіңмен кеңес» (ДО)

Оқушы еңбегін бағалау шкаласы

Қолпаштайды.

Өзін-өзі бағалау

1-қадам «Білу»

«Сұрақты қағып ал» (ДО) әдісі



Айтылым.Блум таксономиясы б-ша тапсырмаларды орындау.

1.Абай қашан,қай жерде туған?



І. Абай өмірі (хронолгиялық кесте)

1855-1857ж

Ауыл молдасынан сауат ашты. 9жасында «Кім екен деп келіп едім түйе қуған» алғашқы мысқыл өлеңін шығарды.

1857-1859ж

Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды. 3 ай «Приходская школа» атты орыс мектебінде қосымша оқыды. Араб, парсы, түрік тілдеріндегі Шығыс ақындарының кітаптарын оқыды. 13 жасынан — аға сұлтан Құнанбай әкесінің көмекшісі болып, ел билеу ісіне араласты.

1870ж

Семей кітапханасында Е.П.Михаэлиспен танысады.

1876-1878ж

Қоңыркөкше еліне 3 жыл болыс болады

1876 ж

Жала жабылады

1877-1878ж

12 іспен тіркеліп, 3-4 ай Семей қалаасында жатты.

1880ж

Е.П.Михаэлис арқылы Н.И. Далгополов, С.С. Гросс, П.Д. Лобановский, Н. Кончин секілді орыстың озық ойлы демократтарымен танысады.

1889ж

25-ке жуық өлең шығарды. «Күлембайға», «Жаз» деген өлеңдері Омбыдағы «Дала уалаяты» газетінде Көкбайдың атымен жарияланды.

1890-1898ж

Қара сөздерін жазды

1891ж

Сүйікті інісі Оспан қайтыс болған соң Абай өлеңдеріне мұң араласа

бастайды.



1895ж

Талантты ұлы Әбдірахман 27 жасында қайтыс болады.

1904ж

14 мамырда баласы Мағауия қайтыс болды.

1904ж

23 маусымда 40 күннен кейін Абай дүниеден өтеді.Жидебайдағы өз қыстауының жанына жерленеді

1909ж.

Абай өлеңдерінің тұңғыш жинағын Петерборда Кәкітай Ысқақұлы басып шыңарды. Абайдың баласы Тұрағұл да атсалысты.

1922ж

Абай өлеіңдерінің жинағы Ташкентте жарық көреді

1933ж

Абай шығармаларының толық жинағы Алматыда басылды.

1940ж

Абайдың туғанына 95 жыл Шыңғыстауда Абай ауданы, Семейде Абайдың мемориалдық- музейі ашылды.

1945ж

Абайдың 100 жылдық мерейтойы өткізілді. Алматы опера және балет театры Абай атымен аталды.

1949ж

М.Әуезовтың «Абай жолы» романы Сталиндік сыйлық алды.

1959ж

Алматы қаласында Абай ескерткіші орнатылды.

1995ж

А.Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде

аталып өтті.



ІІ. Абайдың аудармалары:

А.С. Пушкин

М.Ю. Лермонтов

И.А. Крылов

«Онегиннің сипаты», «Бородино», «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Онегиннің Татьянаға жауабы», «Онегин сөзі»,

«Тұтқындағы батыр», «Дұға», «Альбомға», «Ой», «Қанжар»

«Қасиетті дұға», «Теректің сыйы», «Жалау», «Шайтан», «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен бүркіт», «Шегіртке мен құмырсқа»

Өлеңдері:

«Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Жаз», «Көкбайға», «Көжекбайға»,«Өлең сөздің – патшасы,сөз сарасы», «Күз», «Қыс», «Күлембайға», « Сегіз аяқ», «Жазғытұрым», «Оспанға», «Баймағамбетке», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ескілік киімі», «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында». т.б







Өзін-өзі бағалау

2-қадам «Түсіну»

Жоғары деңгейлі сұрақтарға жауап беру (ДО) әдісі



Жазылым .

1.Неліктен әкесі Абайдан үлкен үміт күтеді?

2. Не себепті Абайдың көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған


Топтық бағалау

3-қадам «Талдау»

«Венн диаграммасы» (СТО) әдісі



Абай мен Шоқанды салыстырыңдар. Жұптық жұмыс

Өзара бағалау

4-қадам «Жинақтау»

Тірек сызба құрастыру.



Абай туралы мазмұндаудың тірек сызбасын құрастыру.

Мұғалімнің бағалауы

5-қадам «Қолдану»

«ТТТ» (ДО) әдісі



1.Абай туралы «Мен не түсінемін?»,«Мен не түсіндім?» , «Не түсінгім келеді?»

2.Абай туралы алған жаңа мәліметтерің туралы сұхбат құраңдар.

3.Берілген мәтін б-ша Абай туралы пікірлеріңді білдіріңдер:

«...Біз атаммен бірге Ұлжан апамның ...»



Топтық бағалау

6-қадам «Баға беру»

«Ашық хат» (ДО) әдісі



Бала Абайға хат жазыңдар.

Ашық хат.mp4

Ашық хат.mp4 1.mp4


Критерийлік бағалау

Сабақтың соңы

«Квез» әдісі.Стикерлерге түсінбеген сауалдарын және жасай алмаған іс-әрекеттерін жазады.



Рефлексия.

6 минут


Бүгінгі сабаққа қысқаша шолу жасау. Оқушылар еңбегін бағалау. «Ашық микрофон»



Үй тапсырмасы

2 минут

5-тапсырма.89-90 бет.Әңгімелеу



Тексерілді





Жапсырма№1

ІІІ. «Абай туралы даналық ой пікірлер»

1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».

А.Байтұрсынов

2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым»

М.Әуезов

3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың негізі шарты. …..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті».

Н.Ә.Назарбаев

  4. «Өз Отанының сом алтыны»

Ә.Бөкейханов

5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ»

М.Дулатов

6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер»

М.Жұмабаев

7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз –дара шыққан тау ағашы сияқты»



М.О.Әуезов

ІV. Ақын өмір сүрген кездегі қазақ қоғамы:

  • Феодалдық – патриархалдық құрылыстың шырмауында болатын;

  • Рулық құрылыс ыдырамады;

  • Патшалық әкімшіліктің ру басшыларының тартыстарын қоздыруы;

  • Қоғамдық ахуал шиеленсті;

  • Халықтың күйі нашарлап кетті;

  • Халықтың мұң-мұқтажын жоқтаған ақын болыс, төбе би болып әлеуметтік мәселелерді шешті;1868 жылы 100-бап ереже жасаған

  • Топтық қоғамда әлеуметтік әділдіктің болмайтынын да көре білді;

: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> «Педагогика тарихы» пәнінен дәрістер тезисі №1 Дәріс тақырыбы: Педагогика тарихы пәні мен міндеттері. 2 сағат Дәріс тақырыбының мақсаты
2016 -> "Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" Сайыс тақырыбы: “1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліске 100 жыл”
2016 -> Қазақстан республикасының отбасы-неке қатынастарын реттеу заңЫ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет